190
Тасымалдау кезінде жануарлардың
қауіпсіздігіне олардың иесі
жауапты, ал аэрофлот ешбір жауапқа тартылмайды.
Зертханалық жануарларды тасымалдау. Ұсақ
зертханалық
жануарларды (тышқан, егеуқұйрық, теңіз шошқасы)
ғылыми мекеме
мекенжайлары бойынша, температурасы 10-15
0
С арнайы кӛліктік
торларда әуе кӛлігімен тасымалдайды. Торлардың негізін кӛлемі
20х20см жонылған ағаш құрайды, қақпағы және екі қабырғасы 3-4
миллиметрлік фанералардан жасалған. Бүйір бӛліктерін ұяшықтары 6х6
металл торлардан жасайды. Торлар кӛлемі 100х450х400х200мм. Олар
бір реттік қолдануға жарамды.
Ұсақ зертханалық жануарларды
ұшақтың ұшуынан белгіленген
уақыттан 2 сағат бұрын әкеледі. Жаз уақытында арту нормасы 300 кг,
күзде-қыста -400кг.
Зертханалық жануарларды бақылаушының қарауында ғана
тасымалдайды.
Тікелей рейстермен жеткізіледі, бұл рейстер болмаған
жағдайда басқа рейстермен жіберіледі.
Жануарларды
жолаушылардан
бӛлек
бӛлімдерге
артады.
Зертханалық жануарларды жолаушылар
ұшақтарында бақылаушы
рейстермен, сонымен қатар изоляцияланбаған бӛлімдерде тасымалдауға
болмайды.
Жӛнелтуші жүк алушыға жӛнелтілген жүк жӛнінде, күнін, рейс
нӛмерін, орын кӛлемін, жануарлар салмағы жӛнінде жеделхат (факс)
арқылы хабарлайды. Зертханалық жануарларды тасымалдағаннан кейін
бӛлімдерді жинап, тазартып, жуып, желдетеді.
Достарыңызбен бөлісу: