АнықтамалықТЫҢ ҚҰрылымы ІІ том 2013 жылғы басылым


Зерттеу 6 Қаржылық міндеттемелерді тіркеу және оның есептіліктегі әсері



бет94/95
Дата21.06.2016
өлшемі7.29 Mb.
#151555
түріАнықтамалық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95

Зерттеу 6
Қаржылық міндеттемелерді тіркеу және оның есептіліктегі әсері
1995 жылдың тамызында шығарылды
Берілген зерттеуде қоғамдық сектор үшін қолданылу көзқарасы бойынша міндеттемелерді анықтау және мойындау қарастырылады. Онда келесі мәселелер бойынша әртүрлі көзқарастар баяндалады, қарастырылады және зерттеледі:


  • Міндеттемелерді анықтау және жіктеу;

  • Тіркеудің әртүрлі негіздерінің міндеттемелерді тіркеуге және солар бойынша есептілікке әсері; және

  • Міндеттемелердің нақты түрлерімен байланысты сұрақтар.

Берілген зерттеуде нақты міндеттемелер өлшенуі және қоғамдық сектор үшін әсер ету керек пе, егер керек болса, онда қашан және қалай деген сұрақтарға қатысты әртүрлі көзқарастар баяндалған. Мемлекеттік органдар жабылмаған қарызға міндеттемелердің немесе экономикалық саясатты құру немесе бағалау кезіндегі мемлекеттік органдардың қарыздарының негізгі көрсеткіші ретінде көңіл бөлді. Мемлекеттік органдар әртүрлі қарыздық және қаржылық міндеттерді өз мойнына алады, нәтижесінде олар тіркеуде көрсетпейтін басқа қаржылық міндеттер туындайды. Алайда, егер мемлекеттік органдар өзінің қаржылық ағынын дұрыс басқару және болашақтағы қызметтерді қаржыландыру және ресурстарды тарату бойынша ақпараттандырылған шешімдер қабылдау керек болса, мемлекеттік органдардың қазіргі және болашақтағы қаржылық міндеттемелер туралы ақпараты өте маңызды болып табылады. Мемлекеттік органдардың міндеттемелері сауда кәсіпорындарының міндеттемелеріне ұқсас, бірақ оған қоса әлеуметтік бағдарлама, саясаткерлермен берілген кепілдіктер мен уәделер бойынша міндеттемелерді мемлекет өз мойнына алатын потенциалды міндеттемелер бар. Берілген зерттеуде қаржылық міндеттемелер, қабылданатын міндеттемелер және шартты міндеттемелер арасына шек қойылған.


Зерттеу 7
Мемлекеттік сауда кәсіпорындарының қызметі нәтижелерінің есептілікте көрсетілуі
1996 жылдың қаңтарында шығарылды
Берілген зерттеуде қызметтің нәтижесі туралы ақпараттың негізгі пайдаланушылары анықталады, осы қолданушылардың қажеттіліктері қарастырылады және осы қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдалы есептілік үлгілері келтіріледі. Сондықтан берілген зерттеуде жалпы тағайындамадағы қаржылық есептілікте келтірілген ақпаратқа кәсіпорын қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты (қызметтің қаржылық және қаржылық емес аспектілер) қоса көрсетуге назар аударылған.
Бұл зерттеуге қажеттілік қаржылық стандарттардың нақты ұйымның қызметі туралы толық ақпаратты көрсетуге жеткіліксіздігінен туындайды. Қоғамдық сектор субъектілері жеке сектор кәсіпорындарынан міндеттері, оған қоса қаржыландыру әдісі бойынша ерекшеленеді. Мемлекеттік сауда кәсіпорындарынан сауда қызметінің жүзеге асырылуы және жеке сектордың сауда кәсіпорындарына ұқсас құқықтық үлгіні қабылдауы талап етілетіндігіне қарамастан, олар жұмыс жасайтын саяси контекстімен бірге қызметтің нақты түріне монополияға ие болатындығы, қаржылық есептілікті пайдаланушы қызметтің салынған күрделі қаржыға кіріс сияқты көрсеткішіне жетуі екіталай. Нәтижесінде мемлекеттік, заң шығарушы органдар, салық төлеушілер және қызметті тұтынушылар сияқты мемлекеттік сауда кәсіпорындарының қызметіне қызығушылық танытатын топтар мемлекеттік сауды кәсіпорындарының қызметінің тиімділігі және нәтижелілігі туралы ақпараттандырылған шешім шығаруы кезінде қиналуы мүмкін.
Мемлекеттік сауда кәсіпорындары бәсекелі нарық шарттарына сәйкес келмейтін шарттарда да қызмет көрсете алады. Осылайша, салыстырмалы нарықтық тиімділік пен нәтижелілікке сынақ әрдайым қолданыла бермейді. Сәйкесінше, тиімділік пен нәтижелілікке қатысты пікірлер шығаруға мүмкіндік беретін қызмет нәтижелерінің көрсеткішін қалай құруға болады деген сұрақ туады. Берілген зерттеуде осы көрсеткіштерді қалай анықтауға болады, сонымен қатар, мүдделі тараптар үшін есептілікте саудалық мемлекеттік кәсіпорындардың осы көрсеткіштер бойынша нәтижелерін қалай дұрыс көрсетуге болатындығы зерттеледі.
Зерттеу 8
Қаржылық есептілікке қатысты мемлекеттік есеп беруші субъект
1996 жылдың шілдесінде шығарылды
Берілген зерттеуде қаржылық есептілікке қатысты мемлекеттік есеп беруші субъектіні анықтаудағы әртүрлі көзқарастардың салдары және қаржылық есептіліктің алдында тұрған міндеттерге жету мақсатында мемлекеттің қаржылық есептілікті құруының әртүрлі әдістері қарастырылады.
Берілген зерттеуді 1991 жылдың наурызында шығарылған 1 зерттеумен «Федералды мемлекеттік органдармен әзірленген қаржылық есептілік» және 1993 жылдың шілдесінде шығарылған 2 зерттеумен «Федералды мемлекеттік органдардың қаржылық есептілігінің элементтері» бірге қарастыру керек.
8 зерттеу 1 және 2 зерттеулерде келтірілген пікірлер мен анықтамалар негізінде құрылады. 1 және 2 зерттеулерге сәйкес берілген зерттеу назары федералды мемлекеттік органдардың қаржылық есептілігіне бағытталған. Соған қарамастан, онда қарастырылған аспектілер әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік органдарға (штаттар, шет аймақтар және үкіметтің жергілікті органдары) тең дәрежеде қолданылуы мүмкін.
Берілген зерттеу мемлекеттік органдармен әзірленген қаржылық есептіліктің жетілдірілуіне, сонымен қатар, бір және әртүрлі юрисдикциялар шеңберіндегі қаржылық есептіліктің жоғары салыстырмалылығына әкеледі.
Зерттеу 9
Кірістерді анықтау және мойындау
1996 жылдың желтоқсанында шығарылды
Берілген зерттеуде федералды мемлекеттік органдар және басқа да қоғамдық сектордың саудалық емес субъектілерінің жалпы тағайындамадағы қаржылық есептілігіндегі кірістерді анықтау және мойындауға байланысты ұғымдар, қағидалар және сұрақтар қарастырылады. Әсіресе, бұл зерттеуде кірістерді анықтау, кірістердің нақты түріне байланысты сұрақтар және кірістерді анықтау және мойындау үшін тіркеудің әртүрлі негіздерінің салдары белгіленеді және талқыланады.
Кірістер туралы ақпарат пайдаланушыларға мемлекеттік органдардың қаржылық жағдайын және қызмет көрсеткіштерін бағалауға көмектесуге өте қажет. Кірістерді шығындармен салыстыру пайдаланушыларға кезең аралығындағы өзінің қаржы мөлшерін бағалауға мүмкіндік береді (нақтырақ айтқанда, ағымдық кірістер бағдарламаларға және ағымдық кезеңде көрсетілген қызметке кеткен шығынды жабуға жеткілікті бола ма?).
Берілген зерттеу 1991 жылдың наурызында шығарылған 1 зерттеу «Федералды мемлекеттік органдармен әзірленген қаржылық есептілік» және 1993 жылдың шілдесінде шығарылған 2 зерттеу «Федералды мемлекеттік органдардың қаржылық есептілігінің элементтері» құрылымын кеңейтеді. Оны, сонымен қатар 5 зерттеу «Активтерді анықтау және мойындау», 6 зерттеу «Қаржылық міндеттерді тіркеу және олардың есептіліктегі әсері» және 10 зерттеулермен «Шығындарды/қаржы салымдарын анықтау және мойындау» бірге қарастыру қажет.
Берілген зерттеуде негізгі назар федералды мемлекеттік органдарға әзірленетін және олармен тауарлар мен қызмет көрсетулерге және мемлекеттік міндеттерді орындау мақсатында субъектілер мен оның бөлімшелерін құратын қаржылық есептілікке бағытталған. Алайда, онда қарастырылған аспектілер мемлекеттік органдардың басқа деңгейлеріне (штаттар, шет аймақтар және үкіметтің жергілікті органдары) тең дәрежеде қолданылуы мүмкін.
Зерттеу 10
Шығындарды/қаржы салымдарын анықтау және мойындау
1996 жылдың желтоқсанында шығарылды
Берілген зерттеуде мемлекеттік органдардың және қоғамдық сектордың басқа саудалық емес субъктілерінің жалпы тағайындамадағы қаржылық есептілігіндегі шығындарды/қаржы салымдарын анықтау және тіркеуге байланысты ұғымдар, қағидалар және сұрақтар қарастырылады.
Мемлекеттік органдар өздерінің қаржыларын тиімді басқару бойынша өсіп келе жатқан талаптарға жауап беру ғана емес, сонымен қатар, олардың басшылығы тиімді жұмыс жасағанын көрсетуі қажет. Осы мақсатта мемлекеттік органдар кірістердегі өздерінің қажеттіліктерін, сонымен қатар, өздерінің бағдарламаларының тұрақтылығы мен икемділігін бағалау үшін шығындар/қаржы салымдары туралы толық ақпаратқа ие болулары қажет.
Берілген зерттеу 1991 жылдың наурызында шығарылған 1 зерттеу «Федералды мемлекеттік органдармен әзірленген қаржылық есептілік» және 1993 жылдың шілдесінде шығарылған 2 зерттеу «Федералды мемлекеттік органдардың қаржылық есептілігінің элементтері» құрылымын кеңейтеді. Оны, сонымен қатар, 5 зерттеу «Активтерді анықтау және мойындау», 6 зерттеу «Қаржылық міндеттерді тіркеу және олардың есептіліктегі әсері» және 9 зерттеулермен «Кірістерді анықтау және мойындау» бірге қарастыру қажет.
Берілген зерттеуде негізгі назар федералды мемлекеттік органдарға әзірленетін және олармен тауарлар мен қызмет көрсетулерге және мемлекеттік міндеттерді орындау мақсатында құрылатын субъектілер мен оның бөлімшелерін құратын қаржылық есептілікке бағытталған. Алайда, онда қарастырылған аспектілер мемлекеттік органдардың басқа деңгейлеріне (штаттар, шет аймақтар және үкіметтің жергілікті органдары) тең дәрежеде қолданылуы мүмкін.
Зерттеу 11
Мемлекеттік органдардың қаржылық есептілігі: бухгалтерлік тіркеудің сұрақтары мен тәжірибесі
2000 жылдың мамырында шығарылды
Берілген зерттеу барлық деңгейдегі мемлекеттік органдарға бухгалтерлік тіркеумен байланысты сұрақтарды анықтауда көмек көрсетуге бағытталған. Берілген зерттеудің кейбір бөлімдері тек қана федералды мемлекеттік органдарға қатысты болғанымен, оның басқа бөлімдері барлық деңгейдегі мемлекеттік органдарға қолданылады.
Берілген зерттеуде есептеу әдісі және кассалық әдіс сипатталады, сонымен қатар, тіркеудің осы екі әдісінің негізінде әзірленген қаржылық есептілік мысалдары келтірілген. Зерттеуде әдістердің әрқайсысы негізіндегі жалпы тәжірибе және тіркеудің осы екі әдістерінің шеңберіндегі вариация мысалдары келтірілген. Қолданыстағы тіркеу әдісін өзгерткісі немесе өзінің тіркеу саясатын өзгерткісі келетін мемлекеттік органдар, осы құжатты осы әдіске байланысты тіркеу саясатының сұрақтары және осы әдіс негізінде әзірленетін қаржылық есептіліктер өлшемін қосқанда тіркеудің сол немесе басқа әдісі туралы ақпарат көзі ретінде қолануы мүмкін. Бұл мемлекеттік органдардың өздерінің тіркеу әдістерін өзгертуіне ықпалын тигізуі мүмкін, нәтижесінде, бір мемлекеттік органдардың ішіндегі немесе олардың арасындағы қаржылық есептіліктің жоғары салыстырмалылығына әсер етуі мүмкін.
Зерттеу 12
Мемлекеттік органдарда шығындарды тіркеу әдістерін қолданудың келешегі
2000 жылдың қыркүйегінде шығарылды
Берілген зерттеу мемлекеттік органдардың қаржы қызметкерлеріне және бухгалтерлеріне шығындарды тіркеу әдістерін әзірлеу және енгізу бойынша жұмыстарына көмек көрсетуге бағытталған. Оның құрамында мемлекеттік органдар үшін басқа көздерден табу қиын шығынды тіркеу тұжырымдамалары бар, бірақ шығынды тіркеудің нысаны тереңдетіліп ашылып көрсетілмеген. Зерттеуде келесі сұрақтар қамтылған:


  • Мемлекеттік органдар шығынды тіркеуді қандай дәрежеде пайдалана алатындығының сипаттамасы; соңғы уақытта қол жеткізілген өсім және болашақтағы өсім келешегі;




  • Басқарудың әртүрлі мақсаттары үшін қолайлы шығын тұжырымдамаларын түсіндіру;




  • Қабылданатын шешім шығын тіркеуін қолданған кезде пайдаланылатын шамаға әсер етуі мүмкін жағдайда бухгалтерлік тіркеу стандарттарымен байланысты сұрақтарды талқылау;




  • Шығындарды тіркеу жүйесін әзірлеу және енгізу кезінде нақты тұжырымдамалар мен үрдістер қалай қолданылатындығын сипаттау;




  • Басшылық үшін ең маңызды сұрақтарды қарастыру.

Бұл осы маңызды тақырып бойынша мемлекеттік органдар үшін анықтамалық материал бола отырып, осы сұрақтардағы кемшіліктерді толтыру мақсатында әзірленген.

Зерттеу 13

Қоғамдық сектор үшін мемлекеттік басқару: басшылық етуші орган

2001 жылдың шілдесінде шығарылды

Берілген зерттеуде басқару қағидалары және олардың қоғамдық сектор субъектілерінде қолданылуы келтірілген. Басқару тәжірибесін өздері жұмыс жасайтын шеңберде мемлекеттік сектор және заң құзыретінің бөлек субъектілерінің жағдайына бейімдеу қажет. Субъектілер уақыттың өтуімен дамып өзгертілетін болғандықтан, басшылық етуші органға басқару тәжірибесін үнемі қайта қарап, өзгертіп отыруы қажет. Берілген зерттеу мемлекеттік сектор субъектілерінің кейбір маңызды аудандарда басқаруына қатысты жалпы қағидалар мен ұсыныстар келтіре отырып, басшылық ретінде қызмет етеді. Оның мақсаты басқару органы үшін басшылықта субъектімен еркіндіктің берілуі, есептіліктің және әртүрлі қызығушы жақтардың заңды мүдделерін сақтау арасындағы балансты дұрыс сақтауға мүмкіндік беретін басқару механизмін қарастыру болып табылады. Онда қоғамдық сектор субъектілерінің басқару сұрақтары бойынша, осы субъектілерге одан әрі тиімді, нәтижелі және ашық түрде жұмыс жасауы үшін басқару тәжірибесін әзірлеу немесе қайта қарау үшін жалпы қағидалар мен ұсыныстар анықталған.



Зерттеу 14

Есептеу әдісі бойынша тіркеуге ауысу: мемлекеттік органдар және мемлекеттік кәсіпорындар үшін басшылық

2002 жылдың сәуірінде шығарылды, екінші басылым 2003 жылдың желтоқсанында шығарылды, үшінші басылым 2011 жылдың қаңтарында шығарылды

Берілген зерттеуде есептеу әдісі бойынша тіркеуге ауысуға жоспарлаушы және есептеу әдісіне негізделген ҚСҚЕХС сәйкес қаржылық есептілікті көрсету үшін мемлекеттік субъектілерге көмек көрсететін басшылық келтірілген.

Зерттеу ең алдымен мемлекеттік субъектілерге кассалық әдістен есептеу әдісіне ауысу кезінде көмек көрсетуге арналған, алайда ол, осы уақытта есептілікті есептеу әдісі бойынша әзірлейтін және ҚСҚЕХС қабылдау туралы сұрақты қарастыратын кәсіпорындар үшін де немесе ҚСҚЕХС «Кассалық әдіс бойынша қаржылық есептілік» талаптарын сақтай отырып кассалық әдіс бойынша қаржылық есептілік әзірлейтін және есептеу әдісі негізіндегі ақпаратты ашатын субъектілер үшін де пайдалы болуы мүмкін.

Зерттеу 2010 жылдың 31 қаңтарында шығарылған барлық ҚСҚЕХС талқылауынан тұрады және кейбір тақырыптар ағымдық ҚСҚЕХС немесе жобалармен қарастырылмайды. Халықаралық қаржылық есептілік стандарты (ҚЕХС) сияқты басқа халықаралық қаржылық есептілік стандарттар талаптары нақты тақырыпқа байланысты сұрақтарды тәжірибе жүзінде жүзеге асыру үшін қолданылады. ҚЕХС халықаралық қаржылық есептілік стандарты бойынша кеңеспен шығарылған.

Көптеген ҚСҚЕХС негізінде есептеу әдісі бойынша мемлекеттік секторға сәйкес деңгейде қолданылатын ҚЕХС жатыр. ҚЕХС немесе басқа стандарттар нақты тақырыптарды көрсету үшін пайдаланылады және кез-келген сұрақ бойынша ҚСҚЕХСК көзқарасын көрсетуге міндетті емес. Зерттеу бухгалтерлік тіркеудің басшылығы болып табылмайды, сонымен қатар, бухгалтерлік тіркеудің немесе стандарттардың беделді тәжірибесін белгілемейді.
1 Арнайы шығарылым
Есепті мемлекеттік органдарға қосу әдісі негізінде енгізу: Жаңазеландық тәжірибе
1994 жылы қазанда шығарылған
Жаңа Зеландия қоғамдық секторы үшін 1980-ші жылдардың соңында және 1990-шы жылдардың басында айтулы реформалар өтті. Бұл реформа қор қаражатын бөлшектелген және шектеулі ережелер мен шектеулер арқылы мойындау негізінде қалыптасқан қоғамдық секторды басқару жүйесін қызметтің және қаржылық жауапкершіліктің нәтижелерін бағалауға негізделген режимге ауыстыра отырып өзгертті. Бұндай реформаларды сәтті енгізу стратегиялық және операциялық деңгейлердегі көп күшті талап етеді және қоғамдық сеторды қызметін де, бұл қызметтің қаржылық нәтижелерін басқару саласындағы іргелі және ірі өзгерістерге әкеліп соқты. Жаңы Зеландия тәжірибесі бұндай өзгерістердің болу мүмкіндігін ғана емес, оның тиімді екенін көрсетеді.
Бұл құжатта Жаңа Зеландия мемлекеттік департаменттерінің кассалық есептеу әдісінен төлеу әдіс арқылы есептеуге көшуге (бұл құжатта «миграция» термині қолданылған) негізгі көңіл аударылған, ал Жоба Жаңа Зеландия мемлекеттік органдар үшін алғашқы қаржы есептер сериясын әзірлеу керек еді. Құжатта басқарудың негізгі сұрақтарын мемлекеттік басқару федералды органдарында төлеу әдісі бойынша есепке көшуге әдістері қолдануға мүмкіндік жасалды. Құжат бұл көшуде орталық маңызды рөлді атқаратын Қазынаға қатысты жазылды.
2 Арнайы шығарылым
Барлық мемлекеттік сектордың қаржылық есеп берудің аудиті: Жаңазеландық тәжірибе
1994 жылы қазанда шығарылған
Берілген құжатта Аудит Бөлімінің мемлекеттік корпорацияларының қаржылық есеп берудің маңызын сипаттайды. Жаңа Зеландиядағы Аудит Бөлімі маңызының сипаттамасына байланысты, аудит бөлімі атқаратын рөлі тәуелсіздік, өлшемі және дәлелдеме сияқты (оның ішінде бухгалтерлік есеп тәжірибесі қаржылық есеп берулердің сәйкесінше стандарттардың жоқтығы туралы шын және әділ көрінісін беру керек) аудиттің іргелі сипаттамаларына сәйкес талданады. Онда мемлекеттік корпорацияларының қаржылық есеп беру аудитінде қолданылған аудит және басқару процедуралары – оның ішінде жобалау, мәнділіктің деңгейін анықтау, жобаны басқару, есептерге оқыту және дайындау. Құжаттың қорытындысында басқа мемлекеттердің мәліметтері үшін сабақтар сипатталған.
3 Арнайы шығарылым
Төлеу әдісі бойынша есепке көзқарас
1996 жылы шығарылған

Берілген құжат бұл бухгалтерлік есеп реформасын жүзеге асыруда тәжірибесі бар немесе оның прогресіне бақылау жасаған мамандардың төлеу әдісі арқылы есеп жасауға қатысты пікірлері жайлы оқырмандарды хабардар етуге бағытталған.


ҚСҚЕХСК төлеу әдісі арқылы есеп жасау негізінде алынған ақпараттық шешімдерді қабылдау үшін пайдаланған мамандардың пікір алмасуы басқа тұлғаларға өзінің мемлекеттік органдары үшін және қоғамдық сектордың басқа субъектілері үшін осы қаржылық есеп беру түрі туралы көп мағлұмат алуға мүмкіндік берді.
ҚСҚЕХСК арнайы түрде әртүрлі мамандық иелерінен пікірлерін білу үшін осы ақпаратты таратты. ҚСҚЕХСК, сонымен қатар, бұл ақпаратты қоғамға таратылатын ақпаратты өзгертуде тәжірибесі бар адамдарға бағытталып осы таратты. Өзінің пікірін білдіргендерге саясат мойындаушылар, экономистер, әкімшіліктер немесе бухгалтерлер жатады.
4 Арнайы шығарылым
Франциядағы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша қызметтерді делегирлеу: мемлекеттік әкімшіліктің әмбебап әдісі: делегирленген мемлекеттік қызметтер
2001 жылы қыркүйекте шығарылған
Мемлекеттік қызметтер әртүрлі әдістермен көрсетілуі мүмкін. Ереже бойынша, оларды мемлекеттік мекемелер көрсетеді. Кейбір жағдайларда, олар келісімшарт жүргізу негізінде жеке меншік сектор мекемелеріне бұл мекемелер мемлекеттік қызметтерді шартта қарастырылған шарттар бойынша көрсететіндей тапсырылуы мүмкін.
Бұндай мемлекеттік қызметтерді «делегирленген» деп атауға болады. Қызметтерді бұндай делегирлеу жергілікті биліктің мемлекеттік органдар деңгейінде әртүрлі салаларда, мысалы сумен қамтамасыз ету, қалдықтарды басқару және жылумен қамтамасыз ету сияқты салаларда өтеді. Қызметтерді делегирлеу белгілі ережелерге негізделіп, қызметті делегирлейтін органның қызығушылықтарының балансы есепке алынатын келісімшарттарға және қызметке жауап беретін жеке меншік компаниямен жасалған келісімшарттарға негізделеді. Бұндай келісімшарт мысалдары басқа да мемлекеттерде бар (Австралия, Канада және Жаңа Зеландия). Берілген Арнайы шығарылымда Францияда тараптар арасындағы қарым-қатынастарын басқару үшін және ақпараттандыру мен есеп берудің қажетті деңгейін қамтамасыз ететін белгілі концептуалды негіз баяндалады.
5 Арнайы шығарылым
Ресурстарды есепке алу: Бухгалтерлік есеп стандарттарын Ұлыбританияның мемлекеттік сектор орталық аппаратында орнатудың концептуалды негізі
2002 жылы маусымда шығарылған
Төлеу әдісі арқылы есеп беруге көшудегі қиыншылықтар үлкен қауіптілік туғызуы мүмкін. Осылайша, мемлекеттерге заң құзыретінде орын алатын, күтілетін және күрт туындауы мүмкін қиыншылықтарымен танысуға, сонымен қатар мұндай мәселелерді қалай шешетіні туралы білу пайдалы болып отыр.
Берілген құжатта Ұлыбританиядағы 1995 жылы ақша қоры мен қаржылық есеп беруді жүргізу кезінде төлеу әдісі бойынша есеп беруге көшуге шешім қабылдау тәжірибесі қарастырылады. Онда төлеу әдісі бойынша есеп беруге көшуді тек қана қаржылық есеп беру үшін ғана емес, сонымен қатар қаржылық есептемені әзірлеу үшін қолдануды шешім қабылдауға әсер еткен кейбір негізгі аргументтері белгіленді. Сонымен қатар бұл құжатта төлеу әдісі бойынша есеп беруге көшуді біршама кең шаруашылық қызметті басқару контекстінде ақша қорын әзірлеу қарастырылады. Оның ішінде, Ұлыбританияның ақша қоры мен қаржылық есеп беруді жүргізу кезінде төлеу әдісі бойынша есеп берудің инфрақұрылымын құру үшін қаржылық есептеме және есеп саясаты, есеп қағидалары мен әдістері ресми бекітілген анықтамалыққа, стандарттарына концептуалды негізді құру әдісін қолдана отырып, осындай міндеттерді мойынына алды.
6 Арнайы шығарылым
Франциядағы мемлекеттік сектордың бухгалтерлік есебін модернизациялау: ағымдағы жағдай, мәселелері, болашағы
2003 жылы қаңтарда шығарылған
Берілген құжатта Фрацияның мемлекеттік секторындағы бухгалтерлік есеп жүйесін модернизациялау үрдісі сипатталған, бұл жүйе қазіргі уақытта жүзеге асу сатысында болып отыр. Берілген құжат үш бөлімнен тұрады:
Бухгалтерлік есеп тәжірибесінің қоғамдық сектор үшін ағымдағы жағдайы.

Берілген бөлімде қолданыстағы тәжірибе сипатталған. Бұнда мемлекеттік биліктің орталық органдары, федералды қоғамдық мекемелер және әлеуметтік қамсыздандыру қорлары бухгалтерлік есеп және қорды әзірлеу барысында бір тәжірибеге сүйенбейтіндігі түсіндіріледі. Бірақ та, қазіргі кезде орталық мемлекеттік билік органдар орындайтын реформа бірыңғай қағидаларды қабылдауға әкеліп соғады (оның ішінде мемлекеттік органдарының есептемесіне «шынайы және әділ көзқарасына» қатысты ақпарат пен талаптарды қамтиды), сонымен қатар француз және шетел компаниялары күнделікті өздірінің бухгалтерлік есеп жүйелерінде тәжірибеде қолданатын әдістерді (төлеу әдісі бойынша есеп) қолдануға әкеліп соғады.
Төлеу әдісі арқылы есепке көшу: алдағы уақытқа қойылатын мақсат.

Берілген бөлімде ақша қоры Заңына (жаңа Бюджеттік Конституция ретінде белгілі) қатысты 2001 жылғы жаңа Конституциялық қаулыны қабылдаудың мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік орнатуды қарастырады, есеп жүйесіне әсер етуі сипатталады. Бюджет Заңы Төлеу әдісі арқылы есеп пен парламеттік қаржы құралдарын бөлу арасындағы нақты шек қоюды қарастырады. Францияда екілік жүйе қолданылатын болды: ұлттық бюджет модифицирленген кассалық бюджет негізіне әсерін тигізіп отыр және болашақта әсерін тигізеді, бұл уақытта пайда мен шығындардың бухгалтерлік балансы мен есебі (the General Account of the Finance Administration немесе CGAF) Төлеу әдісі арқылы есепке бойынша құрылады. The CGAFs (Compte général de l’administration des Finances) орталық мемлекеттік аппараттың қаржылық есептемесі болып табылады.


Іс-шаралар: бүгінгі күнге прогресс және ары қарайғы даму. Берілген бөлімде бүгінгі күні 1999 жылы CGAF ұсынған қаржылық есептемесінде қол жеткен прогресс байқалады. Онда Төлеу әдісі арқылы есеп жүргізуді ақпараттың жүйе эволюциясын коса отырып, әзірлеу және енгізу бойынша қолданылған іс-шаралардың сипаттамасы беріледі.
7 Арнайы шығарылым
Аргентина мемлекеттік секторындағы есеп жүйесі
2004 жылы қаңтарда шығарылған
Берілген шығарылым Аргентинадағы бухгалтерлік мамандықтың тарихи шолуын және оның қоғамдық секторға әсерін қамтиды. Сонымен қатар ол Аргентинаның қоғамдық секторы үшін Аргентина Конфедерациясын құрған сәттен бастап жүргізу жүйесінің эволюциясының шолуын қамтиды.
Кассалық әдіс бойынша есеп жүргізу Аргентина қоғамдық секторы үшін 1859 жылы қабылданды. 1947 жылы қыржылық есепке өзгертулер енгізілді, оның ішінде міндеттемлер негізіндегі шығындарды мойындау әдісі де қосылды. Берілген құжатта мемлекеттік кәсіпорындарындағы қаржылық есеп бойынша Әкімшілік (Government Financial Administration) жұмыстарындағы кейінгі реформаларға және 1993 жылы төлеу әдісі бойынша есеп жүргізуді қабылдауға әкеліп соққан қоғамдық сектордың бухгалтерлік есеп жүйесіндегі әлсіз жақтарын көрсетеді.
Құжатта ақпаратты жинақтау барысында реформаларды өткізу кезінде, тәжірибе жүзінде жүзеге асыру үрдісінде кездестіруге мәжбүр болған сұраныстар мен мәселелер, мәдени аспектілер ашылады. Бұл құжат, сонымен қатар, реформаның мемлекеттік кәсіпорындарындағы қаржылық есеп бойынша Әкімшілік қызметіне оң әсерін тигізеді. Оның ішінде қоғамдық секторды әкімшілік ету әсерлілігін және нәтижелілігі, және нәтижесінде, саяси шешімдерді қабылдау үшін біршама дәл ақпарат жиналған болатын.
Ең соңында, Щығарылым болашақта бухгалтерлік есеп мемлекеттік жүйесін дамыту бойынша жоспарланған сатыларды қамтиды. Олар басқару есебін қоғамдық сектор үшін бұдан әрі шешімдірді қабылдауды жақсарту үшін басқару есебін жетілдіру сұрақтарын, қоғамдық сектордың барлық субъектілерін шоғырландыру, қоғамдық сектордың барлық қызметкерлері үшін үздіксіз оқыту бағдарламаларын оқыту және Аргентина қоғамдық секторы үшін бухгалтерлік есеп жалпы қабылданған қағидаларын қоғамдық секторы үшін қаржылық есеп беру Халықаралық стандарттарымен (ҚСҚЕХС) үйлестіру.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет