Кәсіпорынды сатып алу-сату шарты. Кәсіпорынды сатып алу-сату шартының бір түрі болып табылады. Оның мазмұнының ерекшелігі кәсіпорынның мүліктік кешен ретіндегі ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Кәсіпорынды сату тәртібі Қазақстан Республикасы АК 493-500-баптарында белгіленеді, одан басқа кәсіпорындарды сату қатынастарына жекешелендіру туралы заңнама қолданылады. Кәсіпорынды сату шарты бойынша сатушы тұтас алғанда кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алушының меншігіне беруге міндеттенеді, бұған сатушы басқа тұлғаларға беруге құқығы болмайтын құқықтар мен міндеттер косылмайды. Кәсіпорынды сатып алу-сату шартының тараптары болып сатушы және сатып алушы табылады, оларға азаматтық-құқықтық қатынастардың кез келген субъектілері - жеке және заңды тұл-ғалар жатады. Кәсіпорын кәсіпкерлік мақсаттарда пайдаланатын мүліктік кешен болатындығы осы құқықтық қатынастар қаты-сушыларының құрамына белгілі әсерін тигізу керек. Мысалы, жалпы тәртіп бойынша коммерциялық емес заңды тұлға кәсіпорын сатып алушы болмауы керек. Бұрын заңнамада кәсіпорынды сатып алушылар бір немесс өзге субъектілерге қатысты тікелей шектеу қойылмаған еді. Кәсіпорынды мемлекет мүлкіне айналдыру жағдайында, мемлекеттік кәсіпорынды сатып алушы рөлінде болуы мүмкін. Осы жағдайда азаматтық құқықтар мен міндеттер күрделі заңдық құрамнан пайда болады. Теориялық көзқарастан мемлекеттік кәсіпорынның оған қажетті өндірісті (кәсіпорынды) жеке кәсіп-керлерден сатып алу мүмкіншілігі жоққа шығарылмайды. Сол сияқты, уәкілетті орган — мемлекеттің өкілі белгілі салада мем-лекеттік кәсіпкерлікті ұйымдастыру мақсатында осындай тең құқықтылыққа, тепе-теңдікке негізделгсн құқықтық қатынастарға кірісе алады.Кәсіпорынды сату шартының нысанасы (заты) сатып алу-сату шарттарындай кәсіпорынды сату шартының нысанасы оның елеулі жағдайы болады. Олар негізінде нысана (кәсіпорынды сату шартында) анықтамайтын тәртіптердің кейбір ерекшеліктері бар. Кәсіпорын күрделі зат болып табылғандықтан, оған ҚР АК 121-бабында көзделген күрделі зат құрамын анықтаудың тәртібі қолданылады. Шарттың тараптары қандай мүлік кәсіпорынның құрамына кіретіндігін өздері белгілеуге құқылы. Бірақ ақырында (анықтау нәтижесінде) мүлік кейбір заттар алынғанына қарамастан кешен болып қала беруі керекМүліктік игіліктер болатын материалдық емес активтер (ҚР АК 115-бабы, 2-та.рмағы) дегеніміз -фирмалық атаулар, тауар белгілері қызмет көрсету белгілері және сатушыны оның өнімін дараландырудың өзге де құралдары. Осымен бірге оларға сату-шының лицензия негізінде пайда болған құқықтары да жатады. Қазіргі жағдайларда кәсіпорынның құрамында шығармашылық (интеллектуалдық) қызметтің нәтижелеріне құқықтар (өнеркәсіптік меншік) және басқа да айрықша құқықтар маңызды орын алуы мүмкін.Тиісті қызметпен айналысуға арнайы рұқсат (лицензия) беру негізінде алынған құқықтар, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, кәсіпорынды сатып алушыға ауыспауы тиіс. Кәсіпорынның құрамына борыштар кіруі мүмкін. Сондықтан кәсіпорынды сатуда дәстүрлі сатып алу-сатумен бірге өзінде борыш ауысуының элементі де бар. Әрине, бұүл айтылған шартты жасасу тәртібіне де әсерін тигізеді (ҚР АК 496-бабы).Тараптар шарт арқылы міндеттерін орындау және құқықтарын жүзеге асыру үшін кез келген мерзімдерін бекітуі мүмкін. Кәсіпорынды сату шарты жазбаша түрде жасалуы тиіс. Кәсіпорынды сату шарты мемлекеттік тіркелуге тиіс, тіркелген кезінен бастап жасалған болып есептеледі. Мемлекеттік тіркеудің талабын орындамау кәсіпорынды сату шартының жарамсыздығына әкеп соғады.Сатушы кәсіпорынның құрамына кіретін мүліктің барлығын, әрбір жеке заттарға немесе мүліктік объектілерге заңмен немесе шартпен койылатын талаптарын сақтап беруге міндетті. Сондықтан, кәсіпорынның жиынтығына қойылатын талаптар бар болатынын айта аламыз.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
-
Сатып алу – сату шартының түсінігі
-
Сатып алу- сату шартының мазмұны
-
Сатып алу – сату шартының түрлеріне жалпы сипаттама
Ұсынылатын әдебиет
1.Римское частное право. Учебник. Под ред. проф. И.Б. Новицкого. М; 1996.
2.Назарбаев Н. Казахстан – 2030. Послание Президента страны народу Казахстана. Алматы: 1997.
3.Басин Ю.Г. Общие положения нового гражданского законодательства. Учебник, т. 1. Алматы: 1996.
4.Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права. М; 1995.
5. Гражданское право. Учебник, часть 1. Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого, М;98.
6. Гражданское право. Учебник пособие (общая часть) том 1. Под ред. К.С. Мауленова, Г.И. Тулеугалиева.
Тақырып 2. Айырбас шарты.
-
Айырбас шартының түсінігі.
-
Айырбас шартының мазмұны.
1. Айырбас шарты бойынша тараптардың әрқайсысы шаруашылық жүргiзудi, оралымды басқаруды басқа тараптың меншiгiне бiр тауарды екiншiсiне айырбасқа беруге мiндеттенедi.
Айырбас шартына тиiсiнше сатып алу-сату шартының ережелерi қолданылады, өйткенi бұл осы тараудың ережелерiне және айырбас мәнiне қайшы келмейдi. Бұл орайда тараптардың әрқайсысы тауарды беруге мiндеттенетiн сатушы деп және айырбастап алуға мiндеттенетiн сатып алушы деп танылады. Осы көзделген ережелер, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе және ол тиiстi мiндеттемелер мәнiнен туындамаса, құқықтарды айырбастауға (жұмыстар, қызмет көрсетулер) қолданылады. Айырбас шарты бойынша баға мен шығындар:
1. Егер шарттан өзгеше туындамаса, айырбастауға жататын тауарлар бiр-бiрiне тең деп ұйғарылады, ал оларды беру мен қабылдап алу жөнiндегi шығындарды әрбiр жағдайда тиiстi мiндет жүктелетiн тарап жүзеге асырады.
2. Шартқа сәйкес айырбасталатын тауарлар бiр-бiрiне тең емес деп танылған жағдайда бағасы айырбастауға берiлетiн тауардың бағасынан кем тауарды беруге мiндеттенген тарап, егер шартта өзгеше тәртiп көзделмесе, тауар беру мiндетiн орындағанға дейiн немесе одан кейiн бағадағы айырманы тiкелей өзi төлеуге тиiс.
Айырбас шарты бойынша өзара тауар беру мiндеттемелерiн орындау шартқа сәйкес айырбасталатын тауарларды беру мерзiмдерi тұспа-тұс келмейтiн жағдайларда тауар беруге тиiстi тараптың тауарды беру мiндеттемелерiн басқа тарап тауар берген соң орындауына өзара мiндеттемелердi орындау туралы ережелер қолданылады.
Айырбасталатын тауарларға меншiк құқығының ауысуы заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, айырбасталатын тауарларға меншiк құқығы айырбас шарты бойынша сатып алушы болатын тараптарға тараптардың әрқайсысы тиiстi тауарларды беру мiндеттемелерiн орындағаннан кейiн бiр мезгiлде ауысады. Айырбас шарты бойынша сатып алынған тауарды алып қойғаны үшiн жауапкершiлiк :
-айырбас шарты бойынша сатып алынған тауарды үшiншi тұлғалар алып қойған тарап осы Кодекстiң 414-бабында көзделген негiздемелер болған кезде басқа тараптан оның айырбасқа алған тауарын, ал тауарды заттай алу мүмкiн болмаған жағдайда оның құнын қайтаруды талап етуге құқылы
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
-
Айырбас шартының баска шарттардан айырмашылығы
-
Айырбас шартының мазмұны
Ұсынылатын әдебиет
1. 1.Римское частное право. Учебник. Под ред. проф. И.Б. Новицкого. М; 1996.
2.Назарбаев Н. Казахстан – 2030. Послание Президента страны народу Казахстана. Алматы: 1997.
3.Басин Ю.Г. Общие положения нового гражданского законодательства. Учебник, т. 1. Алматы: 1996.
4.Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права. М; 1995.
5. Гражданское право. Учебник, часть 1. Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого, М;98.
6. Гражданское право. Учебник пособие (общая часть) том 1. Под ред. К.С. Мауленова, Г.И. Тулеугалиева.
Тақырып 3. Сыйға тарту.
1. Сыйға тарту шартының түсінігі.
2. Сыйға тарту шартының мазмұны.
1. Сыйға тарту шарты бойынша бiр тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының) меншiгiне затты немесе өзiне немесе үшiншi адамға мүлiктiк құқықты (талапты) тегiн бередi немесе беруге мiндеттенедi не оны өзiнiң немесе үшiншi тұлғаның алдындағы мүлiктiк мiндеттен босатады немесе босатуға мiндеттенедi. Затты немесе құқықты қарсы беру не қарсы мiндеттеме болған кезде шарт сыйға тарту шарты деп танылмайды. Мұндай шартқа осы Кодекстiң 160-бабының 2-тармағында көзделген ережелер қолданылады. Әлдекiмге затты немесе мүлiктiк құқықты тегiн беруге уәде ету не әлдекiмдi мүлiктiк мiндеттен (сыйға тартуға уәде беруден) босату сыйға тарту шарты болып танылады және егер уәде тиiстi нысанда (508-баптың 2-тармағы) жасалса және алдағы уақытта нақты тұлғаға затты немесе құқықты тегiн беру не оны мүлiктiк мiндеттен босатуға айқын ниет бiлдiрiлген болса, уәде берушiнi босатпай тастайды. Нақты сыйға тарту затын зат, құқық түрiнде көрсетпей-ақ, өзiнiң барлық мүлкiн немесе өзiнiң барлық мүлкiнiң бiр бөлiгiн сыйға тартуға уәде беру немесе мiндеттемеден босату жарамсыз болады. Сыйға тартушы қайтыс болғаннан кейiн сый алушыға сый берудi көздейтiн шарт жарамсыз болады. Мұндай сыйға тарту түрiне осы Кодекстiң мұрагерлiк туралы ережелерi қолданылады. Сый алушының сыйды алудан бас тартуы :
1. Сый алушы өзiне сый берiлгенге дейiн кез келген уақытта одан бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда сыйға тарту шарты бұзылған деп есептеледi.
2. Егер сыйға тарту шарты жазбаша түрде жасалса, сыйдан бас тарту да жазбаша түрде жасалуға тиiс. Сыйға тарту шарты тiркелген жағдайда сыйды алудан бас тарту да мемлекеттiк тiркелуге тиiс.
3. Егер сыйға тарту шарты жазбаша түрде жасалған болса, сый берушi сый алушыдан сыйды алудан бас тартқаны үшiн өзiне келтiрiлген нақты зиянды өтеуiн талап етуге құқылы.
Сыйға тарту шартының нысаны :
1. Сый алушыға сыймен қоса сыйға тарту көзделген жағдайларды қоспағанда, ауызша жасалуы мүмкiн. Сыйды беру оны тапсыру, символдық беру (кiлттердi табыс ету және т.б.) не құқық белгiлейтiн құжаттарды тапсыру арқылы жүзеге асырылады.
2. Қозғалмайтын мүлiктi сыйға тарту шарты:
1) заңды тұлға сый берушi болған және сыйдың құны заң актiлерiнде белгiленген он айлық есептiк көрсеткiштен асатын;
2) шартта алдағы уақытта сыйға тартуға уәде етiлген жағдайларда жазбаша түрде жасалуға тиiс.
Ауызша жасалған сыйға тарту шарты осы тармақта көзделген жағдайларда жарамсыз болады.
3. Қозғалмайтын мүлiктi сыйға тарту шарты мемлекеттiк тiркелуге тиiс.
Сыйға тартуға тыйым салу құны заң актiлерiнде белгiленген он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспайтын әдеттегi сыйлықтарды қоспағанда:
1) жас балалар мен iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған азаматтардың атынан олардың заңды өкiлдерiнiң;
2) емдеу, тәрбиелеу мекемелерiнiң, әлеуметтiк қорғау мекемелерiнiң және сол секiлдi мекемелердiң қызметкерлерiне олардың емдеуiндегi, асырауындағы не тәрбиесiндегi азаматтардың және осы азаматтардың зайыптары мен туыстарының;
3) мемлекеттiк қызметшiлерге олардың лауазымдық жағдайына байланысты немесе олардың қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты сыйға тартуға жол берiлмейдi.
Сыйға тартуды шектеу :
1. Заты шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығына жататын заңды тұлға, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, меншiк иесiнiң келiсiмiмен өзiнiң затын сыйлауға құқылы. Бұл шектеу құны заң актiлерiнде белгiленген он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспайтын әдеттегi сыйлықтарға қолданылмайды.
2. Бiрлескен ортақ меншiктегi мүлiктi сыйға тартуға бiрлескен меншiктiң барлық қатысушыларының келiсiмi бойынша осы Кодекстiң 220-бабында көзделген ережелердi сақтай отырып жол берiледi.
3. Өкiлдiң сыйға тартуға жасаған сенiмхатында сый алушы аталмаса және сыйға тартатын заты көрсетiлмесе, ол жарамсыз болады.
Сыйға тарту шартын орындаудан бас тарту:
1. Егер шарт жасалғаннан кейiн сый берушiнiң мүлiктiк немесе отбасылық жағдайы, не денсаулығы шартты жаңа жағдайларда орындау оның тұрмыс деңгейiнiң едәуiр нашарлауына әкеп соқтыратындай болып өзгерсе, сыйға тартушы келешекте сый алушыға зат немесе құқық беру уәдесiн немесе сый алушыны мүлiктiк мiндеттен босату уәдесiн қамтитын шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
2. Сыйға тартушы келешекте сый алушыға зат не құқық беру уәдесiн, не сый алушыны оған сыйға тартуды өзгерту құқығын берушi негiздемелер бойынша мүлiктiк мiндеттемеден босату уәдесiн қамтитын шартты орындаудан бас тартуға құқылы
Сыйға тартудың күшiн жою :
1. Егер сый алушы сыйға тартушының өмiрiне, оның отбасы мүшелерiнiң немесе жақын туыстарының бiреуiне қастандық жасаса не сый берушiге қасақана дене жарақатын салса, сыйға тартушы сыйға тартудың күшін жоюға құқылы.
Сый алушы сыйға тартушыны қасақана өлтiрген жағдайда сотта сыйға тартудың күшiн жоюды талап етуге сыйға тартушы мұрагерлерiнiң құқығы болады.
2. Егер сый алушының сыйға тартушы үшiн үлкен мүлiктiк емес құндылық болып саналатын сыйланған затты ұстауы оның бiржола жойылу қаупiн тудырса, сыйға тартушы сыйға тартудың күшiн сот тәртiбiмен жоюды талап етуге құқылы.
3. Сот мүдделi тұлғаның талап етуi бойынша, жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның оның кәсiпкерлiк қызметiне байланысты банкроттық туралы заң актiлерiнiң ережелерiн бұза отырып жасаған сыйға тартуының күшiн мұндай тұлғаны банкрот деп жариялаудың алдындағы бiр жыл iшiнде жоя алады.
4. Сыйға тарту шартында, сый берушi сый алушыдан ұзақ өмiр жүрген жағдайда, сыйға тартудың күшiн жою құқығы ескертiлуi мүмкін.
5. Сыйға тартудың күшi жойылған жағдайда, егер сыйланған зат сыйға тартудың күшi жойылған кезге дейiн сол күйiнде сақталса, сый алушы оны қайтаруға мiндеттi.
Сыйланған заттың кемшiлiктерi салдарынан зиян келтiру зардабы сыйланған заттың кемшiлiктерi салдарынан сый алушы азаматтың өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкіне келтiрiлген зиянды, егер бұл кемшiлiктер сый алушыға затты беруден бұрын пайда болғаны дәлелденсе және анық кемшiлiктер қатарына жатпаса, ал сыйға тартушы ол жөнiнде бiле тұра сый алушыға ескертпесе, ережелерге сәйкес сыйға тартушы өтеуге тиiс.
Сыйға тартуға уәде беру кезiндегi құқық мирасқорлығы сыйға тарту шарты бойынша сыйға тартуға уәде берiлген сый алушының құқықтары, егер сыйға тарту шартында өзгеше көзделмесе, оның мұрагерлерiне (құқық мирасқорларына) ауыспайды. Сыйға тартуға уәде берген сыйға тартушының мiндеттерi, егер сыйға тарту шартында өзгеше көзделмесе, оның мұрагерлерiне (құқық мирасқорларына) ауысады.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
1.Сыйға тарту шартының ұғымы
2. Сыйға тарту шартының мазмұны
3. Сыйға тарту шартының түрлеріне жалпы сипаттама
Ұсынылатын әдебиет
1. 1.Римское частное право. Учебник. Под ред. проф. И.Б. Новицкого. М; 1996.
2.Назарбаев Н. Казахстан – 2030. Послание Президента страны народу Казахстана. Алматы: 1997.
3.Басин Ю.Г. Общие положения нового гражданского законодательства. Учебник, т. 1. Алматы: 1996.
4.Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права. М; 1995.
5. Гражданское право. Учебник, часть 1. Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого, М;98.
6. Гражданское право. Учебник пособие (общая часть) том 1. Под ред. К.С. Мауленова, Г.И. Тулеугалиева.
Тақырып 4. Рента және өмір бойы асыруда ұстау
-
Рента және өмір бойы асырауда ұстау шарттарының жалпы ережелері.
-
Рента шартының түрлері
-
Тұрақты рента шарты.
-
Ғұмырлық рента шарты.
-
Өмір бойы асырауда ұстау шарты.
1.Рента шарты бойынша бір тарап (рента алушы) екінші тараптың (рента төлеушіге) меншігіне мүлік береді, ал рента төлеуші рента алған мүлікке айырбас ретінде рента алушыға белгілі бір ақша сомасы түрінде немесе оны ұстау үшін өзге де нысанда қаражат беру түрінде мезгіл-мезгіл рента төлеп отыруға міндеттелген. Рента шарты мүлікті иеліктен шығаруға арналған шарттардың бірі. Мүлік рента төлеуші меншігіне өтеді және бір уақтылы мүліктің кездейсоқ жойылуы немесе бүлінуі қаупі оны күтіп ұстау ауыртпалығы да оған ауысады (оның мойнында болады). Сөйтіп, рента шартының мазмұнында басқа сату сатып-алу, сыйға тарту т.б. шарттармен ұқсастықтары бар. Рентаның ерекшеліктерін тап өтетін болсақ, біріншіден, рента алушыда кәсіпкерлік тәуекел (қауіп) орын алады. Екіншіден, кәсіпкерді тіркеуге қатысты талаптар болмайды. Азаматтық кодекстің ерекше бөлімінің жобасында тұжырымдалған ренталық міндеттемелер бойынша рента алушысы коммерциялық ұйым бола алмайды. Сол сиякты кәсіпкер ретінде әрекет ететін азамат та ренталық міндеттеменің тарабы бола алмайды. Шартты пайдалану тұрақты және қажетті жо-ғары пайда табу кәсіпкерлік қызметке байланыссыз. Рента шарты бойынша мүлік едәуір көп көлемдерде берілуі мүмкін. Сол сияқты рентаны тек жеке қажеттер үшін қолдану да жоққа шығарылмайды. Егер мүлікте ерекше қасиеттер болса, онда меншік иесі өзіне еш қиындықсыз оны сата да алады. Сату бағасын да мүлік иесі болашақта алынуы мүмкін ренталық төлемдерді де ескере алады. Тараптар рента төленуі үшін берілген жылжымайтын мүлікке (жер учаскесіне, ғимаратқа, құрылысқа немесе өзге жылжымайтын мүлікке) рента ауыртпалық тудыратынын жоққа шығара алмайды. Егер рента төлеуші осындай мүлікті иелігінен шығарса, онда рента шарты бойынша оның міндеттемелері мүлікті иемденушіге өтеді. Бұл заңнамалық шешім негізде рента төлеушінің де рента алушының да мүдделерін ескереді. Болашақта рента алушы ҚР АК 533-бабы 2-тармағымен қарастырылған мүмкіншіліктерді пайдаланып құны аз емес мүлікті өзіне қайтарып алатынын жоққа шығармау керек. Ал, егер рента ауыртпалығы туралы 520-бабы нормасының әсерін жылжитын мүлікке де таратса, онда бұнымен рента төлеушінің құқықтары негізсіз кемсітіледі. Сондықтан, жылжитын мүлік иеліктен шығарылған кезде тараптардың катынасы ренталық міндеттеме көлемінде сақтала береді, одан асып шықпайды.Рента ауыртпалығының мүлікпен бірге еру (ауысу) сипаты болғаныменен, өмір бойы асырауда ұстау қатынастарын қоспағанда, онын заттық-құқықтық мінезі болмайды. Қозғалмайтын мүлікті беру рента төлеушіні толық міндеттемеден босатпайды. Егер заңнамамен немесе шартпен олардың ортақ бірлескен жауапкершілігі қарастырылмаса, онда алғашқы рента төлеушісі жаңа рента төлеушімен бірге субсидиарлық (қосымша) жауапкершілікті көтереді.Рента төленуін қамтамасыз ететін норманың міндетті мәні бар. ҚР АК 521-бабының 1-тармағына сәйкес, рента төле-нуі үшін жер бөлшегіне немесе өзге жылжымайтын мүлікке құқық (меншік құқығы) берілетін болса, рентаны алушы рента төлеуші міндетін қамтамасыз ету мақсатында сол мүлікке кепіл құқығына иеленеді. Рента төленуін өзге жолмен де қамтамасыз етуге болады, бірақ осы да аса қажеттілік болмауы мүмкін. Рента төленуі үшін жылжымайтын мүлік берілетін болса, заң міндеттеме орындалуды қамтамасыз ету түрін тікелей анықтамайды. Бірақ, әрине, бұл реттерде ең тиімді болып келетін тәсіл бұл рентаға берілетін немесе өзге мүліктің кепілі. Рента төленуін қамтамасыз ету міндеті баламалы болып келеді. Қамтамасыз ету орнына рента төлеушісі бұл міндеттемелерін орындамаудың немесе тиісті орындалмаудың қаупін (тәуекелін) рента алушының пайдасына сақтандыруға құқылы. Таңдау құқығы рента төлеушісінде болады, бұл баламалы міндеттеме орындалуының жалпы ережесіне сәйкес келеді (ҚР АК 285-бап).Ренталық міндеттемені орындамаған үшін жауапкершілік карастырылған. Азаматтық құқыққа жауапкершілікті қарастыратын нормалар әрқашан міндетті болып келеді, жауапкершілікті қолданудан бас тарту, туралы келісімдер жарамсыз болып келеді (ҚР АК 8-бабы 2-тармақ). Нақты рента шартының өзінде оны орындамау немесе тиісті орындамау үшін жауапкершілікті қарастыратын нормалар, ҚР АК 522-бабын қоспағанда, қарастырылмаған. Яғни, оған азаматтық құқықтағы жауапкершілік (шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін) туралы жалпы ережелср қолданылады.Рента төлеу мерзімін өткізіп алған рента төлеуші ҚР АК 522-бабына сәйкес тұрақсыздық төлемді (айыппұлды) төлейді, ол ҚР АК 353-бабына сәйкес өндіріледі.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасымсн рента шартының үш түрі көзделген: 1) тұрақты рента шарты; 2) ғұмырлық рента шарты; 3) өмір бойы асырауда ұсту шарты. Жалпы нормалар шарттың аталған үш түріне де қатысты болып табылады. Бұлардың әрқайсысының ерекшеліктері бар. Олар төлемдерін (асыраудың) нысанында, оның ең төмен мөлшерінде, мерзімдерінде көрініс табады. Сол сияқты олардың субъектілік қатары, олардағы құқықтық мирасқорлық және рентаны сатып алу құқығы, мүліктің кездейсоқ бүлінуінің немесе жойылуының ренталық қатынастарға әсері және басқасы ерекшеленеді. Рента шарттарын жіктеудің негіздері осымен шектелмейді. Тұрақты рента және ғұмырлық рента шарттары мүлік рента төлеушіге ақыға немесе тегін берілетініне, мүлік қозғалатын ба әлде қозғалмайтын ба, соған байланысты бөлінуі (жіктелуі) мүмкін.Өмір бойы асырауда ұстау шарты осы екі шарттан едәуір ерек-шеленеді. Онда фидуциарлық (сенімділік) сияқты сипат айқын көрініс табады, осы сипаты азаматтық құқық шеңберінен шығып кетеді деуге болады. Біздің ойымызша, ондағы сенімділік отбасылық құқық ережелеріне де негізделуі мүмкін.
3. Тұрақты рента тараптары болып рента алушы және рента төлеуші табылады. Тұрақты рента алушылары болып азаматтар және коммерциялық емес ұйымдар табылады. Азаматтар ренталық қатынастарда тұрақты рента алушысы болып үш жағдайда табылады: а) егер олар мүлік иесі болса және мүлік олармен рентаға берілсе; ә) тұрақты рентаны алушы мұрагерлік салдарынан құқықтық мирасқор болса; б) тұрақты рента азаматтар пайдасына басқа бір тұлғамен шарт арқылы қарастырылса, яғни үшінші тұлға пайдасына жасалған шарт орын алса.Азаматтарды кәсіпкер ретінде тіркеу олардың тұрақты ренталық төлемдерді алуы үшін кедергі болмайды, себебі мұндай жағдайларда азамат өзіне тиесілі жалпы құқық қабілеттілікке негізделіп рента қатынастарында да қатыса береді. Тұрақты рента алушы ретінде егер бұл олардың мақсатына және қызметіне сай келсе коммерциялық емес ұйымдар да әрекет ете алады. Бірақ Қазақстан Республикасында тұрақты рента алушы болып мемлекеттік мекемелер табылмайды, себебі олар мемлекеттік бюджеттен тыс көздерден қаржыландырылуы мүмкін емес. Коммерциялық емес заңды тұлғаларда олардың пайдасына өзге тұлғалармен орнатылған тұрақты рентаның алушылары бола алады. Коммерциялық емес ұйымдардың пайдасындағы рентаны алушылардың катары өзгеріп түруы мүмкін.ҚР АК 523-бабының 2-тармағына сәйкес олардың құқықтары заңды тұлғалар қайта құрылуы нәтижесіндегі құқыктық мирасқорлық арқылы өтуі (ауысуы) мүмкін. Яғни, егер екі жеке меншік мекеме біріккен болса және с.с., онда олардың біреуінің тұрақты рентаны алуға құқығы жаңадан пайда болған коммерциялық емес заңды тұлғаға ауысады. Алайда, қайта құру нәтижесінде коммерциялық заңды тұлға болса, онда рентаны төлеу тоқтатылады. Сол сияқты мұра иесіз қалатын болса, рента бойынша мемлекет пайдасына құқықтық мирасқорлық орын алмайды. Тұрақты рентаны алуға құқық өзге (жеке немесе заңды) тұлғаға ішінара сингулярлық мирасқорлық негізінде талап етуді беру арқылы ауысуы мүмкін. Егерде талап етуді беруге тиым салынса немесе оны төлеушімен келістіру талабы тұрақты рента шартының өзінде ұсталмаса, онда талап етуді беру рента төлеушісі келісімінсіз де жүзеге асырылуы мүмкін.Тұрақты рентаны төлеушілері болып азаматтар (жеке тұлғалар) және осыған оларға тиым салынбаса (заңнама бойынша немесе құрылтайшы құжаттармен) коммерциялық, коммерциялық емес заңды тұлғалар табылуы мүмкін.Тұрақты рента шартының нысанасы бір жағынан рента төленуі үшін иеліктен шығармайтын мүлікті, екінші жағынан ренталық төлемдерді қамтиды. Тура (формалді) түрде заңнама ренталық шарт нысанасы болып келе алатын мүлік тізімін (түрлерін) шектемейді, бірақ іс жүзінде ренталық шарт жылжымайтын (қозғалмайтын) мүлікке билікті жүзеге асыруға қолайлырақ болып келеді. Рента болса, ол көбінесе ақшалай қанағаттандыру, ал кейде ақша орнына заттай (натуралды) қанағаттандырылуы мүмкін.Тұрақты рента шартына қатысты рента төлеушінің меншігіне берілетін мүліктің бағасы, ренталық төлемдердің мөлшері және тұрақты рентаны сатып алу бағасы туралы айтуға болады. Рента шартының тәуекелге негізделгеніне байланысты оның бағасы шартты түрде анықталады, қателесулер (тұрақсыздық) орын алуы мүмкін, себебі есепке мүліктік тек таза құны ғана емес, болашақта алынар деген ренталық төлемдердің көлемі де алынады. Рентаның ең төмен сомасы (мөлшері) тұрақты рента шарты бойынша қарастырылмаған. Рентаны бағаның дәстүрлі түсінігіне келтіру өте қиын. Оны анықтауға қатысты белгілі (тұрақты) көрсеткіштер (өлшемдер) қалыптасып үлгерген жоқ. Ал тауарлар, жұмыстар, қызметтер бағалары жөнінде айтатын болсақ, олар үшін нарық жағдайында баға қалыптастыру тетігі дайын. Тұрақты рентаның төлеуші сатып алу бағасы дегеніміз бұл, оны төлеген жагдайда, алушы алдындағы міндеттемесінен босатылатын ақшалай сома. Заңи табиғаты бойынша міндеттемені тоқтатудың бір тәсілі, бас тарту төлемі ретінде бағалауға болады (ҚР АК 369-бабы). Сатып алу бағасы шартпен анықталады. Шарттың өзінде сатып алу бағасы туралы жағдайлар қарастырылмаса, сатып алу ренталық төлемдердің бір жылдық сомасына сәйкес келетін баға бойынша жүргізіледі. Рента төлеушіге тегін берілген мүліктің сатып алу бағасы шартпен бекітілмссе, ол мүліктің құнынан және бір жылдық ренталық төлемдердің сомасынан құралады. Тұрақты рента мерзімсіз төленеді, яғни оны төлеу міндеті өз бетімен тоқтатылуы мүмкін емес. Сондықтан мән міндеттемені орындау мерзіміне беріледі, олар болса төлемдердің мерзімділігіне тіреледі. Төлемдердің мерзімділігі шарттың өзінде анықталмаса, тұрақты рента әрбір күнтізбелік тоқсан аяқталуымен төленуі керек. Сөйтіп, телем күні жаңа басталған тоқсанның бірінші күнімен анықталады, көрсетілген (тиісті) мерзімде төлемді жасамау мерзімді өткізіп алуға әкеледі. Рента шартының мазмұны сатып алу-сату шартының мазмұны сияқты көлемді болып келмейді. Бірақ, оның мазмұнын кеңейтіп қарауға да болады, себебі бұдан бұүрын айтылғандай, рента шартының қатысушыларында сыйға тарту, сатып алу-сату шарттарының қатысушыларын-дағыдай құқықтар мен міндеттері пайда болады. Рента төлеушінің негізгі міндеті шартпен қарастырылған ренталық төлемдерді тиісті мерзімдерде төлеп тұруда болып келеді. Рентаны төлеуші рентаны сатып алу арқылы оны төлеуден бас тарта алады. Осындай жағдайда (рентаны төлеуден бас тартатын болса) рента төлеушісі өзінің бас тартатыны туралы рента төленуі тоқтатылуына дейін үш айдан кем болмайтын мерзімде рента алушысына хабарлауға міндетті. Бас тарту туралы хабарлау үшш, ұзақтау болып келетін мерзімдер, шартпен қарастырылуы мүмкін. Рента алушысы барлық тиесілі сомаларды алмайынша рента міндеттемесі тоқтатылмайды. Рентаны сатып алудың өзге тәртібі, сатып алу сомасын бөлшектеп төлеу, аралас нысанда төлеу және т.б- шартпен қарастырылуы мүмкін.
Тұрақты рента шарты рентаны сатып алу құқығы рента алушының өмірі бойы немесе өзге мерзім ішінде жүзеге асырылуы мүмкін болмайтынын қарастыра алады. Алайда осындай шектейтін мерзім шарт жасалған сәттен отыз жылдан аспауы керек. Рента төлеушісі рентаны сатып алу құқығынан толығымен бас тартатынын бекітетін шарт жарамсыз болып табылады.
Кейбір жағдайларда рента алушының рента төлеушіден оның рентаны сатып алғанын талап етуге құқығы да болады. Бұл құқықтың негіздемелеріне мыналар жатады: Рента төлеушінің рента төлеу мерзімін бір жылдан астам өткізіп алуы (өзге мерзімдер шартпен қарастырылады; 2) рента төлеушінің ренталық міндеттемені қамтамасыз ету (мүлікті кепілге беру ж.б.) бойынша, рента алушы алдындағы өзінің жауапкершілігін сақтандыру бойынша міндеттерш бұзуы; 3) рента төлеушіні төлемге қабілетсіз деп тану, немесе рента
шартта қарастырылған мөлшерде және мерзімдерде төленбей-
тінін дәлелдейтін өзге жағдайлардың пайда болуы; 4) рента төленуі үшін берілген жылжымайтын мүлік ортақ мен-
шікке айналуы немесе бірнеше тұлғалар арасында бөлінуі; 5) шартпен көзделген өзге жағдайлар.
Тізіліп айтылғандай жағдайлар болып тұрса, рента алушының біржақты әрекеттеріне байланысты төлеушінің рентаны сатып алуға қатысты міндеті пайда болады. Бұл міндет орындалмаса, рентаны алушы кепілдік нысанасына өндіріс айналдыруға немесе міндеттемелер орындалуын қамтамасыз ететін өзге тетігін қолдануға және рентаны сатып алу бағасын құрайтын өндіріп алуға құқылы. Рента төлеушіге жауапкершіліктің тиісті шараларын қолдануда жоққа шығарылмайды (осының мүмкіншілігі бар болып келеді).Шарттың мазмұнына рентаға мүлік ақыға немесе тегін берілді ме сол елеулі әсерін тигізеді. Егер мүлік тегін (ақысыз) берілсе мүліктің кездейсоқ жойылуының немесе бүлінуінің қаупі (тәуекелі) толығымен рента төлеушіде болып келеді. Бұл орын алғанда (осындай жағдайда), ол өзіне қолайлы болып келетін жағдайлар бойынша келісіп, рентаны тезірек сатып алуы керек. Басқа амал рентаны алушы борышты кешіргенінде болады (ҚР АК 373-бап). Мүлік рентаға ақыға берілсе және мүлік кездейсоқ жойылса немесе бүлінсе, осымен байланысты тәуекел тараптар араларында үлестіріледі. Рента төлеуші рента төлеуді тоқтатуы немесе оны төлеу жағдайларын өзгертуді талап ете алады. Біздің көзқарасымыз бойынша рента ұзақ мерзім төленсе, яғни рентаны алушы едәуір табыс тауып үлгерсе, онда ренталық төлемдерді тоқтатуға болады. Керісінше, ренталық қатынастар аз уақыт тұрмыс етсе, рента алушының мүдделері оған ішінара өтеу жасалуын талап етеді, сондықтан ренталық төлемдер тоқтатылмай тек азайтылуы мүмкін. Өзге де мәселе шешімдерін табуға болады, мысалы, төлемдер сомасы бірден емес, бірте-бірте азайтылу мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |