Біліміңді еңбек пен өмірдің Өзінде шыңдап отыр! Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспастан жалтырай да жарқырай береді


ФКББИ 1-курс студенті Ибраимова Мөлдір



Pdf көрінісі
бет9/12
Дата21.05.2023
өлшемі1.28 Mb.
#474064
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
2

ФКББИ 1-курс студенті Ибраимова Мөлдір 
Жамбыл жыры – таусылмас қазына 
Ғасырға жуық өмір сүріп, жыр алыбы дәрежесіне көтерілген ұлы 
ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына биыл 175 жыл толып отыр. Қашанда 
ұлыларын ұлықтап, ақын-жыршыларын құрмет тұта білу халқымыздың 
айнымас қасиеті деп түсінемін. Қазақ әдебиетінде аты алтын әріптермен 
жазылатын Жамбыл бабамыздың мерейтойы ел көлемінде аталып 
өтілмек. Мұндағы негізгі мақсат - баба рухына тағзым ете отырып, жас 
ұрпаққа өткен тарихты таныту, ақын шығармаларын насихаттау болса 
керек.
Жамбыл шығармалары несімен құнды? Ақын шығармаларының өз 
құндылығын жоймай, керісінше, әлі де болса зерттеуді қажет ететіндігі 
оның жырларындағы ойдың тереңдігінде, тақырыптарының өзектілігінде, 
шынайылығы мен суреткерлігінде деп ойлаймын. Қайраткер-ақын 
С.Сейфуллиннің «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан 
маржан сықылды. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің 
әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» деуі ақын жырларының халық 
үшін, болашақ ұрпақ үшін мол мұра, асыл қазына екендігін білдіреді. 
Жыр алыбының шығармалары әлемнің бірнеше тілдеріне 
аударылып, дүйім жұртқа қазақ атын танытуға өлшеусіз үлес қоса білді. 
Жамбыл Жабаев - атақты Сүйінбай ақынның батасын алып, әдебиет 
әлеміне өзіндік дара жолымен келген нар тұлға. 
«Менің пірім Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сыйынбай»,-деп ұстазын пір тұта отырып, ақындық өнердің 
биік шыңына көтеріле білген. Жырларынан өмірдің ащы шындығын 
да шымбайға батырып айта білетін батылдығын, ешкімге 
мойынсұнбай, адалдықтың ақ туын биік ұстанған қайсарлығын 
аңғармау мүмкін емес.
«Жамбыл менің жай атым, Халық менің шын атым» деп 
жырлағанындай, иә расымен ақынның өмірі халықпен бітеқайнасып 
кеткен. Ол – халық ақыны. Елдің мұңын мұңдап, қуанышына шын 
көңілмен ортақтаса білген, заманының бейнесін жырлары арқылы 
әдемі суреттеп, көркемдеп жеткізе білген сыршыл да мұңшыл ақын.
Ақынның Ұлы Отан соғысы жылдарында майдан даласындағы 
жауынгерлер арасында кеңінен таралып, ел мен жерді қорғауға рух 
пен күш берген өлеңі – «Ленинградтық өренім». Елден келген ыстық 
лебізді туындыны жауынгерлер майдан алаңында оқи жүріп, 
жанқиярлықпен ерлік көрсетіп, соңғы демдері қалғанша жауға 
тойтарыс беріп, жеңіс дәмін татты. 
Қорыта айтсам, Жамбыл жыры – бүгініміз үшін де, келешеміз 
үшін де өз мәні мен маңызын жоймайтын таусылмас қазына. Ақынның 
мерейтойы өз дәрежесінде аталып өтіп, ұрпақ санасында мәңгі 
жаңғыра береді деп ойлаймын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет