5.5.1 Жмыхтар мен күнжаралардың сапасын бағалау
Жмыхтар мен күнжаралардың сапалылығын бағалау
орта
сынама алудан басталады.
Мұнда сақтау орынына, партияның
біртектілігіне, және бөгде немесе технологиялық шартталған
қоспаларға назар аударады.
Жмыхтардың әрбірдің партиясынан бірнеше тақта немесе 0,5 кг
әртүрлі деңгейлерден және үш жерден кем емес алады. Алып
қойылған тақталарды 4 бөлікке бөледі
және әрбір тақтадан бір
ширектен алады. Олардан ұсақтау және араластырудан кейін салмағы
2,5 кг болатын үлгі құрастырады. Күнжара сынамасын дәнді немесе
құрама жемдердің сынамасы сияқты алады.
Түсі.
Әрбір жмыхтың өзіне тән түсі болады. Осылайша, күнбағыс
жмыхы сұр түсті болады; зығыр – сұрдан ашық – қоңырға дейін; мақта
– сары ( ашық- сарыдан ашық – қоңырға дейін) жасылдау немесе
қоңырқайлау реңді; соя – ашық - сарыдан ашық –
қоңырға дейін;
жержаңғақ – ақ сары; рапс – жасылдау - сары тұқым қабығының
бөлшектерінің қоңыр қоспасымен болады. Бұл түрге тән емес түс
арамшөптер қосылғанда, өндіру
немесе сақтау технологиялары
бұзылуы нәтижесінде бүлінген жмыхтар және күнжараларда болады.
Жмых пен күнжаралардың иісін, дәмін және балғындығын
сынаманы 40
о
С дейін қыздырылған сумен сулаудан кейін анықтайды.
Сапалы жмыхтың әрбір түрі үшін өзіндік ерекше дәм және иіс тән.
Борсыған иіс, көк иісі және ащы дәм шикізаттың сапасыздығын
немесе сақтау барысында өнімдердің бұзылуын көрсетеді. Егер
жмыхты немесе күнжараны дымқыл,
нашар желдетілетін жерде
сақтаса, оларды көк басуы мүмкін. Ащылау дәм сонымен қатар жмых
және күнжараларда болатын өсімдік майының қызуы салдарынан
болуы мүмкін.
Жмыхтың түрін кейде органолептикалық анықтау қиын болады.
Мұндай жағдайларда 1 г жмыхты шыны түтікке салып, 5 мл спирт пен
тұз қышқылының қоспасын (10 мл спиртке 0,5 мл концентрлі тұз
қышқылын) қосады. Сынаманы араластырады және бірнеше минутқа
қайнап тұрған су моншасына орналастырады, кейіннен оны тағы бір
араластырады және тұндырады. Тұнбаның үстіндегі сұйықтық жмых
түсті болады: күнбағыс – шие, зығыр және рапс – ақ, мақта– сары.
Жмых пен күнжаралардың
ылғалдылығын дәнді азықтардың
ылғалдылығын анықтаған сияқты жүргізеді. Бұл өнімдердің қалыпты
ылғалдылығы 8,5 – 11 % шегінде ауытқиды.
Металл қоспаларын күнжарада
ұнды азықтардағы сияқты
анықтайды. Күнжарадағы металл қоспалардың мөлшері 0,1 % көп
болмауы керек, сондай ақ бөлшектердің өлшемі ең үлкен сызықтық
91
өлшеуде 2 мм көп емес және бөлшектердің шеті үшкір, кескіш
болмауы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: