2.11.2. Конфуций ілімі
Кӛне
Қытай
философиясындағы
негізі
мектептер
Конфуцийшілдік – адамды әлеуметтік ӛмірдің ӛзекті мәселесі деп
қарастыратын
ежелгі
философиялық
мектеп.
Конфуций (Кун-Фу-Цзы) – б.д.д. 551-479 жылдары ӛмір сүрген. Оның негізгі
шығармасы – «Лун Юй» – «Сұхбаттар мен пікірлер», ол 6 кітаптан тұрады.
Ескіні елеп, жаңаға жақындау – Қытайдың кӛне дәстүрі. Ескіні дәріптеу
Конфуций дәуірінде ӛзіндік мақсатқа айналады. Конфуций ілімінің
түптамыры
адам
және
қоғам
мәселесіне
тіреледі.
Адам табиғаты Конфуций философиясында басты мәселелердің қатарына
жатады. «Аспан адамға нені сыйласа, ол адамның табиғатын құрайды».
Табиғат – адамның алғашқы қасиеті. Адам ӛмірге немен келсе, сол бастама
оның табиғатын құрайды. Бірақ адамның табиғатын тек табиғатпен
салыстыру шеңберінде анықталмайды. Адам мәні – табиғилықтан тыс,
әлеуметтік-мәдени жетістік. «Адамның бәрі де байлық пен беделге
ұмтылады. Адамның бәрі де кедейлік пен жамандықты жек кӛреді», дейді
ұлы Ұстаз. Екі қасиет те адамның табиғатына тән ерекшелік. Адамға үнемі
тыныштық бермейтін тӛрт ұмтылысты Конфуций тізіп ӛтеді. Олар – жасын
ұзартпақ, даңққа ұмтылған, қоғамда орнын таппақ, байлыққа деген ұмтылыс.
Осы атақты нәрсеге жеткендер, рухтан тартынады, күштен сескенеді,
адамнан қорқады, жазадан қауіптенеді. Бәрінен жоғары тұрған қасиет –
«адамды сүйе білушілік» (жэнь). Ұлы Ұстаз адамды сүйе білудің жолы мен
жӛнін (дао) талдайды. Дао Конфуций үшін адамды шынайы жолға салатын,
адамға оң ықпал ете отырып, оны басқаруға кажетті бүкіл идеялардың, амал-
әрекет пен қағидалардың жиынтығы. Адамның табиғатын үш тұрғыдан
саралайды: қайырымды ер (цзюнь-цзы), шағын адам (сяо-жэнь),
адамсүйгіштік (жэнь). Адамсүйгіштіктің мәні – ӛз олқылығын жеңіп, сӛзі мен
іс-әрекетінде дұрыс жолға түсуде. Даоның осы идеясы «вэнь» термині
арқылы жеткізіледі. Түптеп келгенде «вэнь» – сӛз бен білімділік арқылы
жеткізуге болатын рухани мәдениет. «Вэньге» ниет қойған адам күнделікті
ӛмірде кӛптеген қиыншылыққа ұшырайды. Асылы, ақылды жандарға жалған
мен жаман ортада тіршілік жасау жеңіл болмайды. Конфуций ұлы ұстаз болу
үшін мына қасиеттерді игеру шарт дейді: 1) ӛзінше ұстаздыққа жету; 2)
ұстаздыққа ылайық биязы болу; 3) ұстаздыққа іштей бейімділігі; 4)
адамдармен тіл табыса білуі; 5) ӛз ӛсиетіне берік болуы; 6) ӛз уәжінде тұруы;
7) ұстаздың даралығы; 8) ұстаздың еркін тәуелсіздігі; 9) жұмыстағы мінез-
құлықтың ұстамдылығы; 10) ұстаз ниетінің адалдығы; 11) ұстаз жанының
мейірімділігі; 12) ұстаздың ақылдыны айқындап, таланттыны қолдай білуі;
13) жолдасқа деген сенімділігі; 14) ұстаздық талапты орындауы; 15) ұстаздың
қарым-қатынастағы тартымдылығы; 16) ұстаздың құрметтеуі және
тӛзімділігі.
Мұғалім: «адамшылдық жалған сӛз және ӛтірік күлкі мен сирек
үйлеседі», – дейді. Мұғалім: «Мен жоғары даналықпен адамшылыққа иемін
деп айта аламын ба? Бірақ мен оған әрқашан ұмтылудамын, басқаларды да
талмастан соған үйретудемін. Міне мен туралы осылай айтуға болады ғой!-
деп сұрақпен қарайтын». «Ӛзін жеңген адам, ешқашан жеңілмейді!», – дейтін
мұғалім. Ұстаз айтты: «Байыппен сӛйлеу және жылы жүз адамгершілік
қасиетпен үйлесімін таба бермейді».
Конфуция немересінің оқушысы, оның ӛзін кесуші Мэн-цзы жеке
тұлғаның ӛзін-ӛзі жетілдіру негізінде «Басқарудың 12 ұстанымын»
құрастырды:
1)
рақымшылық негізінде басқару (асыл адам міндетті түсінеді,
нашар пайдасын ойлайды);
2)
халық үшін дүниені анықтау (дүниесіз адам болмауы үшін
қамқор жасау);
3)
ақылдыны сыйлау және қабілеттіні пайдалану;
4)
салық пен беретін тӛлемді тӛмендету;
5)
халықты жұмысынан бӛлмей пайдалану;
6)
халықтың жүрегін жаулау; халық не қалайды, соны жинау және
оған беру, халық жақсы кӛрмеген затты жүзеге асырмау;
7)
халықты бағалау (басшылар жай халыққа қарағанда анағұрлым
тӛмен тұрады);
8)
сыйлыларды сыйлау;
9)
адамның табиғатын ысырапқа ұшыратпау;
10)
халықты қайырымдылыққа шақыру;
11)
санадан жоғалғанды іздеу (ішкі сезімге сүйенсең асқақтайсың,
қалағаныңды есту және кӛру – ұсақ адам санатына қосыласың);
12)
әділдікті есте сақтау.
Қызыл кӛзді қызғаныш, кӛреалмаушылық – барлық халықта бар
қасірет қой. Елу жасқа жетіп, Лу патшалығында жоғары дәрежелі мемлекет
қызметшісі болып жұмыс істеп жүрген Конфуций қастық-
лаңдар
салдарынан
қызметінен кетіп, он үш жыл бойы Ежелгі Қытайдың Лу патшалығынан
басқа мемлекеттерін аралауға кірісті. Алайда сол кездері билік құрып тұрған
синто, Буддизм діндері Конфуций идеясына қарсы шықты. Ӛз идеясын еш
жерде орнықтыра алмаған ұстаз Кун 484 жылы еліне қайтып келуге мәжбүр
болды. Конфуцийдің ең басты 72 шәкірті болса, солардың 12-сі қандай
жағдайда да қасынан шықпай, даналық ойларымен сусындаған кӛрінеді. Ол
елге оралғаннан кейін де ұстаздықпен айналысып, кӛне даналық кітаптарын
жинап, ӛңдеп, мазмұнын байытыпты. Әрі оларды таратыпты. «Қолда барда
алтынның қадірі жоқ» деген ғой. Қайтыс болып, тұрған үйі ғибадатханаға
айналып, рухына тағзым етушілер бейіт жасайтын орын болысымен-ақ оның
есімі, идеясы басшылыққа алатын ақыл-кеңес бола бастайды. Және де б.д.д.
136 жылы Конфуций ілімі мемлекеттік идеология болған кезде ол «Он мың
ұрпақтың ұстазы» деп жарияланып, 1503 жылы мемлекет оны қасиеттілер,
әулиелер қатарына қосады, 1911 жылы болған ұлттық-буржуазиялық
революциядан кейін ол ресми түрде ардақталады. Ілімдегі теориялар
Конфуций ілімінде қоғам – «қайырымды мырзалар» мен «қауқарсыз
адамдар» болып екіге бӛлінеді, кішілердің үлкендерге құрметі – тәрбиенің ең
басты іргетасы, басқару – түзету деген сӛз. Конфуций ілімі бойынша
қоғамдағы алғашқы топта бес қасиет болуға тиіс. Олар: адамгершілік (жэнь),
парызды ӛтеу (и), әдептілік пен сыпайылық (ли), зейінділік пен білімділік
(чжи), берілгендік (синь). Данышпанның атақты теориясының бірі –
мемлекетті «адамгершілікпен басқару». Осы орайда ол: «Билеуші – билеуші,
ал бағынышты – бағынышты, әке – әке, ал ұл – ұл болуы керек», – деген.
Және де, ол «Билікке қалай жетуге болады?» деген сұраққа: «Халықтың
сүйіспеншілігіне қол жеткізу», – деп жауап қайтарған. Ежелгі Қытайдың бес
классикалық шығармасын «Шуцзин (Тарих кітабы), «Шицзин» (Әндер мен
гимндер кітабы), «Лицзин» (Рәсімдер туралы жазбалар), «Юэцзин» (Музыка
туралы кітап), «Ицзин» (Ӛзгерістердің канондық кітабы) жинастырып, қайта
әңгімелеп, оларға түсіндірмелер берген де Конфуций. Зерттеушілердің
пайымдауынша, «Кӛктем мен Күздің», «Лу мемлекетінің тарихы кітабына»
түсіндірмелері оның жеке басына тиесілі. Ең бастысы, «Конфуций ілімінің
ӛзіндік сипаты антропоцентризммен, яғни, адамды ғаламдық ғимараттың
кіндігі және ең жоғары мақсаты деп білетін кӛзқараспен айқындалады.
Конфуцийдің ой-пікірінің негізгі мазмұны табиғат заңдарына сәйкес келетін,
адамдардың бірлесіп ӛмір сүруіндегі парасатты реттілікті, тәртіпті
қамтамасыз етудің аса маңызды шарттары болып табылатын қарапайым да
ғаламат зор 5 ізгілікті ұғындыруға арналған.Конфуцийдің саяси-этикалық
маңызды ұғымы – адамшылық, адамның әділ, ақжүрек болуы (жэнь). Ұлдың
кішіпейіл болуын, ата-ананы, жалпы, үлкен кісілерді сыйлап жүруін
анықтайтын «сяо»тұжырымдамасы да, осы қатарда. Ол «текті ерлерді»
(цзюнь цзы) шешімді түрде «ұсақ пенделерге» (сяо жэнь) қарсы қойып
отырған».
Ең ғажабы, Конфуций ілімі (трактаттар мен канондар) – жасырын
дәстүр, белді әулеттердің «меншігі» болды да. Ол атадан балаға мирас болып
қалдырылып келді. Әулет ақсақалы оны үлкен ұлына аманат ретінде
тапсырып кететін болған. Сонда Конфуций ілімі Жапонияға қалай тараған?
Қытай философтарының еңбектері жапон тіліне қалай аударылды, солай
Конфуций ілімі бұл елге де тараған (ХVI-XVII ғасырлар). Жапондарда
отбасы – мемлекеттің бір бӛлшегі, қоғамдық ұя болып саналатындықтан,
отбасы отағасын («үкімет басы» деп бағаланады) балаларының сыйлап,
құрметтеуі бірінші орынға қойылатындықтан Конфуций ілімі кең қолдау
тапқаны мәлім. Иә, Жапонияда перзенттік құрметтеу (сяо) ӛте жоғары.
Мұнда бала тәрбиесінде, перзенттік парыз бойынша, балалар ата-анасын
құрметтеп қана қоймай, оларды сүюге тиіс, бұл қағиданы орындамау – үлкен
абыройсыздық, ӛлімге пара-пар. Қытай философиясы –ол діннен гӛрі дәстүр
аясында дамығанымен, кейін екі мектеп (бағыт) түрінде пайда болды:
даосизм (дао цзя) және конфуцийшілдік философиясы (жу цзя). Сонан соң
қалыптасқан мектептер: легизм (фа цзя), моизм (мо цзя), атаулар мектебі
(мин цзя), ньян мектебі (иньян цзя), т.б. Конфуций қайтыс болғаннан кейін
оның түсініктерін шәкірттерінің дамытқаны белгілі. Олар Конфуций ілімін
Қытай философиясына ұсынды. Алайда Мо-цзы (б.з.б.5 ғ.) Конфуций
ілімінің негіздерін, соның ішінде әлеуметтік сатылаудың мызғымастығы
жӛніндегі теориясын қатал сынға алды. Чжанцзы да ұстаз Кунның моральдық
ережелеріне қарсы шықты. Дегенмен, буддизмді уағыздаушылардың ӛз
тұжырымдарының дұрыстығын дәлелдеу үшін Лао-цзы Конфуций, Чжау-
цзы-ға жүгінгені ғылыми еңбектерден бізге таныс. 17-18 ғасырлар
философиясы
Конфуций
мен
Мэн-цзының
«киелі
кітаптарына»
түсіндірмелер жазып, Чжу Си мен Чжан Цза немесе Ван Чуань-шань
идеялары тӛңірегінде дамыды, ХІХ ғасырда Қытайда әлеуметтік реформа
мен ағартушылықтың саяси идеологиясы ӛмірге келіп, Қытай Халық
Республикасы құрылысымен Қытай философиясында марксизм ілімі,
диалектикалық және тарихи материализм бірден-бір теориялық негіз ретінде
таралды. Конфуцийшілдік бұл – ежелгі дәуірден бастау алатын
философиялық жүйе. Конфуцийшілдік ғалым – интеллектуалдар ілімі
(мектебі) негізінде пайда болған. Оны бастап берген Конфуций. Ол –
Шығыстағы үш басты діни этикалық (даосизм мен буддизм қатарындағы)
бағыттың Ежелгі Қытайдағы басты идеялық ағымдардың бірі, саяси этикалық
ілім. Оның кӛзқарасын ізбасарлары «Лун ой» («Әңгімелері мен ой-пікірлер»)
кітабында баяндап беріп, насихаттаған. Сонымен қатар, оның адам тағдырын
«аспан» айқындайды, адамдардың «мейірімділерге» және «нашарларға»
бӛлінуі ӛзгеріске түспейді, жасы кіші үлкенге, қызметі тӛмен адам лауазымы
жоғары қызметтегі кісіге кӛзсіз бағынуға тиіс деген теориясын дамытты.
Ғалымдардың айтуынша, Конфуций ілімі: «Бәрінен де бауырмалдық пен
перзенттік парызды ұмытпа, туған-туысқандарға қайырымды бол,
тәубешілдік пен үнемділікті бағала, бойыңдағы ашу мен ызаны басуға үйрен,
білім мен біліктілікті жоғары қой, кӛңіліңе сай келмейтін ілімнің бәрінен
арыл, басқаларды да ағат жолға қадам басудан сақтандыр», – дейді екен. Сол
себепті, ол Жапония тәрізді елдердің салт-санасына тереңдей еніп те кетіпті.
Соған қарамастан, Конфуций ілімі, конфуцийшілдік туралы әртүрлі пікірлер
бар. Біреу насихаттайды, біреу сынайды. Оның кӛрнекті ізбасары болған
Мэн-цзының (б.д.д. 372-289) пайымдауынша, әлеуметтік теңсіздік Құдайдың
құдіретімен. Конфуцийдің екінші бір жақтаушысы Сюнь-цзы жасаған ілім
бойынша, «аспан» – табиғаттың бір бӛлігі. Бірақта, конфуцийшілдіктің
«Құдайдың құдіреті» туралы ілімінің Дун Чжуншудың (б.з.б.2ғ.)
конфуцийшілдіктің ортодоксты доктринасын жасауға негіз болғанын еске
алғанымыз жӛн. Ғылыми деректерге назар аударсақ, Сун әулеті билігі кезінде
(Х-ХІІІ ғғ.) Қытай философия мектебінің Жаңа Конфуцийшілдік бағыты
қалыптасқан. Онтология, натурфилософия, космогонияға кӛбірек кӛңіл бӛлу
– Жаңа Конфуцийшілдік деп аталған бұл ілімнің Ерте Конфуцийшілдіктен
басты айырмашылықтарының бірі. Негізінен, Жаңа Конфуцийшілдік ХХІ
ғасырдың басына дейін Қытай философиясы мен қоғамдық-саяси ойындағы
үстем бағытқа ие болып, Жапония, Корея мен Вьетнамға да зор ықпал етті.
Достарыңызбен бөлісу: |