15-параграф. Нан пісіру және макарон өндіру
645. Білік конвейерлерінің қақпақтарындағы сепкіштердің, ұн араластырғыштарын, байқау люктерінің жүк тиеу ойықтарында тор көтерілген кезде машинаның іске қосылуын болдырмас үшін электр қозғалтқыштарымен бұғатталған алмалы-салмалы торлары болады.
646. Конвейерлердің білік қалақтары шығыңқы ойық шетінен бастап 0,2 м кем емес қашықтықта аяқталады.
647. Електерге орнатылатын магнитті сепараторлардың блок массасы қолмен алған кезде 10 кг аспайды.
648. Магнитті ұстағыштарға тазалау үшін еркін өту жолы қамтамасыз етіледі. Магниттерді металдан қырнауышпен тексеріп тазалау жабдық әбден тоқтағаннан кейін ауысымда бір реттен кешіктірілмей жүргізіледі.
649. Магниттерді магниттеу ұн тозаңы жоқ бөлек үй-жайларда жүргізіледі.
650. Елек машиналарының құрылымы олардың герметикалығын қамтамасыз етеді және оларды аспирациялық құрылғылармен немесе сүзгіштермен жарақтауды қарастырады.
651. Шнектердің қақпақтарындағы байқайтын кішкене люктер, шнектер мен авто салмақтардың шлюз ысырмаларының қол жеткізетін шығыңқы тесіктері жабдықтың айналып тұратын бөлігіне кемінде 250 мм жетпейтін сақтандыру торларымен жабдықталады.
652. Сүрлемдерге себу бөлімшесінің (қоректендіргіштер, сепкіштер, шнектер және басқалары) жабдығын бір мезгілде іске қосумен қатар осы жабдықты жеке басқару қарастырылады.
653. Ұн өткізу жолдарында үйінділердің болдырмас үшін желілерді іске қосу және тоқтату реті сақталады:
іске қосу кезінде-ең алдымен қоректендіргіштен қабылдау сыйымдылығына дейін желіні үрлеп, одан кейін ұн өткізгішке ұнды тиеуді бастау қажет;
тоқтаған кезде-ең алдымен қоректендіргішті ажыратып, ұн беру тоқтатылады, одан соң желіні ұннан әбден босатқанға дейін ол үрленеді.
654. Жабдық пен құбырдың барлық металл бөліктері жерге қосылады.
Барлық тізбектердің жерге қосқыштарына қарамастан, статикалық электрдің жиналу көздері (ұн өткізгіштері, қоректендіргіштері, електері, аэро науалары және басқалары) жерге қосылады.
655. Електердің ішкі қабаты аптасына бір рет ұн тозаңынан тазартылады.
656. Сұйық құрамды қоспаларды дайындауға және сақтауға арналған сыйымдылықтарда дыбыс немесе жарық дабылымен қосылған деңгейлерді көрсеткіштері болады.
Сыйымдылықтарда резервтік сыйымдылығы немесе канализациясы бар құятын құбырлары және тұнбаларды жоюға арналған люктері болады.
657. Ауыстырылатын құрылғылары бар сыйымдылықтар (пропеллер, қалақты немесе өзге де араластырғыштар) қақпақ немесе сақтандыру торы ашық тұрған кезде араластырғышты іске қосылу мүмкіндігін болдырмайтын электр бұғаттағышы бар қақпақтармен немесе сақтандыру торларымен жарақталады.
658. Май дайындауға арналған қондырғыларда қыздырылатын жейдеге жылудан оқшаулағышы болады. Жылу оқшаулағыштың сыртқы қабатының температурасы 45°С аспайды.
659. Тұзды ерітіндіде ыдыссыз қабылдау және сақтау үшін қондырғының тиеу люктерінде қақпағы мен сақтандыру торлары болады. Қондырғыға транспортермен тұз беру кезінде қызмет көрсету алаңы және осы Талаптарға сәйкес қауіпсіздік шаралары қарастырылады.
660. Қант ұнтағын дайындауға және сақтауға арналған пневматикалық әсері бар қондырғыларда сығылған ауаны беруге арналған құрылғысы бар шығын багының деңгейін бұғаттағышы болады. Сақтандыру клапаны қысым артық жұмыс қысымы 0,5 МПа (5 кгс/см3) болғанда, ыдыстағы артық жұмыс қысымы 0,3 МПа (3 кгс/шаршы см) дейін болса және ыдыстағы артық жұмыс қысымы 6,0 МПа дейін болғанда 15 % жеткенде жұмыс істей алатындай етіп реттеледі.
Сақтандыру клапандарын реттеу қысымы ыдыстағы жұмыс қысымына тең болады немесе одан 25 % аспайтындай артық болады.
661. Құбырларды қосу және арматураны бекіту орындары ағысқа жол бермейді.
Бу, ыстық су, еріген май жылу құбырлары жылудан оқшауланады; қабаттың температурасы 45°С аспайды.
662. Астық дайындауға арналған машинада жетекпен бұғатталған кесетін органдарды қоршайтын торы болады.
663. Сұйық компоненттерді дайындау және сақтау үшін қызмет көрсетуге арналған алаңдар сыйымдылықтың жоғарғы шетінен 1,0 м қашықтықта орналасады.
664. Сыйымдылықтарды жуу үшін оған жуатын ерітіндінің, ыстық және суық судың өтуі қарастырылған. Сыйымдылықтарды «Іске қосуға болмайды! Адамдар жұмыс істеп жатыр!» деген плакаттарды іліп, электр қозғалтқыштарын ажыратып, қолмен жуу қажет.
665. Сұйық шикізатты дайындауға және сақтауға арналған жабдыққа орнатылған электр техникалық бұйымдарда қорғау дәрежесі 1P44 аспайтын қабықшалары болады.
666. Дрожжи және ашытқы бөлімшелері ағынды-сорғы желдеткішімен жабдықталған оқшау үй-жайда орналасады.
667. Сұйық дрожжи мен сұйық жартылай өнімді дайындауға және сақтауға арналған сыйымдылықтарда деңгейлерді, дыбыс және жарық дабылын көрсеткіштері болады.
Сыйымдылықтарда резервті сыйымдылықпен қосылған араластырып құю құбыры мен тұнбаны жоюға арналған люгі болады. Сыйымдылықтардың үстінен көмірқышқыл газын бұру қарастырылады.
668. Араластырғыш құрылғылары бар сыйымдылықтар қақпақ және сақтандыру торы ашық болғанда араластырғыш құрылғының іске қосылу мүмкіндігін болдырмайтын және олар ашылған кезде тоқтауды қамтамасыз ететін электр бұғаттағыштары бар қақпақтармен немесе сақтандыру торларымен жарақталады.
669. Қайнататын машинаға шикізатты беру және жартылай дайын өнімдерді шығару қол еңбегін пайдаланбай жүргізіледі.
670. Қайнататын машинаның қақпағы қақпақ, термометр, су жейдесі мен хладагентті бөлуге арналған құбырға көтерілген кезде оның іске қосылу мүмкіндігін болдырмайтын электр бұғаттағышпен жарақталады.
671. Қайнататын машинаға бу мен ыстық су беруге арналған құбырларда жылу оқшаулағышы болады.
672. Сыйымдылықтарды жуу үшін оларға жуатын ерітіндіні, ыстық және суық суды бұру қарастырылады. Сыйымдылық пен жуатын ерітінді құбыры арқылы, одан кейін ыстық және суық су құю арқылы жуылады.
673. Бөлімшенің ауа ортасы оның құрамында көмірқышқыл газының болуына айына бір рет тексеріледі.
Шекті рұқсат қосылымынан артық болған жағдайда (0,5 мг/м3) желдету құрылғыларының жұмысындағы кемшіліктерді жою шаралары қолданылады.
Дрожжи және ашытқы бөлімшелеріндегі жабдықта орнатылған электр техникалық аппаратурада қорғағыш дәрежесі бар қабықшасы болады.
674. Ұн мен қосымша шикізатты мөлшерлеу үшін мөлшерлегіш құрылғылар қолданылады.
675. Дозаторлардың бар айналатын және қозғалатын бөлшектері тұтас қабықпен қоршалады. Дозаторларда тиісті және шекті деңгейлі мәндерге жеткен кезде іске қосылатын деңгейлік бергіштер мен ауыстырып құятын құбырлар қарастырылады.
676. Мөлшерлеу станцияларында электрлік байланыстыру әдісімен майды қыздыру кезінде термо реттегіш орнатылады.
677. Мөлшерлеу станцияларының құятын құбырлары сынау крандарымен және бөлгіш келте құбырлармен жарақталады.
678. Су өлшеу (су даярлау) жабдықтары судың температурасын бақылау үшін термо реттегіштермен, термометрлермен, ауыстырып құятын құбырлармен, төменгі және жоғарғы деңгейлерді көрсеткіштермен жабдықталады.
679. Мөлшерленетін аппаратура шкаласының ортаңғы бөлігі сұйық компоненттер үшін еденнен 1,4-1,6 м биіктікте орналасады. Шкалаға жарық беріледі.
680. Сырғалықтарды сүрту машиналарының қабылдау шүмектерінде іске қосу құрылғысымен бұғатталған сақтандыру торлары болады.
681. Нан илейтін кеспек ағаш шелегі бар қамыр ашыту машиналарында негізгі плитаға (бұрылыс платформасына) шелекті бекітетін құрылғысы мен шелек болмағанда немесе оны берік бекіткенде илеу органын іске қосу мүмкіндігін болдырмайтын электр бұғаттағышы болады.
682. Нан илейтін кеспек ағаш шелегі бар қамыр ашыту машиналарында қақпақ тығыз жабылмаған кезде илеу органының жетегін автоматты тоқтауға арналған және шелек қоршауы тығыз жабылмаған кезде жетекті автоматты тоқтатуға арналған бұғаттағышы болады. Бұғаттағыш шелекті қақпақпен толықтай жапқан кезде илеу органын іске қосу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
683. Илеу машинасының платформасына толтырылған шелекті беру және шығару күші 150 Н (15 кгс) аспайды.
684. Барлық шелек көтеретін аударғыштар шелектерді берік бекітуге арналған тетіктермен және шелек бекітілмеген кезде көтеруді болдырмайтын бұғаттағышпен жарақталады.
Шелек көтеретін аударғышта шелектерден алаңдарды жоғарғы және төменгі күйінде тоқтауға арналған соңғы ажыратқыштары, шелектердің қалай болса солай түсуін болдырмайтын құрылғы қарастырылады. Шелек көтеретін аударғыштың шамадан тыс артуын болдырмау үшін оның жетегі кесілген сақтандыру элементімен жарақталады.
685. Барлық шелек көтеретін аударғыштарда қоршаулар ашық болғанда көтеруді және шелек көтерілген аймаққа жұмысшылардың өтуін болдырмайтын электр бұғаттағышы бар шелекті көтеру аймағын толықтай (айналдыра) қоршауы болады.
Шелек көтеретін аударғыштарда машинаның қозғалатын бөлшектерін шұғыл тоқтату үшін «Тоқта» деген авариялық түйме қарастырылады.
686. Барлық шелек көтеретін аударғыштарда паспорт болады және мерзімді түрде сыналады.
Сынақ жылына бір рет нәтижелерін паспортқа толтыра отырып жүргізіледі.
Сынақ машинаның жүк көтергіштігінен 10 % артық болатын жүкпен жүргізіледі. Шелек көтеретін аударғыштар білік 10 % тозған кезде пайдаланудан шығарылады.
687. Қамыр түсіретін құралдар сақтандыру торларымен жарақталады.
688. Тұрақты илеу сыйымдылығы бар үздіксіз және мерзімді жұмыс істейтін қамыр илеу машиналары үстіңгі жағынан илеу органының жетегімен бұғатталған қақпақтармен жабылады.
689. Елеу органдары шелек көлбей қозғалғанда қамырды шығару жүргізілетін мерзімді жұмыс істейтін қамыр илеу машиналарында жүкті шығару немесе қос қолмен басқару кезінде қауіпті аймақты жабатын сақтандыру торы қарастырылады.
690. Қамыр илеу машиналары мен қамыр дайындау агрегаттары авария кезінде шикізат беруді сөндіруді және машинаның илеу органдарын тоқтатуды қамтамасыз ететін бұғаттау құрылғыларымен жабдықталады.
691. Бункерлердің құрылымында ашыту үшін бункерлерге қызмет көрсету, тазалау және жуу кезінде қауіпсіздік пен ыңғайлылықты қамтамасыз ететін қорғағыш торлар (қақпақтар) қарастырылады.
692. Бункердегі қамыр деңгейі бергішпен бақыланады.
693. Бункердің бүйір қабырғасында көмірқышқыл газын бұру үшін (оның әр секциясында) бункердің түбінен 200 мм аспайтын биіктікте орналасқан, диаметрі 100 мм тығыны бар тесік қарастырылады.
694. Бункерлердің, науалардың, қамыр ашытқыштар мен сақтандыру торларының ішкі қабаттарын тазалау үшін сабы ұзын қырнауыштар (бункерлердің, науалардың, қамыр ашытқыштардың биіктігіне сәйкес) қолданылады.
695. Қамыр дайындау жабдығын тазалау және жөндеу машина толықтай тоқтағанда, кернеу толықтай алынғанда және іске қосу түймелерінде «Қосуға болмайды! Адамдар жұмыс істеп жатыр!» деген плакаттар міндетті түрде ілінгенде жүргізіледі.
696. Нан илейтін кеспек ағаш шелегі бар қамыр дайындайтын бөлімшелерде басқыштар қарастырылады және шелектерді жууға арналған ыстық және суық су қамтамасыз ететін орындар бөлінеді.
697. Бункерлер мен қамыр ашытқыштардың ішінде жұмыс оларды өнімнен босатқаннан, желдеткеннен, газ құрамына тексергеннен кейін жүргізіледі.
698. Қамыр бөлу машиналарын пайдалану технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
699. Қамыр бөлгіштердің қабылдау шүмектері жетекпен бұғатталған алмалы-салмалы сақтандыру торларымен жарақталады.
700. Қамыр бөлу машиналарының жұмыс органдарында (қамыр илеу тетіктері, бөлетін құрылғылары бар бөлгіш бастиек), жетек тетігінің қозғалатын бөлшектерінде қамыр камерасының қақпағын ашқанда, бөлгіш бастиектің қоршауларын немесе машинаның жетегін алғанда электр қозғалтқыштарын ажыратуды қамтамасыз ететін бұғаттағыштары бар қоршаулары болады. Бұғаттау құрылғыларының құрылымы оларды әдейі шығару мүмкіндігін болдырмайды.
701. Ауысым сайын қамыр бөлгіштердің бұғаттау құрылғыларының жарамдылығы тексеріледі.
Ақауы бар бұғаттағышпен жұмыс істеуге болмайды.
702. Қамыр бөлу машиналарының қамыр камералары мен бөлетін бастиектерінде машина жұмыс істеп тұрған кезде қамырдың ағуын болдырмайтын тығыздағыштары болады.
703. А2-ХТН қамыр бөлу машинасы мен оның жаңа түрлеріне транспортер мен сақтандыру қалқаны арасындағы кеңістікті бөлгіш бастиекпен жауып тұратын кішкене қалқан қарастырылады.
704. Қамыр бөлгіштердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін: бөлгіш бастиектердің поршендері мен арналарын ауысым сайы тазалау және майлау жүргізіледі.
705. Қамыр бөлгіштерді тазалау, майлау, баптау және жөндеу машина толықтай тоқтаған және «Қосуға болмайды! Адамдар жұмыс істеп жатыр!» деген плакаттарды міндетті түрде іліп, электр қозғалтқыштарын ажыратқан кезде жүргізіледі.
706. Қамыр илеу машиналарында сына белбеуі бергіштерінің және өзге де жетек бөліктерінің электр қозғалтқышымен бұғатталған алмалы-салмалы қоршауы қарастырылады. Қамыр кесектерін беру біркелкі жүргізіледі, дайын өнімдерді үрлеу қарастырылады.
Қамыр дайындау машиналарының конус тостағанын айналдыру сағат тілшесімен жүргізіледі.
707. Шеңберді іске қосу құрылғысында «Қосуға болмайды! Адамдар жұмыс істеп жатыр!» деген плакаттар іліп, электр қозғалтқыштарын ажыратқанда тазалауға, жөндеуге болады.
708. Қамыр дайындау машиналарында тасымалдау біліктері, тісті және тізбекті бергіштер қоршалады. Қоршау машина жетегімен бұғатталады.
Машина құрылымы қамыр жазу органдарында қамырдың жабысуын болдырмайды.
709. Бөлгіш-қалыптау машиналары жетек құрылғысымен бұғатталған бөлгіш-қалыптастыратын тетігінің алмалы-салмалы тұтас қоршаулармен жарақталады.
710. Қамыр дайындау машиналарын «Қосуға болмайды! Адамдар жұмыс істеп жатыр!» деген плакаттар іліп, электр қозғалтқыштарын ажыратқанда тазалауға, реттеуге және жөндеуге болады.
711. Қалып машиналарының жұмыс істейтін органдарында жетекпен бұғатталған қоршаулары болады.
712. Дайын қамырларды пеш агрегаттарының қалыптарына салғыштар автоматтың орнын ауыстыру аймағына түсу мүмкіндігін болдырмайтын қоршаулармен жарақталады.
713. Агрегаттардың құрылымы ыңғайлы түрде санитарлық өңдеу жүргізуді (секциялардағы тегіс еден, оңай ашылатын есіктер) қамтамасыз етеді. Аспа бесіктердің қалталары қамырдың жабысуын болдырмайтын материалдардан дайындалады.
714. Конвейер жұмыс істеп тұрған кезде аспа бесіктерді тиеуге және олардан жүк түсіруге, жерге түскен дайын қамырды түзетуге және көтеруге болмайды.
Конвейерді алдын ала тексеру кезінде аспа бесіктер топса бойымен олардың еркін қозғалуы тексеріледі және қажеттілігіне қарай конвейер тізбектерін керу жүргізіледі.
715. Тиеу және түсіру кезінде аспа бесіктердің тербелуін болдырмас үшін шектегіштер қарастырылады. Аспа бесіктер біркелкі, кедергісіз қозғалады.
716. Тетіктерді шұғыл тоқтату үшін конвейер агрегаттың екі жағынан орналасқан «Тоқта» деген қосымша түймелермен жабдықталады.
717. Агрегаттарда авариялық жағдайда бұйымдарды шығару үшін конвейердің қол жетегінің тетігі қарастырылады. Осы жетекті тұтқамен айналдыру бағыты тілшемен белгіленеді. Қол жетегі тұтқасына түсетін күш 150 Н (15 кгс) аспайды.
718. Агрегаттарды тазалау және жөндеу жөніндегі жұмыстарды «Қосуға болмайды! Адамдар жұмыс істеп жатыр!» деген плакаттар іліп, электр қозғалтқыштарды ажыратқанда тазалауға, жөндеуге болады.
719. Қамыр өнімдерін кесуге арналған тетіктерде пышақтарың жетек құрылғысымен бұғатталған пышақтардың тұтас әсер ету ұзындығы бойымен алмалы-салмалы қоршаулары болады.
Пышақтардың жұмыс істейтін аймағына «Абайлаңыз-пышақ!» деген ескерту жазуы болады.
720. Қамыр басуға арналған конвейерлер шамадан тыс жүктеме болған жағдайда конвейер авариясының алдын алатын сақтандыру құрылғыларымен жарақталады.
721. Сүрту машиналарында қамыр жазу ұзындығы бойымен торлы қоршауы болады. Қоршау жетек құрылғысымен бұғатталады.
722. Қой бұйымдарын жидітуге арналған механикалық қондырғыларда автоматты түсіруге арналған бұйымдары болады және жергілікті сорғыштармен жарақталады.
723. Кептіру плиталарын қалыптауға арналған машинада жетекпен бұғатталған периметрі бойымен қалыптау тетігінің қоршауы болады.
Нан мен кептіру плиталарын кесуге арналған машиналарда кесу аймағын қоршауы болады. Қоршау жетекпен және пышақ тежегіштерімен бұғатталады.
724. Диск пышақтары бар машиналарда пышақтарды машинадан алмай, оларды қауіпсіз қайрауға арналған бұйымдар болады.
725. Нан кесуге арналған машинаны тазалауды ол толықтай тоқта, анда және «Қосуға болмайды! Адамдар жұмыс істеп жатыр!» деген плакаттар іліп, электр қозғалтқыштарын ажыратқанда жүргізіледі.
726. Пештерді пайдалану нормативтік-техникалық құжаттамада баяндалған талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
727. Нан пісіру пештері технологиялық режим өлшемдерін (пісіру камерасындағы температура; ылғалдандыруға келіп түсетін қысым; пісіру ұзақтығы) және отынның жану өлшемдерін (газбен сұйық отынның қысымы, жанарғыдағы ауаның қысымы, оттықтағы ыдырау, ығыстыру камерасындағы жану өнімдерінің температурасы, алаудың болуы) өлшеу және бақылау үшін бақылау-өлшеу аспаптарымен жарақталады. Электр пештері пештердің қалыпты режимінің бұзылуын болдырмайтын бұғаттау жүйелерімен жарақталады; басқару қалқандары мен пульттерінде электр пештерінің қосылғанын немесе ажыратылғанын көрсететін жарық дабылы болады.
728. Нан пісіру пештері газ бен сұйық отын беруді тиісті мөлшерден ауытқыған кезде, оттықтағы ыдырау азайғанда, алау өшкен кезде және бөлінгенде, ауа беру тоқтағанда, электр қорегі желіден ажырағанда тоқтатуды қамтамасыз ететін автоматикамен жабдықталады.
Электрлік жылытқышы бар пештер конвейер тоқтаған жағдайда қорек беруді автоматты ажыратуға арналған құрылғымен жарақталады.
729. Пештердің жылыту жүйесі пісірілетін өнімдердің отынның жану өнімдерімен байланысын болдырмайды.
730. Арна арқылы қыздыру пештерінде жару клапандары қарастырылады.
731. Жару клапандары газдың жиналуы мүмкін оттықтар мен газ жүру жолдарының жоғарғы учаскелеріне орнатылады, қорғайтын қабаттармен қорғалады және жару кезінде қызмет көрсетуші персоналдың жарақат алу мүмкіндігін болдырмайтын орындарда орнатылады. Қондырғы орындарындағы клапандардың саны 1 м3 оттық пен газ жүрісінің ішкі көлеміне жарылыс клапандарының 0,05 м2 ауданынан кем емес есеп бойынша жобамен анықталады. Бір жарылыс клапанының ауданы кемінде 0,05 м2 болады.
732. Сұйық немесе газ тәрізді отын беретін өткізу құбырында жанарғыға тікелей орналасатын құрылғылардан басқа, жалпы ажыратқыш құрылғы қарастырылады.
733. Электрмен қыздыратын пештерде электр қыздырғыштарын қосу орындарында кілттің көмегімен жабылатын тұтас қоршаулар болады.
734. Пеш конвейерінің жетегі артық жүктемеден қорғау үшін сақтандыру құрылғысымен жабдықталады.
735. Пеш конвейерінің жетегінде авариялық жағдайда пісірілетін бұйымдарды шығару үшін қол жетегі қарастырылады.
736. Қамыр өнімдері салу және бұйымдарды шығару аймағында пеш конвейері жетегін ажырататын «Тоқта» деген авариялық түйме орнатылады.
737. Қапталған пештің сыртқы қабатының температурасы 45°С аспайды.
738. Пештер авариялық жағдайлар болғанда қосылатын автоматты жарық және дыбыс дабылы құралдарымен жабдықталады.
739. Пештің отырғызу және түсіру сағаларындағы жұмыс орындары сорғы түтіктерімен, ал қажет болған жағдайда ағынды желдеткішпен жабдықталады.
Сорғы шүмектері мен ауа өткізгіштер жану өнімдерінің жиналуын болдырмас үшін жүйелі түрде тазартылады.
740. Пештерді тексеру және жөндеу жұмыстары ұйымның технологиялық талаптары негізінде кесте бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте нормалар басшылыққа алынды (9-кесте).
741. Жөндеу жұмысын бастар алдында оттық пен газ жүрістері желдетіледі және оған өзге жұмыс істейтін пештерден газдардың ықтимал өтуінен қорғалады.
Электр қозғалтқыштарының іске қосу құрылғыларында, құбырлардың тиек құрылғыларында «Қосуға болмайды! Адамдар жұмыс істеп жатыр!», «Ашуға болмайды!» деген плакаттар ілінеді.
742. Белгілі бір тұлғаның нан пісіру камерасы ішінде болу уақытының ұзақтығы осы температурада 20 минуттан аспайды, бұдан кейін 20 минутқа демалыс беріледі.
9-кесте
Жабдықтың атауы, түрі, маркасы
|
Жөндеу мерзімділігі
|
Техникалық қызмет көрсету (ТҚК)
|
ағымдық жөндеу(Т)
|
Күрделі жөндеу (К)
|
Нан пісіретін кішкене аспа бесікті тұйық пештер: ХПА-40,
Ш2-ХПА-10, Ш2-ХПА-16, Ш2-ХПА-25
|
айына 2 рет
|
3 айда 1 рет
|
2 жылда1 рет
|
Дәл солай, ФТЛ-2, ФТЛ-2-66,
П-104, УДПГ, ХВК-Р,
АДХ-72, ГПГ, ВНИИХП-П-1-57, (ФТЛ-20), ГГР-1, ХПП-25,
Г4-ХПЛ-16, Г4-ХПЛ-25, А2-ХПЯ-25, А2-ХПЯ-50
|
айына 2 рет
|
3 айда 1 рет
|
3 айда 1 рет
|
Едені тоннель пештері ПХК-16,
ПКХ-25, ПИК-8,
ПХС-25М, ПХС-40М,
ППЦ-225, ППЦ-238,
ТР-2.1x24, ЭТП-2.1х15, ВН-25, ВН-50, ВН-25Э, ВН-50Э, Г4-ПХЗС-25
|
айына 2 рет
|
3 айда 1 рет
|
3 айда 1 рет
|
Пештің ішінде жұмыс істеу кезінде бақылау тұлғасы қатысады. Жөндеу жүргізетін тұлғалардың саны екеуден кем болмайды. Жұмысшылар арнайы киіммен (жоғары температура әсерінен қорғайтын костюммен, биялайлармен, дулығамен) және арқанды құтқару белбеуімен жарақталады.
743. Нан пісіру қалыптары белгіленген талаптарға сәйкес болады. Қамыр өнімдерімен байланыстағы нан пісіретін қалыптар мен табақтардың бетін ыстыққа төзімді, тозуға шыдамды адгезионға қарсы материалмен қаптауға болады.
744. Нан пісіру қалыптары мен табақтарының жиектері тегіс және өзгеріске ұшырамаған болады. Нанды қалыптан қолмен алу кезінде үстелдің жиектері немесе транспортер табандары резеңкемен көмкеріледі.
Өндірісте өзгеріске ұшыраған қалыптар мен табақтарды пайдалануға болмайды.
745. Табақтар мен қалыптарды тазалауға және майлауға арналған машиналарда іске қосатын құрылғысы бар жетек қоршауы болады. Машиналардың жұмыс органдары табақтар мен қалыптар өту үшін тұтас алмалы-салмалы қоршаулармен жабылады.
Майлау құрылғылары майдың шашырауын болдырмайды және оның шегіне дейін толғаны туралы белгі беретін май жинағышы болады.
746. Қалыптар мен табақтарды жуу және санитарлық өңдеу үшін ауданы 8-ден бастап 12 м2 дейін болатын оқшауланған үй-жай қарастырылады.
Табақтар мен қалыптарды қатарлау кезінде соңғысының биіктігі 2 және 1 м аспайды.
747. Пештерді пайдалану және жағу технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі. Газ тәріздес отынмен жағылатын пештерге қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі № 172 бұйрығымен бекітілген Сұйылтылған көміртегі газдарын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүргізіледі.
748. Оттық бөлімшелерінде бақылау тұлғасын шұғыл шақыруға арналған телефон мен дыбыс дабылы орнатылады.
749. Пештерді орналастыруға арналған үй-жайлардың биіктігі пештің жоғарғы шығыңқы бөліктерінен бастап далдаларға дейін кемінде 1 м және бөренелерге дейін кемінде 0,6 м.
750. Оттық бөлімшелеріндегі өту жолдары мен олардың шығу жолдары бос болады, есіктері сыртқа қарай оңай ашылады.
751. Оттық бөлімшесінде үй-жайдың қарама-қарсы жақтарында орналасқан кемінде екі шығу жолы болады.
752. Оттық бөлімшесінің үй-жайын үймелеуге және онда бөгде жабдықты, материалдарды, қосалқы бөлшектерді сақтауға болмайды.
753. Қатты отынмен жұмыс істейтін тұйық түрдегі конвейерлік нан пісіру пештерінің оттық бөлімшесі өртке қарсы далдалармен (өртке қарсы есікпен) және жабындармен бөлінген оқшау үй-жайда орналасады.
754. Оттық бөлімшесінде кемінде бір ауысым үшін қатты отын қоры болады.
755. Оттық бөлімшесіне қатты отын беру, барлық пештерден шығарғанда жалпы шығар мөлшері 200 кг/сағ және одан астам күлмен мен шлакты шығару механикаландырылған тәсілмен жүргізіледі.
756. Сұйық отынға арналған шығын бактары сорғы желдеткіші бар оқшауланған үй-жайда орналасады, ол әрқашан жабық болады.
757. Бакта вентилді түсіру құбыры мен осы мақсатта бөлінген орынға шығарып құятын құбыры болады. Сұйық отынның деңгейін анықтау үшін деңгей көрсеткіштер қолданылады.
758. Сұйық отын құбырларында авария кезінде пешке отын беруді тоқтататын тиек вентилдері болады.
759. Сұйық отынды жағу кезінде оның еденге түсу мүмкіндігін болдырмайтын форсункадан шығатын отынды бөлу қарастырылады.
760. Пештерде орнатылған жанарғылар тұрақты, жалын бөлмей жұмыс істейді. Пештердің жанарғы плиталарында өздігінен жабылатын жапқыштары бар жанарғыларын жұмыстарын бақылау үшін бақылау ойығы болады.
761. Су жылыту қазандықтары, нан пісіру пештерінің пайдаға асыру тетіктері су сіңіру жолында кері клапандармен жабдықталады және нан зауытының ыстық сумен жабдықтау жүйесіне қосылады. Қорек және бұру желілеріндегі крандар ашық күйде пеш операторларының журналында тиісті жазба жазу арқылы пломбаланады.
762. Су жылыту қазандықтары көрсеткіштерді оператор пультына шығара отырып, температураны бақылауға арналған құрылғымен жарықтандырылады.
763. Су жылыту қазандықтарын қаспақтан тазарту қазандықтар мен пайдалану жағдайы мен судың қаттылығына байланысты техникалық регламентке сәйкес жүргізіледі.
764. Нан пісіру пештеріне жапсарлас салынған бу генераторлары су өлшеу шынысымен, дыбыстық белгі беретін деңгей дабылымен және бу қысымын авариялық жинауға вентилі бар үрлеу құбырымен жабдықталады.
765. Бу, су жылыту құбырлары бар пештер көрсететін аспаптарды оттық бөлімшесіне шығарып, нан пісіру камерасында температураны бақылау үшін термометрлермен жабдықталады.
766. Вагоншаларды немесе контейнерлерді пайдалану кезінде нан қоймасына өту жолдарының ені вагоншалар мен контейнерлердің диагональ шамаларынан плюс 0,7 м кем емес. Вагоншалар мен контейнерлердің жекеленген топтары арасында ені 0,7 м кем емес өту жолдары қарастырылады.
767. Экспедиция мен тиеу платформасының едендері бір деңгейде болады.
768. Экспедициядан әуе жылу бүркемесіне шығатын қақпаларда қақпаны ашуды бастап әуе жылу бүркемесін жұмысқа қосатын және оны оларды жабу соңында ажырататын автоматты іске қосу құрылғысы болады.
769. Циркуляциялық үстелдер оларға вагоншалар мен конвейерлерді ыңғайлы жылжыту үшін орналастырылады.
Циркуляциялық үстелдерде биіктігі 80 м кем емес ернеулері болады. Үстелдің ең жоғарғы қозғалыс жылдамдығы 0,2 м/с аспайды.
770. Нан өнімдері салынған науаның салмағы 15 кг аспайды. Нан өнімдерін салу үшін ақауы бар және өзгеріске ұшыраған науаларды қолдануға болмайды.
771. Науа вагоншалары мен контейнерлерінде аяқтың дөңгелек астында қалуын болдырмайтын құрылғылары болады.
Дөңгелектердің құрылымы олардың 180° бұрылу мүмкіндігін болдырмайды, дөңгелектер вагоншалардың, конвейерлердің габаритінен шықпайды.
772. Вагоншаларды өзіңнен қарай оларды әбден тоқтағанша жібермей жылжыту қажет.
773. Нан салу агрегаттарының барлық қорғағыш қоршауларында жетекті бұғаттағышы болады.
774. Контейнерлер мен науалар санитарлық өңдеуге жарамды материалдардан дайындалады. Контейнерлер мен науалардың қабырғаларында өткір жиектері болмайды.
775. Контейнерлер мен науалар санитарлық өңдеуге тартылады.
Науалар мен контейнерлерді санитарлық өңдеу және кептіру механикаландырылған.
Санитарлық өңдеу үшін агрегаттарды жылумен оқшау сыртқы қабатта 45°С аспайтын температураны қамтамасыз етеді. Жуу мен кептіруге арналған агрегаттарда бу, газ қоспасын бұруға арналған құрылғылар болады.
776. Жуу бөлмесінде науалар мен контейнерлерді санитарлық өңдеу үшін қолданылатын заттардың токсикологиялық сипаттары бар белгімен жұмыс істейтін персонал олармен жұмыс істеу ережесін сақтайды.
777. Механикаландырылған экспедицияларда контейнерлердің орнын ауыстыруға арналған трассаларда рельс үстіндегі жолдардың үстінен өтетін жолдары болады және тереңдетіледі. Рельс жолдарының соңында шнек контейнердің екті жұмыс жүгімен соқтығысуына әсер ететін есептелген тіректер орнатылады.
Арбаларда арба жолындағы кедергімен жанасқанда оларды жылдам тоқтату үшін тежеуіші бар бұғаттағыш құрылғысы болады.
778. Автомобилдерді тиеу орындары астық қоймасының төменгі жолдарды түйістіретін және автомобилде бағыттайтын тетікпен жабдықталады.
779. Қоспаларға арналған араластырғыш бактар мен жинағыштар қақпақты немесе торды ашқан кезде ауыстыратын құрылғыны іске қосу мүмкіндігін болдырмайтын электр бұғаттағышы бар қақпақтармен немесе сақтандыру торларымен жарақталады.
780. Су өлшеу бактары судың температурасын бақылау үшін термо реттегіштермен және термометрлермен жабдықталады.
781. Қызмет көрсету ыңғайлы болу үшін қатар орналасқан бастырмалар ортақ алаңмен немесе сақтандыру көпіршелерімен қосылады.
782. Бастырманың қамыр илеуіші тор немесе қақпақ ашық болған кезде илеу органының қозғалыс мүмкіндігін болдырмайтын бұғаттағышы бар сақтандыру торымен немесе қақпақпен жабдықталады.
783. Қалдықтар өңделетін бастырманың қамыр араластырғышының торында оларды тиеу үшін қимасы 200x200 мм аспайтын және биіктігі кемінде 300 мм ағыс жолы кесіледі.
784. Макарон өнімдерін кесуге арналған құрылғыларда жұмысшының қолының түсуін болдырмайтын қашықтықта орнатылған кесу аймағының қоршаулары болады. Қоршаулар кесу тетігінің іске қосатын электр қозғалтқыштарымен бұғатталады және «Абайлаңыз-Пышақ!» деген ескеру жазуы болады.
785. Бастырмалар осы бастырма үшін рұқсат етілген қысымнан артық болған кезде іске қосылатын сақтандыру клапандарымен жабдықталады.
786. Бастырмадағы қамыр камерасында қысымды бақылау үшін манометр орнатылады.
787. Бастырманың үрлеу құрылғысының сорғы тесіктері ұяшық өлшемдері 10x10 мм торлармен жабылады.
788. Матрицаларды сулауға арналған ванналар дөңгелек матрицалары қабырғаға, ал тік бұрышты матрицаларды шалқасынан орналастыру үшін стеллаждармен жабдықталады.
789. Матрицалардың тесіктерінің жай-күйін тексеру үшін аспасы бар үстел орнатылады.
Үстел құрылғысы өткізу кезінде матрицалардың өздігінен ығысу мүмкіндігін болдырмайды.
Электр шамы үстелі 42 В кернеуіне ылғалдан қорғалған күйде сақтандырғыш металл торлары болады.
790. Матрицаларды сақтауға арналған стеллаждардың құрылымы олардың өздігінен орын ауыстыруын болдырмайды және дөңгелек матрицаларды көлденеңінен, тік бұрыштыларды шалқасынан сақтауды қамтамасыз етеді.
791. Жартылай дайын өнімдердің қалдықтарын ұсақтауға арналған машиналарда іске қосу құрылғысымен бұғатталған қақпақтары болады.
792. Құрғақ қалдықтарды өңдеуге арналған ұсақтау қондырғыларында аспирациялық қондырғыларға қосуға арналған келте құбырлары болады.
793. Автоматты режимде жұмыс істейтін, кептіруге арналған жабдықта қолмен резервтік басқаруы болады.
794. Кептіру қондырғыларының сыртқы қабаттарының температурасы 45°C аспайды.
795. Кептіруге арналған жабдықтың құрылымы бу, ауа қоспасын бұруға және оны тозаңнан тазалауға арналған құрылғыны қарастырады.
796. Кептіру камераларының есіктері, люктері және байқау камералары тығыздағыш төсемдермен жарақталады.
797. Үздіксіз жұмыс істейтін кептіргіштер тиеу және түсіру құрылғылары мен жинақтаушы реттегіштердің үйлесімділігін қамтамасыз ететін құралдармен жабдықталады.
798. Барлық кептіру қондырғыларындағы желдеткіштер алынатын металл торлармен немесе металл торлармен қоршалады.
799. Бұйымдарды желіден автоматты беру арқылы жұмыс істейтін орауыш машиналар мен автоматтарының қоректендіргіштерінде ол асыра толтырылған кезде бұйымды беруді бұғаттайтын және бұйым легін резервтік қабылдағышқа бұратын құрылғысы болады.
800. Бұйымдарды термо дәнекерлеуіш үлдір материалдарға орауға арналған машиналарда дәнекерлеу аймағында балқыған үлдірмен ең аз қармауды қамтамасыз етеді материалдардан жасалған үлдірмен байланысатын бөлшектердің жабындары немесе материалдары болады.
Орайтын машиналардың вакуум жүйелері 100000 Па вакуумдық қысымды ұстайды.
Достарыңызбен бөлісу: |