және бұрын білмегенді ашады) туралы идея жатыр. Бұл нәтижені шынайы практикалық іс-әрекетте көруге, зерделеуге, қолдануға болады.
үш жарым жастан бес жастағы балалармен іске асыруға болатын еліктеу-орындаушы кезең. Бұл
кезеңде балалар «екінші рөлдегі» жобаға қатысады, ересектердің тікелей ұсынысы бойынша немесе оған еліктеу арқылы іс-әрекеттерді орындайды. әртүрлі бірлескен іс-әрекет тәжірибесі бар, іс-әрекеттерді келісетін, бір-біріне көмек көрсете алатын бес-алты жастағы балалар үшін тән дамытушы кезең. Бала ересектер көмегіне сирек жүгінеді, құрдастарымен бірлескен іс-әрекетті белсендірек ұйымдастырады. Балаларда өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау дамиды, олар өздерінің, құрдастарының әрекеттерін объективті бағалауға қабілетті. Бұл жаста балалар проблеманы түсінеді, мақсатты айқындайды, іс-әрекет нәтижесіне жету үшін қажетті құралдарды таңдауға қабілетті болып табылады. Олар ересектермен ұсынылған жобаларға қатысуға дайындығын көрсетеді, сонымен қатар шығармашылық, зерттеу, тәжірибелі-бағдарлы жобалардың жөнелтпелі нүктесі болып табылатын проблеманы өз бетімен табады.
алты жастағы балаларға тән шығармашылық.
Ересектерге осы кезеңде балалардың шығармашылық белсенділігін дамыту және қолдау, балалардың алдағы іс-әрекетінің мақсаты мен мазмұнын дербес анықтау, жобамен жұмыс жасау тәсілдері мен оны ұйымдастыру мүмкіндіктерін таңдау үшін жағдай жасау өте маңызды.