Әдістемелік нұсқау
|
Н 3-1.1.37
08.08.2023
|
|
қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі
«м.х.дулати атындағы тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ
БЕКІТЕМІН
|
«Өмір тіршілік қауіпсіздігі»
|
кафедрасының меңгерушісі
|
____________ Омарбекова М.Т.
|
/қолы/ /аты жөні/
|
«___» ____________ 20___ ж.
|
|
Дәрістер жинағы
Еңбек қорғау
Білім беру бағдарламасы:
Кредит саны (ECTS): 3
Семестр: 5-6
Пререквизиттер: Физика, математика, химия
Постреквизиттер: мамандық пәндері
Оқытушының(лардың) аты-жөні
1. Кадрешев Е.Ж.,
2. Узенбеков Ш.Б.
3. Мәліктайұлы М.
4. Жайлаубаев Ж.Ж.
|
5. Успанова Б.Б.
6. Омарбекова М.Т.
7. Сарбасова Г.А.
8. Акилова К.А.
|
Оқыту форматы: дәстүрлі формат
Оқу жұмыс бағдарламасын (силлабусты) дайындауға жауапты кафедра
«Өмір тіршілік қауіпсіздігі»
Құрметті білім алушы! Пәнді оқу аяқталғаннан кейін, пәннің мазмұны және оқыту сапасы жөнінде пікір жазуыңызды өтінемін. Ол үшін емтихан сессиясы кезінде толық қол жетімді www.portal.dulaty.kz сайтында орналасқан «Пәнді студенттердің бағалауы» атты on-line анкетаны толтыру керек.
Пәннің мазмұнының, бақылау сұрақтарының сапасы жөнінде және тағы басқа да ұсыныстарыңызды еркін түрде баяндауыңызға болады.
Сіздің пікіріңіз пәннің сапасын жоғарылата түсу үшін маңызды екенін есіңізге саламыз.
Силлабуста көрсетілмеген талаптардың заңды күші жоқ екенін университет ескертеді.
Тараз 2023ж.
Мазмұны
№1 Лекция
|
Кіріспе. Негізгі терминдер мен анықтамалар.
|
|
№2 Лекция
|
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар.
|
|
№3 Лекция
|
Өндірістік санитария. Өндірістік ортаның метеорологиялық жағдайы.
|
|
№4 Лекция
|
Өрт қауіпсіздігі.
|
|
№5 Лекция
|
Жеке қорғану құралдары және эргономикалық сипаттамалары
|
|
№6 Лекция
|
Жұмыс орнындағы бақытсыз оқиғаларды тіркеу және тергеу
|
|
№7 Лекция
|
Жұмыс орнындағы бақытсыз оқиғаларды тіркеу және тергеу
|
|
№8 Лекция
|
Шудың адам ағзасына әсері және шудың физикалық және физиологиялық сипатгамалары
|
|
№9 Лекция
|
Жұмыс орнын жарықтандыру.
|
|
№10 Лекция
|
Негізгі өртке қарсы іс – шаралар. Өрт қауіпсіздік категориясы
|
|
№11 Лекция
|
Электр қауіпсіздігі
|
|
№12 Лекция
|
Мемлекеттік еңбек қорғау инспекциясы
|
|
№13 Лекция
|
Кәсіпорында салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету
|
|
№14 Лекция
|
Жұмыс орнын желдету жүйелері
|
|
№15 Лекция
|
Қауіпті және зиянды жұмыстарды атқаратын жұмысшылардың еңбегін нормалау
|
|
Дәріс №1. Кіріспе. Негізгі терминдер мен анықтамалар
Еңбекті қорғау — жұмыс барысында адамның қауіпсіздігіне, денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтауға кепілдік беретін әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық, техникалық, гигиеналық және емдік-профилактикалық шаралар.
Еңбек қорғау қатынастарын және қауіпсіз еңбек шараларын реттейтін заңдар жиынтығы – ҚР Еңбек кодексімен реттеледі. Ол алғаш рет 2007 жылы 15 мамырда күшіне енген.
Еңбек кодексінің негізгі ережелеріне жұмыс беруші мен жұмысшының міндеттері мен құқықтары, еңбек қатынастары, жұмыс уақыты мен тынығу уақыты, жазатайым оқиғаларды тіркеу мен тергеу ерекшеліктері, әр түрлі санатқа жататын жұмысшыларға берілетін мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктері, ұжымдық шарттар, жұмыс берушінің еңбек саласындағы актілері, мемлекеттік органдардың еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құзыретіліктері, еңбек қатынастары, еңбекке ақы төлеу, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлер құқықтарының кепілдіктері және т.б. жатады
Еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау саласында мемлекеттік реттеу ҚР еңбек қорғау инспекциясы жүзеге асырады. Еңбек инспекциясы басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекеме болып табылады және де еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарына тікелей байланысты өзге де қатынастарды еңбек қатынастары тараптарының құқықтарымен мүдделерін қорғау функциясын атқарады. Негізгі міндеттеріне:
1) ҚР еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
2) қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықты қоса алғанда, жұмыскерлердің құқықтарымен бостандықтарының сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мәселелері бойынша жұмыскерлермен жұмыс берушілердің өтініштерін, арыздарын және шағымдарын қарау болып табылады.
Негізгі функциялары:
1) ҚР еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2) жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асырады;
3) өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың себептеріне талдау жүргізеді және олардың профилактикасы жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
4) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды осы Кодексте және ҚР өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен тергеп-тексереді;
5) жұмыс берушілердегі еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізеді;
6) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингін жүзеге асырады;
7) жұмыс берушінің қызметін декларациялауды жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |