Білім беру ұйым атауы «Қарғалы №3 орта мектеп»


Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына



бет10/10
Дата30.05.2024
өлшемі320.13 Kb.
#502073
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
сынып сағаты 24.05 7 А(1)

Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына  100 жыл 
Рақымжан Қошқарбаев (1924-1988 жж.) – Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық Қаһарманы (1999). 1924 жылы 19 қазанда Ақмола облысы Ақмола ауданы Тайтөбе ауылына жақын орналасқан Қырыққұдық қыстағында дүниеге келген. Арғын тайпасы Қуандық руы Темеш бөлімінен шыққан. 1942 жылы әскерге алынып, 1944 жылы қазанда Фрунзедегі (Бішкек) жаяу әскер училищесін бітірген. 1944 жылы қазан айынан бастап I Белорусь майданындағы 150-Идрицк атқыштар дивизиясы құрамында взвод басқарып, Польша және Германия жерлеріндегі ұрыстарға қатынасты. Лейтенант Қошқарбаев Берлин операциясы кезінде асқан ерлік көрсетті. 30 сәуірде ол жауынгер Григорий Булатов екеуі Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алдымен жетіп, жеңіс туын тікті. Соғыстан кейінгі жылдары Эльба бойындағы кеңестік оккупациялық әскер бөлімінде қызмет атқарды. 1988 жылы 10 тамызда Алматы қаласында қайтыс болды. 
Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына  100 жыл
Қойшығара Салғариннің туғанына – 85 жыл
Салғарин Қойшығара 1939 жылы 1 сәуірде Торғай облысының Көкалат ауылында туған. Еңбек жолын шопандықтан бастаған ол, ҚазМУ-дың филология факультеті журналистика бөлімін бітірген соң, 1964-1965 жж. «Ауыл өмірі» газетінің редакторы, 1965-1971 жылдары Қазақ радиосының Қостанай облысындағы меншікті тілшісі, 1971-1975 жж. Торғай облыстық телерадио комитетінің редакторы болған. 1975-1990 жж. «Егемен Қазақстан» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, 1990-1993 жж. Әдебиет және өнер институтында қызметкер. 1993-1997 жж. ҚР Мемлекеттік хатшысының кеңесшісі, мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес хатшысының орынбасары, хатшысы, 1997 жылы Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы елшілігінде мәдениет жөніндегі кеңесші қызметтерін атқарған. ҚХР-да жүріп «Сиуңну», «Дуңху. Гаучы», «100 құжат», «Таным тармақтары», «Анықтамалық» атты кітаптарын жазды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет