Қазақ айтысын көп жинаған кісінің бірі Әбубәкір Диваев. Ол қазақ айтысы жөнінде арнайы пікір айтпаса да, төңкерістің алғашқы жылдарында Сыр бойын, Жетісу төңірегін аралап, көптеген айтыс үлгісін хатқа түсіреді



бет1/6
Дата20.05.2022
өлшемі56.24 Kb.
#458063
  1   2   3   4   5   6
АРҒЫН


Қазақ айтысын көп жинаған кісінің бірі – Әбубәкір Диваев. Ол қазақ айтысы жөнінде арнайы пікір айтпаса да, төңкерістің алғашқы жылдарында Сыр бойын, Жетісу төңірегін аралап, көптеген айтыс үлгісін хатқа түсіреді. Мәселен, ол М.Әуезов зерттеуінде аталатын Орынбай мен Кеншімен, Бақтыбай мен Байтоқ, Күдері мен Ұлбике айтысынан тыс, Сырдария облысы Сырқұдық болысының ақыны Жұманазар Үрімқұлов пен атақты Бұдабай ақынның айтысын және Сыр еліндегі – «Жар-жар», «Бәдік», үлгісі мен әртүрлі қыз бен жігіт қақтығысын, сондай-ақ Түбек, Жанақ, Шернияз, Бармақ ақынның айтыс өлендерін жазып алады.
Ал Жетісу өлкесіне жасаған сапарында «Сүйінбайдың Тезек төреге айтқаны», «Сүйінбайдың Найман қызымен айтысы», «Құлан аяқ Құлмамбет», «Жансай мен Тезек төре» және басқа көптеген айтысты қағаз бетіне түсірген.
Айтысты жинап бастыру ісінде ақын-қаламгер Сәкен Сейфуллин де айрықша еңбек сіңірді. Сәкен «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» атты әдебиет жинағында «Орынбай мен Шөже», «Балта мен Шөже», «Кемпірбай мен Шөже», «Жанақ пен Түбек», «Орынбай мен Серәлі», «Орынбай мен Тоғжан» т.б көптеген көркем де көлемді айтыс үлгісін енгізді. Жалпы, бұл жинақ әдеби мұра ішіндегі көлемді жанр – айтысты халық игілігіне айналдыру үшін жасалған тұңғыш қадам, тың бастама болды [7, 26].
Негізі, ХІХ ғасырда қазақ сөз өнерінің үздігі айрықша салтанат құрды десек, зерттеушілер осы бір өзгеше өнердің жанрлық сипаты, түрі, тілдік-көркемдік сипаты жөнінде сол кезден-ақ айтып келеді. Мәселен, Шоқан қазақ әдебиеті үлгісін жинау барысында әйгілі айтыс ақындары Шөже, Орынбай, Жанақ т.б туралы алғашқы жазба дерек ұсынса, орыс ғалымы В.В.Радлов 1870 жылы жариялаған жинағының ІІІ томында бірнеше айтыс ақынының есімдері аталып, айтыстағы сөз қағыстыруы беріледі.
Сондай-ақ зерттеуші ғалымдар ХХ ғасыр басында айтыс үлгісін теориялық жақтан жүйелеуді мақсатты түрде қолға алып, ғылыми еңбектерінде зерделеп қарастырады. Сондықтан да айтыс өнері – қазақтың ауыз әдебиетінде ертеден келе жатқан жанр. Мысалы, «жар-жар», «аужар», «бәдік» айтысын алсақ, олар көне дәуірде шыққанға ұқсайды. Алайда көне дәуірдегі айтыстың шыққан мезгілін, шығарушы авторын шамалап табу қиын, бұлар ауыздан-ауызға көшіп ел мүлкі, халық қазынасына айналып кеткен.
Осы айтыс өнері жазба тілі дамып, тарихы әріден келе жатқан, мәдениетке ерте суарылған елдерде (грек, рим т.б) ұшыраспайды екен.. Тек ескі мәдениетті
Әрине, журналист қазақ тілінің мүшкіл халін суреттеуде нақты дерек, мысалға жүгінері сөзсіз. Журналист көтерген проблема, сөз жоқ, барлық қырынан талапқа сай жазылуы мүмкін. Дегенмен де айтыста кездесетін, бейнелі образды сөздердей тыңдаушысына немесе оқырманына анау айтқандай әсер етпесі анық. «Аты бар да заты жоқ қазақ тілі, орыс тілдің қолына су құйып жүр» [20, 193] (Айбек), «Дінімнің тамырына балта шауып, Тіліме жымыңдайды тозақ оттар» [138, 123] (Балғынбек), «Өз қазағы табанға таптаған соң, Ана тілдің көз жасы сорғалады» [20, 47] (Аманжол), «Шаранада тілімді шетінеттің ой, дүние-ай» [20, 164] (Мэлс) сияқты айтыс сайын кездесетін бейнелі, образды сөздер халық жүрегіне бірден әсер ететіні сөзсіз. Өйткені ақын айтқан бұл сөздердің барлығы халықтың зердесіне сай, табиғатына жақын ұғымдар. Айтыста көтерілген мәселені халықтың бірден қабылдап, қолдап кетуінің бір сыры осында жатыр.
«Тағы да қайталап айтар болсақ, біздің ұлтымыз – қазақ ұлты қоғамдағы қайшылық пен кем-кетікті, әлеуметтік теңсіздікті, дертті, әділетсіздікті, жолсыздықты бетің бар, жүзің бар демей тайсалмай-тайынбай айтыс өнері арқылы әлеумет алдында ашық та айқын айтуды айтыскер ақындарына жүктеген» [23, 5].
Тәуелсіздік алғаннан бастап бүгінге дейінгі ақындар айтысында, күн тәртібінен түспей келе жатқан тақырыптың бірі – туған тілдің тағдыры жайлы толғаныс.
Тіл – халықтың рухани қуаты. Тілге халықтың барлық таным-түйсігі, өмір сүру заңдылығы, тіршілік қағидасы, дүниге көзқарасы сіңген. Осындай баға жетпес асыл қасиетінің қадірсіз болуы, халықты толғандырмай тұра алмайды. Егер қазақ деген халық өмір сүрер болса, онда оның тілі де жоғалмақ емес. Қазақ тілінің қасиет айбынын көрсеткен айтыс өнері Тәуелсіздік тұсында оның жоқтаушысы да бола білді.
Сондықтан да айтыс жыры ұлт тілінің мәдениетін көтеруде БАҚ-тың көмегі арқылы біраз нәтижеге қол жеткізді. Ең алдымен қазақ тілі өзінің табиғи, таза ұлттық болмысымен қауыша бастады. Тәуелсіздік таңы атқанға дейін әлеуметтік-тұрмыстық, ресми сипат деңгейіне түскен ана тіліміз БАҚ арқылы насихатталып жатқан рухани құндылық нәтижесінде, өзінің дала ділмарына тән дегдар қасиеті мен ғасырлар бойы қалыптасқан төл сипатына біртабан болса да жақындай түсті.
Тәуелсіздік жылдарындағы ақындар айтысының басты ерекшелігінің бірі ұлт тілінің асыл-жауһарын жарқырата көрсету болып табылады. Айтыс табиғатын жақсы түсінетін кез келген тыңдаушы, көрермен ең алдымен ақынның тіл шеберлігіне, сөз байлығына назар аударады. Кейде айтысушы ақынның жүйелі жырымен қатар, олардың жекелеген сөздік атауды қолдану ерекшелігі халық тарапынан зор қолдауға ие болып жатады. Тіпті баз бір ақынның айтыста қолданған сөз тіркесі қанатты сөзге айналып, халық аузында жүреді. Мәселен, Мұхамеджан Тазабековтың «мәсінің қонышындай тар заманда, кебежедей көңілін кең сақтаған» сынды образды сөздері өзінің қазақы ұғымға жақын сипатымен көпшіліктің есінде қалды.
Белгілі ғалым, тіл жанашыры Өмірзақ Айтбайұлы «Ана тіл, Ана сүтім, Арым менің...» атты еңбегінде ұлттық өнердің тілге тигізер әсер-ықпалы туралы былай дейді: «... Халқымыздың ұлттық сапасы мен санасын айқындай түсетін неше алуан әдет-ғұрып, салт-сана, мінез-құлыққа орай орын тепкен қасиет-қалыбы тілдік танымға тікелей байланысып жатады. Ал ақындар айтысы, жыраулар сайысы, жаңылтпаш пен өтірік өлең, шешендік сөздердің бәрі-бәрі де ана тіліміздің алапат қуаты мен ада болмас арынын танытады емес пе?!» [30, 293].
Ғалым келтірген осы пікірдің бір парасын айтыс ақындарының мына жыр жолдарынан анық аңғаруға болады.
Мұхамеджан:
«... Кесек-кесек боп түссін кестелі сөз,
Жапырақтап жал-жая турағандай... » [24, 15].

Айтмұхамбет:


«... Сөз сүйектен өтеді өткір болса,
У қосып қызыл бидай қуырғандай.
Мен қадалсам жаныңнан жырым кетпес
Сүйектен сұр жебені суырғандай... » [24, 48].

Аманжол:
«... Көк бөрілі түркінің тұқымымыз,


Керілген ай астында ұлып тұрып... » [24, 51].

Оразалы:
«... Шошыған бала құсап селкілдейсің,


Шоршыған шортан құсап тұйықтағы... » [24, 75].

Мэлс:
«... Шынымен қанға тартқан қасқыр болсам,


Қарғып өтіп кетермін қақпаныңнан... » [31, 104].
Табиғатында шешендік өнердің элементі мол айтыс жырының өн бойынан мұндай бейнелі, образды сөзді жиі ұшыратуға болады. Айтыс өнерінің белгілі бір аудитория көлемінде қалмай, бүкіл республика көлеміне таратылуы – сөз жоқ, ұлттық телеарнаның шығармашылық жұмысының нәтижесі. Ұлт руханиятын насихаттауда жалғыз телеарна емес, ақпарат көзінің басқа да саласы – газет-журнал, радио да өз мүмкіншілігіне орай тиімді қызмет атқарды. Мәселен, «Радио бұқаралық қарым-қатынастың атқарымдық құралы бола отырып, қоғамның әртүрлі қажетіне барынша қызмет етуі арқылы тілдің дамуына ғана емес, сондай-ақ қазақтың ұлттық мәдениетінің дамуына, оның халықтың қалың ортасына енуіне тиімді ықпал етті» [32, 19].
Айтыс мәтіндерінің газет-журналда жариялануы да сөз өнерінің өресін көтеріп, тіл мәдениетін қалыптастыруда игі жұмыс атқарды. БАҚ-тың осындай іргелі жұмысының нәтижесінде тілдік қолданыстан шеттетіліп, ұмыт бола бастаған қазақтың қаншама төл сөзі халқымен қайта қауышты.
Кейде журналистің аяғы жетіп, көзі көре бермейтін қияндағы қазақ ауылының мүшкіл халін дүйім Қазақстан жұртына, билікке ең алдымен айтыс ақыны баяндап жатады. Мәселен, Қазақстан қоғамындағы «өтпелі кезең» деп аталған қиыншылық уақыттың көрінісін Талдықорған облысы Жаркент елді мекенінен келген ақын Айтақын Бұлғақов былайша суреттейді:
«... Мектепке бармай кей бала,
Қатардан қалып мұңайды.
Кітап пенен жылуға,
Ұстаз ақша жинайды... » [31, 257].
Айтыста көтерілген осы тақылеттес проблема қоғам назарына ұсынылып, одан қорытынды шығаруға билік назарын аударту, айтыс ақындарының халық алдындағы парызы іспеттес болды. Осы тұрғыда БАҚ пен айтыс өнерінің шығармашылық мүддесі үнемі бір арнада тоғысып, бір мақсатта қызмет атқарды деп айтуға болады. Айтыс өнерінің журналистік қызметті атқара алатыны тек қоғамдық-әлеуметтік проблеманы көтеруімен өлшенбесі анық. Бұқара халықты тіл сауаттылығы, сөйлеу мәдениетіне баулуда БАҚ арқылы насихатталып жүрген айтыс өнері ұлт руханияты үшін игілікті істің ұйытқысы болды. Соның айқын дәлелі – 2009 жылдың наурыз айынан басталған республикалық «Алаш айнасы» газетіндегі жазба айтыс үлгісі.
Айтыс жырының тіл мәдениеті мейлінше кемелденіп, ауызекі сөйлеу стилінен гөрі әдеби тілдік нормаға сай жетілгенін «Алаш айнасы» газетінде жарияланған қазіргі ақындардың өлең шумағынан анық байқауға болады. Жазба айтыстың бұл түрі ақынның өлең техникасын жетік меңгеріп, поэзия талабына толық лайықты екенімен ерекшеленеді. Жазба айтыс талабының өзгеше екенін, оған жеңіл-желпі қарамау керегін кейінгі толқын өкілі ақын Жандарбек Бұлғақов өз жырында орынды көрсетіп өтеді. «Сайысып жеңбесеңіз, бұл баспасөз, майысып өтіп кетер сахна емес» [33, 8].
Ақын Ж.Ерман идеясымен өмірге келген жазба айтыстың бұл түрі аталмыш өнердің өміршеңдігін һәм көркемдік деңгейі мен кәсіби қалыбын танытқан жоба болып табылды. Ең алдымен, бұл айтыс ақындардың тілдік қуатын, ақындық шеберлігін айқындау тұрғысында оқырман ықыласына ие болды. Мәселен, жоғарыда келтірілген айтыстың жас өрені Жандарбек Бұлғақов қарсыласы Айнұр Тұрсынбаеваға мынадай уәж айтады:
«... Айтамын жас болсам да көпке өнеге,
Жаңа мақал сіздерге дөп келе ме?
Өлеңіңнің өрнегі қисық болса,
«Алаштың айнасына» өкпелеме!» [31, 8].
Осы жалғыз шумақтың өзінде халықтың қанатты сөзі, ақынның тапқырлығы, ой мен тіл үйлесімі негізінде шебер көрініс тауып тұр. «Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, теп-тегіс жұмыр келсін айналасы» [34, 89] деген Абай ақын талабына толық жауап беріп тұрған айтыс жыры баспасөз бетінде қажетті тыныс белгілер арқылы өзінің мағыналық сипатын барынша ашып көрсетуге мүмкіндік алған. Мұның өзі баспасөздегі айтыс мәтінінің әдеби тілдік нормаға толық сай келіп тұрғанын танытады. Бұқара халықты тіл мәдениетіне тәрбиелеуде айтыс өнері аз ықпал еткен жоқ. Ең алдымен қазіргі айтыстың өзі тілдік тұрғыдан біршама өсіп-жетілу дәрежесін бастан өткерді.
Айтыс тілін зерттеуші ғалымдар осы жағдайды дұрыс бағамдап, өз пікірін орынды көрсетіп отырды. Мәселен, ғалым Ж.Асылбекова «Қазіргі айтыстың тілдік ерекшеліктері» атты мақаласында: «Қазіргі айтыс тақырыбының алуандығымен қатар, тілінің де өзіне тән ерекшелігімен көзге түседі. Қазіргі айтыс тілінде сөзді түрлендірудің неше түрлі жолы: теңеу, контекстік теңеу, метафора, архаизм, сөздерге жаңа мағына беру, синоним сөздерді кеңінен қолдану, антонимдік және омонимдік қатар табу, сөздер мен эвфемизм, дисфемиз, сөздерге жаңа мағына берудің лексикалық және семантикалық түрі, плеоназм, жаргон сөздер мен диалектизм, фразеологизмдік оралым, мақал-мәтел, кірме сөздер, калька және окказионализмді көре аламыз» [35, 147].
Қазіргі айтыс жырындағы осыншама тілдік ерекшелік өнердің уақыт ағымындағы соны өзгерісі мен тың ізденіске толы екенін айғақтайды. Айтыс жырлары тек мағыналық-көркемдік сипатта жаңарып қоймағанын, сондай-ақ тілдік-стилдік тұрғыдан да көп жетілгенін аңғарамыз. Көпшілік ықыластана көріп, тыңдайтын айтыс өнерінің тілдік тұрғыдан кемелденуі, сөз жоқ, сөйлеу (тіл) мәдениетінің бұқаралық сипат алуына игі әсерін тигізбей қоймайды. БАҚ-та жарық көріп, жарияланып, беріліп жатқан хабар барысында айтыс тілінің көркемдігі һәм мейлінше ұлттық бояуға қанық болу сипаты, тыңдарман-оқырманға зор рухани тағылым болары сөзсіз.
Белгілі ғалым Б.Омарұлы келтірген осы пікірдің шынайылығын уақыттың өзі дәлелдеп отыр. «Қасиетті өнердің қастерлі мұрасының өн бойында қалып қойған» асыл қазынаның бірі – халқымыздың сөз өнері, тіл байлығы. «Уақыт рухымен» үнемі байланыста болып, дамып, жетіліп отыратын тіл (сөз) өнері де ХХІ ғасырдағы Тәуелсіз Қазақстан қоғамында өзінің барлық қасиетін жарқырата көрсетіп, халқымыздың рухын оятуда жалынды қуатқа айналды.
Белгілі ғалым С.Негимов «Шешендік өнер» аты еңбегінде: «Шешеннің интеллектуалдық мәдениетін, білім-білігін, зерде-зейінін әңгімелегенде, импровизацияға бейімділігін де елеп-ескеру керек» [36, 18], – деген пікір айтады.
Жалпы, айтысқа түскен ақындардың шығармашылық қарым-қабілетінің басты өлшемі – оның шешендік, табан астында ұтымды ой таба білетін суырып салмалық қасиеті екені белгілі. Ұлттық тілдің уызына жарымаған, қазақ сөзінің інжу-маржанын бойына сіңірмеген, ел мен жердің тарихынан бейхабар, күнделікті ақпарат ағымынан, қоғам ахуалынан мақұрым жанның интеллектуалдық деңгейі төмен болатыны белгілі. Ондай адамдардан ешқашанда рухани шығармашылық нышанын күтуге болмайды.
Кез келген айтыс ақынының бойында осы айтылған қасиеттің барлығы жарқырай көрінуі шарт. Тіл шұрайлылығы қашанда ой қазынасының байлығымен өлшенеді. Бұл туралы ғалымдар: «Шешен адамзат пен ғаламзат дүниесінің белгісіз сырын қырағы байқап, тереңнен толғап, саңқылдаған, сұлу, мәнерлі дауысымен, мағыналы, парасатты толғамымен түйдек-түйдек ойымен, бет жүзінің, сөз ырғағының еркіне бағынған қимыл-қозғалысы, біліктілік-білімі, көреген қасиетімен толқынды топты өзіне қаратып, құлақ құрышын қандырады, жаныңды, рухыңды дүр сілкіндіріп тазартады. Шешендіктің өзі ойшылдықпен, даналықпен, көшелілікпен, үнді, сазды сөйлеумен (бұл тұрғыда ажарлы келбет, нұрлы дидар, көз мәнді қызмет атқарады) сабақтас, тамырлас құбылыс» [36, 19], - деп пікір келтіреді.
Ғалым С.Негимов еңбегінде келтірілген шешен адамның бойындағы осындай ерекшелік тікелей айтыс ақынына да тән қасиет болып табылады. Тіл мәдениетін қалыптастырудағы айтыс өнерінің ықпалын айқындайтын негізгі өлшем де осындай аспекті негізінде туындайды. Себебі айтысушы ақын ең алдымен тілге жүйрік, сөзге шешен болуы шарт. Ақынның осы ерекшелігі айтыс барысында жарқырай көрінсе, тыңдарманға немесе оқырманға зор әсер етеді.
Айтыс ақындарының интеллектуалдық ойлау деңгейінің өзі көп жағдайда тілге, сөзге мол әсер ететінін осы тұжырым тағы бір дәлелдей түседі. Айтыс тілінің қуаттылығы көп жағдайда жыр мағынасының салмағымен де өлшенеді. «Алаш айнасы» газетіндегі жазба айтыста қызылордалық ақын Нұрмат Мансұров тараздық Шорабек Айдаровқа жолдаған жыр сәлемін былай деп бастайды:
«Я, Раббым, ел-жұртымды қамықтырмай
Жан дүниесін иманмен жарық қылғай.
Елбасына қуат бер, дағдарыстан
Қазақты алып шығар зорықтырмай» [31, 8].
Нұрмат ақынның осы шумағы өзінің тілдік құнарлылығын, кестелі сөз, келісті ойы арқылы өте әсерлі көрсетіп тұр. Мұнда имандылық, халыққа баянды бақыт тілеу, басшыға деген халық құрметі, сондай-ақ қазақ қоғамының экономикалық ахуалы бірдей көрініс тауып, ой мен тіл үйлесімі негізінде шебер қиюласып тұр. Халықты ынтымақ-бірлікке шақырып, қоғамдық ой қалыптастыруға негіздейтін мұндай жыр шумағын айтыстан мол кездестіреміз.
Орақ ауызды, от тілді айтыс ақынының көмекейінен төгілген кестелі сөз, көрікті ойының бұқара халыққа қаншалықты әсер-ықпал ететіні жөнінде академик-ғалым Р.Нұрғали «Айтыстың драмалық сипаты» атты мақаласында былайша көрсетеді: «Бүгінгі айтыстың аудиториясы бұрын-соңды болмаған деңгейде әбден кеңейді. Бұл – алдымен елдік, тәуелсіздік, бостандық шапағатынан туған құбылыс. Талантты айтыскерлер ұсақ-түйекті, ауыл-аймақтың кемшілігін қазбалап, қарсыласын жығуды бірден-бір мақсат етпей, үлкен әлеуметтік мәселелерге орай толғай-толғай сөз саптап, қажет жерде, қымсынбай, қорықпай, парламент, өкімет, министрліктер тарапына шыншыл пікір, талап қоятын, табансыз әкімдерді, арсыз жемқорлардың бетін айдай ететін орақ ауызды, от тілді айтыс өткізді. Сондай шұрай топта айтылған қанатты сөз біреуден-біреуге жетіп, ақиқатқа, әділетке қызмет етеді» [37, 87].
Ғалым М.ырзатай Серғалиев «Айтыс тілінің синтаксисі» атты ғылыми мақаласында қазіргі ақпарат құралының ағыны халықтың ой-өрісін кеңейтуде елеулі қызмет етіп отырғанын айтады. Мерзімді баспасөз бетінен, радиохабардан, әсіресе, тұрмыста берік орын алған теледидардан мыңдаған оқырман, тыңдарман мен көрермен бүгінгі жаңалықпен шектеліп қалмай, өткен тарихи жолын да еске түсіріп отыратынын, алда болар оқиғаға да батыл болжам жасай алатынын тілге тиек етіп, айтыс ақынының тіл мәдениетіне қатысты мынадай ой айтады: «... Айтысқа келген тыңдармандардың негізгі назары ақындардың сөз саптау шеберлігі мен ерекшелігіне ауып отырады. Тіпті әлдебір кемшілікті айтып отырған айтыскерге қол соғып, қолпаштауының басты себебі – әдемі сөз иірімдерінің қолданғанының әсері...» [38, 105].
Айтыстағы қанатты сөздің қалың елге тарауы һәм ақындардың сөз саптау шеберлігі жөнінде айтылған ғалымдар осы пікірінің өзі аталмыш өнерді насихаттау барысындағы тілдік талғам дәрежесінің қаншалықты маңызды екенін аңғартса керек. Айтыс тілінің кемелденіп, даму үрдісі өнердің әлеуметтік-қоғамдық мәнінің артуын ғана емес, оның өміршеңдік, бұқаралық сипатын да айқындай түсетін құбылыс. Айтыстың мерзімді баспасөзде жариялануы, кітап болып басылып шығуы, теле,- радиохабарынан беріле бастауы, өнердің ақпараттық-насихатшылдық өрісін кеңейте түсуімен қатар, оның тіл мәдениетін қалыптастырудағы ықпал-әсерін де күшейте түсті. Халқымыздың тарихы, әдебиеті мен мәдениеті, дәстүр-салты сияқты толып жатқан рухани құндылығының барлығы ақындар айтысынан тысқары қалмайтын тақырыптар. Осындай ұлттың мәдени мұрасының асыл қазынасы айтыс өнері арқылы халқымен қауышып кең насихатталып жатуы қазақ халқы үшін, сөз жоқ, баға жетпес игілік еді. Кешегі кеңес заманында ақындар айтысының осы ерекшелігінен сескенген коммунистік партия оның ұлттық сипатта насихатталуына барынша қарсы болды.
Ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу, бүгінгі жастарды елді, Отанды сүюге шақыратын патриоттық насихат, халықтың тарихи қалыбын танытуда айтыс өнері, сөз жоқ, нәтижелі жұмыс атқарды. Айтыстың кең насихатталуы ұлт тілінің өркендеуіне тиімді жағдай қалыптастырды. Бұл туралы зерттеуші ғалымдар да анық байқап, оның (айтыстың) тиімділігін нақты мысал арқылы көрсетіп берді. «...Айтыстың теледидар арқылы берілуі шын мәнінде өнердің өрісін кеңейтті. Біріншіден, ақындардың бұл өнерге кездейсоқ келмегенін танытса, екіншіден, зерделі қауымның өз ой-пікірлерін бүкпесіз айтып, айтыстың дамуы мен қалыптасуына жол ашты. Жер-жерде өнер жарысы қолдау тауып, балабақша бағдарламаларына енді. Мектептер де бұған құлшыныс көрсетті... » [39, 103].
Ақындар айтысының тіл ұстартудағы әсер-ықпалы қашанда маңызды. Айтысты сөз өнерінің әліппесі ретінде танып, оның тәрбиелік-тағылымдық тұрғыдағы рухани қажеттілігін айқындау, толғағы жеткен мәселе. Белгілі авторлардың айтыс үлгісін жазуы өнердің дәстүрінде бар құбылыс. Балабақша мен мектептің төменгі сынып оқушылары үшін айтыс жырының дайын үлгісін үйрету, ұлт руханиятын ұрпақ бойына сіңірудің ең оңтайлы, тиімді түрі болмақ. Бұл, біріншіден, жас өркеннің бойына ұлттық өнер нышанын дарыту болса, екіншіден, туған тіліміздің асыл қасиетін саналарына сіңірудің бірден-бір дұрыс жолы.
«Баспасөз тілінің мәдениеті» туралы пайымдамасында белгілі жазушы Ж.Дәуренбеков мынадай пікір келтіреді: «Баспасөз тілі – жай қағаздың үні емес, баршамыздың тіліміз. Баспасөз бетіндегі ана тіліміздің ажары да, ақыл-ой тереңдігі де, мәдениеті де халқымыздың болмыс-қасиетін, рухани тынысын, талғамын танытады» [40, 254].
Тіл мәдениетін қалыптастырудың бірден-бір көзі БАҚ деп танитын болсақ, сол ақпарат құралы арқылы жарияланып, насихатталып жатқан айтыс жырының өзіндік ерекшелік-қыры туралы мынадай пікір айтуға болады. Ең алдымен теле-радиохабары арқылы тыңдарман-көрерменнің назарына ұсынылатын айтыс жырының әсер-ықпалына тоқталсақ, А.Байтұрсынұлы өзінің «Тіл (лұғат) әуезділігі» жөніндегі еңбегінде сөз әуезділігі жөнінде мынадай пікір келтіреді: «Әуезділік деп сөз турасында айтсақ, сөздің ішіндегі дыбыстардың үндері құлаққа жағымды болып естілуін айтамыз. Сөйлеу турасында айтсақ, сөйлеу жағымды болуы – дыбыстарының тізілу түрінен. Сондықтан сөз әуезділігі де болады, сөйлеу әуезділігі де болады» [25, 177].
Теле-радиохабары арқылы берілген ақындар айтысының тілдік қуаты ең алдымен өзінің үн әуезділігі, әуен-мақамы арқылы тыңдарман-көрерменді эстетикалық ләззатқа бөлейді. Монотонды (бірқалыпты) айтылған сөзден гөрі, үн-әуезбен әспеттелген сөздің адамға зор әсер ететіні белгілі. Айтыс жырының да тілдік қуаты осындай әуезділік қасиетімен ерекшеленеді.
Оқырман немесе тыңдарман-көрерменнің зерде-зейінін, таным-түйсігін кеңейтуде айтыс өнері өзінің кейбір шығармашылық мүмкіндігі арқылы басқа сөз өнері түрлеріне қарағанда халыққа тым етене жақын тұратыны белгілі. Айтыс табиғатына тән үгітшілдік, насихатшылдық, ақпараттық деректі мағұлматтық қыры танымдылық тұрғыдан халық рухани қажеттілігін қалай қанағаттандырса, осы сипатты жарқырата көрсетуде айтыс тілі де өлшеусіз қызмет жасайды. Ой мен тіл үйлесімділігіне үн әуезділігі қосылып, айтыс жырлары біртұтас композициялық желі құрайды. Айтыс тілінің ажарын келтіріп, абыройын асыратын тәсілдің бірі, ақынның байырғы сөздік тұлғаны қайта қолданысқа енгізуі болып табылады. Өйткені айтыс ажары ана тіліміздің асыл-жауһар сөздері арқылы көрініс тауып, бағаланады. Кейде айтыс барысында айтылып қалған жалғыз ауыз сөздік тұлғаның өзі, ақынның бағын ашып, абыройын асырады. Ұмыт бола бастаған сөз жәдігерлерін қайта тауып, тілдік қолданысқа енгізу, ақындар айтысында жиі ұшырасады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет