Қазақстан Республикасының орман қорында орман орналастыруды жүргізу ережесін бекіту туралы


Авторлық қадағалауды жүргізу бағдарламасы 1. Жалпы қағидалар



бет48/54
Дата21.06.2016
өлшемі6.92 Mb.
#151447
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   54

Авторлық қадағалауды жүргізу
бағдарламасы 1. Жалпы қағидалар

      1. Авторлық қадағалауды жүргізуде төмендегідей материалдар қолданылады:


      1) Орман орналастыру жобасының түсіндірме жазбасы, таксациялық сипаттамалар, жоба ведомостары мен планшеттер;
      2) Орман орналастыру жобасы жұмыс істей бастаған уақыттан авторлық қадағалауға дейінгі мерзімдегі орман иеленушілердің шаруашылық-өндірістік қызметі туралы жылдық есептері;
      3) белгіленген тәртіп бойынша рәсімделген жерлерді қабылдау немесе өткізу актілері. Осы мәселелер бойынша өкілетті органдардың шешімдері;
      4) Жерлерді ұзақ мерзімді пайдалануға беру кезінде - құзырлы органдардың шешімдерін және жақтардың құқықтары мен міндеттерін анықтайтын келісім шарт;
      5) Ормандарды МОҚ категорияларының бірінен екіншісіне ауыстыру кезінде - құзырлы органдардың шешімі;
      6) Басты пайдалану кесулерін жүргізген кезде – кеспеағштарды белгілеу материалдары мен ағашы кесілетін жерлерді куәландыру актілері;
      7) Орман екпелерін есепке алу кітаптары;
      8) Орман қорын есепке алу формалары;
      9) Орман кадастры кітаптары;
      10) Орман екпелерін түгендеу материалдары;
      11) Орман екпелерін техникалық қабылдау актілері;
      12) Орман екпелерін орманмен қамтылған жерлерге ауыстыру актілері;
      13) Орманмен қамтылмаған жерлерді орманмен қамтылған жерлерге ауыстыру актілері;
      14) Алқаағаштарды бір шаруашылықтан екіншісіне ауыстыру актілері (жүргізілген күтіп-баптау кесулері нәтижесінде телімдердің тұқымдық құрылымы өзгерген жағдайда);
      15) Өрт, желсұлама және басқа да табиғи апаттардан пайда болған орман қорындағы өзгерістер жөніндегі актілер;
      16) Орман шығымының кітабы;
      17) Орман шаруашылық шаралардың орындалуын тексеру актілері;
      18) Орман өрттерін есепке алу кітаптары;
      19) Орман заңдарының бұзылуын есепке алу кітаптары;
      20) Өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуын (хаттамаларын) есепке алу кітаптары;
      21) Өрт-химиялық станциясының паспорты.
      2. 1 пунктте көрсетілген материалдарды талдау негізінде жобаланған шаралар мен нақты орындалған көлемдері салыстырылады және шаралар жүргізілген телімдердің жоба ведомостарымен сәйкестігі анықталады.
      3. Талданатын кезеңдегі орман шаруашылық қызметімен қамтылған телімдердің (шаралардың әр түрі бойынша) 5 пайызынан кем емесі аралап тексеруді талап етеді (5 телімнен кем емес).
      Осы кезеңде егілген (отырғызылған) орман екпелерінің тексерілетін көлемі олардың ауданының 10 пайызынан кем болмайды. Жерсінуі 25 пайызға жуық орман екпелері қайта есептеу әдісімен тексеріледі.
      Аралап тексеру орман шаруашылық шаралармен қамтылған екі орманшылықта жүргізіледі (егер олардың жалпы саны үштен аспаса), ал жалпы саны одан көп болған жағдайда үш орманшылық тексеріледі.
      Аралап тексеру үшін телімдер статистикалық әдіспен таңдалады (әр бесінші, оныншысы…).
      4. Учаскелерді көз мөлшерімен бағалау арқылы осы шаралардың орындалу сапасы анықталады:
      1) таксацияның сапасы мен орман орналастыру белгілеген шаруашылық нұсқаулардың негізделуі;
      2) учаскелерді іріктеп қарап шығу мен шаралардың орындалуын көз мөлшермен бағалау негізінде учаскелердің салыстырмалы ведомосы құрастырылады (18 кесте). Ведомосқа орманшы немесе орман иеленушісінің басқа өкілі қол қояды. Салыстырмалы ведомосқа учаскелер рет ретімен шаралардың түрі бойынша енгізіледі (орманшылықтар шегінде). Кейін сол ведомостардан есеп беруге қажетті мәліметтер алынады;
      3) шаруашылық қызметі туралы толық мәлімет алу үшін және келіспеушілік пайда болған жағдайда, учаскелер қосымша өлшеу-қайта есептеу әдістерімен тексеріледі. Тексерілетін көлем атқарылған шаралардың сапасын дұрыс бағалауға мүмкіндік беретіндей болуы керек. Мұндай тексерулердің көлемі елеулі болған жағдайда қосымша қаражат талап етіледі.
      5. Атқарылған жұмыстардың сапасы мен орындау технологиясы бойынша және учаскелердің орналасуында жіберілген ауытқулар жан жақты талданып, себептері анықталады және оларды жою жөнінде ұсыныстар келтіріледі.
      Ауытқулар орман иеленушісіне байланыссыз себептермен пайда болған жағдайда, олардың себептері жөнінде негізделген қорытынды шығарылып оларды жою жөнінде ұсыныстар беріледі.
      6. Авторлық қадағалау, орман орналастыру жобасындағы орман шаруашылығын жүргізу мен орман орналастыру белгілеген шараларды орындау қағидаларының негізделуі жеткіліксіз деп тапқан жағдайда, оларды түзету бойынша ұсыныстар енгізеді.
      7. Авторлық қадағалау нәтижесінде бағдарламаның тиісті тараулары мен кестелеріндегі мәселелердің қаралуы туралы есеп беріледі. Бұл есептің кіріспесінде орман иеленушісінің мекен-жайы, орман орналастыру жобасы бекітілген және жұмыс істей бастаған жылы, авторлық қадағалауды жүргізген мамандар құрамы, қадағалауды жүргізу кезеңі, орындалған жұмыстардың көлемі көрсетіледі (1 кесте).
      8. МОҚ-ларында самырсын және емен ормандары бар орман мекемелерінде олардың жағдайын талдауға, орман шаруашылығын жүргізу сапасына, орманды сауықтыру, өнімділігін арттыру бойынша орман орналастыру берген ұсыныстарына, кешенді шаруашылықты жүргізуге, самырсын мен еменді сақтау және қалпына келтіру, сондай-ақ олардың сүрегін тиімді пайдалануға ерекше көңіл бөлінеді.

2. Орман шаруашылығын жүргізудің негізгі қағидалары

      9. Орман иеленушілердің орман орналастыру жобасының негізгі қағидаларындағы орман шаруашылығын жүргізу (МОҚ категориялары мен басты пайдалану кесулерінің белгіленген жастары шегінде) мәселелерін орындауы талданады.


      10. Орман шаруашылығын жүргізудегі орман орналастыру жобасынан ауытқулардың себептері анықталып, оларды болдырмау жөнінде ұсыныстар беріледі.
      Орман иеленушісінің орындалған шараларды есепке алуы туралы мәлімет келтіріледі:
      ағаш кесу билеттерінде және шығынды есепке алу кітабында телім нөмірлерінің жазылуы, МОҚ категориялары басым тұқымдылары бойынша есептің жүргізілуі. Осыны реттеу жөнінде ұсыныстар беріледі.

3. Басты пайдалану кесулері

      11. 2 кестеде бар есептік кеспеағашты екінші орман орналастыру кеңесінде қабылданған есептік кеспеағашпен (әрбір кесу тұқым үшін кесу түрлері бойынша) салыстыру жүргізіледі.


      12. Егер қаралып отырған кезеңде есептік кеспеағаш өзгертілсе, оны өзгерту негізі көрсетіледі (бұйрықтың нөмірі мен күні). Кестеде қаралып отырған кезеңдегі қолданылған есептік кеспеағаштың орташа жылдық мөлшері көрсетіледі.
      13. Қолданылған есептік кеспеағаш пен екінші орман орналастыру кеңесінде қабылданған кеспеағаштың айырмашылығының себептері, есептік кеспеағаштан артық немесе кем кесу себептері анықталып, кәделік ағаштың шығуының жобаланған пайызы, нақты шығуымен салыстырылады.
      14. Кеспеағаштарды дайындау материалдарын талдау негізінде 3 кесте жасалады. Онда орман орналастыру жобасында кесуге жобаланбаған алқаағаштардан кесілген сүрекдің көлемі мен кесілген ауданының басты кесу ведомосына сәйкес болуы көрсетіледі. Басқа да бұзушылық түрлері көрсетіледі.
      1 га орташа пайдалану қоры бойынша, өскіндерді сақтап кесу ауданы бойынша жобаланған ведомос мәліметтері мен нақты кесілгендердің айырмашылығының себептері көрсетіліп салыстырылады.
      Кесу орындарын қарап шығу нәтижесі, орман иесінің есептік мәліметтерімен салыстырылады. Жіберілген кемшіліктер көрсетіліп, оларды жою туралы ұсыныстар беріледі.
      15. Кеспеағаш қорын таксациялау мен дайындауды тексерудің нәтижелері 4 кестеде көрсетіледі. Тексеру, кесуге белгіленген ағаштарды шеңбер тәріздес алаңшаларында санау арқылы жүргізіледі. Дайындаудың сапасы мен толықтығы және кесу орындарының куәландыру тәртібі анықталып, жіберілген кемшіліктерді түзеу бойынша ұсыныстар енгізіледі. Тексеру мәліметтерінен ауытқу пайызы көрсетіледі.
      16. Орман иеленушісі ағаш дайындау кезінде жүргізетін басты пайдалану кесулерінің механикаландыру дәрежесі.
      17. Есепте кесу жоспарлары мен олардың сақталуы туралы ақпарат беріледі.

4. Аралық пайдалану кесулері

      18. Күтіп-баптау кесулері:


      1) орман орналастыру жобасының күшінде болу мерзімінде орындалған күтіп-баптау кесулерінің көлемі екінші орман орналастыру кеңесімен белгіленген жыл сайынғы көлеммен салыстырылады (5 кесте).
      2) жобаланған кесу көлемдерінің орындалуы, таңдау қарқындарының сақталуы, өтімді және кәделік сүрекдің жоспар бойынша және нақты шығуы, ауытқу себептері, күту кесулерінде алынған сүректердің пайдаланылуы көрсетіледі.
      3) кесу орындарының жоба ведомостарына сәйкестігі, алқаағаштың күту кесулерімен қамтылу пайызы анықталады.
      Күту кесулерінің орындалу сапасының бағасы (6 кесте) және күту кесулерін қажет етпейтін алқаағаштарда жүргізілген кесулердің көлемі мен қанағаттанарлықсыз бағасының себептері талданып көрсетіледі (7 кесте).
      4) жүргізілген күту кесулерінің әдістері мен (соның ішінде орамдық) учаскелерді өз бетімен кесуге белгілеудің себептері және оның орман өсіру тиімділігіне әсері талданады.

5. Басқа да кесулер

      22. Жаппай және таңдамалы санитарлық кесулердің, орам соқпақтары мен өртке қарсы үзілімдерді тазарту бойынша орындалған жұмыстардың көлемі, екінші орман орналастыру кеңесінде қабылданған көлемдермен салыстырылады (8 кесте). Орын алған ауытқулардың себептері талданады (9 кесте). Орман орналастыру белгілемеген учаскелерде санитарлық кесулерді жүргізу қажеттілігі және орындалу сапасы қаралады.



6. Орман қорғау шаралары

      23. Орман қорғау шараларының орындалуы, тиімділігі талданады, объект ормандарының санитарлық жағдайын жақсарту туралы ұсыныстар беріледі.



7. Орманды ұдайы өндіру шаралары.
Алқаағаштарды қайта құру

      24. Талданып отырған кезеңдегі орманды қалпына келтіру (10 кесте) жұмыстарының орындалған көлемі және олардың орташа жылдық орындалуы (11 кесте) орман орналастырудың жобасымен салыстырылады.


      Ауытқу себептері анықталады. Егер жұмыс көлемі асыра орындалса, осы орындалған көлемді тексеру кезеңінің соңына дейін сақтаудың тиімділігі немесе тиімсіздігі негізделеді.
      25. Орман екпелерін егу технологиясының жоба ведомостарына (12 кесте) жобаланған орман екпелерінің түрлеріне және отырғызу әдісіне, күту санына, толықтыру пайызына сәйкестігі анықталады.
      26. Орман орналастыру жобасының мерзімінде егілген орман екпелерінің жағдайы талданады (13 кесте). Орман иеленушісінің мәліметі мен учаскелерді аралап көріп тексеру нәтижесінде олардың өлу себептері мен қанағаттанарлықсыз жағдайы анықталады (14 кесте). Екпелерге кері әсер ететін себептерді жою туралы ұсыныстар беріледі.
      27. Орман орналастыру табиғи жаңаруға қалдырған учаскелердің жаңару нәтижесі бағаланады. Орман орналастыру жобасымен жобаланған және орындалған көлемдер (қайта құру көлемі, оны жүргізу әдістерінің сақталуы, қайта құру ретінде егілген орман екпелерінің жағдайы бағаланады) салыстырылып, орман орналастырудың ұсыныстарынан ауытқу себептері анықталады.

8. Тұқымбақтар мен орман тұқым учаскелерін
жасау шараларының орындалуы

      28. Орман орналастыру жобасы ұсыныстарының (тұрақты және уақытша орман тұқым учаскелерін ұйымдастыру, тұқым жинау кезінде оларды қолдану дәрежесі, селекциялық тұқым шаруашылықтары мәселелері және тұқым мен отырғызу материалдарына деген өз қажеттілігінің қанағаттану дәрежесі, тұқым сапасы, тұқымбақтағы жұмыстың технологиясы мен көлемдері) орындалуы талданады.



9. Өртке қарсы шаралар

      29. Жобаланған өртке қарсы шара көлемдерінің (орман иеленушісінің есептік мәліметтері) жұмыс түрі бойынша орындалуы талданады (15 кесте); орман өртімен күресу шаралары: орман заңдарын бұзушылық пен орман өрті есебінің жағдайы; орман өрті ауданын анықтау дәлдігі: орман өртіне кінәлі адамдарды анықтау дәрежесі және істердің соттардан өтуін бақылау; орман өртінің шығуы мен таралу себептеріне қызметтік тексеру жүргізу; орман өрт қызметінің жұмысы; бақылау пункттерінің бар болуы; радиобайланыс құралдардың бар болуы мен жұмысы; орман өртінің нәтижесінде болған өзгерістердің таксациялық сипаттамасы; планшеттерге және есеп құжаттарына енгізу; орман өртін тіркеу құжатының толтырылуы.



10. Жанама пайдалану
Сүрек емес ресурстарды қолдану және өндіру

      30. Қосымша пайдалану шаралары бойынша орындалған шаралардың көлемі мен сапасы қаралады. Оның ішіне шабындықтар мен жайылымдардың өнімділігін арттыруға бағытталған шаралар мен оларды пайдалану көлемі де кіреді және ауыл шаруашылық өндірісінің көлемі мен түрлері талданады.



11. Орман шаруашылық объектілерін салу көлемі,
техника мен механизмдер және көлік құралдарын алу

      31. Тексеру кезеңіне жобаланған тұрғын және өндіріс ғимараттарын салу көлемі талданады (16 кесте), олардың орындалмау себептері анықталады.



12. Басқаруды ұйымдастыру және басқа мәселелер

      32. Орманшылықтарды, мастерлік учаскелер мен айналымдарды ұйымдастыру, орман мекемесі аппаратының және орманшылықтардың мамандармен толықтырылуы туралы орман орналастырудың ұсыныстарының орындалуы талданады.


      Орман қорында болған ағымдағы өзгерістерді орман орналастыру материалдарына дер кезінде енгізу мен оның толықтығы (17 кесте) және есеп құжаттарын (орман екпелерінің, күту кесулерінің тағы басқа кітаптарына) жүргізу сапасы анықталады.

13. Авторлық қадағалаумен анықталған орман
шаруашылығын жүргізудегі кемшіліктерді
жою бойынша ұсыныстар мен қорытындылар

      33. Қорытындыда (орман иесі жіберген) орман орналастыру жобасынан негізгі ауытқулардың (соның ішінде негізсіз) тізімі келтіріледі. Орындалған жұмыстардың сапасы туралы жалпы қорытынды жасалады, орман орналастырудың кемшілігі көрсетіледі және орман орналастыру жобасына қажетті түзетулерді енгізу туралы ұсыныстар келтіріледі.



1 кесте

Авторлық қадағалаудағы аралап тексеру көлемі



Орман шаруашылық көлемі

Орман иеленушісінің 20__ жылдан
20__ жылға дейінгі кезеңдегі атқарған жұмыстарының жалпы көлемі, ауданы, га

Орманшылықтар саны

Авторлық қадағалау кезіндегі аралап тексеру көлемі

барлығы

с. і. авторлық қадағалау кезінде тексерілгені

ауданы, га

жалпы көлемі  нен, пайызы

тексерілген учаскелердің саны

1

2

3

4

5

6

7

8

1.

Басты пайдалану кесулері



















2.

Аралық пайдалану



















1)

Орманды күтіп баптау кесулері, барлығы
соның ішінде:
жарықтандыру
тазарту
сирету
өтпелі кесулер



















2)

таңдамалы
санитарлық



















3)

қайта құруға байланысты кесулер



















4)

жекелеген ағаштарды кесу



















4.

Басқа да кесулер:



















1)

жаппай санитарлық кесулер



















2)

соқпақтар мен өртке қарсы үзілімдерді шабу, тазарту



















3)

ормандарды қураған (құлаған) ағаштардан тазарту



















4)

басқа мақсаттарға кесу



















4.

Орманды ұдайы өндіру:
орман екпелері
қайта құру
табиғи жаңару-
ға жәрдемдесу
барлығы, с. і.:
өскіннің сақталуымен



















5.

Орман екпелерін орманмен қамтылған жерлерге ауыстыру т. б.басқа да көрсеткіштері бойынша осылай



















2 кесте

Басты пайдаланудағы кесулер көлемін орындау

Басым тұқым

2-ші орман орналастыру кеңесінде қабылданған есепті кеспеағаш

Қолданыстағы есепті кеспеағаш (қаралатын кезеңдегінің орташасы)

Нақты кесілгені (орташа жылдық)

Қоры бойынша қолданыстағы кеспеағашты пайдалану пайызы

Өтімді сүректі босатудың орташа жылдық жоспары мың м3

ауданы, га

қоры мың м3 (өтімдісі)

кәделік пайызы

ауданы, га

қоры мың м3 (өтімдісі)

кәделік пайызы

ауданы, га

қоры мың м3 (өтімдісі)

кәделік пайызы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12





































3 кесте

Ағаш кесу ережелері мен сүректі түбірден босату ережелерін бұзу

Өтімдінің қоры





Заң бұзушылық түрі

Өлшем бірлігі

Авторлық қадағалау кезіндегі аралап тексеру мәліметтері бойынша

Жалпы көлемнен пайызы

1

2

3

4

5

1.

Талданатын кезеңдегі нақты кесу ауданы:













ауданы

га










қоры

мың м3







2.

Анықталған заң бұзушылықтар:













1) ведомостарға сәйкес емес кесулер













2) кесу жұмыстары жүргізілген алқаағаштар:













пісіп келе жатқан

га










орта жастағылар

га










3) өскіні сақталмаған

га










4) кесу әдістері сақталмаған

га










5) кеспеағашты сапасыз тазалау

га










6) кесілген сүрекдің жоғалуы:













кеспеағаштарда

мың м3










жоғары қоймаларда, тасымалдау кезінде

мың м3












7) шала кесілгендер

мың м3










8) сүректі үнемсіз кесу

мың м3







4 кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет