155
ЗӘЙНӘБ (АЛЛАҺ ОҒАН РАЗЫ БОЛСЫН)
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) үлкен қызы – Зәйнәб Кубра
Пайғамбарымыз (с.а.с.)
Хадиша анамыздан төрт қыз, екі ұл
көрген. Өкінішке қарай, ұлдары Қасым мен Абдуллаһ
жастай
дүниеден өтеді. Ал қыздарының ең үлкені Зәйнәб еді. Сондықтан
да ол Зәйнәб Кубра (Үлкен Зәйнәб) деп аталатын. Кейінгі
қыздары Руқайя, Умму Кулсум және кенжесі Фатима Заһра,
Аллаһ оларға разы болсын!
Міне, осылайша Пайғамбардың (с.а.с.) тәрбиесінде төрт қыз
өсіп жатады.
Уақыт өте келе Зәйнәб бойжетіп, оны
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) аталас туысы болып келетін
Әбдуманаф әулетінің Әбул-Аси ибн Рабиғ деген жігіті айттырып
келеді. Бір жағынан, бұл жігіт Хадиша анамыздың сіңлісі Халәнің
ұлы еді. Әбул-Аси мен Зәйнәб бір-біріне бөле болатын.
Пайғамбарымыз (с.а.с.)
келісімін беріп, екеуі шаңырақ көтереді.
Бұл жайттың барлығы Аллаһ елшісіне (с.а.с.) пайғамбарлық
міндет жүктелместен бұрын болған оқиғалар-тұғын. Отау тіккен
жас отбасы Әли деген ұл мен Умама атты қыз перзент сүйеді.
Осы кездерде Аллаһ елшісіне (с.а.с.) пайғамбарлық міндет
жүктеледі де, Мекке шаһары екіге – иман мен күпірге бөлінеді.
Алғашқылардың қатарында болып Зәйнәб та иман келтіреді. Бұл
уақытта күйеуі Әбул-Аси сапарда болатын.
Сапардан оралған
күйеуінен Зәйнәб Исламды қабылдауын сұрағанда, ол бұл
мәселені жауапсыз қалдырады. Күн
өткен сайын Зәйнәб қайта-
қайта иманға келуін талап ете берген соң, Әбул-Аси ақырында:
«Сен менің алдымдағы өзіңе және әкеңе деген қадір-құрметтің
зор екенін білесің. Бірақ адамдардың мені ата-бабасының дінін
өзгертіпті деп қаралауын қаламаймын.
Сондай-ақ әйелінің
ықпалымен Исламды қабылдады дегендерін де естігім келмейді»,
– деген жауап қайтарады.