Ббк 65. 053: 30ц с 23 Халықаралық аудит және сапаны бақылау стандарттарының жинағы, 2009 жылғы басылым/ағыл аударма/Алматы қаласы – 804 бет


Тәуекелді Бағалау Рәсімдері мен Байланысты Қызметтер



бет37/65
Дата29.02.2016
өлшемі4.51 Mb.
#31520
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   65

Тәуекелді Бағалау Рәсімдері мен Байланысты Қызметтер (Сілт: Пар. 8)

A12. Бұл АХС 8 параграфына сәйкес тәуекелді бағалау шаралары мен байланысты іс-шаралар аудиторға субъектінің бухгалтерлік бағалаудың сипаты мен түрін күтулерді дамытуға жөрдемдеседі. Аудитор бастапқыда келесі қарастырады: алынған мәлімет бухгалтерлік бағалауға қатысты елеулі бұрмалау тәуекелін анықтау мен бағалауға, сонымен қоса бұдан әрі аудиторлық шаралардың сипатын, мерзімін, деңгейін жоспарлауға жеткілікті болады ма, жоқ па деп санау қажет.



Қолданыстағы Қаржылық Есеп Жүйесі Талаптары Туралы Білім Алу (Сілт: Пар. 8(a))

A13. Қолданыстағы қаржылық есеп жүйесі талаптары туралы білім алу аудиторға келесі анықтауға көмек береді:

•   Бухгалтерлік бағалауды мойындауға336 қатысты белгілі бір жағдайларды немесе өлшеу әдістерін белгілеуі қажет.

•   Әділ құн негізінде өлшеуді белгілейтін белгілі бір жағдайларды қарастырады, мысалы, басшылықтың актив немесе міндеттемеге қатысты әрекеттің белгілі бір бағыттарын орындау мақсатына қатысу арқылы.

•   Талап етілетін немесе рұқсат етілген ашуларды белгілейді.

Сондай-ақ, білім алу аудиторға басшылықпен басшылық бухгалтерлік бағалауға қатысты талаптарды қалай қолданатынын талқылауға негізін қамтамасыз етіп, аудитордың мәлімет тиісті түрде қолданылғанын қарастыруын қамтиды.

A14. Қаржылық есеп жүйесі, басшылыққа балама бар болса, нүктелі бағалауды анықтау бойынша нұсқау ұсынады. Кейбір қаржылық есеп жүйесі мысалы таңдалған нүктелі бағалаудың анағұрлым ықтимал нәтиже бойынша басшылықтың пікірін көрсететін балама болуын талап етеді.337 Басқалар мысалы дисконтталған ықтималдық негізінде анықталған, күтілген құнын пайдалануды талап етеді. Кейбір жағдайда, басшылық нүктелі бағалай алады. Басқа жағдайда, басшылық тек қана баламалы қорытындыларды немесе нәтижелерді қарастырып шығып сенімді әрі нүктелі бағалай алады.

A15. Қаржылық есеп жүйесі бухгалтерлік бағалау әсіресе сезгіш болатын елеулі қорытындылар туралы ақпаратты ашып көрсетуді талап етуі ықтимал. Соған байланысты белгісіздікті бағалау жоғары деңгейі бар болса, кейбір қаржылық есеп жүйелері қаржылық есептіліктегі мойындау қажет бухгалтерлік бағалауға рұқсат етпейді, бірақ белгілі бір ашулар қаржылық есептілікке енгізілген жазуларды талап етеді.



Басшылық бухгалтерлік бағалау қажеттілігін қалай анықтайтыны туралы білім алу (Сілт: Пар. 8(b))

A16. Қаржылық есептілікті дайындау басшылықтан әрекет, жағдай бухгалтерлік бағалау керектігін тудыратынын анықтайды, барлық керекті бухгалтерлік бағалу мойындалған, өлшенген мен қолданыстағы қаржылық есеп жүйесіне сәйкес қаржылық есептілікте ашылғанын қарастыруды талап етеді.

A17. Басшылықтың бухгалтерлік бағалаудың керектігін тудыратын әрекеттерді, жағдайды анықтауы төмендегілерге негізделеді:

• Басшылық субъект бизнесі мен субъект жұмыс істейтін саланы білуі.

• Басшылық ағымдағы кезеңнің бизнес стратегиялар енгізуді білуі.

•  Қажет болса, басшылық алдыңғы кезең бойынша субъектінің қаржылық есептілігін дайындауға кумулятивті тәжірибесіне ие болады.

Мұндай жағдайда, аудитор ең бастысы басшылыққа сұрау жүргізу арқылы бухгалтерлік бағалаудың керектігін қалай анықтайтыны туралы білім алуы мүмкін. Басқа жағдайларға сәйкес, басшылықтың процесі анағұрлым құрылыстық болатын жағдайда, мысалы, басшылықтың формальды тәуекел басшылық функциясы бар болса,аудитор дамыл-дамыл бухгалтерлік бағалауды тудыратын жағдайларды шолу мен керекті секілді бухгалтерлік бағалауды қайта қарастыру мақсатымен басшылық пайдаланған әдіс пен тәжірибе негізінде бағытталған тәуекелді бағалау шараларын орындауы тиіс. Бухгалтерлік бағалау толықтығы әдетте аудитордың маңызды қарастыруы болып табылады, әсіресе, міндеттемеге қатысты бухгалтерлік бағалауды қарастыру болып саналады.

A18. Тәуекелді бағалау шараларын орындау кезінде аудитордың субъект пен оның ортасы туралы білімі, аудит барысында алынған басқа аудиторлық дәлелді қоса, аудиторға бухгалтерлік бағалау керектігін тудыратын жағдайларды, немесе жағдайлардағы өзгерістерді анықтауға көмектеседі.

A19. Жағдайлардағы өзгерістер туралы басшылыққа сұрау жүргізу келесі болуы мүмкін:

•   Субъект бухгалтерлік бағалауды тудыратын әрекеттің жаңа түрлерін қарастырады.

•   Бухгалтерлік бағалауды тудыратын әрекеттердің шарты өзгерді.

•  Бухгалтерлік бағалауға қатысты есеп саясаты қолданыстағы қаржылық есеп жүйесі талаптарындағы өзгерістер нәтижесінде өзгереді.

•  Реттеуші немесе басшылықтың бақылауы сыртында басқа өзгерістер пайда болды; осыған сәйкес басшылық бухгалтерлік бағалауды қайта қарастырады немесе жаңартады.

•   Жаңа немесе қайта қарастырылған бухгалтерлік бағалауды тудыратын жаңа жағдайлар пайда болады.

A20. Аудит барысында аудитор басшылық анықтауға қабілетті болмаған бухгалтерлік бағалау керектігін тудыратын әрекеттерді, жағдайларды анықтайды. 315 АХС сәйкес басшылық анықтауға қабілетті болмаған елеулі бұрмалау тәуекелін анықтаған жағдайларда, сонымен қоса субъект тәуекелді бағалау процесіне қатысты ішкі бақылаудың елеулі кемшіліктерін анықтауға негізгі жағдайларды қарастырады.338

Кішігірім кәсіпорындарды қарастыру

A21. Кішігірім кәсіпорындар үшін бұл білім алу әдетте шамалы күрделі, себебі олырдың іскерлік қызметі әдетте щектелген мен әрекеттері шамалы қиын. Атап айтқанда, әдетте жеке тұлға, мысалы иегер-басқарушы, бухгалтерлік бағалау керектігін анықтайды, ал аудитор сұрау жүргізуді қарастырады.



Басшылық қалай бухгалтерлік баға беретіні туралы білім алады (Сілт: Пар. 8(с))

A22. Қаржылық есептілікті дайындау бойынша сондай-ақ басшылық бухгалтерлік бағалау үшін, сонымен қоса барабар ішкі бақылау үшін қаржылық есеп процесін анықтауы тиіс. Сол сияқты процестер келесі енгізуі тиіс:

• Тиісті есеп саясатын таңдап алу, сонымен қоса бағалау процесін белгілеу, тиісті бағалау немесе тиісті баға беру әдісі, керек болса модел пайдалану.

• Толассыз бухгалтерлік бағалауға әкелетін сәйкесті мәлімет пен қорытындыларды дамыту немесе анықтау.

• Бухгалтерлік бағалауды тудыратын жағдайларды дамыл-дамыл шолу, сондай-ақ керекті болу ретінде бухгалтерлік бағалауды қайта қарастыру.

A23. Аудитор қарастыруы мүмкін, басшылық қалайша бухгалтерлік баға беретіні туралы білімге қатысты мәселелер мынадай болуы мүмкін:

•   Бухгалтерлік бағалауға қатысы бар шоттар немесе әрекеттер түрлері (мысалы, бухгалтерлік бағалау кәдімгі және қайталанатын әрекеттерді құжаттаудан пайда болды ма, жоқ па, немесе олар қайталанбайтын немесе әдеттен тыс әрекеттерден пайда болды ма, жоқ па).

•  Керек болса басшылық белгілі бір бухгалтерлік бағалау үшін мойындалған өлшеу әдістемесін пайдаланды ма, жоқ па.

•  Бухгалтерлік бағалау аралықты уақыттағы қол жетерлік мәліметтерге негізделеді ме, жоқ па, сондай жағдай болса, басшылық анау кезең мен кезеңнің соңы арасында пайда болатын жағдай, әрекеттер мен өзгерістерді есепке алынды ма, жоқ па.

Өлшеу әдісі, сонымен қоса моделді пайдалану (Сілт: Пар. 8(с)(i))

A24. Кейбір жағдайда, қолданыстағы қаржылық есеп жүйесі бухгалтерлік бағалау үшін өлшеу әдісін, мысалы, әділ құн негізінде анықталған бағалауды өлшеуге қолданылатын белгілі бір моделді пайдаланады. Көпшілік жағдайда, алайда, қолданыстағы қаржылық есеп жүйесінің өлшеу әдісін белгілемей, өлшеу баламалы әдістерін белгілей алады.

A25. Қолданыстағы қаржылық есеп жүйесі жағдайларға қолданылуы тиіс белгілі бір әдісті белгілемесе, аудитор бұл әдіс туралы білім алуды қарастыратын мәселелелер немесе керек болса бухгалтерлік бағалауға қолданылуы тиіс модел туралы білім алуды қарастыратын мәселе төмендегілерді қамтуы мүмкін:

•   Белгілі бір әдісті таңдауда асшылық баға берілетін актив немесе міндеттемесі сипатымен қалай қарастырады.

•   Субъект белгілі бір бизнесте, салада немесе бухгалтерлік баға белгілі бір түрін қолданылған ортада жұмыс істей ме, жоқ па.

A26. Басшылық субъектінің ішінде бухгалтерлік бағалауға қолданылған моделді дамытса, немесе белгілі бір сала немесе ортада қолданылған әдістен бас тартса, елеулі кемшілік тәуекелі соғұрлым жоғары болады.

Байланысты бақылау (Сілт: Пар. 8(с)(ii))

A27. Аудитор байланысты бақылау туралы білімі алу кезінде, бухгалтерлік баға беретін тұлғалардың тәжірибесін мен құзыретін, сонымен қоса төмендегі жайларға қатысты бақылау туралы білім алу кезінде қарастыруы мүмкін мәселелер:

•  Басшылық бухгалтерлік баға беруге қолданылатын толықтық, сәйкестік пен дәлме дәлдігін қалай анықтайды.

•   Бухгалтерлік баға берулерді шолу мен растау, сонымен қоса басшылық пен керек болса өкілетті тұлғалардың тиісті деңгейі олардың дамытылуына қолданған қорытындылар мен мәлімет.

•  Бастапқы әрекеттерге жататын субъекті мен бухгалтерлік бағалауға жауапты тұлғалар арасында жауапкершіліктерін бөлу, сондай-ақ жауапкершілікті тағайындау субъект пен оның өнімдері немесе қызметін тиісті түрде есепке алған (мысалы, үлкен қаржылық институт жағадйында, жауапкершіліктерді тиісті түрде бөлу субъект меншікті қаржылық өнімдері бойынша баға құрылуын бағалауға жауапты тәуелсіз қызмет анықтайды; бұл субъектінің қызметкерлері сондай өнімдерге байланыстары жоқ).

A28. Басқа бақылау жағдайларға сәйкес бухгалтерлік баға беруге тән болуы

мүмкін. Мысалы, егер субъект бухгалтерлік баға беруге қатысты белгілі бір модел қолданса, басшылық сондай модел бойынша белгілі бір саясат пен шаралар орнатады. Байланысты бақылау мысалдары:

• Белгілі бір мақсаты үшін белгілі бір моделді әзірлеу мен дамыту.

• Моделді пайдалану.

• Моделдің тұтастығын периодты түрде бағалау мен қолдау.



Басшылықпен сарапшыны пайдалануы (Сілт: Пар. 8(с)(iii))

A29. Басшылықтың бар болуы мүмкін, немесе субъект талап етілгеннүктелі баға беруге қажетті тәжірибесі немесе құзыретіне ие тұлғаларды шақыруы мүмкін. Кейбір жағдайда, алайда, басшылық оларға баға беруге немесе оларға баға беруге көмектесу үшін сарапшы шақырады: • Бағалауды талап ететін мәселе ерекше сипаты, мысалы, тау-кен өндірісіндегі минералды немесе көмірсүтек қорларды өлшеу.

• Қолданыстағы қаржылық есеп жүйесінің сәйкесті талаптарына сәйкес келуі тиіс моделдің техникалық сипаты, мысалы, әділ құн негізінде белгілі бір өлшеу жағдайы орын алады.

• Бухгалтерлік бағалауды талап ететін жағдай, әрекет әдеттен тыс немесе жиі емес сипаты.

Кішігірім субъектілерді қарастыру

A30. Кішігірім субъектілер үшін бухгалтерлік бағалауды талап ететін жағдайлар әдетте мынадай болады: иегер-басқарушы талап етілген нүктелі баға беруге қабілеті бар. Кейбір жағдайда, алайда сарапшы пайдалану керек еді. Аудиттің процесі басында иегер-басқарушымен кез келген бухгалтерлік бағалау сипатын, талап етілген бухгалтерлік бағалаудың толықтығын, бағалау процесін барабарлығын талқылау иегер-басқарушыға сарапшы пайдалану керектігін анықтауға көмек береді.



Қорытындылар (Сілт: Пар. 8(с)(iv))

A31. Қорытындылар бухгалтерлік бағалаудың ажырамас құрамдас бөлімі болып табылады. Аудитор бухгалтерлік бағалау негізіне жататын қорытындылар туралы білім алу кезінде қарастыратын мәселелер мынадай болады:

• Қорытындылар, сондай-ақ елеулі қорытындылар сипаты.

• Басшылық қорытындыларға сәйкес келуін мен толық болуын қалай бағалайды (барлық  тиісті айнымалы шама ескерілуі).

•  Керек болса, басшылық жасалған қорытындылар ішкі шеңберіне сәйкес келуін  анықтайды.

•   Қорытындылар басшылықтың бақылауы шеңберіндегі мәселелерге қатысы бар ма, жоқ па (мысалы, актив пайдалылығы мерзімін бағалауға ықпал ететін қолдау бағдарламасы бойынша жасалған қорытындылар), сондай-ақ олар субъектінің іскерлік жоспары мен сыртқы ортасына, өз бақылау сыртындағы мәселелерге сәйкес келуін анықтау (мысалы, пайыз ставкасы, өлім пайызы,

ықтимал заңы немесе реттеуші іс-шаралар, келешектегі ақшалай қозғалысының өзгертілуі мен мерзімі бойынша қорытындылар).
•  Керек болса, қолдауды қамтамасыз ететін қорытындылар, құжаттама сипаты мен ауқымы.

Бухгалтерлік бағалау үшін сарапшы қорытындыларды анықтайды. Сондай қорытындылар, басшылық қолданса, басшылықтың қорытындылар ретінде қарастырылады.

A32. Кей жағдайда, көрсетулер қосымша мәліметтерге қосылуы мүмкін, мысалы, субъект басшылығы бухгалтерлік бағалауға арналған моделді қолданғанда, қосымша мәліметтердің термині соныменқоса ерекше сипаттағы көретулер қолданылатын негіз жататын мәліметтерге қолданылады.

A33. Басшылық ішкі мен сыртқы қайнар көздерінен негізінен алынған ақпараттың әр түрлері қорытындыларды қолдайды. Олардың сәйкестігі мен сенімділігі ерекшеленеді. Кейбір жағдайда қорытынды сыртқы (мысалы, шығарылған пайыз ставкасы немесе өзге статистикалық мәлімет) не ішкі (мысалы, тарихи ақпарат немесе субъект тәжірибелінген алдығ,ы жағдайлар) қайнар көзінен алынған қолданыстағы ақпаратқа негізделеді. Басқа жағдайда, қорытынды анағұрлым субъектвитік болуы мүмкін. Мысалы, субъект тәжірибесі жоқ немесе сыртқы қайнар көздері жоқ.

A34. Әділ құн негізінде анықталған бағалау жағдайы болса, қорытындылар мынаны көрсетеді немесе соған сәйкес келеді: тәуелсіз тараптар арасындағы келісімге (көбінесе «нарық қызметіне қатысушылар» немесе балама) мүддесі көрсететін, біліктілігіне ие актив айырбастау немесе міндеттеме орындау кезінде бухгалтерлік бағалауды анықтайды. Кейбір қорытындылар сондай-ақ баға берілетін актив немесе міндеттеме сипатына қарай ерекшеленеді, бағалау әдісі қолданылады (мысалы, нарықтық әдіс немесе табыс амалы).

A35. Әділ құн негізінде анықталған бухгалтерлік бағалау үшін қорытындылар немесе қосымша мәліметтер олардың көздеріне қарай ерекшеленеді:

(a)  Қандай нарықтық қатысушылар есеп беретін субъектіден тәуелсіз болатын қайнар көздерінен алынған нарықтық мәліметтерге негізінде дамытылған актив немесе міндеттеме бағасы құрылуына пайдаланады деп қорытындылар (кейбір жағдайда «бақыланатын қосымша мәліметтер» немесе балама секілді сипатталады).

(б) Нарықтық қатысушылар жағдайларға қол жетерлік ең жақсысы ақпарат негізінде дамытылған актив немесе міндеттеме бағасы құрылуына қандай қорытындыларды қолданатын субъектінің өз пікірлерін көрсететін қорытындылар (кейбір жақдайда

«бақыланбайтын қосымша мәліметтер» немесе балама секілді сипатталады).

Шынында, алайда, (a) және (b) айырмасы үнемі емес ықтимал болады. Атап айтқанда, басшылық әр түрлі нарықтық қатысушылар қолданатын әр түрлі қорытындылар санын таңдауы тиіс.

A36. Қорытынды немесе қосымша мәліметтер бақылануы бойынша субъективтік деңгейі белгісіздікті бағалау деңгейіне, соған сәйкес аудитордың белгілі бір бухгалтерлік бағалау бойынша елеулі кемшілік тәуекеліне баға беруіне ықпал етеді.

Бухгалтерлік бағалау үшін әдістердегі өзгерістер (Сілт: Пар. 8(c)(v))

A37. Басшылық бухгалтерлік бағалауды қалай жүргізетінін белгілеу кезінде, аудитор алдыңғы кезеңнен бастап әдістердегі өзгерістер енгізілгені немесе енгізілуі керектігін анықтауы тиіс. Белгілі бір бағалау әдісі субъект немесе қолданыстағы қаржылық есеп жүйесінің талаптарына ықпал ететін ортасындағы немесе жағдайлардағы өзгерістер себебімен өзгертілуі керек болуы мүмкін. Егер басшылық бухгалтерлік бағалау үшін әдісін өзгертесе, басшылық жаңа әдісі тиісті болуын көрсетуі керек немесе шараларды орындауы қажет. Мысалы, егер басшылық моделді пайдалануға нарық бойынша баға құрылуы негізінде бухгалтерлік бағалаудың негізін өзгертсе, аудитор басшылық нарық бойынша жасаған қорытындылар экономикалық жағдайларға сәйкес келетінін анықтауы тиіс.

Белгісіздікті бағалау (Сілт: Пар. 8(c)(vi)) A38. Аудитор басшылық белігісіздікті бағалаудың әсерін бағалағанын қарастыруы тиіс мәселелер мынадай болуы қажет:

•  Басшылық баламалы қорытындылар немесе нәтижелерді қарастырды ма, және осындай жағдай орын алса, қалай баламалы қорытындыларды қарастырды. Мысалы бухгалтерлік бағалуға қорытыныдылардағы өзгерістер әсерін анықтау үшін сезгіштікті талдау қажет.

• Талдау нәтижелер сценарийлері санын көрсеткен жағдайда, басшылық бухгалтерлік баға қалай береді.

• Басшылық алдыңғы кезеңде берілген бухгалтерлік бағаның нәтижелері бойынша мониторинг орындайды ма, жоқ па, немесе басшылық анау мониторинг шарасының нәтижесіне тиісті шараларды орындады ма, жоқ па.

Алдыңғы кезеңнің бухгалтерлік бағалауын шолу (Сілт: Пар. 9)

A39. Бухгалтерлік бағалаудың нәтижесі әдетте алдыңғы кезеңнің қаржылық есептілігінде мойындалған бухгалтерлік бағалауға қарай ерекшеленеді.

Сол сияқты айырма себептерін анықтау мен түсіну үшін тәуекелді бағалау шараларын орындау арқылы аудитор келесі білім алуы мүмкін:

• Басшылықтың алдыңғы кезеңнің бағалау процесі нәтижелілігіне қатысты ақпарат; аудитор бұл ақпарат негізінде басшылықтың ағымдағы процесі ықтимал нәтижелілігін анықтауы мүмкін.

• Қайта қарауға қатысты, ағымдағы кезең бойынша өткен кезеңнің бухгалтерлік бағалауы бойынша аудиторлық дәлел.

• Белгісіздікті бағалау секілді мәселелер бойынша аудиторлық дәлел, бұл дәлел қаржылық есептілікте ашылуын талап етуі мүмкін.

A40. Алдыңғы кезеңнің қаржылық есептілігіне шолу сондай-ақ ағымдағы кезең бойынша ықтимал басшылық жалған сенімдеріне бухгалтерлік бағалаудың сезгіштігін арттыратын немесе ықтимал басшылықтың жалған сенімдерінің бар екенін көрсететін жағдайларды анықтауға көмек береді. Аудитордың кәсіптік скептицизмі сондай жағдайларды анықтауға және бұдан әрі аудиторлық дәлел сипатын, мерзімі мен деңгейін анықтауға жәрдемдеседі.

A41. 240 АХС339 сәйкес елеулі бухгалтерлік бағалауға қатысты басшылықтың пікірілері мен қорытындыларына ретроспективті шолу жүргізілуі тиіс. Шолу талаптың бір бөлігі ретінді жүргізіледі. Мұндай талапқа сәйкес аудитор басшылықтың бақылауды елемеу тәуекелін жою үшін алаяқтықтан туындайтын елеулі бұрмалау тәуекелін көрсететін жалған сенімдерге бухгалтерлік баға беруге шолу үшін шараларды әзірлеп, орындауы тиіс. Практикалық мәселе болса, аудитор алдыңғы кезеңнің бухгалтерлік бағалауға шолу тәуекелді бағалау шарасы ретінде бұл АХС сәйкес 240 АХС сай талап етілетін шолумен біріктірілгенде орындауы мүмкін.

A42. Аудитор анағұрлым шолу анау бухгалтерлік бағалауға қажет екенін санауы қажет. Алдыңғы аудиттің анықталған бухгалтерлік бағалау белгісіздікті жоғары деңгейде бағалау секілді немесе алдыңғыкезеңнен бастап елеулі түрде өзгертілген бухгалтерлік бағалауға шолу керектігін жүргізеді. Екінші жағынан, әр күн сайын және қайталанатын әрекеттерді құжаттаудан туындаған бухгалтерлік бағалау үшін, аудитор тәуекелді бағалау шарасы секілді талдамалы шаралардың қолданысы шолудың мақсатына жеткілікті болуына санауы қажет.

A43. Өлшеу күніндегі ағымдағы жағдайлар негізделген әділ құн негізінде анықталған бухгалтерлік бағалау мен басқа бухгалтерлік бағалау үшін алдыңғы кезеңнің қаржылық есептілігінде мойындалған әділ құн сомасы мен ағымдағы кезең үшін қайталап бағаланған нәтиже мен сома айрымасы орын алады. Соның себебі бухгалтерлік бағалаудың өлшеу мақсаты уақыттың бір кезіндегі құн бойынша көріністерді анықтайды. Субъект жұмыс істейтін орта өзгерген сайын, мұндай көріністер өзгереді.

Сонымен қатар, аудитор елеулі бұрмалау тәуекелін анықтауға, бағалауға тән ықтимал болуы мүмкін ақпарат алуды қадағалауға көңіл бөледі. Мысалы, кейбір жағдайда әділ құн негізінде анықталған бухгалтерлік бағалаудың нәтижесіне ықпал ететін нарықтық қатысушылар қорытындысындағы өзгерістер туралы білім алу аудиттің мақсаты үшін тиісті ақпарат беруді қамтамасызете алмайды. Керек болса, аудитордың өткен кезеңнің әділ құн негізінде анықталған бухгалтерлік бағалаудың нәтижесін қарастыруы басшылықтың өткен бағалау процесі нәтижелілігі, аудитор басшылықтың ағымдағы процесі нәтижелілігін бағалай алатын басшылықтың соңғы кезеңдер жазулары туралы білімге бағытталады.

A44. Бухгалтерлік бағалау нәтижесі мен өткен кезеңнің қаржы есептілігінің айырмасы өткен кезеңнің қаржылық есептілігі бұрмалануын көрсету керектігі жоқ. Алайда, өткен кезеңнің қаржылық есептілігі жабылған жағдайда, айырмасы басшылыққа қол жетерлік ақпараттан туындаған болса, немесе осы қаржылық есептілікті дайындау кезінде алынатын немесе есепке алынуы мүмкін ақпараттан туындасса, осындай жағдай пайда болады. Көпшілікті қаржылық есеп жүйелері бұрмалауды құрастыратын бухгалтерлік бағалаудағы өзгерістерді және бұрмалауларды құрастырмайтын өзгерістері мен орындалуы тиіс бухгалтерлік өңдеуді айырып тану бойынша нұсқау береді.



Елеулі Бұрмалаудың Тәуекелін Анықтау мен Бағалау

Белгісіздікті бағалау (Сілт: Пар. 10)

A45. Бухгалтерлік бағалаумен байланысты белгісіздікті бағалаудың деңгейіне келесі факторлар ықпал етеді. Мысалы:

•   Бухгалтерлік бағалау пікірге тәуелді болатын деңгейі.

•   Қорытындылардағы өзгерістерге бухгалтерлік бағалауды ұшырату.

•  Белгісіздікті бағалауды төмендете алатын және мойындалған өлшеу әдістемесі бар екені (кіріспе мәлімет секілді қолданылатын қорытындылар субъективтігі белгісіздікті бағалауға әкелсе де).

•   Болжау кезеңінің ұзақтығы, сонымен қоса келешектегі жағдайларды болжау үшін өткен кезеңнен алынған мәліметтер сәйкестігі.•   Сыртқы ақпарат көздерінен алынған сенімді мәлімет қол жетерлігі.

• Бухгалтерлік бағалау бақыланатын немесе бақыланбайтын кіріспе мәліметтерге  негізделетін деңгейі.

Бухгалтерлік бағалаумен байланысты белгісіздікті бағалау деңгейі бағалаудың жалған сенімге ұшыратылуына ықпал етуі мүмкін.

A46. Аудитор елеулі бұрмалау тәуекелін бағалауда қарастыратын мәселелер төмендегілерді қамтиды:

• Бухгалтерлік бағалау нағыз немесе күткен жиілігі.

• Аудитор күткен сомаға қатысты бухгалтерлік бағалаудың құжатталған сомасы (мысалы, басшылықтың нүктелі бағасы).

• Басшылық бухгалтерлік бағалауды сарапшыны пайдаланды ма, жоқ па.

• Өткен кезеңнің бухгалтерік бағалауына шолу нәтижесі.

Белгісіздіктің Жоғары Бағалануы мен Елеулі Тәуекелдіктер (Сілт: Пар. 11)

A47. Жоғары белгісіздік бағалануы бар болуы ықтимал бухгалтерлік бағалаудың мысалдары мынадай болуы мүмкін:

• Пікірін жоғары дәрежеде тәуелді болатын бухгалтерлік бағалау, мысалы, шағымды қарау бойынша сот процесі немесе келешектегі көпшілікті жылдар белгілі емес жағдайларға тәуелді болатын болашақтағы ақшалай қозғалыс сомасы мен мерзімі бойынша пікірлер.

• Мойындалған өлшеу әдістемесі пайдаланып есептемейтін бухгалтерлік бағалау.

• Бухгалтерлік бағалу. Олардың нәтижесінде өткен кезеңнің қаржылық есептілігі негізінде жасалған ұқсас бухгалтерлік бағалауға аудитордың шолуы нәтижелері түпнұсқалық бухгалтерлік бағалау мен нағыз нәтижесі елеулі айрмасын анықтайды.

• Жоғары мамандандырылған субъект моделді дамытқан әділ құн негізінде бухгалтерлік бағалау қолданылады немесе сондай бухгалтерлік бағалаудың бақыланатын кіріспе мәліметтері жоқ екен.

A48. Бәлкім елеулі емес бухгалтерлік бағалау бағалаумен байланысты белгісіздікті бағалау себебімен елеулі бұрмалауға әкелетін ықтималдығы болуы мүмкін; мысалы, қаржылық есептілікте мойындалған немесе ашылған соманың мөлшері өз белгісіздікті бағалауды көрсетпейді.

A49. Кейбір жағдайда, дұрыс бухгалтерлік баға беріле алмағандықтан, белгісіздікті бағалау жоғары болады. Сондай-ақ, қолданыстағы қаржылық есеп жүйесі қаржылық есептілікте бапты немесе әділ құн негізінде өлшеуге кедергі жасамай отыр. Сондай бухгалтерлік бағалау мойындалуы керектігі немесе әдел құн негізінде өлшенуі керектігіне қатысына қарамастан елеулі бұрмалау осы ашулардың барабарлығына қатысы бар. Мұндай бухгалтерлік бағалауға сәйкес қолданыстағы қаржылық есеп жүйесі бухгалтерлік бағалаудың ашылуын, сонымен қоса олармен байланыста жоғары белгісіздіктің жоғары бағалануын талап етуі ықтимал. (A120-A123 параграфтарды қараңыз).

A50. Егер аудитор бухгалтерлік бағалау елеулі тәуекелге әкелетінін санаса, онда ол субъект бақылауы, сонымен қоса бақылау қызметі туралы білім жинауы тиіс.340

A51. Кейбір жағдайда, бухгалтерлік бағалаудың белгісіздігін бағалау тоқтаусыз қызмет ретінде субъект бухгалтерлік бағалауға қабілетіне елеулі күмән келтіруі ықтимал. 570 АХС341 мұндай жағдайлар бойынша нұсқау мен талаптарды орнатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет