Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты казахский государственный


ЖАСТАР ЖӘНЕ ТЫҢ: ШУАҒЫ МЕН СЫНАҒЫ



бет9/19
Дата09.06.2016
өлшемі1.34 Mb.
#125162
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
ЖАСТАР ЖӘНЕ ТЫҢ: ШУАҒЫ МЕН СЫНАҒЫ

Сайлан Б. - т.ғ.к., доцент м.а. (Алматы қ., Қазмемқызпи)


Өткен ғасырдың еншісінде қалған тың және тыңайған жерлерді игерудің кейбір көлеңкелі тұстары турасында кейінгі жылдары айтылып та, жазылып та жүр. Республиканың тарихи тағдырындағы өзіндік орны үлкен осы іске Қазақстан жастары мен комсомолы қалай қатысты деген жай тарихшыларды да толғандырады.

1954 жылғы КОКП ОК-нің ақпан-наурыз Пленумы Қазақстанда тың жұмысының бастамасы болды. Талқыға салынбастан партияның қызу қолдауына ие болған Пленум шешімі республикамыздың қала және ауыл еңбеккерлерінің әрқайсысына шынайы түсіндірілуі керек деп табылып, оны түсіндіру мен насихаттау жұмыстары барлық жергілікті партия және комсомол ұйымдарының тікелей міндеті деп саналды. Сөйтіп “Барлығы тың игеруге жұмылдырылсын!” деген ұран тасталып, “Жастардың орны - тың” деген бүкілхалықтық бастама көтерілді. Партияның шақыруына жауап беруге ұмтылған жастар ұйымы өзінің 100 мың мүшесін тыңға жіберуге міндеттеме алды. Одақ көлемінде мұндай бой көтеру 1954 ж. КОКП ОК-нің ақпан-наурыз Пленумында мақұлданды және КСРО Министрлер Кеңесі мен КОКП ОК-і қарарлары мен арнайы қаулыларының қатарында бекітілді./1/

1954 жылы 22 ақпанда Мәскеудегі Кремльдің үлкен сарайында тың және тыңайған жерлерді игеруге баратын жастар мен қыздардың жиналысы өтіп, мұнда КОКП ОК Бас хатшысы Н.С. Хрущевтің өзі жастарды құттықтап, оларды жігерлендіру мен ынталандыру мақсатында мақтанды сөздерін аянбастан сөйледі. Н.С.Хрущевтің бұл сөзі жастар арасындағы құлшынысқа одан әрі отқа май құйғанмен бірдей әсер етіп, тың және тыңайған жерлерді игеруге жастарды жаппай тарта түсу одан әрі белең алды./2/

1954 ж. 23-24 ақпандағы мәскеулік жастардың “Біз кетіп барамыз” үндеуі барлық одақтас республикалар арасында жалғасын тауып жатты./3/

Жастар арасында белсенділер алға тартылып олардың аузымен “Тың және тыңайған жерлерді игеру біздің қатысуымсыз мүмкін емес” – деген сөздер айтылды. 1954 жылдың ақпанындағы екі апта ішінде Мәскеу қалалық жастар ұйымының комитетіне 40 мың өтініш, Ленинградта – 25 мың, Алматыда 3 мыңнан аса жаңа жерлерді игеруге жіберуді сұраған өтініштер лек-легімен түсіп жатты. Мәскеулік жас патриоттардың жастар арасына тастаған үндеуі Одақ көлемінде таратылып, әсіресе Украина, Белоруссия республикалары мен Кубань, Харьков, Куйбышев, Воронеж облыстарының жастары да өздерінің тыңға баратыны туралы өтініштерін жазып жатты. Барлығы 1954-1955 жылдары Бүкілодақтық жастар ұйымы комитетіне 14 миллионнан аса өтініш түскен./4/

1954 жылы 24 ақпанда Абай атындағы опера және балет театрында тың және тыңайған жерлерді игеруге аттанып жатқан Алматы қалалық жастары мен комсомолының жиналысы өтті. 28 ақпан күні Алматы еңбеккерлері қаланың 500 адамнан тұратын жас патриоттары мінген алғашқы эшалонды шығарып салды./5/

Ақпан айының аяғына қарай республикамыздың барлық аймақтарында тың және тыңайған жерлерді игеруге баруға ынта білдірген кең көлемде комсомолдың патриоттық қозғалысы қарқын алып, өздерін колхоз және совхоздарға, МТС-тердегі жұмыстарға жіберуді сұраған Ақмола қалалық комитетіне 800 комсомол өтініш білдірді. Қарағанды облыстық комитетіне үш қаладан-Қарағанды, Теміртау, Балқаштан 800 өтініш түссе, Шығыс Қазақстан облысына 700 жас патриоттардан өтініш түсті. Мұндай өтініштер республикамыздың басқа облыстары мен қалаларында да жазылып жатты. Республика бойынша комсомол комитетеріне 10 мыңнан аса, ал екі айдан кейін 25 мың өтініштің жазылғаны анықталып отыр. Тыңға жіберуді сұранған өтініштердің саны күннен-күнге артты. 1954 жылы 2 наурызда, Қазақстан комсомолының ҮІІ съезінің ашылу қарсаңында республикалық жастар газеті “Ленинская сменаның” хабарлауы бойынша комсомол ұйымдарына 7 мыңнан аса өтініш түскені, ал ертесіне 800 комсомолдан, республика бойынша 10 мыңнан аса жастар мен қыздардың тың және тыңайған жерлерді игеруге баруға ынта білдіріп отырғандығы жарияланды./6/

1954 жылы 13 наурызда тың ауданды алқаптарға 24718 адам аттандырылса, 29 сәуірде олардың саны 131228 адамға жетті. Маусым айының ортасына қарай 78 облыстық, өлкелік және республикалық комсомол комитеттері жасақтап аттандырған 150 мыңнан аса жастар мен қыздар Шығыс аудандарындағы тың алқаптарына жолға шықты. Олардың арасында 39453 тракторшы мен комбайншы, 4633 тракторшылар бригадасының бригадирі, 23054 техника жөндейтін жұмысшы, 1208 инженерлер мен техниктер, 700 аграном, зоотехник және ауыл шаруашылығының басқа да мамандары, 20837 трактор бригадаларының есептеушілері мен ауыл шаруашылығына арналған техника тіркемелерінде отыратын жұмысшылар, 7396 жүргізуші, 8301 құрылысшы жұмысшы, 7567 басқа да маман жұмысшылары болды деп көрсетілді./7/

Комсомол жолдамасы бойынша республика ішінде тың және тыңайған жерлерді игеруге 10068 комсомолдар мен жастар аттандырылса, 1954 жылдың маусымына қарай Қазақстан комсомолы ұйымдарының тың алқабына аттандырғандарының саны 12 мың адамға жетті./8/ Бір ғана Ақмола облысынан 1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеруге 1500 комсомолдар мен жастар жіберілсе, олардың 27 комбайншы мен тракторшы, 12 инженер мен механиктер, 50 медицина мектебінің түлектері, 10 адам ауыл клубтары мен кітапхана жұмысшылары ретінде жіберілді./9/

1954 жылғы ақпан-наурыз Пленумынан кейінгі екі жарым жыл ішінде, Қазақстанға Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан, Молдовадан, Балтық өңірі және Закавказье республикаларынан, Орталық Азия аймағынан 600 мыңнан астам адам келді. Қазақстан комсомолдары мен жастарының үндеуіне тек Украинаның ғана 58 мың еріктілері үн қатты. Олардың тең жартысы Қостанай және Ақмола облыстарына келді./10/

Тың және тыңайған жерлерді игеру барысында барлық МТС-терде комсомол-жастардың трактор бригадалары құрылды. Қарағанды облысында дала жұмыстары басталғанға дейін 58 комсомол-жастардың тракторшы бригадалары ұйымдастырылды. 1954 жылы Қостанай облысында комсомол ұйымдарының 487 жастар бригадалары құрылды. 1954 жылы наурызда Ақмола облысы бойынша 130 осындай бригада жасақталса, сәуір айының орта шенінде 170-ке, ал маусымға қарай олардың саны 337-ге жетті. Ал Шығыс Қазақстан облысы бойынша-112, Солтүстік Қазақстан облысында - 157, Павлодарда - 148 жастардың трактошы бригадалары жасақталды. Барлығы республика бойынша 1954 жылы 1 маусымда 1600 комсомол-жастардың трактор бригадалары құрылса, көктемгі егіс пен жазғы астық жинау науқанында тың алқабында 3000 комсосол-жастардың трактор бригадалары жұмыс істеді.

1956 жылы Қазақстандағы астықты жинау науқанында одақтас республикалардан 360 мың жастар мен қыздар қатысса, Қазақстанның өзінен 60 мың қыздар мен жастар қатысты. 1956 жылы астықты тасу үшін 70 мыңнан аса автомобиль жұмыс істеді. Қазақстандықтармен бірге басқа республикалардан келген 20 мың жүргізуші еңбек етті./11/

Жастар мен комсомолдар тың алқабындағы дала және егіс жұмыстары еңбегімен ғана шұғылданып қана қойған жоқ, олар партияның нұсқауы және тапсырмасымен тыңгерлер арасында саяси жұмыстар жүргізуде де еңбекке тартылды. Мысалы, 1956 жылы 14 ақпанда КОКП-ның ХХ съезі ашылысымен, келесі күннен бастап республикамыздың барлық колхоздары мен совхоздарында, МТС-терде, өнеркәсіп кәсіпорындарында, мекемелер мен жоғары оқу орындарында съезд баяндамаларын ұйымдастырып, ұжымдық сипатта тыңдау жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Барлық аудандық комсомол комитеттері осы тапсырма негізінде ХХ съезд материалдарымен жастарды таныстыру үшін лекторлар мен баяндамашылар тағайындап, үгіт-насихат жұмысын жүргізуге кірісіп кетті.

Солтүстік Қазақстан облысында 15-17 ақпанда Н.С.Хрущевтің баяндамасын таныстыру үшін 24980 адамды қамтыған 426 әңгімелесулер өткізілді. Барлық МТС-терде, совхоздар мен мекемелерде ХХ съездің ашылуына байланысты қабырға газеттері шығарылды. Създің ашылу құрметіне спорттық жарыстар ұйымдастырылып, клубтарда концерттер қойылды. Солтүстік Қазақстан облысының Соколов ауданында съездің ашылу құрметіне 15 колхоз бен 2 МТС-те митингілер өткізілді, оған 2453 адам қатысып, 97 адам сөз сөйледі./12/

Тың еңбеккерлерінің тынбай еткен еңбегінің арқасында Қазақстан 1956 жылдың күзінде тұңғыш рет миллиард пұт астық алды. Сол жылы бұл жетістік кең көлемде аталып өтті. КСРО жоғарғы Кеңесі төрағасы К.Е.Ворошиловтың өзі келіп, Қазақстанның туына алғашқы Ленин орденін тақты. Осы миллиард үшін болған күрестің барлық ауданында Қазақстан комсомолы мен жастары қатысты. Жүргізушілер мен тракторшылардың 60-70 пайызы жастар болды. Егіс даласында 12 мың жастардың комбайншы агрегаттары, 6 мыңнан аса жастардың тракторшы бригадалары, 30 мыңға жуық жастардың автомашина жүргізушілері жұмыс істеді./13/

1956 жылғы астық науқанына белсенді қатысқаны үшін 70 мыңнан аса жастар мен қыздар “Жаңа жерлерді игерудегі еңбегі үшін” БЖО ОК-нің омырау белгісімен, 9 облыстық және 63 аудандық жастар ұйымы Құрмет грамотасымен марапатталды. Қазақстан комсомол ұйымы БЖО ОК-нің Құрмет грамотасымен марапатталды./14/

Жалпы, тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарында қол жеткен нәтижелер ерен еңбектің арқасында жүзеге асты. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен 2004 жылы “Тыңға – 50 жыл” мерекелік медальімен 3,5 мың тың ардагері марапатталды./15/ Оның дені сол уақытта комсомол және жастар ұйымының мүшелері еді.

Тың игеру жылдары республикада 600-ге жуық совхоздар пайда болды, меншіктің түрлі формасындағы 23 мың кәсіпорын – Қазақстанның қазіргі кездегі агроөнеркәсіп кешенінің негізі болып қаланды. Осы маңызды іске қолғабыс етуге 1956 жылы Қазақстанға келген 640 мың еріктілердің дені жастар болды15. Қазақстан 1956 жылы тұңғыш рет елімізге миллиард пұт астық берді. Қазақстан бидайдың күшті және қатты сорттарын өндіруде алдыңғы орынға ие болды, бүгінгі таңда да ТМД елдерінің арасында осы орынды ұстап келеді. Осы жылдар ішінде жүздеген мың жастар мен қыздар тың алқабындағы астықты жинауға қатысып, 3 миллионнан аса жастар тың еңбегімен шынықты. Тың тек мол астық қана емес, оның индустриялық дамуына да серпін берді. Тек ауыл шаруашылық техникасын шығаруға 18 ірі өндірістік бірлестік мамандандырылды. Сервистік қызмет көрсету жөніндегі “Казагрореммаш-Холдинг” компаниясы бүгінгі қатаң жағдайдың өзінде де ойдағыдай жұмыс істеуде. Оған машиналар мен жабдықтарды жасап, жөндейтін 52 кәсіпорын кіреді. Жаңа индустриялық кәсіпорындар бой көтерді, өнеркәсіп орталықтары қалыптасты, темір жол магистральдары мен автомобиль жолдары төселді, жаңа қалалар мен селолар пайда болды, ескілер осы заманғы келбетке ие болды. Селода мәдениет, денсаулық сауда мен қызмет көрсету салалары дамыды. Тыңдағы тың еңбектері үшін кем дегенде 250 мың тың игеруші мемлекеттік жоғары наградаларға ие болды, олардың 650-інің Еңбек Ері атағы бар./16/

Тың игеру жылдары жастарды тыңға тартудың өзіндік кемшіліктері де болды.

Оның алғашқысы, тың еңбегіне жаппай Одақтық көлемде жұмылдыру еді.

Екінші кемшілік тыңға интернационалдық сипат берген тың және тыңайған жерлерді игеруге Кеңес Одағы бойынша Бүкілодақтық Лениндік Коммунистік Жастар Одағының көптеген ұлттық отрядтарының қатысуы мен тартылуы. 1955 жылдың 1 сәуіріне дейін Одақ бойынша жастар мен жастар ұйымы мүшелері 350 мыңнан аса өтініштер білдірген, олардың 40 мыңы Мәскеу қаласының жастары болса, 12 мыңы – Ленинград, 40 мыңы – Белоруссия, 140 мыңнан астамы – Украина, 15 мыңы – Қазақстан, 11 мыңы – Азербайжан, 7 мыңнан астамы - Өзбекстан, 7 мыңы – Латвия, 5 мыңы – Литва, 8 мыңнан астамы Молдавия және тағы басқа республика жастарының атынан жазылған./17/ Осылайша тың игеру жас ұрпақтар үшін бауырластық пен достық мектебіне, жастарға интернационалдық тәрбие беру мектебіне айналды деп баса айтылды. Сөйтіп, қазақ жері мен даласы келімсектерге толып, қазақ ұлтының өзіндік салты, тілі, діні және дәстүрінің жойылуына ықпал етті.

Үшінші кемшілік, тың эпопеясы партия тарапынан өз уақытында социалистік құрылысты аяқтап, коммунизм құрылысына өту кезеңімен тұспа тұс келді деп айтылды. Тың 1950 жылдардағы жастарға саяси, жалпы білім беру мен мәдени деңгейін көтерудегі зор жетістік болды деп бағаланды. Партия мен үкімет тың алқабына барушыларға бірқатар жеңілдіктер қарастыратынын айтты. Тың жастардың жаппай қалың қолының ақша үшін емес, саяси жүйенің шырмауының арқасында келгендігіне көз жеткіземіз.

Төртінші кемшілік, тыңға тек сауатты жастар тартылды деген партияның дақпырт сөзі еді. Тың алқабына қатысушы ХХ ғасырдың 50-ші жылдарының жастары жалпы білім алу мен мәдени деңгейді көтеруде де партия тарапынан мақтанышқа бөленді. Мысалы, 1955 жылы наурызда Павлодар облысының Карл Маркс атындағы совхозға Ленинград қаласынан 172 адам келді. Олардың арасынан 53 адамның 5-6 сыныптық білімі, 42 адамның 7 -сыныптық, 24 адамның 8-9 сыныптық, 9 адамның орта білімі және 8-інің орташа техникалық білімі болды. Оған қоса келушілердің арасында Украина мен Белоруссияның еңбекпен түзеу колониялары мен айып батальондарында жазасын өтеп жатқандар да болды. Өзінің қамау мерзімінің көп бөлігін өтегендерге және тыңда жұмыс істеуге келісім бергендерге кешірім жарияланып, тың алқабынан оларға да орын табылды./17/

Бесінші кемшілік, тыңға баратын жастарды іріктеу жұмыстарында байқалды. Мысалы, Алматы қаласының Түркісіб, Алмалы аудандарында бір сағат ішінде барлық өтініш берушілердің талап арызын еш ескертусіз қабылдағандары туралы айтуға болады.

Партия басшылығы тыңға әскери борышын атқарып жүрген жастарды да тартты. Әскери комсомол тыңға 30 мыңнан аса механизатор жіберуге екі айлық міндеттеме алды. Қазақстанда негізін бұрынғы солдаттар қалаған совхоздар аз болған жоқ. Олардың қатарында “Кантемировец”, “Тихоокеанский”, “Талбухинский”, “Черняховский” және т.б. болды. Сөйтіп, солдаттар мен жауынгерлерден құралған жастардың қалың қолы, елдің қорғаныс армиясында ғана емес, тың майданында да пайдаланылды.



Алтыншы кемшілік, тыңға жастар “тек өз еркімен” аттанып барады деген ұранның асыра сілтеп айтылуы мен жариялануы. Тыңға шет республикалардан келген жастарды тек өз еркімен келгендер деп ескі көзқараспен бір жақты айтуға болмайды. Өйткені мынадай бір мысалдар оның айғақты дәлелі бола алады. Мысалы, бір жылдары Ленинград облысынан тыңға тракторшылар бригадасына бригадирлер мен оның көмекшілерінен 200 адам жіберу керек болса, баратын өтініш білдірушілердің саны 8 ғана, 300 тракторшы керек болса, 162 ғана өтініш, 1524 жүргізуші керек болса, 200 ғана өтініш түскен./18/

Жетінші кемшілік, кәсіби мамандығы жоқ келімсек жастардың тыңға қаптап тартылуы болды. Мысалы, 1955 жылы Ленинград қаласынан Қазақстан Республикасының Павлодар облысына кәсіби мамандығы бар келушілер саны мен іс жүзінде келген адамдар санын мына тізбеден көруге болады.


Мамандық иелері

Келетіндер саны

Іс жүзінде келгендері

Тракторшылар

300

285

Жанар-жағар май құюды есептегіштер

100

82

Жүргізушілер

500

91

Жөндеуші жұмысшылар

200

147

Тіркеушілер, жүк артушылар,әр түрлі жұмысшылар

735

1685

Инженерлер мен техник-механиктер

100

16

Агрономдар

100

16

Бухгалтерлер мен есептеушілер

73

16

Гараж, шеберхана меңгерушілері

192

32

Барлығы

2300

2370

Жоспар бойынша кәсіби мамандығы бар 2300 жұмысшы келу керек болса, оның орнына кәсіби мамандықтары сәйкес келе бермейтін 2370 жұмысшы келген./19/ Бұл көрсеткішті сол кездегі саясат жоспарды орындады деп мақтанышпен атап көрсетті. Ал қазіргі таңдағы көзқараспен қарайтын болақ, бұл тізбеден тыңға арнайы мамандығы барлар емес, әйтеуір адам санын толтырып, жоспарды орындау үшін кез-келген адамдардың тізімге кіріп жіберілгендігі тайға таңба басқандай көрініп тұр. Сөйтіп тыңға келуші жастар саны жоспарға сай болғанымен, тыңның талаптарына жауап бере алмады. Сырттан жаппай тың алқабына келген жастарды партияның мадақтап, мәдениет пен білімді, кәсіби маман иелерін алып келуде де ықпалын қосты деп артық айтуын бүгінгі тарихымыз қабылдамас болар.

Қалай болғанда да тыңды игерудің еліміздің астық балансын нығайтуда үлкен орны болды. Ол, әсіресе, бидайдың бағалы, қатты және күшті сорттарын өндірудің орталығына айналды. Бұл маңызды істе, әсіресе, Қазақстан тыңының маңызы, алар орны ерекше./20/

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев бір топ тың ардагерлерін “Тыңға-50 жыл” медальімен мрапаттауға арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде:-“Осыдан жарты ғасыр бұрын мемлекеттен үлкен қаржы бөлініп, Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен Қазақстанға тың игеру үшін көптеген адамдар келді. Бұл науқан туралы бүгінде түрлі әңгіме бар. Әрине, үлкен іс кемшіліксіз болмайды. Бірақ, ең негіздісі, қазір қазақстандықтардың дастарханында нан мол. Дүкеннен таңдағанымызды сатып алып жейміз. Тыңның басты құндылығы да, міне, осында”-деді./21/


ӘДЕБИЕТТЕР

  1. “Комсомольская правда”,1954 ж., 20 ақпан.

  2. Н.С.Хрущев.“На новые подвиги, молодежь!”, М., 1956 ж., 17-бет.

  3. “Смена”,1954 ж., 23 ақпан.

  4. “От съезда к съезду”, М., “Молодая гвардия”, 1966 ж., 18-36 беттер.

  5. Сборник “Борьба КПСС за освоение целины”, Казгосиздат., А., 1960 ж., 270-271 беттер.

  6. Комсомол Казахстана в цифрах и фактах. А,. 1971 ж., 7-бет.

  7. Молдабаев Ф.Н. “Борьба комсомльский организации Казахстана под руководством коммунистической партий за крутой подьем сельского хозяйства республики (1954-1958 жж.)”, кандидатская диссертация. А., 1961 ж., 68-бет.

  8. “Народное движение на освоение целинных земель в Казахстане”, Сборник документов, М., 1959 ж., 109- бет.

  9. Молдабаев Ф.Н. “Ержеткен ұрпақтар”, А., 1961 ж., 21-бет.

  10. Халық Кеңесі. 1994 ж., 1 наурыз.

  11. ҚР Президентінің мұрағаты 812-қор, 17-тізбе, 496-іс, 123-125 беттер.

  12. Бұл да сонда.

  13. ҚР Президентінің мұрағаты 812-қор, 22-тізбе, 58-іс, 95-бет.

  14. “Славная летопись комсомола”, А., 1970 ж., 54- бет.

  15. Егемен Қазақстан. 2004 жыл, 6 ақпан.

  16. Халық Кеңесі. 1994 ж., 1 наурыз.

  17. Исиналиев М.И. “Комсомл-помощник партий по воспитанию молодежи на целине (1954-1958 жж.)”, кандидатская диссертация. А., 1970 ж., 30-бет.

  18. Бұл да сонда, 49-бет.

  19. Бұл да сонда, 52-бет.

  20. Марбеков Т. Тың тұмшалаған шындық. “Жұлдыз”, 1991 ж.,№6, 130-бет.

  21. Егемен Қазақстан. 2004 жыл, 6 ақпан.

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің жақсылықтары мен кемшіліктері жайлы айтылған.


РЕЗЮМЕ

В статье рассматриваются положительные и отрицательные стороны освоения целины и целинних земель.




О ликвидации неграмотности в Казахстане
Туменова С.М. к.и.н., доцент (г. Алматы, Казгосженпи)
Грозные эпохи исторических переломов рождают людей, которые как бы воплощают в себе душу переживаемого момента. Эти люди являются носителями того нового, грядущего, высшего, которое борьбой пробивает себе дорогу и завоевывает право на существование. Однако именно в XX в.в СССР был создан тоталитарный командно-административный режим, отличительными чертами которого были идеологический контроль над социальной и духовной жизнью общества, манипулированные сознанием, уничтожение инакомыслия, и т.д.и т.п. В их оценке необходимо соблюдение принципа объективности, исключение каких-либо идеологических пристрастий.

В 1918 г. принимаются «Декларация о единой трудовой школе» и «Положение о единой трудовой школе», в которых провозглашались основные принципы советской образовательной системы – бесплатность, совместное обучение мальчиков и девочек, исключение из преподавания богословских дисциплин, отмена всех видов наказания, школьное самоуправление. Все школы делились на две ступени – первую, для детей 8-13 лет и вторую, для детей 13-17 лет. Началась активная работа по преобразованию медресе, мектебов и русско-казахских школ в советские. К концу гражданской войны в Казахстане действовала 2410 школ с 144 тыс. учащихся, из которых 31 тыс. – казахи. Однако большая часть школ работала в неприспособленных помещениях, 99% казахских школ вообще не имело своих зданий. Единых учебных программ не было, практически отсутствовало необходимое количество учебников.

Ленинская идея всеобщего обучения распространилась на всё население страны, включая детей, подростков и взрослых, и исходила из марксистского положения от том, что человек должен образовывать себя при социализме всю жизнь, ибо социализм создаёт для этого экономические, политические и правовые предпосылки. Для обеспечения школами и преподавателями детское и взрослое население В. И. Ленин указывал использовать энтузиазм народа. Ленинский лозунг «Каждый грамотный – обучи неграмотного» означает, что с помощью масс оставаться в интересах масс. В своё время в брошюре «К деревенской бедноте» В.И. Ленин писал, что «только даровое и обязательное обучение всех детей может избавить народ хотя бы отчасти от теперешней темноты.»

Большое внимание вопросу ликвидации неграмотности уделил YIII съезд РКП (б), состоявшийся в марте в 1919 г. перед народным образованием были поставлены качественно новые задачи: проведение бесплатного и обязательного общего и политического образования для всех детей обоего пола до 17 лет, полное осуществление единой трудовой школы с преподаванием на родном языке, с совместном обучением детей общего пола. Съезд установил так же необходимость организации для некоторых периодических чтений в школах, избах – читальнях. Для этой цели создавались особые кружки чтецов, куда включалось местное учительство.

Созванный в 13-16 мая в Оренбурге I Всеказахстанский съезд «Долой неграмотность» признал эту организацию крайне необходимой, особенно для Казахстана. Оно «исходило в своей работе из известного положения, принятого XIII съездом РКП (б) о том, что при существовавшем культурном уровне деревни и аула всякое политическая работа должна была связываться с работой по поднятию грамотности». На съезде был принят Устав общества «Долой неграмотность» Казахской АССР, избрано Центральное правление (с 1926 году – Центральный совет) общество, позднее центральный Совет был реорганизован в Краевой Союзный ОДН при ЦИК КазССР ( ликвидирован постановлением КазССР от 4 марта 1926 г.)

Первые партийно-советские школы в Казахстане возникли в 1920 г. в Оренбурге и Кустанае. Они были двух типов – начальные (I ступени) и средние (II ступени). В зависимости подготовки в эти школы принимались представители бедноты, сельские и городские трудящиеся. В школы I ступени обычно поступали малограмотные активисты, в школы II ступени – люди более подготовленные, зрелые, стремившиеся повысить свою общую и политическую подготовку. Вскоре в республике была открыта и Высшая партийная школа с трёхлетним сроком обучения. В неё принимались лучшие выпускники совпартшкол II ступени и коммунисты, имевшие достаточную подготовку и большой опыт партийно-пропагандисткой работы.


Түйіндеме
Мақалада Қазақстандағы 1917-жылдардағы сауатсыздықты жою жөніндегі мәліметтер келтіріледі.
Резюме
В статье приводятся сведения о ликвидации неграмотности в Казакстане в 1917 году.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет