Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі


-бап. Демпингтік немесе субсидияланған импорт жағдайында Кеден одағына мүше мемлекеттердің



бет28/29
Дата14.06.2016
өлшемі1.9 Mb.
#135950
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

433-бап. Демпингтік немесе субсидияланған импорт жағдайында Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласын айқындау ерекшеліктері

      1. Демпингке қарсы немесе өтемақы тергеуін жүргізу кезінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласы осы баптың 2 және 3-тармақтарында аталған жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 401-бабында белгіленген мағынада түсіндіріледі.

      2. Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұқсас тауарды өндірушілері бір уақытта тауарды импорттаушылар болып табылса, болжамды түрде демпингтік немесе субсидияланған импорттың мәні болып табылса Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласы Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұқсас тауардың қалған өндірушілері ғана ретінде түсіндіріледі.

Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласы ретiнде сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекеттерде, егер:

1) Кеден одағына мүше мемлекеттерде ұқсас тауарды жекелеген өндiрушiлерi тергеу объектiсi болып табылатын тауардың экспорттаушыларын немесе импорттаушыларын тiкелей не жанама бақылайтын;

2) тергеу объектiсi болып табылатын тауардың жекелеген экспорттаушыларын немесе импорттаушыларын Кеден одағына мүше мемлекеттердегі ұқсас тауарды өндiрушiлерді тiкелей немесе жанама бақылайтын;

3) Кеден одағына мүше мемлекеттердегі ұқсас тауардың жекелеген өндiрушiлерiн және тергеу объектiсi болып табылатын тауардың экспорттаушыларын немесе импорттаушыларын үшiншi тұлға тiкелей немесе жанама бақылайтын;

4) Кеден одағына мүше мемлекеттерде ұқсас тауарлардың  жекелеген өндiрушiлерi және шетелдiк өндiрушiлер, тергеу объектiсi болып табылатын тауар экспорттаушыларын немесе импорттаушылар тергеу жүргiзетiн орган осындай байланыс өндiрушiлердiң әрекетiне байланысты емес ерекше деп болжауға негiзi болса, үшiншi тұлға тiкелей немесе жанама түрде бақылайтын жағдайда ұқсас тауарды қалған өндірушілер ретінде түсініледі.

3. Айрықша жағдайларда Кеден одағына мүше мемлекеттердiң экономикасы саласын айқындау кезiнде осы мүше мемлекеттердiң аумағы екi немесе бiрнеше аумақтық оқшауланған бәсекелес нарық жұмыс iстейтiн аумақ ретiнде, ал Кеден одағына мүше мемлекеттердегi өндiрушiлер аталған нарықтың бiреуiнiң шегiнде, егер мұндай өндiрушiлер осындай нарықтың тұтыну немесе өздерi өндiретiн ұқсас тауардың кемiнде сексен пайызын қайта өңдеу мақсатында сататын және мұндай нарықта ұқсас тауар сұранысын Кеден одағына мүше мемлекеттердiң қалған аумағында тұрған осы тауарды өндiрушiлер елеулi мөлшерде қанағаттандырмайтын болса, Кеден одағына мүше мемлекеттер экономикасының жекелеген саласы ретiнде қарастырылуы мүмкiн.

Мұндай жағдайларда материалдық залалдың осындай залал келтiру қаупiнiң немесе Кеден одағына мүше мемлекеттердiң экономикасы саласының құрылуын елеулi тежеу болған жағдайларда демпингтiк немесе субсидияланатын импорттың салдарынан, егер Кеден одағына мүше мемлекеттердiң экономикасы саласының негiзгi бөлiгiне залал келтiрiлмеген болса да, демпингтiк немесе субсидияланатын импорттың мәнi болып табылатын тауарды сатуды шоғырландыру кезiнде аталған бәсекелесетiн нарықтардың бiрiнде белгiленуi мүмкiн және демпингтiк немесе субсидияланған импорт барлығына немесе Кеден одағына мүше мемлекеттердiң ұқсас тауарды өндiрушiлерiнiң барлығына дерлiк осындай бiр нарықтың шегiнде залал келтiредi.

4. Егер Кеден одағына мүше мемлекеттер экономикасының саласы осы баптың 3-тармағында белгiленген мағынада түсiндiрiлетiн жағдайда және тергеу нәтижелерi бойынша демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы шешiм қабылданатын болса, мұндай шара тауардың барлық импортына қатысты Кеден одағының бiрыңғай кеден аумағында қолданылатын болады.

Бұл жағдайда демпингке қарсы немесе өтемақы бажы тергеу жүргiзетiн орган тауарды экспорттаушыларға осы аумаққа осындай тауарды демпингтiк баға бойынша (демпингтiк импорт кезiнде) немесе субсидияланған баға бойынша (субсидияланған импорт кезiнде) экспортты тоқтату не Кеден одағының бiрыңғай кеден аумағына арналған экспорт шарттарына қатысты тиiстi мiндеттемелердi өзiне алу мүмкiндiгiн бергеннен кейiн ғана, мұндай мүмкiндiктi экспорттаушылар бұрын пайдаланбаған жағдайда енгiзiледi.



434-бап. Жария тыңдаулар

      1. Тергеуге қатысушылардың кез келгені жазбаша нысанда ұсынған қолдау хатының және осы Кодекске сәйкес белгіленген мерзімінің негізінде тергеу жүргізетін орган жария тыңдауларды жүргізуді қамтамасыз етеді.

      2. Тергеу жүргізетін орган тергеуге қатысушыларға жария тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны, сондай-ақ жария тыңдауды жүргізу барысында қарастырылатын мәселелердің тізбесін жіберуге міндетті.

      Жария тыңдауларды өткізу уақыты тиісті хабарлама жіберілген күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен соң белгіленеді.

      3. Жария тыңдауларға тергеуге қатысушылар немесе олардың өкілдері, сондай-ақ тергеуге қатысты мәліметтерді беру мақсатында өздері тартқан тұлғалар қатысуға құқылы.

      Жария тыңдаулар барысында тергеуге қатысушылар өз пікірлерін білдіре алады және тергеуге қатысты дәлелдемелер бере алады. Тергеу жүргізетін органның өкілі жария тыңдауларға қатысушыларға мәлімдеген фактілерінің нақтылығына қатысты сұрақтар қоюға құқылы. Тергеуге қатысушылар бір-біріне сұрақтар қоюға да құқылы және оларға жауап беруге міндетті. Жария тыңдауларға қатысушылар құпия деп танылған ақпаратты жарияламауға міндетті.

      4. Жария тыңдаулар барысында ауызша нысанда берілген мәліметтер, егер оларды тергеуге қатысушылар жария тыңдаулар өткізілгеннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде тергеу жүргізетін органға жазбаша нысанда ұсынылса, тергеу барысында ескеріледі.
435-бап.Тергеу жүргізу барысында ақпараттар жинау

      1. Демпингке қарсы немесе өтемақы тергеулерді бастау туралы шешім қабылдағаннан кейін тергеу жүргізетін орган өзіне белгілі экспорттаушыларға және (немесе) тергеу объектісі болып табылатын тауарды өндірушілерге жауап беруі тиіс сұрақтардың тізбесін жібереді.

      Сұрақтар тізбесі Кеден одағына мүше мемлекеттердiң ұқсас немесе тікелей бәсекелесетін тауарды (арнайы қорғау тергеуін жүргізу жағдайында) не ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы тергеу жүргізу жағдайында) өндірушілеріне жіберіледі.

      2. Сұрақтар тізбесі жіберілген тауарды экспорттаушылар және (немесе) өндірушілер аталған тізбені алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде тергеу жүргізетін органға өз жауаптарын беруге міндетті.

      Экспорттаушылардың және (немесе) өндірушілердің дәлелденген және жазбаша нысанда жазылған өтініші бойынша көрсетілген мерзімді тергеу жүргізетін орган күнтізбелік он төрт күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.

      3. Сұрақтар тізбесі пошта арқылы жіберілген күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кейін немесе экспорттаушының және (немесе) өндірушінің өкіліне тікелей тапсырылған күннен бастап алынды деп саналады.

      Тізбеге енгізілген сұрақтарға жауаптарды, егер олар тергеу жүргізетін органға құпия және құпия емес нұсқаларда осы баптың 2-тармағында көрсетілген отыз күндік мерзім аяқталған күннен күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей немесе оны ұзартқан күн аяқталған күннен бастап келіп түскен болса, тергеу жүргізетін орган алды деп саналады.

      4. Тергеу жүргізетін орган тергеу барысында мүдделі тұлғалар ұсынған ақпараттың дәлдігіне және дәйектілігіне көз жеткізеді.

      Тергеу барысында ұсынылған мәліметтерді тексеру немесе жүргізіліп жатқан тергеуге байланысты қосымша мәліметтер алу мақсатында тергеу жүргізетін орган қажет болған жағдайда;

      1) үшінші елдің аумағында тергеу объектісі болып табылатын  тауарды тиісті шетелдік экспорттаушылардың және (немесе) өндірушілердің келісімін алған жағдайда және алдағы тергеу туралы ресми түрде алдын ала хабардар етілген үшінші елдің тарапынан қарсылық болмағанда;

      2) Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында тергеу объектісі болып табылатын тиісті тауар импорттаушыларының және (немесе) ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды өндірушілердің тиісті келісімін алған жағдайда және  алдағы тергеу туралы ресми түрде алдын ала хабардар етілген Кеден одағына мүше мемлекеттің тарапынан қарсылық болмаған жағдайда тексеру жүргізуі мүмкін.

      Шетелдік өндіруші немесе экспорттаушы осындай жауаптарды жібергенге дейін тексеру жүргізуге өз еркімен келіскен жағдайларды қоспағанда және тиісті үшінші елдің тарапынан қарсылық болмаған кезде тексеру осы баптың 1-тармағының ережелеріне сәйкес тергеу жүргізетін орган жіберген сұрақтар тізбесіне жауап алынғаннан кейін жүргізіледі.

      Тиісті тергеуге қатысушылардың келісімін алғаннан кейін және тексеру басталғанға дейін оларға тексеру жүргізуге жіберілген қызметкерге ұсынылуы тиіс құжаттар мен материалдардың тізімі жіберіледі. Тергеу жүргізетін орган үшінші елді тексеру жоспарланған шетел экспорттаушыларының немесе өндірушілерінің мекенжайлары және атаулары, сондай-ақ осындай тексерулерді жүргізу күндері туралы хабардар етеді.

      Тергеу барысында сауалдардың жауаптарында ұсынылған ақпараттың  шынайылылығын растау үшін қажетті басқа да құжаттар мен материалдар сұратылуы мүмкін.

5. Тергеу барысында берілген мәліметтерді немесе жүргізілетін тергеумен байланысты алынған қосымша мәліметтерді тексеру мақсатында тергеу жүргізетін орган өз өкілдерін мүдделі тұлғалардың тұратын жерлеріне жіберуге, ақпараттар жинауды, мүдделі тұлғалармен консультациялар мен келіссөздер жүргізуге, тауардың үлгілерімен танысуға және тергеу жүргізу үшін қажетті өзге әрекеттерді қолдануға құқылы.
436-бап. Мүдделі тұлғалар

      1. Мемлекеттік тергеу жүргізу кезінде:

      1) Кеден одағына мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау тергеуін жүргізген кезде) не ұқсас тауар өндіруші (демпингке қарсы немесе өтемақы тергеуін жүргізген кезде);

      2) қатысушылардың көпшілігі ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар (арнайы қорғау тергеуін жүргізген кезде) не ұқсас тауар өндірушісі (демпингке қарсы немесе өтемақы тергеуін жүргізген кезде) болып табылатын Кеден одағына мүше мемлекеттердегі өндірушілердің бірлестігі;

      3) қатысушылары Кеден одағына мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар (арнайы қорғау тергеуін жүргізетін кезде) не ұқсас тауар (демпингке қарсы немесе өтемақы тергеуін жүргізген кезде) өндірісінің жалпы көлемінің жиырма бес пайызынан аса өндірісін жүзеге асыратын Кеден одағына мүше мемлекеттер өндірушілерінің бірлестігі;

      4) экспорттаушы, шетелдік өндіруші немесе тергеу объектісі болып табылатын тауарды импорттаушы және қатысушылардың елеулі бөлігі аталған тауарды өндірушілер, экспорттаушылар немесе экспорттаушы үшінші елден немесе тауар шығаратын мемлекеттен импорттаушылар болып табылатын шетелдік тауар өндірушілерінің, экспорттаушыларының немесе импорттаушыларының бірлестігі;

      5) экспорттаушы үшінші елден не тауар шығарылатын мемлекеттің уәкілетті органы;

      6) егер олар өнімді өндірген кезде осындай тауарды пайдаланса, тергеу объектісі болып табылатын тауардың тұтынушылары және Кеден одағына мүше мемлекеттердегі осындай тұтынушылардың бірлестіктері;

      7) егер тауар көбінесе жеке тұлғалардың тұтыну мәні болып табылса, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері мүдделі тұлғалар болып табылады.

      2. Мүдделі тұлғалар тергеу барысында дербес немесе нотариаттық түрде ресімделген өкілеттігі бар өз өкілдері арқылы әрекет етеді.


437-бап. Құпия ақпарат

      1. Құпия ақпарт ретінде мемлекеттік құпияны (мемлекеттік құпияларды) қоспағанда, қол жетімділігі шектеулі, коммерциялық және Қазақстан Республиксының заңнамасымен қорғалатын өзге де ақпараты (құпия) түсініледі.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға құпия ақпаратты береді.

3. Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға мүдделі тұлға беретін ақпарат осы тұлға, оның ішінде осындай ақпаратты ашу үшінші тұлғаға бәсекелік артықшылық беретінін не осындай ақпаратты берген тұлға үшін не осындай ақпаратты алған тұлға үшін қолайсыз салдарға әкеліп соғатындығын куәландыратын негіздемелер берген кезде құпия ретінде қарастырылады.

Негіздеме жазбаша түрде берілуге тиіс.

4. Құпия ақпаратты сырқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға берген мүдделі тұлға онымен бірге осындай ақпараттың құпия емес нұсқасын беруге міндетті.

Құпия емес нұсқа құпия түрде берілген ақпараттың маңызын түсіну үшін жеткілікті толық болуға тиіс.

      Айрықша жағдайларда мүдделі тұлғалар құпия емес нұсқадағы ақпаратты берудің мүмкін еместігі себептерін мазмұндап, құпия емес түрдегі құпия ақпаратты берудің мүмкін еместігінің негіздемесін ұсына алады.

5. Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган тергеу жүргізуші органды қоспағанда, құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға бере алмайды.

Мүдделі тұлғалар берген құпия ақпарат олардың жазбаша рұқсатынсыз жарияланбауы қажет.

Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары құпия ақпаратты жеке мақсатта пайдаланбауы тиіс.
438-бап. Экспорттаушы үшінші ел болжамды ерекше субсидияның болуын белгілеуге арналған консультациялар

      1. Тергеу жүргізетін орган өтінішті қарауға қабылдағаннан кейін және тергеуді бастау туралы шешім қабылдағанға дейін оған қатысты өтемақы шарасын енгізуді ұсыну және тауар экспортталатын экспорттаушы үшінші елдің уәкілетті органына болжамды ерекше субсидияның болуына, мөлшері мен салдарына қатысты жағдайды нақтылау және өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында консультацияларды жүргізуді ұсынады.

      Мұндай консультациялар тергеу барысында да жалғасуы мүмкін.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген консультацияларды жүргізу тергеудің басталғаны және өтемақы шарасын қолдану туралы шешім қабылдауға бөгет келтірмейді.


439-бап.Тергеуге байланысты қабылданатын шешімдер туралы хабарламалар

      1. Тергеу жүргізетін орган тергеуге байланысты қабылданатын шешімдер туралы хабарламаларды Кеден одағы комиссиясының ресми сайтында жариялайды.

      Мұндай хабарламаларды Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары, аталған хабарламаларда қабылданған шешімдерде мүдделері қозғалған сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген шаруашылық субъектілеріне жібереді.

      2. Тергеу басталғаны туралы хабарламада:

      1) тергеу объектісі болып табылатын тауардың толық сипаттамасы;

      2) экспорттаушы үшінші елдің атауы;

     3) тергеуді бастау туралы шешімнің қабылдануының орындылығын растайтын фактілерді қысқаша баяндау;

      4) Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында импорттың өсуінің дәлелі (арнайы қорғау тергеуінің басталуы туралы шешім қабылданған кезде);

      5) Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына келтірілген елеулі  залалдың немесе елеулі залал келтіру қаупінің болуын куәландыратын фактілердің қысқаша баяндалуы (арнайы қорғау тергеуінің басталуы туралы шешім қабылданған кезде);

      6) демпингтік немесе субсидияланатын импорттың болуы туралы оң қорытынды үшін негіздеменің қысқаша баяндалуы (демпингке қарсы немесе өтемақы тергеуінің басталуы туралы шешім қабылданған кезде);

      7) Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына материалдық залалдың немесе материалдық залал келтіру қаупінің не Кеден одағына мүше мемлекеттер экономикасы саласын құруды елеулі баяулауының болуын куәландыратын фактілердің қысқаша баяндалуы (демпингке қарсы немесе өтемақылық тергеудің басталуы туралы шешім қабылданған кезде);

      8) мүдделі тұлғалар пікірлерін және тергеуге қатысты мәліметтерді жібере алатын мекенжай;

      9) мүдделі тұлғалар өздерінің тергеуге қатысу ниеті туралы  мәлімдей алатын кемінде отыз күнтізбелік күнді құрайтын мерзім;

      10) тергеуге қатысушылар көпшілік алдында тыңдауды өткізу туралы өтініш жасай алатын кемінде алпыс күнтізбелік күнді құрайтын мерзім;

      11) мүдделі тұлғалар жазбаша нысанда өздерінің түсініктемелерін және тергеуге қатысты мәліметтерді ұсына алатын кемінде тоқсан күнтізбелік күнді құрайтын мерзім қамтылуға тиіс.

3.  Алдын ала демпингке қарсы немесе алдын ала өтемақы бажын енгізу туралы хабарламада мынадай ақпарат:

      1) тергеу объектісі болып табылатын тауар экспорттаушының атауы не егер осындай деректерді келтіру мүмкін болмаса, экспорттаушы үшінші елдің атауын;

      2) тергеу объектісі болып табылатын тауардың кедендік ресімдеу мақсаттары үшін жеткілікті сипаттамасын;

      3) демпингтік маржаның көлемі көрсетілген және тауардың қалыпты құны мен оның экспорттық бағасын есептеу және салыстыру әдіснамасын таңдау негіздемесінің сипаттамасы бар демпингтік импорттың болуы туралы оң қорытындының негіздерін (алдын ала демпингке қарсы баж салығын енгізген кезде);

     4) субсидияның болу фактісінің сипаттамасы бар және тауар бірлігіне есептелген субсидия мөлшері көрсетілген субсидияланатын импорттың болуы туралы оң қорытындының негіздерін (алдын ала өтемақы бажын енгізген кезде);

      5) материалдық залалдың, осындай залалды келтіру қаупінің немесе Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласын құрудың елеулі баяулауының болуын анықтаудың негіздері;

      6) демпингтік немесе субсидияланатын импорт пен материалдық  залалдың, осындай залалды келтіру қаупінің немесе Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасының саласын құрудың елеулі баяулауының   арасындағы себеп-тергеу байланысын анықтаудың негіздерін;

7) импорттың өспелі болуы туралы оң қорытынды үшін негіздерді (алдын ала арнайы баж ды енгізу кезінде) қамтуға тиіс.

4. Арнайы қорғау тергеуінің нәтижелері бойынша хабарламада тергеу жүргізетін орган оның иелігіндегі ақпаратты талдаудың негізінде жасалған негізгі қорытындылар қамтылуға тиіс және тергеу жүргізетін орган оны тергеу аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жариялауы керек.

5. Нәтижелері бойынша тергеу жүргізген орган демпингке қарсы немесе өтемақы бажын енгізуге негіздердің бар екендігі туралы не тиісті міндеттемелерді мақұлдаудың орындылығы туралы қорытынды жасалған тергеудің аяқталғаны туралы хабарлама тергеу аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жарияланады және ол:

      1) тергеу жүргізетін органның тергеу нәтижелері туралы соңғы қорытындысының түсіндірмесі;

      2) олардың негізінде осындай қорытынды жасалған фактілерге нұсқаманы;

3) осы баптың 3-тармағында көрсетілген ақпаратты;

4) тергеу объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушылардың және импорттаушылардың тергеу барысында айтылған уәждемелері мен талаптарын қабылдау немесе қабылдамау себептерін көрсетуді;

5) осы Кодекстің 408-бабының 8-12-тармақтарына сәйкес шешімдер қабылдау себептерін көрсетуді қамтуға тиіс.

6. Тиісті міндеттемелердің мақұлданумен байланысты тергеудің аяқталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламада осындай міндеттемелердің құпия емес нұсқасы қамтылуы тиіс.

7. Осы баптың ережесі тиісті айырмашылықтарды ескере отырып, қайтадан тергеудің басталғаны және аяқталғаны туралы хабарламаларға қолданылады.


440-бап. Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы

шараларын қолданбау

1. Тергеудiң нәтижелерi бойынша Кеден одағының комиссиясы, тiптi егер мұндай шараны қолдану осы Заңда белгiленген өлшемдерге сәйкес келген жағдайда да арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолданбау туралы шешiм қабылдауы мүмкiн.

Көрсетiлген шешiм, егер мұндай шараны қолдану тергеу жүргізетін орган мүдделі тұлғалар ұсынған барлық ақпаратты талдаудың нәтижелері бойынша Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң мүдделерiне залал келтiруi мүмкiндігі туралы қорытынды дайындаған жағдайда қабылдануы мүмкiн. Мұндай шешім осындай шешімді қабылдауға негіз болған себептер өзгерген жағдайда қайта қаралуы мүмкін.

Тиісті шараны қолданудың орындылығы туралы ұсынысты сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келіседі.

2. Осы баптың 1-тармағында аталған қорытынды Кеден одағына мүше мемлекеттер экономикасының саласы, егер олар осы тауарды өнiмдi өндiрген кезде пайдаланса, тергеу объектiсi болып табылатын тауар тұтынушыларының  және Кеден одағына мүше мемлекеттердегi осындай тұтынушылар бiрлестiктерiнiң, егер тауар көбiнесе жеке тұлғалардың және осы тауарды импорттаушылардың тұтыну мәнi болса, осы тауарлардың импорттаушылардың мүдделерiн жиынтық бағалаудың нәтижелерiне негiзделуге тиiс. Бұл ретте көрсетiлген тұлғаларға осы баптың 3-тармағының ережелерiне сәйкес осы мәселе бойынша өзiнiң түсiнiктемелерiн ұсыну мүмкiндiгi берiлгеннен кейiн ғана осындай қорытынды жасалады.

Осындай қорытынды дайындаған кезде өспелi, демпингтiк немесе субсидияланатын импорттың сауданың әдеттегi барысына және Кеден одағына мүше мемлекеттердің тиiстi тауар нарығындағы бәсекелестiктiң және Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласының жағдайына бұрмалаушы әсерiн жою қажеттiлiгiне ерекше көңiл бөлiнуi керек.

3. Осы баптың 1-тармағының ережелерiн қолдану мақсаттары үшiн Кеден одағына мүше мемлекеттердегi ұқсас немесе тiкелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау тергеуiн жүргiзген кезде) не ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы тергеуiн жүргiзген кезде) өндiрушiлер, олардың бiрлестiктерi, тергеу объектiсi болып табылатын тауарды импорттаушылар және импорттаушылар бiрлестiктерi, егер олар өнiмдi өндiрген кезде мұндай тауарды пайдаланса, Кеден одағына мүше мемлекеттердегi тергеу объектiсi болып табылатын тауар тұтынушылар және мұндай тұтынушылардың бiрлестiктерi, егер тауарды көбiнесе жеке тұлғалар тұтыну мәнi болса, тұтынушылардың қоғамдық бiрлестiктерi осы Кодекстің 439-бабының 2-тармағына сәйкес жарияланатын хабарламада  белгiленген  мерзiм iшiнде осы мәселе бойынша өз түсiнiктемелерi мен ақпаратын ұсынуға құқығы бар. Тиiстi жағдайларда мұндай түсiнiктемелер мен ақпарат немесе олардың құпия емес нұсқасы осы тармақта көрсетiлген өздерiнiң жауап түсiнiктемелерiн ұсынуға құқылы басқа мүдделi тұлғаларға танысу үшiн ұсынылуға тиiс.

Осы тармақтың ережелерiне сәйкес ұсынылатын ақпарат оның  шынайы болуын растайтын объективтi фактiлер болған жағдайда алынған көзiне қарамастан, назарға алынуы тиiс.


441-бап. Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы Келісім ережелерін түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Кеден одағына мүше мемлекеттер арасындағы дауларды шешу

1. Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісім ережелерін түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Кеден одағына мүше мемлекеттер арасындағы даулар, бiрiншi кезекте, консультациялар мен келiссөздер жүргiзу арқылы шешiледi. Егер дау тараптарының бiрі даудың екiншi тарапына консультациялар мен келiссөздер жүргiзу туралы ресми жазбаша өтiнiш жiберген күнінен бастап алты ай iшiнде дау тараптары дауды олар арқылы реттемесе, онда дау тараптарының арасында оны шешу тәсіліне қатысты өзге уағдаластық болмаған кезде, даудың кез келген тарабы бұл дауды қарау үшін Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына жүгінуге құқығы бар.

2. Мүдделі тұлғалар арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану жөнінде тергеу жүргізетін органның шешімідеріне сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.

7-бөлім. КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ НЫСАНДАРЫ
30-тарау. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау
442-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғаудың нысандары

1. Әрбір кәсіпкерлік субъектісінің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар.

Кәсіпкерлік субъектілерінің бұзылған немесе даулы құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де тәртіппен (аралық сот, халықаралық төрелік, медиация, омбудсман, келіссөздер, шағымдық тәртіп және өзге де) жүзеге асырылады.

2. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) және актілеріне (шешімдеріне) шағымдану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

3. Заңдарда көзделген арнайы жағдайларда кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау құқығы бұзылған кәсіпкерлік субъектісінің тiкелей iс жүзiндегi немесе заңдық іс-әрекеттерiмен жүзеге асырылуы мүмкiн (өзiн-өзi қорғау).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет