Қазіргі заманғы емдеу- тасымалдау шаралары (етш) туралы түсінік және олардың мәнін анықтау. Етш ұйымдастыру түрлерінің дамуы жөнінде қысқаша мәлімет


Жаралылар мен науқастардың өміріне қауіп төнбеген жағдайда жүргізілетін шаралар



бет6/9
Дата15.02.2024
өлшемі128 Kb.
#491937
1   2   3   4   5   6   7   8   9
отмс лекц.4каз.

Жаралылар мен науқастардың өміріне қауіп төнбеген жағдайда жүргізілетін шаралар:

  • Таңғыштарды түзету және көліктік иммобилизацияны жақсарту;

  • Новокаиндық қоршау жүргізу және орта ауырлықты зақымдануда жансыздандырғыш заттар енгізу;

  • Күшті уландырғыш заттармен зақымданған жараны дегазациялау;

  • Антибиотиктер салу және ашық жарақаттар мен күйіктерде сіреспеге қарсы жүргізілетін шаралар;

  • Дезинтоксикациялық терапия жүргізу және радиациялық және химиялық зақымдану жағдайында антибиотиктер қолдану;

  • Жара радиоактивті заттармен ластанғанда таңғышты ауыстыру;

  • Симптоматикалық дәрілік заттар тағайындау.



Алғашқы дәрігерлік көмек толық көлемде екі топтың шараларын жүргізеді, ал қысқартылған көлемде –тек бірінші топ шаралары атқарылады.


Білікті медициналық көмек
Мақсаты –жаралылар мен науқастар өміріне қауіп төндіретін жарақат, зақымдану және ауру зардаптарын жою, асқынулардың дамуының алдын-алу және қосымша тасымалдауға дайындау.
Ол хирургиялық және терапиялық деп екіге бөлінеді, олардың әрқайсысы өз кезегінде екі топқа бөлінеді:

  • Жедел –жаралылар мен науқастар өміріне тікелей қауіп төндіретін жарақаттар мен науқастар зардаптары бойынша;

  • өткізілетін шараларды ауқытша тоқтату мәжбүрлігі –жаралылар мен науқастардың қауіпті асқынуларының алдын алу, олардың тез емделіп шығуына және қатарға оралуына қолайлы жағдай жасау.

Білікті хирургиялық көмек:
А) жедел шаралар:
- асфиксияны жою және қалыпты тыныс алдыруды қалпына келтіру;

  • сыртқы және ішкі қан кетуді біржолата тоқтату;

  • жедел қан кету, шок, жарақатты токсикоздық кешенді терапиясы;

  • тыныс алу мен қан айналудың бұзылыстарына әкеліп соғатын кеуденің терең циркулярлы күйіктері жағдайындағы некротомия;

  • анаэробты инфекцияны емдеу;

  • окклюзионды таңғышпен герметизацияланбайтын кең көлемдегі ашық пневмоторакс кезінде, жүрек жарақаты, сыртқы клапанды пневмоторакс жағдайындағы жарақаттарды хирургиялық тазалау және тігу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет