Атырау облысы білім беру басқармасы



бет1/47
Дата10.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#482936
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
акушер умк


Атырау аграрлы- техникалық колледжі ҚР СТ ISO 9001-2006 «САПА МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ЖҮЙЕСІ.Талаптар»





АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ
«АТЫРАУ АГРАРЛЫ- ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» ҚКМК

.

1513000 – «Ветеринария» мамандығы бойынша (III курс)


«Акушерлік гинекология және көбею биотехникасы» пәнінен
Оқу әдістемелік кешен
Пән оқытушысы Сахиева Б.Н.

АТЫРАУ, 2018
1 – бөлім.
1.1.Кіріспе
1. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
2. Пәннің даму тарихы
3. Пәннің басқа ғылыммен байланысы

1. Малды өз төлінен өсіру бүгінгі таңдағы ең қиын да әрі өте көп күш жұмсауды, терең білімді қажет ететін жұмыс. Қазақ басқа көшпенділер сияқты ежелден мал баққан, мал өсірудің қыр – сырын жете білген халық. Дегенмен, бұрыңғы кеңес өкіметінің тұсында, тоқырау заманында мал шаруашылығын өндірістік негізде жүргіземіз деп ірі сүт кешендерін салып, қойшылар бригадасын құрып, тағы басқада көптеген жұмыстардың атқарылғанына қарамастан, мал басының саны қысқарып, одан алынатын өнім күрт төмендеп кетті. Республикамызда жыл сайын аналық мал басының 30-40 пайызынан төл алынбай қалады. Оған жаңа туған төлдің шығынға ұшырауын қосып есептесек, мұның республикамыздың халық шаруашылығына келтіретін зияны орасан зор.


Малды бағып – күтудің ережелерін сақтап, ғылыми тұрғыдан азықтандырып, организмде болатын физиологиялық, биологиялық үдерістерді дұрыс пайдаланып отырса, әрбір 100 бас сиыр мен құнажыннан жыл сайын 105 – 110 бұзау және жоғары сапалы өнім алуға болады.
Малдың жалпы жағдайынан басқа оның көбею, өсіп – өну органдарының физиологиясы 5мен анатомиясы, патологиялары жөнінде терең білім болмай, мұндай табыстарға қол жеткізу мүмкін емес. Малдың бедеу немесе қысыр қалу себептерін анықтап, ауруды емдеудің тиімді әдістерін қолдана білу керек. Ол үшін малдәрігерлік акушерлік және гинекология пәнін оқып үйренудің маңызы орасан зор.
Малдәрігерлік акушерлік (француздың accosher – туу деген сөзінен шыққан ) – жыныстық органдардағы қалыпты жағдайда өтетін үрдістерді және ауруға шалдыққан кезде болатын өзгерістерді ( ұрықтандыру, ұрықтану, туу және туғаннан кейінгі кезеңде ), жаңа туған төл мен желін ауруларын зерттейтін клиникалық пән.
Малдәрігерлік акушерді дайындау өмір талабынан келіп туған қажеттілік. Ол сонау ерте заманда жабайы, хайуанаттарды қолға үйрету кезеңінен – ақ, туа алмай жатқан малдың төлін тартып шығару, қағанақ қабықтарын жарып жіберу, төлдің кіндігін үзу немесе кесу деген сияқты қарапайым көмектерден басталады. Жыл өткен сайын ондай тәжірибелер жинақталып атадан балаға берілетін кәсіпке, үлкен ілімге айналды.
2. Мал шаруашылығының ілгері дамуы патшалық Ресейде 1715 жылға дейін арнайы малдәрігерлерін дайындайтын мектептердің ашылуына мұқтаж болса, 1840 жылы Варшавада, 1848 жылы Дерпт қаласында, 1851 жылы Харковьта, 1873 жылы Қазанда малдәрігерлік институттар ашылды. Осы кезеңде жаңадан ғылыми еңбектер, ветеринарлық акушерлік пәні бойынша оқу құралдары жарық көре бастады. Бұрыңғы Кеңес Одағының территориясында Қазан төңкерісінен кейін де, бірнеше институттар ашылып, онда ветеринарлық акушерлік пәнінен дәріс беретін, арнайы дербес кафедралар жұмыс істей бастады. Атап айтқанда, 1919 жылы Мәскеу ветеринарлық институтында, 1930 жылы Алматы ветеринарлық зоотехникалық институтында, Семейде, кейіннен Ақмола, Орал ауылшаруашылық институттарында сондай кафедралар ашылды.
Көп жылдар бойы студенттер шет тілінен орысшаға аударылған оқулықтарды оқып келді, тек 1931 жылы ғана профессор Н.Ф.Мышкиннің ветеринарлық акушерлік бойынша ең алғашқы оқулығы жарық көрді. Бұл кітап төрт рет түзетіліп, толықтырылып, қайта басылып шықты. Сонымен қатар Н.Ф.Мышкин сиырдың буаздығын анықтаудың клиникалық әдісін, сиырдың туғаннан кейінгі салданудың (парез), шудың түспей қалуының алдын алудың бір қатар әдістерін ұсынды және желінсаудың себептерін зерттеп, ауруды анықтау және емдеу әдістері жөнінде көптеген еңбектер жазды.
Профессор А. Ю. Тарасеевич биелердің буаздығын анықтаудың жаңа қағидаларын құрастырды, гинекологиялық аурулар кезінде бірқатар емдеу тәсілдерін ұсынды (балшықпен емдеу, аналық без күлдіреуіктерін тесу, фарадикалық токты, диатермияны қолдану және т.б). Ол биенің күйге келгенін анықтау үшін, биелердің жыныстық қызметін ынталандыру үшін күйіттеуші – айғырларды пайдаланудың тиімділігін ғылыми тұрғыда негіздеп берді және овуляция мерзімін тік ішек арқылы бақылай отырып, ұрықтандыруды ең алғаш ұсынды. А. Ю. Тарасеевич 1936 жылы өзінің бай клиникалық тәжірибелерін біріктіріп, «Бесплодие сельскохозяйственных животных» атты монографиясын жарыққа шығарды.
Ветеринарлық акушерлік іліміне елеулі үлес қосып, оны шын мәнісінде жаңа деңгейге көтерген Қазан малдәрігерлік институтының профессоры А.П.Студенцов болды. Оның « Ветеринарное акушерство и гинекология » атты оқулығы Лениндік сыйлықты иеленген. Еңбек жеті рет толықтырылып, өңделіп, қайта басылып шықты. Бұрыңғы одақтас республикалардың барлығында да студенттер осы оқулықты пайдаланады. Еліміздің түпкір – түпкірінде А.П.Студенцовтың шәкірттері жұмыс істейді. Атап айтқанда, Львов малдәрігерлік институтында профессор Д.Д. Логвинов, алматы малдәрігерлік институтында Б.С.Волженин және т.б.
Қазақстан Республикасында Алматы, Семей малдәрігерлік институттарынан басқа Батыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай ауылшаруашылық институтында малдәрігерлерін дайындайтын факультеттер болды. Онда аты біздің республикамыздан басқа шетелдерге де белгілі И.И.Иванов (1931), А.Г. Родионов (1931-1950), Б.С.Волженин (1968), В.С. Козлов (1983), жұмыс істеген болса, кейінірек М.Тойшыбеков, Т.Мыңғазов, Т.М.Молдағалиев, Ш.Г. Казаев, Ш.К.Қалтаев, Д.Ө.Жүкенов, М.Н.Жоланов сияқты ғалымдардың түйенің туу үрдісінің физиологиясы,буаздықты ерте кезеңде зертханалық жолмен анықтау, гинекологиялық ауруларды емдеу әдістерін жетілдіру, биогенді қоздырғыштарды қолдану, желінсаудың пайда болуына экологиялық факторлардың әсері,күйіттеуші малдарды пайдалану сияқты бағыттағы еңбектерін айтуға болады.
Әр кезде көптеген елдердің мамандары жиналып халықаралық симпозиумдар, конференциялар өткізіп, қолы жеткен табыстарын ортаға салып, алдағы тұрған міндеттер туралы сөз қозғап, ветеринарлық акушерлік пен гинекология ілімін толықтырып, дамытып отырады.
Ветеринарлық акушерлік, гинекология және көбею биотехнологиясы басқа ғылым салалармен тығыз байланысты. Атап айтқанда жануарлар морфологиясы және физиологиясы, гистология, микробиология, вирусология, иммунология, биохимия, зоогигиена, фармакология, токсикология, хирургия, патологиялық физиология, патологиялық анатомия, жұқпайтын ішкі аурулар, паразитология мен эпизоотология, малды азықтандыру пәндерінің ветеринарлық акушерлік және гинекология пәнін оқып үйренуде маңызы бар.

Бақылау сұрақтары:


1. Акушер деген сөз не мағына береді?
2. Мал акушерлігінің мақсаты қандай?
3. Мал акушерлігінің дамуына үлес қосқан ғалымдарды атаңыз?
4. Мал акушерлігі қандай ғылымдармен тығыз байланысты?
5. А.П.Студенцовтың еңбегі қандай?
6. Н.Ф.Мышкиннің еңбегі қашан жарық көрді?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет