Білім беру бағдарламасы 5В011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі»


Сонымен қатар қазіргі тіл білімі үшін аса маңызды боп отырған мәселенің бірі



Pdf көрінісі
бет30/65
Дата28.08.2022
өлшемі0.97 Mb.
#460061
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   65
Силлабус Қазіргі лингвистиканың негізгі бағыттары (1)

Сонымен қатар қазіргі тіл білімі үшін аса маңызды боп отырған мәселенің бірі 
— мәтінөзектілік, себебі әр адам мәтін арқылы тіршілікте алатын бар білімін 
жинақтайды, ой-өрісін кеңейтеді, рухани бітім-болмысын қалыптастырады. Ал мәтін 
тілдің барлық құралдарының әлеуетін көрсететін феномен, сондықтан сол мәтінді оқу оны 
түзуші мен оны оқитын адресаттың танымдық базасын, кеңістігін ұштастыратынын 
ескерсек, мәтін жалпы ойлау, таным үдерістері туралы да хабар бере алатынын 
байқаймыз. 


Жаңа ғылыми парадигмаға байланысты эколингвистика, лингвоконцептология, 
лингвоглобалистика сияқты интегративті бағыттар пайда болса, когнитивтік лингвистика, 
әлеуметтік лингвистика, этнолингвистика сияқты салалардың өзі бұрынғы зерттеу 
нысандарын қайта қарап, оларға пәнаралық тұрғыдан қарай бастады. Оның себептері 
қатарында көптеген объективті және субъективті факторлар бар [3]. Мәселен, әлеуметтік 
лингвистиканы алайық. Оның негізгі нысандары ретінде ғалымдар ана тілі мен екінші тіл, 
тіл мен диалектінің арақатынасын, тілдің әлеуметтік жіктелуін, тіл эволюциясының 
әлеуметтік шарттарын, тілдердің бір-біріне әсерін, тілді меңгеру деңгейлерін, сөйлеудің 
әлеуметтік қырларын, семантика мен тіл бірліктерінің тіркесімділігіне әлеуметтік 
шектеулердің болуын атаған еді. Алайда гео- және тілдік саясат өзгеріп, тілдердің 
мәртебесі алмасып, шекаралар ашылып жатқан қазіргі кезеңде қандай да бір тілде бір ғана 
емес, дүние жүзінің әр тарабында жатқан түрлі халықтар сөйлеп, жазып, басқа 
халықтармен сан салалы қарым-қатынас тілі ретінде қолданып отырғанын, сондай-ақ 
белгілі бір лингвомәдени кеңістікте түрлі тілде сөйлейтін тұлғалардың тұрып жатқанын 
ескерсек, бұл нысандарды сипаттау үшін жаңа зерттеу модельдері керек болғаны сөзсіз. 
Осы орайда қазіргі әлеуметтік лингвистикада жиі қолданылып жүрген термин — 
плюрицентрлік тілдер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет