АнықтамалықТЫҢ ҚҰрылымы ІІ том 2013 жылғы басылым



бет43/95
Дата21.06.2016
өлшемі7.29 Mb.
#151555
түріАнықтамалық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   95

Субъект қор индексін қайталау үшін акциялар қоржынын және әділ құн өзгерген жағдайда өзін шығыннан қорғау үшін индексті сату опционын алуына болады. 29 ҚСҚЕХС акциялар қоржынын хеджирлеу үшін хеджирлеу құралы ретінде қор индексін сату опционын анықтауға рұқсат береді ме?

Жоқ. Ұқсас қаржы құралдарының тобын біріктіру және хеджирлеу барысында 29 ҚСҚЕХС 93 топтағы әрбір жеке бап үшін хеджирлеу тәуекелімен байланысты әділ құн өзгерісі, топ бойынша хеджирлеу тәуекеліне жататын әділ құнның жалпы өзгерісіне мөлшерлес болатындығын көрсетеді. Жоғарыда қарастырылған сценарийде топтағы әрбір жеке бап үшін (жеке акциялар бағасы) хеджирлеу тәуекелімен байланысты әділ құн өзгерісі топ бойынша хеджирлеу тәуекеліне жататын әділ құнның жалпы өзгерісіне мөлшерлес болады деп болжанады.

F.2.21 Хеджирлеу есебі: активтер мен міндеттемелердің өзара есебі

Субъект хеджирлеу есебі мақсатында нетто-негізде хеджирлеуге жататын ақшалай қаражат ағыны тәуекелін анықтау мақсатымен қаржылық активтерді қаржылық міндеттемелермен бірге топтастыра алады ма?

Субъектінің хеджирлеу стратегиясы мен тәуекелді басқару тәжірибесі ақшалай қаражат ағынының тәуекелін нетто-негізде бағалауды қарастырады, бірақ 29 ҚСҚЕХС 94 хеджирлеу есебі мақсатында хеджирлеу бабы ретінде ақшалай қаражат ағынының тәуекелін нетто-негізде анықтауға рұқсат бермейді. 29 ҚСҚЕХС AG141 субъект өз тәуекелін қалай нетто негізде бағалауға болатыны (ұқсас активтер мен міндеттемелерді топтастыра отырып) және содан соң брутто-негізде хеджирлеу есебіне арналған нышандарды орындауының мысалы берілген.

F.3 Хеджирлеу есебі

F.3.1 Ақшалай қаражат ағынын хеджирлеу: тұрақты пайыздық мөлшерлемедегі ақшалай қаражат ағыны



Субъект тұрақты пайыздық мөлшерлемедегі үлестік құралды шығарады және үлестік құралмен байланысты пайыздық тәуекелді өтеу мақсатымен тұрақты пайыздық мөлшерлеме бойынша төлемдер алу және құбылмалы пайыздық мөлшерлеме бойынша төлемдер жасауды қарастыратын пайыздық своп келісімшартын жасайды. Субъект осы свопты үлестік құралмен байланысты пайыздың келешектегі төлемі бойынша ақшалай қаражат ағынын хеджирлеу құралы ретінде анықтай алады ма?

Жоқ. 29 ҚСҚЕХС 96(b) сәйкес ақшалай қаражат ағынын хеджирлеу дегеніміз «ақшалай қаражат ағынының өзгеру тәуекеліне бейімділікті хеджирлеу» болып табылады. Осы жағдайда шығарылған үлестік құрал ақшалай қаражат ағынының өзгеру әсерінің туындауына алып келмейді, себебі пайыздыр тұрақты мөлшерлемемен төленеді. Субъект свопты үлестік құралдың әділ құнын хеджирлеу құралы ретінде анықтауына болады, бірақ ол свопты үлестік құрал бойынша ақшалай қаражат ағынының келешектегі жылыстауын хеджирлеу құралы ретінде анықтай алмайды.

F.3.2 Ақшалай қаражат ағынын хеджирлеу: тұрақты пайыздық мөлшерлеме бойынша пайыздық төлемдерден болатын ақшалай қаражат ағынын қайта инвестициялау

Субъект пайыздық тәуекелді нетто негізде басқарады. 2001 жылғы 1 қаңтарында ол 2002 жылғы бірінші тоқсанында тұрақты пайыздық мөлшерлемедегі активтер бойынша ақшалай қаражаттың жалпы түсімі 100АБ құрайды, ал тұрақты пайыздық мөлшерлемедегі міндеттемелер бойынша ақшалай қаражаттың жалпы төлемі 90АБ, құрайды деп болжайды. Тәуекелді басқару үшін субъект тұрақты пайыздық мөлшерлеме бойынша төлемдер алу және 10АБ көлеміндегі ақшалай қаражаттың таза түсімін хеджирлеу үшін құбылмалы пайыздық мөлшерлеме бойынша төлемдер жасауды қарастыратын форвардтық пайыздық мөлшерлеме туралы келісімді (ФПМК) пайдаланады. Субъект хеджирлеу бабы ретінде 2002 жылдың бірінші тоқсанындағы тұрақты пайыздық мөлшерлемедегі активтер бойынша ақшалай қаражат түсімінің алғашқы 10АБ анықтайды. Субъект тұрақты пайыздық мөлшерлеме бойынша төлемдер алу және құбылмалы пайыздық мөлшерлеме бойынша төлемдер жасауды қарастыратын осы ФПМК, тұрақты пайыздық мөлшерлемедегі активтерге байланысты 2002 жылдың бірінші тоқсанындағы ақшалай қаражат ағынындағы өзгерістер әсерінен болатын ақшалай қаражат ағынын хеджирлеу құралы ретінде анықтай алады ма?

Жоқ. ФПМК тұрақты пайыздық мөлшерлемедегі активтерге байланысты ақшалай қаражат ағынын хеджирлеу нышандарына сәйкес келмейді, себебі олар ақшалай қаражат ағыны тәуекеліне бейім емес. Дегенмен, субъект ФПМК ақшалай қаражатын аударғанға дейін болатын әділ құн тәуекелі әсерінен болатын хеджирлеу құралы ретінде анықтай алады.

Кейбір жағдайларда субъект тұрақты пайыздық мөлшерлемедегі активтерден алынған (F.6.2 сұрағын қараңыз) пайыздар мен енгізу сомалардың болжамды қайта инвестициялауына байланысты пайыздық тәуекелді де хеджирлейді. Дегенмен, осы мысалда ФПМК ақшалай қаражат ағынын хеджирлеу есебінің нышандарына сәйкес келмейді, себебі ол пайыздық төлемдерді қайта инвестициялау нәтижесінде алынған пайыздардан болатын ақшалай қаражат ағыны өзгерістерінің кемуіне емес, керісінше ұлғаюына жетелейді (мысалы, пайыздық мөлшерлеме артуы ФПМК бойынша ақшалай қаражат ағыны түсіміне және болжамды тұрақты пайыздық мөлшерлемедегі активтер бойынша пайыздық төлемдерді қайта инвестициялау нәтижесінде алынған пайыздардан болатын ақшалай қаражат ағынының артуына жетелейді). Дегенмен, әлеуетті түрде ФПМК брутто-негіздегі ақшалай қаражат ағынын қайта инвестициялау бөлігі үшін ақшалай қаражат ағынын хеджирлеу құралы ретінде сыныпталуына болатын еді.

F.3.3 Валюталық хеджирлеу



А субъектісінің алты айдан кейін өтелуі тиіс шетел валютасындағы міндеттемесі бар, осыған байланысты ол айырбас бағамы құбылуының әсерінен болатын соманы есептеу барысында өтелетін соманы хеджирлеуге ниет білдіреді. Осы мақсатпен субъект шетел валютасын алты айдан кейін сатып алуға форвардтық келісімшарт жасайды. Осы хеджирлеуді төмендегідей хеджирлеу деп есептеуге болады ма:

(a) Жыл соңында пайда немесе зарар құрамындағы міндеттемелерді асыра бағалаудан немесе форвардтық келісімшарттан болатын кіріс пен шығысты мойындаудағы шетел валютасындағы міндеттемелердің әділ құнын хеджирлеу ретінде; немесе

(b) Таза активтердегі/капиталдағы форвардтық келісімді қайта бағалаудан болатын кіріс пен шығысты мойындаумен бірге, келешекте өтелетін соманы хеджирлеу барысындағы ақшалай қаражат ағынын хеджирлеу ретінде есептеуге болады ма?

29 ҚСҚЕХС осы әдістердің кез-келгенін қолдануға кедергі келтірмейді. Егер хеджирлеу әділ құнды хеджирлеу ретінде ескерілетін болса, әділ құнды хеджирлеу құралынан болатын кіріс немесе шығыс және хеджирлеу тәуекелімен байланысты болатын хеджирлеу бабының әділ құнын қайта бағалаудан болатын кіріс немесе шығыс пайда немесе зарар құрамында мойындалады. Егер хеджирлеу таза активтердегі/капиталдағы форвардтық келісімшартты асыра бағалаудан болатын пайда немесе зарарды мойындаумен бірге ақшалай қаражат ағынын хеджирлеу ретінде ескерілетін болса, онда осы сома хеджиренетін бап (міндеттеме) пайдаға немесе зарарға әсер ететін кезең немесе кезеңдер ішінде, яғни міндеттеме айырбас бағамының өзгерісін ескере отырып қайта бағалауға жататын кезде пайда немесе зарар құрамында мойындалады. Сондықтан да, хеджирлеу тиімді болса, туынды құралдан болатын пайда немесе зарар, төлем жасалынған кезге емес, міндеттеме қайта бағалауға жататын кезеңдердегі пайда немесе зарарға жатады. F.3.4. сұрағын қараңыз.

F.3.4 Шетел валютасындағы ақшалай қаражат ағынын хеджирлеу

Субъект өнімді шетел валютасында берілген бағамен экспорттайды. Сату күнінде субъект сату бағасымен 90 күннен кейін төленетін дебиторлық берешекті алады және 90 күндік валюталық форвардтық келісімшартты өзінің валюталық тәуекелін хеджирлеу үшін осы валютада жасайды.

Сату «спот» шартымен орындалған операциялар барысында валютаның айырбас бағамының мөлшерлемесі бойынша есептелінеді, ал дебиторлық берешек айырмашылықты пайда немесе зарарға жатқызумен айырбас бағамының өзгерісін ескере отырып, 90-күндік кезең ішінде қайта бағаланады 4 ҚСҚЕХС 27 және 4 ҚСҚЕХС 32).

Егер валюталық келісімшарт хеджирлеу құралы ретінде анықталатын болса, субъект валюталық келісімшартты анықтауды валюталық тәуекел әсерінен болатын әділ құнды хеджирлеу құралы ретінде немесе дебиторлық берешектен болатын ақшалай қаражат ағынын хеджирлеу құралы ретінде анықтауды таңдай алады ма?

Иә. Егер субъект валюталық келісімшартты әділ құнды хеджирлеу құралы ретінде анықтайтын болса, әділ құн бойынша форвардтық валюталық келісімшартты қайта бағалаудан болатын пайда немесе зарар бірден кіріс немесе шығыс құрамында мойындалады және дебиторлық берешектен болатын пайда немесе зарар кіріс немесе шығыс құрамында мойындалады.

Егер субъект валюталық келісімшартты валюталық тәуекел әсерінен болған дебиторлық берешекті алумен байланысты ақшалай қаражат ағынын хеджирлеу құралы ретінде анықтаса, тиімділігі айқындалған пайда немесе зарардың бір бөлігі таза активтерде/капиталда мойындалады, ал тиімді емес бөлігі кіріс немесе шығыс құрамында мойындалады (29 ҚСҚЕХС 106). Таза активтерде/капиталда мойындалған сома пайда немесе зарар құрамында дебиторлық берешекті бағалаудағы өзгеріс кіріс немесе шығысқа әсерін тигізетін кезеңдер ішінде мойындалуы тиіс (29 ҚСҚЕХС 111).

F.3.5 Әділ құнды хеджирлеу: құбылмалы пайыздық мөлшерлемедегі үлестік құрал



29 ҚСҚЕХС субъектінің үлестік құрал тәуекелінің бір бөлігін әділ құнды хеджирлеу барысындағы хеджирлеу бабы ретінде анықтауына рұқсат береді ме?

Иә. Құбылмалы пайыздық мөлшерлемедегі үлестік құрал несиелік тәуекел әсерінен оның әділ құны өзгеруінің тәуекеліне ұшырауы мүмкін. Ол сондай ақ, несиелік құралдың ауыспалы пайыздық мөлшерлемесі қайта қаралатын аралықтағы нарықтық пайыздық мөлшерлеме қозғалысына байланысты әділ құн өзгеруінің тәуекеліне де ұшырауы мүмкін. Мысалы, егер қаржы құралы нарықтық пайыздық мөлшерлемені ескере отырып, пайыздық мөлшерлемені жыл сайын қарстыруды көздесе, үлестік құралдың бір бөлігі жыл бойындағы әділ құн өзгеру тәуекеліне ұшырайды.



F.3.6 Әділ құнды хеджирлеу: қорлар

29 ҚСҚЕХС 96(a) сәйкес әділ құнды хеджирлеу «Нақты тәуекелмен байланысты және пайда немесе зарарға әсер ете алатын, мойындалған активтің немесе міндеттеменің әділ құны өзгеру тәуекеліне ұшырауды хеджирлеуді» береді. Субъект қорлар «Қорлар» 12 ҚСҚЕХС сәйкес қайсысының аздау екендігіне байланысты өзіндік құн бойынша немесе ағындағы баға бойынша өлшенгеніне қарамастан, қорларды, мысалы мұнай қорын, қорлар бағасының өзгеруі, мысалы мұнай бағасының өзгеруі тәуекелінің әсерінен болатын әділ құнды хеджирлеу барысындағы хеджирлеу бабы ретінде анықтай алады ма?

Иә. Қорлар мыс бағасының өзгеруіне байланысты әділ құн өзгеруінен болатын тәуекелден хеджирленуі мүмкін, себебі қорлардың әділ құнындағы өзгерістер қорларды сату немесе олардың теңгерімдік құнын жоққа шығару барысында пайда немесе зарарға әсерін тигізеді. Түзетілген теңгерімдік құн 12 ҚСҚЕХС сәйкес өзіндік құнның ең аз көлеміне және сатудың таза бағасына тексеруді қолдану мақсаттары үшін құнның негізіне айналады. Әділ құнды хеджирлеу барысында қолданылған хеджирлеу құралы, балама ретінде қорларды келешекте сату үшін ақшалай қаражат ағынын хеджирлеу құралы ретінде қолданыла алады.

F.3.7 Хеджирлеуді есепке алу: болжамды операция

Ақшалай қаражат ағынын хеджирлеу барысындағы хеджирлеуге жататын болжамды операция «аса мүмкін» болуы тиіс. «Аса мүмкін» терминін қалай түсіндіруге болады.

«Аса мүмкін» термині «Жоққа қарағанда, болуы мүмкін» терминіне қарағанда оқиға болуының жоғары мүмкіндігін көрсетеді. Болжамды операция болмайды деп бағалау мүмкіндігі тек басшылықтың ниетіне негізделмейді, себебі ниетті тексеру мүмкін емес. Операцияның орын алу мүмкіндігі байқалатын айғақтармен және бірге жүретін жағдайлармен негізделуі тиіс.

Операцияның орын алу мүмкіндігін бағалау барысында субъект келесі жағдайларды ескеруі тиіс:

(a) Өткендегі болған ұқсас операциялардың жиілігін;

(b) Субъектінің операцияны орындаудағы қаржылық және оперативтік қабілетін;

(c) Қызметтің нақты бір бағытына айтарлықтай қорлар бөлуді (мысалы, нақты бір инфрақүрылымдық жобаларды жүзеге асыру);

(d) Қызметтегі операцияны болдырмауға алып келетін зарар немесе бұзушылық деңгейін ;

(e) Бір мақсатқа қызметтің мүлдем басқа түрін орындау арқылы қол жеткізу мүмкіндігін (мысалы, ақшалай қаражат тартуға ниеттенген субъект қысқа мерзімді банктік несиеден бастап, несиелек құрал шығарумен аяқталатын бірнеше тәсілдермен орындай алады ); және

(f) Субъектінің оперативтік жоспары.

Болжамды операция орындалу уақытына дейінгі кезең ұзақтығы мүмкіндік анықталатын негіздегі фактор болып табылады. Басқа да түрлі факторлар барысында, болжамды операция уақыт жағынан қаншалықты алыстау болса, операцияның «Аса мүмкін» ретінде қарастырылу мүмкіндігі соншалықты азаяды және оның «Аса мүмкін» екендігін дәлелдейтін аса бір сенімді куәлік қажет болады.

Мысалы, бес жылдан кейін болады деп болжанатын операцияның болу мүмкіндігі, бір жылдан кейін болады деп болжанатын операцияның болу мүмкіндігіне қарағанда қарағанда азырақ. Дегенмен, жақын келешектегі 20 жылға болжанатын пайыздық төлемдер, әдетте, қолдағы бар келісімшарттық міндеттемемен бекітілсе, аса мүмкін болады.

Сонымен қатар, басқа да теңдей факторларда субъектінің болжамдағы операциясының осындай сипаттағы басқа операцияларына арақатынасының құны немесе көлемі артығырақ болған сайын, операцияның «аса мүмкін» ретінде қарастырылу мүмкіндігі азая түседі және оның «аса мүмкін» екендігін дәлелдейтін куәлік қажеттігі арта түседі. Мысалы, келесі айда сатылуға болжанған 100,000 бірліктің мүмкіндігін растау үшін, егер соңғы үш айда сатылымның орташа көлемі айын 950,000 бірлік болса, онда 950,000 бірлікті сатуға қарағанда, азырақ куәлік талап етіледі.

Алдымен болжамды операцияларды хеджирлеу талап етілетін, содан соң болжамды операциялардың орындалуы одан әрі күтілмейтін тәжірибе, субъектінің болжамды операцияларды нақты болжау мүмкіндігіне де, соған ұқсас операцияларды хеджирлеу есебін қолдану орындылығына да күмән келтіреді.

F.3.8 Хеджирлеуді ретроспективтік тұрғыдан анықтау



29 ҚСҚЕХС хеджирлеу қатынасын ретроспективті түрде анықтауға рұқсат береді ме?

Жоқ. Хеджирлеу қатынасын анықтау 29 ҚСҚЕХС 98 хеджирлеу есебінің барлық нышандарын орындау күнінен бастап күшіне енеді. Жеке алғанда, хеджирлеу есебін субъект хеджирлеу құралын айқындауды, тиісті хеджирлеу бабын, хеджирлеу тәуекелінің табиғатын және бағалау тәсілін хеджирлеу тиімділігін қалай бағалайтынын қоса алғандағы, хеджирлеу қатынасына байланысты барлық қажетті құжаттарды толтырған күннен бастап қолдануға болады.

F.3.9 Хеджирлеуді есепке алу: Хеджирлеу басында хеджирлеу құралын анықтау

29 ҚСҚЕХС субъектінің туынды құрал болып табылатын келісімшартты жасағаннан кейін оны хеджирлеу құралы ретінде анықтап және ресми түрде құжаттауына рұқсат береді ме?

Иә. Хеджирлеу есебінің мақсаттары үшін 29 ҚСҚЕХС хеджирлеу құралының анықталуы мен ресми түрде құжатталуын хеджирлеу қатынасы туындаған кезден бастап болуын тала етеді (29 ҚСҚЕХС 98); басқаша айтқанда хеджирлеу қатынасы ретроспективті тұрғыдан анықтала алмайды. Сонымен қатар, стандарт хеджирлеу құралы айналымда жүрген кезең бөлігін ғана хеджирлеу қатынасын анықтауға тыйым салады (29 ҚСҚЕХС 84). Дегенмен, стандарт хеджирлеу құралын хеджирлеу қатынасынынң басында алуды талап етпейді.

F.3.10 Хеджирлеуді есепке алу: хеджирленетін болжамды операцияны айқындау

Болжамды операцияны сатып алу немесе соңғы 15,000 бірлікті көрсетілген кезеңде сату ретінде немесе көрсетілген кезең ішіндегі сату немесе сатып алудың пайыздық үлесі ретінде айқындауға болады ма?

Жоқ. Хеджирленетін болжамды операция операция болған кезде оның хеджирленетін операция болып табылатындығы айқын болатындай етіп, нақты айқындықпен айқындалуы және құжатталуы тиіс. Сондықтан, болжамды операция көрсетілген өнімнің алғашқы 15,000 бірлігін көрсетілген үш айлық мерзім ішінде сату ретінде айқындалуы мүмкін, бірақ ол осы өнімнің үш айлық мерзім ішіндегі сатылған соңғы 15,000 бірлігі ретінде айқындала алмайды, себебі соңғы 15,000 бірлік сату кезінде айқындала алмайды. Осы себеппен, болжамды операция кезең ішіндегі сату немесе сатып алудың пайыздық үлесі ретінде ғана көрсетіле алмайды.

F.3.11 Ақшалай қаражат ағынын хеджирлеу: болжамды операция мерзімін құжаттау

Болжамды мәмілені хеджирлеу жағдайында хеджирлеу басталған кезде жасалған хеджирлеу қатынасындағы құжатта болжамды операция болатын күнді немесе кезеңді көрсеу қажет пе?

Иә. Хеджирлеуді есепке алу талаптарына сәйкес келу үшін хеджирлеу нақты бекітілген және айқындалған тәуекелге жатуы тиіс (29 ҚСҚЕХС AG151) және хеджирлеу тиімділігін сенімді өлшейтін мүмкіндік болуы тиіс (29 ҚСҚЕХС 98(d)). Сонымен қатар, болжамды хеджирлеу операциясының аса жоғары мүмкіндігі болуы тиіс (29 ҚСҚЕХС 98(с)). Осы нышандарға сәйкес келу үшін субъектінің болжамды операцияның орындалу күнін тура болжап, құжаттауы талап етілмейді. Дегенмен, субъект негізделген нақты кезеңді және әдетте, хеджирлеу тиімділігін бағалау негізі ретінде, болжамды операцияның орындалу күні күтілетін қысқа мерзімді айқындап, құжаттауы тиіс. 29 ҚСҚЕХС 98(d) сәйкес хеджирлеу аса жоғары тиімді болатындығын анықтау үшін болжамды ақшалай қаражат ағынының әділ құнындағы өзгеріс хеджирлеу құралының әділ құнымен өтелетіндігін қамтамасыз ету қажет, ал оған ақшалай қаражат ағынының мерзімдері бір-біріне жақын орналасқанда ғана қол жеткізуге болады. Егер болжамды операция одан әрі күтілмейтін болса, хеджирлеуді есепке алу 29 ҚСҚЕХС 112(с) сәйкес тоқтатылады.

F.4 Хеджирлеу тиімділігі

F.4.1 Салық төленгенннен кейінгі хеджирлеу



Көп жағдайда хеджирлеу салық төленгеннен кейін орын алады. Салық төленгеннен кейін хеджирлеу тиімділігі бағаланады ма?

29 ҚСҚЕХС салық төленгеннен кейінгі хеджирлеу тиімділігін бағалауды жүргізуге рұқсат береді, бірақ талап етпейді. Егер хеджирлеу салық төленгеннен кейін жүзеге асатын болса, қатынасты ресми құжаттау мен хеджирлеу стартегиясының басында осылайша анықталады.

F.4.2 Хеджирлеу тиімділігі: жинақтау негізінде бағалау

29 ҚСҚЕХС 98(b) сәйкес хеджирлеу аса жоғары тиімді болуы керек деп болжанады. Хеджирлеудің болжамды тиімділігін әрбір кезеңге жеке бағалау қажет пе әлде хеджирлеу қатынасынынң барлық кезеңіне жинақтап бағалау орынды ма?

Хеджирлеудің болжамды тиімділігі жинақталған негізде бағалануы мүмкін, егер бұл хеджирлеуді анықтау барысында көрсетілсе және осы шарт хеджирлеудің тиісті құжаттауына енгізілсе. Сондықтан, көрсетілген кезеңдегі хеджирлеу жоғары тиімді болады деп болжанбаса да, егер хеджирлеу қатынасы мерзіміндегі тиімділік жоғары болады деп болжанса, хеджирлеуді есепке алуға тыйым салынбайды. Дегенмен, кез-келген тиімсіздік, пайда болуына байланысты пайда немесе зарар құрамында мойындалуы тиіс.

Мысал: субъект Ұлыбританиядағы базистік пайыздық мөлшерлемеге тең қосу қайсыбір үстеме пайыздық мөлшерлемемен алынған хеджирлеу құралы ретінде LIBOR мөлшерлемесіне негізделген пайыздық свопты анықтайды. Базистік мөлшерлеме тоқсанына бір рет өзгереді немесе 25-50 базистік тармақтан аз мәрте өзгереді, ал LIBOR мөлшерлемесі күн сайын өзгереді. 1-2 жыл ішінде хеджирлеу толығымен дерлік тиімсіз болады деп болжанады. Дегенмен, бірнеше тоқсан бойына Ұлыбританиядағы мөлшерлеме мүлдем өзгермейді, ал LIBOR мөлшерлемесі айтарлықтай өзгереді. Бұл міндетті түрде хеджирлеу есебіне әсерін тигізбейді.

F.4.3 Хеджирлеу тиімділігі: контрагенттің несие тәуекелі



Субъект хеджирлеу тиімділігін бағалау барысында хеджирлеу құралы бойынша контрагенттің міндеттемелерін орындамау мүмкіндігін ескеруі тиіс пе?

Ия. Субъект хеджирлеу құралының келісімшарттық шарттары бойынша төленуі тиіс сомаларды қайтара алмау мүмкіндігін елемей қоя алмайды. Хеджирлеу тиімділіген бағалау барысында, хеджирлеудің басында да және тұрақты негізде де субъект хеджирлеу құралы бойынша контрагент субъектіге келісімшарттық төлемдерді жасай алмауы мүмкін екендігін және сондықтан да өз міндеттемелерін орындай алмауы мүмкін екендігін ескеруі тиіс. Ақшалай қаражат ағынын хеджирлеу жағдайында, контрагент өз міндеттемелерін орындай алмауы мүмкін екендігі анықталған жағдайда, субъект ақшалай қаражат ағынын өтеуге байланысты хеджирлеуге қатысты жоғары тиімділік болады деп қорытынды жасай алмайды. Соның нәтижесінде хеджирлеуді есепке алу тоқтатылады. Әділ құнды хеджирлеу жағдайында, контрагенттің несие төлеу қабілеттілігінің өзгеруі хеджирлеу құралының әділ құнындағы өзгеріске алып келеді, ол хеджирлеу қатынасы тиімділігіне және оның хеджирлеуді одан әрі есепке алу нышандарына сәйкес келетіндігіне әсерін тигізеді.

F.4.4 Хеджирлеу тиімділігі: тиімділікті тексеру

Хеджирлеу тиімділігін өлшеу барысында оның бастапқы және одан кейінгі хеджирлеуді есепке алу өлшемдеріне сәйкес келуін бағалау үшін оны қалай өлшеу қажет?

29 ҚСҚЕХС хеджирлеу тиімділігін тексеруді қалай жүзеге асыру қажеттігіне байланысты нақты нұсқауларды қамтымайды. 29 ҚСҚЕХС сәйкес хеджирлеу, әдетте, (а) хеджирлеу басында және одан кейінгі кезеңдерде хеджирлеу анықталатын кезең ішіндегі әділ құн немесе ақшалай қаражат ағынының өзгерісінің хеджирленетін тәуекеліне жатқызылатын өзара есептеуді қамтамасыз ететін тиімділігі жоғары құрал болып табылады деп болжанса және (b) хеджирлеудің шын мәніндегі нәтижелері 80-125 пайыз аралығында жатса аса жоғары тиімдідеп есептеледі. 29 ҚСҚЕХС AG145(а) тармағында айтылған болжамдарды түрлі тәсілдермен беруге болатынын көрсетеді.

Хеджирлеу тиімділігін бағалаудың нақты әдісінің орындылығы хеджирлеу тәуекелінің табиғатына және қолданылатын хеджирлеу құралының түріне байланысты болады. Хеджирлеу тиімділігін бағалау әдісі негізделген болуы тиіс және басқа әдістің қолданылуы анық негізделген жағдайлардан басқа кезде, басқа да ұқсас хеджирлеу құралдарымен келісімге келтірілуі тиіс. Субъект хеджирлеудің басында хеджирлеу тиімділігін бағалау әдісін құжаттауы тиіс және содан кейін тиімділікті бағалаудың көрсетілген әдісін хеджирлеу барысында бірізділікпен қолдануы қажет.

Коэфициенттер талдауын, яғни хеджирлеуден болатын кіріс пен шығысты осы кездегі хеджирлеуден болатын тиісті кіріс пен шығыспен салыстыруды қоса алғанда хеджирлеу тиімділігін өлшеудің бірнеше математикалық әдістері және регрессивті талдау секілді статистикалық әдістері бар. Егер регрессивті талдау қолданылатын болса, субъектінің тиімділікті бағалау бойынша құжатталған саясатында регрессивті талдау нәтижелері қалай бағаланатыны көрсетілуі қажет.

F.4.5 Хеджирлеу тиімділігі: 100 пайыздан кем өтемақы

Егер тәуекелдің шын мәніндегі өтемақысы рұқсат етілген 80-125 пайыз аралығында құбылып тұрғандықтан, ақшалай қаражат ағынын хеджирлеу тиімділігі жоғары деп есептелетін болса, хеджирлеудің тиімсіз бөлігінен болатын кірісті немесе шығысты таза активтерде/капиталда мойындау қажет пе?

Жоқ. 29 ҚСҚЕХС 106(a) сәйкес тиімділігі белгіленген бөлік қана таза активтерде/капиталда мойындалады. 29 ҚСҚЕХС 106(b) тиімсіз бөліктің пайда немесе зарар құрамында мойындалуын талап етеді.

F.4.6 Хеджирлеудің толық тиімділігін бекіту

Егер хеджирлеу құралының негізгі шарттары мен хеджирлеу баптары бірдей болса, субъект тиімділікті одан әрі тексерместен хеджирлеу тиімді екендігін бекіте алады ма?

Жоқ. 29 ҚСҚЕХС 98(е) сәйкес субъект хеджирлеу тиімділігін тұрақты негізде бағалауы тиіс. Субъект хеджирлеу құралының негізгі шарттары мен хеджирлеу баптары бірдей болған жағдайда да хеджирлеудің тиімді екендігін бекіте алмайды, себебі хеджирлеу тиімділігі құралдардың өтелімдігі немесе несиелік тәуекел секілді басқа факторларға байланысты болуы мүмкін (29 ҚСҚЕХС AG150). Дегенмен, субъект хеджирлеу баптары ретінде жалпы тәуекел құрамындағы жеке тәуекелдерді анықтай алады және осылайша, хеджирлеу қатынасының тиімділігін арттыра алады. Мысалы, үлестік құралдың әділ құнын хеджирлеу барысында, егер туынды құрал болып табылатын хеджирлеу құралының АА рейтингіндегі тәуекелге балама несие тәуекелі бар болса, субъект АА несиелік рейтингіндегі құралдардың пайыздық мөлшерлемесіндегі өзгерістерге байланысты тәуекелді ғана хеджирлеу бабы ретінде анықтауына болады және бұл жағдайда несиелік спрэд өзгерістері хеджирлеу тиімділігіне әсер ете алмайды.

F.5 Ақшалай қаражат ағынын хеджирлеу

F.5.1 Хеджирлеуді есепке алу: Хеджирлеу құралы ретінде туынды құрал болып табылмайтын монетарлық активтерді немесе монетарлық міндеттемелерді пайдалану




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет