Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі


-бап. Шаруа немесе фермер қожалығын құру ерекшеліктері



бет3/29
Дата14.06.2016
өлшемі1.9 Mb.
#135950
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

47-бап. Шаруа немесе фермер қожалығын құру ерекшеліктері

1. Шаруа немесе фермер қожалығы ерікті негізде құрылады және жер учаскесіне құқық мемлекеттік тіркелген кезден бастап, ал Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жағдайларда, дара кәсіпкер ретінде тіркелгеннен кейін құрылды деп есептеледі.

2. Бірлескен кәсіпкерлікке негізделген шаруа немесе фермер қожалығын тіркеген кезде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік шаруа немесе фермер қожалығының басшысына беріледі. Куәлікке салық органының тиісті аумақтық бөлімшесінің басшысы куәландырған шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің тізімі қоса беріледі.
48-бап. Шаруашылық жүргiзу нысаны ретiндегi шаруа

немесе фермер қожалығы

1. Шаруа немесе фермер қожалығы Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығының тең құқықтық өндiрiстiк бiрлiгi болып табылады.

2. Шаруа немесе фермер қожалығы өз қызметiнiң бағытын, өндiрiсiнiң құрылымы мен көлемдерiн дербес айқындайды, өнiмдi өсiредi, ұқсатады және сатады, сондай-ақ шаруашылық жүргiзумен байланысты басқа да мәселелердi шешедi.

3. Өз қызметін жүзеге асыру кезінде шаруа немесе фермер қожалығы:

1) шаруа немесе фермер қожалығы банк шоттарын ашуға және банктегi өз ақшаларына иелiк етуге;

2) шаруа немесе фермер қожалығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және ережелер бойынша мүлкiн, жер учаскесiн және жер пайдалану құқығын кепiлге салып кредит алуға;

3) шаруа немесе фермер қожалығы  сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалға алынған және жеке меншiк өндiрiс құрал-жабдықтарын, сондай-ақ ауыл шаруашылық дақылдарының егiсiн (екпелерiн), көпжылдық екпелердi, шығарған өнiмдерiн, шикiзатты, материалдарды жойылуы немесе зақымдануы жағдайынан сақтандыруды жүзеге асыруға;

4) шаруа немесе фермер қожалықтары ерiктi негiзде кооперативтерге, қоғамдарға және басқа да бiрлестiктерге бiрiгiп, кооперативтiк, шаруашылық серiктестiктерiнiң және басқа да ұйымдардың қызметiне қатысуға, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығы өз қалауы бойынша кез келген ұйымнан шығуға құқылы.


49-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының меншiгi

1. Шаруа қожалығының мүлкі, егер оның мүшелерінің арасындағы шартпен өзгеше белгіленбесе, оларға бірлескен меншік құқығымен тиесілі болады.

Бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығының мүлкі оның мүшелеріне ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болады.

Өзіндік кәсіпкерлікке негізделген фермер қожалығының мүлкі оған жеке меншік құқығымен тиесілі болады.

2. Шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң меншiгiнде жер учаскелері, жер учаскесiндегi екпелер, оның ішінде жеке орман қорының екпелері, ерiксiз және (немесе) жартылай ерiктi жағдайларда өсiрiлген және ұсталатын жабайы жануарлар, шаруашылыққа арналған және өзге де қора-қопсылар, мелиорациялық және басқа да құрылыстар, өнiм беретiн және жұмысқа жегiлетiн мал, құс, ауыл шаруашылығына арналған және өзге де техника мен жабдықтар, көлiк құралдары, керек-жарақтар және шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері берген және (немесе) қожалық үшiн оның мүшелерiнiң ортақ қаражатына сатып алынған басқа да мүлiк болуы мүмкін.

3. Шаруа немесе фермер қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде алынған жемiстер, өнiмдер және табыстар шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң ортақ бiрлескен немесе ортақ үлестiк мүлкi болып табылады және олардың арасындағы келiсiм бойынша пайдаланылады.

4. Шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң мүлiктiк қатынастары Қазақстан Республикасының азаматтық және жер заңнамасының тиiстi нормаларымен реттеледi.

5. Шаруа немесе фермер қожалығының мүлкi және жер учаскесiне құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен мұраға алынады.


50-бап. Шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн жер

учаскесiн беру

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн жеручаскесін беру және оны пайдалану шарты, тәртібі Қазақстан Республикасының Жер кодексімен белгіленеді.


51-бап. Шаруа немесе фермер қожалығы

қызметiнiң шарттары

1. Шаруа немесе фермер қожалығы өзінің шығыстарын алынатын табысының есебiнен жабады.

2. Шаруа немесе фермер қожалығының өндiрiстiк, коммерциялық және өзге де қатынастары шарттық негiзде жүзеге асырылады.

3. Шаруа немесе фермер қожалығындағы жұмыстарды орындауға еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн азаматтар тартылуы мүмкiн.

4. Шаруа немесе фермер қожалығында жалдау туралы шарт жасасу тәртiбi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен белгiленедi.

5. Шаруа немесе фермер қожалығының мүшелерi мен қожалықта еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн азаматтар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық құқықтарды пайдаланады.

6. Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы Қазақстан Республикасының тиiстi әлеуметтiк сақтандыру, сондай-ақ еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау органдарында өзiнiң тұрғылықты жерi бойынша сақтандырушы ретiнде тiркеледi және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына және басқа органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз табысынан белгiленген тәртiппен қаржы енгiзедi.

7. Шаруа немесе фермер қожалығында жұмыс iстеген уақыт еңбек кiтапшасы не Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн жүзеге асырылған сақтандыру жарналарының төленгенiн растайтын құжаттар негiзiнде жалпы және үздiксiз жұмыс стажына есептеледi.

8. Шаруа немесе фермер қожалықтарының мүшелерiне, сондай-ақ жалданып жұмыс iстеген азаматтарға зейнетақы тағайындау мен төлеу Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында белгiленген тәртiп пен шарттар бойынша жүргiзiледi.
52-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының қызметiн

тоқтатудың ерекшеліктерi

1. Егер қожалықтың қызметiн жалғастырғысы келетiн бiрде-бiр қожалық мүшесi, мұрагер немесе басқа адам қалмаса, сондай-ақ банкрот болған және жер учаскесiне жеке меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайларда шаруа немесе фермер қожалығының қызметi тоқтатылады.

2. Шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметi тоқтатылған кезде ортақ мүлiктi бiрлескен меншiкке қатысушылар арасында бөлу, сондай-ақ олардың бiреуiне үлес бөлiп беру ортақ мүлiк құқығындағы әрбiр қатысушылардың үлесi алдын ала анықталған жағдайда жүзеге асырылуы мүмкiн.

3. Үлестiк меншiктегi мүлiк оған қатысушылар арасында бiр-бiрiмен келiсiм бойынша бөлiнуi мүмкiн.

4. Шаруа немесе фермер қожалығының қызметiн тоқтату кезiнде мүлiктi, жер учаскесiн және жер пайдалану құқығын бөлудiң шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледi.
3-параграф. Заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі
53-бап. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі

1. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс алуды көздейтін коммерциялық заңды тұлғаларды құру арқылы жүзеге асырыла алады.

2. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысандары тек қана шаруашылық серіктестіктері, акционерлік қоғам және өндірістік кооператив болуы мүмкін

3. Коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметпен бұл оның жарғылық мақсаттарына сәйкес болғандығы үшін айналыса алады.



54-бап. Мемлекеттік заңды тұлғалардың (мемлекеттік

кәсіпорындардың) кәсіпкерлігі

1. Мемлекет қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктерін анықтайтын әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу мақсаттарында мынадай:

1) шаруашылық жүргізу;

2) оралымды басқару (қазыналық кәсіпорындар) құқықтарына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар құрады.

2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын – шаруашылық жүргізу құқығымен мемлекеттік мүлік берілген және өзіне тиесілі барлық мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін коммерциялық ұйым.

3. Қазыналық кәсіпорын – оралымды басқару құқығымен мемлекеттік мүлік берілген коммерциялық ұйым.


55-бап. Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын

заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және

олардың филиалдары мен өкілдіктердін

есептік тіркеу

1. Өздерiнiң құрылу мақсатында, өз қызметiнiң түрi мен сипатына, қатысушылар (мүшелер) құрамына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын заңды тұлғалар мемлекеттiк тiркеуге жатады.

2. Заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi, олар заңды тұлға құқығын иеленбестен есептiк тiркеуге жатады.

3. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді әділет органдары, заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттiк тiркеудi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (тіркеуші органдар) жүзеге асырады.

4. Кәсіпкерлік субъектілері – заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
56-бап. Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды

тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің тәртібі

1. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш, сонымен бірге қазақ және орыс тілдерінде жазылған және үш данада ұсынылатын құрылтай құжаттары қоса беріледі.

2. Акционерлік қоғамдардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғыларын (ережелерін) қоспағанда, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғылары (ережелері) мемлекеттік тіркеу кезінде ұсынылмайды

3. Егер заңды тұлғаның құрылтайшылары өзінің қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыруға шешім қабылдаса, онда тіркеуші органға осы Кодекстің 39-бабында көзделген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен нысандағы нотариалды тәртіппен расталған үш дана өтініш ұсынылады.

4. Шағын кәсiпкерлiк субъектiсіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу Кодекстің 39-бабында көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.

5. Орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiсіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттiк тіркеу кезiнде шетелдiк немесе шетелдік заңды тұлға, Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе мемлекеттiк органдар не Ұлттық Банк бірден-бір жалғыз құрылтайшы не құрылтайшылардың бірі болып табылатын жағдайларда, өтiнiшке құрылтайшы немесе құрылтайшылардың бiреуi не құрылтайшының уәкiлеттiк берген адамы қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда нотариат тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса отырып, оны тiркеуші органға бередi.

6. Шетелдік қатысатын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, қосымша:

құрылтайшы – шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге сауда тізілімінің заңдастырылған үзінді көшірмесі немесе басқа да заңдастырылған құжат;

нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге шетелдік құрылтайшының паспортының көшірмесі немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжат ұсынылуға тиіс.

7. Бір мезгілде тіркеуші органға заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат ұсынылады.

8. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделгендерден басқа қандай да бір құжаттар мен мәлiметтердi талап етуге тыйым салынады.

9. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайтын тәртіппен Интернет желісі арқылы берілген электрондық өтініш негізінде жүргізілуі мүмкін.


57-бап. Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны

мемлекеттік тіркеудің хабарлама тәртібі

1. Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) тіркеуші органға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша электрондық құжат түрінде толтыру арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама береді.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаға заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын түбіртектің немесе өзге де құжаттың көшірмесі қоса беріледі.

2. Хабарлама «электрондық үкімет» веб-порталында толтырылатын электрондық құжатты толтыру арқылы берілген кезде тіркеу алымын төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаға заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын түбіртектің немесе өзге де құжаттың электрондық көшірмесі қоса беріледі.

3. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғылары (ережелері) мемлекеттік тіркеу процесінде ұсынылмайды.

4. Шетелдік қатысатын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, қосымша:

құрылтайшы – шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге сауда тізілімінің заңдастырылған үзінді көшірмесі немесе басқа да заңдастырылған құжат;

нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге шетелдік құрылтайшының паспортының көшірмесі немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжат ұсынылуға тиіс.

5. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы беру кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны жөнінде хабарламаны қабылдау туралы растау болып табылады.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы беру кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.


58-бап. Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаны

қайта құру және тарату

1. Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаны қайта құру және тарату нақтылы ұйымдық-құқықтық нысан үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

2. Борышкердің немесе кредитордың, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда өзге де тұлғалардың сотқа берген өтініштерінің негізінде кәсіпкерлік субъектісі сот шешімімен банкрот деп жарияланады.

3. Заңды тұлғаны оңалтудың және оның банкроттығының рәсімі Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.


59-бап. Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға

қызметiнiң тоқтатылуын мемлекеттік тiркеу

1. Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға қызметiнің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу үшін тарату негiздемесi бойынша:

1) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш;

2) заңды тұлға мүлкiнің меншiк иесiнiң немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның не құрылтай құжаттарымен уәкiлеттiк берiлген заңды тұлға органының заңды тұлға мөрiмен бекемделген шешiмi;

3) заңды тұлғаның таратылуы, кредиторлардың талаптарды мәлiмдеу тәртiбi мен мерзiмдерi туралы ақпараттың Әділет министрлігінің ресми баспасөз басылымдарында жарияланғанын растайтын құжат;

4) кедендік баждар, салықтар және кедендік алымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы анықтама;

5) акция шығарылымдарының күшін жою туралы куәлік (акционерлiк қоғамдар үшiн);

6) заңды тұлғаның мөрiн жою туралы құжат;

7) заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат;

8) құрылтай құжаттары ұсынылады.

2. Заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш тiркеушi органға заңды тұлғаның таратылғаны туралы ақпарат жарияланған күннен бастап кемінде екі ай өткен соң ұсынылады.

3. Сот шешімімен таратылған заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу сот шешімі және тарату ісін жүргізудің аяқталғаны туралы сот ұйғарымы негізінде жүзеге асырылады.

4. Мүліктік кешен ретінде жекешелендірілген мемлекеттік кәсіпорын қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу үшін сатып алушы:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органның) мемлекеттік кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы шешімін;

3) мемлекеттік кәсіпорынның мүліктік кешенін сатып алу-сату шартының көшірмесін;

4) мемлекеттік кәсіпорынның тапсыру актiсiнің көшірмесін;

5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені немесе филиалды (өкілдікті) есептік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртекті немесе өзге де құжатты ұсынады.

5. Тіркеуші орган заңды тұлғаны тарату туралы шешімді алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тарату тәртібінің сақталуын тексереді, заңды тұлғаның таратылғаны туралы мәліметтерді Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгізеді.

6. Салық қызметі органдары Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерi ұлттық тiзiлiмінің мәліметтері негізінде қызметін тоқтататын заңды тұлға жөнінде салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер береді не мұндай заңды тұлға Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін орындамаған жағдайда берешегі туралы аталған мәліметтерді беруден бас тартады.

7. Егер тексеру процесінде тарату тәртібінің бұзылуы анықталмаса, тіркеуші орган қажетті құжаттарымен қоса заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш берілген күннен кейінгі бес жұмыс күні ішінде заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын тіркейді. Табиғи монополия субъектiсi қызметiнiң тоқтатылуын мемлекеттік тiркеудi тiркеушi орган табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның алдын ала келiсiмiмен жүзеге асырады.

8. Заңды тұлғаны тарату тәртібінің бұзылуы анықталған кезде, сондай-ақ таратылатын заңды тұлғаның есептік тіркеуден шығарылмаған филиалдары (өкілдіктері) болған, салық берешегі, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болған не мұндай заңды тұлға Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін орындамаған жағдайда салық қызметі органдары берешегі туралы аталған мәліметтерді беруден бас тартқан жағдайларда, тіркеуші орган заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы шешім шығарады.

9. Қызметiнің тоқтатылғаны жөніндегі мәліметтер Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзiлгеннен кейiн кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға өз қызметiн тоқтатты деп есептеледi.
4-параграф. Кәсіпкерлік субъектісінің қызметіндегі

корпоративтік басқару
60-бап. Корпоративтік басқару ұғымы

1. Акционерлер мен акционерлік қоғамның органдары арасындағы, акционерлік қоғам органдарының, акционерлік қоғам мен көмегі арқылы акционерлердің құқықтары іске асырылатын мүдделі тұлғалардың арасындағы өзара іс-қимыл жүйесі корпоративтік басқару деп түсініледі.

2. Акционерлік қоғамдардың басқару құрылымының болуы корпоративтік басқарудың шарты болып табылады.

3. Корпоративтік басқару тек қана акционерлік қоғамдардың шеңберімен шектеліп қалмайды және өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған ұйымдарда да жүзеге асырыла алады.


61-бап. Корпоративтік басқарудың негізгі көздері

1. Акционерлік қоғамдарды корпоративтік басқару әділдікті, адалдықты, жауапкершілікті, ашықтықты, кәсібилік пен құзырлықты негізге алып жасалады.

2. Корпоративтік басқару мынадай негіздерге сүйенеді:

1) акционерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау;

2) акционерлер құқықтарының теңдігі;

3) акционерлік қоғамның басқару органы қызметінің құқықтық негіздері;

4) корпоративтік басқару және ақпараттық ашықтық;

5) корпоратиитік басқару саласындағы әдеп талаптары;

6) акционерлік қоғамдардың қызметіндегі дауларды шешу;

7) корпоративтік басқардағы жауапкершілік..


62-бап. Акционерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау

1. Акционерлік қоғамды корпоративтік басқарудың құрылымы акционерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруды қамтамасыз етуі тиіс. Заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайда акционерлердің тиімді қорғауды имденуге мүмкіндігі болуы тиіс.

2. Акционерлік қоғам акционерлік қоғамның жарғысында көзделген тәртіппен өзінің акционерлерінің назарына акционерлердің мүддесін қозғайтын акционерлік қоғамның қызметі туралы ақпартты жеткізуі тиіс.

3. Акционерлік қоғам акционерлердің жалпы жиналыстарына акционерлердің қатысу және дауыс беру мүмкіндігін (құқығын), соның ішінде акционерлердің жалпы жиналыстарын өткізудің қағидалары туралы ақпартты беру арқылы қамтамасыз етеді.

Акционерлік қоғам корпоративтік басқарудың, оларға сыйақы беру саясатын қоса алғанда, басқару органдарының мүшелерін тағайындау және сайлау сияқты өзекті шешімдерді қабылдауға акционерлердің тиімді түрде қатысуын қамтамасыз етеді. Акционерлердің шешімдер қабылдауға қатысуға және акционерлік қоғамның қызметіндегі принципті өзгерістерге қатысты шешімдерге байланысты жеткілікті ақпарат алуға да құқығы бар.

4.Акционерлік қоғам корпоративтік сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша ішкі құжатты бекітуге тиіс

5. Атқарушы орган акционерлік қоғамның қызметінде жоспарланатын өзгерісті негіздеуге және акционерлердің құқықтарын сақтау мен қорғаудың нақты перспективаларын ұсынуға міндетті.
63-бап. Акционерлер құқықтарының теңдігі

1. Акциялардың белгілі бір сол түрін иеленуші барлық акционерлер теңдей жағдайда болуға тиіс.

Бір сыныптың кез келген санаты шегіндегі барлық акциялар белгілі бір сондай құқықтарды білдіруі тиіс. Барлық инвесторлар сатып алуды жасамас бұрын, барлық санаттар мен сыныптарға бектіліп берілген құқықтар туралы ақпартты алудың мүмкіндігін иеленуі тиіс.Дауыс беру құқығындағы барлық өзгерістер мұндай өзгерістер теріс әсерін беретін акциялардың сыныбын иеленушілердің бекітуіне жатады.

2. Миноритарлық акционерлер бақылау пакеті акцияларын ұстаушылар тарапынан және олардың мүдделерін орай жасалатын тікелей немесе жанамалай әсерін тигізетін қызметті теріс пайдаланушылықтардан қорғалуы тиіс және өздерінің құқықтары бұзылған жағдайда қорғалудың пәрменді құралдарын иеленуі тиіс.


64-бап. Акционерлік қоғам органы қызметінің құқықтық

негіздері

1. Акционерлік қоғам органының қызметі акционерлердің мүдделерін барынша сақтау, барлық акционерлерге әділетті қарау қағидатына негізінделіп құрылады және акционерлік қоғамның нарықтық бағасын арттыруға бағытталады.

2. Акционерлік қоғамының органы:

1) акционерлік қоғамның корпоративтік стратегиясын, қызметінің негізгі жоспарын қайта қарайды және бағыттап отырады, акционерлік қоғамның қызметі туралы ақпаратты ашу және тарату процесін бақылап отырады;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды және өз қызметінің акционерлер алдындағы толықтай ашықтығын қамтамасыз етеді;

3) акционерлерге ағымдағы бизнес жағдайының объективті мониторингі арқылы акционерлік қоғамның қол жеткізген нәтижелерінің және перспективаларының өлшемді әрі нақты бағасын ұсынып отырады және акционерлердің инвестициялары мен акционерлік қоғамның активтерін сақтау мақсатында ішкі бақылау мен тәуелсіз аудитті қолдаудың сенімді жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

4) тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімді жұмысын қамтамасыз етеді, корпоративтік дау-жанжалдарды реттейді;

5) өз қызметін және басқару органы мен атқарушы органының жекелеген мүшелерінің жұмысын бағалаудың тетігін әзірлейді, сондай-ақ атқарушы органның қызметіне бақылауды жүзеге асырады.

3. Атқарушы орган акционерлік қоғамның күнделікті жұмысын және оның қаржылық-жоспарға сәйкес болуын жүзеге асырады. Өз құзыреті шегінде атқарушы орган басқару органы мүшелеріне өздерінің міндеттерін тиісінше орындауы үшін дәйекті әрі уақтылы ақпартқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

4. Атқарушы органның қызметі акционерлер мүдделерінің барынша сақталу қағидатының негізінде құрылады, акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының шешімдеріне және басқару органына толығымен есеп береді.

Адалдық, адалдық, ақылға қонымдылық, абайлаушылық, тұрақтылық атқарушы орган қызметінің негізгі қағидаттары болып табылады.

Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде еңбекті қорғау туралы заңнамасының талаптарын, техникалық қауіпсіздік қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету атқарушы орган қызметінің маңызды бағыты болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет