Шикізат мөлшерінің және экстрагенттің қатынасы. Сығынды
сапасына шикізат пен экстрагенттің қатынастық мөлшері үлкен әсер етеді.
Бастапқы өсімдік материалының мөлшері және дайын сығынды мөлшері
рецептіде қатынас түрінде көрсетіледі (ех 10,0 - 200 ml немесе 10,0 : 200,0).
Мысалы:
Rp.: Іnfusі Folіorum Sennae ex 10,0 - 150 ml
Da. Sіgna. 1 ас қасықтан таңертең және түнде қабылдауға
Берілген рецепт 10,0 г сенна жапырағынан 150 мл тұнба дайындау
керектігін көрсетеді.
Егер шикізат мөлшері көрсетілмесе, онда КСРО МФ ХІ басылымының
талаптарына сәйкес қатынаста сулы сығынды дайындалады:
- егер тұнба мен қайнатпа құрамында күшті әсер ететін заты бар шикізаттан
дайындалатын болса, онда бастапқы шикізат пен сығынды 1:400
қатынасында болуы керек (наперстянка жапырағынан, термопсис шөбінен);
- шүйгіншөп тамыры мен тамырсабақтарынан, жалынгүл шөбінен, меруертгүл
шөбінен, истод тамырынан, спорыньядан, зығыр дәнінен 1:30 қатынасында
дайындалады;
- жалбызтікен тамырынан 1:20 қатынасында дайындалады;
- қалған өсімдік шикізаттарынан сығынды 1:10 қатынасында дайындалады.
Судың мөлшері әсер етуші заттардың толық сығындылануын қамтамасыз
етуі керек. Су мөлшерін есептеген кезде, оның шығындалу себептерін: өсімдік
материалына сіңуін, булануын, тұндыру жүргізілетін ыдыста қалуын ескереді.
Егер жалпы су шығындалуы 100% деп алынса, онда адсорбция есебінен
84%, булану және жібіту есебінен 16% (2-5 мл) жоғалады (Т.П.Литвинова,
1965). Бұл шығындарды экстрагент қосу арқылы төмендетуге болады. Суды
артық мөлшерде алу, әсер етуші заттардың бөлініп шығу жылдамдығын
жақсартады және төмен концентрлі сығындының шикізатта адсорбциялану
арқылы жоғалуын төмендетеді. Ол үшін су сіңіру коэффициенті (К
с
) ескеріледі.
Су сіңіру коэффициенті (К
с
) – перфорирленген стаканда 1 г өсімдік
шикізатта оны сыққаннан кейін сіңіріліп қалатын сығынды мөлшерін көрсетеді.
Жиі қолданылатын шикізаттардың К
с
ҚР ДСМ 15.12.2004 ж. № 142 «Дәрілік
құралдарды дайындау Ережелері туралы» бұйрығының 13 қосымшасында
келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |