«Қазақ тілінің тарихы» ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар семей 2014 Мазмұны


Натуралистік немесе биологиялық бағыт



бет2/5
Дата12.06.2016
өлшемі0.72 Mb.
#129327
1   2   3   4   5

Натуралистік немесе биологиялық бағыт. Натурализм латынның натура (жаратылыс) деген сөзінен шыққан. Натурализм жеке ағым ретінде көркем әдебиетте, өнерде, ғылымда 19 ғасырдың екінші жартысында Дарвин ілімінің әсерінен пайда болды.

Ғылымда натуралистер деп аталатындар – қоғамдық құбылыстарды зерттеуде жаратылыс заңдарын басшылыққа алып, мәселені соған негіздеп шешуге ұмтылушылар. Тіл біліміндегі натурализм көрнекті неміс ғалымы, Россия Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Август Шлейхер (1821-1869) есімімен байланысты. Август Шлейхер - салыстырмалы-тарихи тіл білімінде тіл философиясын қалыптастырушылардың, тіл фактілерін салыстыруда дыбыс құбылыстарының заңдылықтарын қатал сақтауды талап етушілердің, үндіеуропалық ататілді мүсіндеушілердің, тілдердің типологиялық ұқсастығы мен генеалогиялық бірліктерін жан-жаұқты талдаушылардың ең көрнектілерінің бірі. Ол славян, балтық, неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикаларын жазудағы зерттеулері арқылы тіл білімін теориялық жағынан дамытты, оның бағыт-бағдарына едәуір ықпал жасады. Салыстырмалы-тарихи әдісті жетілдіре, оның нысанын айқындай түсумен бірге, Август Шлейхер 19 ғасырда туған тіл философиясының да көрнекті өкілі болды. Көптеген пайдалы істерімен қатар ол тіл біліміне бірсыпыра концепциялар да енгізді. Ол тіл білімінде натуралистік көзқарасты қалыптастырды. Оның натуралистік көзқарасы «Лингвистикалық салыстырмалы зерттеу», «Неміс тілі», «Дарвин теориясы және тіл білімі» дейтін еңбектерінен толық көрінеді.



Жас грамматикалық бағыт. Жас грамматикалық бағыт (младограмматизм) 19ғасырдың 70-жылдарынан бастап қалыптасты. Алғаш Германияда туғанымен, көп ұзамай оған тілектес, пікірлестер әр елден табылып, өте тез өркен жайды. Францияда М.Бреаль, Швейцарияда Ф.де Соссюр, Америкада Уитни, Италияда Г.И.Асколи, Россияда Ф.Ф. Фортунатов бастаған Мәскеу лингвистикалық мектебі мен Бодуэн де Куртенэ бастаған Қазан лингвистикалық мектептері болды.

Бұл ағым өкілдері салыстырмалы-тарихи тіл білімінің өздеріне дейінгі өкілдерін «бұлар – жорамалға толы қапырық шеберханада үнді-еуропалық ататілді мүсіндеушілер» деп кекетіп, тіл ғалымдарын сол «сасық шеберхананы» тастап, жаңа жол табуға шақырған болатын. Олардың осы қызбалықтарына, албырттықтарына қарап, неміс лингвисі Ф.Царнке оларды «жас грамматистер» деп әжуалаған еді. Осы әжуа ат бірте-біртелингвистикалық мектептің аты болып қалыптасты.

Жас грамматистік көзқарасты қалыптастырушылар Бругман, Остгоф, Дельбрюк, Пауль, т.б. Лейпциг университетінің тіл ғалымдары болғандықтан, кейін ол Лейпциг лингвистикалық мектебі деп аталады.

Жас грамматистер мектебі өз зерттеулеріне екі түрлі принципті негіз етті. Оның бірі – тарихи принцип те, екіншісі – психологизм принципі. Осы себептен де жас грамматикалық бағытты кейде психологиялық салыстырмалы-тарихи тіл білімі деп те атайды.



Мәскеу лингвистикалық мектебі. Мәскеу лингвистикалық мектебін 19ғасырдың 70-80жылдарында Мәскеу университетінің ғалымдары қалыптастырды. Оны басқарған сол кездегі орыс тілі білімінің көрнекті ғалымдарының бірі – академик Филипп Федорович Фортунатов (1848-1914). Ол Германияда, Францияда, Англияда болып, жас грамматикалық бағыттағы көрнекті ғалымдардың лекциясын тыңдаған, өзі де осы бағытты қуаттаған, компаративистиканың Россиядағы көрнекті өкілі болған, Үндіеуропа тілдерінің фонетикасын, морфологиясын зерттеп, бұл салада біраз еңбектер берген.

Бұл мектеп құрамында орыс тілі білімінің көрнекті өкілдері академик Алексей Александрович Шахматов (1864-1920), Александр Матвеевич Пешковский (1878-1933), т.б. болды.

Мәскеу лингвистикалық мектебі, негізінде Лейпциг жас грамматистерінің Россиядағы қолдаушылары болды. Бұлар да индивидуалдық психолингвизмді өздерінің методологиялық негізгі принципі деп санады. Лейпциг мектебі сияқты бұлар да тілдің фонетикалық заңын өз зерттеулеріне әрдайым есепке алып отыруға ерекше мән берді. Бұлардың концепциялары, көп жағдайда психологизм принципіне негізделді.

Мәскеу лингвистикалық мектебі лингвистикалық бағыт ретінде 20ғасырдың 30-жылдарына дейін, Н.Я. Маррдың «Тіл туралы жаңа ілім» деп аталатын мектебі үстемдік алғанға дейін өмір сүрді.



Қазан лингвистикалық мектебі. Бұл Қазан қаласындағы университетте 19 ғасырдың аяқ кезінде қалыптасты. Оған дем беруші – поляк-орыс тіл ғалымы, Қазан университетінің профессоры Иван Александрович Бодуэн де Куртенэ (1845-1929). Ол жалпы тілдік теориялық мәселелермен көбірек айналысқан.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  • Амирова Т.А. Олбховиков Б.А., Рождественский Ю.В. Очерки по истории лингвистики.М., 1975

  • Ахманова О.С. Основные направления лингвистического структурализма. М., 1985

  • Березин Ф.М. История лингвистических учении. М., 1978

  • Березин Ф.М., Головин Б.Н. Общее языкознание. М., 1979

  • Гумбольдт В.А. Избранные труды по языкознанию. М., 1984

  • Бодуэн де Крутенэ Избранные труды по языкознанию. М., 1984

  • Звегинцев В.А. Внутренные законы развития языка. М., 1985

  • Кодухов В.И. Общее языкознани. М., 1974

  • Қордабаев Т.Р., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі, А., 2004

  • Лингвистический энциклопедичесуий словарь. М., 1990



9,10-ДӘРІС

ТАҚЫРЫБЫ:ХХ ғасыр тіл білімі және структурализм

Дәріс жоспары:

1.ХХ ғасыр тіл біліміндегі бағыттар

2.Неолингвизм мектебі.

3.Эстетизмдер мектебі



Лингвистикалық мектептер. Қазіргі заман тіл білімі жас грамматистерге қарсы күресте туып қалыптасты. 19ғасырдың соңғы он жылы мен 20ғасырдың бас кезінен бастап Батыс Еуропа тіл білімінде жас грамматистік бағыт қатты сынға алынды, зерттеудің жаңа әдісі, бұрынғыдан өзгеше амал-тәсілдері іздестірілді. Әр елде, әр жерде жас грамматизмге қарсы лингвистикалық мектептер пайда болды. Олардың қатарына «Сөздер мен заттар», «Эстетизм», «Социологизм» деп аталатын мектептерді жатқызуға болады. Жас грамматизм бағытын сынауда бұлардың өкілдері бірауызды болғандарымен, тілдің өзіндік сипатын, мәнін айқындауға келгенде, әрқайсысының өзіндік көзқарастары, ұстаған жолдары болды.
Сөздер мен заттар. Бұл - тіл білімі тарихында жас грамматикалық бағыттан біржола және үзілді-кесілді бас тарту ұранын тұңғыш көтерген мектеп. Оның өкілдері 1909 жылдан бастап Рудольф Мерингердің (1859-1931) басқаруымен шыға бастаған (Австрияда) «Сөздер мен заттар» деп аталатын журнал төңірегінде топтасқандықтан, соның атымен аталған (журнал 20ғасырдың 40-жылдарына дейін шығып тұрды). Бұл мектептің ең көрнекті өкілі – роман тілдері мен жалпы тіл білімінің маманы Австрия тіл ғалымы Гуго Шухардт (1842-1927).

Эстетизм. 20 ғасырдың бас кезінде Батыс Еуропада жас грамматизм бағытына қарсы бағытта пайда болған лингвистикалық мектептің тағы бір түрі – эстетизм немесе эстетикалық лингвистика.Оның қалыптастырушысы – неміс ғалымы, роман тілінің маманы, әрі әдебиетші, Мюнхен университетінің профессоры Карл Фосслер (1872-1949).

Неолингвизм. (гр. neos – жаңа және лингвистика атауларының бірігуінен туған). Неолингвизм де жас граматизм бағытына қарсы 20 ғасырдың бас кезінде қалыптасқан лингвистикалық мектеп. Неолингвистика деген атауды бұл мектеп өкілдері өздерін жас грамматизм бағытынан мейлінше бөлек етіп көрсету үшін қолданған. Бұл мектеп Италияда қалыптасты. Оның негізін салушылар Маттео Джулио Бартоли (1873-1946), Джулиано Бонфанте (1904 ж.), В.Пизани (1899 ж) т.б.

Социологиялық бағыттың Франциядағы көрнекті өкілдері – Поль Лафарг (1842-1911), Ф. Де Соссюр (1857-1913), А.Мейе (1866-1936), Ж.Вандриес (1875-1960), Э.Бенвенист (1902).



Фердинанд де Соссюр – Швейцария тіл ғалымы, Париж, кейін Женева университеттерінің профессоры. Жоғары білімді Лейпциг университетінен алған. Ф. де Соссюрді, әдетте, тіл біліміндегі социологиялық мектептің негізін салушы деп санайды. Бірақ оның ғылыми мұраларын бір ғана ағым, бір ғана мектеп я көзқарас шеңберінде қарауға болмайды. Оның теориялық өрісі өте кең, жан-жақты. Ол өзінің еңбектері арқылы тіл ғылымы дамуының жаңа дәуірін ашқан, қазіргі заман тіл білімі дамуының ең басты проблемаларын айқындап, оған бағыт-бағдар сілтеген, жан-жақты ойланылған біртұтас жүйелі лингвистикалық концепция жасаған адам. Ғалымның көптеген теориялық тұжырымдары бірсыпыра елдердегі лингвистикалық ой-пікірлер дамуына күні бүгінгі дейін күшті әсерін тегізуде.

Ф. де Соссюр атына байланыстыратын тағы бір мәселе – зерттеудің синхрондық және диахрондық түрлері.Ол тіл білімін синхрондық лингвистика, диахрондық лингвистика деп екіге бөледі.

Синхрондық лингвистика тілдің ішкі жүйесін зерттейді де, диахрония бір – біріне байланыста алынған тілдік элементтердің тарихын зерттейді.Тілдің ішкі механизмі дейтініміз – тілдік жүйе.Тілдік жүйенің сырын ашу тек синхрондық зерттеудің ғана қолынан келеді.Сондықтан синхрондық лингвистика диахрондық лингвистикадан маңыздырақ.Ол – тілдің белгілі бір дәуірдегі күйі туралы теория.Синхрония тілдік жүйе құрайтын элементтердің бір – бірімен логикалық, психологиялық қарым – қатынастарын талдайды.

Сөйтіп, Ф.де Соссюр тілді зерттеудің сипаттама (синхрония) және тарихи (диахрония) әдістерін бір – біріне қарама – қарсы қояды.Синхрония тілдік жүйенің сырын ашады, диахрония тілдік жүйені бұзады, оны өзара байланысы жоқ, бөлек – бөлек фактілердің жиынтығына айналдырады деп қарайды.Тіл ғалымдарының басым көпшілігі Ф. Де Соссюрдің бұл пікірін тіл тарихының мәнін елемегендік деп санайды.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  • Амирова Т.А. Олбховиков Б.А., Рождественский Ю.В. Очерки по истории лингвистики.М., 1975

  • Ахманова О.С. Основные направления лингвистического структурализма. М., 1985

  • Березин Ф.М. История лингвистических учении. М., 1978

  • Березин Ф.М., Головин Б.Н. Общее языкознание. М., 1979

  • Гумбольдт В.А. Избранные труды по языкознанию. М., 1984

  • Бодуэн де Крутенэ Избранные труды по языкознанию. М., 1984

  • Звегинцев В.А. Внутренные законы развития языка. М., 1985

  • Кодухов В.И. Общее языкознани. М., 1974

  • Қордабаев Т.Р., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі, А., 2004

  • Лингвистический энциклопедичесуий словарь. М., 1990

11,12-дәріс

Тақырыбы: Структуралық тіл білімі.

Дәріс жоспары:

Структуралық тіл білімі

Негізін салушылар


20 ғасырдың алғашқы жартысында дүниеге келген тілдік мектептердің ең көрнекті және кең тарағандарының бірі – структуралық тіл білімі деп аталатын бағыт.Бұл мектеп салыстырмалы – тарихи тіл біліміне, оның бір бұтағы жас грамматикалық мектепте қарсы бағытта туып қалыптасты.

Структуралық тіл білімінің немесе структуралық әдістің дүниеге келуінің ішкі – сыртқы себептері бар.Ең негізгісі 20 ғасыр ғылымы дамуында пайда болған жаңа бағыт.19 ғасыр ғылымының негізгі сипаты тәжірибе арқылы бақылаудан туған фактілерді есепке алу, сипаттау болса, 20 ғасыр ғылымы олардың өзіндік мәнін, ішкі заңдылықтарын, зерттеліп отырған нысанның құрылым ерекшелігін, оны құрайтын элементтердің арақатынасын, бір – бірімен байланысын, бір – біріне тигізетін әсерлерін ашуға тырысады.

20 ғасырдың бас кезінен бастап философия, жаратылыстану, әдебиеттану, тарих, эстетика, психология, социология, этногафия сияқты бірсыпыра ғылымдарда өз пәнін өзара шарттас, біріне – бірі тәуелді элементтерден тұратын күрделі біртұтас құрылым деп санап, оны осы тұрғыдан зертеу талабы күшейді.Бұл тіл біліміне де әсер етті.Сонымен бірге, жалпы ғылымның, оның жаңа түрлері – кибернетиканың, математикалық логиканың дамуы, электрондық машиналардың пайда болуы, оны тіл біліміне қолдану талабының өсуі, тілдің практикалық қызметінің бірден – бірге күрделене түсуі структурализм бағытының тууына себепші болды.

Структуралдық бағыттың көпшілікке танылған үш мектебі болды: Прага (Чехословакияда), Копенгаген (Данияда) мектептері және дескриптивтік мектеп (Америкада).Кейін келе бұл бағыт басқа елдерге де тарады. Структурализм мектептерін біріктіретін ортақ бағыт, проблемалар мыналар:

1. Структурализм мектептерінің барлығы да тілді ішкі элементтері бір – бірімен байланысты, тұтас жүйе, бір бүтін құрылым деп санайды.Тіл білімінің міндеті – тілдің құрылымын – структурасын зерттеу дейді.Бұл бағыттың структуралық лингвистика деп аталуы да осыдан.

2. Жас грамматистер тілді зерттеуде тек дифферренциялық принципті қолданса, тілдік элементтерді бір – біріне байланыссыз жеке зерттесе, структуралистер тілдік элементтерді бір – біріне байланыста, тұтастықта қарайтын интеграциялық принципті қолданады.Тілдің құрылымдық элементтерін зерттеуде лингвистикалық сипаттау әдістемесін қолдануға шешуші мән берді.

3. Үш мектептің үшеуі де құрылымдық, құрамдық элементтерге жіктелушілік және олардың бір – бірімен ішкі байланысы тілдің ең негізгі қасиеті, тіл білімінің негізгі міндеті – тілдің құрылымдық элементтері арасындағы байланысты талдау – тіл білімінің тек өзіне ғана тән, оның бірден бір нысаны деп біледі.

4. Структурализм мектептерінің барлығы да Ф. Де Соссюрдің ізімен тілді таңбалар жүйесі деп санайды.

5. Структурализм мектептері синхрония, диахрония проблемасына да мән берді.Синхрондық зерттеу – тіл жүйесінің ішкі механизмін ашуда шешуші рөл атқарады деп, оны бірінші орынға қояды (Прагалықтардан басқалары).

І. Прага мектебі. Бұл мектеп өзіндік бағыты бар лингвистикалық үйірме ретінде 1926 жылы қалыптасқан.Оны қалыптастырушы чех ғалымы профессор В.Матезиус (1882-1945). Үйірме құрамында Б.Гавранек, Б.Трнка, В.Скаличка, орыс эмигранттары С.Карцевский, Р.Якобсон, Н.Трубецкой, т.б. болған.

Үйірме 1929 жылдан бастап «Прага лингвистикалық үйірмесінің еңбектері» деген жинақ шығарып тұрды.Мектептің теориялық бағдарламасының мазмұны «Прага лингвистикалық үйірмесінің тезисі» деген атпен осы жинақтың бірінші томында жарияланды.

Бұлар тіл білімінің негізгі нысаны – тілдің құрылым жүйесі мен тілдік элеметтердің қызметін зерттеу дегенді баса айтты.Әрбір элемент өзінің тілдік жүйеде атқаратын қызметіне қарай бағалану керек, тіл дегеніміз – функционалдық жүйе, белгілі бір мақсат үшін қолданылатын тілдік таңбалардың жүйесі, тіл білімінің міндеті осы жүйені тілдің барлық қабатынан – фонологиядан, морфологиядан, синтаксистен, лексикадан да табу және олардың әрқайсысының өзіндік сипаттарын айқындау деп санайды.Тілдік элементтердің қызметін бірінші орынға қоятындықтарына қарап, бұл мектепті Прагалық функционалды лингвистика деп те атайды.

Функционалдық лингвистика өкілдерінің әрқайсысы әр түрлі проблемамен айналысты.Солардың ішінде олардың жақсы зерттеп, айтарлықтай табысқа жеткен саласы – фонология.Фонологияны олар функционалды лингвистиканың ең жетекші пәні деп санады.Бұл мәселеде Прагалықтар Бодуэн де Куртенэнің фонема туралы ілімін басшылыққа алып, оны ілгері дамытты.Бұл салада әсіресе Н.С.Трубецкойдың атқарған рөлі, ғылыми табысы елеулі болды.Ол өзінің «Фонологияның негізі» (бұл еңбек автор қайтыс болғаннан кейін 1939 жылы неміс тілінде басылып шықты, 1960 жылы орыс тіліне аударылды) деген еңбегінде әр түрлі тілдердің екі жүзге жуық Фонологиялық жүйесін сипаттайды.Фонетика мен Фонология тіл білімінің тең дәрежедегі екі саласы: фонетика сөйлеу дыбыстарын, Фонология тіл дыбыстарын зерттейді. Прага мектебі тілдік элементтердің арақатынасын зерттеуде, алдымен, сол қарым – қатынас көрсеткіштерінің (элементтердің) өзіндік сипатына ерекше мән беру керек, қарым – қатынас пен сол қарым – қатынасқа түсетін материал мен формалар өзара байланысты болатындығын естен шығармау керек дейді.



Копенгаген структуралық мектебі. Бұл мектеп өкілдері өздерін компаративистикалық бағыттығылардан бөлектеу үшін гректің глосса деген сөзі негізінде глоссематиктер деп атады.Осы атау арқылы олар өздерінің тек тіл біліміне ғана тән мәселелермен айналысатын, тілдің ғылымдарарлық нысандарына жуымайтын зерттеушілер екендіктерін байқатқысы келді.

  • Глоссемантикалық бағытты қалыптастырушы және оған дем беруші Дания тіл ғалымы профессар Луи Ельмслев (1899-1965). Бұл мектептің теориялық негізін белгілеген алғашқы еңбек – Ельмслевтің 1928 жылы жарияланған «Жалпы грамматиканың негіздері» атты кітабы. Глоссематиктер 1933 жылдан бастап Прага мектебімен бірлесіп, «Тіл білімі жөніндегі еңбектер» атты журнал шығарып тұрған. Журнал структуалистердің халықаралық органы деп жарияланды. Осы журналдың бірінші санында жарияланған глоссематик Вигго Брендальдің «Структуалдық лингвистика» деген мақаласы Ельмслевтің кейінірек те жарияланған «Лингвистикадағы структуалық талдау әдісі», «Тіл теорияларының негіздері», «Тіл теориясына кіріспе» деген мақалаларында (бұл орыс тіліне аударылған) глоссематиканың негізгі ұстанған бағыттарыны кең баяндалған.

III. Дескриптивтік мектеп 20 ғасырдың 20-жылдарында Америкада қалыптасқан. Мектепті қалыптастырушылар АҚШ тіл білімінің классиктері профессорлар Эдуард Сепир (1884-1939), Леонард Блумфилд (1887-1949). Бұл структурализмді қалыптастыруда екеуінің атқарған рөлі мен ұстанған принциптері бір емес. Сондықтан бұл екеуі қазіргі АҚШ тіл біліміндегі – этнографиялық, структуралық деп аталатын екі мектептің дем берушілері болып саналады.

Америка структурализмі дескриптивтік мектеп немесе дескриптивтік әдіс деп те аталады. Бұл әдіс бойынша, тілдің белгілі бір дәуірдегі күйі, статикалық қалпы эмпирикалық тәсіл бойынша сипатталады, ондағы өзгеріс-құбылыстар. Даму, тарих дегендер ескерімейді.

Дескриптивтік мектеп – тілдік мәтіндерді талдаудың әдіс-тәсілдерін қалыптастыру, жетілдіру, лингвистикалық терминдерді айқындау мәселелеріне ерекше мән берді.

Америка структуралистеріне бірден-бір материал болған және сол әдістің дүниеге келуіне себепші болған үндістер тілдерін ең алғаш зерттеген адам – Американың көрнекті тіл ғалымы белгілі антрополог Франц Боас (1858-1942).

Леонард Блумфилд өз зерттеулерінде бихевиоризмдік (мінез-құлық) психологияның концепцияларын басшылыққа алды. Бұларша, психология тек мінез-құлықты ғана зерттеу керек, ал, мінез-құлық дегеніміз – организмнің сыртқы реакциясының жиынтығы, реакция қоршаған орта туғызатын стимулдар арқылы механистік жолмен пайда болады.

Леонард Блумфилд те өз ілімін механистік теория деп атады. Бихевиоризм механистік концепциясын сол күйінде сөйлеу процесін түсіндіруге белгілі бір жағдайға байланысты туатын реакциясы деп есептейді.

Дескриптивтік әдіс өз дамуының жоғары сатысына 20ғасырдың 40-50жылдары көтерілді. Леонард Блумфилдтің көрнекті шәкірттерінің бірі Э.Харрис 1951жылы «Структуралық лингвистиканың әдістері» деген монография жазды. Бұл еңбек Америка структуралистері зерттеулерінің жинақталған қорытындысы іспеттес. Онда дескриптивтік әдістің ең түйінді, өзекті мәселелері жан-жақты талданған.

Америка структуралистері өздерінің алдына жалпы тіл білімі теориясын дамыту міндетін емес, тілдік элементтерді оңай және тез табу, оларды есепке алып, қандай контексте қолданылатынын айқындау міндеттерін қойды.

Дескриптивистер тіл – ішкі, сыртқы байланыстары бар сигналдар жүйесі дейді де, тіл білімін металингвистика, микролингвистика деп екі салаға бөледі.

Металингвистика сөздік мінез-құлықтың сыртқы жағын зерттейді. Ол этнолингвистика, психолингвистика, социолингвистика, металингвистика, фонетика, паралингвистика (интонация, ымдау-нұсқау сияқтыларды зерттейді) деп аталатын салаларды қамтиды.

Микролингвистика сөздік сигналдарды сипаттайды, бірақ оны сипаттағанда металингвистикалық жайттарға, яғни сыртқы өмірмен байланысқа, тарих мәселелеріне, тілдің семантикалық жинағына көңіл аудармайды, оның материалдық жағын ғана зерттейді. Америка структуралистері зерттеудің негізгі әдістемесі ретінде дистрибуцияны алады (бөлу, жіктеу мәнінде). Тіл білімінде дистрибуция дегеннен белгілі бір тілдік элементтің сөйлеу прцесінде қолданылатын орны, контексі деген мағына түсініледі.

Этнографиялық лингвистика. Лингвистика тарихында тіл мәселелерін сол тілді қолданушы қауымның мәдени өмірімен, салт-сана, әдет-ғұрпымен байланыстыра зерттеушілік те болды. Бұл жөніндегі алғашқы пікір 18ғасырдың соңғы жартысында өмір сүрген неміс жазушысы және әдебиетшісі Иоганн Бердердің (1744-1803) поэзияға байланысты зерттеулерінде, одан кейінгі кезде Гумбольдт еңбектерінде кездеседі. Бірақ тіл мәселелерін мәдениет, әдет-ғұрып, салт-санамен байланыстыра зерттеуге ерекше көңіл бөлу, оны тіл білімінің күрделі проблемасы ретінде қарау 20ғасырдың 20-30-жылдарында белең алды. Қазіргі тіл білімінде осы негізде туып қалыптасқан екі бағыт бар: оның бірі – Америкада, екіншісі – Германияда.

Бұлардың екеуі де этнолингвистика деген шартты атаумен аталады. Оны Америкада қалыптастырушылар – Эдуард Сепир (1884-1939) мен Бенджамин Уорф (1897-1941). Америкалық этнолингвистика мектебінің теориялық негізі Эдуард Сепирдің «Тіл» (1921), «Лингвистиканың жайы» (1929), Бенджамин Уорфтың «Тіл, ойлау және шындық» (1956) деп аталатын жинаққа енген мақалаларында баяндалған.

Эдуард Сепир көтерген проблемалар тек этнолингвистикалық шеңберде ғана қалып қоймайды, ол үндістердің бірнеше тайпаларының тілдерін зерттеген, 20 ғасырдың 20-жылдары аяғына дейін тілдің құрылымы жөніндегі проблемалармен де шұғылданған, тілдердің типологиялық жіктелуі, әр түрлі әлеуметтік құбылыстармен байланысты мәселелері де Сепир еңбектерінің өзекті салалары.

Германия этнолингвистикалық мектебінің (кейде неогумбольдттық этнолингвистика деп те атайды) құрамына қазіргі неміс тіл ғалымдарының көпшілігі енеді. Мектепті қалыптастыруда Лео Вайсгербер көрнекті рөл атқарған. Бұл мектептің ұстаған жолы, теориялық негізі Л.Вайсгербердің 1950 жылы шыққан «Неміс тілінің күші туралы» деп аталатын төрт томдық еңбегінде баяндалған.

Бұл екі мектептің бір-бірімен жақы, ортақ жағы – екеуінің де тіл проблемаларын мәдениетпен, халықтың рухани өмірімен байланыстыра қарайтыны, екеуі де зерттеулерінде В.Гумбольдтың дүниені тану, білу процесінде тілдің атқаратын рөлі жөніндегі ілімін басшылыққа алады, соны әрқайсысы өз тұрғысынан дамытуға тырысады. Америка мектебі, Германия мектебі болсын біраз мәселелерде эстетизм, неолингвизм ағымдарымен, Г.Шумахер, К.Фосслер пікірлерімен үндеседі.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  • Амирова Т.А. Олбховиков Б.А., Рождественский Ю.В. Очерки по истории лингвистики.М., 1975

  • Ахманова О.С. Основные направления лингвистического структурализма. М., 1985

  • Березин Ф.М. История лингвистических учении. М., 1978

  • Березин Ф.М., Головин Б.Н. Общее языкознание. М., 1979

  • Гумбольдт В.А. Избранные труды по языкознанию. М., 1984

  • Бодуэн де Крутенэ Избранные труды по языкознанию. М., 1984

  • Звегинцев В.А. Внутренные законы развития языка. М., 1985

  • Кодухов В.И. Общее языкознани. М., 1974

  • Қордабаев Т.Р., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі, А., 2004

  • Лингвистический энциклопедичесуий словарь. М., 1990



13,14-ДӘРІС

ТАҚЫРЫБЫ: Кеңестік тіл білімі

Кеңестік тіл білімі

Дәріс жоспары:

1 ХХ ғасырдағы Кеңес тіл білімі

2 Кеңестік тіл білімінің өзіндік ерекшеліктері

3 Қазіргі орыс тілі теориясының қалыптасуы

4 Қазіргі орыс тіл біліміндегі функционалдық бағыт

5 Н.Я.Марр теориясына сын.

6 Әлеуметтік тіл білімінің қалыптасуы.

7 Е.Д.Поливановтың тіл білімі теориясы туралы еңбектері

Кеңес өкіметі жылдарында қалыптасқан Кеңестік тіл білімі көп салалы, жан – жақты дамыған, озық тіл біліміне айналды.Тіл білімінің бірсыпыра бағыттарында Кеңестік тіл білімі революциядан бұрынғы орыс тіл білімі дәстүрін жалғастырды.Әр түрлі мектептер мен бағыттар болғанымен,Кеңестік тіл білімі бірыңғай методологияға – маркстік философияға (диалектикалық материализм) негізделді.Кеңестік тіл білімі тілдің әлеуметтік табиғатын мойындай отырып, тілді қарым – қатынас құралы, сананың шындық өмірдегі көрінісі деп таныды.

20 ғасырдың 30-шы жылдарында Кеңестік жаңа тіл білімін қалыптастыру міндеті тұрған кезде оны қалыптастырушылардың басшысы ретінде академик Н.Я.Марр Кеңестік тіл білімі әлеміне көтерілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет