Бейорганикалық химия практикумы


Хлордың органикалық заттармен әрекеттесуі



бет89/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

6. Хлордың органикалық заттармен әрекеттесуі.
а) Сүзгі қағазының жолағын алып, оны жаңа айдалған скипидардың бірнеше тамшысымен ылғалдап және қысқыш көмегімен хлоры бар ыдысқа салыңдар. Не байқалды? Реакция теңдеуін жазыңдар.
б) Жағу үшін балауызды қасыққа бекітіп, оны жандырып, хлоры бар ыдысқа салыңдар. Не байқалды? Реакция аяқталуға қалғанда ылғал көк лакмус қағазын ыдысқа салыңдар. Реакция нәтижесінде қандай өнімдер түзіледі?
ғ 38 жұмыс. Бром алу және оның қасиетін зерттеу


Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулық үшін қауіпті.



Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: Сынауықтар, реторта, салқындатқыш қоспа, қалақша, натрий бромиді, хлор газы, алюминий, магний үгінділері, мырыш ұнтағы.



1. Бром алу және оның қасиетін зерттеу.

Сынауыққа 10-12 мл концентрлі натрий бромидін құйып, ерітіндінің түсінің өзгеруі тоқтағанға дейін оған хлор жіберіңдер. Сынауық ішіндегі затты шағын ретортаға құйып, қармен салқындатылатын таза шағын құтыға бромды айдаңдар. Құтыда бром ауыр қара майлы тамшы түрінде конденсацияланады. Бромнан суды төгіп тастап, пышақтың ұшымен құтыға алюминийдің ұнтағын немесе майда үгіндісін абайлап салыңдар. Алюминийдің броммен әрекеттесуін байқаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.




2. Бром қасиеттерін зерттеу.
Бром суы бар сынауыққа магний, мырыш, немесе алюминий ұнтағын салып сілкілеңдер. Ерітіндінің түссіздену себебін түсіндіріп, сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар.


ғ 39 жұмыс. Йод алу және оның қасиеттерін зерттеу



Қажетті құрал-жабдықтар және реактивтер: отбақыраш, кәрлен үшбұрыш, суытуға арналған суы бар құты, тұрғы, электр плитасы, йод кристалдары, шыны таяқша, сынауықтар, калий иодиді, марганец диоксиді, этанол, бензол, крахмал ерітіндісі, алюминий, мырыш, күкірт қышқылы (конц.).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет