Қорытынды
Бағдарламаның 11-сынып оқушыларына арналуы осы кезеңдегі жас өспірімдердің жас ерекшелігімен тығыз байланысты. Біріншіден-сензитивті кезең, екіншіден - осы кезеңде балалар «Мен» концепсиясына көп қызығушылықта болады, үшіншіден балалар профильдік пәндерді таңдау қарсаңында тұрғандықтан мәселе өзекті болып есептеледі.
Барлық беріліп отырылған психотехникалардың маңызды элементтері болып ментальдық деңгейде «ойналынғанның» бәрін қағаз бетінде түртіп отыру есептеледі - олар: қандай да бір жазулар, схемалар, модельдер, суреттер, күнделік жүргізу. Осылардың позитивті «оң» болуы, «экологиялы» таза болуы кездесу барысында ережелер арқылы ескеріледі.
Максуель Мольцтың айтуы бойынша позитивті оң мақсатқа ұмтылу - бақытты өмірдің кілті: «Жоғарыда айтылғандай, адам - ылғый да бір мақсатқа ұмтылуда жүретін пенде; Оның іс-әрекеті мақсатқа бағытталса өмірі жайлы, қарапайым болмақ. Бақытты сезіну жайлы, қарапайым өмір сүрудің нышаны. Адам мақсаты айқындала ұмтылыс жасаған кезде өзін неғұрлым бақытты сезінеді»
Жалпы «жасөспірімдердің психологиясы» XX ғасырдың бірінші жартысында өзінің тарихи бастауын күнделік жазбаларын оқудан бастағаны белгілі. Олардың мазмұндарын саралай отырып психологтар оны жүргізудің психотехникалық маңызына көп көңіл бөлмеген. Қиялдың шарықтап дамуына үлкен дамытушы күшті дәл осы ойыңды, қиялыңды, жоспарыңды қағаз бетінде бекіту береді. Сондықтанда бағдарламада осы негізге сүйенген көптеген психотехникаларды пайдалану қаралып отыр (жұмыс дәптерлерін жүргізу, схемалар, модельдер жасау, суреттер салу, күндедік жүргізу) олар оқушылардың белсенділігін арттыруға да әсерін тигізеді.
Бүгінде мамандық таңдау - бала үшін аса маңызды әрі жауапты істердің бірі және психолог, ата-ана тарапынан міндетті түрде көмекті қажет етеді. Ол адамға тән ойлану процесстері, мәдениет және оның құндылықтар контексінде қаралатын, өмірден, әлеуметтік ортадан өз орнын табудағы бүгінгі әрекеті болып саналады.
Егер адам өз-өзін еркін сезініп, өзін өзі тұлға ретінде талдай алатын болса; мақсат қойып оған жету құралдарымен қамти алатын болса; жағдайды саралап оны өз қызығушылығымен салыстыра алса; ақпараттармен жұмыс жасап оны білімге және таңдауына айналдыра алса - бұл өзіне не керек екенін білетін құзіретті тұлғаның қалыптасқанын білдіреді. Ендеше ұсынылып отырған бағдарлама мектеп жұмыс ындағы педагог-психологтарға және сынып жетекшілеріне тұлғаны қалыптастыру барысында өз көмегін тигізеді деген ойдамыз.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию. - Брест, 2010.
Большаков В.Ю. Психотренинг: социодинамика. Упражнения. Игры. Спб., 2010.
Вачков И.В. Основы технологии группового тренинга. Психотехники. - О., 2015.
Деркач А.А., Ситников А.П. Формирование и развитие профессионального мастерства руководящих кадров: социально-психологический тренинг и прикладные психотехнологии. Вып. 1-2. - М., 2013.
Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. - М.: Изд-во «Совершенство», 2010.
Морозов А.В. Социальная психология: учебник /А.В. Морозов. - М.: Академический проект; Трикста, 2015. - 334 с.
Козлов Н.И. Лучшие психологические игры и упражнения. - М., 2007.
Козлов Н.И. Как относиться к себе и людям. - М., 2003.
Мольц М.А. Я-это Я или стать счастливым. - М., 2002.
Ю.Петрусинский В.В. Игры обучение, тренинг, досуг. - М., 2004.
Прутченков А.С. Видеть человека в другом. - М., 2002.
Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг межличностного общения. - М., 2001.
Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. Пер. с нем.- 2-е изд. - М.: Генезис, 2004. - 267с.
Қосымша А
ӨЗ БОЛАШАҒЫМДЫ
БҮГІННЕН
ӨЗІМ
БАСТАЙМЫН
Достарыңызбен бөлісу: |