Рефлюкс эзофагит патогенезі
Асқазан - өңештік рефлюкс сау адамдардың өзінде, күндізгі уақытта тамақ ішкеннен соң, кейде түнгі мезгілде (горизонтальды қалыпта) бола береді, мәселен 12 елі ішектің рН – метриясын мониторлау арқылы сау адамдарда тәулігіне 50 – ге жуық рефлюкс эпизодтары байқалған, бірақ олардың жалпы уақыты 1 сағаттан аспаған.
Негізінде өңештің кілегей қабығы асқазаннан түсетін агрессиялық заттарға біршама төзімді (өттің, пепсиннің, тұз қышқылының әсеріне).
Бұл заттар өңештің кілегей қабығымен ұзақ жанасса ғана эзофагит дамиды. Қалыпты жағдайда өңештің химиялық зақымдануына өңеш клиренсі (тазарту механизмі) жол бермейді.
Асқазан - өңештік рефлюкстің салдарынан өңеш кілегей қабығының тұз қышқылымен, пепсинмен, өтпен зақымданып қабынуы пептикалық эзофагит деп аталады. Пептикалық эзофагиттің дамуына асқазан - өңештік рефлюкспен бірге өңештік клиренстің төмендеуі септігін тигізеді.
Асқазан өңештік рефлюкс ауруы кезіндегі көрініс
Өңеш клиренсінің механизмдері
Өңеш перистальтикасының қалыпты жүруі
Сілекей бездерінің қалыпты функциясы
Тамақты немесе сусынды ішу
Өңештің кілегей астылық қабығындағы бездер функциясының қалыпты күйде сақталуы
Өңеш ішіндегі заттың өз салмағымен түсуі
Өңештің клиренсінің төмендеуіне септігін тигізетін факторлар:
Өңештің дискинезиясы
Сілекей бездерінің дисфункциясы (Шегрен синдромы, склеродермия, гипотиреоз, қантты диабет)
Өңеш кілегей қабығының регенерациялық қасиетінің төмендеуі (анемия, гиповитаминоздар)
Жіктемесі
Асқазан - өңештік рефлюкстің халықаралық жіктемесі (Лос- Анджелес 1998 ж.)
I дәреже- шырышты қабықтағы қабыну ошақтары 5 мм дейін.
II дәреже- қабыну ошақтары 5мм- ден көп.
III дәреже- қабыну ошақтары бірнеше қатпарларға таралған өзгерістер.
IV дәреже- шырышты қабықтағы жайылған 75%- дан асатын қабынбалы өзгерістер бар.
Достарыңызбен бөлісу: |