Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекiту туралы



бет1/31
Дата12.07.2016
өлшемі2.03 Mb.
#195663
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 19 ақпандағы № 160 Қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., N 20, 254-құжат; "Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 30 қарашадағы № 574-578 (26970), 7 желтоқсандағы № 596-600 (26992), 8 желтоқсандағы № 601-605 (26997)

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                           К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы 


Үкiметiнiң        
2011 жылғы 19 ақпандағы
№ 160 қаулысына      
қосымша        

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң
2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

      Ескерту. Стратегиялық жоспар жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.01.19 № 131 Қаулысымен.



1-бөлiм. Миссиясы мен пайымдауы

      Миссиясы: бәсекеге қабiлеттiлiктi және тұрақты әлеуметтiк-экономикалық өсiмдi қамтамасыз ететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және iске асыру.


      Пайымдауы: жоғары бiлiмдi, бәсекеге қабiлеттi, интеллектуалды ұлт.

2-бөлiм. Ағымдағы жағдайды талдау және тиiстi қызмет
салаларының (аяларының) даму үрдiстерi

1. 1-стратегиялық бағыт. Сапалы бiлiмге қолжетiмдiлiктi
қамтамасыз ету

1. Мектепке дейiнгi тәрбиелеу және оқыту

      Реттелетiн саланы немесе қызмет аясын дамытудың негiзгi параметрлерi


      2011 жылы республикада контингентi 538,5 мың баланы (2010 жылы – 446,4 мың) құрайтын 7 591 мектепке дейiнгi ұйым (2010 жылы – 6 446 бiрлiк) жұмыс iстейдi.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкiндiктерi» атты Жолдауын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысымен бекiтiлген Балаларды мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы қабылданды. Аталған Бағдарламаның негiзгi мақсаты – халықтың мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту ұйымдарының сапалы қызметiне деген қажеттiлiгiн қанағаттандыру. 2014 жылы мектеп жасына дейiнгi балаларды мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен қамтудың балалардың жалпы санының 70 %-ына дейiн жеткiзу жоспарлануда.
      2008 жылы мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту мазмұнының сапасын арттыру мақсатында Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарты әзiрлендi және бекiтiлдi. 2011 жылы аталған стандарт мектепке дейiнгi ұйымдардың бiтiрушiлерi мен педагогтарының моделi туралы ережемен толықтырылды. Балаларды тәрбиелеу мен оқытудың «Алғашқы қадам» (1 – 3 жас), «Зерек бала» (3 – 5 жас), «Бiз мектепке барамыз» (5 – 6 жас) бағдарламалары iске асырылуда. 2011 жылы 26 атау бойынша оқу-әдiстемелiк әдебиет әзiрлендi.
      Негiзгi проблемаларды талдау
      Мектепке дейiнгi бiлiмге тең қол жеткiзу қамтамасыз етiлмеген. Мектепке дейiнгi орындарға деген қажеттiлiк 362,2 мың бiрлiктi құрайды (2010 жылы – 296,7 мың).
      Балабақшалардағы, әсiресе қаладағы мектепке дейiнгi ұйымдардағы топтардың толымдылық нормативi артуда.
      Сыртқы және iшкi негiзгi факторларды бағалау
      Сыртқы фактор – Қазақстанда соңғы 20 жылда бала тууды талдау: 1990 жылдан бастап 1999 жылға дейiн бала туудың азаюын, ал 2000 жылдан бастап 2010 жылға дейiн бала туудың өсiмiн көрсетiп отыр.
      Iшкi фактор – жыл сайынғы мектепке дейiнгi орындарға деген қажеттiлiктiң өсуi.

      2. Мектептегi бiлiм


      Реттелетiн саланы немесе қызмет аясын дамытудың негiзгi параметрлерi
      2011 – 2012 оқу жылында жалпы контингентi 2 479 044 баланы қамтитын 7 465 күндiзгi мемлекеттiк жалпы бiлiм беретiн мектеп жұмыс iстейдi (2010 – 2011 оқу жылында – 2 486 449 оқушы контингентi бар 7 516 мектеп).
      Негiзгi және бейiндi мектептердiң бiлiм беру мазмұнын анықтау жөнiндегi жұмыстар жалғасуда. 2012 жылы Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын ескере отырып, бастауыш, негiзгi және жалпы орта бiлiм берудiң жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарты (бұдан әрi – МЖБС) мен 12 жылдық оқытуға арналған бастауыш, негiзгi және жалпы орта бiлiм беру деңгейiндегi жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларының «Негiзгi ережелерiн» әзiрлеу жоспарлануда.
      Қазiргi уақытта республиканың 104 мектебiнде 12 жылдық оқытуға көшу бойынша эксперимент жалғасуда.
      Ағымдағы жылы 2011 – 2012 оқу жылында экспериментке енгiзiлген 9-сыныптарға арналған 34 оқулық және 82 оқу-әдiстемелiк кешен (бұдан әрi – ОӘК) әзiрлендi.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 17 сәуiрдегi тапсырмасына 11-жылдық мектептiң бастауыш, негiзгi және жалпы орта бiлiм берудiң МЖБС-ны әзiрлеу шеңберiнде 2012 жылы ағылшын тiлiн 1-сыныптан бастап оқытуды енгiзу жөнiнде МЖБС-ны және 1-4 сыныптарға арналған ағылшын тiлi пәнi бойынша оқу бағдарламаларын әзiрлеу жоспарлануда.
      2011 жылдың 10 айында 3 397 оқулық пен ОӘК-ге, 2010 жылы 1 920 оқу әдебиетi аталымына сараптама жүргiзiлдi. 2011 жылы алыс және жақын шетелдердегi қазақ диаспорасының балалары үшiн 21 500 оқулық және 19 825 ОӘК қайта басылды және жеткiзiлдi. Республикалық мектептерге 4-сынып үшiн қайта басылған 2 466 оқулық пен 789 ОӘК, 6-сынып үшiн 8 523 оқулық пен 4 856 ОӘК, 11-сынып үшiн 45 025 оқулық пен 23 420 ОӘК жеткiзiлдi.
      2011 – 2012 оқу жылында республиканың жалпы орта бiлiм беретiн мектептерiнде 286 370 педагог еңбек етедi (2010 жылы – 275 655). Олардың 250 290-ының (87,4 %) жоғары бiлiмi, 33 572-сiнiң (11,7 %) орта кәсiптiк бiлiмi бар. Жоғары санатты мұғалiмдер саны – 43 623 (15,2 %), бiрiншi санаттысы – 87 876 (30,7 %).
      Мұғалiмдердi, басқарушыларды, әдiскерлердi қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру бойынша жүйелi жұмыс жүргiзiлуде. 2011 жылдың 10 айында бiлiктiлiктi арттыру және қайта даярлау курстарынан 61 мыңнан астам, 2010 жылы 80 мыңнан астам педагог өттi.
      Педагогтардың сапалық құрамын жақсарту үшiн 2012 жылдан бастап Назарбаев Зияткерлiк мектептерi базасында басқару вертикалiн енгiзе отырып, ББКЖБАРИ – БАИ базасында АҚ нысанында Педагогикалық шеберлiк орталығын құру арқылы педагог қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру үлгiсiне өзгерiстер енгiзу жоспарлануда.
      Педагог кәсiбiн, озық тәжiрибенi және үздiк педагогтардың жетiстiктерiн белсендi насихаттау жолға қойылған. Математика мұғалiмдерiнiң I съезi өткiзiлдi (2011 ж. мамыр).
      Орта бiлiмнiң қолжетiмдiгiн және сапасын қамтамасыз ету үшiн бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту жөнiнде жұмыстар жүргiзiледi. 2 944 мектепте алты жастағы балаларға арналған ойын және демалыс бөлмелерi бар.
      2006 жылдан бастап 2 059 жаңа үлгiдегi физика кабинетi сатып алынды: 2006 жылы – 613, 2007 жылы – 746, 2008 жылы – 700.
      2009 жылдан бастап 1 718 жаңа үлгiдегi биология кабинетi сатып алынды: 2009 жылы – 580, 2010 жылы – 569, 2011 жылы – 569.
      Аталған шаралар жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердiң сапасын арттыруға мүмкiндiк бердi. Бұл әлемнiң 36 елiнiң математика мен жаратылыстану бойынша 4-сынып оқушыларының бiлiмiн бағалау жөнiндегi TIMSS-2007 (Third International Mathematics and Science Study) халықаралық салыстырмалы зерттеулерiнiң нәтижелерiмен расталады. Қазақстан аталған зерттеуге алғаш рет қатысты, оған 141 мектептен 3,99 мың оқушы қатысты. Қазақстандық оқушылар математикадан 5-орын және жаратылыстанудан 11-орынға ие болды, ол орташа халықаралық балдан анағұрлым жоғары.
      Соңғы екi жылда қазақстандық командалар физика және химия пәндерi бойынша халықаралық олимпиадаларда әлемнiң ең үздiк 15 елiнiң iшiне тұрақты енген.
      Қазақстан оқушыларының халықаралық олимпиадаларда жеңiп алған медальдарының саны жыл сайын өсуде. Тек 2010 жылы қазақстандық оқушылар 638 награда (173 алтын, 206 күмiс, 237 қола), 22 грамота жеңiп алынды. 2011 жылдың қаңтар мен қараша айлары аралығында Қазақстан Республикасының оқушылары халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 852 жүлделi орынды жеңiп алды, оның iшiнде 225 алтын, 287 күмiс, 295 қола медаль және 43 мақтау қағазы.
      Соңғы үш жылда Қазақстан құрама командасы әлемдегi ең үздiк он елдiң қатарына енiп қана қоймай, сонымен қатар, Еуропадағы жақын және алыс елдерден келген командалардан озып, АҚШ және Қытай оқушыларымен бәсекелес бола бiлдi.
      Сонымен қатар, қазақстандық оқушылар 2004 жылдан бастап «Қашықтықтан өткiзiлетiн Азия-Тынық мұхит математикалық олимпиадасы» және «Қашықтықтан өтетiн Жiбек жолы математикалық олимпиадасы» атты қашықтықтан өткiзiлетiн халықаралық олимпиадаларға қатысып келедi. Санкт-Петербург ақпараттық технологиялар, механика және оптика университетiмен жасалған шартқа сәйкес Информатикадан бiрiншi Еуразиялық интернет-олимпиада өттi.
      Елiмiздiң жас интеллектуалдарының халықаралық математика олимпиадаларындағы жеңiстерi 2010 жылы Қазақстанның ТМД елдерiнiң арасында бiрiншi болып мерейтойлық 51-шi Халықаралық математика олимпиадасын өткiзуiне ықпал еттi. Әлемнiң 98 елiнiң өкiлдерi қатысқан ең беделдi интеллектуалдық сайыста қазақстандық команда 5-орынды иелендi.
      Қазақстан Республикасындағы орта бiлiм беру жүйесiн жаңғыртуға ықпал ететiн негiзгi жобалардың бiрi «Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» жобасы болып табылады. Аталған мектептер балабақшаға арналған оқу-тәрбие бағдарламаларын, мектепалды және 12 жылдық оқытудың бiлiм беру бағдарламаларын әзiрлеу, енгiзу, сынақтан өткiзу бойынша басты алаң болып табылады. Республика аумағында 20 мектеп жұмыс iстейтiн болады. Бүгiнгi таңда контингентi 4 019 оқушыны құрайтын 6 мектеп жұмыс iстейдi: Астана, Семей, Көкшетау және Талдықорған қалаларында физика-математикалық бағыттағы 4 зияткерлiк мектеп, Өскемен және Астана қалаларында химия-биологиялық бағыттағы 2 зияткерлiк мектеп.
      Сонымен бiрге ЭДЫҰ өткiзетiн PISA-2009 (Programme for International Student Assessment) халықаралық салыстырмалы зерттеуiнiң қорытындысы бойынша елiмiздiң 15 жастағы оқушылары 65 елдiң арасында айтарлықтай төмен 57-орынды иелендi (оқу сауаттылығынан 59-орын, математика сауаттылығынан 53-орын, жаратылыстану сауаттылығынан 58-орын).
      Аталған зерттеудегi Қазақстанның алғашқы тәжiрибесi оқытудың мазмұны, технологиясы мен әдiстерi туралы дәстүрлi қалыптасқан түсiнiктi қайта қарау қажеттiлiгiн көрсетедi.
      Бiлiм беруде ақпараттық технологияларды енгiзу жұмыстары жалғасуда. Қазiргi уақытта бiр компьютерге 16 оқушыдан келедi. Бiлiм беру ұйымдарының 50 %-ы интерактивтiк кабинеттермен және жабдықтармен қамтамасыз етiлдi. Интернет желiсiне мектептердiң 98 %-ы, ал кең жолақты интернет желiсiне 37,3 %-ы қол жеткiзген.
      Мектептерде «Он-лайн оқыту жүйесi» енгiзiлуде. Апта сайын республиканың ең үздiк мұғалiмдерi он-лайн сабақтар мен семинарлар өткiзедi.
      2011 – 2012 оқу жылдарында Астана, Алматы қалалары мен Қарағанды обласының 44 орта және техникалық кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесiнiң (бұдан әрi - электрондық оқыту) пилоттық жобасы енгiзiлуде.
      2011 жылы ББЖКБАРИ базасында 8 мың жүйе әкiмшiлерi мен пайдаланушылары үшiн оқыту өткiзiлдi.
      5 – 11 сыныптарға арналған Қазақстан тарихы бойынша қазақ және орыс тiлдерiнде 468 сандық бiлiм беру ресурстары әзiрлендi, оның iшiнде, 234 – қазақ тiлiнде, 234 – орыс тiлiнде.
      Мемлекет басшысының орта бiлiм беру мекемелерiнде бақылау сапасын орталықтандыру және күшейту жөнiнде кешендi шара қолдану туралы тапсырмасына сәйкес (2011 жылғы 17 сәуiрдегi № 01-7.4, 13.2-тармақ) орта бiлiм беру мекемелерiнен бастап, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмге дейiнгi бiлiм берудiң сапасын барлық деңгейлерiн ұйымдарының қызметтерiн бақылаудың бiрыңғай вертикалiн құруды көздейтiн «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 шiлдедегi № 778 қаулысы қабылданды.
      Осындай орталықтандыру жүйесiнiң басты басымдығы орталық органдардың жергiлiктi жердегi бiлiм беру ұйымдарымен тиiмдi керi байланысының болуы және оқыту сапасын бақылап қана қоймай, оны талдау арқылы және әлемдiк тенденцияларды ескеру негiзiнде оқытудың мазмұны мен әдiстерiн жетiлдiру, педагогтардың кәсiбилiгiн қолдау болып табылады.
      Негiзгi проблемаларды талдау
      Жұмыс iстеп жатқан жалпы бiлiм беретiн мектептердiң материалдық-техникалық жағдайы қазiргi заманғы талаптарға сай емес: 7 465 мектептiң жалпы санының 67,6 %-ы типтiк ғимараттарда, 32,4 %-ы – ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан. 65,7 % мектеп екi ауысымда оқиды, ал 71 мектеп – үш ауысымда. Мектептердiң 82,4 %-ы 1990 жылға дейiн, ал 33,9 %-ы 1970 жылға дейiн салынған. 194 мектеп апатты жағдайдағы ғимараттарда орналасқан. Мектептердiң 21 %-ы күрделi жөндеудi қажет етедi.
      Сапалы бiлiммен қамтамасыз ету және әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiне ену мақсатында бiлiм беру мазмұнын жаңарту қажет. Оның iшiнде бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартын жаңарту, оқу бағдарламаларын әзiрлеу, педагогтердiң оқу жүктемесiн азайту, оқу пәндерiнiң мазмұнын (пәндердi кiрiктiру), кадрлық, қаржылық, материалдық-техникалық және басқа да жағдайларды, нормалар мен нормативтердi қайта қарастыру.
      Республикада 4 221 шағын жинақталған мектеп (бұдан әрi – ШЖМ) бар, олар барлық мектептер санынан алғанда 56,2 %-ды (ауылда – 4 075 ШЖМ) құрайды. ШЖМ-да 396 840 оқушы оқиды, 79 151 мұғалiм жұмыс iстейдi. ШЖМ-ның проблемалық мәселелерi – оқушылары аз сыныптардың, бiрiктiрiлген сыныптардың ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың аз қолданылуы, мұғалiмдi даярлауда мамандандырудың тар бейiндiлiгi (бiрпәндiлiк) алудың, толық оқу жүктемесiмен қамтамасыз етудiң мүмкiн еместiгi, ШЖМ-ның жартысына жуығының ыңғайластырылған үй-жайларда орналасуы.
      Назарбаев Зияткерлiк мектептерiнiң орта бiлiм беру мазмұны қазақстандық бiлiм берудiң озық дәстүрлерi мен халықаралық үздiк тәжiрибелердi есепке ала отырып жаңартуды қажет етедi. Үш тiлдi меңгерудiң және бейiндi пәндердi ағылшын тiлiнде оқытудың жаңа талаптары мектеп педагогтерiнiң бiлiктiлiгiн арттыруда жаңа тәсiлдердi талап етедi. Дарынды балаларға арналған бейiндiк пәндер бойынша (физика, математика, химия, биология, информатика) қазақстандық оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендер жоқ.
      Мұғалiмдердiң сапалық құрамының төмен болуы: педагогтердiң жалпы санынан 15,2 %-ы жоғары санатты, 30,7 %-ы – бiрiншi санатты.
      Жұмыс iстейтiн әрбiр бесiншi мұғалiм 50 жаста және одан үлкен. Педагогтердiң жалпы санынан 13,2 %-ының еңбек өтiлi 3 жылға дейiн. Жыл сайынғы жас кадрлардың келуi небәрi 2,9 %-ды құрайды.
      Бiлiм беру ұйымдарында АТ қызметкерлерi болмағандықтан, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрi – АКТ) әкiмшiлендiру, алып жүру және инфрақұрылымды дамыту мәселелерi, көбiнесе, информатика пәнiнiң мұғалiмдерiне жүктеледi. Электрондық оқыту жүйесiн қолдану осы процестердiң бүкiл қатысушыларымен өзара iс-қимыл жасау кезiнде оны нақты оқу процесiне бiрiктiргенде ғана нәтиже бередi.
      4 Мбит/с және одан жоғары кең жолақты интернет желiсiне қол жеткiзу қымбат бағалы қызметтердiң құнын төмендету, ауылдық бiлiм беру ұйымдары үшiн байланыс арналарының мүмкiндiктерiн ұлғайту бойынша техникалық мүмкiндiктердi iздеу, сондай-ақ қызмет көрсету жобасы бойынша сатып алынатын сапаны жақсарту мәселелерi өзектi және шешiлмей қалып отыр.
      Негiзгi сыртқы және iшкi факторларды бағалау
      Сыртқы факторлар:
      1) өңiрлердi дамытудың демографиялық, көшi-қон, экономикалық факторларының әсерi;
      2) бiлiм беру объектiлерiн пайдалануға енгiзу мерзiмдерiнiң бұзылуы;
      3) мұғалiм кәсiбi беделiнiң төмендеуi;
      4) жыл сайын апатты жағдайдағы мектептер анықталады. Мектеп ғимараттарының 15,6 %-ы пайдаланудың шектi мерзiмiнен асып кеткен және әлеуеттi апатты мектептер болып табылады;
      5) бiлiм берудiң жаңа моделiн енгiзу кезеңiнде бiлiм беру саясатының өзгеру тәуекелi: 12 жылдық оқытуға көшудiң мерзiмi мен көшу кезеңдерiнiң және 12 жылдық оқыту құрылымының өзгеруi мүмкiн, бұл 12 жылдық мектептiң МЖБС-ын енгiзу үшiн қауiп төндiрiп отыр;
      6) ЖҚМ үшiн – көшi-қон жағдайы, елдi мекендердiң алыстығы;
      7) бiлiм беру ұйымдарында iшкi ақпараттық инфрақұрылым дамуының төмендiгi.
      Iшкi факторлар:
      1) 2015 жылдан бастап оқушылар контингентiнiң артуы күтiлуде. Бастауыш сыныпқа балаларды 6 жастан бастап қабылдау жүзеге асырылады. Бұл балаларды жас ерекшелiгiне қарай оқытуға жағдай жасауды қажет етедi, сондай-ақ мектепке бiраз салмақ түсiредi;
      2) 12 жылдық оқыту бойынша – материалдық-техникалық базаның нашарлығы, ШЖМ педагог кадрлармен жеткiлiксiз қамтамасыз етiлуi;
      3) бiлiм беру ұйымдары оқушыларының оқулықтармен және ОӘК-мен толық қамтамасыз етiлмеуi;
      4) педагогтердiң бiр бөлiгiнiң дайындық деңгейiнiң төмендiгi, өздiгiнен бiлiм алуға және кәсiби деңгейiн өсiруге ұмтылудың жеткiлiксiздiгi;
      5) Назарбаев Зияткерлiк мектептерi бойынша – елiмiзде бiлiктi кадрлардың жетiспеуi.
      6) Интернет желiсiне қосылу жылдамдығының жеткiлiксiздiгi электрондық оқыту желiсiн пайдаланушылардың санын азайтады және бiлiм беру ресурстарына қол жеткiзуге кедергi жасайды. Электрондық ресурстарды әзiрлеу үшiн кәсiби даярлықтың жеткiлiксiздiгi және педагог кадрлардың бойында уәждеменiң жоқтығы.

3. Техникалық және кәсiптiк бiлiм

      Реттелетiн саланы немесе қызмет аясын дамытудың негiзгi параметрлерi


      Қазақстан Республикасында 2011 жылы техникалық және кәсiптiк бiлiмнiң (бұдан әрi – ТжКБ) 896 оқу орны (2010 жылы – 882), оның iшiнде 325 кәсiптiк лицей (2010 жылы – 322), 571 колледж (2010 жылы – 560) жұмыс iстейдi. Оның iшiнде 176 (2010 жылы – 168) оқу орны, немесе 19,7 % ауылдық жерлерде орналасқан. Индустриалдық-инновациялық дамыту (бұдан әрi – ҮИИД) жобаларына кадрлар даярлауға 543 ТжКБ оқу орны қамтылған.
      ТжКБ оқу орындарында 600,7 мың адам, оның iшiнде 250 мың адам, немесе 41,6 % мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша бiлiм алады (2010 жылы – 221,0 мың адам, немесе 36,3 %). Техникалық және қызмет көрсету еңбегiнiң бiлiктi мамандарын даярлау 185 мамандық (2010 жылы – 177) пен 495 бiлiктiлiк (2010 жылы – 416) бойынша жүзеге асырылады.

ТжКБ жүйесi бойынша негiзгi көрсеткiштер



Көрсеткiштер

2007 ж.

2010 ж.

Бiлiм алушылар саны, мың адам

558,7

600,7

Техникалық мамандықтар бойынша бiлiм алушылардың саны, мың адам, бiлiм алушылардың жалпы санынан %

136,8 24,4

173,5 28,5

Оқу орындарының саны

830

896

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi мен халықаралық ұйымдардың арасында қол қойылған келiсiмдер (меморандумдар), бiрлiк

0

33

Мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарын халықаралық талаптарға сәйкес әзiрлеу, бiрлiк

0

230

Жұмыс берушiлер мен халықаралық ұйымдардан тартылған қаражат саны, млн. доллар

0

35,1

Оқу орындары, кәсiпорындар мен ұйымдар арасында қол қойылған келiсiмдердiң саны, бiрлiк

2,7

17,4

ТжКБ оқу орындарының шетелдерде бiлiктiлiгiн арттырудан өткен педагогикалық қызметкерлерiнiң саны, бiрлiк

0

479

Сапаны тәуелсiз бағалау (қатысушылар саны), бiрлiк

2496

122600

Материалдық-техникалық базаны нығайту, млрд. теңге

1,7

7,1

Оқу орындарын күрделi жөндеу, млрд. теңге

0,47

9,2

Орнатылған интерактивтi оқу жабдықтарының саны, бiрлiк

0

600

      Соңғы екi жылда 3 кәсiптiк лицей салынды.
      Атырау қаласында Мұнай-газ саласы үшiн кадрларды даярлау және қайта даярлау өңiраралық орталығының құрылысы аяқталуда:
      1) Астана қаласында 800 оқушы орындық, Оңтүстiк Қазақстан облысы Бәйдiбек ауданының Шаян ауылында 360 оқушы орындық кәсiптiк лицейлердiң
      2) Екiбастұз қаласында Отын-энергетика саласы үшiн техникалық және қызмет көрсету еңбегi кадрларын даярлау және қайта даярлау жөнiндегi өңiраралық орталығының
      3) Өскемен қаласында Машина жасау саласы үшiн техникалық және қызмет көрсету еңбегi кадрларын даярлау және қайта даярлау жөнiндегi өңiраралық орталығының құрылыстары жүргiзiлуде.
      Шымкент қаласында Өңдеу саласы үшiн техникалық және қызмет көрсету еңбегi кадрларын даярлау және қайта даярлау жөнiндегi өңiраралық орталықтың құрылысы басталды.
      2007 – 2009 жылдар кезеңiнде:
      1) «Аджип ККО», «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Теңiзшевройл» ЖШС» БК, «KEGOK» АҚ, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС жанынан техникалық және қызмет көрсету еңбегi мамандарын даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi қазiргi заманғы оқу орталықтары;
      2) Техникалық және кәсiптiк бiлiмдi дамыту және бiлiктiлiктi берудiң республикалық ғылыми-әдiстемелiк орталығы құрылды. Ол нормативтiк-әдiстемелiк негiздердi жасаумен және жұмыс берушiлермен бiрлесiп, еңбек нарығының талаптарына сәйкес мамандардың кәсiби дағдыларын және бiлiктiлiк деңгейiн тәуелсiз бағалау жүйесiн (ТБЖ) енгiзумен айналысады. 2007 – 2010 жылдары республиканың 850 оқу орнының 122,6 мың бiтiрушiсiн қамти отырып, ТжКБ-ның 150 мамандығы бойынша кәсiби даярлық пен бiлiктiлiк беру деңгейiн бағалау бойынша бiтiрушi курстардың бiлiм алушыларына тестiлеу жүргiзiлдi;
      3) ТжКБ жүйесi қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi 6 өңiраралық орталық (Астана, Алматы, Қарағанды, Орал, Щучье және Шымкент қалаларында) құрылды. Соңғы жылдары аталған орталықтарда ТжКБ жүйесiнiң 3000-ға жуық педагог қызметкерi бiлiктiлiгiн арттырды;
      4) жұмыс iстеп тұрған оқу орындарының базасында индустриялық-инновациялық дамыту жобалары бойынша кадрларды даярлау жөнiндегi базалық орталықтар құрылуда: ет-сүт өнiмдерiн қайта өңдеу үшiн – Ақмола облысының Катаркөл аулындағы Ауыл шаруашылық колледжiнiң базасында, автомеханика бойынша – Алматы қаласының № 6 кәсiптiк лицей базасында, металл өңдеу бойынша – Қарағанды қаласының № 15 кәсiптiк лицей базасында.
      Соңғы 3 жылда кәсiптiк лицейлердiң және колледждердiң оқу-өндiрiстiк шеберханалары мен зертханаларының материалдық-техникалық базасын жаңарту проблемасы шешiле бастады (жергiлiктi бюджет (бұдан әрi – ЖБ), республикалық бюджет (бұдан әрi – РБ), жұмыс берушiлер қаражаты есебiнен). «Өзiн-өзi тану» кабинеттерiн алуға республикалық бюджет есебiнен 14,5 млн.теңге бөлiндi.
      2007 – 2011 жылдары ТжКБ оқу орындарының материалдық-техникалық базасы 7,1 млрд. теңге сомасына жаңартылды. Бүгiнгi күнге дейiн ТжКБ оқу орындарының 40,7 %-ы қазiргi заманғы жабдықтармен жарақтандырылды.
      2011 жылы халықаралық сарапшылардың ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен (бұдан әрi – Еңбекминi) бiрлесiп, Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнiң кәсiптерi мен мамандықтарының жiктеуiшiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi.
      2008 – 2010 жылдары 230 мамандық бойынша МЖБС, 224 мамандық бойынша бiрiктiрiлген бiлiм беру бағдарламалары, ТжКБ мамандықтары бойынша 1 430 үлгi оқу бағдарламасы әзiрлендi. 2011 жылы индустрия сұранысы ескерiлiп 65 мамандық бойынша МЖБС, 65 мамандық бойынша оқу бағдарламалары, 710 ТжКБ мамандықтары бойынша үлгiлiк оқу бағдарламалары жаңартылды.
      2007 – 2011 жылдары ТжКБ оқу орындарының 24 мың педагог қызметкерi, оның iшiнде ҮИИД мамандықтары бойынша 2010 жылы 8 мың педагог қызметкер бiлiктiлiгiн арттыру курсынан өттi. Республикалық бюджет есебiнен кәсiптiк лицейлерге 172 шетелдiк ағылшын тiлi оқытушылары тартылды.
      Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы негiзiнде оқитын студенттерге қаржылық көмек көрсету мақсатында стипендияның көлемiн арттыру бойынша шаралар қабылдануда. Осылайша, 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап колледждерде мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы негiзiнде оқитын бiлiм алушыларға стипендияның көлемi 6 000 теңгеден 7 500 теңгеге, 2010 жылы 7 500 теңгеден 9 375 теңгеге өстi, 2011 жылы стипендияның көлемi 9 375 теңгеден 12 188 теңгеге дейiн өстi.
      Кадрларды даярлауда нақты әрiптестiк қатынастар орнату – ТжКБ жүйесiнiң басты мiндеттерiнiң бiрi. 2007 – 2011 жылдары Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi (бұдан әрi – БҒМ), iрi компаниялар, әкiмдiктер: «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темiр жолы», «Қазақтелеком», «Қазақмыс», «Казинжиниринг», «Қазпошта» АҚ және т.б. арасында 33 меморандум, келiсiм жасалды.
      2008 жылы Еңбекминi, БҒМ мен «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң (бұдан әрi – «Атамекен» Одағы» ҰЭП) арасында 2008 – 2010 жылдарға арналған бәсекеге қабiлеттi кадрларды қалыптастыру туралы Ұлттық Пактiге қол қойылды.
      2009 жылы БҒМ, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiктерi мен «Атамекен» Одағы» ҰЭП арасында Техникалық және кәсiптiк бiлiмдi қолдау қорын құру туралы меморандумға қол қойылды.
      Оқу орындары және компаниялар арасында 17,4 мың келiсiм жасалды, оның iшiнде жаңа ашылған кәсiпорындармен кадрлар даярлауға 61 шарт жасалды (мысалы, «Тараз металлургиялық зауыты», «Электролиздiк зауыт», «Терi өндiрiсi» және т.б., нәтижесiнде 831 адам даярланып, еңбекпен қамтылды).
      Келiсiмдер шеңберiнде бiлiм алушыларға практикадан өту үшiн 132,1 мың жұмыс орны ұсынылды.
      2009 жылы 24 жетекшi оқу орны Ұлыбританияның атақты колледждерiмен, оның iшiнде 14 колледж Кембридж өңiрлiк колледжiмен ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қойды.
      Халықаралық ынтымақтастық шеңберiнде ТжКБ-ның 479-дан астам қызметкерi шетелде бiлiктiлiктерiн арттырды.
      БҒМ Еңбек министрлiгiмен бiрлесiп, ҮИИД жобасын iске асыру үшiн қажеттiлiктерге талдау жасады. 2010 – 2015 жылдарға арналған Қазақстанды индустрияландыру картасы жобасын iске асыру үшiн негiзiнен мынадай кәсiптер бойынша жұмысшыларға сұраныс бар: түрлi бейiндегi слесарь, жабдықтарды жөндеушi, құрылысшы, механик, жүк көлiгiнiң жүргiзушiсi, мамандандырылған техника машинисi, дәнекерлеушi, электромонтажшы, электрик, металлург, темiр жол көлiгi жұмыскерi, металл өңдеушi станоктарда жұмыс iстеушi, машина жасау операторы мен технигi, туристiк индустрия, ақпараттық технологиялар қызметкерi.
      Еңбекминiнiң деректерi бойынша 2010 – 2014 жылдарға арналған экономиканың кадрларға деген жалпы сұранысы 287 мың адамды құрайды. Олардың iшiнде ҮИИД жобалары үшiн – 106 мың.
      2010 – 2014 жылдары ТжКБ оқу орындарында 224,6 мың маман даярланады.
      Еңбек министрлiгiнiң мәлiметi бойынша 2011 жылы экономиканың кадрларға деген жалпы сұранысы 40,6 мың адамды құрады, оның iшiнде салалар бойынша индустрияландыру картасына қосылған жобалар бойынша 21,3 мың адам. ТжКБ оқу орындарынан аталған салалар бойынша 42,2 мың техникалық және қызмет көрсету еңбегiнiң кадрлары бiтiрiп шықты.
      Жол картасын iске асыру шеңберiнде қазақстандық кадрлармен шетел жұмыс күшiн алмастыру үшiн мамандар даярлау және қайта даярлау қарастырылған. 2009 жылы оқумен 95,6 мың адам қамтылған, олардың жұмысқа орналасқаны – 41,0 мың адам, 20,2 мың адам оқуды жалғастыруда. 2010 жылы 71,0 мың адам даярлаумен және қайта даярлаумен қамтылған.
      2011 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберiнде өз бетiнше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және аз қамтамасыз етiлген адамдарды оқыту жүзеге асырылды.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет