«Қазіргі мектептердегі тіл білімі және фонетика»пәні бойынша дәрістер


Дауыссыз дыбыстардың жасалуы. Дауыссыздардың топтастырылуына бағалау сұрақтары



бет32/42
Дата07.09.2022
өлшемі152.34 Kb.
#460413
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42
ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ ФОНЕТИКА.дәрістер

2.Дауыссыз дыбыстардың жасалуы. Дауыссыздардың топтастырылуына бағалау сұрақтары.
1. Бірыңғай үнді дауыссыз дыбысты сөзді табыңыз.
1. мереке
2. білімді
3. дауылпаз
4. раќымды
5. өнерлі
2. Бірыңғай ұяң дауыссыз дыбысты сөз
1. замандас
2. бұғаз
3. балға
4. балмұздақ
5. жұлдыз
3. Тіл алды дауыссыздары
1. п,б,м,у
2. қ,ғ.ң,х
3. н,л.ч
4. р,ш,ж,й
5. т,д,с,з
4. Қос ерін (билабиаль) дауыссыздар
1. р,ш,ж,й
2. қ,ғ,ң,х
3. п,б,м,у
4. т,д,с,з
5. к,г,н,л
5. Шұғыл дауыссыздар
1. ф,в,,с
2. ш,з,ж
3. л,й,у
4. п,в,х
5. т,д,к
6. Бірыңғай қатаң дауыссыз дыбысты сөз
1. көріпкел
2. тиянақты
3. шапқыншылық
4. қорытынды
5. тасбақа

12 тақырып: Буын, оның түрлері. Тасымал.




Жоспары:
1. Буынның түрлері.
2. Буынның дыбыстық құрамы
3. Тасымал
4. Тасымалдың жасалу жолдары.

Сөздер айтылуы жағынан ең кішкене бөлшектер – буындарға ажырайды.Сөздерді, буындарды жеке фонемаларға жіктеу лингвистикалық талдаудың нәтижесі деп қарау керек. Буын тікелей дауысты дыбыстарға байланысты. Сөздің құрамындағы дауыстыларды айтқанда ауа еркін шығады да, дауыссыздарды айтқанда кедергіге ұшырайды. Сонда буын өкпеден келе жатқан ауамен (леппен) тікелей байланысты болады.


Буын – осы ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке (дауысты) дыбыс, не дыбыстар (дауысты, дауыссыз) тобы. Қазақ тілінде буынның маңызы ерекше.
Буынға тән сипаттар:

    1. Буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болуға тиіс және оның саны біреуден артық болмауға тиіс. Сонда сөздің құрамында қанша дауысты фонема болса, сонша буын болады деген сөз. Балаларға дегенде, дұрысы, бір-ақ дауысты фонема (а) бар. Алайды бұл сөз төрт буыннан (ба-ла-лар-ға) тұрады.Бір фонема бірнеше буынның құрамында қайталанып келе береді.



    2. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет