1. Көрсетілген жұмыстарды аяқтаған күннен бастап үш жыл бойы сақталатын құжаттама:
1) қоймалардағы пайдалы қазбалардың қалдықтарын анықтау материалдары;
2) бас технологиялық кешенді, блоктар мен кейбір өнеркәсіптік ғимараттар мен құрылыстарды, коммуникацияларды жер бетіне шығару жөніндегі сызбалар;
3) тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу шекарасын есептеу бойынша сызбалар;
4) тік шахталық оқпандар мен мұнаралы копраларды әбзелдеудің басқылау кескіндері;
5) тасып шығарылатын тау-кен қазбаларындағы рельс жолдарының бойлық бақылау кескіндері;
6) теміржол, автомобиль, троллейбус және аспалы арқан жолдарының бойлық бақылау кескіндері;
7) арна бөлу, мөлшер бөлу және басқа да күрделі орлар мен жыралардың бақылау кескіндері;
8) барлық жұмыс түрлері бойынша өлшемдер журналы.
Ескерту. Аталған сызбаларды құрастыруға негіз болған есептеу журналдары, сондай-ақ фотограмметрлік түсіру материалдары – стереоүлгілерді бағыттау (түзету) үшін пайдаланылған түсірмелер (негативтер) үш жыл сақталады.
2. Жекеленген объектілерді жойғанға дейін және тау-кен қазбаларын өтегенге дейін сақтауға жататын сызбалар:
1) тік және көлбеу шахталық оқпандар бойынша тілімдер;
2) тік шахталық оқпандадың қабырғаларының атқарушы және бақылау кескіндері;
3) тасып шығарылатын тау-кен қазбаларындағы рельс жолдарының атқарушы бойлық кескіндері.
Ескерту. Осы уақытқа дейін аталған сызбаларды құрастыруға негіз болған есептеу журналдарын сақтайды.
3. Тау-кен кәсіпорнын жойғанға дейін сақталатын сызбалар:
1) шартқа сәйкес емес пайдалы қазбалардың, байыту фабрикалары мен жыныстық үйінділердің қалдықтары қоймаларының жоспарлары;
2) тау-кен жұмыстарымен бүлінген жерді қалпына келтіру бойынша нәтижелерді көрсете отырып, жер бетінің жоспары;
3) шахталық оқпандардың шүлдікті бекеттерінің кестелері;
4). жерасты қазбаларының әсерінен жер беті мен тау-кен жыныстарының сырғу процесімен танысу бойынша және асты қазылатын ғимараттар мен құрылыстарды бақылау бойынша сызбалар;
5) карьерлердегі борттардың, кемерлердің құламалары мен үйінділердің өзгеруін бақылау бойынша сызбалар;
6) жерасты маркшейдерлік жоспарлы тірек тораптарының және биік негіздердің кестесі;
7). теміржол, автомобиль, троллейбус және аспалы арқан жолдарының бойлық атқарушы кескіндері;
8) арна бөлу, мөлшер бөлу және басқа да күрделі орлар мен жыралардың атқарушы кескіндері.
Ескерту. Бұл уақытқа дейін осы сызбаларды құрастыруға негіз болған есептеу журналдарын сақтайды.
4. Тұрақты сақталатын сызбалар (жойылуға жатпайды):
1) тау-кен кәсіпорнының өндірістік-шаруашылық қызмет аумағының жер бетінің жоспары;
2) жер бетінің салынған бөлігінің жоспары;
3) тау-кен бөлу жоспары және оның тілімдері, жер телімін бөлу жоспары;
4) өнеркәсіптік алаңдардың жоспары;
5) жер беті мен тау-кен қазбалары түсірмесінің планшеттерін орналастыру картограммалары.
6) маркшейдерлік геодезиялық тірек торабының бекеттерін тау-кен кәсіпорнының өндірістік-шаруашылық қызмет аумағында орналастыру кестесі, абристер мен қадабелгілер мен бекеттер құрылымдарының кестелері.
7 кен орындарын аршуды, дайындауды және қазуды көрсететін тау-кен қазбаларының сызбалары;
8) тік және көлбеу шахталық оқпандар бойынша тілімдер;
9) оқпан жанындағы тау-кен қазбаларының және бас қабатты еңістер мен бремсбергтердің қабылдау-жөнелту алаңдарының сызбалары;
10) ғимараттардың, құрылыстардың және табиғи объектілердің астындағы сақтандыру кентіректерінің есебі бойынша сызбалар; ъ
11) ъ шахталық алаңдар арасындағы барьерлік кентіректердің есебі бойынша сызбалар.
Ескерту. Осы сызбаларды құрастыруға негіз болған есептеу журналдарын тұрақты сақтайды.
__________________
Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде маркшейдерлік жұмыстарды
жүргізу бойынша
әдістемелік ұсынымға
42 - қосымша
Өлшемдер журналдары мен есептеу құжаттамаларының
үлгілік тізбесі
Тау-кен кәсіпорнының маркшейдерлік қызметінде маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстардың барлық жүргізілген түрлері бойынша өлшемдер журналдары мен есептеу құжаттамалары болуы қажет. Төменірек өлшемдер журналдары мен есептеу құжаттамаларының үлгілік тізбесі келтірілген.
1. Өлшемдер журналдары
1. Жер қабатында жүргізілетін жұмыстарды және пайдалы қазбалар бар кен орындарын өңдеуді ашық тәсілмен жүргізу кезінде:
полигонометриялық бағыттардағы бұрыштық және сызықтық өлшемдер;
геометриялық тегістеу;
техникалық тегістеу;
түсірме торабы бекетін анықтау кезіндегі бұрыштық және сызықтық өлшемдер:
теодолиттік бағыттардағы бұрыштық және сызықтық өлшемдер;
карьерлердің, пайдалы қазбалар қоймаларының жер бетінің (мензульдік, тахеометриялық, стереофотограмметриялық, ординаттық) қағаздық түсірмесі;
ұсақтау жұмыстар;
көліктік жолдарды тегістеу;
тау-кен көліктік жабдықтың геометриялық элементтерінің байланысын тексеру жөніндегі өлшемдер.
2. Пайдалы қазбалардың кен орындарын жер асты тәсілімен өңдеу кезінде 1-тармақта көрсетілген қажетті журналдардан басқа мынадай журналдар толтырылады:
жер асты маркшейдерлік тіреу тораптарын бағыттау кезіндегі өлшемдер;
биіктіктердің жер бетіндегі қада белгілерден жер асты маркшейдерлік тіреу тораптарына берілуі;
жер асты тіреу және түсіру тораптарындағы бұрыштық және сызықтық өлшемдер;
техникалық тегістеу; шахталық оқпандардың қабырғалары мен әбзелдеудің түсірмелері;
тау-кен орындарының өлшемдері;
көтергіш қондырғылардың геометриялық элементтері қатынастарын тексерулер.
3. Тау-кен кәсіпорнының құрылысын салу кезінде (1 және 2-тармақтарда көрсетілген қажетті журналдардан басқа):
бөлу торабы бекетін анықтау;
тік шахталық оқпандардың өту жолдары;
шахталық оқпандарды әбзелдеу;
мұздатылатын оқпандардың қағаздық түсірмесі.
Ескерту. Егер карьерде дренаж жер асты тау-кен орындарында жүргізілетін болса, тау-кен кәсіпорнында 2-тармақта көрсетілген атқарылатын жұмыстардың түріне сәйкес өлшемдер журналдары болады.
Осы нұсқаумен және құралдарды пайдалану жөніндегі нұсқаулармен қарастырылмаған журналдардың формаларын жоғары тұрған ұйым белгілейді.
Егер өлшемдер көлемі үлкен болмаса әртүрлі өлшемдерді бір журналға бірлескен жазбалар ретінде, сондай-ақ өлшемдер жазбаларын бос жол-жол ғып сызу журналдарына енгізуге рұқсат етіледі.
2. Есептеу құжаттамалары
4. Жер қабатында жүргізілетін жұмыстарды және пайдалы қазбаларды ашық тәсілмен шығару кезінде тау-кен кәсіпорнының маркшейдерлік есептеу құжаттамалары мынадай журналдардан (каталогтардан) тұрады:
полигонометриялық бағыттар қабырғасының ұзындығын есептеу;
полигонометриялық бағыттарды есептеу және теңестіру;
тегістеу бағыттарын теңестіру және маркшейдерлік тірек тораптары бекеттерінің биіктігін есептеу;
координаттарды және маркшейдерлік түсірме тораптары бекеттерінің биіктіктерін есептеу;
қоймадағы пайдалы қазбалар көлемін есептеу;
ойып алынған тау-кен массалары мен пайдалы қазбалардың көлемін есептеу;
жерді қалпына келтіру кезінде жер қыртыстары мен тау-кен жыныстарының орын ауыстыру көлемін есептеу;
маркшейдерлік геодезиялық тірек тораптары бекеттерінің координат және биіктік каталогы;
барлау және техникалық ұңғыма сағаларының координат және биіктік каталогы.
5. Пайдалы қазбалардың кен орындарын жер асты тәсілімен өңдеу кезінде 4 - тармақта көрсетілген қажетті құжаттардан басқа маркшейдерлік есептеу құжаттамаларына мынадай журналдар кіреді:
жер асты маркшейдерлік тірек торабын бағыттауды және дәл ортаға келтіруді есептеу мен биіктігін беру;
жер асты полигонометриялық бағыттар қабырғаларының ұзындығын өлшеу;
жер асты маркшейдерлік тірек және қағазға түсіру тораптары бекеттерінің координаттарын есептеу;
тригонометриялық тегістеумен анықталған бекеттердің биіктігін есептеу;
геометриялық тегістеумен анықталған бекеттердің биіктігін есептеу;
тау-кен жұмыстарын (тазалау кен жарларының өту жолдарын, өңделген кеңістіктің көлемін, пайдалы қазбаларды қазуды) есепке алу.
6. Салынып жатқан тау-кен кәсіпорнында 4 және 5-тармақтарда көрсетілген есептеу құжаттары болады.
____________________
Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде маркшейдерлік жұмыстарды
жүргізу бойынша
әдістемелік ұсынымға
43 - қосымша
1. Алгоритмдерге және маркшейдер есептеу бағдарламаларына қойылатын талаптар
1. Алгоритмдерге қойылатын талаптар
1. Тапсырмаларды шешу алгоритмі мынадай бөлімдерден тұрады:
тапсырманың қойылуы;
қолданылатын ақпарат пен шешімнің нәтижелері;
шешімді сипаттау;
кіріс және шығыс құжаттарын ұйымдастыру;
бақылаулық мысалға қойылатын талаптар.
2. Тапсырманы қою кезінде оның толық атауын, қолданылу саласын, басқа тапсырмалар ақпараттық байланыстығын көрсетеді.
3. Пайдаланылатын ақпараттың сипатына ақпарат түсетін көздері (координат каталогтары, өлшемдер журналдары, нормативтік-анықтамалық ақпарат және сол сияқты) көрсетілген тапсырмалардың бастапқы деректер тізбесі кіреді. Осы және басқа да тапсырмаларды шешу үшін машиналық жеткізушіліктерде құжаттар немесе ақпарат түрінде сақталатын ЖК алынатын нәтижелердің тізбесін келтіреді.
4. Шешімнің сипаты:
алгоритм логикасын және есептеу кезеңінің бірізділігін көрсете шешім қорытындыларын құру тәсілін сипаттаудан;
қолданылатын есептік және логикалық формулаларынан;
есептеудің нақтылығы туралы көрсеткішінен;
қорытындылардың нақтылығын бақылау үшін қажетті қатынастардан;
алгоритм бөліктері арасындағы байланысты сипаттаудан тұрады.
5. Маркшейдерлік тапсырмалар үшін осы Нұсқаумен, басшылыққа алатын құжаттармен, әр жұмыстың түрі бойынша әдістемелік нұсқаумен немесе ғылыми-техникалық әдебиетте мазмұндалған ұсынылатын шешімдер тәсілдері пайдаланылады.
6. Алгоритмде тапсырманы шешу процессінде туындайтын жағдайлардың барлығы қарастырылады.
7. Алгоритмнің логикалық құрылымын әртүрлі деңгейдегі графикалық нақтылау үлгісі немесе мәтін түрінде ұсынады.
8. Тапсырмаларды шешуге қажетті бастапқы деректерді кіріс құжатында көрсетеді. Сондай-ақ алғашқы дайындау ережелері, кіріс деректерін кодтау форматы мен тәсілі көрсетілуі керек. Бастапқы деректерге математикалық немесе логикалық операциялар қорытындысында алуға болатын ақпаратты қосудың қажеті жоқ.
9. Кіріс құжаты ретінде алаңдық өлшемдер журналдарын, каталогтарды немесе басқа құжаттарды қолдануға болады. Бастапқы деректерді әзірлеу жөніндегі жұмыстың көлемін азайту үшін алдын ала машиналық жеткізу ақпараттары немесе деректер банкінде әзірленген деректер каталогын пайдалану мақсатты болып табылады.
10. Тапсырмаларды ЖК шешу нәтижесінде алынатын шығыс құжаты есеп беретін, маркшейдерлік есептеу құжатына қосуға болатын Құжатың түріндей болады. Құжатта шешілетін тапсырманың атауы және кесте түрінде ұсынылған барлық бастапқы деректер мен шешімнің қорытындылары, сондай-ақ (егер мүмкін болса) олардың нақтылығының бағасы болуы керек. Кестенің құрылымы маркшейдерге алғашқы ұсынған түрдегі деректердің рационалдық және тұтас орналасуын қамтамасыз етіледі.
Шығыс құжатында қолмен толтыратын (эскиздер, орындаушылар қолдарын қою және тағы басқалар үшін) жерлер қарастырылған.
Алгоритм құжаттардың қажетті данада шығарылуы қарастырылады.
11. Кіріс және шығыс құжаттарының форматын қолданыстағы нұсқаулардың талаптарын, ЖК және байланыс құралдарының техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып белгілейді.
12. Бақылаулық мысал алгоритмнің дұрыстығын және тапсырмалардың әртүрлі нұсқаларын шешу кезінде оны жүзеге асыратын бағдарламаларды тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
2. Бағдарламаларға қойылатын талаптар
13. Бағдарлама тапсырма алгоритмін толығымен жүзеге асыруы және оның ЖК шешілуін қамтамасыз етіледі. Маркшейдерлік есептеуді жүргізу үшін ЖК барлық түрлерін пайдалана алады: микрокалькуляторлар, микро және мини ЖК.
Микрокалькуляторларды өлшемдерді бастапқы өңдеу және қиын емес тапсырмаларды шешу үшін қолданады.
14. Бағдарламаларды жасау кезінде:
жоғары деңгейдегі алгоритмдік тілдерді (БЭЙСИК, ПАСКАЛЬ, ФОРТРАН және тағы басқа);
модульдік құрылымды;
ақпаратты енгізу, бақылау және сақтау, сондай-ақ сызбалардың автоматты графикалық түрде салынуы мақсатында деректерді өңдеу жөніндегі жетілдірілген жүйені;
қолданушының ЖК диалогтық режимде жұмыс істеуін қолдану ұсынылады.
15. Бағдарламалардың пайдалану мүмкіншіліктерін арттыру үшін бағдарламаны іске қосу, қайта қосу, орындау және жұмысты аяқтау кезіндегі оператордың жұмысы мүмкіндігінше жеңілдетіледі. Оператордың араласуын қажет етін жағдайларда қажетті іс-әрекеттерді орындау туралы тиісті ақпаратты көрсетуін қарастырады.
16. Бағдарламаларды пайдалануда, құжатты дайындауға және оның мазмұнына қойылатын МСТ, салалық нұсқаулармен және ережелермен регламенттенетін жалпы талаптарды ескереді. Маркшейдерлік бағдарламаның құжаттар жиынтығына бағдарламаны пайдалану жөніндегі маркшейдерлерге арналған ұсыным кіреді. Ұсынымға:
шешілетін тапсырмалардың сандық әдісін көрсете отырып сипаттау;
тапсырманы шешу процессінің технологиялық сипаты;
бастапқы деректердің оларды әзірлеу жөніндегі нұсқаумен сипаты;
тапсырманың шығыс құжаттарының сипаты және оны рәсімдеу жөніндегі ұсыныстар;
бақылаулық операцияларды орындау жөніндегі нұсқаулар және қателерді түзету енгізіледі.
__________________
Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде маркшейдерлік жұмыстарды
жүргізу бойынша
әдістемелік ұсынымға
44 - қосымша
Тау-кен графикалық құжаттарды әзірлеуге арналған
полимерлік сызба материалдары
Полимерлік сызба материалдарын бастапқы және тау-кен графикалық құжаттарының өндірістік сызбаларын әзірлеу үшін қолданады.
Полимерлік сызба материалдары туралы техникалық деректер 1 кестеде көрсетілген.
Бастапқы сызбаларды әзірлеу үшін қалыңдығы 100-130 мкм мынадай талаптар қойылатын полимерлік пленка қолданылуы мүмкін.
Пленканың механикалық тәсілмен негізделген бір бағытта сызылатын сызба қабаты болады. Оған формасын өзгертпейтін тік тұрақтылықты беру үшін пленканы кемінде үш ай бойы тік жазылған күйінде сақталуы керек. Пленканы кесу сызбаның белгіленген көлеміне сәйкес жүргізіледі және ол қабыршықтанған, жаншылған, ластанған және қаламның іздері болған жағдайда пайдаланылмайды.
Суретті салу кезінде сызбаның жіңішке сызықтарының элементтерін бірдей түсті көшіргіш қасиеті бар Қара немесе түрлі түсті тушпен саңылаусыз және үзіксіз бекіту қажет. Жазбалар мен шартты белгілер қолмен немесе деколмен сызылуы мүмкін. Соңғысын қорғағыш лакпен жабады. Түстегі бедерсіз элементтерді келешекте факсимилді көшірмелерде дақтардың пайда болуын жоққа шығару үшін бастапқы сызбаларда көрсетпейді.
Полимерлік сызба материалдары туралы техникалық деректер
1-кесте
№ р/с
|
Сызба материалының атауы
|
Рулонның ені, мм
|
қалыңдығы, мкм
|
Сызба қабатының
сипаты
|
Тұрақтандырудан кейінгі 0,5 м өзгеру, мм
|
Суретті
бекітетін құралдар
|
Сызбаға дайындау тәсілі
|
Суретті жою тәсілі
|
Мақсаты
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
1
|
Жылтыр лавсанды пленка
|
620,
880,
1500
|
50,
75,
100
|
Арнайы сызбалық қасиеті жоқ жылтыр
|
0,2
|
«Пингвин»
тушы
|
Талькпен өңдеу
|
Суланған мақта тампонымен
|
Карьердің тау-кен орындарын дайындау
|
2
|
Жылтыр сызба қабаты бар лавсанды пленка ОЛ-1, ОЛ-2
|
1180
|
75
|
2 жақты жылтыр сызба
|
0,5
|
Казеиннен жасалған «Колибри», «Пингвин» тушы
|
Сондай
|
Сумен немесе шамалы кір жуғыш ұнтағы қосылған спиртпен суланған мақта тампонымен
|
Сондай
|
3
|
ПНЧ - КТ, ПНЧ – КТ-2 Сызуға арналған лакпен сырланған лавсанды пленка
|
620,
880,
1500
|
50,
75,
100,
120
|
Бір және екі жақты дәлелденген
|
0,2
|
Тушь «Колибри», «Пингвин», «Т»
|
» »
|
Сондай
|
Тау-кен орындарының өндірістік сызбаларын дайындау; НБТ
дайындау
|
31-кестенің жалғасы
№ р/с
|
Сызба материалының атауы
|
Рулонның ені, мм
|
қалыңдығы, мкм
|
Сызба қабатының
сипаты
|
Тұрақтандырудан кейінгі 0,5 м өзгеру, мм
|
Суретті
бекітетін құралдар
|
Сызбаға дайындау тәсілі
|
Суретті жою тәсілі
|
Мақсаты
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
4
|
Сызбалық термотемплеттік пленка ЧТМ-1, ЧТП-2
|
620,
880,
1500
|
50,
75,
100
|
Сондай
|
0,2
|
«Колибри», «Пингвин» тушы, казеиннен жасалған қалам
|
» »
|
» »
|
Тау-кен орындарының өндірістік сызбаларын дайындау; НБТ
дайындау
|
5
|
Механикалық дәлелденген лавсан
|
80,
620
|
75,
100
|
Бір жақты дәлелденген
|
0,3
|
«Колибри», «Пингвин»
тушы
|
Гексанмен,
этил
спиртімен өңдеу
|
Скальпелмен,
дихлорэтанмен
|
Бастапқы және өндірістік жоспарларды дайындау
|
6
|
Контур СБ-1, СБ-2
Синтетикалық қағаз
|
640
|
40
|
Бір және екі жақты дәлелденген
|
0,4
|
«Колибри», «Пингвин»
тушы
|
Талькпен өңдеу
|
Сумен немесе шамалы кір жуғыш ұнтағы қосылған спиртпен суланған мақта тампонымен
|
Өндірістік сызбаларды дайындау
|
31-кестесінің жалғасы
№ р/с
|
Сызба материалының атауы
|
Рулонның ені, мм
|
Қалыңдығы, мкм
|
Сызба қабатының
сипаты
|
Тұрақтандырудан кейінгі 0,5 м өзгеру, мм
|
Суретті
бекітетін құралдар
|
Сызбаға дайындау тәсілі
|
Суретті жою тәсілі
|
Мақсаты
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
4
|
Сызбалық термотемплеттік пленка ЧТМ-1, ЧТП-2
|
620,
880,
1500
|
50,
75,
100
|
Сондай
|
0,2
|
«Колибри», «Пингвин» тушы, казеиннен жасалған қалам
|
» »
|
» »
|
Тау-кен орындарының өндірістік сызбаларын дайындау; НБТ дайындау
|
5
|
Механикалық анықталған лавсан
|
80,
620
|
75,
100
|
Бір жақты дәлелденген
|
0,3
|
«Колибри», «Пингвин»
тушы
|
Гексанмен,
этил
спиртімен өңдеу
|
Скальпелмен,
дихлорэтанмен
|
Бастапқы және өндірістік жоспарларды дайындау
|
6
|
Синтетикалық қағаз.
Контур СБ-1, СБ-2
|
640
|
40
|
Бір және екі жақты дәлелденген
|
0,4
|
«Колибри», «Пингвин»
тушы
|
Талькпен өңдеу
|
Сумен немесе шамалы кір жуғыш ұнтағы қосылған спиртпен суланған мақта тампонымен
|
Өндірістік сызбаларды дайындау
|
31-кестенің жалғасы
№ р/с
|
Сызба материалының атауы
|
Рулонның ені, мм
|
Қалыңдығы, мкм
|
Сызба қабатының
сипаты
|
Тұрақтандырудан кейінгі 0,5 м өзгеру, мм
|
Суретті
бекітетін құралдар
|
Сызбаға дайындау тәсілі
|
Суретті жою тәсілі
|
Мақсаты
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
7
|
Лавсанмен әбзелденген қағаздағы стандарттық планшеттер
|
60х60
60х80
|
|
Бір жақты қағаз
|
1,0
|
Тушь, қалам
|
-
|
-
|
Сондай
|
8
|
Эстепрозбен әбзелденген
қағаздағы стандарттық планшеттер
|
60х60
60х80
|
|
Екі жақты қағаз
|
0,2
|
Сондай
|
-
|
-
|
Жұмыс жоспарлары үшін
|
9
|
ПНЧ-С және ЧТП-С
диазопленка
|
620,
880
|
50,
75,
100
|
Бір жағынан дәлелденген және екінші жағынан жарық сезгіш қабатпен
|
0,3
|
«Колибри», «Пингвин» тушы,
|
ПНЧ-КТ
пленкасын-дағыдай
|
-
|
Жоспармен факсимилді көшірмелер
|
10
|
ПНС диазопленка
|
620,
880
|
50,
75,
100
|
Бір жағынан жарық сезгіш қабатпен
|
-
|
«Пингвин»
тушы
|
-
|
-
|
Сондай
|
Факсимилді көшірмелерді бастапқы тұнық сызбалардан дайындау түстерді көшірме жасауды күмістенбеген жарық сезгіш материалдарда жүргізіледі. ФКР-115 типті пневматикалық қыспасы бар көшірме жасау жақтауын қолдану ұсынылады.
Түстері бойынша бөлінген тұнық полимерлік пленкаларда жасалынған тау-кен орындарының жоспары түрлі түсті офсеттік баспа үшін қарапайым технология бойынша сызбалар дайындауға мүмкіндік береді. Әр бояу үшін қара тушпен бөлек тұпнұсқасын - НБТ (нақты бояудың тұпнұсқасын) сызады.
-
Достарыңызбен бөлісу: |