Морфофизиологиялық ерекшеліктері.
Токсоплазма эндозоит сатысында апельсин жемісінің бір бөліміне немесе жарты айға ұксас болады; оның өлшемі — ұзындығы 4—7 мкм, ені — 2—4 мкм. Оның ал-дыңғы жағы қысыңқы, ал артқы жағы кең және домалақтанып келген. Денесін пелликула қаптап тұрады, денесінің алдыңғы жағында конус тәрізді кұрылым — коноид болады. Оның кабырғасында ширатылған фибриллдар кездеседі. Коноид паразиттің иесі денесіне енуі кезінде тірек кызметін атқарады деп есептелінеді. Коноидтан кейін токсоплазма денесінің артына карай бірте-бірте кеңейген қалта тәрізді органоид — роптрий бастама алады. Роптрийда паразиттің жасушаға енуін жеңілдететін заттар болады. Роптрий айналасында, дененің алдыңғы жағында, онымен байланысқан және ирелендеген жіпшелер — микронемалар кездеседі.
1-коноид,
2-микрожіпшелер,
3-микротүтікшелер,
4-микропоралар,
5-майтамшылары,
6-ядро,
7-эндоплазмалык тор,
8-Гольджи кешені,
9- митохондрия,
10-роптрии.
Тіршілік циклі. Ақырғы, негізгі иесі болып мысық; аралык иесі — құстар, сүтқоректілер және адамдар саналады.
Аралық иесінің ішегіне спорозоиттары бар ооциста енеді. Спорозоиттар ооцистадан босанып шығып ішектін эпителий жасушаларына енеді және бөлініп көбейе бастайды. Оның қайта-қайта көбеюі нәтижесіңде иесінің денесінде паразит саны еселеп өседі. Олар жалпы бір қабықшамен қапталып цистага айналады.
Циста ақырғы иесінің денесіне өтсе, ондағы спорозоиттар домалактанып шизонтқа айналады. Ол шизогония жолымен көбейеді. Осының нәтижесінде көптеген талшық тәрізді мерозоиттар түзіледі. Эндозоиттар ішек куысына өтіп жаңа жасушаларға енеді де қайтадан шизонтқа айналып көбейеді. Бірнеше рет жыныссыз көбеюден кейін жыныстық көбею басталады. Ол үшін кейбір мерозоиттар жасушаға еніп жетілмеген жыныстық нысандарға — микро-макрогаметоциттерге айналады. Микрогаметоциттерден 2 жіпше тәрізді қос талшықты сперматозоидтар түзіледі, ал макрогаметоциттер өсіп ұлғайып, макрогаметаларға айналады. Ұрықганғаннан кейін зигота 2 қабат қабықшамен қапталып ооцистага ұласады. Ооцистада спорогония басталып әркайсысында 4 спорозоиттары бар 2 спора түзіледі. Ооцисталар аралық иесі үшін де, түпкілікті иесі үшін де, инвазиялық сатысы болып табылады.
Ооцисталар үлкен немесе кіші дәрет арқылы сыртқа шығарылады. Адамдар токсоплазманы үй жануарларынан, әсіресе мысықтардан жұқтырады.
Патогендік әсері. Әдетте нерв, жыныс, лимфа жүйелері, көру мүшелері закымданады.
Алдын алу шаралары: үй жануарларын күтіп бакқанда жеке гигиенаны сақтау қажет.
Пневмоциста – Pneumocystus carinii – пневмоцистоз ауруын қоздырғышы, шартты – патогенді паразт. Пішіні сопақ, мөлшері – 2-3 мкм. Бөліну жолымен көбейеді, циста құрады. Дамуы өкпенің альвеолярлық тінінде өтеді. Өкпенің пневмоцисталық қабынуының дамуы немесе пайда болған иммунитет тапшылығына негізделген. Бастаушы рөлді жасушалық иммунитет механизмдерінің бұзылуы атқарады. Қорғаныстың жасушалық элементтерінің, ең бірінші альвеолярлық макрофагтардың болмауынан пневмоцисталар альвеолдардың қуыстарына өтіп, оларды біртіндеп толтырады. Микроорганизмдер және басқа органикалық заттары бар альвеолярлық сұйық (экссудат) шығады. Біртіндеп альвеолярлы эпителияның газ алмастыру функциясы бұзылады, соның салдарынан тыныс алудың жіті жетіспеушілігі дамиды.
Клиникалық көріністері субфебрильдік температурамен, өкпенің созылмалы қабынуы белгілерімен сипатталады. Балаларда ауру біртіндеп дамиды. Демігу, цианоз, көкжөтелге ұқсас жөтел, пневмоцисталары бар қақырық шығу орын алады.ЖИТС мен ауыратындарда өкпенің пневмоцисталық қабынуы тез дамып, өкпенің кең көлемді абсцесіне әкеледі. Жиі жағдайда бактериалдық және микоздық инфекциялар қосылады.
Инфузория класы —Infusorіа
Инфузориялар күрделі қарапайымдылар болып табылады. Дене пішіні әртүрлі, 30-40 мкм-ден 1000-2000 мкм дейін. Қозғалу органоиды - кірпікшелері. Кейбіреулерінің корғаныстық қызмет атқаратын ерекше кұрылымдары — трихоцисталары болады. Оларда қарапайым ауыз куысы (цистостом), жасушалық жұтқыншақ (цитофаринкс) кездеседі. Қорытылмаған ас калдығы ерекше тесікше — қылаулатқыш арқылы сыртқа шығарылады.
Инфузорияларда 2 ядро кездеседі: біреуі - үлкен макронуклеус, екіншісі — кіші микронуклеус. Макронуклеус зат алмасу, өсу т.б. вегетативтік қызметтер атқарады, ал микронуклеус — жыныстык көбеюге қатынасады.
Көбеюі жыныссыз және жыныстық жолдармен жүреді. Жыныстық процесс конъюгация күйінде болады. Ол үшін 2 дара бір-бірімен жанасып аталық жыныс ядроларымен алмасады. Содан кейін аталық және аналық ядролар өзара қосылады, ал инфузория даралары бір-бірінен ажырасады.
Бұл кластың өкілдері ішінен адам паразиті болып тек балантидий саналады.
Балантидий (Ваlantidium соlі) - балантидиаз ауруын тудырады.
Ол тоқ ішекте кездеседі және барлық жерлерде таралған. Балантидий денесі жұмырлау немесе жұмыртқа пішінді болып, өлшемі - ұзындығы 30-200 мкм, ені 20-20 мкм тең. Денесінің алдыңғы кысыңқы жағында перистом, содан кейін воронкатәрізді цитофаринкс, ал денесінің артқы жағында аналь тесігі — қылаулатқыш орналасқан. Балантидий қорытылмаған ас қалдығымен, эритроциттермен қоректенеді.
Жиырылғыш вакуолялары - екеу. Цисталары сопақша не домалақ (дм 50—60 мкм) пішінді болып келеді.
Тіршілік циклі. Инвазиялық сатысы болып циста саналады. Ас қорыту жолында цистадан вегетативтік формасы түзіледі. Вегетативтік форма күйінде балантидий ішекте ұзақ уақыт зиянсыз тіршілік етеді. Бірақ кейде белгісіз жағдайлардыц әсерінен (аскаридоз), олар ішектің қабырғасына еніп, оны зақымдап, үлкен жара пайда болады. Ішектің арткы бөлімінде вегетативтік форма цистаға айналады да үлкен дәретпен сыртқа шығарылады.
Балантидийдің негізгі резервуарлары болып жабайы және үй шошқалары саналады. Олардың нәжісімен цисталар сыртқа шығарылып қоршаған ортаны ластайды. Адамдар шошқаларды күтіп-баққанда цисталарды жұқтыруы мүмкін, сонымен қатар-лас жеміс-жидектер, лас қол, қайнатылмаған су т.с.с. аркылы да жұғуы мүмкін.
Патогендік әсері. Ішек қабырғасында қансыраған жара пайда болып, қан аралас іш өтеді.
Лабораториялық анықтау әдісі - нәжісті микроскоп арқылы зерттеп паразит цисталарын табу.
Аурудың алдын алу шаралары - жеке шаралар - жеке гигиена нормаларын сақтау; қоршаған ортаның шошқа қиымен ластануын болдырмау; шошқа фермаларында тиісті еңбек тәртібін ұйымдастыру.
Тестік сұрақтар
1. Шагас ауруының қозырғышының тасымалдаушысы:
А). Anopheles маса туысы
Б). синантроптық шыбын
В). Triatoma қандала туысы
Г). Phlebotomus москиттер туысы
Д). шыбын шіркейлер
2. Көп талшықтылар отрядына жататын қарапайымдыларды атаңыз:
А). Trihomonas hominis
Б). Leishmania donovani
В). Entamoeba gingivalis
Г). Plasmodium vivex
Д).Toxoplasma gondi
3. Trypanosoma gambiense–тің патогенді әсері:
А). тері жарасы
Б). жүрек - қан тамыр жүйесінің бұзылуы
В). асқазан жарасы
Г). ОЖЖ қызметінің бұзылуы
Д). бауырдың гиперфункциясы.
4. Лямблиоз қоздырғышы:
А). ауыз амебасы
Б). балантидий
В). лямблий
Г). лейшмания
Д). трихоманада
5. Висцеральдық лейшманиоздың диагностикасы:
А). лимфатикалық саңылауды тексеру
Б). зәрді тексеру
В). қақырықты тексеру
Г). нәжісті тексеру
Д). терідегі жараны тексеру
6. Trihomonas cruzi патогенді әсері:
А). жүрек бұлшық етінің зақымдануы
Б). лихорадка
В). жоғарғы қоздырғыштық
Г). терідегі жара
Д). катаралдық құбылыс
7. Trihomonas vaginalis мекен ету орыны:
А). жұлын
Б). тоқ ішек
В). қан
Г). зәр-жыныс жолы
Д). бауыр жасушасы
8. Leishmania tropica патогенді әсері:
А). терідегі жара
Б). өкпенің қабынуы
В). бауыр абцессі
Г). лимфатикалық тамыр
Д). өкпе абцессі
9. Лямблиоздың инвазиялық стадиясы:
А). вегетативтік форма
Б). спора
В). циста
Г). гаметоцисталар
Д). шизонттар
10. Уақытша-патогенді паразит:
А). зәр - жыныс трихомонадасы
Б). ішек трихомонадасы
В). трипаносома
Г). лейшмания
Д). дизентерия амебасы
11. Trihomonas hominis-тің мекен ету орны:
А). ауыз қуысы
Б). бұлшықет
В). ұйқы безі
Г). қан
Д). тоқ ішек
12. Талшықтылардың қозғалыс органоиды:
А). псевдоподия
Б). талшықтар
В). кірпікшілер
Г). жалғанаяқтылар
Д). барлық жауап дұрыс
13. Талшықтылардың дене пішінін тұрақты ететін арнаулы қабықша:
А). эктодерма
Б). эндодерма
В). цитоплазма
Г). пелликула
Д). аксостиль
14. Талшықтылардың энергиялық қызметтін атқаратын органоид:
А). ундулирлі мембрана
Б). кинетосома
В). рибосома
Г). аксостиль
Д). хроматофор
15. Талшықтылардың тірек қызметін атқаратын органоид:
А). ундулирлі мембрана
Б). кинетосома
В): аксостиль
Г). митохондрия
Д). хроматофор
16. Ауыз қуысында мекендейтін комменсал қарапайым:
А). Lamblia intestinalis
Б). Toxoplasma gondii
В). Pneumocustis carinii
Г). Trichomonas tenax
Д). Balantidium coli
17. Трансмиссивті берілетін ұлпаларда мекендейтін қарапайымдылар:
А). Leishmania brasiliensis
Б). Leishmania donovani
В). Leishmania tropica
Г). Trypanosoma brucei gambiense
Д). барлық жауап дұрыс.
18. Тері лишманиозының қоздырғышы:
А). Trypanosoma brucei gambiense
Б). Leishmania tropica
В). Leishmania donovani
Г). Trihomonas cruzi
Д). Leishmania brasiliensis
19. Трипаносомоздың лабораториялық диагностикасы:
А). иммунодиагностика
Б). қан жұғынын микроскоптау
В). жұлын сұйықтығын микроскоптау
Г). лабораториялық жануарлардың зақымдануы
Д) барлық жауап дұрыс
20. Чагас ауруының өзіндік диагностикалау әдісі:
А). лабортаториялық це-це шыбынының зақымдау
Б). лабораториялық қандаланы зақымдау
В). -Мансони туысының масаларын зақымдау
Г). итті зақымдау
Д). Анофелес туысының масаларын зақымдау
21. Тері лишманиозының табиғи қайнар көзі:
А). тышқандар
Б). қой
В). ірі қара мал
Г). молюска
Д). насекомдар
22. Қандай инвазия ер адамдарда шамамамен бір айдан кейін спонтанды жазылумен аяқталады:
А). амебиаз
Б). ішек трихомонадоз
В). балантидиаз
Г). зәр жыныс трихомонадозасы
Д). лямблиоз
23. Лямблиоздың лабораториялық диагностикасы:
А). қан жұғынын микроскоптау
Б). лабораториялық жануарларды зақымдау
В). нәжіс жұғынын микроскоптау
Г). қақырықты микроскоптау
Д). сілекейді микроскоптау
24. Адамның аш ішегінде 12-елі ішекте, сонымен қатар асқазанда алмұрт пішінді паразит паразиттейді. Вегетативті даралардың болуы сұйық ортаны талап етеді. Лямблиоз бен зақымдану жолын көрсетіңіз:
А). алиментарлы
Б). трансмиссивті
В). тігінен
Г). гемотрансфузионды
Д). ауалы-қапшылы
25. Зәр - жыныс жолында мекендейтін қарапайым::
А). қынап трихомонадасы
Б). токсоплазма
В). малярлы плазмодий
Г). лейшмания
Д). трипаносома
26. Трансмисстивті емес жолмен берілетін ішкі орта ұлпаларында мекендейтін қарапайым:
А). токсоплазма
Б). дизентериялық амеба
В). лейшмания
Г). трипаносома
Д). малярлы плазмодий
27. Инфузорияның қозғалу органоиды:
А). псевдоподии
Б). жалғанаяқтары
В). талшықшалар
Г). кірпікшелер
Д). ундулярлы мембрана
28. Инфузорияда порошица аналь тесігі қандай қызмет атқарады:
А). қорғаныш
Б). организмге қоректік заттар тасымалдайтын тесіктер
В). ағзадан қортылмаған заттарды шығарады
Г). клеткаішілік қысымды қамтамасыз етеді
Д). локомоторлық
29.Шошқа фермасында істейтін жұмыскерлер қандай инвазияға қауыпты:
А). амебиаз
Б). дизентерия
В). лямблиоз
Г). балантидиаз
Д). трипаносомоз
30. Инфузорияға қандай жыныс процессі тән:
А). партеногенез
Б). гиногенез
В). копуляция
Г). коньюгация
Д). анизогамия
31.Балантидиозбен зақымдалу әдістері:
А). ауа-тамшы
Б). перкутанды
В). трансмиссивті
Г). тік
Д). алиментарлы
32. Токсоплазманың соңғы иесі:
А). мысықтар
Б). тышқандар
В). адам
Г). қустар
Д). үй жануарлары
33. Токсоплазмозда аралық иесі үшін инвазиялы кезең:
А). ооцисталар
Б). споралар
В). трофозоиттар
Г). шизонттар
Д). мирозоиттар
34. Адамда безгек плазмодиясының неше түрі паразит жолмен тіршілік етеді:
А). 1
Б). 2
В). 3
Г). 4
Д). 5
35. Адам үшін безгек ауруында инвазиялы кезең:
А). спорозоиттар
Б). мерозоиттар
В). гаметалар
Г). шизонттар
Д). гаметоциттер
36. Безгек плазмодиясында масалар үшін инвазиялы кезең:
А). ооцисталар
Б). мерозоиттар
В). спорозоиттар
Г). шизонттар
Д). гаметоциттер
37. Балантидияның патогенді әсері:
А). ОЖЖ қызметінің бұзылуы
Б). қалтыраманың ұстамасы
В). ойлау депрессиясы
Г). ұйқысы келе береді
Д). іштең қанның өтуі
38. Қарапайымдылар типінің өкілдерінің қозғалу органоидтары:
А). кірпікшелер
Б). псевдоподий
В). талшықтар
Г). ундулярлы мембрана
Д). барлық жауаптар дұрыс
39. Спорогия-бұл:
А). зиготаның бөліну процессінде спорозоиттардың пайда болуы
Б). зиготаның пайда болу процессі
В). шизонттың пайда болу процессі
Г). спороцистаның пайда болу процессі
Д). ұрпақтардың алмасу процессі
40. Кокцидийлердің көбею әдістері:
А). шизогония
Б). жыныс процессі
В). жыныссыз процессі
Г). спорогония
Д). барлық жауаптар дұрыс
41. Toxoplasma gondіі-ң аралық иелері:
А). кеміргіштер
Б). қосмекенділер
В). балықтар
Г). жәндіктер
Д). шаянтәрізділер
42. Токсоплазмоздың аралық және негізгі иелері үшін инвазионды кезең:
А). спорозоит
Б). циста
В). шизонт
Г). трофозоит
Д). мерозоит
43 Трихоцисталар қайсында бар:
А). саркодтарда
Б). талшықтыларда
В). кокцидийлерде
Г). инфузорияларда
Д). споровиктерде
44. Бауыр клеткалары бұзылғаннан кейін мирозоиттар қанға түсіп, бекінеді:
А). лейкоциттерғе
Б). тромбоцитке
В). эритроцитке
Г). қызыл жілік майына
Д). сары жілік майына
45. Эритроциттерде паразит қоректенеді:.
А). плазматикалық мембрананың ақуызымен
Б). плазматикалық мембрананың липидтерімен
В). гемоглобинмен
Г). сарыуызбен
Д). темір иондарымен
46. Toxoplasma gondіі-ң спецификалық тасмалдаушылары:
А). масалар
Б).болмайды
В). соналар
Г). қандалалар
Д). кенелер
47. Қарапайымдыларды ашқан ғылым:
А). А.Левенчук
Б). Т.Шванн
В). М.Шлейден
Г). К.Линней
Д). К.Бәр
48. Безгек ауруында қалтырама жағдайын немен түсіндіруге болады:
А). масаның шағуына реакциясымен
Б). плазмодий тіршіліктеріндегі токсикалық өнімдермен
В). масаның шаққан жеріндегі екінші ретті инфекциямен
Г). өзін-өзі сеңімдірумен
Д). хининнің әсерімен
49. Жаңа ғана эритроцитке енген плазмодияның морфологиялық пішіні:
А). төртбұрышты
Б). сақиналы
В). диспергириленген
Г). үшбұрышты
Д). көлдене-жолақты
50. Кокцидиялардың көбею әдістері::
А). шизогония
Б). жыныс процессі
В). жыныссыз процессі
Г). спорогония
Д) барлық жауаптар дұрыс
Тестік сұрақтарының жауаптары:
1 – В. 11 – Д. 21 – А. 31 – Д. 41 – А.
2 – А. 12 – Б. 22 – Г. 32 – А. 42 – Б.
3 – Г. 13 – Г. 23 – В. 33 – А. 43 – Г.
4 – В. 14 – Б. 24 – А. 34 – Г. 44 – В.
5 – А. 15 – В. 25 – А. 35 – А. 45 – В.
6 – А. 16 – Г. 26 – А. 36 – Д. 46 – Б.
7 – Г. 17 – Д. 27 – Г. 37 – Д. 47 – А.
8 – А. 18 – Д. 28 – В. 38 – Д. 48 – Б.
9 – В. 19 – Д. 29 – Г. 39 – А. 49 – Б.
10 – Б. 20 – Б. 30 – Г. 40 – Д. 50 – Д.
Терминдер сөздігі
Аралық ие – паразиттің дернәсілдік сатылары кездесетін, яғни жыныссыз жолмен көбейетін ағза.
Анофелес – безгек массасы.
Гаметалар – жыныс жасушалары.
Гаметоцит – мейоз процесі нәтижесінде жетілген жыныстық жасушалар өндіретін дифференцияланбаған жыныстық жасушалардың жалпы аты.
Гетереотроф – дайын органикалық заттармен қоректенетіндер.
Иммунитет – ағзаның бөгде заттарға қарсы тұру қабілеттілігі.
Инвазия – қарапайымдылардың ағзаға енуі (жұғуы).
Комменсализм – екі ағзаның біреуінің екіншісін пайдаланып тіршілік етуі, ал екіншісі үшін бірінші ағзаның не пайдасы не зияны жоқ.
Личинка – дернәсіл.
Спорогония – споралылардың даму сатысы кезінде жыныссыз жасушаның (ооциста) бірнеше қайталанып бөлінуі нәтижесінде спорозоиттар пайда болуы (мыс.безгекте).
Спорозоит - споралылардың даму сатысысында ооцистаның бөлінуі нәтижесінде пайда болатын жасуша.
Табиғи ошақтық аурулар – табиғи ошағы, таратушылары және резервуарлық иелері болатын паразиттік аурулар, мысалы, обаауруы, лейшманиоздар т.б.
Табиғи резервуарлар – паразиттердің жабайы резервуарлық иелері.
Таратушылар – паразиттердің бір сатысын (жұмыртқаларын не дернәсілдерін) адамдарға жұқтыратын жәндіктер (кенелер, насекомдар).
Трансмиссивтік жұғу механизмі – жәндіктер шаққанда қоздырғыштың жұғуы.
Трофозоит – қарапайымдылардың тіршілік циклы кезінде белсенді көбею қабілеттілігі бар түрі.
Паразитизм – паразиттік тіршілік ету, басқаның есебінен өмір сүру.
Плазмодия – қандағы қарапайым паразит ( безгек паразиті).
Плазма - қоймалжың сұйықтық немесе жасуша ішіндегі цитоплазма.
Пелликула – қабық.
Ундулярлы мембрана (қатпарша) – кейбір қарапайымдылардың қозғалыс мүшесі.
Циста – көптеген қарапайымдылардың сыртында қалың қабатпен қоршалып, қолайсыз жағдайлардың әсеріне төзімді түрі.
Эктопаразиттер – адам денесінің сыртында тіршілік ететін паразиттер.
Қолданылған әдебиеттер:
-
Әміреев С., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. Медициналық паразитология. – Алматы. Кітап баспасы,2005.
-
Боденова Т.Г. Оқулық құралы «Медициналық протозоология», 2000.
-
Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. Оқулық. – Алматы «НАS», 2006.
-
Култанов Б.Ж., Алиханов Ш.А., Мустафина Ф.Х., Утибаева Р.А., Искакова С.А. Биология .II-бөлім, 1994.
-
Ярыгин В.Н. Биология. – М.: Медицина ,1984
28.05.2009 ж. басуға қол қойылды
Көлемі 2,3 есепті-баспа табағы
100 дана
ҚММУ - баспаханасында басып шығарылды
Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 40
Достарыңызбен бөлісу: |