Мақсаты: Белсенділікті арттыру, шығармашылықты, таңдаған
мамандығына қажетті қасиеттерді дамыту.
Құрал жабдықтар: «күнделік» бастау.
Барысы: 1.Қазіргі жағдайды («Кіммін, қандаймын, не істей аламын, не істей алмаймын, өмірде мен үшін не маңызды?» т.с.с.-тұлға құрылымдарындағы барлық деңгейлерді) айқындап анықтағаннан кейін, бұл жағдайдың идеалды жағдайдан, «керек»тен айырмашылығын түсінген соң, өз таңдауымызды жасауымыз керек. Өз өмірімізді қойған мақсатымызға байланысты құрамыз ба, жоқ «ағыспен» жүре береміз бе? Таңдау жасалып, мақсат қойылғаннан кейін, оны орындау барысына қадамдар белгіленгеннен кейін, оны іске асыруға кірісеміз. Ол әртүрлі міндеттерді шешуден басталады, мысалы: «кикілжің жағдайларды шешіп үйрену» үшін тренингтерге бару, немесе көркем әдебиеттерді оқу, сынып ішіндегі кикілжіңдерді шешуге қатысу т.с.с. Біздің жағдайда бұл бағытта жұмысты іске асыру үшін «күнделік»пен жұмыс бастаймыз.
«Мамандық таңдау барысындағы күнделік»-ті. (Қосымша А) жүргізу арқылы жасөспірімнің белсенділігін арттырып, мамандық түрлері туралы білімін толықтыруға көмек жасай отырып, оған қажетті қасиеттерді дамытуға әсер етеміз.
Тапсырма: күнделіктің бірінші бетінде «өмір жолындағы мақсатым, таңдайтын мамандығым, оған қол жеткізудегі міндеттерім» деген жолдарды толтырамыз. Екінші бетіндегі «болашақ маманның автопортретін» салу немесе жазу тапсырмасын орындау. Үшінші бетіндегі бүгінгі «автопортретті» салу немесе жазу. Төртінші бетте «менің бойымдағы қорларым», бесінші бетте «кедергі жасайтын жағымсыз қасиеттер, алтыншы бетте онымен күресу жолдары, жетінші бетте «таңдаған мамандығымның қосымша түрлері және ішкі ерекшеліктері», оған қажетті қасиеттер. Оларды дамыту жолдары жазылып, ары қарайғы толтыру тренингтердің аяғына дейін оқушының өзіне тапсырылады. Тренинг аяғында күнделік жыйналып портфолиоға салынады.
Сабақты қорытындылап, шығу парағын толтыру
9 САБАҚ
Мақсаты: жасөспірімдерге еңбек адамның, қоғамның құндылықтары екенін сезініп, түсінуге көмектесу;
Кейбір мамандықтардың ерекшеліктерімен спецификалық (өзіндік) сәттерін сезіну.
Құрал жабдықтар: «күнделік».
Барысы:
Күнделікпен жұмысты бақылау. Бағдар беріп алға ұмтылуға түрткі жасау.
Профориентациялық ойын «Басқа планетадан келген қонақтар» (45 минут) немесе Ойын жаттығу «Сыйлық»
Мақсаты: Оқушылардың кейбір мамандықтардың өзіндік ерекшеліктері мен спецификалық ерекшеіктерін түсіне білуіне әсер ету (30-40 минут).
Ойын шеңбер ішінде өткізіледі.
Ережелері: Біздің ортақ бір досымыз бар деп елестетейік (кейінірек кім екенін анықтаймыз). Ол досымыз бізді туған күніне шақыр ады, бармай қоюға болмайды, міндетті түрде бару керек. 30 секундтың ішінде әрқайсымыз қандай сыйлық апаратынымызды ойластырып табуымыз керек. Ол үшін 3- шартты орындау маңызды: 1- сыйлық оның мамандығын білдіре алатындай болу керек (қандай мамандық екенін төменірек анықтаймыз); 2-сыйлықтың бір ерекшелігі болуы шарт (қарапайым емес, көңілді, досымыз сондай ерекше сыйлықтарды жақсы көретін, қалжың түсінетін адам болсын делік); 3- сыйлықтың бағасын қалтамыз көтере алатындай болуы керек.
Топпен жүргізуші досымыздың кім екенін, ер адам ба, әлде әйел адам ба, шамамен неше жаста, және міндетті түрде оның мамандығын анықтап келісеміз.
Әркім өз сыйлығын ойластыру үшін 30 секунд уақыт беріледі.
Сонан кейін кезекпен сыйлықтарымызды атаймыз. Жүргізуші анықтаушы сұрақтар беріп отырады. Мысалы:
Досыңның мамандығына сыйлығыңның қанша қатысы бар?
Сыйлығыңның бағасы қанша? т.с.с
Мұндай сұрақтар қатысып отырғандардың сыйлықты таңдауда жауапкершілігін, белсенділігін арттырады. Өзінің нұсқасын негіздей отырып ойыншы оның мамандығының ерекшеліктерімен салыстыруға мәжбүр бола отырып аталған мамандықтың қызықты элементтерінің ашылуына әсер етеді.
Ойын соңында кімнің сыйлығы қызығырақ болды, сол анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |