Білім беру бағдарламасы курс атауы: «Биологияны оқытудағы инновациялық технологиялар және ғылыми зерттеулерде заманауи тәсілдерді қолдану әдістемесі»



бет3/24
Дата25.06.2024
өлшемі90.31 Kb.
#502789
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Биологияны-оқытудағы-инновациялық-технологиялар-және-ғылыми-зерттеулерде-заманауи-тәсілдерді-қолдану-әдістемесі-1

Микроспорогенез – жоғары сатыдағы өсімдіктердің жынысты көбеюге қатысатын тозаң мен тозаңқаптың дамуы.
Тозаң – жыныстық көбеюге қатысатын өсімдіктің микроспорасы



  1. Бағдарлама тақырыбы

Педагогикалық кадрлардың біліктілігін көтеруге арналған курстың тақырыбы: «Биологияны оқытудағы инновациялық технологиялар және ғылыми зерттеулерде заманауи тәсілдерді қолдану әдістемесі» (бұдан әрі – Бағдарлама).



  1. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, күтілетін нәтижелері

Бағдарламаның мақсаты: өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, қоршаған ортадағы белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру арқылы креактивтік, белсенділік, ой-өрісінің кеңдігі, шығармашылық әрекетке қызығушылығының басымдылығы мол оқушылар дайындауда пән мұғалімдерінің білімін шыңдап, заманауи зерттеу тәсілдері мен биологияны оқытудың инновациялық технологияларын білім мазмұны аясында меңгерту болып табылады.
Міндеттері:
- оқыту мен зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың нормативті-құқықтық негіздерін білу;
- инновациялық технологиялардың теориялық негіздерін білу;
- зерттеу дағдыларын қалыптастыру;
- биологияны оқытудың және заманауи ғылыми зерттеулердің тиімді әдістерін меңгерту;
- оқушылардың таным қызығушылығын арттырып, ынталандыру.
Күтілетін нәтижелер:
Курс барысында тыңдаушылардың бойында төмендегідей құзыреттіліктер қалыптасуы керек:
Арнайы құзыреттілігі – фундаменталды пәннің теориялық негіздерін білу және оларды практикада (мектепте биология пәнін оқытуда) пайдалана білу.
Ақпараттық құзыреттілік – қолда бар ақпаратты дербес талдайды, іргелі проблемаларды анықтайды, міндет қояды және заманауи аппаратура мен есептеу құралдарын пайдалана отырып, мамандандыру бойынша нақты міндеттерді шешу кезінде биологиялық зерттеулерді орындайды, жұмыс сапасына жауапкершілікті көрсетеді.
Кәсіби құзыреттілік – аралас және қашықтықтан оқыту жағдайында білім беру нәтижелеріне қол жеткізу үшін оқушыларды оқытуға арналған IT технологиялар мен АКТ-ны, оның ішінде өзіндік сандық білім беру ресурстарын жасау үшін өз бетінше қолдану қабілеті.
Экологиялық құзыреттілік-педагогикалық білім беруді экологияландыру негізі деп аталатын кәсіби педагогикалық іс-әрекеттегі экологиялық құзыреттіліктің мәні ашылады, жаңартылған білім берудегі биоэкологиялық білімнің әдістемелік ерекшеліктері сипатталып, биолог мұғалімдердің экологиялық құзыреттілігін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі тұжырымдалып, жобалау технологиясы оқу әдістемелік тұрғыда сипатталады



  1. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны

Белгіленген мақсаттар мен міндеттерге сәйкес тыңдаушылардың бойында кәсіби білім, іскерлік икем-дағдыларды қалыптастыру үшін Бағдарлама 5 модульді игеруді және курс жобасын қорғауды көздейді.
Бағдарламада көзделген. Педагогке курс барысында ұсынылған дәріс оқу материалдарын өз тәжірибесінде және жұмыс орнында пайдалануға мүмкіндік беріледі.
Педагогтарды оқыту кәсіптік білім беруге арналған педагогикалық шешімдерді, пәнді оқытудың инновациялық технологияларын, білім алушыларға бағдарлауды үйрету және практикалық мысалдарды қамтиды.
Біліктілікті арттыру курсы барысында тыңдаушылардың педагогикалық қызметінде пайдалану үшін жұмыс әдістері мен практикадан мысалдар ұсынылады.
Курстың жалпы көлемі 108 академиялық сағатты құрайды.
108 сағаттық курста оқу ұзақтығы 2 айды құрайды. Бұл ретте теориялық оқыту 62 сағаттан, тыңдаушының өзіндік жұмысы (жұмыс орнындағы практика) – 40 сағаттан, курс жобасын дайындау және қорғау – 6 сағаттан тұрады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет