Бизнес ответ


Бизнес жоспардың негізгі тараулары



бет36/73
Дата13.12.2022
өлшемі5.38 Mb.
#467157
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   73
Бизнес ответ

65. Бизнес жоспардың негізгі тараулары

Бизнес – жоспардың негізгі тараулары мынадай болып келеді:


1. қысқаша суреттеме
Бұл тарау жоспардың маңызды тарауларының бірі. Қысқаша суреттеме жасауға арналған сұрақтардың бақылау тізімі: бизнес құрылу және өсу кезеңдерін суреттейтін қысқаша тарихы, бизнес пен бизнес жүргізілетін ортаның даму сапаларын қысқаша суреттеу; ұсынылатын бизнес-жоспарды қалай іске асыру қажеттілігін сипаттайды.
2. бизнес пен оның жалпы стратегиясы
Бұл тарау компанияға мұқият суреттеме беруді қарастырады. Бизнес пен оның жалпы стратегиясын суреттеуге арналған сұрақтардың бақылау тізімі: бизнес ұйымдастыруын, оған қатысу формасын, директорлар кеңесін суреттеу, жоғары кәсіби қызметкерлер құрамы мен басқару, бизнес мақсатын суреттеу, экономикалық артықшылықтары қандай болады.
3. нарық және маркетинг стратегиясы
Маркетинг талдауы мен маркетинг стратегиясы бизнестің алдын-ала болжанушы кірісіне баға береді.
4. өндіріс пен пайдалану
Бұл сатыда бизнес құру, кеңейту және құрылымын өзгерту бойынша шешім қабылданғандығы, жоспарды іске асыру үшін уақытша жуық кезең белгіленгендігі қарастырылады.
5. басқару және шешім қабылдау процесі
Бизнес-жоспарыдың қаржы бөлімінде келесі негізгі сәттер бейнеленуі тиіс: пайдалылық.
6. қаржы жоспары
Тәуекел әсерін басқару бизнесте жолығатын негізгі тәуекелдерді шынайы бағалаудан басталады. Тәуекелдің екі түрі бар. Техникалық тәуекел және қаржы тәуекелі.
7. тәуекел факторлары
66. Тарауларға қойылатын негізгі талаптар
1) дайындаушының тауар белгісі;
2) тауардың шыққан елі;
3) тауардың құрамы туралы;
4) азық-түлік тауарлары үшін – тамақ құндылығы;
5) дайындалған күні;
6) сақтау және жарамдылық мерзімі туралы;
7) стандарттау жөніндегі құжаттың көрсетілуі;
8) стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкес өзге де мәліметтер.
67. Бизнес-жоспарлаудың міндеттері мен функциялары
Бизнес-жоспардың міндеті бұл - мақсатпен анықталған нәтиженің параметрлерін немесе сандық деректердің жиынтығымен сипатталатын бизнестің экономикалық орындылығын, техникалық мүмкіндігін, кәсіпкерлік ұсыныстың концепциясын дәлелдеу.
Сонымен бірге инвестициондық бағдарламаны дәлелдеу, жобалық ұсынысты іске асыру барысында қаржылық, ұйымдастырушылық саясатты қалыптастыру, маркетингтің стратегия жұмыстарын, нарық конъюнктураларын болжау негізінде ең үлкен экономикалық әсер алу шарттары ескеріледі.

Қазіргі экономикалық теория мен тәжірибеде бизнес-жоспар төрт түрлі функция атқарады:


Бірінші функция, бизнестің концепциясы мен стратегиясын дамыту мүмкіндігімен байланысты. Бұл функцияның міндеті кәсіпорынды құру кезеңінде жаңа іс-әрекет қажеттілігін дәлелдеуге саяды.
Екінші функция жоспарлау. Ол фирманың мақсаты мен міндетін дұрыс анықтауға, дамудың ағымдағы, орташа және ұзақ мерзімді бағыттарын белгілеуге, іс-әрекеттің жаңа бағыттарының даму мүмкіндіктерін бағалауға, даму процесін бақылауға, қауіп-қатер дәрежесін төмендетуге және қажетті түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.
Үшінші функция өндіріс қуаттарын жасақтауға, ұлғайтуға және жаңартуға қажетті ақша қаражаттарын тартуға, жаңа технологияны енгізуге, шығарылатын өнімдердің түрін көбейтуге не өзгертуге және оның сапасын жақсартуға қызмет етеді. Бұл арқылы жобалардың жаңалануы және тәуекелділік дәрежесіне қарай капиталды жұмылдыру тәсілдері анықталады.
Төртінші функция фирманың жоспарын жүзеге асыратын, біріккен өндіріс жүргізіп, өз капиталын, ресурстары мен қолындағы технрлогиясын қоса алатын әріптес тартуға мүмкіндік береді. Кез-келген әріптес ең әуелі бизнес-жоспар негізінде компанияның даму бағытына сәйкес фирманың мүмкіндіктерін мұқият зерттеп алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет