Дәрістемелер кешені дәріс Халыққа тұрмыстық қызмет көрсету саласы


Дәріс 8. Халыққа тұрмыстық қызмет көрсету сапасы



бет17/24
Дата20.02.2023
өлшемі160.97 Kb.
#469796
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
ДӘРІСТЕМЕЛЕР КЕШЕНІ

Дәріс 8. Халыққа тұрмыстық қызмет көрсету сапасы
8.1 Тұрмыстық қызмет көрсетудің әлеуметтік-экономикалық маңызы
8.2 Сапа көрсеткіштері
8.3 Сапаны көтерудің негізгі жолдары
8.4 Кешенді қызметті ұйымдастыру


1 Тұрмыстық қызмет көрсетудің әлеуметтік-экономикалық маңызы
Тұрмыстық қызметтің сапасы – бұл ерекше категория- біріншіден, қызмет көрсету, жөндеу және жеке тапсырыс сапасы, екіншіден, қызмет көрсету процессінің сапасы.
Қызмет сапасы алғашқыда бір ғана адамға қызметпен белгіленсе, ол қазір кешенді түрде қызметтермен ерекшеленеді.
Сапалы қызмет терминін ең алғаш рет француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832) саяси экономия бойынша трактат еңбегінде 1803 жылы енгізген. Оның ойынша, қызметті тек адам ғана емес, заттар да, табиғи күштер де көрсете алады. Кейіннен Сэйдің ізбасары француз экономисі Фрэдерик Бастиак (1801-1850) жеке кызметтер мен қызығушылықтардың үйлесімдігі, олардың рөліне басты назар аударады. Яғни, оның ойынша, нақты еңбек шығынын жұмсау нәтижесі емес, сонымен қатар, қызмет бұл біреу арқылы жүзеге асырылатын және келесі бір адамның оны тұтынуы болып табылады. Бастияның пікірінше, Буржуазиялық қоғам бұл – өз қызметтерімен айырбастайтын әрбір топтардың ‘‘Үйлесімдігі қауымдастығы” болатын қоғам. 20 ғасырда қызмет көрсету түрлері кеңінен дами бастады, ол кезде сапалы қызмет ерекше орын алды, өйткені сапасыз қызмет бизнестің дамуына кері ықпал тигізеді деп ерекше қадағалады. Қазір де солай. Сол себепті сапалы қызмет бизнесте бірінші орында болуы керек. Бұл сұрақ күн тәртібінен түспеуі керек.
1 кезенде: мамандар пайдалы қазбаларды өндіру, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылықтарын өндіруімен байланысты еместің барлығы қызметке жатқызылады.

  1. кезенде: қызметтің қандай да бір ерекшеліктерінде арнайы белгілері қарастырылады. Осы кезде қызмет келесідегідей анықтамаға ие болды: Материалдық емес сипатқа ие болатын нәтиже яғни қызмет түрі.

  2. кезенде: Қызметтің мәнін толық және нақты ашуға мүмкіндік береді және материалды талабы бар қызметтерді, қасиеттерін тереңірек салыстыру қажеттілігі туындады.

Материалды игілікте қызметтерді ажырататын белгілер:

  • Бөлшекке ұстауға, өлшеуге, химиялық қасиетін білуге болмайды.

  • Қызмет өзінің қайнар көзімен бөлінбейді.

  • Сапаның тұрақсыздығы.

  • Қызметтің сақталмауы.

Ешқандай да кәсіпорын тұтынушы талап еткендей, жоғары сапалы қызметтер мен тауарды өндірмеген жағдайда, бәсекелестік күресте жеңіске жете алмайды. Профессор Дэвид Гарвин әртүрлі бес көзқарас тұрғысынан, сапа анықтамасын бес категорияға бөлген.

  1. Абстрактілік. Бұл көзқарасқа сәйкес, сапа абстрактілі және эксперимент арқылы сыналуы мүмкін.

  2. Өнімге бағдарлану. Тауар сапасын сандық сипаттамалар көмегімен анықтауға болады. Тауарлардың бұндай сипаттамаларына пайдалылықтың созылуы, талап етілетін ингредиенттердің саны (мысалы, 100%- мақтадан жасалған) және өнім құрамындағы қажетті заттар саны (галлонында- 45 миль). Қызмет сапасын анықтайтын параметрлерді –сандық сипатта да бағалауға болады. Мысалы: Тіркеу кітаптарындағы сіздің тапсырысыңыз орындалған күндер саны.

  3. Тұтынушыларға бағдарлану. Бұл қызметтің сапасы оның соңғы тұтынушысының көзқарастары бойынша анықталады. Субъективтілік тұрғысынан, бұл амал екі міндеттің пайда болуына әсер етеді:

  4. клиенттердің көпшілігін қамту үшін тауар мен қызметтің қандай қасиеттері болу керек;

  5. сапа категориясын анықтайтын және тұтынушылар қажеттіліктерін сипаттайтын көрсеткіштерін бөлу керек.

  6. Өндіріске бағдарлану- қызметті өндіру өндірісі мен жұмыс механизмінің ұйымдастырылуына байланысты.

  7. Құндылықты қалыптастыруға бағдарлану. Мұнда сапаны анықтауда баға құндылық тұрғысынан қарастырылады.

2 Сапа көрсеткіштері
Сапа, өнеркәсіптік салаларда жұмыс істейтін шағын фирмалардың , күшті бәсекелестік артықшылығы болып есептеледі. Сапалы өнім өндірмеген, өндірушінің келешегі бұлыңғыр. Қызмет саласында жұмыс істеуші, кәсіпорындардың тауар өндіруші кәсіпорындар сияқты шетелдік бәсекелестері жоқ. Қызмет саласында жұмыс істейтін кәсіпорындардың сапа көрсеткіштеріне әсер ететін факторларды қарастырамыз. Сапа-тұтынушылардың қанағаттандыру деңгейіне әсер ететін көрсеткіштер жүйесі. Жоғары сапалылық, жоғары тұтыну қажеттіліктерін қанағаттандырады және тұтынушылардың сатып алу қабілеттерінің жоғарлауына мүмкіндік туғызады.
Сапа көрсеткіштерінің талаптары:

  • Тапсырманы орындау сапасының көрсеткіштері

  • Өндіріс тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер

  • Халықтық тұрмыстық қызметке қанағаттандыру

  • Қызмет көрсетудің ұйымдастырылу, сапа және мәдениет көрсеткіштері

Стандарт-бұл стандарттаудың нормативті-техникалық құжаты, ол ережелерді, стандарттаудың талаптарын айқындайды.
Стандарттау дегеніміз-барлық мүдделі жақтардың қатысуымен ғылымның белгілі бір аумағындағы қызметін реттеу мақсатымен құрылатын және пайдаланылатын ереже.
Стандарттаудың жалпы мақсаты өнім процестер және қызметтер туралы мәселелер бойынша мемлекет тұтынушылардың мүдделерін қорғау болып табылады.
Сонымен қатар, стандарттау келесі мақсаттарды іске асырады:
1. Азаматтардың өмірі мен денсаулығы, заңды және жеке тұлғалардың мүлік, мемлекеттік және муниципалды мүлік қауіпсіздігін экологиялық қауіпсіздік, жануарлардың денсаулығы мен өміріне немесе өсімдіктер қауіпсіздігінің деңгейін арттыру және техникалық регламент талаптарын орындауына көмек;
2. Объектілердің техногендік, табиғаттық және төтенше жағдайлардың пайда болу қауіпін есептегенді қауіпсіздік деңгейін көтеру;
3. Ғылыми – техникалық прогрессті қамтамасыз ету;
4. Өнімнің, жұмыстың және қызметтің бәсекелестік қабілетін арттыру;
5. Ресурстарды рационалды түрде қолдану;
6. Техникалық және ақпараттық бірлестіктер;
7. Өлшем және зерттеулердің нәтижелерн, техникалық және экономикалық сстатистиканың мағлұматтарын салыстыру;
8. Өнімнің өзара ауыстырушылығы.
Өнімнің сапасы — бұл белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі. Өнімнің сапалылығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны — бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал онімнің сапалылығы — бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейіндегі көрінуі.
Өнімнің сапа деңгейі оның сапалық көрсеткіштері жүйесі негізінде анықталады. Бұл деңгейді анықтау үшін мұның әрбір көрсеткіштерінің сандық маңызын білу және ұқсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет.
Бәсекеге жарамдылығы өнім рынокта жеңіл және тез сатылады. Әрбір сатып алушы өзінің жеке мұқтажын ең жоғары қанағаттандыратын тауарды ғана алады. Жалпы алғанда, сатып алушылар бағалармен салыстырғанда қоғамдық мұқтажына толық сәйкес келетін тауарды сатып алады. Сондықтан, сатып алушының тауарға деген қанағаттанушылық деңгейінде жеке дара көрсеткіштер пікір жиынтығын құрайды, оның тағы да нарықтың пайда болу қарасында қалыптасады.
Сапаны басқару жүйесін енгізу кәсіпорында мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
• жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
• өнім көлемін ұлғайту және оны сататын нарықты (рынокты) табу;
• жоғары бағада сататын өнімді көбейту мүмкінділігін қарастыру;
• өнімнің бәсекеге жарамдылығы және қаржы жағдайының тұрақтылығы жөніндегі проблемаларды шешу.
Стандарттау — бұл ең ұтымды нормаларды табатын қызмет, ал содан соқ стандарттың үлгілерді, нұсқауларды өнімді әзірлеудегі талап әдістемелерді нормативтік құжаттарға тағайындап қояды. Стандарттаудың басты міндеті халық шаруашылығының, халықтық еліміздің базасының, экспорт мұқтажы үшін шығарылған өнімге үдемелі талаптарды анықтайтын, сол сияқты осы құжаттарды дұрыс пайдалануды бақылау нормативтік-техникалық жүйе жасау болып табылады.
Бизнес жүйесінде өзара байланыстары бар субъектілер қашан болса да жаңа шешім қабылдағанда, барлық қажетін қанағаттандыратын әлеуметтік-экономикалық мүдденің консенсусына көңіл аударулары тиіс. Мүдденің консенсусы дегеніміз — осы ықыласқа барлық жақтың іскерлікке қатысты уәделеріне берік болып, өз контрагентінің тәуелсіздігін бұзбау.
Бизнестің жүйесі экономиканың ұзақ эволюциялық жолмен дамуының нәтижесі.
• Кәсіпорындарда шығарылатын өнімдердің сапасы нарықтың жағдайда қызметтің негізгі факторы болып табылады, себебі, нарықтық саралымды кеңейтуді, кәсіпорынды жандандыруды, иайданың артуын қамтамасыз етеді.
• Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, сапалылықты арттыру қызметі жүйелік басқару шеңберінде жүргізілуі мақсатқа сай болғаны дұрыс, өйткені, өнімнің барлық өміршеңдік кезеңін қамтиды — жобалаудан бастап жұмысшыларға және кәдеге жаратуға дейін.
• Өнімнің сапасын басқару стандарттауға негізделеді. Ол ұлттық шаруашылықтың, халықтың, қорғаныстың, экспорттың қажеттілігі үшін дайындалатын өнімдерге үдемелі талаптарды анықтайтын нормативті-техникалық негізі болып табылады.
Дайындалған өнімнің сапасының түпкілікті бағалылығы сертификат көмегімен жүзеге асырылады, өнімді сынауды, тиісті сертификат беруді, бағалау сынағының көмегімен кейінгі өндірістің жағдайы үшін өнімді таңбалауды және бақылауды білдіреді.
Өнімнің сапасын басқаруда нормативтік актілерді іске асыру сапасын және өнім қауіпсіздігі заңдылығын қамтамасыз етуде тиімділік жүйені ұйымдастыруды талап етеді. Шетелдік және отандық практиканы еске ала отырып, құрылған өнімнің сапасын бақылаудың нормативтік-құқықтық базасы Қазақстан Республикасының аумағында адамдардың және жеке тұлғалардың құқықтарының бұзылуында құқықтарын және мүдделерін қорғаудан тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет