В қосымшасы
Туынды кіріктірме құралдардың сарапшылығын қайта бағалау
Бұл қосымша 29 ҚСҚЕХС ажырамас бөлігі болып табылады.
Кіріспе
В1. 29 ҚСҚЕХС 11 параграфына сәйкес, кіріктірме туынды құрал «қоспалы (құрама) компонент құралы сияқты суреттеліп, (сондай-ақ, негізгі шартты қамти отырып, туынды құрал ретінде бола алмайды), осындай әсер тигізіп, кейбір ақшалай қаражат ағындары осы құрама құралға сәйкес өзгеріске ұшырап, дербес туынды құралға сай болып келеді».
В2. 29 ҚСҚЕХС 12 параграфына сәйкес, туынды кіріктірме құрал негізгі шарттан бөлек болуын талап етеді және туынды құрал тек келесі жағдайларда ғана ескерілді:
(а) Экономикалық сипаттамалар, кіріктірме туынды құралдың тәуекелдері, экономикалық сипаттамалар және негізгі келісім шартының тәуекелдері бір-бірімен байланыста болмайды.
(б) Бөлек құрал кіріктірме құрал сияқты шарттарға сәйкес туынды құралды анықтайды.
(с) Қоспалы (құрама) құрал әділ бағаға сәйкес бағаланбайды, бұл өзгеріс пайдалардың құрамын, немесе шығындарын кезең бойынша қамтып көрсетеді. (яғни, туынды құрал қаржы активке кіріктірген немесе қаржы міндеттемелері әділ бағамен бағалайды, бұл өзгеріс пайдалардың құрамын немесе шығындарын көрсетіп, кезең бойынша бөлінбейді.)
В3. 29 ҚСҚЕХС талабына сәйкес, субъект алғаш рет келісім шартының жағы ретінде болып келеді, ол бағалаған осы стандарттың талаптарына сәйкес келісім шартта қандай да кіріктірме құралдардың болуын, негізгі келісім шарттан бөліп қою қажет пе, әлде оларды туынды құралдар ретінде ескере алу керек. Бұл қосымша келесі сұрақтарды шешеді:
(а) Егер субъект алғаш рет келісімшарттың жағы болып, мұндай сарапшылығын өткізу әлде бұл сарапшылық келісім шарттың бүкіл қолданылу мерзімі бойынша қайта қарап шығуын 29 ҚСҚЕХС талап ете ме?
(б) Алғаш рет субъект осы стандартты қолданып, шартқа сүйене отырып, өзінің сарапшылығын жасап шығару, сол сәттегі бар болған келісімшарт бойынша алғаш рет субъект келісім шартының жағы болып, әлде шартқа сүйенсе, субъект кезі осы стандартты қолданылу тиіс пе?
В4. Бұл қосымша барлық кіріктірме туынды құралдарда қолданылады, кіріс салаға 29 ҚСҚЕХС қолдану, басқа келісім шарттардың кіріктірме туынды құралдарды алуын, субъектілердің бірігуімен немесе олардың алу уақытын қайта бағалауы мүмкін.
29 ҚСҚЕХС кіріктірме туынды құралдардың сарапшылығының қайта қолданылуы
В5. Субъект туынды кіріктірме құралдан негізгі келісім шартты бөлу мүмкіндігін бағалау қажет, егер оны тек сол сәтте ғана алғаш рет келісім шарттың тарабы болған жағдайда, оны туынды құрал ретінде қарастыру қажет. Келесі қайталап бағалауға (а) егер келісімшарттың шарттары келісімшарт бойынша күтілетін, алғашқы ақша қаражатынын ағымын айтарлықтай өзгерту арқылы түзілген (b), немесе кіріс, не болмаса шығын арқылы шынайы құны есептелетін санаттан қаржы активіне қайта сыныптастыру жүргізілген болса, тыйым салынады және бұндай жағдайда бағалау қажет. Субъект ақша ағындардың маңызды өзгешеліктерін қарастыра отырып, келешектегі ақшалай қаражат ағындарының қаншаға өзгертілетін болжамды кіріктірме туынды құралдарынан, негізгі келісімшарттынан анықтайды, ақшалай ағындарды бұрын болжалды келісім шартын салыстыру бойымен бұл өзгертулері маңызды болып табылады.
В6. Кіріктірме туынды құралды негізгі келісімшарттан бөлу қажеттілігін, және оны туынды құрал сияқты қаржы активінің қайта сыныптастыруын есептелетін категориясынан шынайы құны арқылы кіріс, немесе шығын В5-параграфына сәйкес қажет талаптарынан басталып, алғаш рет субъект келісімшарттың тарабында болды.
B7. Субъект алғаш рет 29 ҚСҚЕХС қолданып, кіріктірме туынды құралды негізгі келісім шартынан бөлу қажеттілігін бағалау қажет және оны туынды құрал ретінде есепке алып, жағдайға сүйене отырып, В5-параграфының талабына сай кейінгі екі мерзімінің болуы, бұл: бірінші мерзімде ол келісімшарт бойынша тарап болғанда және екінші мерзімі қайтадан бағаны жүзеге асыру.
С қосымшасы
Шет бөлімшеде таза инвестицияны хеджирлеу
Бұл қосымша 29 ҚСҚЕХС ажырамас бөлігі болып табылады.
Кіріспе
С1. Көптеген субъектілер шет бөлімшелерде инвестициялары бар (4 ҚСҚЕХС 10-параграфына сәйкес анықталған). Мұндай шет бөлімшелер тексерілетін субъектілермен, қауымдастырылған бірлестіктермен, бірлескен кәсіпорындарымен, немесе филиалдармен ұсынылуы мүмкін. 4 ҚСҚЕХС субъект функционалды валютасын әрбір шет бөлімшенің алғашқы экономикалық ортаның валютасын анықталуын талап етеді. Қаржы істердің және экономикалық жағдайлардың нәтижелерін аудару кезінде, субъект бағам айырмаларын тікелей таза активтерге және капиталдарға шет бөлімшенің істен шығуына дейін білу керек.
С2. Валюталық тәуекелдің хеджирлеу есебі, шет бөлімшедегі таза күрделі қаржыларында пайда болып, ол тек қана таза активтері бар шет бөлімшелерде қолданып, қаржы есепке қосылу. Бұл шоғырландырылған қаржы есептеме жағдайда ғана болатын инвестицияда үлестің қатысу әдісі бойынша қаржы есептемеге ескеру, және бірлескен кәсіпорындардағы қатысу үлесі үйлесімді негізде қаржы есепке шоғырланады. Тарау валюталық тәуекел жөніне хеджирлеу, шет бөлімде таза күрделі қаржыларда пайда болатын таза активтердің теңгерімдік құны болуы мүмкін. Валюталық тәуекелдің хеджирлеу есебі, шет бөлімшедегі таза күрделі қаржыларында пайда болып, ол тек қана таза активтері бар шет бөлімшелерде қолданып, қаржы есепке қосылу. Бұл шоғырландырылған қаржы есептеме жағдайда ғана болатын инвестицияда үлестің қатысу әдісі бойынша қаржы есептемеге ескеру, және бірлескен кәсіпорындардағы қатысу үлесі үйлесімді негізде қаржы есепке шоғырланады. Тарау валюталық тәуекел жөніне хеджирлеу, шет бөлімде таза күрделі қаржыларда пайда болатын таза активтердің теңгерімдік құны болуы мүмкін.
С3. 29 ҚСҚЕХС сәйкес тарау белгісін хеджирлеу үшін жарамдығын талап ету және құралдардың хеджерлеу жөніндегі хеджерлеуі. Егер хеджерлеу қатынас белгілері бар болса, таза (шынайы) инвестицияларды хеджерлеу, кіріс немесе шығын құралды хеджирлеу, тиімді таза инвестицияны хеджирлеуі анықталған, таза активтерде және капиталдарда тікелей көрінетін және баға айырмалар қосылып, нәтижелердің және қаржы жағдайлардың шет бөлімшеге аударылуы мүмкін.
С4. Бұл қосымша валюталық тәуекелді хеджирлеу шет бөлімшелерде пайда болатын инвестициялар субъектіде қолданылатын және хеджирлеу есебі 29 ҚСҚЕХС сәйкес келіп тұр. Оны басқа хеджирлеу есеп түрлерінде қолдану керек емес. Бұл қосымша бақылаушы субъектіге және қаржы есептемедегі шет бөлімшелерінің таза активтері шоғырландырылма қаржы есептемеге қосылып, сол субъектіге сілтенеді. Барлық сілтемелер бақылаушы субъектіге бірдей дәрежеде, шет бөлімшедегі таза активтері бар, бірлескен кәсіпорындарымен көрсетілген, қауымдастырылған компания мен бөлімше субъектіге қолданылады.
С5. Бұл қосымша пайдалану жөніндегі нұсқау беріледі:
(а) Валюталық тәуекелдерді сәйкестендіру, хеджерлеу тәуекелін сыныптау, есеп бойынша шет бөлімшелерін таза инвестицияларға хеджирлеу, шарт бойынша субъект көп шет бөлімшелері бар болса, ол көптеген валюталық тәуекелдерге ұшыра алады. Бұл қосымша, әсіресе, келесі сұрақтарға көңіл бөледі:
(і) Бақылаушы субъект хеджирлеуі тәуекел ретінде тек бағам айырмасында пайда болатын функционалды валютаның бақылаушы субъект және оның шет бөлімшенің арасындағы айырмашылықтарын, әлде ол хеджерлеу тәуекел ретінде бағам айырмасында пайда болатын валюталық түсінігінің шоғырландырылма қаржы есеп- қисабы бақылаушы субъектінің және шет бөлімшенің функционалды валюта арасындағы айырмашылықты көрсете алады.
(іі) Егер бақылаушы субъект шет бөлімшені жанама басқарса (иеленсе), хеджерлеу тәуекелі тек бағам айырмасына енгізу мүмкін, функционалды валюталар мен шет бөлімшелер арасында және оны тікелей бақылаушы субъектіге қоса алады, әлде хеджерлеу тәуекелі шет бөлімшенің кез келген функционалды валютасын және кез келген аралық не болмаса соңғы бақылаушы субъект (шет бөлімшелердегі таза инвестициялар аралық бақылаушы субъектіге ықпал етеді).
(b) Келесі жағдайда хеджерлеу құралын топта сақтап тұруы. Әсіресе:
-
29 ҚСҚЕХС субъектіге туынды қаржы құралдарды немесе туынды емес қаржы құралдарды (әлде тәсілдеме туынды және туынды емес қаржы құралдарды) валюталық тәуекел хеджерлеу құрал ретінде рұқсат береді. Бұл қосымшада қарастыратыны хеджерлеу құрал түрінің (туынды, немесе туынды емес), не болмаса шоғырландыру әдісі тиімді бағалау хеджерлеуі әсер етеді.
-
Бұл қосымшада келесі сұрақтар қарастырылады, экономикалық бірлік шеңберінде хеджирлеу құралдары таза инвестициялардағы шет операцияларын ұстау, хеджирлеу есеп талаптарын қанағаттандыру, яғни, хеджерлеудің квалификациялы қарым қатынасын анықтау керек, егер субъект өзінің шынайы инвестицияларды хеджирлесе, ол бір жағынан хеджирлеу құралы болатын, немесе кез келген топтағы субъект оның функционалды валютасынан тәуелсіз хеджерлеу құралын ұстап алады.
(с) Субъект 4 ҚСҚЕХС мен 29 ҚСҚЕХС шетел бөлімшесінің қаржылық қызметі мен қаржылық жағдайының нәтижесін аудару барысында туындайтын бағам айырмашылығына да, топта хеджирлеу құралы ұсталынып қалатын жағдайда, оның сомасынан шығатын ретінде анықталғандай мойындалатын хеджирлеу құралынан болатын пайда немесе зарарға да қатысты жинақталған сомалар таза активтерде/капиталда мойындалағанын талап ететіндіктен, таза актив/капиталда мойындалған кірістің немесе шығыстың қандай сомасы тікелей пайдада немесе зарарда хеджирлеу құралы үшін де, хеджирлеу пәні үшін де қандай сомасын мойындау қажеттігін қалай анықтайды.Атап айтқанда:
(і) Хеджирленген шетелдік операция жабылғанда, бас субъектінің шоғырландырылған қаржылық есебінде бас субъектінің шетелдік валюта аудару резервінен хеджирлеу құралына қатысты және сол шетелдік операцияға қатысты қандай мөлшерлер үлестен пайда немесе шығынға қайта сыныптастырылуы тиіс;
(іі) Шоғырландыру тәсілі үлестен пайда немесе залалға қайта сыныптастырылатын мөлшерлерді анықтауға әсер етеді.
29 ҚСҚЕХС шетелдiк бөлiмшеге таза инвестициясының хеджирлеуіне қолдану
Хеджирлеу қарым-қатынасы көрсетілетін хеджирленген қауіп-қатер сипаты және хеджирленген баптың мөлшері.
С6. Хеджирлеуді есепке алу тек шетелдік операцияның функционалдық валютасы мен бас субъектінің функционалдық валютасының арасында туындайтын шетелдік валюта бағамының айырмашылықтарына қолданылуы мүмкін.
С7. Шетелдік операцияға құйылатын таза инвестициядан туындайтын шетелдік валюта қауіп-қатерлерін хеджирлеуде, хеджирленген бап таза активтердің бас субъектінің шоғырландырылған қаржылық есебіндегі шетелдік операцияның таза активтерінің қаржылық жағдай туралы есептік құнына тең немесе одан аз мөлшері болуы мүмкін. Бас субъектінің шоғырландырылған қаржылық есебінде хеджирленген бап ретінде көрсетілуі мүмкін шетелдік операцияның қаржылық жағдай туралы есептік құны шетелдік операцияның төмен деңгейдегі бас субъектісі сол шетелдік операцияның таза активтердің барлығына немесе бір бөлігіне хеджирлеуді есепке алуды қолданды ма және сол есепке алу бас субъектінің шоғырландырылған қаржылық есебінде сақталды ма, осыған байланысты болады.
С8. Хеджирленген қауіп-қатер шетелдік операцияның функционалдық валютасы мен кез-келген сол шетелдік операцияның (тікелей, аралық немесе іс жүзіндегі) бас субъектінің функционалдық валютасы арасында туындайтын шетелдік валюта өзгерісі кезіндегі шығын қаупі ретінде көрсетілуі мүмкін. Таза инвестицияны құюдың аралық бас субъекті арқылы жүргізілетіндігі жөніндегі факт шетелдік валюта өзгерісінен болатын шығын қаупінен туындайтын іс жүзіндегі бас субъектіге келетін экономикалық қауіп-қатердің сипатына әсер етпейді.
С9. Шетелдік операцияға құйылатын таза инвестициядан туындайтын шетелдік валюта өзгерісінен болатын шығын қаупі хеджирлеуді есепке алуға тек бір рет қана шоғырландырылған қаржылық есепте сай болуы мүмкін. Сондықтан, егер шетелдік операцияның сол таза активтері топ ішіндегі бірден көп бас субъект арқылы (мысалы, тікелей және аралық бас ұйым арқылы) сол қауіп-қатерге хеджирленетін болса, тек бір хеджирлеу қарым-қатынасы ғана іс жүзіндегі бас субъектінің шоғырландырылған қаржылық есебіндегі хеджирлеуді есепке алуға сай болады. Өз шоғырландырылған қаржылық есебінде бір бас субъект көрсеткен хеджирлеу қарым-қатынасын тағы бір жоғары деңгейдегі бас ұйымның қолдауы міндетті емес. Алайда, егер жоғары деңгейдегі бас субъект қолдамаса, төмендегі деңгейдегі бас субъект қолданатын хеджирлеуді есепке алу жоғары деңгейдегі бас субъектінің хеджирлеуді есепке алуы танылғанға дейін күші жойылуы тиіс.
Хеджирлеу құралының сақталу орны
С10. Туынды немесе туынды емес құрал (туынды және туынды емес құралдар жиынтығы) хеджирлеу құралы ретінде шетелдік операцияға құйылатын таза инвестицияны хеджирлеуде көрсетілуі мүмкін. Хеджирлеу құрал(дар)ын, 29 ҚСҚЕХС 98 параграфының таза инвестицияны хеджирлеуге қатысты көрсету, құжаттау және нәтижелілік талаптары орындалғанша, кез-келген топ ішіндегі субъект немесе субъектілер сақтауы мүмкін. Атап айтқанда, топтың әртүрлі деңгейінде әртүрлі көрсетулер болуы мүмкін болғандықтан, топтың хеджирлеу стратегиясы анық түрде құжатталуы тиіс.
С11. Нәтижелілікті анықтау мақсатымен, шетелдік валюта бағамы қауіп-қатеріне қатысты хеджирлеу құралының құнының өзгерісі функционалдық валютасына қарсы хеджирленген қауіп-қатер бағаланатын бас субъектінің функционалдық валютасы тұрғысынан хеджирлеуді есепке алу құжаттарына сәйкес есептеп шығарылады. Хеджирлеу құралы қайда сақталғанына байланысты, хеджирлеуді есепке алу жоқ болса, құнының толық өзгерісі пайда немесе шығынмен, басқа толық пайдамен немесе олардың екеуімен де танылуы мүмкін. Алайда, нәтижелілікті анықтауға хеджирлеу құралының құнының өзгерісі пайда немесе шығынмен немесе басқа толық пайдамен танылған-танылмағандығы әсер етпейді. Хеджирлеуді есепке алуды қолданудың бір бөлігі ретінде, өзгерістің толық нәтижелі бөлігі басқа толық пайдаға қосылады. Нәтижелелікті анықтауға хеджирлеу құралы туынды немесе туынды емес құрал болуы немесе шоғырландыру тәсілі бойынша болуы әсер етпейді.
Хеджирленген шетелдік операцияны жабу
С12. Хеджирленген шетелдік операция жабылғанда, бас субъектінің шоғырландырылған қаржылық есебіндегі хеджирлеу құралына қатысты шетелдік валютаны аудару өзгерісінен қайта жіктеу түзетуі ретінде пайда немесе шығынға қайта жіктелген сома 29 ҚСҚЕХС 113 параграфы бойынша анықталуы талап етілетін сома болып табылады. Бұл сома нәтижелі хеджирлеу екендігі анықталған хеджирлеу құралының жиынтық пайдасы немесе шығыны болып табылады.
С13. 4 ҚСҚЕХС 57 параграфына сәйкес, бас субъектінің шоғырландырылған қаржылық есебіндегі сол шетелдік операцияға құйылатын таза инвестицияға қатысты шетелдік валютаны аудару өзгерісінен қайта сыныптастыруды түзетуі ретінде пайда немесе шығынға қайта сыныптастырылған сома сол бақылаушы субъектінің сол шетелдік операцияға қатысты шетелдік валютаны аудару өзгерісіне қосылған сома болып табылады. Іс жүзіндегі бас субъектінің шоғырландырылған қаржылық есебінде, барлық шетелдік операцияларға қатысты шетелдік валютаны аудару өзгерісінде танылған жиынтық таза сомаға шоғырландыру тәсілі әсер етпейді. Алайда, іс жүзіндегі бақылаушы субъекті шоғырландырудың тікелей немесе біртіндеген тәсілін қолдануы жекелеген шетелдік операцияларға қатысты шетелдік валютаны аудару өзгерісіне қосылған сомаға әсер етуі мүмкін.
С14. Тікелей тәсіл дегеніміз–шетелдік операциялардың қаржылық есептері тікелей іс жүзіндегі бақылаушы субъектінің функционалдық валютасына аударылатын шоғырландыру тәсілі. Біртіндеген тәсіл дегеніміз–шетелдік операцияның қаржылық есептері әуелі кез-келген аралық бақылаушы субъектінің(лердің) функционалдық валютасына аударылатын, содан соң іс жүзіндегі бас ұйымның функционалдық валютасына (немесе егер басқа болса, ұсыну валютасына) аударылатын шоғырландыру тәсілі.
С15. Шоғырландырудың біртіндеген тәсілді қолдану нәтижесі хеджирлеу нәтижелігін анықтауда қолданылғаннан басқа болатын соманы пайда немесе шығынға қайта сыныптастыру болуы мүмкін. Осы айырмашылықты сол шетелдік операцияға қатысы бар егер тікелей шоғырландырудың тәсілі қолданылғанда туындауы мүмкін соманы анықтау арқылы жоюға болады. Осы түзетуді жасау 4 ҚСХҚЕС бойынша талап етілмейді. Алайда, бұл барлық таза инвестициялар бойынша орындалуы тиіс есеп беру саясатын таңдау мүмкіндігі болып табылады.
Мысал
С16. Осы қосымша түсіндірмені қолдануды төменде сызылған субъект құрылымы арқылы көрсетеді. Барлық жағдайларда сипатталған хеджирлеу қарым-қатынастарының нәтижелілігі, тексеру осы қосымшада талқыланбағанмен, 29 ҚСҚЕХС сәйкес тексеріледі. Бақылаушы субъект D, іс жүзіндегі бақылаушы субъекті болып, өз шоғырландырылған қаржылық есебін өз функционалдық валютасы евромен (EUR) ұсынады. Еншілес субъектілердің әрқайсысы: А Еншілес субъектісі, В Еншілес субъектісі,С Еншілес субъектісі толық иеленеді. D бас субъектісінің В еншілес субъектісіндегі £500 миллион таза инвестициясына (функционалдық валюта фунт стерлинг (GBP)) В Еншілес субъектісінің С Еншілес субъектісіндегі $300 миллион таза инвестициясының (функционалдық валютасы АҚШ доллары(USD)) £159 миллион баламасы қосылады. Басқаша айтқанда, В Еншілес субъектісінің таза активтері С Еншілес субъектісіндегі инвестициясынан басқа £341 миллион.
Хеджирлеу қарым-қатынасы көрсетілуі мүмкін хеджирленген баптың сомасы(C6–C9 - параграфтар)
С17. D Бақылаушы субъекті А,В және С Еншілес субъектілерінің әрқайсысындағы өз таза инвестициясын В Еншілес субъектісі және С Еншілес субъектісінің сәйкес функционалдық валюталары (жапондық иен (JPY), фунт стерлинг және АҚШ доллары) және евро арасындағы шетелдік валюта бағамы қауіп-қатері үшін хеджирлеуіне болады. Сонымен бірге, D Бас субъект В Еншілес субъектісі және С Еншілес ұйымының функционалдық валюталары арасындағы USD/GBP валюталарының бағамының қауіп-қатерін хеджирлеуіне болады. Өзінің шоғырландырылған қаржылық есептерінде, В Еншілес субъектісі С Еншілес субъектісіндегі өз таза инвестициясын функционалдық валюталары USD және GBP арасындағы шетелдік валюта бағамы қауіп-қатері үшін хеджирлеуіне болады. Төмендегі мысалдарда көрсетілген қауіп-қатер «спот» валюта бағамы қауіп-қатері болып табылады, себебі хеджирлеу құралдары туынды емес. Хеджирлеу құралдары форвардтық келісімшарт болғанда, D Бақылаушы субъект форвардтық валюта бағамы қауіп-қатерін көрсете алар еді.
Хеджирлеу қарым-қатынасы көрсетілуі мүмкін хеджирленген баптың сомасы(C6–C9 - параграфтар)
С18. Бақылаушы субъект С өзінің таза инвестицияға қатысты валюталы қауіпті хеджір еткенді тілейді. Мәселен, бақылаушы А субъектісінде 300 миллион АҚШ доллар көлемінде сыртқы қарызы бар. Бақылаушы А субъектісі таза активтері есеп беру кезеңінде ¥ 400,000 миллион құрады, сыртқы карыздар түскен US$300 миллионды қоса алғанда.
С19. Хеджирленетін бап, оның консолдирлі қаржылық есептілігінде бақылаушы субъекті C (US$300 миллион) бақылаушы субъект D таза инвестициясы тең немесе аз көлемінде теңгерімдік бағаның таза активтердің соммасы бола алады. Бақылаушы субъект D өзінің шоғырландырылған қаржылық есептілігінде бақылаушы субъектідегі сыртқы қарызы US$300 миллион сомманы көрсете алады. Ал EUR/USD валюттік қауіпі хеджирлеу ретінде операция кезінде «түсу» жағдайында, оның бақылаушы С субъектісінің таза активтерінің US$300 миллион сомма таза инвестициясымен байланысты. Бұл жағдайда бақылаушы субъекті А сыртқы қарыздар US$300 миллион соммаға EUR/USD курстық айырмасы мен бақылаушы субъекті С таза инвестициясы US$300 миллион EUR/USD курстық айырмасы хеджирлеу есептігін пайдаланғанан кейін бақылаушы субъект D шетелдік вальютаны есептеу бойынша шоғырландыру қаржылық есептелік қорына қамтылады.
С20. Хеджирлеу есептілік жоқ кезінде бақылаушы субъект А сыртқы қарызы US$300 миллион соммаға USD/EUR жалпы курстық айырмасы бақылаушы субъект D шоғырландырылған қаржылық есептілікте келесі түрде танылады:
• Евроға ауыстырылған, пайда, немесе шығында, «түсу» жағдайындағы операция кезінде, USD/JPY валюта алмастыру мөлшерлемесінің өзгеруінде.
• Тікелей таза активтерде/капиталда «түсу» жағдайындағы операция кезінде, JPY/EUR валюта алмастыру мөлшерлемесінің өзгеруінде.
С19-параграфында сипатталған белгілеу орны, бақылаушы субъекті D өзінің шоғырландырылған қаржылық есептілік бақылаушы А субъектісінде бақылаушы субъект В мен бақылаушы субъект С арасында «түсу» жағдайындағы операция кезінде US$300 миллион сыртқы қарызды көрсете алады. Бұл жағдайда бақылаушы субъекті А сыртқы қарыз US$300 миллион сомма USD/EUR жалпы курстық айырмасы орнына бақылаушы субъект D консолдирлі қаржылық есептілік келесі түрде танылады:
• Бақылаушы субъект С қатысты шетел валютасының есептеу бойынша қорында «түсу» жағдайында операция кезінде GBP/USD валютаны аумастыру мөлшерлемесінің өзгеруі,
• Евроға ауыстырылған, пайда, немесе шығында, «түсу» жағдайындағы операция кезінде, GBP/JPY валюта алмастыру мөлшерлемесінің өзгеруінде.
• Тікелей таза активтерде/капиталда «түсу» жағдайындағы операция кезінде, JPY/EUR валюта алмастыру мөлшерлемесінің өзгеруінде.
С21. «Түсу» жағдайындағы операция кезінде және GBP/USD валюталық қауіпі ретінде EUR/USD хеджерлеу түрінде өзінің шоғырландырылған қаржылық есептілігінде бақылаушы субъект D бақылаушы субъект А сыртқы қарыздарын US$300 миллионға белгілей алмайды. Хеджирлеудің бөлек құралы белгілеген бір қауіпі бірақ рет белгілей алады. Өзінің қаржылық есептілігінде бақылаушы субъект В хеджерлеу есептігін пайдалана алмайды, өйткені хеджерлеу құралы бақылау субъектісі В мен бақылаушы субъектісі С қосылған экономикалық бірлік шегінен ұсталынады.
Экономикалық бірліктің қайсысынан хеджерлеу құралы ұсталынады. (С10 және С11 параграфтары)?
С22. С20-параграфтарында көрсетілгендей, бақылаушы субъект А сыртқы қарыздары US$300 млн. валюттық қауіпі қатысты жалпы өзгерістер (USD/JPY түсу қауіпі) пайда мен шығында, хеджерлеу есептігі жоқ кезінде бақылаушы субъект D шоғырландырылған қаржылық есептілікте (EUR/JPY түсу қауіпі) тікелей таза активте/капиталда көрсетілінеді. С19 параграфында көрсетілген екі сомада хеджерлеуді тиімділікті бағалау мақсатында қосылған, өйткені хеджерлеу құралының бағасының өзгеруі, сонымен қатар хеджерлеу мақаласы да бақылаушы субъект D функционалды валютасының, бақылаушы субъект D функционалды валютасы АҚШ долларына қарсы, хеджирлеу бойынша құжаттамаға сәйкес бақылаушы субъект С евроның негізінде есептелінеді. Шоғырландыру әдісі (яғни тура әдіс немесе қадамдау әдісі) хеджирлеудің тиімділігін бағалауға әсер етпейді.
Шетел бөлімшелері шығып кету кезінде пайдаға немесе шығынға танылған сомалар (C12 және C13-параграфтары)
С23. Бақылаушы субъект С қызметі тоқтаған жағдайда бақылаушы субъект D шетел валютасын есептеу бойынша оның резервінен (ШВЕР) шоғырландырылған қаржылық есептілігінің келесі сомалар пайда немесе шығын болып танылады. :
(a) Бақылаушы А субъектісіне US$300 миллион таза инвестицияға қатысты, сомма 29 ҚСҚЕХС сәйкестендірілген, яғни таза активте/ капиталда хеджирлеудің тиімді бөлігі боп танылған, валюталық қаупіне қатысты жалпы сомманың; және
(b) Бақылаушы субъект С US$300 миллион таза инвестицияға қатысты, субъектіні шоғырландыру әдісі бойынша анықталатын сомма. Егер бақылаушы субъект D тура әдісті пайдаланса, онда бақылаушы субъект С-ға қатысты оның ШВЕР тікелей EUR/USD валютаны ауыстыру мөлшерлемесі бойынша анықталатын болады. Егер бақылаушы субъект D қадамдау әдісін пайдаланатын болса, онда бақылаушы субъект С-ға қатысты оның ШВЕР бақылаушы субъект В боп танылған ШВЕР анықтайтын болады, онда GBP/USD валютасын ауыстыру ставкасын қолдануды көрсететін және бақылаушы субъект D қызметін атқаратын валютаға EUR/GBP валютасын ауыстыру мөлшерлемесін пайдалану арқылы алмастырылады. Бақылаушы субъект С кеткен жағдайда пайдаға, немесе шығынға танылатын соманы ол тікелей әдісті үнемі пайдаланғанда, оның есептік саясатына байланысты бақылаушы субъекті D-мен алдағы кезеңдерге шоғырландырудың қадамдау әдісін пайдалану одан ШВЕР соммасын анықтауды талап етпейді немесе оған кедергі келтірмейді.
Біреуден көп шетелдік операцияларды хеджирлеу (С7,С9 және С11-параграфтар)
С24. Төмендегі мысалдар D Бақылаушы субъект шоғырландырылған қаржылық есебінде хеджирлеуі мүмкін тәуекел әрқашан оның функционалдық валютасы (евро) мен В және С Еншілес субъектілердің функционалдық валюталарының арасындағы тәуекел болып табылатындығын көрсетеді. Хеджирлеулер қалай көрсетілгеніне қарамастан, нәтижелі хеджирлеу болуы мүмкін шетелдік операциялардың екеуі де хеджирленгенде D Бақылаушы субъектінің шоғырландырылған қаржылық есебінде шетелдік валютаны аудару өзгерісіне қосылатын максималды сомалар EUR/USD тәуекелі үшін АҚШ $300 миллион және EUR/GBP тәуекелі үшін £341 миллион болады. Шетелдік валюта бағамының өзгерістерінің салдарынан болатын құнның басқа өзгерістері D Бақылаушы субъектінің шоғырландырылған пайдасы, немесе шығынына қосылған. Әрине, Бақылаушы субъект АҚШ $300 миллионды тек USD/GBP «спот» валюта бағамындағы өзгерістер үшін немесе £500 миллионды тек GBP/EUR «спомен» валюта бағамындағы өзгерістер үшін көрсете алады.
Достарыңызбен бөлісу: |