1. Отбасындағы бала тәрбиесіне өзгертулер енгізу.
ата – ананың педагогикалық, психологииялық білімділік деңгейін. өзара қарым – қатынас мәдениетін көтеру;
отбасында тәрбиеленуші жағдайды туғызу;
ата – анаға баланың бойындағы кері сапаларды жоюға және жағымдыларын тәрбиелеуге көмектесу, жкек кеңес беру;
бала үшін нақты тәртіптің ұйымдастырылуын бақылау, баланың қараусыз қалуын жою;
баланың саналы әрекетін (ойын, еңбек, шығармашылық, қоршаған ортаны тану), оның отбасы қарым – қатынасын ұйымдастыру;
2. Сыныптағы тәрбие және білім беру жұмыстарын жан – жақты ету.
педагогикалық процестегі оқытушы мен ата – ананың біріккен әрекеттестігі;
сыныптағы тәрбие мен білім беру жұмыстарының іске асырылуы;
оқушылар арасындағы тұлғааралық қарым – қатынасты адамгершілікті ету, баланың өзін эмоционалды жақсы ұстауы үшін жағымды психологиялық ортаны қалыптастыру.
3. Баланың тұлғалық өсуіне көмектесу.
балаға қажетті психологиялық көмек көрсету;
интеллектуалды, рухани, эмоционалды – еріктік сферасындағы кемшіліктерді жою үшін индивидуалды жұмыстар жүргізу;
балалардың жағымды қызығушылықтары мен білімділіктрін ескере отырып, белсенді әрекетке араластыру;
баланың мектеп бағдарламасын меңгерудегі жетістіктерін ұйымдастыру;
жетістікрер мотивациясын қалыптастырудағы жұмыстар.
Сонымен қатар, әлеуметтік педагог девиантты мінез - құлықты балалармен диагностикалық, түзету – алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Диагностикалық жұмыс тәртібі қиын жасөспірімдерді анықтап олармен тұлғаға бағдарланған жұмыс бағыттарын ұйымдастыру болып табылады. Мысалы, жасөспірімдердің тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу, танымдық даму ерекшеліктерін зерттеу, сыныптағы оқушылармен өзара қарым қатынасын зерттеу, сынып мәселесін оқушы, мұғалім көзқарасы тұрғысынан зерттеу, ата – аналарымен, отбасымен жұмыс жүргізу, әр оқушыға жеке психологиялық карта жасау т.б. Ал түзету – алдын алу әдісіне сыныпппен, микротоптарда және тұлғаға бағытталған бағдарларда жұмыс жүргізеді. Сыныппен зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша сынып жетекшілері мен пән мұғалімдеріне кеңес беру, салауатты өмір салты бойынша насихат жүргізу; ата – аналарымен, балалармен әңгіме жүргізу; шағын топ арасында әлеуметтік бейімделуге қатысты тренингтер ұйымдастыру.
Қорыта айтқанда, мектепте девиантты мінез - құлықты балалардың алдын алып, оларды тәрбиелеуде мектеп мұғалімдерімен қатар әлеуметтік педагогтардың рөлі өте зор. Сондай - ақ оқушыларды қоғам өміріне бейім, әлеуметтік нормаларға сай келмейтін мінез – құлықтардан бойларын аулақ ұстауға ықпалын тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |