Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы


-параграф. Тік эшелондаудың қысқартылған минимумы жағдайында әуе кеңістігіндегі ұшулар (RVSM)



бет8/26
Дата12.06.2016
өлшемі1.95 Mb.
#129917
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26

77-параграф. Тік эшелондаудың қысқартылған минимумы жағдайында әуе кеңістігіндегі ұшулар (RVSM)
      413. Тігінен эшелондаудың қысқартылған минимумы RVSM 8850 метр (FL290) және 12500 метр (FL410) қоса алғанда эшелондары арасындағы қабатта қолданылады.
      414. RVSM қолданудың әуе кеңістігінде ұшуды орындауды жоспарлайтын мемлекеттік әуе кемелерін қоспағанда, әуе кемелерінің навигациялық жабдығы RVSM қолданудың әуе кеңістігінде ұшу үшін борт жүйесінің ең төменгі сипаттамаларына қойылатын техникалық талаптардың критерийлеріне сәйкес келуі тиіс.
      RVSM қолданудың әуе кеңістігінде ӘК ұшуға рұқсатты осы қағиданың 12 қосымшасында келтірілген, 290 (8850 м.) және 410 (12500 м.) қоса алғанда эшелондары арасындағы 300 метр (1000 фут) тігінен эшелондаудың қысқартылған минимумы жағдайында ӘК мен пайдаланушыларға ұшуға рұқсат беру талаптарына сәйкес уәкілетті орган береді.
      415. RVSM өтпелі әуе кеңістігін қоспағанда, RVSM қолданудың әуе кеңістігіне кіруге диспетчерлік рұқсат көрсетілген әуе кеңістігінде ұшуға жіберілген азаматтық әуе кемелеріне және барлық мемлекеттік әуе кемелеріне беріледі. RVSM өтпелі әуе кеңістігі ӘҚҚ сабақтас органдары арасындағы өзара іс-қимыл рәсімдері туралы келісіммен белгіленеді және аэронавигациялық ақпарат құжаттарында анықталады.
      RVSM қолданудың әуе кеңістігіне кіруге диспетчерлік рұқсат барлық қалған әуе кемелеріне және топ құрамында ұшуды орындайтын әуе кемелеріне берілмейді.
      416. RVSM эшелондау жүйесіне (жүйесінен) кез келген ауысу ӘҚҚ сабақтас органдары арасындағы өзара іс-қимыл рәсімдері туралы келісімге сәйкес өтпелі әуе кеңістігінің шегінде орындалады.
      417. RVSM қолданудың әуе кеңістігінде ұшуға жіберілген әуе кемелеріне және RVSM әуе кеңістігіне кіретін және одан шығатын мемлекеттік әуе кемелеріне осы Қағиданың 342-тармағына сәйкес ұшу эшелоны тағайындалады.
      418. Егер әуе кемесі жабдықтың істен шығуынан, ауа райы жағдайынан, турбулентіліктен ұшудың берілген эшелонын ұстау жөніндегі талаптарды орындай алмаса ӘҚҚ органы 600 метр (2000 фут) тік эшелондаудың немесе барлық басқа әуе кемелеріне қарағанда осы әуе кемесін тиісті көлденең эшелондаудың минимумын қамтамасыз ететін болады.
      419. Егер ұшу биіктігі туралы көрсетілген ақпарат тік эшелондаудың қысқарған минимумын қолданудың әуе кеңістігінде берілген эшелоннан ±60 м. (±200 фут) белгіленген рауалы шаманың шегінен шықса, әуе кемесінің экипажына қысым мөлшерін анықтауды тексеруге және әуе кемесінің ұшу биіктігін растауға нұсқау беріледі.
      420. ӘҚҚ органы метеорологиялық ақпаратты және ұшулардың басшысымен келісім бойынша күшті шайқалымның бар болуы туралы әуе кемелері экипаждарының хабарламаларын пайдалана отырып, белгілі бір уақыт кезеңіне арналған және белгілі бір ұшу эшелондарына және/немесе аймақтарына арналған RVSM бойынша ұшуларды тоқтату қажеттігі туралы шешім қабылдайды.
      Егер эшелондаудың ұлғайтылған минимумын қолдану қажет болған жағдайда, ӘҚҚ органы ӘҚҚ сабақтас органдары арасындағы өзара іс-қимыл рәсімдері туралы келісімге сәйкес төтенше жағдайларда эшелондарды бөлу схемасы анықталған жағдайларды қоспағанда, олардың арасында әуе кемесін беру кезінде қолданылатын ұшу эшелондарын ӘҚҚ (УВД) сабақтас органдарымен келіседі.
      421. Пайдаланушы төмендегі жабдықтармен:
      1) RVSM борттық жүйесінің ең төменгі сипатының талаптарына жауап беретін, ұшу биіктігін өлшеудің екі дербес жүйесімен;
      2) берілген ұшу биіктігінен кету туралы борттағы дабыл жүйесімен;
      3) ұшу (автопилот) биіктігін басқарудың автоматты жүйесімен;
      4) ұшудың берілген биіктігін ұстану үшін пайдаланылатын биіктік өлшегіш жүйесіне қосылған биіктікті хабарлау жүйесі бар қайталама радиолокацияның қабылдау-беру құралымен (SSR ағылшын тіліндегі қысқарған аббревиатура (бұдан әрі - SSR) RVSM санаттарының әуе кеңістігінде ұшуларды орындайтын әуе кемесін қамтамасыз етеді.
      422. КВС RVSM аймағында ұшу кезінде:
      1) ұшудың берілген биіктігін ұстау мүмкін болмауына алып келетін бір немесе бірнеше қозғалтқыштар істен шыққан;
      2) бір және одан көп биіктік өлшегіш істен шыққан (60 метр (200 фут) астам биіктік өлшегіш көрсетулеріндегі айырма);
      3) ұшу биіктігін ұстаудың автоматты жүйесі (автопилот) істен шыққан;
      4) берілген ұшу биіктігін ұстап қалуға әсер ететін, кез келген басқа жабдық істен шыққан;
      5) 90 метр (300 фут) шегінде берілген ұшу биіктігін ұстауға мүмкіндік бермейтін ұшу эшелонындағы шайқалым жағдайында ӘҚҚ органына хабарлайды.
      423. RVSM аймағында спрямленген бағыт бойынша ұшу кезінде радиобайланыс жоғалған жағдайда әуе кемесінің командирі ұшудың мәлімделген жоспармен әуе трассасына қайтады және әуе кеңістігінде ұшудың негізгі қағидасының талаптарына сәйкес радиобайланыс істен шыққан жағдайда ұшу қағидаларын басшылыққа ала отырып, ұшуды жалғастырады.
78-параграф. Ұшу аудандарындағы немесе сипаттамаларға негізделген тиісті навигациялық ерекшеліктер белгіленген бағыттар бойынша ұшулар (бұдан әрі - PBN, ағылшын тіліндегі аббревиатура)
      424. Тиісті PBN орнатылған аудандарда немесе бағыттарда ұшқан кезде белгіленген навигациялық ерекшеліктерге сәйкес ұшуларды орындауға мүмкіндік беретін, әуе кемесі навигациялық жабдықпен жарақтандырылады.
      425. Пайдаланушы егер оның әуе кемесінің тиісті навигациялық жабдығы болмаса және оны уәкілетті орган сертификаттамаса навигациялық ерекшеліктер белгіленген (PBN) мемлекеттердің немесе аудандардың әуе кеңістігінде ұшуларды орындамайды.
      426. Тиісті навигациялық ерекшеліктер белгіленген (PBN) мемлекеттердің немесе аудандардың әуе кеңістіктерінде ұшуларға әуе кемелерін жіберуді уәкілетті орган жүзеге асырады.
79-параграф. Байланыстың талап етілетін сипаттамаларының тиісті үлгісі белгіленген аймақтардағы ұшулар (бұдан әрі - RCP, ағылшын тіліндегі аббревиатура)
      427. Әуе кеңістігінің белгілі бір аудандарында немесе байланыстың талап етілетін сипаттамаларының тиісті үлгісі белгіленген (RCP) бағыттар бойынша ұшуларда әуе кемелері байланыс жабдығымен жабдықталады, ол оған RCP белгіленген үлгісіне (үлгілеріне) сәйкес ұшуларды орындауға мүмкіндік береді.
      428. Пайдаланушы уәкілетті органнан ол байланыс сипаттамаларының RCP нақты үлгісінде көзделген қамтамасыз ету жөніндегі рәсімдердің анықталғанын, өз құзыреттілігінің шеңберінде персоналдың дайындығы қамтамасыз етілгенін, әуе кемесінің борт жабдықтары мен ӘҚҚ жеткізуші байланыс қызметімен өзара іс-қимыл байланыстың талап етілетін сипаттамаларына RCP үлгісі сәйкесетінін көрсеткеннен кейін осындай әуе кеңістігінде ұшуды орындауға рұқсат алады.
      429. Мемлекеттердің әуе кеңістігінің аудандарында немесе байланыстың талап етілетін тиісті үлгісі белгіленген (RCP) бағыттар бойынша ұшуларға әуе кемелерін жіберуді уәкілетті орган жүзеге асырады.
80-параграф. Отынның аэронавигациялық қорын анықтау қағидасы
      430. Әуе кемесінде отынның есепті мөлшерінен басқа, жоспар бойынша ұшу сәтінен қону сәтіне дейін ұшуды орындау үшін қажетті отынның аэронавигациялық қоры (бұдан әрі - АНҚ) болуын көздейді.
      431. АНҚ мөлшері қонуға бет алу және қону, стандартты температуралық жағдайларда қосалқы әуеайлақтың үстінен 450 метр биіктікте күту аймағында ұшу жылдамдығымен 30 минут ішінде баратын әуеайлақтың шешім қабылдау биіктігінен немесе есеп бойынша қосалқы әуеайлаққа дейін жету шебінен ұшуды және айналып ұшу биіктігінде ұшуды қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 431-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      432. Қосалқы әуеайлаққа өту шебі есебімен немесе қосалқы әуеайлақсыз ұшуға шешім қабылдаған жағдайда әуе кемесі бортындағы отынның мөлшері жететін әуеайлаққа ұшып келуінің есепті уақыты айналып ұшу биіктігінде уақыт бойынша кемінде 1 сағат ұшуды қамтамасыз етуі тиіс. Бұл ретте өту шебі қосалқы әуеайлаққа ұшып келудің есепті уақыты әуе кемесінің бортындағы отынның мөлшері айналым биіктігінде кемінде 30 минут ұшуына есептелуі арқылы анықталады.
      433. Әуе кемелері үшін АНҚ ҰПБ сәйкес есептеледі және барлық жағдайда:
      1) газтурбиналық қозғалтқыштары бар ұшақтар үшін 60 минут;
      2) поршеньді қозғалтқышы бар ұшақтар үшін 45 минут;
      3) тікұшақтар үшін 30 минуттан кем емес ұшу уақытын қамтамасыз етеді.
      КҰЕ бойынша ұшулар үшін авиациялық жұмыстарды немесе АОН орындау мақсатында борттағы отын мен майдың мөлшері:
      1) ұшақтар үшін - тағайындалған әуеайлаққа дейін ұшуды орындауға, кейін оны жоспарланған крейсерлік жылдамдықта:
      күндіз - 30 минут ішінде;
      түнде - 45 минут ішінде жалғастыруға;
      2) тікұшақтар үшін - тағайындалған тікұшақ айлағына дейін ұшуды орындауға, кейін оны 20 минут ішінде жоспарланған крейсерлік жылдамдықта жалғастыруға мүмкіндік беруге тиіс.
      434. Отынның аэронавигациялық қорының мөлшері туралы түпкілікті шешімді әуе кемесінің командирі ұшу бағыты бойынша тағайындалған және қосалқы әуеайлақтағы аэронавигациялық, метеорологиялық жағдайға және тағайындалған әуеайлақ пен қосалқы әуеайлақтардағы қашықтыққа байланысты қабылдайды.
81-параграф. Шекаралық белдеудің әуе кеңістігінде ұшу
      435. Шекаралық белдеудің әуе кеңістігінде ұшу ұшудың негізгі қағидасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      436. ӘК экипаждары (пилоттар, ұшқыштар) сол аудандағы ұшу ерекшеліктерін зерделеп, осы ерекшеліктері бойынша білімдері тексеріліп, тасымалдауды орындағаннан кейін шекаралық белдеудің әуе кеңістігінде ұшуға жіберіледі.
82-параграф. Әуе қозғалысына қызмет көрсету
      437. Әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлік қызмет көрсетуді, ұшу-ақпараттық қызмет көрсетуді және авариялық хабарландыруды қамтиды.
      438. Әуе қозғалысына қызмет көрсету Заң талаптарына, ұшудың негізгі қағидасына, «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы қаулысына, «Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Ұшуды орындау. Негізгі талаптар.
83-параграф. Әуе кемелері ұшып шығуының, ұшып келуінің жалпы қағидалары және қосалқы әуеайлақты айқындау
      439. ӘК командирі мына шарттарды сақтаған кезде ұшып шығуға шешім қабылдайды:
      1) экипаж алдағы ұшуға дайындалған және оның қауіпсіз орындалуын қамтамасыз ететін жағдайда болғанда;
      2) әуе кемесі күтілетін шарттарда ұшуға техникалық жарамды және осы үлгідегі әуе кемесі ҰПБ немесе оған балама құжаттың талаптарына сәйкес пайдаланылуы мүмкін болғанда;
      3) әуе кемесінің есептік ұшып көтерілу, ұшу және қону массалары мен орталықтандыруы осы үлгідегі әуе кемесі ҰПБ-да немесе оған балама құжатта белгіленген шектерден асып кетпесе;
      4) ұшуды орындау үшін қозғалтқышты (тарды) іске қосар алдында әуе кемесі бортындағы отын қоры ұшуға арналған отын қорына қойылатын талаптарға сәйкес айқындалған ең төменгі мәннен төмен болмағанда;
      5) метеорологиялық, аэронавигациялық жағдайлар туралы, ұшу ауданы, ұшып шығу, белгіленген әуеайлақ және қосалқы әуеайлақтар бойынша шектеулер мен шарттар туралы жеткілікті ақпарат болғанда, бұл ретте:
      ұшып шығу әуеайлағы не ұшу жоспарында көрсетілген белгіленген әуеайлақ және (немесе) қосалқы әуеайлақтар техникалық жағынан жарамды және метеорологиялық жағдайлармен байланысты емес кез келген себеп бойынша ұшып шығудың/ұшып келудің күтілетін уақытында жабық болмаса;
      алдағы ұшу бағытында ұшуды пайдаланушы ұсынған ұшу жоспарына не қозғалыстағы қайталанатын ұшу жоспарына сәйкес орындауға мүмкіндік бермейтін әуе кеңістігін пайдалануға шектеулер немесе кедергілер жоқ болғанда немесе қолданыста болмағанда;
      6) ұшу ӘҚҚ органдары растаған жоспармен (жоспарлармен), рұқсаттармен (егер талап етілсе), сондай-ақ, әуе қозғалысына қызмет көрсетудің (басқару) қажетті түрімен (егер ұшу бақыланатын әуе кеңістігінде өтетін болса) қамтамасыз етіледі, бұл ретте пайдаланушы ұсынған ұшу жоспары немесе ұшуды жалғастырудың қолда бар жоспары ұшуға (ұшуды орындау) арналған тапсырмаға сәйкес келуге тиіс.
      440. Егер әуе кемесінің ұшып шығуына шешім қабылдау мен ұшып шығуы аралығындағы кезеңде ұшып шығу, белгіленген және (немесе) қосалқы әуеайлақтардағы, сондай-ақ, бағыт (авиациялық жұмыстар ауданы) бойынша ӘҚҚ органы хабарлаған метеожағдайлар осы әуеайлақтар (бағыттар) үшін белгіленген минимумдардан төмен мәнге дейін нашарласа, ӘК командирі ұшып шығу мүмкіндігін қайта бағалап, ұшуды ауыстыру немесе егер ұшуға даярлық кезінде ӘК массасы нақты жағдайларға арналған әуе кемесінің рұқсат етілетін массасынан асып кетсе, жүктеме бөлігін алып тастау туралы шешім қабылдайды.
      441. ӘК командирінің ұшу алдында қозғалтқышты іске қосуға рұқсат сұрауы ұшып шығуға шешім қабылдауды растау болып табылады.
      442. Ұшу жоспарында көзделген ұшып шығу уақытынан 30 минуттан астам кідіріс немесе ұшып шығу ауыстырылған кезінде ӘКК бұл туралы ӘҚҚ органына хабарлайды және ұшып шығуға қабылданған шешімді растау немесе болдырмау үшін осы Қағиданың 439-тармағында көрсетілген ақпаратты алады.
      Метеорологиялық ақпаратты және ұшып шығуға шешім қабылдауды бұл жағдайда экипаждың радио арқылы немесе басқа да байланыс құралдары арқылы алуына рұқсат етіледі.
      443. Әуе кемесінің ұшып шығуына, ұшып көтерілуіне және қонуына шешім қабылдау ӘК командирінің; әуеайлақтың; әуе кемесінің барынша жоғары белгіленген минимумдары бойынша жүргізіледі.
      444. Ұшып көтерілуді немесе қонуды орындауға шешім қабылдау кезінде нақты желдің белгіленген шектеулерге сәйкестігі оның арыны ескеріле отырып, анықталады.
      445. Белгіленген әуеайлақтың шешім қабылдау биіктігінен (ең төменгі құлдилау биіктігі) қосалқы әуеайлаққа кете отырып, ұшып шығуға шешім қабылдау нұсқалары негізгілері ретінде қарастырылып, әуе кемелері қозғалысы жоспарларын (кестелерін) әзірлеу кезінде көзделеді.
      446. Қосалқы әуеайлақтың жарамдылығын анықтау кезінде мыналар ескеріледі:
      1) әуеайлақ сипаттамалары (орналасуы, асып кетуі, климаттық сипаттамалары, ҰҚЖ, ЖЖ, перрондардың сипаттамалары және т.б.);
      2) осы әуеайлақ бойынша қолданыстағы аэронавигациялық ақпараттың жеткілікті көлемде болуы;
      3) осы әуеайлақта белгіленген шу бойынша шектеулерді қоса алғанда, ұшуды орындау бойынша шектеулер;
      4) әуе кемесінің пайдаланылатын үлгісі үшін осы әуеайлақта ұшуды қамтамасыз етудің талап етілетін түрлерінің және орындалатын ұшу түрінің болуы.
      447. Қосалқы әуеайлақтар мыналарға бөлінеді:
      1) ұшып көтерілуге арналған қосалқы әуеайлақ - онда әуе кемесі ұшып көтерілуден кейін ұзамай қонуды жүргізуі мүмкін және ұшып шығу әуеайлағын пайдалану мүмкін болмайтын әуеайлақ;
      2) бағытқа арналған қосалқы әуеайлақ - онда әуе кемесі, егер бағыт бойынша ұшқан уақытта ол оқыс немесе авариялық жағдайға тап болған жағдайда қонуды жүргізе алатын әуеайлақ;
      3) межелі орынға арналған қосалқы әуеайлақ - егер белгіленген әуеайлаққа қонуды жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, әуе кемесі қона алатын әуеайлақ.
      Әуе кемесінің ұшып шығуы жүргізілетін әуеайлақ, сондай-ақ, бағыт үшін қосалқы әуеайлақ немесе межелі орынға арналған қосалқы әуеайлақ болуы мүмкін.
      448. Қосалқы әуеайлақ ұшып көтерілу кезінде таңдап алынады және егер ұшып шығу әуеайлағындағы метеорологиялық жағдайлар қонуға арналған әуеайлақтың белгіленген пайдалану минимумдарынан төмен болған немесе басқа себептер бойынша ұшып шығу әуеайлағына оралу мүмкін болмаған жағдайларда ұшудың жұмыс жоспарында көрсетіледі.
      Ескерту. 448-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      449. ӘК арналған қосалқы әуеайлақ ұшып көтерілу кезінде стандарттық атмосфера жағдайларын есептеу кезінде ұшып шығу әуеайлағынан мынадай арақашықтық шеңберінде таңдап алынады, желсізде:
      1) екі қозғалтқышы бар ұшақтар үшін жұмыс істемейтін бір қозғалтқышпен крейсерлік жылдамдықта ұшу уақытының бір сағатына немесе егер пайдаланушының кемінде 120 минут өту уақытымен ETOPS қағидасы бойынша ұшуға құқығы болса, ұшудың екі сағатына балама арақашықтықтан алыс емес;
      2) үш немесе одан көп қозғалтқыштары бар ұшақтар үшін – бір жұмыс істемейтін қозғалтқышпен крейсерлік жылдамдықта ұшу уақытының екі сағатына балама арақашықтықтан алыс емес;
      3) РЛЭ талаптарына сәйкес екі қозғалтқышы бар ұшақтар үшін, бірақ барынша пайдалы жылдамдықта ұшқан кезде қосалқы әуеайлаққа ұшқанға дейінгі ұшу уақыты 1 сағаттан аспаса, ал нақты және болжанатын метеоталап ондағы қону минимумынан төмен болмаса.
      Ұшып көтерілуге арналған қосалқы әуеайлақ нақты ауа райының немесе ауа райы болжамының бір қозғалтқыш істен шыққан жағдайдағы шектелулер ескеріле отырып, ұшып келудің есептік уақытына дейінгі және одан кейінгі 1 сағат ішінде әуеайлақтың пайдалану минимумына сәйкес келген кезде таңдап алынады.
      Ескерту. 449-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      450. Бағыттағы қосалқы әуеайлақтар екі немесе одан көп газтурбиналы қозғалтқыштары бар ұшақтарға арналған ұшудың жұмыс жоспарында таңдап алынады және көрсетіледі.
      451. Осы Қағиданың 742-тармағында көрсетілген жағдайлардан басқа, еру бағыты бойынша қосалқы әуеайлақ бағыттың кез келген нүктесінен таңдап алынған қосалқы әуеайлаққа дейінгі стандарттық атмосферадағы бір істен шыққан қозғалтқышпен ұшу уақыты екі газтурбиналы қозғалтқышы бар әуе кемесі үшін 60 минуттан немесе үш және одан көп қозғалтқыштары бар әуе кемесі үшін 180 минуттан асып кетпейтіндей таңдап алынады.
      452. Егер белгіленген әуеайлаққа арналған қосалқы әуеайлақ кету шебі есептеле отырып, таңдап алынса, онда кету шебінен белгіленген әуеайлаққа дейін ұшу уақыты барлық қозғалтқыштары жұмыс істейтін крейсерлік режимде ұшудың екі сағатына тең және қосалқы әуеайлаққа дейін одан аспауға тиіс.
      453. Жарамды теңіздегі қосалқы тікұшақ айлақтары мыналарға сүйене отырып, айқындалады:
      1) теңіздегі қосалқы тікұшақ айлақтары тек қана авиациялық техника жұмысында істен шығу болмаған кезде қайту шебінен ұшып өткеннен кейін пайдаланылады;
      2) ұшып келу сәтінде палубадағы орынға кепілдік беріледі;
      3) нақты ауа райы туралы дәлме-дәл ақпарат болуға тиіс.
      Бұл ретте тікұшақ командирі:
      1) ҰПБ-да немесе оған балама құжатта анықталған қону әдістемесі тікұшақты басқару жүйесі істен шыққаннан кейін кейбір тікұшақ палубаларын қосалқы тікұшақ айлақтары ретінде пайдалануға мүмкіндік бермейтінін;
      2) егер бортта жағадағы тікұшақ айлағына ұшуды орындау үшін жеткілікті отын қорын ұстау мүмкін болса, теңіздегі қосалқы тікұшақ айлақтары пайдаланылмауға тиіс екендігін;
      3) теңіздегі қосалқы тікұшақ айлақтарын қолайсыз метеорологиялық және аэронавигациялық жағдайда пайдаланбау керектігін ескеруі қажет.
84-параграф. АҰҚ бойынша ұшып шығуға және ұшып келуге шешім қабылдау ерекшеліктері
      454. ӘК командирі метеорологиялық жағдайды талдау негізінде мынадай жағдайда, егер:
      1) ұшып шығу әуеайлағындағы нақты ауа райы ұшып көтерілу үшін белгіленген минимумнан төмен болмаса;
      2) ұшып көтерілуге арналған қосалқы әуеайлақта нақты ауа райы немесе болжам қону үшін белгіленген минимумнан төмен болмаса;
      3) ұшу бағытында айналып өту мүмкін емес қауіпті ауа райы құбылыстары болмаса;
      4) белгіленген әуеайлақтағы нақты және ұшып келу уақытына болжанып отырған ауа райы осы Қағиданың 10 қосымшасында келтірілген, АҰҚ бойынша ұшып көтерілу және қонуға қабылданған шешім нұсқаларының бірінің талаптарына сәйкес келсе;
      5) 454-тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген шарттардың, сол сияқты 447, 449, 455 – 459 тармақтардың талаптарына және осы Қағиданың 10-қосымшасында келтірілген, АҰҚ бойынша ұшып шығуға және қонуға шешім қабылдайтын қосалқы әуеайлақ болса, ҰҚ бойынша ұшып шығуға шешім қабылдайды.
      455. Ұшып келудің есептік уақытына дейінгі және одан кейінгі бір сағат ішінде қосалқы әуеайлақтағы болжанып отырған метеорологиялық жағдайлар мыналарға сәйкес келеді:
      1) ІІ, III (А, В немесе С) санаты бойынша бұлттардың төменгі шекарасы (тігінен көріну) 60 м төмен емес, көріну (ҰҚЖ-дағы көріну) I санаттағы әуеайлақтың пайдалану минимумынан төмен болмауға тиіс;
      2) I санат бойынша бұлттардың төменгі шекарасы (тігінен көріну) МDА/Н төмен емес, 90 м төмен емес, көріну (ҰҚЖ-дағы көріну) 1000 м. төмен емес;
      3) алынып тасталды
      4) аспаптар бойынша қонудың санатқа жатқызылмаған жүйесі бойынша бұлттардың төменгі шекарасы (тігінен көріну) қонуға дәлме-дәл емес кіруге арналған MDA/H төмен емес және көріну (ҰҚЖ-дағы көріну) қонуға дәлме-дәл емес кіруге арналған пайдалану минимумынан төмен емес;
      5) қонуға дәлме-дәл емес кіру кезінде бұлттардың төменгі шекарасы (тігінен көріну) қонуға дәлме-дәл емес кіруге арналған MDA/H кемінде 50 м асуға тиіс, көріну (ҰҚЖ-дағы көріну) қонуға дәлме-дәл емес кіруге арналған пайдалану минимумынан кемінде 500 м асуға тиіс;
      6) қонуға көзбен шолып кіру кезінде - қонуға көзбен шолып кіруге арналған минимум;
      7) айналмалы маневр жасауды қолдана отырып, бұлттардың төменгі шекарасы (тігінен көріну) айналмалы маневр жасауды қолдана отырып, қонуға кіруге арналған MDA/H кемінде 100 м асады, көріну (ҰҚЖ-дағы көріну) айналмалы маневр жасауды қолдана отырып, қонуға кіруге арналған пайдалану минимумынан кемінде 1000 м асуға тиіс.
      Ескерту. 455-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      456. АҰҚ бойынша ұшып шығуға шешім қабылдау кезінде белгілеген және қосалқы әуеайлақтарда мыналар ескеріледі:
      1) ұшып келу уақытына болжанып отырған қауіпті ауа райы құбылыстары;
      2) ұшып келу уақытына болжанып отырған жел арыны;
      3) егер олардың нақты және (немесе) болжанып отырған көлемі екі октанттан аспайтын болса, бұлттардың төменгі шекарасының биіктігі;
      4) көрінудің уақытша (TEMPO) нашарлауы және (немесе) ұшып келу уақытына болжанып отырған бұлттардың төменгі шекарасының төмендеуі.
      457. Ерекше машықтарды қолдану талап етілетін әуеайлақ, егер ӘК командирінің осы әуеайлаққа қолданыстағы рұқсаты болса, қосалқы болып таңдап алынуы мүмкін.
      458. Кету шебінен қосалқы әуеайлаққа, оның ішінде қолайсыз навигациялық және (немесе) метеорологиялық жағдай және отын құю белгіленген әуеайлақтың шешім қабылдау биіктігінен (ең төменгі құлдилау биіктігі) кету мүмкін қосалқы әуеайлақты таңдауға мүмкіндік бермейтін жағдайда ұшып шығу әуеайлағына ұшып шығуға шешім қабылдануы мүмкін.
      459. Әуе кемесінің командирі осы Қағиданың 458-тармағында көрсетілген шарттарда шешім қабылдайды, егер:
      1) кету шебінен белгіленген және қосалқы әуеайлақтарға дейін ұшудың есептік ұзақтығы екі сағаттан аспаса;
      2) белгіленген және қосалқы әуеайлақтағы нақты ауа райы минимумнан төмен емес болса (нақты ауа райына қарамай ұшудың есептік ұзақтығы екі сағаттан асқан кезде);
      3) белгіленген және қосалқы әуеайлақтағы ұшып келу уақытына ауа райы болжамы осы Қағиданың 455-тармағының талаптарына сәйкес келеді;
      4) белгіленген әуеайлаққа ұшып келу уақытында әуе кемесінің бортындағы отынның есептік көлемі шешім қабылдау биіктігінен (ең төменгі құлдилау биіктігі) ұшып өткеннен кейін ҰҚЖ деңгейінен 450 м биіктікте ұшудың кемінде бір сағатына жететін болуға тиіс;
      5) кету шебі қосалқы әуеайлаққа есептік ұшып келу уақытында әуе кемесінің бортындағы отын көлемі ҰҚЖ деңгейінен 450 м биіктікте ұшудың кемінде 30 минутына қалатындай етіп айқындалуға тиіс.
      Ескерту. 459-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      460. ӘК командирі мынадай шарттарды сақтай отырып, қосалқы әуеайлақсыз ұшып шығуға шешім қабылдайды:
      1) белгіленген әуеайлақта бірі жер асты болатын осы үлгідегі әуе кемесінің қонуы үшін жарамды және техникалық жағдайы белгіленген талаптарға сәйкес келетін (тік ұшақтарды қоспағанда) екі қиылыспайтын ҰҚЖ болады;
      2) белгіленген әуеайлақтағы нақты және ұшып келу уақытына болжанатын көріну минимумнан (қонуға кіру үшін пайдаланылатын жүйе бойынша барлық белгіленген ҰҚЖ ішіндегі барынша жоғары) 2000 м және бұлттардың төменгі шекарасының биіктігі 150 м жоғары;
      3) белгіленген әуеайлақтың шешім қабылдау биіктігінен (ең төменгі құлдилау биіктігі) ұшып өткеннен кейін ҰҚЖ деңгейінен 450 м биіктіктегі әуе кемесінің бортындағы отынның есептік көлемі:
      ең жоғары сертификатталған ұшу массасы 5700 кг асатын газтурбиналық қозғалтқыштары бар ұшақтар үшін – ұшудың 60 минутынан;
      ең жоғары сертификатталған ұшу массасы 5700 кг аспайтын поршенді немесе газтурбиналық қозғалтқыштары бар ұшақтар үшін – ұшудың 45 минутынан;
      4) тікұшақтар мен дирижабльдер үшін - ұшудың 30 минутынан кем болмайды.
      461. Әуеайлақ ауданында АҰҚ бойынша жаттығу ұшуын орындау кезінде, егер бұлттардың төменгі шекарасының нақты және болжанып отырған биіктігі осы әуеайлақтағы жаттығу ұшуы үшін белгіленген минимумнан 50 м және көріну 500 м асатын болса, қосалқы әуеайлақсыз ұшып шығуға шешім қабылдауға рұқсат етіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет