Билет билет билет


Құрғатқан шалшық жердің 10 шаршы дицимертіне 150 өсімдік шықты. Мұның 16%-і арам шөптер. 10 шаршы децимерге керекті өсімдіктер қанша болғаны



бет21/36
Дата04.01.2023
өлшемі3.04 Mb.
#468109
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36
Билеты МОӘТ-2

Құрғатқан шалшық жердің 10 шаршы дицимертіне 150 өсімдік шықты. Мұның 16%-і арам шөптер. 10 шаршы децимерге керекті өсімдіктер қанша болғаны.



23 билет


24 билет
1. Бастауыш математиканы оқытудың әдістері, құралдары және оны ұйымдастырудың формалары туралы әдістемелік ой пікірлер
ХХ ғасырдың 20-шы жылдарының соңына қарай сипаттағы жаңа оқулықтарды дайындау iсi қызу қолға алына казак бастауыш мектептері үшін математикадан кеңестік бастады. Олардың жедел түрде жазылып, жарык көруіне біздің ойымызша, сол кезеңде орын алған төмендегідей жағдайлар себеп болды.
20-шы жылдардың соңында Қазақстанда Алаш қайраткерлерін қудалау белең алып, олардың еңбектерін насихаттауға коне пайдалануға тыйым салынды. Осы кезеңде партияның Орталық комитетінің мектеп туралы жаңа құжаттары, оның ішінде Кеңес Одағындағы барлық мектептердегі оқыту ісін біртіндеп бірыңғай оқу бағдарламаларына көшіру туралы шешімдер қабылданды. Оның үстіне Қазақстанда 1912 жылдан бастап қолданылып келген араб графикасы негізіндегі әліпби алынып тасталып, оның орнына 1929 жылы латын әліпбиі енгізілді. Осы сияқты жағдайлар қазақ бастауыш мектебі үшін жаңа оқулықтарды дайындауға ықпал етті. Сондай оқулықтардың бірі — Ғ.Бегәліұлының “Есеп құралы. Бірінші жылдық” атты кітабы.
Ғали Бегәліұлы(1888–1966жж.) -әдістемелік ғылымдардың қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосқан ғалым-ұстаз, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, 100-ден астам еңбектердің авторы. Оның “Есеп құралы. Бірінші жылдық” оқулығы 1929 жылы Қызылордада жарық көрді. 1930 және 1931 жылдары екінші және үшінші рет басылып шығып, қазақ арасында көп таралған шағын жинақты мектептерде пайдалануға ұсынылды. Қазақ мектебінің 1-сыныбына арналған бұл оқулықтың көлемі 75 бет. Ол алғы сөзден және 4 бөлімнен тұрады.
Алғысөзде мұғалімдерге оқулықты пайдалану жөнінде нұсқаулар берілген. Оқулықтағы бөлімдердің атаулары мынадай:
«I бөлім. 10-ның ішіндегі сандар әрқайсысы жеке қаралып, ауызекі есептеуге, жазуға, оқуға үйретіледі.
II бөлім. 20-ға дейін сан.
III бөлім. 100 ішіндегі сандарды жазуға үйрету, дөңгелек ондыктар.
IV бөлім. 100 ішіндегі сандар, төрт амал есептерi».
Окулықта онын басынан аяғына дейiн мысалдар мен есептер шығару көбірек қарастырылған. Әрбір тақырып есеп шығарумен қорытындыланып, есептер тақырып ыңғайына ретпен орналастырылған. Оқулықтағы есептердiн мынадай қарай және біртіндеп күрделене түсетіндей әдістемелік ерекшеліктерін атап көрсетуге болады:
- олар сол кездегі қазақ өмірі мен тұрмысынан алынуымен және мазмұнының мал және егін шаруашылығына байланысты болуымен ерекшеленеді;
- есептер оқушының күнделікті тұрмыс тіршілігінен алынған және көбіне оқу, мектеп жағдайына байланысты болып келеді;
- 1-сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес, ойын-есептер көбірек енгізілген;
- есептердің оқу бағдарламасына сәйкес, жыл мезгілдеріне орай топтастырылып ұсынылған;
- сол кездегі заман талабына сай сауда-саттық мәселелері туралы есептер жиі кездеседі;
- сол кездегі қазақ арасына күштеп енгізіліп жатқан социалистік өмір салты көрініс тапқан есептерге баса мән берілген;
- есептердің мазмұнында сол кездегі саяси оқиғалармен байланыстар бар.
ХХ ғасырдың 30-жылдары бастауыш қазақ мектебіне арналып жазылып, оқу үдерісіне енгізілген келесі оқулықтар болды:
1. Ә.Қасенұлы, С.Баймырзаұлы, А.Жаманұлы, Ш.Рақыметұлы I жылдық есеп құралы. "Қазақстан" баспасы, 1932 [72].
2. Ш.Рақыметұлы, С.Баймырзаұлы, Ә.Қасенұлы, А.Жаманұлы Есеп құралы. Бастауыш мектептің II бөліміне арналған. - “Қазақстан" баспасы, 1932.
3. А.Жаманұлы, Ш.Рақыметұлы, А.Қасенұлы. І басқыш мектептің III бөлiмiне арналған есеп куралы.-"Қазақстан" баспасы, 1932.
Бул окулыктарды жазуға қатысқан авторлардың бiрi С.Баймырзаұлы Абай атындағы ҚазПИ-дің 1931 жылғы алғашкы түлегі. Қалған авторлар туралы мәліметтер сакталмаған, олар жөнiнде накты деректер жок.
Окулыктардагы такырып атауларынан оларда камтылған математикалық білім мазмұны қазіргі бастауыш мектеп оқулықтарына қарағанда әлдеқайда кең екендігін байқаймыз. Онын негізі терiс емес бүтін сандар арифметикасы болып табылады. Сонымен қатар, арифметикалык материал негiзiнде және оны толыктыру мақсатымен баска да математика материалдар енгізілген. Атап айтқанда, пропедевтикалық мақсатта белшек сандар арифметикасының, геометрия мен алгебраның элементтері, проценттік есептеулер, шамалар және оларды өлшеу мәселелері қамтылған.
Окулыктарда жаттығулардың ерекше түрі ретінде есептерге және оларды шығару мәселесіне мән берілген. 1-сыныптың басында, негізінен алғанда, накты суреттер аркылы әрекет-есептер шығару қарастырылған. Одан кейін біртіндеп суретке сәйкес, "Ойлап есеп шығарыңдар" деген тапсырмалар ұсынылып отырады да "20-нын iшiндегi қосу мен азайту" тақырыбынан бастап, есептер беріле бастайды.
Окулыктарда есептер жана ұғымды немесе амалды орындауды калыптастырудың кұралы ретiнде колданылады, есептер жана ұтымды меңгерту немесе оны бекiту максатында мысалдардан кейін және такырып сонында беріледі. Сонымен қатар, олар өткен материалды пысыктаудың, тарауларды оқып-үйренудің қорытынды нәтижесін анықтаудын куралы ретінде де колданылады.
Есептердің тақырып аясы өте кен және оларды кұрастыруда авторлар сол кездегi казак халкынын емiрi мен тұрмыс жағдайын ескерiп отырған. Тағы бір ерекшелік, есептер комплекстік окыту жүйесiнiн такырыптары бойынша берілмеген. Шынында да, осы кезеңде кеңес педагогикасында комплекстiк окыту жүйесi катан сынға алынып, одан бас тарту керектігі көтеріле бастаған болатын. Бұл авторлардың өз заманындагы озық әдістемелік идеяларды мазмұны бала немесе мектеп өмiрiндегi окигаларға сәйкес болып келеді. Есептердің мазмұнын шама келгенінше дәл сол есеп карастырылатын кездегі жыл мезгiлiне байланыстырылып отырганы байкалады. Оқулыктарда ауыл тұрмысы мен шаруашылығына негізделген есептер де көптеп кездеседі. Дегенмен, қазақ баласының танымдық ой-өрісін кеңейту максатымен кала турмысына, өнеркәсіп iстерiне қатысы бар есептер де iшiнара кездеседі. Тағы бір ерекшелік, оқулықтарға сол кездегi коғамдык жағдайға бейімделген саяси және атеистік мазмұндағы есептер де енгізілген, алайда Қазақстанның аймақтық, географиялық және т.б. ерекшеліктері қамтылған есеп өте аз.
Сонымен, бұл оқулықтардың келесiдегiдей жалпы ерекшеліктерін атап көрсетуге болады:
- оқулықтардың үшеуі де латын графикасымен жазылган;
- оқулықтарды бірнеше авторлар дайындаған;
- қамтылған білім мазмұны бастауыш мектептің қазiргi математика окулықтарына қараганда әлдекайда кең;
- бүгінгі күнi колданыстан шыгып калган математикалық терминдер жиi кездеседi;
-материалды жүйелі түрде әдістемелік ретпен орналастыруга куш салынган;
- окулыктарда сол кездегі әдістемелік-математикалык ғылымның талаптарына сәйкес, арифметикалык материал ғана емес, "Шамалар және оларды өлшеу мәселелері", "Геометрия мен алгебранын кейбір элементтерi" де қамтылған;
- кейбiр ережелер кыскаша тұжырымдалып, олар ерекшеленiп берiлiп отырады;
- бастауыш мектеп окушысына түсiнiктi болу жағы ескерiлген, есептер кыска, дәл және анық тұжырымдалған;
- ауызша және шот карып есептеулерге арналған арнайы такырыптар енгiзiлген пiдно най
- көрнекіліктерді, сызба-иллюстрацияларды, кестелерді, т.б. пайдалануға мән берілген;
- окушылардын логикалык ойлау қабілетін дамытуды көздейтін жаттығулар енгiзiлген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет