Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы


-тарау. Құжаттар жинағын қалыптастыру және құжаттар жинағын қалыптастырған кезде құжаттарға қойылатын талаптар



бет4/46
Дата09.07.2016
өлшемі3.18 Mb.
#188192
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46

10-тарау. Құжаттар жинағын қалыптастыру және құжаттар жинағын қалыптастырған кезде құжаттарға қойылатын талаптар
      91. Мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң құжаттар жинағы мынадай құжаттарды қамтиды:
      1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың нотариалды расталған көшiрмесi;
      2) мемлекеттiк мекеме/квазимемлекеттiк сектор субъектiсi ережесiнiң (жарғысының) көшiрмесi;
      3) қолдардың және мөр бедерiнiң үлгiсi;
      4) мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң бiрiншi басшысын тағайындау туралы бұйрықтардың көшiрмелерi және қаржылық құжаттардағы бiрiншi және екiншi қол қою құқығын жүктеу туралы бұйрықтардың көшiрмелерi;
      5) демеушiлiк, қайырымдылық көмек, уақытша ақша орналастыру ҚБШ және шетел валютасындағы шоттарды ашуға рұқсат.
      Мемлекеттік мекемеге/квазимемлекетік сектор субъектісіне «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсеткен кезде қосымша мыналар:
      1) қазынашылық пен мемлекеттік мекеме/квазимемлекетік сектор субъектісі арасындағы Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану туралы келісімнің түпнұсқасы (бұдан әрі – ЭЦҚ туралы келісім);
      2) ЭЦҚ кілттерінің қолданылу мерзімі өткен жағдайда ЭЦҚ пайдалану туралы келісімге Қосымша келісімнің түпнұсқасы беріледі.
      Мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің атауы өзгерген кезде оларға сәйкес мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің атауы өзгертілген нормативтік құқықтық актінің не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжаттың көшірмесін бір мезгілде ұсына отырып, жоғарыда санамаланғандарға ұқсас жаңа құжаттар ұсынылады.
      Ескерту. 91-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 392 қаулысымен (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.10.2013 N 1101 қаулыларымен.
      92. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесi әр мемлекеттiк мекемеге/квазимемлекеттік сектор субъектісіне бiр құжаттар жинағын қалыптастырады.
      Ескерту. 92-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 Қаулысымен.
      93. Мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң құжаттар жинағын қалыптастырған кезде аумақтық қазынашылық бөлiмшесi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәліктегі/анықтамадағы, ережедегi (жарғыдағы) және мөр бедерiнде (ММ үшiн – елтаңбалы) мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттiк сектор субъектiсi атауының бiрдейлiгiн, сондай-ақ бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрықтардың, қол қою құқықтарын және мөр бедері үлгілерін қоюды жүктеу туралы бұйрықтардың сәйкестігін тексередi. Алшақтықтар анықталған жағдайда сәйкестендiру үшiн мемлекеттiк мекемеге/квазимемлекеттiк сектор субъектiсiне қайтарады.
      Ескерту. 93-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.10.2013 N 1101 қаулысымен.
      94. Қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы Ереженiң 40-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екi данада ұсынылады. Бiр данасы мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің құжаттар жинағында сақталады, екiншiсiн қаржылық құжаттардағы қолдар мен мөр бедерiнiң (ММ үшін – елтаңбалы) шынайылығын тексеру үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесi пайдаланады.
      Ескерту. 94-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 Қаулысымен.
      95. Бiрiншi қол қою құқығы мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы және/немесе ол уәкiлеттiк берген тұлғалар ие. Екiншi қол қою құқығы бухгалтерлiк есеп жүргiзу жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысына және/немесе мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы уәкілеттік берген бухгалтерлiк есептi жүргiзу жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын тұлғаларға беріледi.
      Ескерту. 95-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 Қаулысымен.
      96. Мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің қолдары мен мөр бедерiнiң үлгiсi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi басшысының немесе ол уәкiлеттік берген тұлғаның қолымен расталады және бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң мөр бедерiмен (ММ үшін – елтаңбалы) бекітіледі не нотариалды куәландырылады.
      Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің қолдары мен мөр бедерiнiң үлгiлерi нотариалды куәландырылады.
      Ескерту. 96-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.10.2013 N 1101 қаулысымен.
      97. Қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi өшпейтiн төзiмдi сиялармен орындалуы тиiс, мөрдiң бедерi (ММ үшін - елтаңбалы) дәл және анық болуы тиiс. Ұшып кететiн сиялар құйылған фломастер және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильдi көшiру құралдарын пайдалануға жол берiлмейдi. Мөр бедерін (ММ үшін - елтаңбалы) қойған кезде («Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi» мемлекеттiк мекемесiн қоспағанда), қызыл, қара және жасыл түстi мастиканы пайдалануға тыйым салынады.
      Арнайы мақсаттарға арналған мөрлердi қолдануға жол берiлмейдi.
      Ескерту. 97-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 Қаулысымен.
      98. Қайта құрылған мемлекеттiк мекемеде/квазимемлекеттік сектор субъектісінде мөр уақытша болмаған, мөрдiң атауы өзгерген, ескiрген немесе жоғалған жағдайда, аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң басшысы мемлекеттiк мекемеге/квазимемлекеттік сектор субъектісіне оның өтiнiшiнiң негiзiнде жаңа мөр дайындауға уақыт (күнтiзбелiк 10 күннен аспайтын) бередi және осы жағдайға байланысты құжаттарды сол елдi мекенде орналасқан бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң мөр бедерiмен бекітуге немесе құжаттарды мөр бедерінсiз беруге рұқсат бере отырып, мөр болмаған уақытта қаржылық құжаттарды ресiмдеу тәртiбiн айқындайды. Қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi мөрдiң (ММ үшін – елтаңбалы) дайындалу уақытында оның әрекет ету мерзiмi көрсетiлiп, «Мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің мөр табанының үлігісі» ашық жолағында «уақытша мөрсіз» деген белгімен елтаңбалы мөрдiң бедерiнсiз (ММ үшін – елтаңбалы) ресiмделедi.
      Ескерту. 98-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.10.2013 N 1101 қаулысымен.
      99. Ең болмағанда бір қол ауыстырылған немесе толықтырылған немесе мөр ауыстырылған жағдайда аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы тараудың 96-тармағында белгiленген тәртiппен куәландырылған қол қою және мөр бедерiнiң үлгiлерiмен жаңа құжат ұсынылады.
      Бiрiншi немесе екiншi қол қою құқығы бар тұлғалардың бiрiнiң қолын уақытша ауыстырған кезде аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне тұлғаны тағайындау және уақытша мiндетiн атқарушыға қол қою құқығын жүктеу туралы бұйрықтың көшiрмесiн оның қолданылу мерзiмiн көрсете отырып, уақытша міндетін атқаратын тұлғалардың қолдарының үлгілерін қамтитын уақытша құжат ресiмделедi. Жаңадан ұсынылған құжаттар мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің құжат жиынына тiгiледi.
      Екiншi қол қою құқығы бар тұлға уақытша болмаған (демалыс немесе науқастанған) кезде төлем құжаттарына қол қою мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатта көрсетiлген екiншi қол қою құқығы бар тұлғалар қол қояды. Бұл жағдайда қол қою мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар уақытша құжат толтыру талап етiлмейдi.
      Ескерту. 99-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 Қаулысымен.
      100. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган, бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi, мемлекеттiк мекемелер/квазимемлекеттік сектор субъектілері аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне құжат жиынын қалыптастыру үшiн қажеттi құжаттарда көрсетiлген деректердiң шынайлығы үшін жауап береді.
      Аумақтық қазынашылық бөлiмшесi ұсынылған құжаттардың толықтығын және осы тарауда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексергеннен кейiн құжаттау туралы заңнамаға сәйкес тексерiлген құжаттарды құжат жиынына тiгедi және сақтайды.
      Ескерту. 100-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 Қаулысымен.
11-тарау. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын, шетел
валютасындағы шоттарды, сыртқы қарыздардың немесе байланысты
гранттардың арнайы шоттарын, сыртқы қарыздардың немесе
байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттарды
жүргізу
      Ескерту. 11-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.04.2014 N 385 қаулысымен.
      101. Аумақтық қазынашылық бөлімшелерінің мемлекеттік мекемелердің кодтарын, ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастыру, жергілікті өзін-өзі басқару, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын, шетел валютасындағы шоттарды, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарын, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттарды және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын жүргізуі тиісті бюджеттердің, ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынан, шетел валютасындағы шоттардан, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарынан, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттардан, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарынан төлемдер жүргізуді және ақша аударуды, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген есептерді қалыптастыру мен ұсынуды қамтиды.
      Бiр мемлекеттiк мекеменiң кодынан екiншi мемлекеттiк мекеменiң кодына ақша аударуға жол берiлмейдi.
      Ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша шетел валютасындағы шоттарда ағымдағы қаржы жылы аяқталғанға дейiн жетi жұмыс күнi iшiнде демеушiлiк, қайырымдылық көмек түрiнде түскен шетел валютасының бар болуына, сондай-ақ ағымдағы қаржы жылының соңғы жұмыс күні 0900НП «Анықтауға дейiнгi шетел валютасындағы сомалар» шотына түскен сомалардың бар болуына рұқсат етiледi.
      Ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарында, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарында, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттарда және жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында пайдаланылмаған ақша қалдықтарының болуына жол беріледі.
      Ескерту. 101-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.06.2013 № 650 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.04.2014 N 385 қаулысымен.
      102. Мемлекеттік мекемелердің кодтарын, тиісті бюджеттерінің, ақылы қызметтерінің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын, шетел валютасындағы шоттарды, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарын, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттарды /квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жүргізуді аумақтық белгісі бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшелері жүзеге асырады. Орналасқан орны бойынша басқа әкімшілік-аумақтық бірлікке қызмет көрсететін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жақын тұрған мемлекеттік мекемелердің кодтарын, ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын, шетел валютасындағы шоттарды, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарын, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттарды /квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын жүргізуге осы аумақтық қазынашылық бөлімшесімен келісім бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның жазбаша рұқсатымен жол беріледі.
      Ескерту. 102-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.04.2014 N 385 қаулысымен.
      103. Тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарының ақшасына билік етушілер бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар, ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын, шетел валютасындағы шоттарды, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шоттағы ақшасына билік етушілер - мемлекеттік мекемелердің басшылары, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарына - квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына - аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері болып табылады.
      Ескерту. 103-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.04.2014 N 385 қаулысымен.
      104. Мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларының пайдаланылмаған қалдықтарына және ақылы қызметтердің, демеушiлiк, қайырымдылық көмектің, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ-дағы, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарындағы ақшаға иелік етудi шектеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
      Ескерту. 104-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.06.2013 № 650 қаулысымен.
      105. Тиiстi бюджеттердің ҚБШ шоттарында ақшаның қозғалысы және ҚР ББС-ға сәйкес шығыстар жөнiндегi есептердi берудi мынадай нысандар бойынша күн сайын аумақтық қазынашылық органы жүзеге асырады:
      осы Ереженiң 41-қосымшасына сәйкес магниттiк (электрондық) тасығышта 5-34 "Тиiстi бюджеттердiң ҚБШ жағдайы туралы есеп";
      осы Ереженiң 42-қосымшасына сәйкес электрондық тасығышта 5-52 "Шығыстар бойынша жиынтық есеп";
      осы Ереженiң 43-қосымшасына сәйкес қағаз тасығышта 5-20 "Қолма-қол ақшаны бақылау шотынан көшiрме" және бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдарға берiледi.
      "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар осы тармақта көрсетілген есептерді дербес қалыптастырады.
      Ескерту. 105-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 № 1654 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 
      106. Ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, шетел валютасындағы шоттардағы, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарындағы, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттардағы ақша қозғалысы жөніндегі есептерді беруді аумақтық қазынашылық органдар жүзеге асырады және:
      мемлекеттiк мекемелерге:
      1) төлемдер мен ақша аударымдарының жүргiзiлуiне қарай:
      осы Ережеге 43-қосымшаға сәйкес «Қолма-қол ақшаны бақылау шотынан көшiрме» 5-20-нысаны бойынша;
      осы Ережеге 44-қосымшаға сәйкес «Ақылы қызметтер ҚБШ қалдықтар туралы есеп» 5-33-нысаны бойынша;
      осы Ережеге 46-қосымшаға сәйкес 8-17 «Мемлекеттік мекемелердің шетел валютасындағы шоттары, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттары, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттар бойынша үзінді» нысаны бойынша;
      2) ай сайын:
      осы Ережеге 47-қосымшаға сәйкес «Ақылы қызметтер ҚБШ қалдық» 5-30-нысаны бойынша;
      осы Ережеге 48-қосымшаға сәйкес 8-07 «Шетел валютасындағы шоттардағы, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарындағы, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттардағы қалдықтар туралы есеп» нысаны бойынша;
      бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға есепті тоқсаннан кейінгі 3-ші күнге дейін тоқсан сайын және жыл сайын жылдық есепке осы Ережеге 49-қосымшаға сәйкес 5-34А «Ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың ҚБШ-дағы және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы қалдықтар туралы есеп» нысаны бойынша;
      квазимемлекеттік сектор субъектілеріне төлемдерді жүргізу және ақшаны аудару шамасына қарай:
      осы Ережеге 43-қосымшаға сәйкес «Қолма-қол ақшаны бақылау шотынан көшірме» 5-20-нысаны бойынша берiледi.
      «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері осы тармақта көрсетілген есептерді дербес қалыптастырады.
      Ескерту. 106-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.06.2013 № 650 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.04.2014 N 385 қаулысымен.
      107. 5-34 "Тиiстi бюджеттердiң ҚБШ жағдайы туралы есеп" нысаны бойынша тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң қолма-қол ақшасын бақылау шоттары бойынша айналымдар мен қалдықтарды ай сайынғы салыстыруды жүзеге асыру үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесi мен бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органның арасында аумақтық қазынашылық бөлiмшесi бiр ай аяқталғаннан кейiн 2 жұмыс күнi iшiнде 2 данада 5-34 "Тиiстi бюджеттердiң ҚБШ жағдайы туралы есеп" нысанындағы есептi қалыптастырады, жауапты атқарушының мөртабан бедерiмен ресiмдейдi, оған аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң басшысы және жауапты атқарушы қол қояды, елтаңбалы мөр бедерiмен куәландырылады және бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға берiледi. Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган өз кезегiнде 5-34 "Тиiстi бюджеттердiң ҚБШ жағдайы туралы есеп" нысаны бойынша тиiстi жергiлiктi бюджеттiң қолма-қол ақшасын бақылау шоты бойынша айналымдар мен қалдықтарды салыстырып, бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның басшысына және бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның жауапты атқарушысына қол қойдырады, елтаңбалы мөр бедерiмен куәландырады және бiр данасын аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне бередi.
      Қызмет көрсетiлетiн мемлекеттiк мекеме мен аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң арасында кассалық шығыстарды салыстыруды жүзеге асыру үшiн тоқсан сайын, ай аяқталғаннан кейiн 2 жұмыс күнi iшiнде 2 данада осы Ереженiң 31-қосымшасына сәйкес 4-20 "Шығыстар бойынша жиынтық есеп" нысаны қалыптастырылады, олар жауапты атқарушының мөртабан бедерiмен ресiмделедi, аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң басшысы мен жауапты атқарушы қол қояды, елтаңбалы мөр бедерiмен куәландырылады және мемлекеттiк мекемеге берiледi.
      Мемлекеттiк мекемелер есептердi алғаннан кейiнгi 2 жұмыс күнi iшiнде есептердiң деректерін өзiнiң бухгалтерлiк есебінің деректерiмен салыстырады.
      Мемлекеттiк мекеме деректерiнiң 4-20 "Шығыстар бойынша жиынтық есеп" нысаны есебiнiң деректерiмен алшақтығы болған кезде соңғысы алшақтық себебiн анықтау үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне жазбаша өтiнiм жасайды.
      Алшақтықтар болмаған кезде есептерге мемлекеттiк мекеменiң басшысы мен бас бухгалтерi не мемлекеттiк мекеменiң басшысы уәкiлеттiк берген тұлғалар (олар болмаған жағдайда) қол қояды және мемлекеттiк мекеменiң елтаңбалы мөр бедерiмен куәландырылады. Есептiң бiр данасы аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне қайтарылады.
      Аумақтық қазынашылық бөлімшелері мемлекеттік мекеменің және (немесе) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның жазбаша өтініші бойынша жоғарыда көрсетілген есептерді қалыптастырады, қол қояды және салыстыруды жүзеге асыру үшін соңғысына береді.
      Ескерту. 107-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 № 1654 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсету кезінде мемлекеттік мекеме кассалық шығыстарды салыстыруды жүзеге асыру үшін тоқсан сайын, ай аяқталғаннан кейін осы Ережеге 31-қосымшаға сәйкес 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысаны бойынша есепті дербес қалыптастырады және есептің деректерін өзінің бухгалтерлік есеп деректерімен салыстырады.
      Алшақтықтар болмаған кезде есептерге мемлекеттік мекеменің басшысы мен бас бухгалтері не мемлекеттік мекеменің басшысы уәкілеттік берген тұлғалар (олар болмаған жағдайда) қол қояды және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мер бедерімен куәландырылады.
      Мемлекеттік мекеме деректерінің 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысаны есебінің деректерінен алшақтығы болған кезде мемлекеттік мекеме алшақтық себептерін анықтау және жою үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жазбаша жүгінеді.
      Ескерту. Ереже 107-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 22.04.2014 N 385 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулыны 11-1-тараумен "Құпия" ("Заң" ДБ-на енгізуге жатпайды) толықтыру көзделген - ҚР Үкіметінің 04.08.2010 N 793 Қаулысымен.
12-тарау. Кодтарды, қолма-қол ақшаның бақылау шоттарын және
шетел валютасындағы шоттарды, сыртқы қарыздардың немесе
байланысты гранттардың арнайы шоттарын, сыртқы қарыздардың
немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына шоттарды жабу
      Ескерту. 12-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.04.2014 N 385 қаулысымен.
      108. Аумақтық қазынашылық бөлiмшелерi күнтізбелік бір жыл ішінде бір рет есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарынан кешіктірмей ақылы қызметтердің, демеушiлiк, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын тексерудi жүргiзедi және 12 ай iшiнде оларда ақша қозғалысы мен қалдықтары болмаған кезде мемлекеттік мекемелерге/квазимемлекеттік сектор субъектілеріне осы ҚБШ жабу жөнiнде шаралар қабылдау қажеттiлiгi туралы хабарлайды.
      Мемлекеттік мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жабу бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшесі хатының негізінде кейіннен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшесіне және мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жабылу туралы хабарлама бере отырып, өзі жабады.
      Ескерту. 108-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.06.2013 № 650 қаулысымен.
      109. Тиісті бюджеттердің ҚБШ шоттары әкімшілік-аумақтық бірлікті тарату кезінде жабылады.
      110. Мемлекеттік мекеменің коды осы Ережеге 50-қосымшаға сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі бойынша, квазимемлекеттік сектор субъектісінің коды және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоты осы Ережеге 50-1-қосымшаға сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектісінің өтінімі бойынша, ал ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол бақылау шоттары, шетел валютасындағы шоттар, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттары, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттар осы Ережеге 51-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекеменің өтініші бойынша:
      1) мемлекеттiк мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі таратылған немесе қайта ұйымдастырылған;
      2) мемлекеттiк мекемелердiң билiгiнде қалатын олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзуден түскен ақшаны мемлекеттiк мекеменiң пайдалану құқығы айқындалатын заңнамалық акті жойылған;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнен тиiстi ҚБШ мен шотты ашуға рұқсат беру үшiн негiз болып табылатын қаржыландыру көзiн алып тастаған;
      4) тиiстi ҚБШ мен шотының болу құқығын беретiн заңнамалық негiздеменi жойған;
      5) ақылы қызметтер, демеушiлiк, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттары бойынша операциялар күнтізбелік жыл iшiнде болмаған;
      6) қарыз туралы шартта көрсетілген қарызды жабатын күн басталған немесе оның негізінде сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол бақылау шоты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шоты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шот ашылған байланысты грант туралы шарттың қолданылу мерзімі өткен жағдайларда жабылады.
      Ескерту. 110-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.06.2013 № 650 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.04.2014 N 385 қаулысымен.
      111. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтату үшін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Ереженің 50-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтатуға өтінім береді.
      Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтату үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне осы Ереженің 50-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтатуға өтінім береді.
      Аумақтық қазынашылық бөлімшелері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға мемлекеттік мекемелерге берілген кодтардың қолданысын тоқтату үшін осы Ереженің 50-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім береді.
      112. Ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол бақылау шоттарын, шетел валютасындағы шотты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шотты жабу үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ережеге 51-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 2 данада өтініш береді. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі тиісті ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол бақылау шотын, шетел валютасындағы шотты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шотты жабу туралы жазбаша өтінішін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшесін жапқаннан кейін жабылуы туралы белгісі бар өтініштің бір данасын мемлекеттік мекемеге қайтарады.
      Ескерту. 112-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.04.2014 N 385 қаулысымен.
      112-1. Квазимемлекеттік сектор субъектісі кодтарының қолданылуын тоқтату және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жабу үшін квазимемлекеттік сектор субъектісі аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне осы Ереженің 50-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінімді 2 данада жібереді.
      Аумақтық қазынашылық бөлімшелері квазимемлекеттік сектор субъектісі кодтарының қолданылуын тоқтатуға және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жабуға осы Ереженің 50-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінімді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган квазимемлекеттік сектор субъектісінің кодын және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жапқаннан кейін, аумақтық қазынашылық бөлімшесі жабылғаны туралы белгісі бар өтінімнің бір данасын квазимемлекеттік сектор субъектісіне қайтарады.
      Ескерту. 12-тарау 112-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 Қаулысымен.
      113. Жабылатын ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол бақылау шотында, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотында, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотында, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шотта, шетел валютасындағы шотта ақша қалдығы болған кезде мемлекеттік мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі жабылатын:
      1) ақылы қызметтердің ҚБШ:
      құқықтық мирасқордың ақылы қызметтердің ҚБШ (бұл ретте, егер құқықтық мирасқорға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) сатудан түскен ақшаға иелiк ету құқығы берiлсе);
      мынадай жағдайларда:
      құқықтық мирасқор болмаған;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) сатудан түскен ақшаға иелік ету құқығы берiлмеген құқықтық мирасқор анықталған;
      құқықтық мирасқорда ол бойынша қалдығы есептелетiн тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) коды болмаған жағдайда тиiстi бюджет кiрiсiне;
      2) демеушiлiк, қайырымдылық көмектің ҚБШ:
      құқықтық мирасқордың демеушiлiк, қайырымдылық көмектің ҚБШ;
      құқықтық мирасқор болмаған жағдайда, салымшыға;
      құқықтық мирасқор мен салымшы болмаған жағдайда, тиiстi бюджеттiң кiрiсiне;
      3) уақытша ақша орналастырудың ҚБШ:
      салымшыға;
      құқықтық мирасқордың ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ;
      4) шетел валютасындағы шотта – бюджет ақшасы есебінен операциялар жүргізілген кодқа кейін жүргізілген кассалық шығыстарды қалпына келтіре отырып, шетел валютасының қалдығын қайта айырбастау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен және/немесе айырбасталған валютаны демеушілік, қайырымдылық және/немесе ақшаны шетелдік валютада уақытша орналастыру ҚБШ есептеумен;
      5) квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына:
      құқықтық мирасқордың квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына;
      квазимемлекеттiк сектор субъектiсi құрылтайшысының шотына;
      6) жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ:
      құқықтық мирасқордың жергілікті өзін-өзі басқарудың;
      7) сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол бақылау шоты:
      ақша ұлттық валютаға қайта айырбасталған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шетел валютасындағы соманы кейіннен қалпына келтіре отырып, ақша қалдығын айырбастауды жүзеге асыру жолымен;
      құқықтық мирасқордың сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың қолма-қол бақылау шотына;
      8) сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотында:
      қарыз берушіге мемлекеттік қарыз беру туралы халықаралық шарттың талаптарына сәйкес немесе донорға байланысты грант туралы шарттың талаптарына сәйкес;
      құқықтық мирасқордың сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына;
      9) сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын берілген шотта:
      сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына соманы кейіннен қалпына келтіре отырып, шетел валютасындағы ақша қалдығын валютаға қайта айырбастауды жүзеге асыру жолымен пайдаланылмаған ақша қалдығын аудару үшін төлеуге берілетін шот («Қазынашылық-клиент» АЖ-да электрондық бейне қалыптастырады), шетел валютасын қайта айырбастауға төлем тапсырмасын немесе өтінімді ұсынады.
      Ескерту. 113-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.06.2013 № 650 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.04.2014 N 385 қаулысымен.
      113-1. Мемлекеттік мекеме қайта ұйымдастырылған және елтаңбалық мөр жойыған және қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеменің қаржы құжаттарына қол қою құқығы бар адамдардың болмау себебімен жабылатын ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары ақша қалдығын құқықтық мирасқордың тиісті қолма-қол ақшаны бақылау шотына аудару үшін төлеуге арналған шотты беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, осы Ереженің 113-тармағында көзделген жұмсау бағыттары бойынша, құқық мирасқоры қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекемеге қызмет көрсеткен аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жабылатын ақылы қызметтер, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары ақша қалдығын аудару туралы қолдаухат жібереді. Құқықтық мирасқордың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына ақша қалдығын аударған жағдайда қолдаухатқа құқық мирасқорлығын растайтын құжаттар қосымша қоса беріледі.
      Құқықтық мирасқордың қолдаухаты қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеменің деректемелерін: мемлекеттік мекеменің атауын, БСН, кодын, қолма-қол ақшаны бақылау шотының нөмірін, сондай-ақ қолма-қол ақшаны бақылау шоттары аударуға жататын ақша қалдығының сомасын және аудару үшін барлық қажетті деректемелерді қамтуы тиіс. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі қолдаухатты алған күннен кейінгі күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде осы Ереженің 113-тармағында көзделген жұмсау бағыттары бойынша қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеменің ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы ақша қалдығын аударуды жүзеге асырады.
      Ескерту. 12-тарау 113-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.10.2013 N 1101 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.04.2014 N 385 қаулысымен.
      114. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган оларды жапқан күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде аумақтық қазынашылық бөлiмшелерi тиiстi салық органдарына мемлекеттiк мекемелердiң кодтарын, квазимемлекеттік сектор субъектісінің кодтарын және ақылы қызметтердің, демеушiлiк, қайырымдылық көмектің, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарын жабу туралы жазбаша хабарлайды.
      Ескерту. 114-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.06.2013 № 650 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулыны 12-1-тараумен "Құпия" ("Заң" ДБ-на енгізуге жатпайды) толықтыру көзделген - ҚР Үкіметінің 04.08.2010 N 793 Қаулысымен.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет