Алматы облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы



бет3/13
Дата24.04.2016
өлшемі3.02 Mb.
#79725
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

«Назарбаев Университеті» негізінде 92 басшы жоғарғы және орта бөлімінде оқытылды. «Іскерлік байланыс» бойынша бизнес – тренингтерді 204 кәсіпкер өтті, олардың 14 тағылымдаманы шетелде өтті (Германия, Америка).

Бағдарлама аясында 7 300 бастауыш және жұмыс істейтін кәсіпкерлер «Бизнес-Кеңесші» және «Бизнес-Кеңесші 2» курстарын өтті.

Облыста жылыжай, фермерлік шаруашылықтар және арнайы киім өндірісі үшін «Аға сеньорлар» бағдарламасы бойынша шетел кеңесшілердің 5 борышы орындалды (Канада, «Кессо» компаниясы).

«Жас кәсіпкер мектебі» бағдарламасы арқылы 64 жас кәсіпкерлер оқытылып, оның біреуіне 3 млн. теңге көлемінде грант берілді.

Бағдарлама бойынша шараларды жүзеге асыру нәтижесінде 8000-нан астам жұмыс орындары сақталып, қосымша 2000 жұмыс орындары ашылды.

Кәсіпкерліктің дамуын тежейтін,әкімшілік кедергілерді жою мақсатында, облыста тұрақты негізде басқармалар, аудан және қала әкімдіктері ШОК дамыту, әкімшілік кедергілерді азайту және т.б. мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Облыстың барлық аудандары мен қалаларында Сарапшы кеңестері жұмыс жасайды, онда ШОБ субъектілерінің мүдделеріне қатысты құқықтық-нормативтік актілер қарастырылады.



Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы келелі мәселелер:

  • қаржы-несиелік қорларының қолжеткіліксіздігі, яғни тұрғындардың жаңа істі бастау үшін сұралған несие сомасын қамтамасыз етуге кепіл мөлшерінің жеткіліксіздігіне байланысты;

  • өңір аумағында шағын кәсіпкерлікті дамыту деңгейі бойынша жоғары талдау сақталуда.


Инфляция

2012 жылмен салыстырғанда ифляция деңгейінің артуы байқалады, атап айтсақ 2014 жылы инфляция 107,0%-ті құрады (ҚР бойынша – 107,4%) (азық-түлік тауарларына – 107,6%-ті (ҚР бойынша – 108,0%), азық-түлік емес тауарларға – 107,4%-ті (ҚР бойынша – 107,8%), ақылы қызметтерге 105,9%-ті (ҚР бойынша – 106,4%) құрады. 2012 жылы инфляция деңгейі – 105,7% (ҚР бойынша- 106,0%).

Облыста «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ның тұрақтандыру қоры жұмыс жасайды. 2013-2015 жылдарға арналған азық-түлік тауарларын сатып алуға 2,2 млрд. теңге бөлінді, республикалық (1,2 млрд. теңге) және облыстық (1,0 млрд. теңге) бюджеттен бөлінген қаражатқа 35,6 мың тонна өнім сатып алынды (17,5 мың тонна ұн, 2,4 мың тонна жеміс-көкөніс өнімдері, 1,8 мың тонна қант, 80 тонна сиыр еті, 50 тонна макарон өнімдері, 1800 тонна өсімдік майы).

Негізгі азық-түлік тауарлары шекті бағадан төмен бағамен өткізіледі және тұрақты бақылауға алынған.

Инфляцияны тежеу және негізгі азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мақсатында апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі. Облыстың тауар өндірушілерімен 1026 меморандумдар жасалды.

2014 жылы 1278 жәрмеңке өткізіліп, 2,9 млрд. теңгеге өнім өткізілді.

Бағаның өсуін тежеу жөніндегі жұмыстар жалғасын табады.
Сауда және қызмет көрсету саласы

2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда (184,2 млрд.т) бөлшек сауда тауар айналымының жалпы көлемі 1,6 есе өсіп, 300,1 млрд. теңгені құрады, көтерме сауда тауар айналымы -109,2%-ке өсіп, 398,6 млрд. теңгені, қоғамдық тамақтану қызметі – 2 есе және 10,8 млрд. теңгені құрады.

Тауар айналымының және қоғамдық тамақтану қызметтерінің айтарлықтай үлестік салмағы Жамбыл, Ұйғыр, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарына тиесілі.

2014 жылы барлығы 14826 сауда және қызмет көрсету саласының объектілері жұмыс жасайды, оның ішінде: 9043 дүкен, 1747 қоғамдық тамақтану объектілері, 3959 қызмет көрсету саласының объектілері мен 77 базарлар бар, онда 58 мыңнан астам адам жұмыс жасайды.


Сыртқы экономикалық қызмет

2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда облыстың сыртқы сауда айналымы 19,1%-ке артып, 2043,1 млн. АҚШ долларын құрады. Экспорттық жеткізілімдер 15,6%-ке (361,2 млн.АҚШ долл.) және импорттау 19,8%-ке (1681,9 млн. АҚШ доллары) артты.

Қазақстанның сыртқы сауда айналымының 1,5%-і облыс үлесінде, сонымен қатар, Қазақстанның жалпы экспорттық-импорттық көлемінен импорт үлесі – 4,6%, ал экспорт - 0,4%.

Алматы облысы 2014 жылы әлемнің 113 мемлекеттерімен сыртқы сауда қызметін жүргізді, экспорттық жеткізілім 46 елге жіберіледі, импорт тауарлары 110 мемлекеттен келеді.

Экспорт бойынша негізгі сауда серіктестері болып Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстан болып табылады. Импорт бойынша сауда серіктестері - Ресей, Қытай, Түркия, Германия, Италия.

2014 жылдың басымен салыстырғанда ұлттық валютаның делвальвациясынан тұрмыстық техника, автомобильдер, киім және аяқ киім сияқты, көптеген тұтыну тауарлары 5-тен 20%-ке дейін қымбаттады. Теңгенің құлдыруы импорттық тауарлардың қымбаттауына алып келгені сөзсіз.

Бұл жағдайда қазақстандың нарық сыртқы шекараларды толығымен дерлік жапты.

Ағымдағы кезеңде Қытайдан импорттың -29,4%-ке, Латын Америкасынан - 32,7%, ЕО тыс елдерден (Әзербайжан, Молдова, Түркмения, Украина) - 52,6%, Батыс Еуропа елдерінен - 15,6%, Еуропалық Одақтан тыс елдерден - 21,5%, Ресейден - 8,1% және Белоруссиядан 60,0%-ке күрт төмендеді.

Әлсіз курс өнімді экспортқа шығаратындарға ұтымды болады және келешекте отандық өнеркәсіп теңге курсының төмендеуінен бәрбір ұтады. Біздің экспорттаушыларымыз оның бағасының төмендеуінен сұранысты арттыруға мүмкіндік алды, ал екінші жағынан – осындай өнімді шетелден басқа валютаға сатып алғандар елде сатып ала бастаса, оларға ішкі нарыққа да жол ашылады. Осылайша, курстың төмендеуі жекелеген салаларда импортты алмастыруға да ықпал етеді.

2014 жылдың қорытындылары бойынша облыста экспорт өткен жылмен салыстырғанда 105,8%-ке артып, 361,2 млн. теңгені құрады.

Оның ішінде ЕурАзЭО, Еуропа, ЕО тыс елдермен, Азия, Америка, Африка, Австралия және Мұхит елдеріне экспорт өткен жылмен салыстырғанда 1,2 есе артып, 310,0 млн. теңгені құрады.

Алматы облысының Кеден Одағы (Ресей, Белоруссия) елдеріменсыртқы сауда айналымы 509,5 млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт - 51,2 млн. АҚШ доллары, импорт - 458,3 млн. АҚШ доллары, 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда экспорт - 44,9%-ке және импорт 12,7%-ке төмендеді.

Осылайша, бүгінгі таңда экспорттық әсер 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жағымды болып отыр.

2014 жылдың қорытындылары бойынша Батыс Еуропа елдеріне экспорттық жеткізілімдер - 1,4 есе, Қытайға – 5 есе, АҚШ-қа 4 есе артты.

Қазіргі Ресейге экспорттың төмендеуін ресей экономикасының баяулауымен және түбегейлі техникалық рецессиясымен байланыстырамыз. Мұндай уақытта өндірістік ресурстарды, оның ішінде Қазақстандық ресурстарды аз тұтынуы дұрыс жағдай. Яғни, қазір Ресеймен сауда кезінде оның қазіргі экономикалық циклының факторлары үлкен әсер етеді. Ресейдің дағдарыстан шығуы ресейге қазақстандық экспорт қарқыны өседі деп пайымдауға болады.

Бұл үрдістерді елдеріміздің экономикалық өсім циклы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сауда саясатының тұрғысынан қарастыру қажет. Қазақстан экспортының жалпы көлемінде Ресейге экспорт үлесі көп емес – шамамен 7 пайыз. Негізінен облыстан әдеттегі шикізат ресурстары экспортталады. Ресейден келетін импортта Алматы облысы үшін маңызды, ол барлық тұтынылатын импорттың 35%-не жуығын құрайды. Негізінен бұл қазақстандың мұнай өңдеу кәсіпорындарына арналған мұнай, технологиялық құралдар, тағам өнеркәсібі өнімдері, құрылыс материалдары, облыста шығарылмайтын немесе аз шығарылатын тағам өнімдері.

Облыс экономикасы ресей экономикасына қарағанда, барынша серпінмен дамуына байланысты, Ресейден импорт экспортқа қарағанда жылдамырақ өсуде. Ресейден келетін тауарларды басқа мемлекеттерден де сатып алуға болады. Бірақ, бұл жағдайда географиялық жақындық, жөнге қойылған өндірістік байланыстар, ресейлік және белоруссия тауарларының баға-сапа критерилері бойынша сипаттамаларының оңтайлы сәйкестігі, кедендік баждардың болмауы – отандық бизнесті ресейлік бизнеспен саудаға итермелейді. Бұл нарықтың объективті жағдайлары және бизнес таңдайы. Біздің елдеріміздің келесі экономикалық циклға шығумен біздің КО елдеріне экспортымыз өседі деп пайымдаймыз.
Өңіраралық ынтымақтастық

Өңіраралық ынтымақтастық облыстың экономикаляқ саясатының маңызды бағыты болып табылады.

Өзара тиімді ынтымақтастықты жөнге қою, жеткізілмдерді кеңейту және өндірілетін өнімнің бәсеке қабілеттілігін арттыру мақсатында Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарының өңіраралық ынтымақтастық бойынша іс-шаралар жоспары жүзеге асырылады.

2013 жылы өңіраралық ынтымақтастық аясында облыстың 4 кәсіпорындары Қарағанды қаласында өткен «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқау-көрмесіе қатысты ("Био Тау Жер" ЖШС жүзім шарабы, «Сауда» ЖШС «Hyundai Auto Trans» сауда маркасымен, "KazSilicon" металлургиялық комбинаты, Dolce-Pharm).

2014 жылдың маусымында екі өнеркәсіп кәсіпорындары - «Dаnone Berkut» ЖШС-гі, «БЕНТ» ЖШС-гі Өскемен қаласында өткен «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқау-көрмесіе қатысты.

2014 жылдың қазанында 10 өнеркәсіп кәсіпорындары өз өнімдерін Жамбыл облысының Тараз қаласындағы көрмеде ұсынды (Желдеткіш құралдарын шығаратын «Алматы желдеткіш зауыты» ЖШС, электр жарықтандырғыш өнімдерін шығаратын «Тексан Қазақстан Инвест» ЖШС, гипсокартон өнімдері мен құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын "Кнауф Гипс Қапшағай» ЖШС, тігін өнімдерінің - «Арлан 777» ЖШС, фармацевтикалық өнім шығаратын «Дольче Фарм» ЖШС, ТББ, металл құрастырмалар өндіретін, электр жүйелік құрылыстар жүргізетін «АСПМК 519» ЖШС, аккумуляторлық батареялар шығаратын «Қайнар АКБ» ЖШС, жүзім шарабын шығаратын «Био Тау Жер» ЖШС, йогурт өндіретін «Данон Беркут» ЖШС, тоқыма заттарын шығаратын «ПКФ «Тексти Лайн» ЖШС).

Бүгінгі таңда облыстың бірқатар кәсіпорындарының республика өңірлерінде өкілдіктері бар Қайнар АКБ», «Dolce» ЖШС).

2014 жылы Қазақстанның ішкі нарығына 395,6 млрд. теңге сомасына облыстың өнеркәсіп өнімі өткізілді, 2013 жылғы деңгейге қарағанда өсім қарқыны - 96,9%. Жалпы жөнелтілген өнім көлемінде елдің ішкі нарығына өткізілген өнім үлесі 90,6%-ті құрап, 2013 жылғы деңгейден 1,8 проценттік тармаққа азайды.

ҚР Статистика комитетінің мәліметтері бойынша 2013 жылы облыста түрлі көздерден 40,3 млрд. теңгеге тауарлар сатып алынды, оның ішінде:

- заңды тұлғалар – облыс резиденттерінен – 9,9 млрд. теңгеге немесе жалпы көлемнен - 24,7%;

- заңды тұлғалар-басқа облыстар резиденттерінен – 18,0 млрд. теңгеге немесе 44,7%;

- заңды тұлғалар-резидент еместерден– 12,4 млрд. теңгеге немесе 30,7%.

Облысқа негізгі тауар жеткізушілер болып келесі өңірлердің резидент кәсіпорындары табылады: Алматы қаласынан- 16,2 млрд. теңге (үлес – 58,0%), Қарағанды облысынан – 1,7 млрд. теңге (6,1%),Ақмола облысынан - 109,2 млн.теңге (үлес – 0,4%).

Өз облысымыздың резидент-кәсіпорындарынан 9,9 млрд. теңге сомасына тауарлар сатып алынды немесе резиденттерден сатып алынған тауарлардың жалпы көлемінен - 35,6%.


Инвестициялық қызмет

Соңғы үш жылда негізгі капиталға салынған инвестициялар 1,2 есеге өсіп, 452,7 млрд. теңгені құрады.



Облыстың ЖӨӨ негізгі капиталына салынған инвестициялар үлесі осы кезеңде 2012 жылғы 26,9%-тен инвестициялар көлемінің азғантай өсімінен 2014 жылы 23,2%-ке төмендеді.


Негізгі капиталға салынған инвестициялар құрылымы

 

 

 

млн. теңге

Қаржыландыру көздері

нақты 2012 ж.

нақты 2013 ж.

нақты 2014 ж.

2012 жылға 2014ж. %

Негізгі капиталға салынған инвестициялар – барлығы

383 786

431 364

452 710

118,0

Меншікті қаражат

191 527

161 013

182 130

95,1

Қарыз қаражат

49 839

17 184

118 069

236,9

Шетелдік инвестициялар

2 433

-

-

 

Банктер несиелері

 

144 131

8 925

 

Бюджеттік инвестициялар

139 987

109 036

143 586

102,6

Инвестициялардың қаржыландыру көздерінің құрылымын талдау, олардың маңызды көзі кәсіпорындардың меншікті қаражаты болып қалатынын көрсетті - 40,2% немесе 182,1 млрд. теңге, қарыз қаражат есебінен 26,1% игерілді немесе 118,1 млрд. теңге, банктік несиелер үлесі өте төмен - 2% немесе 8,9 млрд. теңге, бюджеттік ивестициялар 31,7%-ті құрады немесе 143,6 млрд. теңге.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша 2014 жылы инвестициялардың негізгі үлесі – 35%-ті – көлік және қоймалауға, 24,5%-ті – құрылыс және жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін әрекеттерге, 19,1%-ті – өнеркәсіпке, 7,4%-ті – бөлшек сауда және қызметтерге және басқа бағыттарға тиесілі.

Осылайша, инвестициялар басым түрде облыстың инфрақұрылымын дамытуға бағытталады.


Сыртқы инвестициялар серпіні

 

 

 

млн. теңге

Атауы

нақты 2012 ж.

нақты 2013 ж.

нақты 2014 ж.

2012 жылға 2014ж. %

Сыртқы инвестициялар

37 515

131 079

94 268

251,3

Инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялар үлесі, %

9,8

30,3

20,8

-

Облыста сыртқы инвестициялар серпіні тұрақсыз сипатқа ие және заманауи құралдар мен технологиялар басым түрде импортталатындықтан, ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға тәуелді болады.



Негізгі қиындықтар:

  • жергілікті өнім ассортиментінің бәсеке қабілеттілігіне әсер ететін Қытайдың жақын орналасуымен байланысты инвестициялық тәуекелдің жоғары деңгейі;

  • бизнес үшін ұзын арзан несиелердің қол жетімсіздігі.


2.2.2. Әлеуметтік сала
Демографиялық әлеует

2012 жылдан бері облыс халқының саны 107,0 мың адамға көбейіп, 2015 жылдың 1 қаңтарына 2015,7 мың адамды құрады немесе ел халқының 11,6%-і, оның ішінде ауыл халқы – 1549,9 мың адам, қалалықтар – 465,8 мың адам. Облыс республика бойынша Оңтүстік-Қазақстан облысынан (2788,6 мың адам) кейін екінші орынға ие.

Осы кезеңде көшіп келудің оң сальдосы байқалады, оның ішінде Жамбыл, Қарасай, Талғар, аудандарында және Талдықорған, Қапшағай және Текелі қалаларында, халықтың көшуі облыстың 13 өңірінде белгіленген. Әлеуеті төмен ауылдардан халықтың көшуі ауылдық жерлерде жұмыстың жоқтығы және жалақының төмендігі себебінен орын алады. Облыс бойынша көші-қон сальдосының қозғалысы: 2012 ж. - 6391 адам, 2013 ж. – 3745 адам, 2014 ж.- 5173 адам.

1000 адамға шаққанда халық санының көбею коэффициенті 24,3-тен 25,0-ге дейін артты, ал өлім 7,9-дан 6,8-ге дейін төмендеді.

Нәтижесінде, облыстың барлық өңірлерінде халықтың айтарлықтай табиғи өсімі байқалды.
Еңбек нарығы

2012-2014 жылдары еңбек нарығында облыстың 15 жастағы және одан үлкен экономикалық белсенді халқы санының тұрақты арту үрдісі байқалуда: 2012 ж. – 1020,8 мың адам, 2013 ж. – 1044,6 мың адам, 2014 ж. – 1065,3 мың адам. 2012 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 4,4%-ке көбейген, жұмыспен қамтылғандардың саны 43,6 мың адамға артып, 1013,3 мың адамды құрады.

2014 жылы халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі 2012 жылғы 95,0%-ке қарағанда 95,1%-ті құрады, жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ті (жоспар – 4,8%). Сонымен қатар, жастар арасында жұмыссыздық деңгейі 3,7%-тен 3,1%-ке азайды.

2014 жылы жұмыссыздық деңгейін 4,8%-ке дейін төмендету жөніндегі жоспар орындалған жоқ. Қабылданған шараларға қарамастан, жыл қорытындысы бойынша нақты түрде жұмыссыздық деңгейі Қарасай, Іле және Талғар аудандарының 96 мыңнан астам тұрғыны бар бөлігін Алматы қаласына беруге байланысты 4,9%-ті құрады.

2015 жылы жаңадан қабылданған «Нұрлы Жол» мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасының, Жұмыспен қамту жол картасының және басқа бағдарламалардың аясында халықтың жұмыспен қамтылуына ықпалдасу есебінен 4,8% деңгейіне қол жеткізуді жоспарлаудамыз.

Облыстың жалпы халық санынан жұмыспен қамтылғандарының үлестік салмағы республика бойынша шамамен 11,6%-ті құрайды (Оңтүстік-Қазақстан облыснан – 13,8% кейін екінші орын).

Жұмыспен қамтылған хылықтың негізгі үлесі – 46,7%-і ауыл шаруашылығында, 13,0%-і - өнеркәсіп және құрылыс саласында, 40,3%-і –қызмет көрсету саласында жұмыс жасайды.

Жұмыспен қамтылған халықтың құрамында жалдамалы жұмысшылардың тұрақты өсуі байқалады – 2012 ж. – 555,4 мың адам, 2013 ж. – 589,0 мың адам, 2014 жылы – 664,1 мың адам. Сонымен қатар, соңғы екі жылда Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020 бағдарламасын жүзеге асыру есебінен өз жұмысымен қамтылғандар саны азайғандығы байқалады: 2012 ж. – 414,3 мың адам, 2013 ж. – 404,1 мың адам, 2014 жылы – 349,2 мың адам.

Жалпы жұмыспен қамтылған халықтың санындағы жалдамалы жұмысшылардың және өз жұмысымен айналысатындардың үлесі келсідей: жалдамалы жұмысшылар: 2012 ж. – 57,3%, 2013 ж. – 59,3%, 2014 ж. – 65,5%; өз жұмысымен айналысатындар: 2012 ж. – 42,7%, 2013ж. – 40,7%, 2014 ж. – 34,5%. Өз ісімен шұғылданушылардың жалпы санынан пайдасыз өз ісімен айналысушылар үлесі 33,5%-ті құрайды.

Пайдалы жұмыспен қамтылуға және өз жұмысымен қамтылған халық санын азайтуға жәрдемдесу үшін бос жұмыс орындарын белсенді түрде іздестіру және таңдау, жұмыссыздар мен басқа да нысаналы топ өкілдерін оқыту, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, бос лауазымдар-жәрмеңкесін өткізу, жастар мен әйелдерге жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жүргізілуде.

Сонда да, ауылдық жерлерде бос жұмыс орындары санының жеткіліксіздігі мәселесі сақталуда, бұл ауыл шаруашылығы жұмыстарының маусымдылығына, негізінен өзінің жеке ауласындағы іспен шұғылданатын жұмыс күшінің көп болуына, ауыл халқының біліктілік деңгейінің төмендігімен, мамандық бойынша жұмыстың болмауына байланысты.

Облыста халықты жұмыспен қамту өсіміне шетел жұмыс күшін пайдалану әсерін тигізеді, оның көлемі соңғы бес жыл ішінде 39%-ке дейін төмендеген. 2014 жылы 2012 жылғы 716 адамға қарағанда 1308 адам тартылды. Жұмысшылардың жалпы тізімдік саны құрамында тартылған шетел жұмысшыларының үлесі 2012 жылғы 6,2%-ке қарағанда 2014 жылы 7,7%-ті құрады, тартылатын шетел жұмысшыларының құрамында білікті мамандар үлесі 63,3% құрады (жоспар - 70%).

«Шетелден тартылатын жұмыс күші құрамындағы білікті мамандардың үлесі,%» көрсеткішінің 2014 жылы орындалмауының себебі болып, облыстың аграрлық бағыттағы өңірлерге жататындығында, сондықтан шетелден тартылатын жұмыс күшінің айтарлықтай үлестік салмағы маусымдық жұмысшылар болып табылады, ал олар біліксіз мамадар қатарына жатады.

Сонымен қатар, жұмыс берушілердің объективті себептеріне байланысты, Балқаш ЖЭС-нің құрылысы (2-3 сан. – 800 бірл.), Көксу өзенінде шағын СЭС-ы каскадтарының құрылысы (1-3 сан. – 90 бірл.), инновациялық технология бойынша шекті шойын алумен темір рудасын өндіру және өңдеу (1-3 сан. – 70 бірл.), «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің құрылысы (1-4 сан. – 132 бірл.) және «Қазақстан-Қытай» газ құбырынан «С» жіпшесін салу (1-4 сан. – 543 бірл.) сияқты басым жобаларға білікті мамандар тарту бойынша квота пайдаланылмады.

Маусымдық жұмысшыларды тартуға қосымша қажеттіліктің туындауын ескерсек, «Шетелден тартылатын жұмыс күші құрамындағы білікті мамандардың үлесі» көрсеткіші 2015 жылға 45% шегінде болжанады.

Осылайша, облыстың еңбек нарығында жұмыспен қамтылу өсімінің үрдісі бақалуда және сәйкесінше, жұмыссыздық, өз жұмысымен қамтылған халық саны мен шетелдік жұмыс күшін тарту төмендеді.

Сонымен қатар, өз жұмысымен қамтылған халық саны айтарлықтай, ал олардың үлкен бөлігі жеке аула шаруашылығымен айналысатындары жасырын жұмыссыздар болып табылатының атап кету қажет. Шетелдік жұмыс күшін тарту тәжірибесі де жалғасуда.

2012-2014 жылдары облыста барлығы 76,4 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 59,5 мың бірлік тұрақты жұмыс орындары.

Жұмыспен қамту органдарында 2014 жылы 22,0 мың жұмыссыз адам тіркеді, олардың ішінде 17,8 мың адам жұмысқа орналастырылды, жұмысқа орналастыру деңгейі 2012 жылғы 90,7%-ке қарағанда 91,8%-ті құрады.

Үш пайыздық квота бойынша еңбекке жарамды 1404 мүгедек жұмысқа орналастырылды (2012ж.-103 адам).

2014 жылы өндірісте 45 оқыс оқиғалар орыналды: онда 63 адам зиян шегіп, оның ішінде 16 адам летальды зардап шекті, 27 адам ауыр дәрежедегі жарақаттар алып, қалған 20 адам орташа және жеңіл дәрежедегі жарақаттар алды. Еңбек қызметіне байланысты оқыс оқиғалар кезінде зардап шеккендер саны 1000 жұмысшыға шаққанда 2012 жылғы 0,17%-тен 2014 жылы 0,06%-ке төмедеді.

6210 ұжымдық келісім-шарт тіркелді. 2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ұжымдық-келісім-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылған кәсіпорындардың үлестік салмағы (ірі және орташа кәсіпорындар арасында) 2013 жылдың 1 қаңтарындағы 63,0%-ке қарағанда 67,3%-ті құрайды.


Негізгі келелі мәселелер:

  • жұмыссыздық, әсіресе жастар арасында сақталуда;

  • өз жұмысымен айналысатын халық саны айтарлықтай болып отыр;

  • еңбек және өндірістік тәртіптің бұзылуы сақталуда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет