Қазақстанда креативтік экономиканы дамытудағы кәсіпорындарда инновациялардың жүзеге асырылмау проблемалары



бет6/11
Дата03.01.2022
өлшемі69.51 Kb.
#450897
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Қазақстанда креативтік экономиканы дамыту

Креативті экономика негіздері. Креативті экономика соңғы кезде ғылыми ортада жиі талқыланатын мәселе болуда. Креативті экономиканың мәнін түсіну үшін, оның анықтамаларын қарастырамыз. Джон Хокинс осы салаға жарнама, сәулет, өнер, қолөнер, дизайн, сән, кино, музыка, радио және теледидар, ғылыми зерттеулер, баспа ісі, бағдарламалық жасақтама, презентация, фотография, ойын өндірісі, яғни өнімді жасау үшін зияткерлік жұмыс қажет болатын салалар кіргізді. [2] Абрамов Е.Г., Мельников О.Н. «креативті экономика - адамның білімі, дағдылары мен дағдыларына негізделген интеллект (ақыл) экономикасы» деп анықтама берген.[3] Новикова С.К. берген анықтамада «Бұл еңбек және капитал сияқты өндірістің негізгі факторларының интеллектуалдық компонентінің үстемдігіне негізделген постиндустриалды елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі кездегі ең прогрессивті нысаны» [4] Біріккен ұлттар ұйымы (БҰҰ) пікірі бойынша, креативті индустрия саласына архитектура, жарнама, өнер, мода, кино, дизайн, қолөнер, бағдарламалық қамтамасыз ету, теле-радио жатады. [5]

Сурет 1 – Креативті экономиканың негізгі белгілері



Креативті экономиканың негізгі белгілері болып мыналарды қарастыруға болады (Сурет 1):

Экономиканың төртінші секторы болып креативті индустриясы танылады. Ол интелектуалды қызметке негізделген мәдениет, өнер, бизнес және технологиялар салаларын қамтиды.(Кесте 2)
Кесте 1 – Экономика секторларындағы креативтік сала орны





Экономика секторы

Салалар

1

Бірінші сектор

шикізат өндіру, ауыл шаруашылығы, тау-кен, балық және орман шаруашылығы.

2

Екінші сектор

өнеркәсіптік өндіріс және құрылыс

3

Үшінші сектор

қызмет көрсету, көлік, байланыс және коммуникация, сауда, туризм, денсаулық сақтау салалары

4

Төртінші сектор (креативті индустрия)

жарнама, маркетинг, сәулет, қолөнер, дизайн, кино, бейне және фото өнері, теледидар мен радио, IT және компьютерлік қызметтер, баспа, мұражайлар мен галереялар, музыка, атқарушы және бейнелеу өнері.

Ескерту:Авторлармен құрастырылған
Сонымен, креативтік экономика жаңа білім, түбегейлі сапалы жаңа шешімдер негізінде әлеуметтік-экономикалық мәселелерді тиімді шешуді қамтамасыз ететін стандартты емес, дәстүрлі емес, көшірілмейтін идеяларға, тұжырымдамаларға, стратегияларға, іс-шараларға негізделген өндіріс, бөлу, алмасу және тұтыну туралы туындайтын нақты әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жиынтығы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет