ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГТЕГІ МЕТАФОРИЗАЦИЯ
Қайырова Ж.А .- оқытушы (Алматы қ., Қазмемқызпу)
Метафора (гр. тіл. «ауыстыру») кейбір нысандар сыныбын (заттардың, тұлғалардың, құбылыстардың, әрекеттердің және белгілердің) көрсететін сөзді басқа, соған ұқсас нысандар сыныптарын немесе жеке нысанды көрсету үшін қолданатын сөз пішіні. Жануарлардың атауларын оларға қатыссыз қолданғанда, мысалы адамдарға ауыстырсақ, оны метафора деп санауға болады. Айталық, бір адам туралы: «Ол арыстан ғой», немесе «Жолбарыстай қайратты», «Құлыным менің» - метафоралық болып саналады. Метафора терминін кең мағынада сөздердің ауыспалы мағынасының басқа түрлеріне де жатқызуға болады.
Психологиялық контексттегі метафора «дискурс шындығын немесе мазмұнын одан басқа, неғұрлым айқын есте қаларлықтай етіп ауыстыру, кеңейту, шығару» (Ребер, 2005). Р.Р.Хоффман, Е.Л.Кохран және Дж.М.Мид «метафора түсінігі әрқилы анықталуы мүмкін дейді: «бірнәрсені меңзеп, басқа нәрсені айту», «семантикалық ережелерден ауытқу» және «нысандарды бақыланушылардан ерекше имплициттік салыстыру жүргізу» (1992, 176 б. – В.А.Янчук, 2000). Метафораның психологиялық ықпалы көркем әдебиетте өте белсенді қолданылады.
Біз адамдармен қарым-қатынаста метафораны қалай қолданатынымызды байқамай да қаламыз: «Оның мінезі жібектей», «Мына ой терең, әрі жарқын», «Маған сенің батыл ойың ұнайды».
Адам метафораға жолыққанда тек таным үрдісі ғана емес, түйсіну үрдісі де кең ашылады.
Психологиялық герменевтика облысындағы белгілі маман А.А.Брудный Ирвинг Дж. Лиге сүйене отырып, «түсіну» сөзінің жеті мағынасын көрсетеді:
Түсіну 1 – берілген немесе таңдалған бағыт бойынша жүру (темір жол кестесін түсіну, бұйрықты орындау және т.б.).
Түсіну 2 – болжам жасауға қабілеттілік. Біреу айтқан ойлар, тілектердің салдары қандай болатынын болжау.
Түсіну 3 – сөздік эквивалент беру қабілеті.
Түсіну 4 – іс-әрекет бағдарламасын сәйкестендіру.
Түсіну 5 – мәселені шешуден тұрады.
Түсіну 6 – оңтайлы жауап беруге қабілеттілік.
Түсіну 7 – пайымдауды дұрыс жүзеге асыруға қабілеттіліктің жүзеге асуы, яғни жағдайларды соған ұқсастарынан ажырату, нысанға немесе жағдайға сай әрекет ету. «Түсіну – біздің концептуалдық ойлауымыздың жаңа құбылыстар жиынтығына бейімделуін білдіреді, - дейді В.Гейзенберг».
И.В.Вачковтың пікірі бойынша, метафораны психологиялық-педагогикалық тұрғыдан түсінуде, С.Л.Рубинштейннің еңбектеріне сүйенген жөн. Ол мәтінді түсіну үшін барлық бөлшектерді басқа қырынан қарау керек дегенді айтады. Рубинштейннің өзі ұсынған имплициттік және эксплициттік принцип тұрғысынан түсінудің ашылуы метафораны қабылдауды талдау үшін айрықша жағдайды тудырады. Метафораны түсінбеуден түсінуге өту мүлдем жаңа ойлау жұмысын білдіреді - өйткені метафорадағы семантикалық элементтер негізгі контекстке тікелей мағынамен еніп отырған жоқ. С.Л.Рубинштейн мәтінді түсіну үшін берілген контексттегі олардың астары көрінетіндей қырынан қарау керек дегенді атап көрсетеді.
Метафораға жолыққан субъектінің белсенділігі неден тұрады?
Рубинштейн бойынша іс-әрекет – белсенділіктің жалғыз формасы ғана емес. Нысандардың және іс-әрекеттің мағынасын ашатын танымнан басқа, белсенділіктің тағы бір формасын – осының негізінде субъектінің болмысты ерекше бейнеде қабылдауын, тереңнен көруін (созерцание) ескеру қажет.
Баланың қиялы, философиялық тұжырымдар, мінсіз нысандарды математикада қолдану, көркем шығармашылық – бұлар бар болғаны белсенді сипаттағы терең көрудің түрлі әдістері. Метафорада бейнеленетін болмыстың қатынастарының үлгісі түрлі нысандар арасындағы күрделі байланыстарды терең ашу құралдары болып табылады.
Метафораға жолыққанда субъект алған ақпаратты, түйсінген мазмұнды өзінің санасының құрылымдарымен салғастырады; ол жаңа білімді осы сәтке дейін қалыптасқан когнитивтік жүйеге орналастырады. Ал метафораны интерпретациялағанда, ол қабылданған мағынаға жеке өзінің - қатынасын қосады. Мысалы, тренингтік сабақта бір қатысушының айтқан сөзі: «Өмір көлік тәрізді: біреулерге соңғы үлгідегі, ал біреулерге – ескілері тиеді». Осы метафораны қабылдаған бір қатысушы «N үшін өмір тек көлікпен байланысты» - дейді, себебі оның когнитивтік жүйесінде қазіргі таңда жемісті, сәтті болу үшін жақсы көлік мінудің аса маңыздылығы жайында түсінік қалыптасқан. Ал басқа қатысушы ол метафораны басқаша түсінеді: «Әлбетте N мен тәрізді өмірдегі жақсы нәрселерден құр қалып жүретін болуы керек». Міне, осы жерде түсінудің интерпретациядан айырмашылығы байқалады: түсіну мәтіннің мағыналық аймағы мен субъектінің семантикалық кеңістігінің арасында ұқсастықтың (изоморфизм) пайда болуынан тұрады; ал интерпретацияның ондай ұқсастықпен еш байланысы жоқ, керісінше ол метафора болып қабылданатын контексттермен және субъект санасының концепттерімен анықталады.
Субъект басқа адам үшін мәтіннің мағыналық мазмұнын жаңғыртса, ол түсіндіру дегенді білдіреді. Алайда, бұл жерде түсіндірудің екі типі жайында айтып кеткен жөн: бастапқы мәтінде сол қалпында жеткізу түсінгенін жеткізу, ал метафораны өзінің көзқарасы тұрғысынан жеткізу - өзінің интерпретациясын түсіндіру болып табылады.
А.Н.Славская тұлғаны интерпретация субъектісі ретінде қарастырған монографиясында интерпретацияға мынадай анықтама береді: « ... болмысты оның барлық әлеуметтік үрдістері, оқиғаларының, құрылымдарының, адамдық қарым-қатынастарының, қылықтарының, тұлғалардың және өз өмірінің тұтас жиынтығын жеке-дара талқылау».
Өзін және әлемді субъектінің түсінуін және түсіндіруін білдіретін, құндылық-мағыналық конструкттің формасын қабылдайтын, тұлғаның өзіндік ішкі субъектілік әлемін құруы интерпретацияның маңызды қызметіне жатады.
Субъектілік адамның экологиялық әлемінің кеңеюімен байланысты, яғни пайымдаулардың, қатынастардың және әрекеттердің жаңа кеңістігіне шығуды білдіреді. Олай болса, психологиялық тренингтегі субъектілік тәсілді жүзеге асыруда метафоризацияны басты принцип ретінде алуға болады.
Психологиялық тренингтегі жүргізуші мен қатысушылардың арасындағы өзара әрекеттестік олардың ортақ семантикалық кеңістігін неғұрлым шынайы әрі жылдам туғызуға мүмкіндік беретін сипаттамалары болуы керек шығар. Семантикалық кеңістік түрлі адамдардың санасындағы көптеген мағынасы бойынша сәйкес келетін элементтерді білдіреді. Мысалы, «үй» сөзі босқын, құрылысшы, эколог және шаруа үшін түрлі мағынаны білдіреді. Біз бір нәрсе жайында айтуымыз, бірақ түрлі семантикалық кеңістіктегі сәйкессіздікте тұрғандықтан бір-бірімізді түсінбеуіміз мүмкін.
Психолог-тренер мен қатысушылардың өзара әрекетінде қолданылатын метафораның ерекшеліктері неден тұрады?
Біріншіден, метафора ойлаудың түбінде жатады және ойлауды дамыту үшін қолдануға болады.
Тіпті ғылыми ойлаудың өзі де метафорасыз жүзеге аспайды. Ал практикалық психологияда метафора аса қажет.
Екіншіден, метафора түрлі білім салаларының және бір адамның тілінен келесі адамның тіліне аударудың керемет байланыс құралы болып табылады.
Егер біз клиенттің шығармашылық ойлауының дамуына көмектескіміз келсе, онда оларға түрлі білім аймақтарының арасына өздігінен «көпір салуды» жиі ұсынуымыз керек. Мысалы, ертегі кейіпкерлерін іскерліктегі қиындықтарды ашу үшін немесе отбасылық қарым-қатынастарды күрделі сұрақтарды қолдану арқылы ашуға болады.
Үшіншіден, өзіндік сана мен субъектілікті дамытудың тиімді құралы болып табылады.
К.Юнг бойынша нақ осы метафораларды және символдарды құру қабілеті адамның маңызын ашатын, адамға ғана тән ерекше сипат: «Жер бетіндегі ешбір тірі жан өзі мен табиғат арасында символикалық орта құра алмайды».
Төртіншіден, метафора «жұмсарту», ауырсынатын ақпаратты жеңілдету сапасына ие. Жағымсыз мінез-құлық формалары, маңызды құндылықтар, адамгершілік нормалары жайлы қатысушыларға маңызды ақпаратты беруге мүмкіндік береді (оны қолданғанда ешқандай мораль немесе пафос болмайды).
Психологиялық ықпал етудің басқа құралдарына қарағанда метафора арағұрлым жұмсақ әрекет етеді.
Психолог метафораны тек вербалдық конструкция формасында ғана қолданбайды. Оның балалармен және үлкендермен жұмыста қолданатын жаттығулары, ойындары, психологиялық техникалары шындығында метафора - өйткені олар бір зат туралы басқа заттың белгілері арқылы сөйлейді.
Бесіншіден, метафора бір адамнан екінші адамға жасырын мағыналарды тасымалдайды.
Метафоралық бейне қарапайым заттарға басқаша көзбен қарау және ол мағыналарды оларды тудырған саладан әлдеқайда кең ауқымда қарастыру қасиетіне ие.
Алтыншыдан, метафора қиялдаудың шығармашылық қорларын оятады.
Тренингке қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ұмтылған психолог қиялдауға сүйену керек.
Жетіншіден, метафора жүргізуші мен қатысушылар әлемдерінің бейнелерін жақындастырады.
Тек түсіну ғана емес, сөзбен жеткізілуі қиын жүйеге өзара терең бойлауға, қабылдауға, көңілін бағдарлауға, ашықтыққа жол ашылады.
Әрине, метафораны қолданудың тәсілдерін жан-жақты меңгерген психолог-маман тренингтегі қатысушылардың жастарын, жыныстарын, этномәдени және т.б. факторларды есепке ала отырып, жұмыс ауқымында өте тиімді пайдалана алуы үшін алдын ала мұқият дайындалуы қажеттігі дау тудырмайтынын біз тікелей тәжірибе барысында да аңғардық.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Брудный А.А. Психологическая герменевтика. - М.: «Лабиринт», 1998.
2. Лотман Ю.М. Несколько мыслей о типологии культур // Языки культуры и проблемы переводимости. – М.: 1987.
3. Миллс Д., Кроули Р. Терапевтические метафоры для детей и «внутреннего ребенка». – М.: Класс, 1999.
4. Петренко В.Ф. Основы психосемантики. – Смоленск: Изд-во СГУ, 1997.
5. Славская А.Н. Личность как субъект интерпретации. – Дубна: Феникс+, 2002.
6. Вачков И.В. Психология тренинговой работы: Содержательные, организационные и методические аспекты ведения тренинговой группы. – М.: Эксмо, 2007.
7. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. – СПб., 2001.
ТҮЙІНДЕМЕ
Психологиялық тренингтегі метафоризацияның кейбір ерекшеліктері қарастырылады.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается некоторые особенности метафоризации психологическом тренинге.
МУЗЫКОТЕРАПИЯ В МЕЖЛИЧНОСТНОМ ОБЩЕНИИ
Касымова Г.М. - к.пс.н., доц., Агибаева Г.Е. - аспирант
(г. Алматы. Казгосженпу)
Актуальность исследования обусловлено тем, что быстрое и мозаичное изменение окружающего мира меняет отношение человека к данной среде, к другим людям и к самому себе, оно становится дисгармоничным, внутреннее психологическое состояние не стабильным. Поэтому, в настоящее время актуальной проблемой исследования является потеря целостности личности и его внутренние противоречия.
Для того чтобы найти причину деформации целостности личности нами был сделан анализ термина «культура». Так Абрам Моль в своем труде «Социодинамика культуры» определяет культуру как интеллектуальный аспект искусственной среды, которую человек создает в ходе своей социальной жизни. Как пишет автор, культура является абстрактным элементом окружающего мира. Роль культуры состоит в том, что она дает человеку «экран понятий», на которой он проецирует и с которым он сопоставляет свои восприятия внешнего мира.
Автор делит культуру на два типа: традиционная культура и современная, которую он называет «мозаичной культурой».
У традиционной культуры этот «экран понятий» имел рациональную «сетчатую» структуру, обладавшую, так сказать, почти геометрической правильностью. В традиционной культуре мир разбивался на упорядоченную систему подчиненных друг другу и четко определенных категорий.
Современная культура предлагает для такого сопоставления экран, похожий на массу волокон, сцепленных как попало, - длинных коротких, толстых, тонких, размещенных почти в полном беспорядке. Этот экран вырабатывается в результате погружения индивидуума в поток разрозненных, в принципе никак иерархически не упорядоченных сообщений – он знает понемногу обо всем на свете, но структурность его мышления крайне ограниченна.
Структура нашего сознания в слишком сильной степени является отражением окружающего мира, чтобы происшедшие в этом мире коренные перемены могли пройти бесследно для нашей культуры.
Современный человек открывает для себя окружающий мир по законам случая, в процессе проб и ошибок. Современная культура есть итог ежедневно воздействующего на нас непрерывного, обильного и беспорядочного потока случайных сведений. Мы усваиваем её через средства массовой коммуникации – печать, кино, радио, телевидение, Интернет, беседуя с окружающими, - через всю эту захлестывающую нас массу источников, от которых в памяти остаются лишь мимолетные впечатления и осколки знаний и идей.
«Экран культуры», отмечает Моль, сегодня уже не выглядит как упорядоченная сеть первостепенных и второстепенных признаков, похожая на паутину или ткань. Обрывки мыслей группируются по прихоти повседневной жизни, захлестывающей нас потоками информации, из которых мы фактически наугад выбираем отдельные сообщения/5;22/.
Это приводит к беспорядочному образу мышления и не сбалансированному внутреннему состоянию человека.
Некоторые люди оказываются не в состоянии приспособиться к требованиям общества и эффективно функционировать в нем. Стрессы и конфликты в повседневной жизни могут вызвать и поддерживать патологические формы поведения. Самым важным теоретическим рассуждением данной статьи является - каким способом можно помочь людям повысить свою компетентность, уменьшить проявление недостаточно адаптивного поведения и достичь позитивных личностных изменений.
Согласна Адлеровской теории, человеческое поведение происходит в социальном контексте, и суть человеческой природы можно постичь только через понимание социальных отношений. Следовательно, что у каждого человека есть естественное чувство общности, или социальный интерес, - врожденное стремление вступать во взаимные социальные отношения сотрудничества. Адлер считал, что поведение всегда зависит от мнения людей о себе и об окружении, в которое они должны вписываться.
В концепции Адлера, человек представляет собой неделимое целое как в отношении взаимосвязи между мозгом и телом, так и в отношении психической жизни /7;182/ .
Признавая значение наследственности и окружающей среды в формировании личности, Адлер говорил о том, что индивидуум – нечто большее, чем только продукт этих двух влияний. Он считал, что люди обладают творческой силой, которая обеспечивает возможность распоряжаться своей жизнью, - свободная, осознанная активность является определяющей чертой человека. Эта творческая сила влияет на каждую грань человеческого опыта: восприятие, память, воображение, фантазию и мечты. Она делает каждого человека самоопределяющимся индивидуумом, архитектором своей собственной жизни.
Творческая сила дает людям возможность формировать цели, принимать решения и выстраивать различные жизненные планы, сопоставимыми с целями и ценностями.
Именно эта убежденность в творческой природе и свободе человека дает нам возможность использовать музыкотерапевтические методы для развития и формирования творческой силы личности.
Музыкальная терапия далеко продвинулась в исследовании влияния музыкального опыта на развитие личности так, как основы музыкальной терапии заключаются в воздействии музыки на человека и на межличностное общение.
Психологическая обусловленность применения музыкальной терапии в психокоррекционной работе с группами лиц связана с исследованиями Д. Кирнарской, О.А. Ворожцовой, В.И. Петрушина, Г.Г. Декер-Фойтта и других, в которых раскрывается суть терапевтического воздействия музыки на поведение человека.
Многочисленные данные этномузыкознания свидетельствуют о том, что музыкальная деятельность древнего человека была неразрывно связана с опытом социального общения: в ходе разнообразных ритуалов, праздников, церемоний музыка служила обобщенным коммуникативным сигналом – знаком, значение которого расшифровывалось в контексте данной культуры /1;31/.
Социальный смысл ситуации, в рамках которой музыка звучала и получала определенную интерпретацию, обуславливал и значение музыки. Музыка переживалась в качестве своеобразного эмоционального стимула, свертывающего на себе значение социальной ситуации /4;63/.
Музыка как внешняя причина внутренних психологических переживаний связывает внутренний мир личности и духовный опыт человечества. Во время звучания музыкального произведения психологические события разворачиваются во внутреннем мире человека. Именно здесь кроется механизм восприятия музыки как откровения /8;9/.
В своих исследованиях Г. Пихт пришел к выводу, что без музыки общество не способно быть подлинно гуманным, поскольку именно музыка, участвуя в формировании жизненно важной культурной окружающей среды, и создает человека. По мнению Пихта, человек отличается от животного тем, что у него есть специфическая среда существования, которая идеально соответствует его собственной природе. В репродуцирующей самое себя культуре исследователь видит «вторую природу» человека. Данные культурно-исторические перспективы используются и Германом Рауе в качестве довода, подтверждающего идею необходимости музыки для человеческого индивидуума, для его личной истории. В своей статье «Зачем человеку музыка?» Рауе указывает на то, что для отдельных личностей значение музыки возросло. В музыке он видит средство, способное защитить от «расщепления» духа, души и тела, которое угрожает человеку настоящего в результате как внешних, так и идущих изнутри разрушительных процессов.
Греческое слово schezein означает «расщеплять» и является корнем слова schizoide «расщепленный изнутри». Это свойство человека связана с такими чувствами, как тоска по доверительным отношениям, слиянию и близости. Большинство современных социальных теорий примкнули к психологическим концепциям западного общества, характеризующего и даже формирующего человека как «шизоидно-нарциссическое», духовно расщепленное существо /2;12/.
В связи с этим К. Лэш, в своих исследованиях, отмечает те моменты, когда отдельно взятая личность «запирается» в инфантильной отрешенности от любых явлений окружающего мира, избегая эмоциональных, социальных и моральных связей с остальными людьми. Люди постепенно деградируют, сводя свои жизненные цели к задачам примитивного выживания. Следовательно, по мнению Г.Г. Декер-Фойтта, появляется тоска по общению с другими людьми. Однако общение, как определяет Ю. Фритц, это не просто встреча людей друг с другом, обмен реакциями, сигналами, а также общение предполагает обмен чувствами. По этому поводу С.Л. Рубинштейн отмечает, что общение это отношение к другому человеку, к людям, которое составляет основную ткань человеческой жизни, её сердцевину. Психологический анализ человеческой жизни, направленный на раскрытие отношений к другим людям, составляет ядро подлинно жизненной психологии. Поскольку отношение – это не только обобщенный эмоциональный отклик личности на человека (в виде любви, ненависти, симпатии, неприязни и др.) или на какую-то общность, но и произошедшая во время встреч с ними интеграция результатов, познания их, то коммуникативное ядро личности всегда оказывается обусловленным и этими последними характеристиками, точно так же как присутствие их обнаруживается в социальной части картины мира, которая имеется у человека, а также в тех поступках и в том поведении, которые отличаются у него, когда он по разным поводам вступает в контакты с другими людьми.
Решение проблемы общения относится к числу острых и актуальных задач психологии, а также и музыкальной терапии. В связи с этим возникла необходимость исследования методов музыкальной терапии.
Являясь частью терапии искусством, музыкотерапия сама в настоящее время расслоилась на несколько относительно независимых групп методов. Наиболее употребительной является классификация Е. Галинска. По мнению ученого, всю совокупность методик музыкотерапии в зависимости от их преимущественного лечебного воздействия можно разбить на семь групп:
-
Методы, способствующие эмоциональной активации, а также отреагированию.
-
Тренинговые методы (чаще всего используются в рамках бихевиоральной психотерапии).
-
Методы, способствующие релаксации (спектр их применения особенно широк, он может распространяться практически на всю медицину).
-
Коммуникативные навыки.
-
Творческие методы, представляющие собой различные виды импровизации – двигательной, вокальной, инструментальной.
-
Психологические методы (медитативные, созерцательные, экстатические и др.).
-
Музыкальный тренинг чувствительности.
При этом методы с первого по третий чаще всего соответствуют рецептивной форме, а остальные – активной.
Что касается рецептивных форм музыкотерапии, то, как правило, целями её является коммуникативное, реактивное либо регулятивное воздействие на личность человека.
Активные же формы способствуют выражению невербализованных проблем, активации самовыражения в целом /3;74/.
В процессе музыкального творчества – импровизации на заданные темы – происходит более полное познание человеком самого себя, своих способностей и возможностей, формируются навыки невербального, чувственного контакта с окружающим миром, более глубокая идентификация и слияние с ним. Нахождение в процессе творчества своего неповторимого «Я» /6;74/.
Таким образом, в музыке заложены широчайшие возможности общения. И это позволяет нам использовать все методы музыкальной терапии с целью гармонизовать внутреннее психологическое состояние человека.
ЛИТЕРАТУРА
-
Ворожцова О.А. Музыка и Игра в детской психотерапии. М., 2004.
-
Декер-Фойтт Г.Г. Введение в музыкотерапию. Питер 2003.
-
Зыкова М.И. Фольклоротерапия. М., 2004.
-
Кирнарская Д. Музыкальное восприятие. М.,1997.
-
Моль А. Социодинамика культуры. М.,
-
Петрушин В.И. Музыкальная психотерапия. М, 2000.
-
Хьелл Л., Зиглер Д. Теории личности. 3-е международное издание. Питер 2006.
-
Подуровский В.М., Суслова Н.В. Психологическая коррекция музыкально-педагогической деятельности. М., 2001.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада психологиялық зерттеу мақсатында музыканың адамға және адам арасындағы қарым-қатынасқа тигізетін әсері қарастырылған.
РЕЗЮМЕ
????????????
ЗАҢГЕР МЕН ПСИХОЛОГ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАСИЕТТЕРІ МЕН СИПАТЫ
Құрбанова И. психология магистрі, оқытушы
(Алматы қ., Қазмемқызпу)
Танымдық әрекеттерге келесі процестер жатады: сенсорлы, перцертивті, мнемиқалық, интеллектуалды. Танымдық процестердің бірлігінде олардың үзіліссіз байланыстары жүзеге асады. Қылмыстық, азаматтық процестердің қатысушылары және де куәгерлердің, куәлік етуін дұрыс бағалау үшін, танымдық процестердің қасиеттерін, негізгі заңдылықтарын білу қажет. Куәгердің, жәбірленушінің, күдіктінің, айыпталушылардың беретін жауаптарының материалдарын тіркеу оны жинау мен ақпараттарды өңдеу түйсік пен қабылдау, физиологиялық негізін құрайтын сезім органдары әрекеттерінен басталады. Берілетін жауаптардың қалыптасуына әсер ететін, түйсіну қасиеті - бұл біріншіден, адамдар ажырататын, ең төменгі тітіркену күшімен анықталатын, сезгіштік анализаторлары. Сонымен қатар, екі стимул арасындағы ең төменгі айырмашылықтар, түйсінуді өзгерістерге ұшыратуға қабілетті. Ең төменгі тітіркену күші – түйсінудің төменгі абсолютті табалдырығы / түйсіну табалдырығы төмен болған сайын, сезгіштік жоғары /, ал – тітіркенудің жоғарғы күшімен анықталатын, түйсінудің жоғарғы абсолютті табалдырығы / түйсінуге адекватты/ одан жоғарылау ауырсыну сезімдерін туғызады. Жасқа және басқа жағдайларға байланыстысезгіштік анализаторлары өзгереді, оның өткірлігі 20-30 жасқа қарай жоғарлайды. Сезгіштіктің уақытша ауытқуларына әсер ететін факторлар, тәуліктің мезгілі, сыртқы тітіркендіргіштер, психикалық жағдай т.б. Мысалы: куәгер, айыпталушының сезімдерін сипатын бағалау үшін субъектіге басқа тітіркендіргіштің әсерлері /ішімдіктің, нашаның, фармакологиялық заттардың/ болмағандығын анықтау қажет.Бұл жағдайлар жауап алу, тергеу эксперименттері кезінде ескерілуі қажет. Мысалы, айыпталушының кереңдік стимуляциясын вибрациялық сезгіштігін зерттей оның жалғандығын, оның арт жағынан еденге бір затты тастау арқылы оның реакциясын байқауға болады. Естуі бұзылған вибрациялық сезгіштігі дұрыс адам бұл тітіркендіргішке жауап береді, ал стимулянт бұл тітіркендіргішке жауап бермейді. Сезгіштік анализаторлары төмен тітіркендіргіштер жоғарлайды, ал қатты әсерлерден төмендейді. Бұл заңдылықты субъект куәгерді, сотты шатастыру мақсатында “қараңғы болған” деп тұжырымдағанда ескеру қажет. Адам 3-5 минуттан соң қараңғыға үйренеді, заттарды айыра алады, 20-30 минут қараңғыда бағдарлай алу үшін жеткілікті.Абсолютті қараңғы жағдайда болу жарықты сезіну анализаторын 40 минутта 200 есе жоғарлатады. Иіс сезу, сипап сезу /тактильді/ анализаторларының бейімділігі жоғары, көру және дәм сезу анализаторларында төмендеу. Сезім органдарының қызметіне субъектінің жүйке жүйесінің типі елеулі әсер етеді. Жүйке жүйесі күшті адамдарда төзімділік пен тұрақтылық, ал жүйке жүйесі әлсіз типтерде сезімталдықтың жоғарылығы анықталады (Б.М. Теплов, А.Р.Лурия). Аутотренингтің көмегімен сөздік нұсқаулар арқылы субъекттінің қызығушылығын, мақсатын өзгерте отырып сезгіштік анализаторларының жоғарлату немесе төмендетуге, іс-әрекеттің мақсаты мен міндеттеріне бағындыруға қол жеткізуге болады.
Адаптация (бейімделу) – берілген заңдылық сезгіштік анализатордың өзгергіштігінен, тітіркендіргіштің ұзақ әсер етуінен сезгіштік табалдырығының төмендеуі немесе жоғарлауы немесе тітіркендіргіштің ұзақ әсер ету процесінде толығымен жойылып кетуінен байқалады. Бейімделудің бұл түрлері негативті деп аталады. Мысалы: жағымсыз әсер ету қараңғыда әсіресе көмескі жарықта, жарыққа бейімделуге әкеледі. Мұндай жағдайда автокөлік жүргізушілерінің реакция уақыты жоғарлайды, қозғалушы объектілердің локализациясы нашарлайды. Қараңғылыққа бейімделу - миға қараңғылықтағы көзден берілетін сигналдың тежелуіне әкеледі. Мұндай тежелу адамның затты кешіктіріп көруіне әкеледі, бұл кейде авто көліктердің қарқынды қозғалысты жолдарда апатты жағдайлардың пайда болуына әкеледі. Қабылдау процесі мен оның нәтижесі қабылдау объектісіне де, қабылдаушының тұлғаның/ қажеттілігі, қызығушылығы, мүмкіндігі т.б./ индивидуалды ерекшеліктеріне де байланысты. Күндізгі немесе электр жарығымен сәулелендірілген, алыстан байқалатын объект, қабылдаушының көзінде оған жақындаған сайын өзгереді (әр түрлі қалыптарда, әр түрлі бұрышта, әр түрлі ауа-райы жағдайларында). Түс, дыбыс, иіс, заттың формасы және құбылыстардың көп немесе аз мөлшерде байқалуы тұлғаның зейіні мен мақсатына байланысты. Адамның айналасындағы болып жатқан жағдайларды бағдарлай алуы мен қабылданған объектілердің мақсатын түсінуі өмірлік тәжірибемен оның негізі болып ес, ұғыну, пайымдау арқылы іске асады. Мысалы: тергеуші, өліктің денесінің басының қатерлі жарақатын қарап, айыпталушыдан алынған қылмыс құралын зерттеуі қажет. Қылмыс құралының негізгі қасиеттерін анықтап, зиян келтірілудің нақты бас-ми жарақатының конфигурациясын анықтау. Толық ауқымды қабылдау- затты толықтай және бөлшектей жобалау сезім мен ойлау бірліктеріне байланысты. Қабылдаудың сезінуден айырмашылығы қабылдау нәтижесінде заттың, құбылыстың толық бейнесі қалыптасады, сондай-ақ қылмыста. Осындай заңдылықтар күшіне сәйкес, адам ақпараттардың жеткіліксіз болу себептерінен жеткіліксіз элементтерді өзі толықтыруға тырысады. Бұл қате пікірлердің қалыптасуына әкеледі.Сол себепті куәгерлерді тергеу кезінде тек олардың көргендерін, естігендерін ғана емес, олардың тұжырымдарының неге негізделетіндігіне, қабылданған объектінің қасиетіне аса назар аудару қажет. Куәгердің, айыпталушының, күдіктінің қабылдауында иллюзия (жалған, қате) орын алуы мүмкін. Оның себептері:
1)бақылаудың ерекше жағдайларда өтуі /бір көзбен, саңылау арқылы және т.б./
2) көрген бейнелерді қате ұғыну мен жалған пайымдау.
3) көру процесіне қатысты әр түрлі анализаторлардың жеке ерекшеліктері
мен көздің оптикалық жетілмеуі салдарынан / сетчатка, жүйке
рефлекстері/. Алыстан көре алмау (близорукость), алыстан көргіштік
(дальнозоркость), көздің қызыл, қызғылт, көк, көкшіл түстерді айыра
алмауы (далтонизм) көру аппаратының басқа да кемістігіне байланысты.
Қабылдаудың константлығына /тұрақтылығына/ аффекті, стресс жағдайлары кері әсерін тігізеді. Сол себепті куәгерді тергеу барысында, қабылданған объектінің ерекшеліктерін ғана емес, оның хал-жағдайы мен перцептивті әрекетінің қандай жағдайда өткендігін анықтаған соң оның тұжырымдарына баға беруге болады /заттың түсіне, көлеміне, т.б. қасиеттеріне/.Перцептивті әрекеттердің ішіндегі жеке заттарды қабылдаумен салыстырғанда күрделі болып кеңістікті қабылдау табылады. Кеңістікті қабылдау негізі болып вестибулярлық /сезім мүшелері/ әрекет пен көздің қозғаушы аппараттары, көздің бинокулярлы /екі көзбен бірдей көру/ қабылдауының қатысуы, көру осьтерінен берілетін ақпараттан белгіленген затқа бұлшық еттің күшеюі (конвергенция) және хрусталиктің жалтару қасиетінің өзгеруінен қисықтығын өзгерту жолын сезіну (аккомодация) табылады. Кеңістікті қабылдауда көру анализаторлары мен бірге есту, тактильді, кинестетикалық анализаторлар іске қосылады. Кеңістікті қабылдаудың нақтылығына тәжірибенің әсері үлкен.
Уақытты қабылдау – бұл адамның санасында шынайы құбылыстардың жүйелігі, ұзақтығы, жылдамдығының бейнеленуі.Бұл адамның уақытты бағдарлауы. Тергеу практикасына сәйкес куәгердің, айыпталушының, жәбірленушінің уақытты қабылдауы көбіне эмоциялық, психикалық қысым жағдайларында өтуі оқиғаның жүйелігінің бұрмалануына әсерін тигізеді. Мысалы бұл жағдайларды куәгердің тергеу барысында қылмыстың жасалу кезінде аффект жағдайында болғандығын бақылауға болады. Тергеу экспериментері барсында айыпталышыға (куәгерге, жәбірленушіге) қажетті кезеңде ол немен айналысқанын, сол іс-әрекеттерді қайта жаңғырту талап етіледі. Сонымен қатар хронометрлеу /уақытты белгілеу/ жүргізіледі.
Қимыл-қозғалысты қабылдау – бұл адам санасында кеңістікте заттың орнының: оның жылдамдығы, шапшаңдығы мен бағытының бейнеленуі. Мысалы: көлік апатын тергеу. Мұндай жағдайда куәгерлер авто көліктің жылдамдығы жайлы апат нәтижесіне немесе болған динамикалық жағдайға байланысты айтады. Деформацияланған көлікке, адамның өлі денесіне, қанға, тормоздың дауысына, қатты соққы жылдамдықты қабылдаудың маңызын мүлдем өзгертуі, қате тұжырымдарға әкелуі әбден мүмкін.
Ес – тұлғаның индивидуалды дамуы үшін маңызды, психикалық процестердің бірі. Заңгердің кәсіби әрекетінде естің алатын орны ерекше. Оның есте сақтауы ауқымды көлеммен ерекшеленуі, есте сақтаудың мықтылығы, қажетті жағдайларды нақты қайта жаңғыртуы, қажетті ақпараттарды жылдам еске түсірумен ерекшеленеді. Куәгерлік түсінік беруді қалыптастыруда ес басты рөлді атқарады. Куәгерлердің, айыпталушының, жәбірленушінің еске түсірулерінен есте сақтаудың, қайта жаңғыртудың заңдылықтары туралы білімдерін қолдана отырып қажетті ақпаратты алу тергеуші, прокурор, адвакат, соттың басты кәсіби қасиеті болып табылады.
Ойлау мен қиял. Әр түрлі таным процестері ішінде обьективті шындықты адам санасында бейнелейтін жоғарғы және күрделі процесс болып ойлау табылады. Әрбір әрекеттің мақсатқа жетуі үшін, соның қажеттілігін сезінуі және оның іске асуына мүмкіндік жасауы қажет.Ойлаудың белсенділігінсіз мақсатқа жету мүмкін емес екендігін сезіну,субъектінің алға қойған мақсатының іске асуы үшін ойлау процесінің стимулы маңызды болып табылады. Мысалы, тергеуші күрделі қылмыстық істі алғанда, өзінің ерік-жігерін, санасын да қылмысты ашуға бағдарлауы қажет.
Қиял – бұл адамның санасында бар тәжірибелер мен білімдер негізінде жаңа бейнелер мен құбылыстардың пайда болатын психикалық процесс. Тергеушінің қылмысты ашуға бағытталған іс-әрекетінде, қиял процесі маңызды орынды алады. Қажетті ақпараттың жетіспешілігі, жағдайдың анықталмағаны іздестіріліп жатқан қылмыскердің бейнесі мен жасалған қылмыстың механизмдерінің ойда қайта қалыптастыруын туғызады. Қиялдың көмегімен, куәгерге ойлаудың белсендігін арттыру нәтижесінде жеткіліксіз ақпараттарды толықтырып, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Қиялдауға бейімділіктің әсері куәлік дәлелдердің бұрмалануына әкеледі. Бұл эмоцияға берілгіш және әсершіл адамдарда кездеседі. Сондықтанда азаматтық және қылмыстық процеске қатысушы заңгерлердің мұны ескеруі қажет.
Зейін- адам санасының қоршаған ортадағы белгілі заттар мен құбылыстарға белсенді бағытталуы. Бұл өзінің кәсіби іс-әрекетін іске асыруға әсерін тигізеді. Азаматтық-қылмыстық процестің қатысушыларының зейінінің сапалы жағын заңгердің дұрыс анықтай алуы, олардың дәлелдерін объективті анықтауға мүмкіндік береді. Зейіннің деңгейіне адамның жалпы денсаулық жағдайы, психофизиологиялық құбылыстардың бұзылуы, шаршау, зейіннің тұрақтылығының төмендеуі, зейіннің шашыраңқылығы әсер етеді.
Әрбір адамның тұлғалық ерекшеліктерін айқындайтын маңызды құрылымдық компонент болып темперамент пен мінез табылады. Құқық қорғау іс-әрекеттерінің өзінің ерекшеліктері бар. Ол заңгердің темпераменті, жүйке жүйесіне, психикасына белгіленген талаптар қояды. Бұл факторлардың орындалмауы,жағымсыз психикаға әсерін тигізетін тітіркендіргіштердің көптігіне психологиялық дайын болмау, кейбір темпераменгт типін қажетсіз жүйке-психикалық қысымның жоғарлауына, әр түрлі психосоматикалық ауытқуларға әкеледі. Осыған байланысты адамның темпераментіне, жүйке жүйесінің негізгі динамикалық қасиетіне байланысты оның қандай іс-әрекетке қабілетті екендігін көруге болады. Осыған байланысты қызметке кәсіби іріктеу, кәсіби бағдарлау арқылы алынуы қажет. Осыған сәйкес, әдебиеттерде барлық іс-әрекеттермен сәтті шұғылдануға болатындығы айтылады. А.Р.Ратинов тергеу іс-әрекеттері үшін маңызды жүйке жүйесі типі мен темперамент типін анықтауды қажетсіз, себебі әртүрлі жағдайларды жоғары деңгейде әртүрлі темперамент типтері атқарады. Темпераменті адам өзінің мінезіне бағындынра алады. Темпераменттің қасиеті қылмыстың жасалу әдістерінде, шұғыл жағдайларда импульсивті әрекеттердің жасалуы саналы еріктік регуляцияға бағынбайтындығынан байқалады. Темпераменттің қасиеттері шиелініскен конфликті сипаттарында, сыртқы ортадан жасыру мүмкін емес,эмоцияның аффективті сипат көрінісінен анық көрінеді (денсаулыққа ауыр зардап тигізу, адам өлтіру т.б.).
Мінез- бұл адамның өмірінде, айналасындағылар мен қарым-қатынасында байқалатын адамның мінез-құлқының тұрақты индивидуалды психологиялық қасиеттерінің жиынтығы. Адамның мінезін білу арқылы оның кездейсоқ жағдайларда өзін қалай ұстайтындығын анықтауға болады. Мысалы, субъектінің өзін қалай ұстағандығына, қалай қылмыс жасағандығына байланысты, оның мінезін анықтап, осыған байланысты тергеу, іздестіру жұмыстарын, жаза тағайындау мен түзету жұмыстарын таңдап алуға болады.
Қылмыстық /азаматтық/ процеске қатысушылардың мінезін зерттеуде тергеушінің /соттың/ жүргізетін әрекеттері:
1). Қылмыстың жасалу механизмдері мен оның себебін түпкілікті анықтау.
Айыпталушының мінезі тұрылы ақпарат, оның қылмысты жасауының объективті жағын, кінәлінің ниетін, қылмыстың жасалу мотивін,тұлғаның эмоцилық ерекшеліктері, жүйке-психикалық тұрақсыздығы, жеңілтектік, жоғарғы агрессивтілігінің себебін бағалауға қолданылуы мүмкін.
2). Тергеу барысында жауап алу мақсаттары үшін. Жауап берушінің мінезіне байланысты әр түрлі жауап алу әдістері қолданылады. Нейтралды сұрақтардан нақты дәлелді қолдана берілетін, кінәліні әшкерілейтін, жалғандығын анықтайтын сұрақтар қолданылады. Тергеушінің айыпталушының мінезін білуі қылмыскерді ұстауда, тінту жүргізуде, көзбе-көз беттестіруде оның маңызды шешім қабылдауына септігін тигізеді.
3). Азаматтарға, әсіресе жазасын өтеу мекемелерінде, заңгерлердің жүргізетін тәрбие және түзету жұмыстарында мінез бітістерінің аса жағымсыз жақтарын анықтауы /эпилептоидті, гипертимді, параноялды т.б./ индивидуалды әдісті қолдануға мүмкіндік береді.
Адамның мінез акцентуациясы мәселелері тек психолог мамандары үшін ғана емес заңгерлер әсіресе, қылмыспен күрес жүргізу мекемелері үшін де маңызды. Акцентуацияның негізі болып дені сау адамның мінезінің кей қасиеттерінің қатты өзгеруі немесе акцентуациясы психопатияның шегінде тұруы, тек субъектіге белгілі бір күрделі жағдайларда, оның мінезінің типіне қарсы тұру қажеттілігінің төмендігіне талаптың жоғары болғанында ғана анық байқалады (А.Е.Личко). Гипертимді – тез қозғыш мінез типті субъектілер үшін, оның қасиеттері (белсенділік, ширақтық /подвижность/, аса көпшілдік, лидер болуға ұмтылу) жағымсыз әлеуметтік әсерлерден, тәрбиенің ақсауынан қозғыш типтер келеңсіз топтың әсеріне тез қосылады /құмар ойындар, ішімдік ішу т.с.с./. Мұндай мінез типтері құрдастары арасында көзге түсу, беделін арттыру үшін, топтық бұзақылыққа бару және құқық бұзушықтың басшысы болу, оны негізгі мақсаттарды іске асыру және қауіп-қатерді сезіну үшін жасауы мүмкін.Әртүрлі мінез акцентуацияларын, олардың ерекшеліктері мен көріністерінің заңдылыңтарын білу қылмысқа қатыстылардың әрекеттеріне тек сауатты баға беру ғана емес, құқыққа қарсы әрекеттердің механизмін түсінуге мүмкіндік береді.
ӘДЕБИЕТТЕР
1) Еникеев М.Е. «Основый общей и юридической психологий» Москва-1997г.
2) Еникеев М.Е. «Психология преступление следственно поисковый деятелности» Москва-1990г.
3) Романов В.В. «Юридическая психология» Москва-1998г
4)Чуфаровский Ю.М. «Юидическая психология» Москва-1998г
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада заң психологиясындағы таным процестерінің ерекшеліктері мен маңызы қарастырылады
РЕЗЮМЕ
Особенности и содержание позновательных процессов в юридической психологии.
Достарыңызбен бөлісу: |