Жылыту және желдету
Ауалы компрессорлық жайларды жылумен қамтамасыз ету үшін, жылыту приборлары ретінде «Systemair» фирмасының қабырғада орнатылған Proff жылыту желдеткіші қолданылады.
Компрессорлық жайды жабдықтардан бөлінетін артық жылу есебінен жылумен қамтамасыз ету. Желдету жылу қалдықтарын ассимиляциялауға есептелген сору-шығарулы. Ағын және сору тіреуде орнатылған осьті желдеткіштермен жүзеге асырылады. Тіреудің құрылымы 001/2009/КТМ/IM/014/ОКС-2-02-АС-002 сызбасында көрсетілген.
Құрылыстың 1-ші кезеңінде желдеткіштер уақытша тіреуде орнатылады (5-ші ось бойынша). Құрылыстың 2-ші кезеңінде желдеткіштер негізгі қабырғаға көшіріледі (8-ші ось бойынша).
Құрылыстың 2-ші кезеңінде 5-8-ші остердегі қабырғаларда екі қосымша компрессорлардың есебінен қосымша ауа алмасуға есептелген АНР үлгідегі сору-үрлеу сыртқы торлы желдеткіш орнатылады. Өрт сөндіру сорғыш станциясының ғимаратын жылумен қамтамасыз ету – электрлі. Жылыту приборлары ретінде қабырғада орнатылатын «Systemair» фирмасының Proff жылыту желдеткіштері пайдаланылады. Сору станциясын желдету табиғи ниеттенуімен сормалы-үрлемелі. Сору 3 ретті - дефлекторлы, ағын ұйымдастырылмаған, терезе және есік арқылы жүргізіледі. Ауа өтпелері МЕСТ 19904-90 жұқа парақты мырышты темірден жасалады.
Сыртқы өрт сөндіру
Көрсетілген жобада компрессорлық станцияның алаңын салу аумағы қарастырылады. ҚР ҚНжәнеЕ 4.01-02-2001 2.22-тармағына сәйкес, жобаланатын алаңдағы судың шығынын анықтау үшін бір өрт есепке алынады.
Сыртқы өрт сөндіруге судың есептік шығыны компрессорлық станцияның жобаланатын ғимаратын сөндіру үшін айқындалды. Компрессорлық станция өртке төзімділік бойынша II сатыға жатады, өрт қауіпсіздігі бойынша санаты – А, құрылыс көлемі - 6336м3. ҚР СНжәнеЕ 4.01-02-2001 2.14-тармағы, 7-кестеге сәйкес, сыртқы өрт сөндіру үшін су шығыны 15л/сек. құрайды.
Жылжымалы техникамен суды беруді немесе екі лафетті ұңғыманың бірмезетті жұмысын қамтамасыз ету үшін, 50 л/сағ. құрайды (ВУПП-88 8.23-тармақшасына сәйкес).
Суытуға судың жалпы шығыны 65 л/сағ. құрайды.
ҚР ҚНжәнеЕ 4.01-02-2001 2.24-т. сәйкес, өрт сөндіру ұзақтылығы 3 сағатты құрайды. Бұл жерде сыртқы өрт сөндіруге судың қажетті қоры 702 м3 құрайды.
Өрт сөндірудің қабылданған сызбасының негізінде имараттың келесі құрамы қарастырылады:
− өрт сөндірудің сорғыш станциясы;
− V=400м³ судың өртке қарсы судың қорын сақтауға арналған резервуарлар (2 дана);
− лафетті қондырғы;
− өртке қарсы су құбырының торабы.
Ортадан тепкіш сорғыштары сорғыш өрт сөндірудің негізгі жабдығы болып табылады, олар екі топқа бөлінеді:
• бірінші тобы: өрт сөндіруге суды беру үшін қондырғыға 2 данада (бірінші сорғыш жұмысшы, екіншісі - қосалқы) 1Д 315-71 маркілі, өнімділігі - Q=315м3/сағ., қысымы - Н=71м, 5АМН250М2У3, N=110кВт, n=2900 айналым/мин электрқозғалтқышты, салмағы - m=843 кг ортадан тепкіш сорғышы қолданылады.
• екінші топқа: өрт сөндіру жүйесі суының айналыс құбырының айналымы үшін, 2 данада (бірінші сорғыш жұмысшы, екіншісі - қосалқы) 1К20/30м маркілі, өнімділігі - 25 м3/сағ., қысымы – 32 м, АИР100L2 N=5,5кВт, n=2900 айналым/мин, массасы - m=85 кг сорғышы пайдаланылады. Өртке қарсы су қорын сақтау үшін жобамен әрқайсысы V=400м³ екі көлденең болатты, диаметрі - 8,53м, биіктігі - 7,38м, 12 кВт қуаттылыққа жарылыстан қорғалуына орындалуымен ТЭН қоса қарастырылды. Су резервуарлардан өрт сорғыштарымен алынады және өртке қарсы сумен қамтамасыз ету торабына жіберіледі. Резервуарлар жабдықталады: қабылдау-айналым және тарату келте құбырлары. Резервуарларды толтыру кезінде ВК-6 құдығында орнатылған ысырма жабық болуы тиіс, себебі резервуардың қабылдау келте құбыры айналым құбырының қызметін атқарады. Ұсынылатын резервуарларды дайындайтын зауыт – «АтырауНефтеМаш» ЖШС.
6.4.Өрт сөндірудің сыртқы желілері
Өртке қарсы қор резервуарынан сорғыш станциясына дейінгі соратын құбырлар және сорғыштан өртке қарсы су құбырының айналма торабына дейінгі қысымды құбырлар ҚР ҚНжәнеЕ 4.01-02-2001 7.5 және 7.6-тармақтарына сәйкес, екі желіге, әрқайсысы 100% есептік шығынының өткерілуімен төселеді. Өртке қарсы су құбырын төсеудің тереңдігі жер бетінен құбырдың түбіне дейін 1,84 м құрайды.
Өртке қарсы су қорының резервуарынан сорғыш станциясына дейінгі құбыр Ø219х5,0 МЕСТ 10704-91 болат құбырына және ТУ СТ РК ИСО 4427-2004 бойынша Ø225 PE 100 SDR17 полиэтилен құбырына жоспарланған.
Жобамен құбырды жылуоқшауландыру қарастырылды, ол:
• δ=40мм шыны/талшық матадан;
• жамылғы қабаты – РСТ-ХН шыны/пластика бумасынан тұрады. Өртке қарсы су қорын сақтау үшін резервуардан су алу 200 мм диаметрлі тарату құбырлы резервуармен байланысты болатын Ø2,0м, V=3,8м³ қабылдау құдығы арқылы автотехникамен жүргізіледі. Қабылдау құдығында судың деңгейін реттеу бұру құбырында құдықта орнатылған ысырма арматурамен жүргізіледі.
Компрессорлық ғимаратты қорғау үшін су құбырының торабына стационарлы жалғануымен СПКЛ-С-40 лафетті ұңғымасын орнату қарастырылды. Лафетті ұңғымалар МЕСТ 10704-91 бойынша ø108х4,0мм діңгектерімен жабдықталған. Су құбырының торабынан лафетті ұңғымаға тармақталуында, құдықтарда қолмен іске қосылатын ысырма орнатылған, ол оңтайлы температурада ашық болуы тиіс, ал теріс температурада лафетті ұңғыма мен ысырма аралығындағы учаскеде құдықтағы ұңғымада вентильдің көмегімен судан босатылуы керек. Пластмасс құбырлардың басқасымен түйіскені кезінде футляр қабырғасының қалыңдығын ұлғайту арқылы полиэтилен құбырынан қорғағыш футляр жобаланды. Сыртқы өрт сөндіру МЕСТ 8220-90Е бойынша өрт гидранттарын қарастырады. Өрт гидранттары жүру белдігінің шетінен 2,5 м қашықтықта жол бойында жобаланды. Әр гидрант қосалқы жабдықтарымен және шкафпен жабдықталады. Өрт гидрантының шкафына қолдан іске қосылатын өрт ұңғымасынан, өрт жеңінен, тарату саптамасынан, шлаглігі жалғау кілтінен тұрады. Ысырма арматурасын және гидранттарды су құбырының торабына орнату үшін МЕСТ 8020-90 Ø1,0-1,5 м жинақталған темір/бетонды құдықтар жобаланды, олар қызмет көрсететін және жөндеу жүргізетін персоналдың түсуі және көтерілуі үшін баспалдақпен жабдықталады. ҚР МЕСТ ҚТ 12.4.026-2002 сәйкес жер асты өрт гидранттарының орналасқан жерлерінде ӨГ әріптік индекс люминисцентті сырмен жазылған көрсеткіштер орнату қажет, сандық көрсеткіштердің мәні көрсеткіштен гидранқа дейінгі аралықты көрсетеді.
Бастапқы кезеңде шамалы өрт ошақтарын жою үшін ықшамдалған өрт сөндіргіш пайдаланылады. Қызмет көрсететін персоналмен қолмен іске қосылатын мұндай өрт сөндіргіштер тұтану ошағын өрт қызметі келгенге дейін өшіреді. Ықшамдалған құрғақ ұнтақты АВС сыныпты өрт сөндіргіштері технологиялық жабдықтарда көмірқышқыл газы бар орындарда қойылады. Ықшамдалған СО2 өрт сөндіргіштері көбік және құрғақ ұнтақпен зақымдануы немесе ластануы мүмкін болатын жабдықтарымен алаңда қойылады. Өрт сөндіргіштердің үлгілері сөндіруге жататын материалдан жасалуына қарай таңдалады. Сонымен қатар, ұсақ өрт ошақтарын жою үшін кешеннің алаңына өрт инвентарі бар өрт қалқаны орнатылады. Әрбір өрт қалқаны келесідей өртке қарсы инвентармен жабдықталады:
көмір/қышқылды өрт сөндіргіш – 1 дана;
құмы бар жәшік – 1 дана;
тығыз төсем (киіз), көлемі: 2х2 метр -1 дана;
күрек – 2 дана;
багор – 2 дана;
балта – 1 дана;
өрт шелегі – дана.
ППБC РК-10-98 құжатына сәйкес, өнеркәсіп кешенінің аумағы 5000м² дейін ауданға бір қалқан есебінен өрт қалқанымен қамтамасыз етіледі.
Жұмыс орнының және жұмысшылардың саны
Штат санын қалыптастыру имараттардың, жабдықтардың жинақталуымен, жұмыс көлемімен және ұйымдастыру құрылымымен негізделеді.
Өндірістік персоналдың жалпы саны 4 адамды қарастырады.
Пайдалану персоналы жабдықтардың жұмысына тәулік бойғы бақылауды және қарауды жүзеге асырады, орын алған ақауларды жояды.
Кезекшілік қызметтің құрамына кіреді:
• Операторлар _____(диспетчерлер);
• технологиялық компрессорлардың машинисі;
• технологиялық қондырғыларға, электр жабдықтарына, КИПиА жүйесіне қызмет көрсету жөніндегі слесарь.
Объектіні күзету «ҚазақТүрікМұнай» ЖШС келісім-шарты бойынша күзет агенттігі және өртке қарсы қызмет жүзеге асырады. Компрессорлық станцияның аумағындағы барлық объектілер жұмыс бағытымен айқындалған олардың функционалдық мақсатына, материалдық базасына және кадрлардың құрылымдық қалыптасуына қарай пайдаланылады. Күндізгі ауысымдағы персоналдың жалпы саны 4 адамды құрайды.
Кәсіпорын екі ауысымда жұмыс істейді. Жұмыс ауысымының ұзақтылығы – 12 сағат.
7. Өрт сөндіруші ұнтақтармен өрт сөндіру
Қазіргі кездегі өрт сөндіруші құралдарының ішінде өрт сөндіруші ұнтақ жүйелері (ӨҰЖ) маңызды орынға ие. Бұл өрт сөндіруші берілген затының тиімділігіне байланысты болып келеді.
Қазіргі уақытта барлық қолданылатын өрт сөндіруші құралдарының ішінде өрт сөндіруші ұнтақтар өндірістік – дамыған шетелдерде қолданылуы 80 пайызды құрайды, ал Қазақстанда болса бұл көрсеткіш 5 – 10 пайыздан аспайды. Біздің елімізде көп жағдайда су қолдана береді.
Өрт сөндіруші ұнтақ тұнып қалу мен түйіршіктенуге жол бермейтін әр түрлі қосылғыштары бар ұсақ ұнтақталған минералды тұздардан тұрады. Өрт сөндіруші негізі ретінде фосфорамонийлы тұздар (моно, диамонийфосфаты, аммофос) карбонат, калий және натрий бикорбанаты, калий және натрий хлориді, нефелин, тальк т.б. жатады.
Өрт сөндіруші ұнтақтардың негізгі ерекшеліктерінің бірі – әмбебаптық болып табылады. Ұнтақтармен қолданылатын температуралардың кең ауқымында әр түрлі агрегатты күйіндегі (қатты, сұйық, қыздырған кезде балқитын, газ тәріздес) барлық материалдар мен заттарды сөндіруге болады. Ұнтақталған құрамдастар әр түрлі класстағы өрттерді сөндіру кезінде қолданылады. А - шоқтанып жанатын қатты заттардың жануы (қағаз, ағаш, мата, көмір және т.б.), сонымен қатар шоқтанып жанбайтын (пластмасса, каучук), В – сұйық заттардың жануы (бензин, мұнай өнімдері, спирттер, еріткіштер т.б.), С - газ тәріздес заттардың жануы (тұрмыстық газ, аммиак, пропан және т.б.), D – құрамында металлы бар және металлдардың жануы (магний, калий, натрий және т.б.), Е – кернеу астындағы электр құрылғыларындағы заттардың жануы. А, В, С, Е жану класстарындағы өрттерді сөндіруге арналған ұнтақтар «кең қолданылғыш» немесе «жалпы қолдануға арналған өрт сөндіргіш ұнтақтар» деп аталады. Бұл жағдайда жанудың бітуі жану аймағын орап алатын ұнтақ бұлттарын құру жолы арқылы өрт сөндіру жүзеге асады. Теке қана В, С, D жану класстарындағы өрттерді сөндіруге арналған ұнтақтар «арнайы» немесе «арнайы қолдануға арналған өрт сөндіргіш ұнтақтар» деп аталады. Осындай ұнтақтармен өрт сөндіру айналаны қоршаған ауамен жанып жатқан аудан бетінен оқшаулау жолымен жүзеге асырылады.
Ұнтақтарды арнайы таспаларда, ылғалдан сақтайды. Ұнтақтар өрт ошағына қысылған газ ретінде жіберіледі.
Кең түрде қолдануға болатындығымен қатар ұнтақталған өрт сөндіруші құрылғылар тағы бір қатар ерекшеліктерге ие:
-
жоғары өрт сөндіргіш қабілет;
-
тез әрекеттесу;
-
объектілерді өрттен сақтандырудың төмен бағасы;
-
экологиялық қауіпсіздік (озонды бұзатын заттардың, ұлы құрамдастардың болмауы, төмен коррозиондық белсенділік, химиялық инерттілік т.б) өйткені ұнтақтардың негізінде минералды тыңайтқыштар жатыр;
-
су мен бу өрт сөндіру құрылғылары мен салыстырғанда бөлме іші мен оның ішінен мүлікке келтіретін өрттен пайда болатын жанама шығындардың төмендігі - өрт сөндіруші ұнтақ шаңсорғышпен немесе сыпырғышпен оңай жинап алынады;
-
судың, көпіршіктердің, көміртек қос тотығы және басқа құралдардың қолданылуы тиімді емес болған жағдайда, экономикалық жарамсыз болғандағы төмен температуралар жағдайында қолдану мүмкіншілігі;
-
газдың және аэрозольдық өрт сөндіру құрылғыларымен салыстырғанда бөлімшелердің герметикасына төмен қажеттілік;
-
өрт сөндіру тәсілінің әртүрлілігі (стационарлы қондырғылар, өрт сөндіргіштер, автокөліктер).
Мысалы, өрт сөндірудің автоматты құрылғыларын шығарушы өнеркәсіптің бірі ЖШС «Кешенді қауіпсіздік» (Қазақстан, Алматы қ.) ғылыми – техникалық «Жалын» кешенімен (Ресей, Реутов қ.) қызмет істей отырып, АҒЗО ӨҚ және АҚ ҚР (Арнайы ғылыми-зерттеу орталығы Өрт қауіпсіздігі және Азаматтық қорғаныс) зертханасында зерттеу жұмысын жүргізді, нәтижесінде 35000 В дейінгі электрлік кернеу кезінде де қолдануға болатын, «Феникс АВС -70» өрт сөндіруші ұнтағын анықтап шығарды. Берілген мәліметтер өрт сөндіру құрылғыларын таңдауда маңыздылық таныта алады.
«ВiZone» ұнтақты сөндіргіші модульіндегі жалпы қолданысқа арналған әсерлігі жоғары «Феникс АВС -70» өрт сөндіргіш ұнтағы пайдаланылады.
7.1. Өрт сөндіру ұнтақтары мен автоматты модульдік ұнтақтық өрт сөндіру жүйесін жасау мен заманауи өндірісі
[5] сәйкес, ұнтақтық өрт сөндіру қондырғыларын А, В, С класты өрттерді ауыздықтау мен 1000 В дейінгі қуаттағы электр жабдықтары, қоймалық, өндірістік, сауда, әкімшілік ғимараттар, банктер, мұражайлар, гараждар мен тұрғын үйлер т.б. нысандарда орын алған жалынды сөндіруге қолданылады. Аталған қондырғылар жанар-жағармай, химиялық заттар мен олардың қосындылары, фирафларлық және полимерлік материалдар, өздігінен тұтануға бейім (мақта, қағаз, ағаш үгіндісі) өрттерін сөндіруге қолданылмауы тиіс.
Ұнтақтық өрт сөндірудің бірқатар артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Артықшылықтары: әмбебаптық пен өрт сөндіргіштік қабілеті жоғары, әрі ұнтағы арзан. Өрттің кейбір түрлерін сөндіруде (металдар мен олардың құрамына) тек мамандандырылған ұнтақтар пайдаланылады. Кемшіліктері: өртті тек беткейлік сөндіру қабілетке ие, яғни өткізгіштік қасиеттері төмен, сондықтан нысандарды ластайды. Ұнтақтар токсикалы емес, адам өміріне тікелей қауіп тудырмайды, дегенмен ұсақ дисператорлық құрам ауада бірнеше минут сақталып, адамның демалуын қиындатады.
Ұнтақ жанбайтын, жеңіл, әрі ұсақ дисператорлы болып тырысып, жабысу қабілеттері шектеулі болуы шарт. Ұнтақтар мамандандырылған (жанар-жағармайдың кейбір түрлері мен металдар өртін сөндіруде қолданылады), жалпы қолданысқа (қатты және жұмсақ заттар мен электр жарығының қуатында тұрған қондырғылар өртін сөндіруге қолданылады) болып шығарылады. Қазір барлық әмбебеап қондырғыларда сөндіру ұнтағының жалғыз түрі қолданылады: «Пирант-А» (фосфорлы аммонилік тұздар), «ПСБ-ЗМ» (натрийдің бикарбонаты), П2-АШ (аммофос негізінде), «Вексон-АВС» және т.б. модификацияларында. Металдар өртін сөндіруге мамандандырылған ПГС және ПХГ түріндегі ұнтақтар қондырылады. Қазіргі таңда аталған ұнтақтардың түгелі Ресейде өндіріледі: «Фосфорит» АҚ, «Файтеххим» АҚ, «Экохиммаш» және т.б.
Ұнтақ қондырғыдан ығыстырушы газдың септігімен шығарылады. [5] сәйкес, қондырғы модульінде газды сақтау түріне қарай төмендегідей болып бөлінеді: газды әсер етуші элементпен, сұйытылған немесе қысылған газды баллонда сақтау. Мұндайда ауа, аргон, гелий, азот, көмір қышқылы және олардың қоспалары пайдаланылуы мүмкін.
Ұнтақтық өрт сөндіру қондырғылары шартты түрде екі топқа бөлінеді. Біріншісі, ұнтақты бір-біріне тәуелсіз шашалатын шағын модульдер. Екіншісі, ұнтақты сақтайтын ортақ орындары бар стационарлық жүйелер, бұлардың қатарына ұнтақты белгілі орынға жеткізер құбырлар жүйесімен орталық баллоны бар жабдықтарды жатқызуға болады.
Бірінші түрлі модульдер кеңінен қолданылады. Бағасы арзан, қолдануға ыңғайлы. Басқару панелінен тапсырма келгенде және ауа температурасы белгілі межеден асқанда автоматты түрде іске қосылуы мүмкін.
Екінші түрдегі қондырғылар аз қолданысқа ие. Себебі, оған өте жоғары қысым қажет. Сонымен қатар, ұнтақты тең, әрі тиімді етіп шашуға кедергі бар.
Модуль іске қосылғанда шашылатын ұнтақ адам денесі мен киіміне зиян келтірмейді. Сумен жуып, шаңсорғышпен сорғызса оңай кетіп, мүлікті бүлдірмейді.
Автоматты өрт сөндіру жүйелеріндегі барлық электрлі қосу жабдықтары [5] талаптарына сәйкес болып, қайта-қайта тексеріліп отырылуы шарт. Көбіне көп автоматты ұнтақтық өрт сөндіру жабдықтары кең ғимараттарға бірқатар газ-ұнтақтық модульдер орнатқан жөн.
Қазіргі таңда автоматты ұнтақтық өрт сөндіру қондырғыларын басқару станциялары әр модульдің іске қосу қондырғыларын емес, өзінің іске қосу шлейфін ғана тексереді.
Газ-ұнтақтық өрт сөндірудің дамуына сәйкес автоматты жүйелерді жаңа мүмкіндіктер пайда болуда.
Өрт сөндіру проблемаларын зерттеу ғылымының басым бағыттарының бірі ҚР-да ұнтақтық қосындылардың жаңа түрін жасау. Бұл арнада Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті жану институтының ұжымы қажырлы, әрі тиімді еңбектеніп келеді.
Технологиялық жану бөлімінің негізінде 2001 жылы жану проблемаларының зертханасы құрылған. Зертхана жұмысының басым бағыты – шығарылатын өнімдерді жетілдіріп, жаңаларын жасау, экономикалық және экологиялық тиімді шикізат көздерін табу, жаңа технологиялар жасау, жалынның тұтану себептерін зерттеу, А, В, С класты өрттерді сөндіруге қажетті жаңа ұнтақтар ойлап табу.
Бұл бағыттағы істер жалғастырылуда. Оны өндіріске ендірсек кәсіпорындармен елімізге елеулі пайда кіргізеді. Мысалы, Институт ғалымдары өртке төзімді «Фурнон» матасын ойлап шығарды. Жаңа материал Қазақстан, Ресей, Украина мемлекеттеріндегі кокс, цемент, әк тастарын күйдіру заводтарының пештерінде қолданылуда.
Ғалымдар өздігінен өртену сынды өзекті мәселені зерттеп жатыр. Қазақстандық шикізат негізінде кез келген қиындықтағы өртті ауыздықтауда қолдануға болатын қоспалар жасалды. Олардың техникалық сипаттамасы мен технологиялық шығыны өзге елдердің өнімдерімен тетелес. Ағашты матырып, болмаса бояғанда жанбастай ететін сұйықтық әзірлеу. ОГЗ-7 құрғақ ұнтағы, өртке қарсы ісетін плиткалар және өзгелері жанбайтын сейф, құрылыс конструкциялары, электр желілері т.б. өндірістерінде кеңінен қолданылуға болады.
Алматы автоматты ұнтақтық өрт сөндіру қондырғысымен ұнтақтық қоспалар жасайтын компаниялар ең көп қала. Бұл ең алдымен оңтүстік астанамыздың технологиялық тұрғыдан алғанда алдыңғы қатарда тұрумен байланысты.
Мысалы, Алматыдағы «Түмен» фирмасында өрт сөндіретін «Вексон» ұнтағы шығарылады.
Сондықтан ғалымдар бірқатар зерттеулер жүргізді. Зерттеу бағыттары да әр қилы. Қорыта келгенде Ресейдің ВНИИПО қызметкерлері «Эпотос» фирмасымен бірлесіп өздігінен шашырататын автоматты өрт сөндіргіштер сериясын шығарды. Бұл көлік пен технологиялық жабдық түрлі нысандарды өрттен қорғаудың тың тәсілі. Олар үйреншікті қол өрт сөндіргіштерінен ерекше. Адам жоқ кезде өрттің тез таралуына жол бермей, жаңа тұтанған кезде өз бетінше сөндіру қондырғының басты қызметі.
Қазақстанның өрт сөндіруші ұнтақтарға деген қажеттілігін. 1991 жылдан өзіміздің өндірушілер тек 20 пайызға қанағаттандырған. Бұл өз шикізатымыз негізінде өрт сөндіру ұнтақтары өндірісін дамыту жұмыстарын 2001 жылы дамытудың қаншалықты өзекті екендігін дәлелдеп берді.
Жалпы тағайындалған ұнтақтардың арасында шетелдік және отандық тәжірибеде өрт сөндіретін ұнтақтардың ішінде фосфор аммонийді тұздар (Пирант-А) және негізгі бикарбонат натрий ұнтақтары өз қолдануын тапты. Тәжірибие көрсеткіші бойынша ПС-Б3 ұнтағы өзінің ең күшті қанаушылық қасиетімен және төмен негізі гигроскопиялық құраушы ішіндегі бикорбанаты натрий үлкен деңгейде ұнтақталған өрт сөндіру автомобильдердің қуатына жарамды. Сонымен қатар бұл ұнтақ шіріген заттарды өшірмесе де, әмбебап қасиеті болмаса да, Пирант-А-ға қарағанда өзінің өрт сөндірушілік тиімділігі бойынша В сыныпты әсіресе С сыныпты өрттерді сөндіреді.
Бұдан келе, «Экохиммаш» (Ресей, Буй қ.) кәсіпорында институт қатысуымен ПСБ-3М ұнтағының технологиялық алуы және ұйымдастырылған өнеркәсіп өндірісі жетілдірілген. Жаңа түрлендірілген ПСБ-3 ұнтағының орнына толықтырылған және қымбат аэро күш АМ-1-300 (өнеркәсібі әлі де Украинада қалған) гидрофобизиялық қосылысы бар ақ күші, кремний органикалық сұйықтықпен өңделген.
Гидрафобиялық күші процесінің алушылығы тікелей кәсіпорында істелген және жалпы технологиялық бағытпен ұсталған ұнтақтың өнеркәсібі қосылған. ПСБ-3М ұнтағы ойдағыдай қабылдау байқауын өтіп, 1995 жылдан бастап өнеркәсіпті партия жұмысымен шығарылады. 1997 жылы кәсіпорындарда негізі фосфор – аммоний өрт сөндіруші ұнтағының, қажеттілігінің дамуымен бірге соңғы жылдарда жаңа өрт сөндіруші ұнтағының өнеркәсібі және оның номенклатурасының кеңейуінен құралады.
Өрт сөндіруші ұнтағымен қамтамасыз етілуі және басқа ұнтақ технологиясы. АО «Файтеххим» (Ресей Бийск қ.) институтымен әдістемелік көмек көрсетілген, 1996 жылы өрт сөндіруші ұнтақ П2-АШ негізі аммофосы бар өнеркәсібі меңгерілген. Пирант-А, П2-АШ ұнтақтары барлық типті өрттерді сөндіреді, темірлерді қоспағанда.
Өрт сөндіру темірдің қатысуынан көптігіне қарамастан олардың жалпы өрт сөндірулердің санының қосылуымен олардың тиімді және қауіпсіз өрт сөндіру мәселесі өткір тұрады. Біріншіден радиоактивтік металдарының сөнуіне қатысты ядроның отын бұйымдарының жану процесінде аэрозольді түтінінің бөлектенуі, жеңіл металдармен оның қорытпаларын өңдеу барысында адамдардың өліміне немесе тұратын жермен орындарға радиоактивтік немесе токсикалық жұқпаларға себеп болады. Жаттығудың көбі ұнтақтар сияқты металдар өндіру барысында пайда болады. Оларды дәстүрлі құралдарды және жануды тоқтату әдістері болып табылатын суды, көбікті әдеттегі газдық құрамдарды және жалпы қолдану мақсатындағы өрт сөндіргіш ұнтақтарын сөндіру мүмкін емес. Сондықтан металдар және олардың қосылыстарында болған өртті сөндірудің негізгі құралы арнайы мақсаттағы ұнтақты құрамдар болып табылады.
1991 жылдан кейін, яғни арнайы өрт сөндіргіш ұнтақтар өндірісі Қазақстан аумағынан тыс қалғандықтан әрі оған деген сұраныс өткір болу себепті, өз ішімізде әзірлеуің қасиеттігі туындады. ПХК деп аталған жаңа құралды әзірлеуге ешбір металға тән қасиет хлориді аталатын зат пайдаланды. Бұрындары жүргізілген көптеген зерттеулері нәтижесі көрсеткеніндей, калий хлориді органикалық сұйықтықтары мен газдардың жануына тиімді ықпал жасайды. Арнайы мақсаттағы ПГС түрінде шығарылатын ұнтақпен салыстырғанда жаңа ұнтақтық негізі төмен коррозиялық белсенділікке және гигроскопиялыққа құрылған. Кең көлеміндегі зерттеулер нәтижесінде қосымша құралы ПХК рецептурасы бойынша жасалынды, яғни өте жоғары эксплуатациялық және өртсөндіргіштік қасиетіне ие. ПХК ұнтағы түрлі металдар мен жанғыш сұйықтықтарды сөндіру сынағы сәтті өтті және АҒЗО ӨҚ және АҚ ҚР зертханасынан іс-тәжірибеде қолданғаны мақұлдаған.
ПХК ұнтақтық құрамды өнеркәсіпті өндіру ТОО «Ваsu Technologies»
(Қазақстан, Алматы қ.) кәсіпорында ұйымдастырылады. Бұл қоспа өрт сөндіруде қолданылады. IND™ өндірісінің жүйесінде құрылған химиялық негіздерді В, С және А, В, С жануларын сөндіру үшін қолданады.Жәнеде мың вольтқа дейінгі электро құрылғыштарды сөндіруге қолданылуы мүмкін. IND™ өндірістік жүйесіне арналған сөндіргіш агент жоғарғы және төменгі температураларға төзімді болып келеді. Оның құрамына сақтау мерзімін ұзартуға және суық кері итеруге күшейтетін қосымша құрамдар кіреді.
Ұнтақтық қасиеттері салқындату оттегінің теңесу және жылу радиациямен шектеу болып табылады.
Сөндірудің негізгі механизмі химиялық тізбекке бөлуі болып табылады. Жану тізбегінің реакцияның теориясы бойынша жану аумағында бос радикалдар пайда болады. Алайда олармен үйлес реакция болу үшін ұласпалы жануды тудыру керек. Ұнтақты жалынға лақтыру бөлшектердің өзара әрекет реакциясың алдың алады және осылай жалын сөнеді.
Пайдаланатын қоспа улы емес, онымен тек металдан шыққан өртті ғана емес жанғыш сұйықтар мен газдарды сөндіруге болады. Сұранысты ұлғайту үшін алдын-ала жіберілімдерден құрылады. Осылай оның шығарылымына сай өндірістік тұрақтылығы арттырылады. IND™ жүйесіндегі сөндіру агенттігінің күші жалпы мақсатты пайдаланатын ұнтақтардан қымбат емес.
Өрт сөндірудегі аралас газ ұнтағының автоматты түрдегі өрт сөндіру бағыты
Өрт сөндірудің автоматтық қондырулары өрт сөндіру түрінің тәуелділігіне байланысты сулық, көпірлі газдың, аэрозолді ұнтақталы болып жіктеледі. Өрт сөндіру өз ерекшеліктері мен пайдалану жолдары бар. Сулық автоматтық өрт сөндіру жолдары (мысал: өрт сөндірудің модульдік қондырулары жіңішке ыдыратқыш сумен «Тайфун» өндірісі НТК «Пламя» (Ресей)) ерекшелігі, бөлмедегі адамдардың бар болуындағы қолданылатын автоматтық өрт сөндіру түрі. Сондай-ақ су өрт кезінде эвакуация жолында көруді жақсартып, түтін бөлмеде тынысты жақсартады және ол экологияға жақсы әсерін тигізеді. Көпірлі өрт сөндірудің қолданылулары (Мысал: мұнай жасауыш және химиялық өнеркәсіпте белгілі бір мақсатта қолданылады, әсіресе ашық аудандарда жанғыш сұйықтық та қолданылады. Газдың өрт сөндіруінің (мысал: МЭЗ «Спецавтоматика» (Ресей)) сервер мен ЭВМ бөлшектерінің сақталуындағы мүмкіндіктері жалғыз тәсіл. Аэрозольді автоматты өрт сөндіру тәсілі (мысал: «Допинг» өндірісі ООО «Эпотос», аэрозольді автоматты өрт сөндіру өндірісі НПГ «Гранит-Саламандра» (Ресей )) герметикалық көлем шарттарын локольді өрттің сөндіруіне қатысты. Сенсация қауіпсіздік нарығындағы мамандар жұмысы болды «Каланча» (Ресей) жаңа автоматтық өрт сөндіру технологиясы аралас газ ұнтақтың автоматтық өрт сөндіруі. Осы технология зерттеуі бойынша қалыптасқан оттық қосылыс пен өрт оттығының сөнуі ұнтақ және көміртектік газды процесте қосылыс кезіндегі өрт сөндіргіш затына сай ауыспалы камера мөлшері. Осыған орай зерттеу тәжірибесі барысында, құралған көміртекті ұнтақ қосылысымен жіберуші болып келуі мүмкін. Тәжірибе зерттеуінде болған көрсеткіште көбікті өрт сөндіру модуль сөндіру тиымды болып анықталды.
Ең әуелі облысты қолдану әр сайын үстіндегі тиянақты тәртіп бойынша қарастыру.Үлгі су мен көбік бизон өртті сөндіргішпен өшіреді, отты сөндіру үшін А, В, С және электр асбаптары маңында күш салу 1000 В. Оның бір бөлігінің қасында ыстық сұйықтық өшіру және газды өшіру ашық ауа және былғау сонымен қатар құрылысын ауыстырғыш орналасқан. (Соның ішінде қозғалатын жеңіл тұтанғыш (ЖТС) және жанғыш сұйықтықтар (ЖС) темір жол цистері) авиациялық ангарлар және т.б.
Толығымен жоғары тиімділіктің және үлгілердің сенімділігінің көбікті өрт сөндіру модулі құрамы бүкіл көлемде қызмет етуін растайды,ыңғайлы монтажды және жан-жақты үлгі бойынша жұмыс жасай алады.
Бұлардың басқалардан артықшылығы ұнтақтың өртті сөндіруде ыңғайлы болып келуі:
1) Өртті сөндіру А бөлігі, ал ең бастысы қатты заттың жануы, ірумен байланысты (қағаз, тоқыма, ағаш).
2) Іштей қамтамасыз ету көбіктің қорғауы ауқымды көлемде және тіпті бөлменің алыс жерлеріндегі жануларды сөндіруі.
3) Көлемдік ықшамдық және бөлмелік өрт сөндіру амалын пайдалану.
4) Өрт сөндіргіш заттың төмен температурада пайдаланылуы, қайтадан жанудың алдын алуына мүмкіндік болады.
Достарыңызбен бөлісу: |