Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін "Информатика" пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы



бет8/33
Дата29.09.2022
өлшемі333.2 Kb.
#461596
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33
Ресурс1.6-1 Оқу бағдарламасы 5-6-9кл-Информатика-(334)

Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін "Информатика" пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы
1- тарау. Жалпы ережелер

1. Оқу бағдарламасы "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 тіркелген).


2. Профильді 10-11 сыныптарда информатиканы оқыту мақсаты қазіргі кездегі визуалды программалау технологиялары мен ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін меңгеру, сонымен қатар осы құралдармен жұмыс істеу дағдысын алу болып табылады.


3. Оқыту міндеттері:


1) қажетті нақты міндеттерді шешу үшін визуалды программалау және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, бастапқы теориялық білім мазмұның қалыптастыру;


2) визуалды программалау және мәтіндік, сандық, графикалық және дыбыстық ақпараттарды өңдеу бойынша ақпараттық технологиялар құралдарымен жұмыс істеуге дағдыландыру;


3) дербес компьютердің жұмыс істеу тиімділігін арттыру үшін қызметтік программаларды қолдана білу;


4) ақпараттық іс-әрекеттің этикалық және құқықтық нормаларын сақтауда жауапты қарым-қатынасқа тәрбиелеу.


4. Информатиканы оқытуда жобалау әдісіне ерекше назар аударған жөн, өйткені ол информатика курсына тікелей қызығушылықты көтеруді тудырады. Жобалау технологияларын қолдану информатика пәні бойынша ғана оқу сапасын көтеріп қоймайды, пәнаралық байланысты жасайды және жоба даярланып жатқан мектеп пәнін оқыту тиімділігін жоғарылатады.

2-тарау. "Информатика" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

5. "Информатика" оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:


10 сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;


11 сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.


6. Информатика курсын оқыту үдерісінде әртүрлі оқу пәндерімен пәнаралық байланыс жүреді.


1) алгебра және анализ бастамалары пәнімен пәнаралық байланыс:


визуалды программалау құралдарын қолданып қосымшаларды құруда әртүрлі сандық деректерді қолдану;


жоғары деңгейдегі программалау тілдерінде есеп шығаруда математикалық формулалар мен функцияларды қолдану;


координаталық жүйелерін қолданып объект-модельдерді жасау;


шама ұғымы математика пәнінің шамалары негізінде және салыстырмалы түрде оқытылады;


2) геометрия пәнімен пәнаралық байланыс:


компьютерлік графиканы қолданып 3-D объектілерді жасау;


координаталық жүйелер, проекциялар және олардың компьютерлік графика мен модельдеуде қолданылуы;


геометриялық шамаларды есептеу;


3) физика пәнімен пәнаралық байланыс:


ақпараттық технологияларды және программалау тілдерін пайдалана отырып, физикалық үдерістерді қарастыру;


проекция және векторларды компьютерлік графика және модельдеуде қолдану;


физикалық үрдістерді модельдеу;


4) химия пәнімен пәнаралық байланыс:


мектеп қабырғасындағы оқыту үрдісінде орындалатын аталған пән аймағында жобаларды құру;


визуалды программалау ортасы арқылы химиялық үдерістерді модельдеу;


5) қазақ, орыс және шетел тілдері" пәндерімен пәнаралық байланыс:


жобалық іс-әрекеттерді орындағанда орфография және пунктуация ережелерін пайдалану;


информатика және ақпараттық технологиялар саласының терминдерімен сөз қорының байыту, оның ішінде халықаралық терминдерімен;


программалау тілдерінің синтаксисін түсіну, компьютерлік терминологияны меңгеру;


телекоммуникациялық ресурстар шетел тілін оқудағы құрал ретінде қарау;


6) әдебиет пәнімен пәнаралық байланыс:


оқушылар сахнада сөйлеудің жоспары мен хронометражын құра білу;


7) география пәнімен пәнаралық байланыс:


экономика мен географияны оқып үйренуде деректер қорын қолдау құралы ретінде жасау;


8) биология пәнімен пәнаралық байланыс:


объектілердің "жанды" графикалық бейнелерін визуалды өнімге, Web (веб)-беттерге орналастыру үшін қалыптастыру;


9) тарих пәнімен пәнаралық байланыс:


әлемде және Қазақстан Республикасының болып жатқан тарихи жағдайларды программалау тілдерін дамытудың үдерісімен салыстыру;


3-D модельдеу және анимация шығу тарихының алғы шарттары;


10) "Адам. Қоғам. Құқық" пәнімен пәнаралық байланыс:


ақпаратпен жұмыс істеу саласында Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу.


7. 10-сыныпқа арналған "Информатика" оқу пәнінің базалық мазмұны:


1) Кіріспе (1 сағат): техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру;


2) Ақпарат және ақпараттық үдерістер (2 сағат): әлемнің ақпараттық бейнесі, ақпараттық жүйелер және ресурстар, білім беру ақпараттық ресурстары;


3) Компьютер-ақпаратты өңдеу құралы (2 сағат): программалаудың даму тарихы, программалық қамтамасыз етудің даму үрдісі; құрылымдық, модульдық, объектілі-бағдарлы және визуалды программалау;


4) Алгоритмдеу және программалау (17 сағат): визуалды программалаудың технологиясы; қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген ортасы; терезелер, пішіндер және объектілер, процедуралар және функциялар; оқиға, объект, қасиеті мен әдістері,жобаның интерфейсін құру; қадамдап бөлу; графикалық әдістер мен процедуралар; объектілерді енгізу, анимация, мультимедиа;


5) Ақпараттық технологиялар (8 сағат): 3D-модельдеу және анимация;


виртуалдылық шынайы әлемді танып білу тәсілдерінің бірі; 3D-кеңістігінің бағдарына кіріспе; орнын ауыстыру және өзгерту; программа интерфейсі; объектілері; сығып шығару, бөлімшелер (subdivide) (субдивид), программада Булева операциялары, модификаторлар; Mirror (миррор) – айналық бейнелеу, программада объектілерді тегістеу, материалды қосу, материал қасиеті, Blender (блендер)-дегі текстура, Blender (блендер)-дегі материалдар.


6) Жобалық іс-әрекет (4 сағат).


8. 11-сыныпқа арналған "Информатика" оқу пәнінің базалық мазмұны:


1) Кіріспе (1 сағат): техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру;


2) Ақпарат және ақпараттық үдерістер (3 сағат): ақпаратты іздеу және таңдау, іздеу әдісі, таңдау критериясы, сараптама жүйесі, жасанды интеллект;


3) Компьютер-ақпаратты өңдеу құралы (2 сағат): қазіргі заман бағдарламалық қамтамасыз етуге шолу, программалық қамтамасыз етуді орнату және жою, операциялық жүйенің параметрлерін баптау және қалпына келтіру;


4) Ақпараттық технологиялар және телекоммуникация (21 сағат): деректер қоры (кестелік, иерархиялық, желілік), реляциалық деректер қоры, деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ), деректерді ұсыну пішіні (кестелер, пішіндер, сұраныстар, есептер), деректер қорын ұйымдастыру, көп кестелік деректер қорында кестелерді байланыстыру; желілік технологиялар, байланыс каналдары және олардың негізгі мінездемелері, жергілікті желіні баптау, интернетте мекен жайлық; алмастыру хаттамалары, TCP/IP (ти си пи/ ай пи) деректерін жіберу хаттамасы, желілік этикет, ақпаратпен жұмыс істеу саласында Қазақстан Республикасының заңнамасы, электрондық желілерде тасу барысында ақпаратты сақтау тәсілдері мен қағидалары; html (аш ти эм эл)-программалау, интернет үшін ақпараттық объектілерді құру құралдары, Web (веб)-беттер және сайттар, тэгтер, атрибуттар, мәтінді пішімдеу, тізімдер, Web (веб)-бетте графиканы орналастыру, түстер, Web (веб)-беттегі гиперсілтемелер, кестелер, Web (веб)-беттегі пішіндер, Web (веб)-беттерді құру құралдары, Web (веб)-сайтты тестілеу, жариялау, сүйемелдеу;


5) Жобалық іс-әрекет (6 сағат);


6) Резерв (1 сағат).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет