1. ХХ ғ. 20-40жж. Индустрияландыру саясаты кезіндегі Қазақстан өнеркәсібінің дамуы.
Индустрияландыру дегеніміз ірі өнеркәсіпті, ең алдымен ауыр өнеркәсіпті құру және дамыту, ірі өнеркәсіптік өндіріс негізінде бүкіл халық шаруашылығын қайта құру. 1920 жылдардың ортасына қарай КСРО үшін индустрияландыруды жүзеге асырудың қажеттігі туды.
Индустрияландыруды бастау туралы шешім 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П- ның XIV съезінде қабылданды. Сталин индустрияландыруға «КСРО-ны машина және жабдықтарды импорттаушы елден оларды өз күшімен өндіретін елге айналдыру» деген анықтама берді.
Қазақстанда индустрияландырудың басталуымен Жезқазған мыс және Байқоңыр көмір кен орындарында алғашқы геологиялық-барлау жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру ісі басталды. Жезқазғандағы геологиялық зерттеулер кен орындарында жүргізілетін кешенді, жеделтетілген геологиялық-барлау жұмыстарының ғылыми елшемдерін толығымен ақтады.
Геологиялық зерттеулердің және Жезқазған-Ұлытау ауданындағы кең байлықтарының енеркәсіптік меңгерілуімен қатар республикадағы геологиялық ғылымдардың қалыптасуына негіз салған іздеу-барлау жұмыстары ұйымдастырыла бастады. Жезқазған, Қарсақбай, Атбасар және Спасск кенді аудандарын, Қарағанды көмір алабын, Қаратау полиметалл кен орындарын зерттеудің болашағы зор болды. Мыс өнеркәсібін дамыту мәселелерін зерттеумен қатар темір (Қарсақбай), марганец (Жезді), көмір (Байқоңыр, Қияқты), корғасын (Қорғасын) кең орындарын зерттеу ісі басталды.
Қазақстанда индустрияландыруды жүзеге асыру барысында республикада ауыр өнеркәсіптің көптеген салаларын құрудың, сонымен қатар Қарағанды маңындағы Теміртауда ең ірі зауыт салынуының маңызы зор болды. Қ.Сәтбаевтың бастамасы бойынша Маңғыстау, Мұғалжар және Торғай минерал қорларын зерттеу ісі жүргізілді. Ол 3 маңызды нәтижеге қол жеткізді: біріншісі – Жезқазған мыс кең орнын ашуы, екіншісі – Қазақстанның Ғылым академиясының ашылуына үлкен үлес қосып, оған басшылық етті, үшіншісі – Геологиялық ғылымдар институтын құруы.
Қазақстан индустрияландыру кезеңінде 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П XIV съезінде белгіленген Кеңес Одағын индустрияландыруды жүзеге асыру ісі Қазақстанда бірқатар қиындықтарға кездесті, олар негізінен қазақ елінің бодандық өткенімен және әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірде артта қалуымен байланысты болды. Қазақстанды индустриаландыру барысында Текелі полиметалл және Жезқазған мыс қорыту комбинаттары, Өскемен қорғасын-мырыш зауыттары салына бастады. 1933 жылы ақпан айында Шымкент қорғасын зауытының алғашқы пеші жұмыс істеді. Бұлар Қазақстанда ғана емес бүкіл ел көлеміндегі түрлі-түсті металдардарды өндіруші өте ірі өндіріс орындары болды.
1939 жылы Шымкент зауыты бүкіл Одақтағы қорытылған қорғасынның 73,9 процентін берді. Балқаш мыс қорыту зауыты республикадағы қорытылған мыстың 51 процентін берді. Осының бәрі Қазақстанды түрлі-түсті металдар шығарудан одақ көлемінде 2 орынға шығарды. Мұнай өндірісінен де Қазақстан алдыңғы орынға шықты. 1940 жылы мұнай өндірудің көлемі 700 мың тоннаға жетті. Мұнай өндіруден Қазақстан Одақ көлемінде 3 орынға шықты. Ембі мұнай орны игерілді. Сағыз және Құлсары мұнай орындары ашылды. Қазақстанда химия өндірісі қалыптасты. 1933 жылы қарашада Ақтөбе химия комбинаты мен Аралсульфат комбинаты да іске қосылды.
Достарыңызбен бөлісу: |