Биомассаны анықтау. Құрғақ биомассаның ылғалдылығын және құрғақ биомассаны анықтау


Азықтық биомассадан микробтық липидті экстракциялап бөліп алу



бет28/53
Дата11.09.2023
өлшемі0.65 Mb.
#477183
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53
Лаб

Азықтық биомассадан микробтық липидті экстракциялап бөліп алу
Қазіргі кезде микробтық липид алуда ең көп өңделген технологиялық режим гидролизат трофында және көмірсутекте ашытқыларды өсіру болып табылады. Бірақ өндірістік масштабта арнайы микроорганизмдердің штамын культивирлеу арқылы үлкен көлемде липидті синтездеу әдісі құрылуда.
Мұнай парафинінен Candida туысындағы азықтық ашытқыдан алынатын липид маңызды. Ашытқы жасушасында липидтердің құрамы 16-20% жоғары, басқа липид түзушіге микроорганизмге қарағанда (құрғақ биомасса есебі бойынша) жоғары болады. Демек, липидтерді ашытқылардан бөліп алу экономика жағынан тиімді болады, өйткені үлкен көлемде азықтық ашытқы өндіріледі, ал липидтер, бұл азықтық қоспаға қажетсіз компонент болып табылады.
Липид өндірісі кезінде азықтық ашытқыны алудың технологиялық сызба нұсқасында соңғы өнімді бөліп алу сатысына тағы бір – құрғақ ашытқыдан органикалық ерітінді арқылы липидті экстракциялау операциясы қосылады. Осы технологияны орындағаннан соң екі өнім – «майсыздалған» микробтық май алынады.
Азықтық ашытқыны алу технологиясы ертеректе қарастырылған, сондықтан липидті азықтық ашытқыдан бөліп алудың сызба нұсқасы қарастырылған. Шашыратқыш кептіргіштен алынған ашытқыны арнайы ыдысқа салып ылғалдайды, содан соң қыздырып майдалап түйіршіктеуге жібереді. Ылғал биомассаны майдалау фильтр арқылы қысып жаншып үгітетін машинаға (бумен жұмыс жасайтын) түсіріледі.
Жаншып үгітетін машинада түйіршіктелгендер ісініп, нәтижесінде жасуша бұзылады; алынған өнім пневматикалық кептіргішке тасымалданады. Кептіргіш тігінен орнатылған құбыр болып келеді, оның бойымен ісінген, майдаланған түйіршіктер және қыздырылған кептірілген агент (ауа) жоғары тура ағыммен жылжиды.
Кептірілген биомасса түйіршіктері майдалануға түсіп, онда жұқа фракцияға бөлінеді (түйіршік бөлшектің размері 2 мм кем емес), ал негізгі масса экстракцияға жіберіледі.
Экстракция құрылысы әр түрлі экстракторларда қатты заттарды экстракциялау принципі бойынша жүргізіледі. Экстрагент ретінде органикалық еріткіштерді қолдануға болады. Экстракциялау нәтижесінде алынған биомай ерітіндісін еріткіштегі мисцелла деп атайды. Биомай мисцелланы бөліп алу үшін дистиляцияға еріткішті айдау үшін жібереді.
Дистилляция жүйесі әдетте екі сатыдан тұрады. Дистилляцияның бірінші сатысында еріткішті айдау процесі биомай концентрациясын 90%-ке жеткенше қабықшалы - буландырғышта жүргізеді. Еріткішті айдаудың соңғы сатысы вакууммен дистилляциялы бағанада жүргізіледі. Бу мен жоғарғы температураның әсерінен ашытқы еріткіштен ажыратылады және кептіріледі. Дайын биомасса десольветордан түйіршіктеуге келіп түседі және кептіруге жіберіледі. Микробтық синтез өнімі липидті қажет ететін халық шаруашылығының әртүрлі салаларын қанағаттандыра алады.



9 сурет . Микробтық липид алудың негізгі сатылары




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет