Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 наурыздағы №127 бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»



бет47/129
Дата09.06.2016
өлшемі12.36 Mb.
#124536
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   129
§ 2. Арматураларды таңбалау

 

2351. Жабық арматура оның міндетін анықтайтын анық жазумен жақсы көрінетін бекітілген планкамен жабдықталуы тиіс.

2352. Басқару постарындағы қашықтықтан басқарылатын арматура оның міндетін анықтайтын бекітілген ажырататын планка, сондай-ақ «Ашық», «Жабық» жағдайын көрсеткіші болуы тиіс.



Егер қашықтықтан басқару тек арматураны жабуға арналған болса, бағытын көрсеткіштерді орнату міндетті емес.

 

 

§ 3. Арматураны орналастыру және орнату



 

2353. Өткізбейтін аралықтарда орнатылатын арматура дәнекерлеуге шпилкіде бекітулі және іріктелген стакандарда орнатылуы тиіс.

Тіреу түйреуі астындағы саңылаулар алмаспауы тиіс.

2354. Диаметрі 10 мм жоғары жолдама арматура пластмасса құбырдың трассасында орналасқан корпус конструкциясына бекітілуі тиіс.



 

 

230. Кингстонды және мұздық жәшіктер. Дондық және борттық арматура. Сыртқы қаптамадағы саңылаулар



 

§ 1. Арматураның конструкциясы және орнатылуы

 

2355. Су үсті бортының палубасынан төмен орнатылатын борттық арматураның, сондай-ақ дондық арматураның бөлшектері өрт кезінде тез бұзылатын материалдардан дайындалмауы тиіс.

2356. Дондық және борттық арматураның жалғастыру өзегі және жапқыш бөлшектері коррозияға-тұрақты материалдан жасалуы тиіс.

2357. Борт сыртындағы суды қабылдау үшін, кингстонды немесе мұздық жәшіктер көзделу тиіс. Қақпақпен жабылатын қылта арқылы жәшік ішіне кіру мүмкіндігін көздеу тиіс (осы Қағиданың 1238-тармағы).

2358. Мұздық күшейтілген кемелердегі кингстонды жәшіктердің біреуі мұзды болу қажет. Мұздық жәшіктердің конструкциясы мұздың тиімді бөлінуін және борт сыртындағы су жүйесінің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін ауаны жоюды қамтамасыз ету қажет.

2359. Мұздық күшейтілген кемелердегі кингстонды және мұздық жәшіктер, сондай-ақ жүктік ватерсызық үстінде орналасқан борттық арматураның жылытқышы болуы тиіс.

2360. Корпустың сыртқы қаптамасында барлық құю саңылаулары судың кеме корпусының ішіне байқамай түсіп кетуін болдырмайтын, сенімді қолданыстағы құрылғылармен жабдықталуы тиіс.

2361. Машиналық бөлімшеде орналасқан, борт сыртындағы басты және қосымша қозғалтқыштардың жүйелері және құбырларының қабылдау және құю саңылаулары тез ашылатын клапандармен немесе жергіліккті басқару клинкеттарымен жабдықталуы тиіс. Басқару жетектері клапанның ашық немесе жабық екенін көрсететін көрсеткіштері болуы тиіс.

Құймалы борттық клапандар қатпайтын-жабық типті болуы тиіс. Кеме қатынасы тіркелімінің келісімімен мұндай клапан кері клапанмен немесе ең жоғарғы жүктік ватерсызықтың үстіне көтерілген құбыр ілгегімен ауыстырылуы мүмкін.

2362. Қабылдағыш дондық арматураның басқару жетектері оңай қол жетімді жерде орналасу және клапанның ашық немесе жабық екенін көрсететін құрылғылармен жабдықталуы тиіс.



Жолаушылар кемесінде бұл жетектер машиналық бөлімшенің төсенішінен жоғары орналасу қажет.

2363. Дондық және борттық арматура пісірулерде орналасуы тиіс.



Егер олар тиісті қаттылықты және ең кіші ұзындығы болатын жағдайда, арматураны пісірілген келте құбырларда орнатуға рұқсат етіледі. Келте құбырлар дуалының қалыңдығы кеме ұшындағы сыртқы қаптаманың ең кіші қалыңдығынан кем болмау қажет, бірақ ол 8 мм жоғары болу талап етілмейді.

Тіреу шпилькаларының астындағы саңылаулар қаптама маңынан өтпеуі тиіс, пісіруде аяқталуы қажет. Қорғасын және өрт кезінде тез бұзылатын материалдардан жасалған төсемдерді қолдануға рұқсат етілмейді.

2364. Қазандарды үрлеу құбырларының борттық арматурасы пісірулерде орнатылуы тиіс. Қаптаманың сыртқы жағында пісірілген қорғау сақинасы көзделеді.



Артматураның пісіру арқылы қаптама және қорғау сақинасына өтетін фланцта бурты болуы қажет. Егер мұндай бурт пісіруде болса, фланцтағы бурт міндетті емес.

 

 

§ 2. Сыртқы қаптамадағы саңылау



 

2365. Сыртқы қаптамадағы саңылау саны аз болуы қажет. Құятын құбырлар мүмкіндігінше жалпы саңылауларға жалғану қажет.

2366. Қабылдау және құю саңылауларының кеменің сыртқы қаптамасында орналасуы мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:



1) ағын суларды, нысаптарды, күлдерді және басқа борт сыртындағы судың сорғысымен таза еместерін қабылдау мүмкіндігін жою;

2) иллюминатор арқылы кеме бөлмесіне ағын және құю суларының, сондай-ақ оларды суға түсіру кезінде шлюпкаға және салдарға түсіп кету мүмкіндігін жою.

Егер осы Қағиданың 2) тармақшасын орындау мүмкін болмаса, құю саңылаулары кеме бөлімшесіне, шлюпкаға және салдарға судың түсуін болдырмайтын тиісті құрылғылармен жабдықталуы тиіс.

2367. Сыртқы қаптамадағы, кингстондағы және мұздық жәшіктегі саңылаулар қорғаушы торлармен жабдықталуы тиіс.



Тор орнына кеме корпусында саңылау немесе қуысты орындауға рұқсат етіледі.

Саңылаудың немесе қуыстың қосынды ауданы су бортындағы белгіленген қабылдау арматурасының қима ауданының 2,5 есесінен кем болмауы тиіс.

Торлардағы немесе сыртқы қаптамалардағы саңылау және қуыс енінің диаметрі 20 мм жоғары болмау қажет.

Кингстонды жәшіктердің торлары кемеде тиісті құралдар болған жағдайда оларды бумен, сығылған ауамен немесе сумен үрлеу құрылғысымен жабдықталуы тиіс. Үрлеу құбырларында қайталамайтын-жабық клапандар көзделуі тиіс. Үрлеу жүйесіндегі будың немесе сығылған ауаның қысымы 0,3 МПа аспауы тиіс.

 

 

231. Құбырлардың төсемі



 

§ 1. Жалпы талаптар

 

2368. Құбырларды бекіту, олар құбырларда жылудың кеңейтілуінен, корпус деформациясынан және дірілден кернеудің шамадан артуының себебі болмайтындай етіліп жүргізілуі тиіс.

2369. Жүйелердің және желдеткіш каналдарының құбырлары қажет болған жағдайда іске қосу немесе жұмыс ортасын немесе ылғалды үрлеу құрылғысы болуы тиіс.



Корпус және жабдық конструкциясында үрлеу өнімдерінің бұзылу әрекетін болдырмауға арналған конструктивті шаралар көзделуі тиіс.

2370. Ыстық ортаны өткізуші және кеме бойында үлкен ұзындығы бар құбырлар компенсаторлармен жабдықталуы немесе құбырлардың өздігінен өтелуін қамтамасыз ететін жеткілікті иілімі болуы тиіс.

2371. Гидравликалық жүйенің құбырлары донаралық кеңістікте салынбауы қажет. Гидравликалық жүйенің құбырлары қол жетімі қиын жерлерде алмалы-салмалы болмауы тиіс.

 

 

§ 2. Өткізбейтін конструкциялар арқылы құбырлардың төсемі



 

2372. Өткізбейтін аралықтар арқылы өтетін құбырлар өткелінің саны ең аз болуы тиіс.

2373. Су үсті бортының палубадан төмен таранды аралықтар арқылы, форпиктегі сұйықтыққа операция өндірісі үшін бір ғана құбыр өте алады. Сонымен бірге егер құбырдан донаралық кеңістіктен тыс салынса, ол су үсті бортынан жоғары шығарылған жетекпен, форпик жағындағы аралықта орнатылған жабық клапанмен немесе клинкетпен жабдықталуы тиіс.

2374. Өткізбейтін аралықтар, палубалар және басқа да өткізбейтін конструкциялар арқылы құбырларды салу, конструкцияның өткізбейтіндігін қамтамасыз етуші пісіру немесе басқа да жалғаулар стаканын қолдану арқылы орындалуы тиіс.

Нығайтқыш шпилькілер астындағы саңылаулар осы коснтрукциялар жанынан өтуі тиіс, ал ерітіп пісіруде аяқталуы тиіс.

2375. Өткізбейтін аралықтар және палубалар, өткізбейтін саңылауларды шектеуші арқылы құбырлардың пластмассадан өту жерлерінде су үсті бортынан жоғары шығарылған жетекпен клапандар орнатылуы тиіс. Клапандар болаттан немесе басқа отқа қарсы тұратын материалдан жасалуы тиіс.



 

 

§ 3. Құбырларды цистерналарда орнату



 

2376. Ауыз және қазан суының құбырларын отынды және майды сақтау қоймасы арқылы орнату, сондай-ақ отынды және майлы құбырларды ауыз және қазандағы су цистерналары арқылы орнату, цистернаның конструктивті бөлігі болып саналатын мұнай өткізбейтін туннельдерде рұқсат етіледі.

Борт сыртындағы су және майдың құбырларын сондай-ақ әуе, құю және өлшегіш құбырларды отын қоймасы арқылы туннелсіз орнату, осы қоймалар ішінде алмалы-салмалы жалғаулары жоқ, тігіссіз құбырларда қолданған жағдайда рұқсат етіледі (осы Қағиданың 326-қосымшасы).

2377. Цистерна арқылы құбырлардың туннельсіз төсеніш кезінде, егер жылылық ұлғайту өтемі қажет болса цистерна шегінде сол құбырлардың майысуы көзделуі тиіс.

2378. Мұнай құюға арналған кемелерде құбырларды орнату осы Қағиданың 2459 - 2470-тармақтардың талаптарына сәйкес келуі тиіс.

 

 

§ 4. Жүктік трюмдарда және басқа үй-жайларда құбырларды орнату



 

2379. Жүк трюмдарына, тізбекті жәшік және басқа үй-жайларда өтетін, механикалық зақымдануға жататын құбырлар тиісті түрде қорғалуы қажет.

2380. Отын, бу және су құбырларын, сондай-ақ гидравликалық жетектің арынды құбырларын, құрғатушы, жүк трюмдарындағыны қоспағанда, рұқсат етілмейді.



Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарау пәні болып табылатын жағдайларда, бұл құбырларды орнату туннельдерде немесе дуалдары қалыңдатылған құбырларды қолданған және олардың қорғауы берік конструкциялы болат бүркенішті болған жағдайда рұқсат етіледі (осы Қағиданың 326-қосымшасы 5-бағаны).

2381. Қыздырылған сұйықтар өтетін буөткізгіштер және құбырлар майлау, фонарлы және басқа тез тұтанатын материалдарды тасымалдауға және сақтауға арналған үй-жайларда орнатылмауы тиіс.

2382. Отын құбырлары тұрғын және қызметтік бөлмелер арқылы салынбауы тиіс. Алып тастауды авариялық дизель-генератордың отын құбыры және дуал қалыңдығы 4 мм кем емес және алмалы-салмалы жалғаулары жоқ құбырларды санитарлық үй-жай арқылы орнату рұқсат етілетін отын қабылдау құбыры құрайды.

 

 

§ 5. Салқындатқыш және вахтасыз машиналық үй-жайларда құбырларды орнату



 

2383. Салқындатқыш бөлме арқылы осы бөлмеге қызмет көрсетуге арналмаған құбырларды орнатуға рұқсат етілмейді. Егер мұндай құбырларды орнату қажет болса, олар қапталу қажет. Осы талаптар тең деңгейде әуе және өлшегіш құбырларға да жатады.

Мұндай үй-жайларда құбырлар су жиналатын және қататын учаскелері болмауы тиіс.

2384. І-сыныпты отын және май құбырларын жалғау дәнекерленген болуы тиіс. Алмалы-салмалы дәнекерлеуді қолдануға рұқсат етіледі, бірақ олардың саны аз болу қажет; сонымен бірге олар қолданылған жерлерде қажет болған жағдайда қорғаныш бүркеніштері орнатылу тиіс.



 

 

§ 6. Құбырларды электр және радиожабдыққа жақын орнату



 

2385. Басты және авариялық таратқыш қалқандар, механизмге жауапты басқару тетіктері үстіне, сондай-ақ олардан кейін, қысымдағы құбырларды орнатуға рұқсат етілмейді.

Осы қалқандар және тетіктердің оң және бүйір жақтарынан мұндай құбырлар 400 мм кем емес қашықтықта орнатылады. Олардан 700 мм кем қашықтықта орнатылатын құбырлардың алмалы-салмалы жалғаулары болмауы тиіс.

Көрсетілген зонадан жоғары фланецті жалғаулармен құбырды орнату кезінде соңғысы қорғау бүршіктерімен шектелуі тиіс.

2386. Арнайы электр бөлмесі арқылы, сондай-ақ аккумуляторлы бөлме арқылы, көміртекті өшіру құбырларын және осы үй-жайда орнатылған электр жабдықтарына қызмет көрсетуші құбырларды қоспағанда, құбырларды орнатуға рұқсат етілмейді (осы Қағиданың 3631-тармағы 11) тармақшасы).



 

 

232. Гидравликалық сынау



 

§ 1. Арматураны гидравликалық сынау

 

2387. 0,1 МПа жоғары есептік қысымға арналған арматура осы Қағиданың 2108-тармағына сәйкес сынақ қысыммен беріктілікке сыналуы тиіс.

2388. 0,1 МПа және одан кіші есептік қысымға, сондай-ақ вакуум жағдайында жұмыс істеуге арналған арматура 0,2 МПа кем емес қысыммен сыналуы тиіс.

2389. Кингстонды және мұзды жәшікке белгіленген арматураға арналған сынақ қысымы 0,3 МПа кем қабылданбауы тиіс.

2390. Жинақтағы арматура есептік қысымға тең, жабылудың герметикалығына гидравликалық сыналуы тиіс.



 

 

§ 2. Құбырларды гидравликалық сынау



 

2391. І және II-сыныптың, сондай-ақ барлық бу, қоректік, сығылған ауа құбырлардың түтіктері және 0,35 МПа жоғары есептік қысыммен олардың сыныбынан тәуелсіз отын жүйесінің құбырлары дайындалғаннан және соңғы өңдеуден кейін, бірақ қаптауға және жабуды түсіруге дейін сынақ қысыммен гидравликалық сыналуы тиіс.

 

рпр = 1,5р,                        (614)

 

мұндағы р — есептік қысым (осы Қағиданың 2333-тармағы), МПа.



Сұйық қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған танкерлер үшін (қысым астында немесе салқындатылған жағдайында газ емес), тиейтін - жүк түсіретін құбырларды сынау кезінде сынама артық қысым 1 МПа аз болмауы тиіс.

Гидравликалық сынау кезінде пайда болатын кез келген жағдайдағы кернеу сынау температурасы кезінде материал ағымдылығының 0,9 шегінен аспауы тиіс.

2392. Егер техникалық себептерге байланысты кемеге орнатуға дейін құбырларға толықтай гидравликалық сынау жүргізу мүмкін болмаса, онда Кеме қатынасы тіркеліміне жекелеген учаскелерін сынау, әсіресе монтажды жалғаулар бойынша ұсыныс жіберілуі тиіс.

2393. Диаметрі үлкен емес (15 мм кіші) кез келген сыныптағы құбырлардың түтіктерін сынама қысыммен сынау, түтіктің міндетін ескеру арқылы Кеме қатынасы тіркелімінің қарауы бойынша жүргізілмейді

2394. Барлық құбырлар оларды кемеде жинағаннан кейін жұмыс жағдайында беріктілікке сыналуы тиіс, мыналарды қоспағанда:



1) 1,5 қысыммен бірақ 0,4 МПа кем емес сыналуы тиіс қыздырудың иректүтіктері және сұйық және газ тәрізді отын құбырлары;

2) бақылау тәсіліне қолдануға белгіленген қысымға байланысты беріктілікке (ауамен, галоидамен) сыналуы қажет сұйытылған газдардың құбырлары.

2395. Егер жинақтағы құбырларды гидравликалық сынау кемеде орындалса, тығыздылыққа және беріктілікке сынау біріктірілуі мүмкін.



2396. Ауа, құю және өлшегіш құбырларды сынау, олар жеткізілген цистерналармен жүргізілуі тиіс.

 

 

233. Құрғату жүйесі



 

§ 1. Сорғылар

 

2397. Жалпы қуаттылығы 220 кВт және одан жоғары басты қозғалтқышымен кез келген өздігінен жүретін кемеде, біреуі механикалық жетекпен стационарлы болу және құрғату жүйесі қосылуы қажет, екеуден кем емес құрғату сорғылары болу қажет. Құрғату сорғысы ретінде балласты, санитарлы немесе механикалық жетегімен жалпы кемелік міндеттегі сорғылар қолданылуы мүмкін.

Құрғату сорғыларының бірі ретінде басты қозғалтқышпен әрекетке келтірілетін су сорғалайтын немесе бу сорғалайтын эжектор қолданылуы мүмкін (егер бу қазандығы үнемі әрекетте болса).

2398. Басты қозғалтқышының жалпы қуаттылығы 220 кВт кіші өздігінен жүзетін кемелерде, біреуі механикалық жетегі бар стационарлы сорғы немесе эжектор болуы мүмкін, ал басқасы осы Қағиданың 329-қосымшасында көрсетілген мәннен кем берілмейтін тасымал сорғысы болатын кемінде екі құрғатқыш құралы болуы керек. Стационарлы немесе екі тасымал сорғының орнына механикалық жетегі бар ауыспалы сорғыны қолдану Кеме қатынасы тікрелімінің келісуіне жатады.



Сумен өшіру жүйесі жоқ ұзындығы 25 м кіші кемелерде бір қолдық құрғату сорғысын орнату рұқсат етіледі. Сонымен бірге қималарды иілмелі шланга көмегі арқылы құрғатуға рұқсат етіледі.

2399. Энергия көзімен жабдықталған немесе энергияны жағалаудан алатын өздігінен жүрмейтін және тұрақтағы кеме, өздігінен жүретін басты қозғалтқышының қуаттылығы 220 кВт кіші кеме сияқты жабдықталады.



Мұндай сұйық отында жұмыс істейтін, бу қазандығы жоқ кеме, мұнай құятын баржаларды қоспағанда, құрғату құралы ретінде ауыспалы сорғыны иемденуге болады.

Қолдық сорғының берілісі 3,5 м3/с кем емес болу керек.

2400. Жеке энергия көзі жоқ және жағалаудан энергия алмайтын экипажы бар өздігінен жүрмейтін кемелерде механикалық жетекті құрғату сорғыларын қолдану міндетті емес, бірақ қолдық сорғы берілісі Қағиданың 329-қосымшасында көрсетілгеннен кем емес ауыспалы поршенді типті болуы тиіс.



Егер талап етілген сорғының беруі, қолдық сорғының беруінен жоғары болса, онда кемені, сүйемелдеуді кемелердің өрт магистралынан эжектор жұмысын қамтамасыз етуші ауыспалы эжектормен және шлангалар жиынымен жабдықтауы тиіс.

2401. Экипажсыз пайдаланудағы өздігінен жүрмейтін кемелерде құрғатуды сүйрегіш-итергіш немесе рейдтік кеме құралдарымен жүргізілуі мүмкін.

2402. Орталықтандырылған құрғату сорғысы өздігінен сорылатын болуы қажет немесе ауасорғыш құрылғылармен жабдықталуы тиіс.

2403. Әрбір құрғату сорғысы, льялді құрғатуға арналған сорғыны және өздігінен жүрмейтін кемелердің қолдық сорғысын қоспағанда, асудың есепті жылдамдығы қабылдағыш құрғату магистралындағы, диаметрі осы Қағиданың (615) формуласы бойынша есептелген шартында анықталатын, қалыпты пайдалун жағдайында 2 м/с кем болмайтын берілісі болуы тиіс.

2404. Мұнай құятын кемелердегі жүк сорғы үй-жайы, сорғы үй-жайының өзінде орналасқан жеке сорғылармен немесе эжекторлармен құрғатылуы тиіс. Тегістелген сорғыны ашық қабылдағыш қосымша ұштарында қайталанбайтын - жабық клапандарды және есепке алынған сорғымен құрғатудың клапандық қорынан жалғаушы құбырлардағы жабық клапандарды орнатқан жағдайда қолдануға рұқсат етіледі. Сорғылардың конструкциясы жоғары деңгейде жалын құрау мүмкіндігін жоюы тиіс.

2405. Мұнай құятын кемелердің алдыңғы жақ қималарын құрғату үшін, тек балласты суға арналған цистерналарды толтыруға және босату үшін де қолданылатын жеке сорғы немесе эжектор орнатылуы тиіс.

2406. Шапшаң кемелерде құрғату сорғыларының саны және олардың берілісі Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарау пәні болып табылады.

 

 

§ 2. Құбырлардың диаметрлері



 

2407. Құрғату магистралдарының ішкі және тікелей алдыңғы жаққа қарай жалғанатын қабылдағыш қосымшалар диаметрі D1, мынадай формула бойынша анықталады



мұндағы L, В, Н - осы Қағидаға 329-қосымша мәліметтері.

Техникалық флот кемесі үшін L — құрғатылатын қима ұзындығының сомасы, м.

2408. Магистралға жалғанатын қабылдағыш қосымшалардың ішкі диаметрі d1 мм, сондай-ақ қолдық сорғының қабылдау құбырларының диаметрі мынадай формула бойынша анықталады.





 

ℓ — түбі бойынша өлшенген, құрғатылатын қиманың ұзындығы, м;

b — құрғатылатын қиманың ені, м;

Н — осы Қағидаға 329-қосымшаның мәліметтері.

2409. Барлық жағдайларда құрғату құбырларының ішкі диаметрі 40 мм кем болмау қажет, ұзындығы 10 м кіші кемелерде бұл диаметрді 20 мм дейін төмендетуге рұқсат етіледі.



Құрғататын алдыңғы жаққа тікелей жалғанатын құбырлардың ішкі диаметрі сорғының қабылдағыш келте құбырының ішкі диаметріне тең болуы тиіс.

2410. Таратқыш қабылдағыш қорабын құрғату магистралымен жалғаушы құбырлардың көлденең қимасының ауданы, осы қорапқа жалғанатын екі ең үлкен қосымшалардың көлденең қимасының қосынды ауданынан кем, бірақ магистралды құбырдың көлденең қима ауданынан жоғары болмауы тиіс.

2411. Құрғату сорғылары тек машиналық бөлімшені құрғатуға арналған мұнай құятын және басқа кемелердегі құрғату магистралының көлденең қимасының ауданы, ішкі диаметрі осы Қағиданың (616) формуласы бойынша анықталатын, қосымшаның екі еселенген көлденең қиманың ауданынан кем болмауы тиіс.

2412. Машиналық бөлімшенің авариялық құрғатуға арналған қосымшалар диаметрі осы Қағиданың 2420-тармағына сәйкес орындалады.



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет