Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет413/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   409   410   411   412   413   414   415   416   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
342
4. Талдау, салыстыру, дәлелдеу
5. «Қай сурет жоқ?», «Қай сөйлем жоқ?»-зейінін жаттықтыру
6. Зеректігін, тапқырлығын дамыту
7. Дауыс ырғақтарымен жаттығу
8. Тақпақты мнемотекст арқылы мәнерлеп жатқа айту
9. Суретті тақпақтар жиынтығының балаларға өздерінің меңгеруіне қолайлы жағдай туғызуы
10. Есте сақтағыштығын дамыту
Мнемотекстпен жұмыс жүргізу үлгісі:
1. Шығарманы жазған авторымен таныстыру
2. Шығарманы мәнерлеп оқу
3. Шығарма туралы әңгімелесу, талдау
4. Қиын сөздермен жұмыс жасау
5. Ақынның тақпағына сурет салуды ұсыну
6. Әр қатарды оқи отырып, балаларға қиялдап ойлануға жетелеу
7. Бейнелі ойды дамыту
8. Әр қатарға маркермен суреттер салу
9. Мнемотексті көрсету арқылы қайталау
Арнайы жинақталған суреті кітапшалар, әңгіме-ертегілердің, мақал-мәтелдердің баланың өмірден
алған әсерін, білім-дағдыларын, түрлі әдет-дағдыларын айқындай түсіндіріп, тереңдете, кеңейте
түсерлік дәрежеде болуы. Шығарманың баланы Отан сүйгіштікке достық, жолдастыққа, ата-
анаға, айналасындағы үлкен-кішіге, ата-әжесіне сүйіспеншілікке, мейірімділікке, бауырмалдыққа, 
адамгершілікке, мінез-құлыққа тәрбиелейтін дәрежеде болғаны жөн. Яғни шығарманың тәрбиелік
жағына баса назар аудару. Мұндайда ата-баба мұрасынан, билерден, бізге жеткен тілек-бата, 
өнеге-өсиет сөздерінен төмендегідей мазмұнда айтылған ақыл өсиеттерді оқып беруге болады.
Оқылатын шығарманың суреттермен көрнекі бейнеленуі, шығарма кейіпкерлерінің мінез
әрекетін, көркем образда бейнелену айқындылығы, нанымдылығы, шынайылығы. Психологтардың
дәлелдеуінше балалар оқиғаның басталу, даму процесіне, оның шиеленісіне, оқиғадан-оқиғаның
өрістеуіне, өзгерістер мен оның болу себептеріне, шешіміне, кейіпкерлер, мінездерінің әр түрлі
іс-әрекет үстінде көріну өзгешелігіне қызыға назар аударады. Оқиғаның негізгі себептері
туралы ой жүгіртіп, қорытынды жасауға ынталанады. Оқиғасы бала түсінігіне дөп келетін, 
оған айрықша әсер туғызған шығарманы тыңдап отырғанда бала сол оқиғаға өзі араласып
кеткендей әсерленетін болады. 
Мотивациялық қозғаушы кезеңінде тақпақ тақырыбында байланысты ашық алаңда әңгіме 
жүргізіп тақпақтың авторымен танысамыз. Мәнерлеп оқып тақпақпен танысамыз. Автордың әсерін 
сезімін, ойын сезіну үшін, не көргенін білу үшін сурет салуды ұсынамыз.
Әр сөзге сөйлемге теңеп жеке-жеке сурет ойлап табу, қиын сөздерге тоқталу, қайталау арқылы 
естерінде қалдырамыз.
Дидактикалық ойындар:
«Қай сурет жоқ?»
«Қай сөйлем жоқ?»
Тақпақ қатарларын буындап жәй, жылдам, әр түрлі кейіпкерлер дауысына салып, тек ұлдар, 
тек қыздарға айтқызамыз. Ғажайып тосын сый ретінде маркермен салынсаған суретті, түрлі-
түсті суретке айналдырамыз. Әсем бейнеленген мнемосхема тақпақ баланың жаттауға деген 
қызығушылығын арттырады. Немқұрайлы, қамтылмай қалмаған бүлдіршін қалмайды. Жаңадан 
шыққан әдіс-тәсіл қолдану арқылы балалардың көркем шығарманы есте сақтап жаттауға деген 
ынталарының дамуына, тілдерінің машықтанғанына көз жеткізеді.
Мектеп жасына дейінгі баланың тағы бір ерекшелігі оларда еліктеу, қиялдау басым болады. Сол 
себепті айналадағы құбылыс пен ересектердің іс-әрекеті балалардың бақылауынан мүлт кетпейді. 
Бақылаған заттардың елеусіз ерекшелігіне дейін бірден байқап, тез кабылдайды. Олай болса, әрбір 
ата-ана баланың осындай даму ерекшелігін ескеруге тиісті. Оның заңды сұрактарына құлақ асып, 
үнемі жауап беріп отырулары керек.
Мектеп жасына дейінгі бала көзбен көріп, таныған заттарды дұрыс қабылдап, елестете алады. 
Сондықтан баламен сөйлескенде, әдеби шығармаларды оқығанда оларға суреттер көрсетіп
әңгімелесу әсерлі болмақ. Шығарма мазмұнына немесе балалардың іс-әрекетіне, өмір мен табиғат 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   409   410   411   412   413   414   415   416   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет