БАҒдарламасы қостанай, 2013 жыл мазмұны 1


Өнеркәсіп кәсіпорындарының негізгі капиталына инвестициялар



бет4/21
Дата23.02.2016
өлшемі6.02 Mb.
#4517
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Өнеркәсіп кәсіпорындарының негізгі капиталына инвестициялар

Жылдар

Өнеркәсіпке инвестициялар, барлығы, млрд теңге

оның ішінде

Тау-кен өнеркәсібі

Өңдеу өнеркәсібі

2007 ж

53,5

39,9

10

2008 ж

46,7

32,7

8,6

2009 ж

60,3

34,8

16,7

2010 ж

62,9

47,7

6,5

2011 ж

72,7

50,4

12,1

2012 ж

82,9

52,6

13,3

2013 жылдың қаңтар-маусымында облыста қолданыстағы бағалармен 269,8 млрд. теңгене немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 109,1% өнеркәсіп өнімі өндірілді.

Қазақстан Республикасында өнеркәсіп өнімін өндіру бойынша Қостанай облысы 10 орынды алады (елдің өнеркәсіп құрылымында үлес салмақ – 3,1 %). Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 101% (республика бойынша НКИ – 101,8%, республикада 10 орын).

Облыстың өнеркәсіп құрылымында қаңтар-маусымдағы тау-кен саласының үлесі 54,5%, ағымдағы жылдың есепті кезеңіндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 38,3% құрады, бұл 2012 жылдың тиісті кезеңінен 1,5 пайыздық тармаққа аз.

2013 жылдың 1 жартыжылдығындағы өнеркәсіп құрылымында электр газбен жабдықтау және сумен жабдықтау үлесі 7,2% құрады.



Тау-кен өндірісінің негізін мынандай кәсіпорындар құрайды: «ССКӨБ» АҚ, «Варваринская» АҚ, «Қостанай минералдары» АҚ, «Метал Трэйдинг» ЖСШ («Ориол Минералс» ЖШС), «Өркен» ЖСШ Лисаков филиалы, «Қазақстан алюминийі» АҚ филиалы КБРУ, «Қазақстан алюминийі» АҚ филиалы ТБРУ және басқалар.

Тау-кен өндірісі облыс экономикасының жалпы жағдайын айқындайды және облыстың өнеркәсіп өндірісінің құрылымында маңызды үлесін қамтамасыз етеді – 50% астам, тау-кен өнеркәсібінің өнімдері облыс экспортының басты бабы және валюталық түсімдердің негізгі көзі.

2012 жылы агломерацияланбаған темір кенін өндіру, темір кені концентраттарын, асбест өндіру ұлғайды.

12-кесте



Тау-кен өнеркәсібі өндірісінің серпіні



р/с

Көрсеткіштер

Жылдар

2007

2008

2009

2010

2011

2012

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Өнеркәсіп өнімнің көлемі, млрд. теңге

232,2

340,8

307,9

450,9

564

502,0

2

өткен жылға қарағанда НКИ, %

108,1

97,4

101,6

112,6

100,9

101,7




Өндірістің жалпы көлеміндегі тау-кен өнеркәсібінің үлесі, %

55,4

58,1

49,9

62,1

65,2

53,7

3

Тау-кен өнеркәсібінің өндіру көлемі, млрд. теңге

128,8

197,2

153,9

279,9

368,1

269,7

4

Тау-кен саласының негізгі өнім түрлерін өндіруі:






















- темір кені концентраты, мың тонна

8600,7

8731,9

10303,7

10699,8

10637,1

11188,2




- шекемтастар, мың тонна

8572,0

6951,8

6182,4

8150

7803,2

7360,3




- бокситтер, мың тонна

4962,6

5160,1

5130,0

5310

5495,2

5170,2




- асбест, мың тонна

292,6

230,1

230,0

214,1

223,2

241,2




-құрамында алтын бар кендер, мың тонна

727,3

4719

3944,9

4145,4

4049,4

4018,4




- мыс кендері, мың тонна

-

-

-

-

1508,6

1031,4




- мыс концентраттары, мың тонна

-

-

-

-

38,7

37,6

Қазақстанның тау-кен саласының ірі кәсіпорны – «ССКӨБ» АҚ. «ССКӨБ» АҚ өнімдерінің негізгі тұтынушылары Магнитогор металлургиялық комбинаты, «Миталл Стил Теміртау» АҚ және Қытай кәсіпорындары болып табылады.

Тау-кен өндірісінің дамуы экспорттық бағыттың негізгі саласы ретінде саланың сауда балансында жетекші рөл атқарады.

Қазіргі таңда «ССКӨБ» АҚ-да жоғары сапалы болат түрін өндіру барысында қолданылатын құрамында 90% кем емес темірі бар металл шекемтастарын өндіру жөнінде цех салу – ірі инвестициялық жобасын іске асыру мақсатында жұмыс жүргізілуде.

«Өркен» ЖШС Лисаков филиалы темір кені концентратын өндіру бойынша ірі кәсіпорын. Кәсіпорында «Темір кенін бөліп алу, шығару және байыту» инвестициялық жобасы іске асырылды. Бұл технологияны енгізу фосфор құрамын 0,7%-дан 0,2%-ға төмендетуге жол ашады, темір кені концентратындағы темірдің құрамын 49%-дан 60%-ға арттырады.

«Қазақстан алюминийі» АҚ филиалы Торғай және Краснооктябрь бокситтік кен басқармалары – Павлодар алюминий зауытын шикізатпен қамтамасыз ететін, боксит өндіру бойынша ірі кәсіпорындар болып табылады.

Жітіқара қаласындағы «Қостанай минералдары» АҚ – Қазақстандағы жалғыз асбест комбинаты, оның негізгі қызметінің түрі – хризотил-асбест кендерін өндіру мен байыту және олардың негізінде тауарлық асбест өндіру. Комбинат өнімдері әлемдік асбест нарығымен қатар ТМД елдерінің нарықтарында тұрақты сұранысқа ие.

Облыста алтын, мыс, титан, никель, көмір, қорғасын-цинк кендерінің пайдалы кен орындары барланды.

Сонымен қатар облыс отқа төзімді балшық, құрылыстық тас, құрылыстық құм сияқты металл емес пайдалы қазбаларға да бай.

Облыс өнеркәсіп кәсіпорындары барлығы 90 астам өнім түрлерін өндіреді, үнемі ассортиментті кеңейту, заманауи технологиялар мен жабдықтарды енгізу, жаңа өндірістер ашу және қолданыстағыларын жаңашаландыру бойынша жұмыстарды жүргізеді.

2013 жылдың қаңтар-маусымында тау-кен саласында нақты көлем индексі 100,7% құрады.

Қостанай облысында темір кені концентратының 90%-ы және шекемтастардың, бокситтің және асбесттің 100%-ы жүзеге асырылады.

2013 жылдың қаңтар-маусымында сала кәсіпорындары жалпы 147,1 млрд. теңге сомасына өнімдер өндірді, бұл 2012 жылдың ұқсас кезеңінің деңгейінен 5,8% жоғары (2013 жылдың қаңтар-маусымы - 90,9 млрд. теңге).

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда темір кені концентраттарын өндіру 9,7%-ға, асбест - 0,4%-ға, боксит - 1,9%-ға, шекемтастар - 3,6 %-ға, агломерацияланған темір кенін өндіру - 1,8%-ға ұлғайды.

Облыстың өнеркәсібін дамытудың негізгі мақсаты шикізат бағынан кетіп, өңдеу өнеркәсібі саласының үлесін ұлғайту болып табылады.

Облыстың өңдеу өнеркәсібінің негізін мынадай кіші салалар құрайды: тамақ өнімдерін өндіру, оның ішінде сусындар (52,7%), металлургиялық өнеркәсіп және дайын металл өнімдерін өндіру (13,8 %), басқа металл емес минералды өнімдерді өндіру (4,6 %), машина жасау (16%), жеңіл өнеркәсіп (2,3%), резина және пластмасс бұйымдарын өндіру (2,5%), целлюлоза-қағаз өнеркәсібі және баспа ісі (0,6%), жиһаз жасау (1%).

Облыстың 2009 жылғы жалпы өнеркәсіп әлеуетінің көлемінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 2007 жылы 34,5% құрады, 2012 жылы 39,5%-ға дейін ұлғайды.

Өнімдердің жаңа түрлері – «Доре» ертіндісі, жеңіл автомобильдер, астық жинайтын комбайндар және басқалары өнеркәсіп құрылымына және облыс өндірісінің көлемідеріне айтарлықтай әсер етті.

2007-2012 жылдардағы өңдеу өнеркәсібінде ет және ішек-қарын өндіру 2,9 есе, шұжық өнімдері 1,8 есе, өңделген сүт 2,1 есе, нан 1,5 есе, шоколад және кондитерлік өнімдер 1,2 есе өсті. Доре ертіндісі 3,5 есе, астық жинайтын комбайндар 11%-ға өсті.

2013 жылдың қаңтар-маусымында өңдеу саласының кәсіпорындары қолданыстағы бағамен 103,3 млрд. теңгеге өнімдер өндірді, 2012 жылғы деңгейден 13,6 % артық. Нақты көлем индексі 104,3% құрайды.

2010 жылдан бастап «АгромашХолдинг» АҚ кәсіпорнында жеңіл автомобильдерді жинау жүргізіліп жатыр, 2010 жылы олардың 77 данасы, 2011 жылы – 869 данасы өндірілді, ал 2012 жылы 2664 данаға дейін ұлғайды.

2013 жылдың қаңтар-маусымында 10 немесе одан да көп адамды тасымалдау үшін автомобильдер шығару 11 есе, жеңіл жолаушылар автомобильдері 2,7 есе, Доре ертіндісі – 43,7%-ға, сары май – 34,7%-ға, шоколад, шоколадтан және қанттан жасалған кондитерлік өнімдер – 25,2%-ға, басқа алкоголсіз сусындар – 2,2%-ға, өңделген сұйық сүт және қаймақ – 22,4%-ға, ет және ішек-қарын - 13%-ға, жаңа піскен нан – 4,4%-ға, шұжық – 1%-ға ұлғаяды.

Азық-түлік өнімдерін және сусындар өндіру облыстың өңдеу өнеркәсібі құрылымында айтарлықтай үлес салмақты алады – 58,3% және 2013 жылдың 1 жартыжылдығында 60,2 млрд. теңгені құрайды, бұл 2013 жылдың қаңтар-маусымындағыдан 16,7% артық.

Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемдерін ұлғайтуға өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінде үлесі 17,8% құрайтын машина жасау саласында даму үлкен әсерін тигізіп отыр.

13-кесте



Өңдеу өнеркәсібінің өндіру серпіні

Р/с №

Көрсеткіштер

Жылдар

2007

жыл

2008

жыл

2009

жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

1

Өнеркәсіптік өнімдерінің көлемі, млрд. теңге

236,3

340,8

307,9

450,9

564

502,0

2

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндірістің көлемі, млрд. теңге

81,6

112,7

120,4

131,1

163,6

198,3

3

Өңдеу өнеркәсібінің НКИ, %

117,5

109,0

106,6

103,6

102,5

111,9

4

Жалпы өнеркәсіп көлемінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі, %

34,5

33,1

39,1

29,1

29

39,5




Өнімнің негізгі түрлерін өндіру






















Ет және тамақ ішек-қарын өнімдері, тонна

2733

3088

4337

4779

6895

7984




Шұжық өнімдері, тонна

2059

2439

2678

2761

3142

3681




Тазартылмаған күнбағыс майы, тонна

2

146

988

1774

176

3018




Өңделген сұйық сүт және кілегей, тонна

26393

31062

34924

46063

48414

55925




Сүт және кілегей қатты түрінде, тонна

1606

1390

697

680

897

54




Сары май, тонна

2086

2113

2109

2290

2632

2094




Ірімшік және сүзбе, тонна

2482

1906

2017

2130

1953

2015




Дәнді дақылдардан жасалған ұн, тонна

726860

859469

1023596

927809

911732

1028658




Жаңа піскен нан, тонна

28742

31920

32004

35761

38124

42324




Шоколад және одан жасалған өнімдер, тонна

20690

21533

27085

30212

28355

25257




Макарон және ұн өнімдері, тонна

9754

9921

10929

14165

20958

22292




Минералды су, мың л.

11277,6

7534,6

6614,4

8825,1

8735,2

11350,3




Алкоголсіз сусындар, мың л.

55232,9

51050,6

32235,9

35435,2

39406,8

34359,1




Арақ және азықтық спирт, мың л.

3272,6

2612,8

2468,6

2588,3

2800,7

3439,4




Сыра, мың литр

19089,0

18027,1

24845,0

38179,6

40838

44741,4




Жүн жіп, кардо және таралған, тонна

67

57

60

55

54

56




Сырты теріден жасалған аяқ-киім, мың жұп

337,1

367,3

502,6

399,4

417,6

423




Түсқағаздар, мың шаршы км

17875,5

10293,0

2768,7

-

-

-




Терезе мен есік, мың шаршы км

27,2

43,8

50,1

52,1

24,3

6,8




Пластмассадан жасалған терезелер, есіктер және т.б., тонна

766088

912341

1063751

1241412

1627600

1605317




Этил спирті, мың литр

1244,8

1215,6

1121,5

1147,9

1271,4

1451,5




Доре ертіндісі, тонна

1105

2243

2757

3178

3241

3905




Ауыл шаруашылығына арналған тракторлар, дана

48

204

44

12

6

43




Астық жинайтын комбайндар, дана

492

467

365

299

234

547




Жаткалар, тырмалар, қопсытқыштар және т.б., дана

227

306

168

76

151

170




Жеңіл автомобильдер, дана

-

-

-

77

869

2664




Ауыл шаруышылығына арналған машиналардың бөлшектері, млн. теңге

282,0

426,0

390,0

449,1

427,0

508,0




Ағаштан жасалған жиһаз, ас үй, кеңсеге арналған, мың дана

23,9

43,4

41,2

37,0

52,3

44,6




Тауарлық бетон, мың тонна

305,4

264,8

387,5

414,6

452,8

663,5

Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары 2012 жылы 198,3 млрд. теңгеге өнімдер өндірді, бұл 2011 жылғыдан 21,2%-ға артық және 2009 жылғыдан 64,7%-ға артық. 2012 жылғы өнеркәсіптегі нақты көлем индексі 101,7% құрайды.

Аталған саладағы айтарлықтай өсімді азық-түлік өнімдерін және сусындар өндіретін, металлургиялық өнеркәсіп және машина жасау кәсіпорындары қамтамасыз етеді.

Облыстың өңдеу өнеркәсібі құрылымында азық-түлік өнімдерді өндіру айтарлықтай үлес салмақты 52,8% құрайды.

Азық-түлік саласы кәсіпорындары 2012 жылы 113,4 млрд. теңгеге өнімдер өндірілді, бұл 2011 жылғыдан 15,2% артық және 2009 жылғыдан 42,8%-ға артық.

Тамақ өнімдерін өндірумен 70-тен астам ірі және орта кәсіпорындар айналысады.

Негізгі кәсіпорындар: «Деп» ЖШС, «Милх» ЖШС, «Космис» ЖШС филиалы, «RG Drands Rkazakhstan» ЖШС, «Деп» ЖШС Лисаков филиалы, «Садчиковское» ЖШС, «Лидер 2010» ЖШС (сүт өнімдерін өндіру бойынша), «Ирина и К» ЖШС, «Аян-озат» ЖШС, «Қарасу-ет» ЖШС (ет өнімдерін өңдеу бойынша), «Қостанайский мелькомбинат» АҚ, «Romana-астық» ЖШС, «Саламат» Компаниясы» ЖШС, «Сенат» ЖШС, «Пешковский КХП» ЖШС, «Асалия» ЖШС, «Иволга Холдинг» ЖШС, «МАБ» ЖШС (ұн өндіру бойынша), «Арасан» Фирма ЖШС, «Лидер 2» ЖШС, «Алтын Өмір» ЖШС, «Арасан» ЖШС Рудный филиалы (сусындар өндіру бойынша), «Баян Сұлу» АҚ (кондитерлік өнімдер өндірісі бойынша), «Алтын май» ЖШС, «Перспектива» ЖШС. «Безбабный» ШҚ, «Қаржау» ШҚ, (өсімдік майын өндіру бойынша).

14-кесте




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет