БАҒдарламасы қарағанды қ., 2015 бағдарламаның паспорты 4


Жолдар саласын дамытудың SWOT-сараптамасы



бет30/37
Дата14.06.2016
өлшемі6.5 Mb.
#136005
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37
2.1.4.2.1. Жолдар саласын дамытудың SWOT-сараптамасы




Оң әсері

Кері әсері

Ішкі орта

Күшті жақтары:

  1. Жолдардың көп бөлігі қатты жабындымен апталған

  2. "Астана-Алматы" трассасының құрылысы (республикалық маңызы бар жол)

  3. Біліксіз жұмыскерлер үлесінің аздығы

  4. Заманауи техника мен материалдардың қолданылуы




Әлсіз жақтары:

  1. Апат қаупі жоғары аумақатарға дер кезінде назар аудармау және алдын алмау. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге және жолдарды күтіп ұстауға қажетті мамандандырылған жол құрылыс көліктік-пайдаланымдық техниканың ескіруі және жетіспеушілігі

  2. Жолдар саласындағы білікті мамандардың жетіспейтіндігі байқалады

Сыртқы орта

Мүмміндіктер

  1. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру

  2. Жаңа технологияларды дамыту

  3. Астанаға жақындық

Қауіптер

  1. Кәсіпкерлер мен кәсіпорындардың жолдарды пайдалану ережелерін бұзуы (таоннажды, габаритті, тех. сипаттамаларды т.б. асыру )

  2. Шикізаттар мен материалдардың бағалары

  3. Шұғыл континентальді климат

  1. Жұмыс маусымдылығы

  2. Көліктік іс-шаралардың негізгі жабдықтарының жаңартылу коэффицентіне қарағанда өте жоғары деңгейде ескіруі



2.1.4.2.2. Жолдар саласын дамытудағы өзекті мәселелер

- 2010 жылдан бастап жергілікті мақсаттағы автожолдар бойындағы көпірлер мен су таратушы құбырларды зерттеу бойынша жұмыстардың жүргізілмеуіне байланысты автожол көпірлері мен жол өтпелерінің көліктік-пайдаланымдылық жай-күйін зерттеу қажет;

- жөндеу жұмыстарын жүргізу және автожолдарды күтіп ұстауға арналған маманданырылған жол құрылыс, көліктік-пайдаланымдық техникаға қаржы жұмсалымы қажет;

- жолдар саласындағы білікті мамандардың жетіспейтіндігі байқалады:

- автожолдарды көгалданлыру, орман алқабтарының механикалық өңдеу, көшеттерді жаңарту, оларды күту жұмыстары бойынша мониторинг және бақылау жүргізілуі қажет;



- автожолдарды жөндеу және күтіп ұстауға бағытталған қаражаттардың өсу серпінінің жақсы болуына қарамастан, жолдардың мерзімінен бұрын бұзылуының негізгі тежеуші факторы болып табылатын ағымдағы жөндеу жұмыстары мен автожолдарды күтіп ұстауға жұмсалатын қаржының жетіспеушілігі байқалады, ал бұл, өз кезегінде, күрделі жөндеу жұмыстары сияқты одан да көп шығындарға , жол төсемдері мен жасанды қондырғылардың қызмет мерзімінің қысқаруына және мерзімінен бұрын бұзылуына әкелуі мүмкін;
2.1.4.3. Көлік
Қарағанды облысы көлік саласының белсенді дамуымен сипатталады. Ол 2014 жылғы республикалық көлемдегі жолаушылар айналымының үлес салмағы бойынша рейтингінде бірінші орынға шықты.

Кесте 44.

Көлік саласының негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2013ж.

2014ж.

2015 ж. (жоспарлы мәліметтер)

Барлық көлік түрлері бойынша жүк тасымалдары

млн.тонна

676,7

719,2

694,6

Жүк айналымы

млн.ткм

9 664,6

10 056,5

45 805,0

Барлық көлік түрлері бойынша жолаушылар тасымалы

млн.адам

2 299,9

2 428,8

2 333,0

Барлық көлік түрлері бойынша долаушылар айналымы

млн. жолаушы-шақырым

33 806,9

37 029,5

37 570,6

Жүк тасымалы тарифтерінің индексі

%

108,3

104,6




Жолаушылар көлігі қызметтерінің тариф индекстері

%

104,7

119,5




Темір жол

%

111,0

107,8




Автокөлік

%

103,2

125,2




Әуе

%

100,8

105,4




Көліктің басқа да қызметтері

%

103,6

106,9




Мерзім соңындағы жұмыс жасайтын кәсіпорындар саны

ед.

537,0

589,0

621,6

Жұмыс жасайтын халық саны

мың адам

46,7

50,9

47,5

Аймақтағы жүк тасымалының көп бөлігі автокөлітермен жүзеге асады, оның үлесі 95,7%-ды құрайды, және тек қана 4,3% үлесі 2013-2014 жылдар аралығында 28,1%-ға қысқарған темір жолмен жүретін жүк тасымалына тиесілі. Әуе жол көлігіні жүк тасымалдауда 2011 жылға дейін қолданылды.

«Қарағанды-Жезқазған» хабарламасымен екі қосымша коммерциялық пойыздардың енгізілуіне байланысты, 2014 жылдан бастап темір жол көліктер жүйесі жандандырылады. Сонымен қатар, осы жылдың II тоқсанында құрамы 1-, 2-, 3-деңгелі 8 вагоннан тұратын Қарағанды-Астана маршрутымен жаңа жабдықталған жүрдек электропойызы жүйеге қосылды. Оған қоса, жабдықталған жүйрік электропойызы жүріп тұратын, «Қарағанды-Астана» бағытында жаңа қосымша кесте ашылды.

2015 жылдың басында аумақтың маршрутты автобусты жүйесі хабарламалардың барлық түрі бар 390 маршруттардан тұрады, оның іщінде қалалық - 256 мың км., қала маңында жерлер - 45мың км., қалааралық – 78 мың км., халықаралық - 11 мың км.-ге созылады. Алайда, 2013 жылмен салыстырғанда тармақтар 15 маршрутқа қысқарғанымен, маршруттар ұзындығы 921км.-ге өсті. 2014 жылы жүйелі хабарламалы автобус маршруттары 235-тен астам елді мекенді немесе жалпы елді мекендердің 56%-ын қамтыды.

Әуе көлігімен жүзеге асатын жолаушылар тасымалы екі облысішілік АҚ «Авиакомпания «Жез-Эйр» «Қарағанды-Жезқазған» және «Қарағанды-Балқаш» екі авиарейсі бойынша жасалады.

Облыс территорясында су көлігі аймағында 50 бірліктен аса өзендік және 2 200 шағын кемелері тіркелген, оның ішінде өздігінен жүретіндері - 800 және өздігінен жүрмейтіндердері- 400. Балқаш көлінде Республикалық қазыналық «Балқаш су жолдары кәсіпорны» кәсіпорны орналасқан. Кәсіпорынның негізгі мақсаты Балқаш көлі аймағындағы кеме жүретін су жолдарын қауіпсіз жағдайда сақтау үшін жасалатын іс шараларды жүзеге асыру болып табылады.

2020 жылға дейін инфрақұрылымды дамыту, сонымен қатар, ішкі су көліктері сферасындағы кеме қатынасын қауіпсіздендіру мақсатында Балқаш көлінде (кемелердің көп шоғырланған орнында) ұсталған, соның ішінде шағын кемелерді сақтау үшін арнайы тұрақ салу жоспарланп отыр.

2013 жылдан бастап жүк тасымалының ақылы қызметтер бағасы 3,4%-ға айтарлықтай төмендеді. Алайда, 2014 жылы Қарағанды қаласындағы қалаішілік көліктер автобустарындағы бір мәртелік жүру құнынның 50 теңгеден 80 теңгеге өсуіне байланысты, жолаушы көліктерінің қызметтер ақысының индекстері 14,8%-ға күрт өсіп кетті.

Бұл салада негізгі қорлар жаңартуларының тұрақты өсімі байқалады. Аумақтағы негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі бойынша өнеркәсіптен кейін көлік және қойма саласы екінші орныды алады. (2014 ж. 28%).

2013 жылғы инвестициялардың айтарлықтай өсімі өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп көрсеткішті көрсеткен құбырлармен тасымалдау саласына тиесілі. Алайда, салалар бойынша инвестициялар бірдей бөлінбегенін айта кеткен жөн. Мысалы, жалпы инвестициялардың 77,7%-ы құбырмен тасымалдауға, 3,4%-ы темір жолмен тасымалдауға және 18,9%-ы басқа да жолаушылар тасымалдаушы құрлықтағы көліктерге тиесілі. Соның нәтижесінде, құбырлардың тозу деңгейі 4 есеге азайып, 2013 жылы барлық көлік түрлері арасындағы ең төмен көрсеткіш болып табылатын 4,5%-ға жетті. Темір жол көліктерінің тозу деңгейі де 44,9%.-ға дейін азайды. Бірақ, қала маңындағы электропойыздардың вагондар паркінде 90%-ға жетеін жоғары амортизация деңгейі байқалады. Оған қоса, жолаушылар вагондарының жұмысшы паркінің тозу деңгейі 96,4%-ды құрайды. Жартысынан көбі 10 жылдан астам уақыт қолданыста жүрген жолаушылар көлігінің қозғалмалы құрамы паркінің қысқаруы және ескіруі байқалады. Бұндай жағдай, яғни автобустардың тозуы және аз жаңаруы, автобус паркінде де көрініс тапқан.

Әуе жолы көліктеріне соңғы үш жылда мүлде инвестиция салынбағанына қарамастан, Қарағанды қаласының әуежайының болашақта даму потенциалы жоғары болып табылады. Қазіргі уақытта әуежай деңгейі ICАО бірінші категориясы бойынша әуе кемелерінің барлық түріне қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының көлік жүйесі инфрақұрылымын дамыту және интеграциялау мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2020 жылға дейін Қарағанды қаласының әуежайын елдегі 4 хаб-әуежайлардың біріне айналдыру жоспарланып отыр.

Саладағы халықты жұмыспен қамту санының тұрақсыз динамикасы байқалды 2013 жылы, көлік секторында жұмыспен қамтылғандар саны 11,9 % -ға қысқарғанымен, 2014 жылы олардың саны 50,9 мың дейін өсіп, аймақтағы жалпы жұмыспен қамтылғандар үлесінің 7,5 % -ын құрады. Оған қоса, бұл саладағы біліксіз кадрлардың үлесі өте төмен көрсеткішке ие. 2014 жылы үлесі 7,5%-ды құрады.



Жұмыспен қамтылған халық санының өсуі, бұл салада жұмыс істейтін кәсіпорындардың көбеюімен байланыстырылады, 2014 жылы олардың саны 589-ға жетті, оның 90 %-ы (539 компания) шағын кәсіпорындар болып табылады. Саладағы ірі және орта кәсіпорындар саны 25-ке жетеді. 2014 жылы ірі және орта кәсіпорындардың 30%-на көбі шығынға ұшырады. Дегенмен, ірі және орта кәсіпорындардың пайдалылығы Қарағанды облысындағы басқа салалармен салыстырғанда айтарлықтай жоғары болып есептеледі (18%).
2.1.4.3.1. Көлік саласының дамуының SWOT-сараптамасы




Оң әсері

Теріс әсері

Ішкі орта

Күшті жақтары:

  1. Облыс 2014 жылғы республикалық көлемдегі жолаушылар айналымының үлес салмағы бойынша рейтингінде бірінші орынға шықты.

  2. Біліксіз мамандар үлесінің төмен болуы

Әлсіз жақтары:

  1. Сала шағын кәсіпорындар санының көптігіне бағытталған

  2. Автовокзалдар, автобекеттер мен темір жол вокзалдарының бекітілген талаптарға сай болмауы

  3. Такси тұрақтары мен сервистік қызмет көрсету инфрақұрылымының дұрыс дамымауы

  4. Жолаушылар көлігінің моральдық және физикалық тозуы

  5. Саладағы орта және ірі кәсіпорндардың үштен бір бөлігінің шығындылығы

  6. Көліктік іс-шаралардың негізгі жабдықтарының жаңартылу коэффицентіне қарағанда өте жоғары деңгейде ескіруі

  7. Инвестициялардың төмендеуі

Сыртқы орта

Мүмкіндіктер

  1. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру

  2. Астанаға жақындық

  3. Қатты жабындымен апталған жолдар үлесінің жоғары болуы

  4. «Астана-Алматы» трассасының құрылысы (республикалық маңызы бар жол)




Қауіптер

  1. Әлемдегі экономикалық өсімнің бәсеңдеуі және геосаяси тұрақсыздықтың өсуі



2.1.4.3.2. Көлік саласын дамытудағы өзекті мәселелер

- қолданыстағы автовокзалдар мен автобекеттердің бекітілген талаптар мен нормаларға сай болмауы

- елді мекендерді автобус маршруттарымен қамту үлесінің жеткіліксіз деңгеде болуы

- такси тұрақтары мен сервистік қызмет көрсету инфрақұрылымының дұрыс дамымауы;

- халықаралық автотасымалдау қызметтері нарығында отандық тасымалдаушылар үлесінің төмендігі.
2.1.5. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
Тұрғын үй-коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет түрлері жақсы қарқынмен дамып келе жатқанымен, 2014 жылы коммуналды инфрақұрылымның жеткіліктілігімен және қанағаттанушылықтың тиісті деңгейімен қамтамасыз ету үшін әлі де төмен:

  • орталықтандырылған су жүйесіне қол жетімділік деңгейі қалаларда 83,9%-ды, ауылдық жерлерде 53,2%-ды құрайды;

  • қалалық тұрғын үй қорының жалпы ауданы бойынша үлес салмағының 63%-ын ыстық сумен (орташа есеппен республика бойынша 56%), 76,9%-ын орталық жылумен (орташа есеппен республика бойынша 62%), 91,7%-ын кәріз жүйесімен (орташа есеппен республика бойынша 80%), 64,4% -ын газбен (орташа есеппен республика бойынша 88%) қамтамасыз етілгендер құрайды.

  • ауылдық тұрғын үй қорының жалпы ауданы бойынша үлес салмағының 87,7%-ын сумен (орташа есеппен республика бойынша 94%), 37,9%-ын кәріз жүйесімен (орташа есеппен республика бойынша 24%), 7,3%-ын орталық жылумен (орташа есеппен республика бойынша 4%), 87,8% -ын газбен (орташа есеппен республика бойынша 88%), 4,4%-ын ыстық сумен (орташа есеппен республика бойынша 2%) қамтамасыз етілгендер құрайды.

Тұрғын үй-коммуналды шаруашылықтың потенциалына, мақсаты халық үшін баспана қол жетімділігінің артуына әкелетін тұрғын үй құрылысының проблемаларының кшшендік шешімімен қамтамасыз ету болып табылатын "2020 жылға дейін өңірлерді дамыту" мемлекеттік бағдарламасы қолдау көрсетіп отыр.
2.1.5.1. Электрондық және жылу энергетикасы
Қазіргі уақытта Қарағанды облысының жылу-энергетикалық кешені Қазақстандағы ең ірі кешендердің бірі болып есептеледі. Оның құрамына 9 электростанция, 3 ірі электро-желілік компаниялар кіреді.

2012 жылы 13 173 млн. кВт.с. немесе 2011 жылмен салыстырғанда 10%-ға көп өндірілді, 16 264 млн. кВт.с. тұтынылды. 2013 жылы 13 992 млн. кВт.с. немесе 2012 жылмен салыстырғанда 6,2%-ға көп өндірілді, 15 504 млн. кВт.с. тұтынылды, бұл 2012 жылға қарағанда 4,7%-ға аз. 2014 жылы 13 741 млн. кВт.с. немесе 2013 жылға 2%-ға аз өндірілді, 15 435 млн. кВт.с. тұтынылды, бұл 2013 жылға қарағанда 1%-ға аз.

3 жыл ішінде электр қуатты өндіру 4%-ға өсті. Электр қуаты өндірісінің өсімі, облыстағы жылу-энергостанцияларындағы негізгі және қосалқы құрылғыларға жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары нәтижесінде болды. Областағы электр-тұтынудың сараптамасы, электр-тұтынудың өсімі экономиканың дамуымен байланысты екенін көрсетті.

Қалыптасқан энергия тапшылығы ВЛ-220 / 500 кВ «Солтүстік - Оңтүстік» транзиттік бағыттары бойынша жүзеге асқан Қазақстанның БЭЖ-нен келген ағымдар есебінен жабылды.


Кесте 45.

"Электр қуатын, газды және суды өндіру және оларды бөлу" саласынағы маңызды өнім түрлерін өндіру динамикасы.

р/с

Өнім атауы

Өлшем бірлігі

Жылдар

2012

2013

2014

1

Электр қуаты

млн. кВт.с

13 173

13 992

13 700

2

Жылу энергиясы

мың. Гкал.

17 053

14 328

14 399,6

3

Табиғи су

млн. т.м

454,0

450,6

473,1

Аймақтағы энергетикалық секторының басты проблемасы болып жаңғыртуға тартылған инвестициялар деңгейін сақтау, қолданыстағы жылу- энергетикалық жабдықтар мен инженерлік коммуикацияларды қайта құру, және аумақ экономикасының түрлі салаларын одан әрі дамыту үшін ерекше маңызды генерациялық қуаттарды енгізу табылады.

Бұл сала электр қуатының тапшылығы, электр қуатының салыстырмалы түрде жоғары тарифтерді , электр қуатының балама көздерін (күн, жел) пайдаланудың төмен үлесімен сипатталады.

Жылу желілерінің жалпы ұзындығы- 2 801.1 км, ал электр желілірінің - 27 884.4 км болып табылады. Қазандықтардың саны 57 бірлік, белгіленген қуаты 100 Гкал / сағ-қа жетеді.

Жылу желілерінде нормативтік және нормативтен тыс шығымды азайту мақсатында бірқатар алдыңғы қатарлы технологиялық шешімдерді қолданылды:


  • маңызды бағыттардың бірі энергия үнемдейтін іс-шаралар мен технологияларды енгізу болып табылады. Сондықтан Қарағандыда 2012 жылы , М8 жылу магистралін қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2014 жылы , желілердің 4.4 км екі құбыр нұсқасында қайта жаңартылды, барлығы 13,5 км. жөнделді. Қазірдің өзінде қайта құру шамадан тыс жылу шығындарды азайту арқылы , Пришахтинск тұрғындарының көп жылдық жоғары сапалы жылу мәселесін шешуге көмектесті .

  • 2012 жылдан бастап Сарань қаласында (жалпы ұзындығы 31,4 км) және қазандық қуаттылығы 100Гкал. жылу желілерінің құрылысы жүргізіліп жатыр, ал ол, өз кезегінде, 21 жергілікті қазандықты жоюға мүмкіндік берді. Аяқталуы 2015 жылы.

Жылу желілерінің тозу деңгейін азайту үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп Қарағанды қаласының ​​кеңестік пайдаланылмалы аудандарындағы жылу желілерін қалпына келтіру үшін Азия даму банкінінен қаражат тарту жобасы қаралды, ал бұл олардың жағдайының айтарлықтай жақсаруына және сапалы жылумен қамтамасыз ететуіне негіз болады.200,0 млн доллар көлеміндегі мемлекеттік қарыз бойынша жүзеге асыру, несие мерзімі 25 жыл, тозу 27 % -ға қысқарады .

Мемлекет басшысының бұйрығына сәйкес облыста барлық үйге ортақ жылу энергиясын есептеу құралдарын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.2012 жылдан бастап 2014 жылға дейінгі кезеңде,облыста, 4.448 үйдің қажеттілігінде, 3623 көпқабатты тұрғын үй жылу энергиясын есептеу құралдарымен жабдықталды ( 81,5 %), соның ішінде: 2012 жылы – 160 құрал, немесе 3,6%; 2013 жылы – 1456 құрал, немесе 32,7%; 2014 жылы – 3623 құрал, немесе 81,5%.

Оған қоса, тұтынушылар үшін жылу есептегіш құрылғымен немесе жылу есептегіш құрылғысыз жылумен жабдықтау қыметтерінің тарифі РТМБД-де келісу сатысында. Осыған байланысты, тұрғындарға ком. қызметтер үшін төлеу шоты есептегіш құралдардың көрсеткіші бойынша берілмейді.

2012-2014 жылдары кәсіпорындар жаңа қосалқы станциялар салып, оларды жабдықтап, электр жүйелерін қайта жөндеуден өткізіп, жаңарту арқылы бірқатар инвестициялық іс-шараларды жүзеге асырды.

2014 жылы 220/110кВ «Жарық» станциясының 1 кезеңінің құрылысы аяқталды, бұл облыстағы электр жабдықтау ісіне деген сенімді қалыптастырып, электр жабдықтаудың тасымалдаушы желілерінің өткізу қабілетін арттырады.

Бұдан бөлек, «Қарағанды Жарық» ЖШС-нде 2013-2014 жылдар аралығында ұзындығы 18 км болатын 110 кВ «Новый Город – Сантехническая» ауа желісін қайта құру жұмыстары жүргізілді.

Инвестбағдарламаға сәйкес, 2012-2014 жылдар аралығында жалпы құны 3 млрд. 155 млн. теңгені құрайтын 10-6-0,4кВ электр желілерін қайта жөндеу мен техникалық жабдықтау жұмыстары атқарылды.

Сондай-ақ 2014 жылы салынып қойған станциялардың (110 кВ) 4 млрд. 403 млн.теңгені құрайтын қайта құру жұмыстары аяқталды.

«Жезказганская РЭК» АҚ 1367,3 км ауа желілерін және 22 станцияны толықтай жөндеу жұмыстары жүргізілді, 2014 жылы қуаттылығы 220 кВ 5 станция («Барсенгир», «Каражалская», «Жайрем», «Строительная», «Моинты») мен қуаттылығы 110 кВ 3 станция («Центральная», ПС «№ 5», ПС «№ 1») қайта жөнделді.

Одан басқа, «ЖРЭК» АҚ 2013-2014 жылдары Балқаш қаласы, Жаңаарқа, Ұлытау и Шет аудандарында электр тасымалының 117 тірек желілері ауыстырылды.

«Карагандинская РЭК» ЖШС 2012-2014 жылдары «Черниговка-Новокарповка» желілерін көшіру, сондай-ақ «Баршино», «Талдысай», Нұр ауданындағы «Шұбаркөл» станцияларында жаңалау мен қайта жөндеу, Молодежный ауылында трансформаторды ауыстыру, Қарқаралы ауданында ВЛ-0,4 кВ реконструкциясы бойынша жұмыстар атқарылды.

Желілерді жөндеу мен ауыстыру бойынша атқарылған үлкен жұмыстарға қарамастан, олардың ескілігі 60% болып қалып отыр.


2.1.5.2. Сумен қамтамасыз ету және су беру (қалалық және ауылдық мекендерде)
Қарағанды, Жезқазған, Приозерск қалалары және Ақтоғай ауданындағы Сарыағаш ауылында сумен жетістіру ашық қайнарлардан, суды тазалаушы құрылғылар арқылы халыққа жеткізіледі. Басқа қалаларды және ауылды мекендерді сумен қамтамасыз ету жерасты қайнар көздері арқылы жүзеге асырылады.

Облыс бойынша су тазалаушы құрылғылар Қарағанды, Жезқазған, Приозерск қалаларында және Ақтоғай ауданындағы Сарыағаш ауылында орналасқан.

Тазалаушы құрылғылар физикалық жағынан да, моральдық жағынан да шаршаған. Сондықтан суды екінші рет тазалаудан өткізбек түгілі кәріз науаларын тазалай алмайды.

Облыста 18 пайдаланушы ұйымдар мен кәсіорындар жұмыс жасайды, оның екеуі «Қарағанды су» ЖШС және Жезқазған қаласындағы «Жылумен сумен қамтамасыз ететін кәсіпорын» АҚ негізгі су каналы. 2013 жылы Табиғи монополияның субъектісі ретінде 2013-2015 ж. аралығындағы үш жылдық инвестициялық бағдарламалар мен шекті тарифы бекітілген. Бұдан басқа 3 коммуналды мемлекеттік кәсіпорындарда «Балқаш су» КМК, «УЖКР» КМК, «Тазасу» КМК үш жылдық инвестициялық бағдарламалар мен шекті тарифы бекітілген. Тұрғындарға судың бағасын төмендету мақсатында 2012 жылы Қарағанды облысының сумен қамтамасыз ететін кәсіпорындар ( «Казводхоз» РМК бөлімшесі Сатбаев атындағы канал, Жаңаарқа ауданындағы «Тазасу» КМК, «Нұрын ауданындағы Қаратал» КМК) мемелекет бюджетінен ауыз сумен қамту қызметіне субсидия алады.

Жалғыз Қарқаралы ауданында сумен жетістіру және су тарту қызметін көрсететін орталықтандырылған ұйым жоқ.

01.01.2015 жылғы нәтиже бойынша су құбыры жүйесінің жалпы ұзақтығы 7 070,8 км (қалада – 5 442,6км, ауылда-1 628, 3 км), соның ішінде:



  • 2012 жылы– 6 728,3 км (қалады – 5 453,2 км, ауылда– 1 275,1 км);

  • 2013 жылы – 6 616,8 км (қалада – 5 279,4 км, ауылда – 1 337,4 км);

  • 2014 жылы – 6 787 км (қалада – 5 357,8 км, ауылда – 1 429,2 км).

Су құбырының ұзындығы соңғы үш жылда 59 км өскен. Тұрғындардың суды пайдалануының артуынан суды тарату 24% өсті.

Су құбырлары жүйесі қатты тозған. Тозу деңгейі 78%.



  • Қарағанды, Балқаш, Саран, Теміртау, Шахтинск қалалары мен Бұқар Жырау ауданында қиын жағдайда (Тозу деңгейі 78%) байқалады.

  • Жезқазған, Сатбаев қалалары, Абай, Қарқаралы, Осакаров, Ұлытау, мен Шетіс аудандарында жүйенің тозуы 50-75% құрайды.

  • Қаражал, Ақтоғай, Жанаарқалық, Нұрын аудандарында жағдай жақсырақ (тозу 30-40%).

Облыс бойынша су құбырларының тозуының төмендеуі мен ұзандығының артуы сумен қамту жүйесін дамыту жобасының жүзеге асыру аясында сала бойынша мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылды. «Ақ бұлак» 2011-2020 жылдарға» бағдарламасы 4 жыл ішінде 31,8 млрд. теңге бөлініп жұмсалған. Су жетістіру және су тартуға 59 объект пайдалануға берілді. 800 км артық су құбыры 23 км кәріз жүйесі жаңартылып салынды.

Нәтижесінде орталықтандырылған су жүйесімен елді мекендерді қамту (ЕМҚ )17 бірлікке өскен. 170 мыңнан астам тұрғын сапалы сумен қамтылды.



  • 2012 жылы - 25 сумен қамту объектісі, 11 сумен қамту объектісі енгізілді. Жыл қорытындысы бойынша, облыста 29 мыңнан аса тұрғын жеткілікті дәрежеде ауыз сумен қамтамасыз етілді. 230 км салынып жаңартудан өткізілді.

  • 2013 жылы - 27 объект, Жыл қорытындысы бойынша 22 объект пайдалануға берілді. 338 км аса су құбыр жүйесі салынып, жаңартудан өткізілді. Тұрғындардын 90 мыңнан аса адамы қамтылды.

  • 2014 жылы – 21 сумен жетістіру және су тарту объектісі, оның ішінде пайдалануға 9 объект қабылданды, 199,3 км су құбыры мен канализация жүйесі жаңартудан өткізіліп салынды. 23 мыңнан аса адам сапалы сумен қамту қызметіне қол жеткізді.

Нәтижесінде 2015 жылдың басында орталықтандырылған сумен қамтылған 223 ЕМҚ немесе 53% (ҚР- 50,3%) (өткен жылмен салыстырғанда ЕМҚ өсім көрсеткіші 2,4% құрады, қалада 1,4% немесе 85,3% (ҚР- 86%).

01.01.2015 жылы 223 ЕМҚ (249 246 адам.) орталықтандырылған сумен қамтылған, 194 ЕМҚ (40914 адам.) ұңғыма мен құдық суы арқылы, ЕМҚ (565 адам) әкелінген су.

жалпы дара құрылғылармен жабдықтау қалада 66,3%, ауылда 40% құрады.

Су тасымалдау жүйесінің жалпы ұзындығы 2 526,8 км (қалада – 2 290,1 км орташа дәрежеде тозғандар 85%, ауылда– 236,7 км орташа дәрежеде тозғандар– 70% құрады) Су тарату жүйесінің 80% тозығы жеткен.

01.01.2014 жылғы статистикалық мәліметтерге сәйкес облыста 23 канализация тазалайтын құрылыс нысаны бар. Канализация жүйесінің ұзақтығы 48,2 км өсті.

Тазалаушы құрылғылар физикалық жағынан да, моральдық жағынан да тозған. Құрылғылар өткен ғасырдың 70 жылдарында салынған. Бұндай тазалау құралдарында қолданылатын технологиялар мен құрылғылар ескірген, жаңа замандағы табиғатты қорғау талаптарына сай келмейді. Сондықтан ауыстыруды қажет етеді.


2.1.5.3. Газбен жабдықтау
2012 жылдан 2014 жылға дейін Қарағанды облысы тұрғындарын тұрмыстық қажеттілікте газбен жабдықтау газ реттуші қондырғылар ы, тұрмыстық баллондар мен автомобильдерге жанармай құю станциялары, (АЖҚС) 5 аккредиттелген газбен жабдықтаушы мекемелері арқылы жүзеге асырылды.

Орта есеппен облыста газды пайдалану 3,5 мың тоннаны құрайды, оның 2,9 тыс.тонн – баллонды газ (83%), 350 тонна – сыйымды газ (10%) және 250 тонна АЖҚС (7%). Жаңа объектілер мен бар объектілерді кеңейту барысында нашар газды жылытып отын ретінде пайдалану, сондай-ақ автомобиль көліктерінің газға өтуі газды пайдалану көлемін арттырды:



  • 2012 жыл – 24,7 мың тонна;

  • 2013 жыл – 34,9 мың тонна;

  • 2014 жыл – 43,2 мың тонна.

Облыста 780 газ реттеуші қондырғы бар, оның 319 қолданыста, 461 қолданылмайды. Қолданыстағы газ реттеуші қондырғыларға «AlemGaz» ЖШС (302) және «Темір Газ» ЖШС (17) қызметін көрсететді.

Қолданыстағы емес газ реттуші құрылғылар Қарағанды (189), Теміртау (142), Саран (48) және Шахтинск (82) қалаларында бар.

Облыстағы үлкен резервуарлық қондырғылардың моральдық және физикалық тозуына байланысты ұзақ пайдалануына байланысты (ТРҚ) олар техникалық түрде қанағаттанрлықсыз жағдайда қалып отыр. олардығ құралдары бөлшектеліп қалады. Қалқан конструкциясы құты конструкциясы бұзылған. Тұрғын үйдің ауласында орналасқан иесі жоқ ТРҚ адамдар өміріне қауіп туғызып отыр.

2013 жылы қолданыстан шыққан ТРҚ демонтаждау бойынша қалалар мен аудандарда жұмыстар жүргізілген жоқ.

2014 жылы Теміртау қаласында 73 ТРҚ газ бен тоқтан ажырату жұмыстары жүргізілдң олар Саран қ коммуналдық меншігінде ол жұмыстарды ЖШС «AlemGaz» жүргізді барлығы 14 әрекет етпей тұрған ТРҚ демонтаждалды. Шахтинск қаласында әрекет етпей тұрған ТРҚ демонтаждау бойынша оларды коммуналдық меншікке ауыстырудан кейін жүргізіледі, олар 2014 жылы Әділет органына иесі жоқ мүлік ретінде есепке қойылды. Абай қаласында спонсорлық қаржы есебінен 2 ГРУ демонтаждалды, Қарағанды қаласында әрекет етпей тұрған ТРҚ демонтаждау бойынша жқмыстар жүргізілген жоқ.

2015 жылы Қарағанды қ. Аула аумақтарды абаттандыру 9 газбөлу қондырғысы демонтаждалды. Қалған 189 әрекет етпей тұрған газ бөлу қондырғысының 70 қалпына келтіруге жатады, 119 қондырғы демонтаждауға жатады.


2.1.5.4. Қалалар мен елді мекендерді абаттандыру
2.1.5.4.1. Тұрғын үй секторы

2015 жылды 1 қаңтарында Қарағанды облысының тұрғын үй қорында 107 615 тұрғын үй 27,4 млн.шаршы м. аумағын, соның ішінде 8 126 көппәтерлі тұрғын үйлер 15 789,4 тыс.шаршы м. құрады. 66% - қанағаттанарлық жағдайда, бұл 5802 үй (10,4 млн.шаршы м); 34% – жөндеу жұмыстарын қажет етеді, бұл 2324 үй (5,3 млн.шаршы м).



Сүрет 19 – Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңарту-турғын-үй секторы
Қолдануға жаңа үйлер жыл сайын беріледі. Мысалы 2013 жылы 299 054 шаршы метр үй қолданысқа өтті. Бір жыл ішінде тұрғын үй құрылысына 160158,7 млн. теңге инвестиция салынған.

Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың көптеген түрлері қолданылады. Оның 284 – Пәтер иелерінің кооперативі (ПИК) (40 – ЖШС, (соның ішінде сервисті басқару компаниясы), 4274 – тікелей бірлескен басқару (ТББ).

Әділет органдарында 4368 объект кондоминимумы тіркелген, бұл жалпы тұрғын үйдің 54% құрайды.

580 тұрғын 1331 лифтпен жабдықталған, соның ішінде: 952 лифт жұмысқа жарамды (71,5%), 379 жұмысқа жарамсыз (28,5%).

Тұрғын үй құрылысына инвестиция тарту төмендеген, бірақ тұрғын үйлерді қолданысқа өткізуде өсім байқалады. Құрылыс көлемін төмендету тенденциясы болжануда, жұмыстың өзіндік құның көбейту мақсатында.

Тұрғын үй қорын абаттандыру сияқты жақсы тенденция орын алуда. Сумен жетістіру, су тарату, орталықтандырылған ыстық сумен қамту позицияларында да даму байқалады.

Түбегейлі жөндеу жоспарлайтын тұрғындарға тұрғын үй айырбас қорлары жоқ. Тұрғындары бар үйлерген түбегейлі жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкін.
2.1.5.5. Тұрғын үй коммуналды шаруашылығының SWOT-анализі




Оң әсері

Теріс әсері

Ішкі орта

Күшті жақтары:

  1. Жылумен қамтамасыз ететін қондырғылардың жоғары дәрежеде жабдықталуы;

  2. Энерготасымалдаушы кәсіпорындардың инвестициялық бағдарламаларын жүзеге асыру;

  3. Тұрғын үйді абаттандырудың тұрақты оң үдерісі;

  4. Нашар газды пайдаланудың өсуі;

  5. Аумақты абаттандыру нормативті құжаттарды ойластыру

Әлсіз жақтары:

  1. Жылу және электр қуатының тапшылығы;

  2. Нормативті және нормадан жоғары дәрежеде жылуды жоғалту;

  3. Жылу, элекрожүйе және су тарату қондырғыларының тозуының жоғары деңгейі;

  4. Жанар жағар майдың қуат көзі ретінде кәсіпорындарда көп мөлшерде пайдалану, көптеген қазан агрегаттарының төмен ПҚК;

  5. Тұрғын үймен аз мөлшерде қамтамасыз етілуі.

  6. Баллон газдының басымдығы;

  7. Түбегейлі жөндеу жоспарлайтын тұрғындарға тұрғын үй айырбас қорларының жоқтығы;

  8. Аймақты абаттандыруды бақылаудың аздығы. Жоғарыда аталған ережелерге сай келмеген жағдайда айыппұл санкцияларын бекітетін ішкі істер органы мен санитарлық эпидемиологиялық қызметтерінің әлсіз бақылауы;

Сыртқы орта

Мүмкіндіктер

  1. Жаңа технологиялар

  2. Қолжетімді баспана мақсатында тұрғын үй құрылысындағы мәслелелерді комплексті шешетін аймақтарды дамыту 2020 мемлекеттік бағдарламасында Тұрғын үй коммуналды шаруашылық мәселесінің қарастырылуы;




Қауіптер

  1. Әлемдегі және еліміздегі экономиканың, геополитиканың тұрақсыздығы;

  2. Абаттандыруға тұрғындар мен ұйымдардың әлсіз араласуы;

  3. 344 астам адам апатты жағдайдағы үйлерде тұруына байланысты мемлекеттік тұрғынүй қорынан үй алу кезегінде тұр;

  4. Инвестицияның төмендеуі.





2.1.5.6. Тұрғын үй коммуналды шаруашылығының маңызды мәселелері

- барлық салада дерлік еңбек өнімділігі, қызмет көрсету сапасының қолжетімділігі және бағасының төмендеуі байқалады;

- тозығы жеткен коммуналды жүйге айтарлықтай инвестиция қажет:

- нормативті түрде және нормадан жоғары дәрежеде жылуды жоғалту;

- жылу, элекрожүйе және су тарату қондырғыларының тозуының жоғары деңгейі.

-жанар жағармайдың қуат көзі ретінде кәсіпорындарда көп мөлшерде пайдалану, көптеген қазан агрегаттарының төмен ПҚК;

- баллон газын пайдаланудың басымдығы;

- түбегейлі жөндеу жоспарлайтын тұрғындарға тұрғын үй айырбас қорларының жоқтығы;


2.1.6. Экология және жер ресурстары

Адам болмысының табиғи факторын қорғау, жақсарту, жаңғырту, көбейту мамандандырылған қызмет негізінде құрылатын қоғамның қосалқы жүйесі ол – экологиялық ая. Экологиялық аяның басты міндеті – адамдарды, әлеуметтік топтарды табиғи ортаны сақтау және жаңғырту мақсатында біріктіру. Себебі экологиялық ая адамның өмірі мен дамуына керек басты дүние.

Қазақстан қазіргі таңда экологиялық маңызды көрсеткіштер бойынша қиын мәселелерге тап болыды: табиғи ресурстардың және қоршаған ортаның жағдайының нашарлауы сияқты. Қазақсатан Республикасының Президентінің №577 2013 жылғы 30 мамырдағы жарлығында Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» өту концепциясы қарастырылған. Аталған концепция аясында «жасыл экономика» принціпін 2013-2020 жылдары Қарағанды облысында жүзеге асыру шаралары жасап шығарылды.

Қарағанды облысының аумағында көп мөлшерде ластаушы заттар мен қалдықтар шығаратын аса ірі өнеркәсіп тетіктері орналасқан.

Қоршаған ортаны қорғауға жұмасалатын жылдық шығын: 2012 жылы +2,2%, 2013 жылы +12,2%, 2014 жылы - 9,2%.
2.1.6.1. Атмосфералық ауа
Қарағанды облысы өнеркәсіптік аймаққа жатады. Сондықтан экология, соның ішінде таза атмосфералық ауа мәселесі өте өзекті. Тұрақты жағдайда ластаушы көздер шығаратын зиянды заттардың мөлшері жыл санап өсіп келеді.


Сурет 20. Тұрақты жағдайда шығарылатын ластаушы көздерінің динамикасы
12 228 тұрақты ластаушы көздер атмосфераға 603 582,8 тонна зиянды заттар шығарады. Бұл республика аумағында шығарылатын барлық зиянды қалдықтардың 26,7% құрайды ( 2012 жылы – 26,9%). Шығарылатын зиянды заттардың 94,9% өнеркәсіпке тиесілі (2012 жылы – 96,3%, 2013 жылы – 94,7%).

Зиянды заттарды шығарудың жалпы өсімі «АрселорМиттал Теміртау» АҚ өнімінің артуымен байланысты: агломерат 21,3%, кокс 15,7%, шойын 23%, болат 19,2%, прокат 3,2%.

Жезқазған мыс балқыту зауыты өндірісті тоқтатқандығынан 16 мың тонна ластаушы зат ауаға тарамады.

Ластаушы көздерде ұйымдастырылған тазартқыш қондырғыларына жағымсыз тенденцияны да айта кеткені жөн: 26,9% 2012 жылы, 21,3% 2013 жылы және 19,8% 2014 жылы.

Тұрақты түрде қоршаған ортаны, атмосфералық ауаны және климатты қорғауға жұмсалатын шығын 2013 жылы 27,5% азайса, 2013 жылы 15,4% қаржыландыру өскен.

Атмосфералық ауаны қорғау мақсатында шығарылатын улы заттардың стандарттары қарастырылып, оларға көшу шаралары ойластырылуда. Ашық басқару мақсатында заң базасын жетілдіруге қатысты ұсыныстар тасталып, кәсіопорындарға заманауи тазалау техникаларын енгізу жұмыстары жүргізілуде.


2.1.6.2. Су көздері
Қазіргі таңда табиғи ресурстарды рационалды және экологиялық қауіпсіз түрде пайдалану әр мемлекет пен аймақтың ең өзекті мәселелерінің бірі.

Қарағанды облысына Нұра-Сарысу, Балқаш-Алакөл, Есіл, Ертіс және Тобыл-Торғай өзен бассейндері кіреді.

Облыс бойынша жалпы саны 599 су объектісі бар. соның ішінде 107 өзен, 88 көл, 220 гидротехникалық құрылғы, 409 жасанды тоған және гидротехникалық құрлығылары бар бөгет, су көлемі 1 млн м асатын 40 суқоймасы бар.

Қарағанды облысының су ресурстарының ең негізгі көзі - Нұра өзені мен Балқаш көлі. Жер үсті суының сапасы бойынша 4-ші (ластанған) класқа жатады.

Аймақтың басты су қолданушылары тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы мен өнеркәсібі. Негізгі жер үсті суы сапасының сараптамасы негізгі бөлік ластанудың 3-ші классына жататынын көрсеткен (орташа ластанған). Бірақ, Шерубайнұраның суы 6-шы классқа жатады (өте қатты ластанған).

Кесте 46.

Жер беті суларының сапасы


Су көзі

Сипаты

Нұра

Ластану деңгейі жоғары

Қара Кеңгір

Ластану деңгейі жоғары

Шерубайнұра

Ластану көлемі өте төмен

Кеңгірі су қоймасы

Ластану деңгейі орташа

Самарқанд су қоймасы

Ластану деңгейі жоғары

Ертіс Қарағанды каналы

Ластану деңгейі жоғары

Балқаш көлі

Ластану деңгейі жоғары

Адамның шаруашылық және өнеркәсіпте қодануынан қалған қалдық сулары өзендер мен жабық тоғандарға құйылып, сонда зиянды заттардың жиналауына әсер етеді. Жыл сайынғы қалдық судың көбеюі нормативтік-тазартылған судың көлемін азайтуда.



Кесте 47.

Ағын сулардың жағдайы

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2013

2014

2015

(6 ай)


Жалпы ағынды су көлемі

млн. т. м

1 303,52

1 289,5

632,4

Нормативтік тазартылған суды шығару көлемі

млн. т. м

1 303,52

1 289,5

632,4

Су қатынасын жүйелеу, ластанудың алдын алу, судың қоқыс арқылы бітелмеуін қадағалау және жер үсті суын сарқылтып алмау мақсатында бекітілген жобаның басты негіздері бойынша суды шаруашылықта қолданудың тәртібін жүйелейтін су қорғау аумақтары және жолақтары құрылған.

Қалдық судың көлемі «Корпорация Казахмыс» ЖШС Жомарт шахта кенінің таратылатын су шығымын азайтуынан, «АрселорМиталл Темиртау» АҚ және «Қарағанды-Су» ЖШС (құрғақшылық 2014 жыл) өндіріс орындарының қалдық су көлемін азайтудан, «Казхром» АҚ( Тур кенінен нормативті-таза су көлемін қалпына келтіру және «Восточный Камыс» кенінің дренажды суын қалпына келтіру) төмендеген.

2012-2013 жылдары Ботақара бөгетіне және Ботақара көлінің айналасындағы дамбыға жалпы соммасы 246 млн. Теңгеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген және Бұхар-жырау ауданындағы Жаңақала, Жастілек, Тоғызқұдық бөгеттеріне және Қаражал қаласындағы Шалғия су қоймасына күрделі жөндеу жұмыстарының жоба-смета құжаттары дайындалған.

Мұнай мен мұнай өнімдерін теңізге лақтыру жоқ.

2015 жылдың жарты жылдығында жалпы а,ынды сұды төгу алдын ала мәлімет бойынша жыл 632 403,45 мың.м3. (бірінші жартыжылдық 2014ж. - 611 563,27 мың. м3). Ағынды су көлемін арттыру көлемі ептеп артқан (20840,18 мың. м3) ЖШС «Қазақмыс Энерджи» (ГРЭС) ол негізінен электрэнергиясы есебінен болып отыр.

Ластау құралы массасын лақтыру 7,3 мың.тонна және 239,3 мың.тоннаны құрап отыр (бірінші жартыжылдықта 2014 ж. - 232,0 мың тонна).

Ластау құралдарын лақтыру көлемінің артуы өткен жылғы осындай мерзіммен салыстырғанда БТЭО және ГРЭС ЖШС «Қазақмыс Энерджи» байқалып отыр.

Су нысандарына қалдық тастау көлемі: ағынды су - 692 358,47 мың. м3, ластау құралдары - 161,3 мың тонна.

Жер беті суларына ағынды суды лақтыру жұмыстарын 17 су жіберу орнынан 15 кәсіпорын жібереді. Ағынды су көлемі мен оның сапасына су қоймасы мен ағынды су сапасы тәуелді болады.


2.1.6.3. Қалдықтар
Қазақстандағы қалдықтарды басқару облысында қазіргі жағдайды төмендегідей мәселелермен сипаттауға болады:

  1. тарихи өндірістік қалдықтардың мұрасы. Өткен онжылдықта ауыр өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және пайдалы қазбаны өндіргеннен көп көлемді қалдық жиналған. Оның үстіне қалдықтың көп бөлігі улы және радиоактивті.

  2. қалдықты жинаудың, қайта кәдеге жаратудың және өңдеудің инфрақұрылысының дамуының артта қалуы.

  3. өндіріс пен адамның өмірлік істерінен қалатын қалдықтарының жыл сайын артып отыруы.

Қарағанды облысы өте улы қалдықтарды шығаратын өндіріс орнының көптігімен белгілі. Сол себепті, осы жағдайға байланысты қалдықтарды басқару жайлы сұрақ әрдайым маңызды болмақ.

Аймақтың экологиялық проблемасының бірі қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта кәдеге жарату.

Коммуналды қалдықты жинау және шығарумен айналысатын ұйым саны 3 жылда 1-ге өскен, 27 ұйымнан 28-ге. Олар 1283,4 мың тонна қалдықты жинап, шығарған және оның жартысы тұрмыс-шаруашылық қалдықтары. Тұрмыс-шаруашылық қалдықтары көбіне аралас болып келеді және олар қайта кәдеге жаратуға қиын. Себебі: құрамында биологиялық ыдырайтын ылғал тамақ қалдықтары, пластмасса, металл, шыны және т.б. бар.

Көптеген елді мекендерде коммуналды қалдықтарды көмуге арналған арнайы экологиялық және санитарлы-эпидемиологиялық стандартқа сай орын жоқ.

Дәл қазіргі уақытта жобалық қуаты 20,6 млн тоннаны құрайтын қалдықтарлы көмуге арналған 202 полигон жұмыс жасайды. 3 жылда көмілген қалдық көлемі 4,7 млн тоннадан 5,5 млн тоннаға дейін артқан. 202 полигонның 45-інде қоршаған ортаға шығаруға рұқсат бар, ол жалпы полигонның 22 пайызын құрайды. 2014жылы-21 полигон, 2013 жылы-11 полигон, 2012 жылы-9 полигон.

Салыстыру үшін, республика бойынша қалдықты тастауға арналған жалпы орын саны 4525, оның ішінде тек 307 полигоны немесе 7 пайызы(жалпы полигон санынан) ғана санитарлық талапқа сай келеді.

2011-2013 жылдары ҚТҚ-ты(қатты тұрмыстық қалдық) өңдеу мүлдем жүзеге аспады. 2014 жылы ҚТҚ-ты өңдеу облыс бойынша 1,5 пайыз немесе10 мың тоннаны құрады. 9 айда 2015 жылы 8,3 мың тонна қалдық өңделген. Ол пайда болған қалдықтың 1,2 пайызын құрайды. 2014 жылы «Горкомтранс» атты қоқыс-сорттау орны өз жұмысын бастады. Оның жобалық қуаты 120 мың тоннаны құрайды. «ТТК Теміртау» ЖШС-не ҚТҚ-ты бөлектеп жинау жүйесі енгізілуде. Теміртау және Қарағанды қалаларында пластик, шыны және қағазды жинауға арналған 280 контейнер орнатылды.
2.1.6.4. Топырақ және жер ресурстары
Индустриалды даму техногенді бұзылған аумақтардың артуымен, олардың қайта қалпына келуінің азаюымен, антропогенді факторларға төзімділімен қатар жүреді. Табиғи ландшафтқа қатты залалын таукен аумағындағы көмір және экономиканың металл өндірісі салалары әкеледі.

Өндіріс жұмыстары аяқталған, пайдаланылып біткен жер үлесі 2012 жылы жалпы құртылған жерлердің 22 пайызын құрады. Ал, 2013 жылы 21,7 пайыз болды.

Зақымдалған жерлерді қайта өңдеу және оларды халық шаруашылығы айналымына қайтарып беру соңғы жылдары мүлдем тоқтап қалды.

Қарағанды облысының ауылшаруашылық мақсаттағы жерлері 2012 жылы 11 589,6 мың .га (27% аймақтағы жалпы алаңнан), 2013жылы - 12 598,9 мың га (29,4% аймақтың жалпы алаңынан), 2014 жылы – 13 337,3 (31,2% аймақтың жалпы алаңынан). Олардың ішінде негізгі үлесті (шамамен 85%) жайылымдар алып отыр.


2.1.6.5. Жануарлар әлемі және биотүрлілікті сақтау
Жануарлар әлемін сақтап табиғи экожүйені сақтаудың бір бөлігі. Жануарлар түрлерін сақтап қалуға және табиғи комплекстері бар жануарлар түрлерін қолдауға аранлған бағдарламалар өз жұмысын атқаруда.

Жергілікті балықшаруашылық қоры 140 балықшаруашылық су аумағы 51 табиғатты қолдаушыларға бекітілген, 85 су нысаны, 55 су нысандары резервтік қорды құрап отыр.

Аң аулау алаңы 34 млн. га, оның ішінде бекітілген алаң 19 млн. га, резервтік қор алаңы 15 млн. га. Барлығы аң шаруашылығы облыста 135. Оның ішінде 96 бекітілген, 39 резервтегі аң аулау шаруашылығы.
2.1.6.6. Орман
2012 жылғы мәлімет бойынша мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы 200,1 мың га-ды құрады. Оның 91 мың га-ы орман. 2012-2013 жылдары 200847 га болған. 2014 жылы жалпы 200924 га болған, бұл 2012-2013 жылмен салыстырғанда 77 га. артқан, орманмен жабылған аумақ 169 га. құраған.

2012 жылы орман питомнигінде стандартты 564 мың дана ағаш-бұта өсірілген, 2013 жылы 680 мың дана, 2014 жылы 863 мың дана.

Қарағанды облысы аумағында топырақтың ескіру, тұздалу және қатып қалу нәтижесінде 3 мың га. ауданында шегіршін түгелімен солып калған.

2014 жыл бойынша облыста 22 мың бұта мен ағаш егілді. 2014 жылы ағаш отырғызу ауданы 240 га жеткен, жапырақ тұқымды, шегіршін, үйеңкі секілді 600 мың дана ағаш егілген. Орман орналастыру шарасы бойынша 271, 6 мың га жұмыс жүргізілген.

Республикалық орман фонды аумағында өртті болдырмау мақсатында профилактикалық шаралар жүргізілген. 2012 жылы - 4427 км-ге, 2013 жылы - 4709км-ге, 2014 жылы – 4730 км-ге. 2012 және 2014 жылдары жыл сайын 100км-ге.

Өрт шалған орман алқаптары 2013 жылы төмендеп, 17,8 га жетті. Бұл алдағы периодқа қарағанда 3 есе және 2010 жылмен салыстырғанда 10 есе аз.

2013 жылмен салыстырғанда өрт болған орман алаңы көлемі 1,0 га, индикаторлық көрсеткіші 8,3 га. (2013 ж. - 1,5 га, индикаторлық көрсеткіште 8,2 га).

2015 жылдың 1 қаңтарындағы нормаға сәйкес, орман шаруашылығының техника және құралдармен жабдықталуы 85 пайызды құрайды.


2.1.6.7 . Экология мен жер ресурстарының SWOT-сараптамасы




Оң әсері

Теріс әсері

Ішкі орта

Күшті дақтары:

  1. Сұйыталған газды пайдалану;

  2. Өртке қарсы шаралар тиімділігінің артуы (орман өрті);

  3. Қоғамдық экологиялық ұйымның белсенділігініңи жоғары болуы;

  4. Ауылшаруашылық жерлерін агрофирмалардың белсенді түрде қолдануы.




Әлсіз жақтары:

  1. Қоршаған ортаны қорғауға кететін жекелеген баптар шығыныны кеміту;

  2. ҚҚҚ өңдеу бойынша зауыттың болмауы;

  3. Топырақтың рекультивацияның артуы;

  4. Ұйымдастырмаған қоқыстар лақтыру орындары, полигондардың талапқа сәйкес келмеуі;

  5. Ауаны ластау көздерінің басқа да қалдықты кімдер шығарып жатқанын анықтау қиын;

  6. «Дарьял-У» полигоны жағдайы шешіліп бітпей отыр;

  7. Аусалшаурашылықтық жерлерді тиімді пайдаланбау;

  8. Жерөңдеуде білікті мамандардың жетіспеушілігі;

  9. Жер әлеуетін тиімді пайдаланбау.

Сыртқы орта

Мүмкіндіктер

  1. жер көлемі ең үлкен обллыс;

  2. Су ресурстарының көптігі;

  3. «Жасыл экономика» Концепциясын жүзеге асыру;

  4. Шаруашылық ішілік жер өңдеу жобаларын жасау.

Қауіптер

  1. Өндірістік бағыта анық көрінетін аймақ;

  2. Суаруға пайдаланылатын, сумен қамтамасыз ету, балық шаруашылығындағы кейбір ірі су көздерінің ластануы;

  3. Аймақтағы биоәртүрлілікті қорғау шығындарын кеміту;

  4. Ауаны ластаудан тазартатын стационарлық көздерден тазалау жүргізілетін құрылыстардың;

  5. Пестицид көлемінің артуы (алаң бірілігіне);

  6. Топырақтың тозуы.


2.1.6.8. Экологияның өзекті мәселелері
- ауаны тазартуға арналған стационарлы жабдықталудың төмен деңгейде болуы;

- Балқаш-9 бұрынғы әскери аймақтағы конденсаторларды жою мәселесі;

- қоқыс орындарының ұйымдастырылмауы;

- тұрмыстық қалдықтардың жойылмауы;

- Өндірістік жұмыс аяқталғаннан соң зардап тартқан жердің қайта өңделмеуі, «Карагандаликвидшахг» қайта өңдеу құрамына кіре алмай қалуы;

- Қарағанды қаласындағы қалдық суды тазалайтын құрылғының нәтижесі болмауы және Балқаш, Приозерск қалаларында қалдық суды тазалауға арналған құрылғының болмауы.

- облыста тамызып суару жерлерін пайдалану мүмкіндіктері аз дамыған

- ауылшаруашлықы мақсаттағы жерлердің бос жатқан жер көлемінің артуы.


2.1.7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
2013 жылдың 18 қыркүйек айынан бастап ҚР Үкіметі билігі бекіткен №983 заңнамаға сәйкес, облыстағы жергілікті атқарушы орган мемлекеттік қызмет көрсетеді. Қызмет көрсету облыстық, қала және аудан, ауыл деңгейлері бойынша іске асады.

Облыста жергілікті атқарушы орган 163 түрлі мемлекеттік қызметті көрсетеді. (2013 жылы – 127, 2014 жылы - 132).

2014 жылы жергілікті атқарушы орган 4 млн қызмет көрсеткен, өткен жылғы статистикамен салыстырар болсақ, қызмет көрсету 12,6 пайызға артқан. (2013 жылы – 3,9 млн қызмет), жартыжылдық бойынша 2 181 543 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Көрсетілегн қызмет саны халыққа қызмет көрсету орталығы жұмысы арқылы артып отыр. Қарағанды облысының РГП ХҚКО филиалында 31бөлім, 3 өкіл қызмет атқарады.(Дубовка, Ақтас, Жәйрем). Аудандарда секторлар мен өкілдердің болуы мемлекеттік қызметтің қолжетімділігіне өз әсерін тигізеді. Алыс елді мекендерде тұратын адамдар үшін мобильді ХҚКО ұйымдастырылған. Мемлекеттік қызметтің қолжетімділігіне көз жеткізу үшін, оң көзқарас қалыптастыру мақсатында және жан-жаққа тарату мақсатында ХҚКО-да БАҚ-қа қызметтер жайлы жеткізіп отыратын пиар-менеджер жұмыс жасайды. 2014 жылы 436 мақала жазбаша түрде, 231 мақала әр түрлі сайтта, 79 бейнеролик және 35 радио үндеу жасалған.

2014 жылы ХҚКО арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер 2013 жылға қарағанда 40 % артты (74495 қызмет көрсетілген), 2013 жылы – 44717 қызмет, бірінші жартыжылдық бойынша ХҚКО-ға 58356 өтініш түскен.

2013-2014 жылғы сараптаманы қарар болсақ, ең көп денсаулық сақтау және ауылшаруашылығы салалары бойынша көрсетілген: «дәрігер қабылдауына жазылу», «дәрігерді үйге шақыру», «анонимді тексерілу», «ауылшарушылығы жануарларына дәрі егу».

Ең басты назар «Электронды үкімет» және электронды шифрлы қолтаңбаның кең таралуынды.

Көптеген азаматтар мемлекеттік қызметті электронды үкіметтің көмегіне сүйене бастады. Портал арқылы электронды үкіметтің қызметіне 2013 жылы 11 мың адам, 2014 жылы 20 405 , жартыжылдық бойынша 14 553 адам жүгінген.

Электронды формаға көшірілген мемлекеттік қызметтер саны да артты. Мысалы: 2013 жылы ондай қызметтер саны 38 болса, 2014 жылдың соңында – 43, 2015 жылы – 45 болды.

Мемлекеттік қызметті көрсетудің сапасын арттыру және дамыту үшін қатаң қадағалау қойылған.

Мемлекеттік қызметті көрсетудің уақыты жағынан кететін олқылықтар саны да азаюда, 2014жылы 733 қате жіберілсе, 2013 жылы – 151, 2015 жылдың бірінші жартысында – 16. Мемлекеттік қызметтің көрсетілу сапасына қарай келіп түсетін шағымдар да азайған. 2013 жылы- 2 болса, 2014 жылы – 2, 1 жартыжылдықта мүлдем шағым түспеген.

Көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру мақсатында, жыл сайын түсіндіру жұмыстары, мамандардың практикалық көмектері көрсетіліп отырылады.

«Информациялық Қазақстан 2020» бағдарламасы бойынща электронды қызметке кез-келген адам жүгіне алу мақсатында жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, халықтың компьютерлік сауатын ашу мақсатында жұмыс атқарылуда.

2013-2014 жылдары оқудан 49110 адам, 2015 1 жартыжылдығында 3237 адам оқытылған.

Одан бөлек, 2013 жылдан бастап Қарағанды облысының(www.e-krg.gov.kz) электронды қызмет көрсететін Порталында халықты негізгі компьютерлік сауаттылыққа үйрететін(www.e-krg.gov.kz/Services/EducationVideo/) жүйе жұмыс істейді. Жұмыс жасап жатқалы оған 62007 адам жүгінген, 2013 жылы – 24556, 2014 жылы – 28042, 2015 жылдың 6 айында – 9 409 жүгінген.

Одан басқа, мемлекеттік қызмет ережесі туралы семинар-кеңестер, «дөңгелек үстелдер», брифингтер, конференцилар мен басқа да қызмет алушылардың ақпараттылығын артыру бойынша шаралар жүргізілуде. Медиа-жоспарға сәйкес тұрғындардың мәліметтенуі мақсатында арагідік интернет арқылы қызметтерді пайдалану мүмкіндіктері туралы мақалалар басылып тұрады.

Ресми интернет-ресурстарда нормативті-құқықтық акті, куәлік, мемлекеттік қызмет түрлері, олардың көрсетілуі жайлы толық ақпарат жазылған.

3 жыл бойында көрсетілген мемлекеттік қызметтерге көңілі толық толғандық байқалады.Мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға және халықтың көңілінен шығу мақсаты тұр.


2.1.7.1. Мемлекеттік сатып алу бойынша өзектіт мәселелер
- нормативті-құқықтық актілерде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша коллизиясы;

- ақпараттық мемлекеттік мекеменің базалық құзырлы үкіметпен сапасыз интеграциясы. Базалық құзырлы электрондық үкіметке және орталық мемлекеттік ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне облыстық мемлекеттік ақпараттық жүйеге қаржының бөлінбеуі;



- орталық мемлекеттік органдар бастамашылық еткен шаралардың қаржыландыруының кемшілігінен (облыстық мемлекеттік ақпараттық жүйені электрондық үкіметтің базалық компоненттерімен интеграциялау және орталық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесімен интеграциялау; ҚР мемлекеттік органдарында Бірігей көліктік ортаның қызметін қолдау; мемлекеттік органдардың қызметтерін автоматизациялау, оның ішінде мемлекеттік қызметті; жергілікті атқарушы органның ақпараттық жүйесін толықтыру; ақпараттық қауіпсіздік және т.б. талаптарына сәйкес ақпараттық жүйеге аттестациялық зерттеулер жүргізу).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет